Әдеби KZ
ашуланған Бату венгер короліне хат жазды. Ол хатында: «Оның үстіне менің
Қыпшақ құлдарыма сен қорған болатын көрінесің. Мені өзіңе қарсы қоймайын
десең, бұдан былай қарай қарамағыңа Қыпшақтарды ұстама. Қыпшақтарға менен
қашу жеңіл, — олардың үйі-күйі жоқ, шатырда тұрады, ал сенің үйің бар, жерің
бар, қалаларың бар. Менен қалай қашып құтыласың» деп қорқытқан Бату.
Бір мың екі жүз жиырма тоғызыншы жылғы Лаврентьев шежіресінен қыпшақ-
қазақтардың монғолдардан ығып, өзі жау тепкісіне түскен Еділдегі бұлғарлар
жеріне, Россияға, Польша, Литваға барғандарын көреміз. Бір кездегі көшпелі
жауынгер елді Құждай мықты бекзада, ел билеген батырлары енді жат жерде
бетегеден аласа, қойдан жуас күйге ұшырайды.
Қазақтардың біразы Қиыр күншығысқа, Монғолия, Қытайға да апарылады.
Шыңғысхан мен Жошы кезінде қазақтардың бірнеше бекзада, батырлары Монғол
императорының Ұлы Ордасында қызметке әкетілген. Қысқасы бір кездегі
айбынды елді дұшпандары талан-таражын шығарып, ұлын ұрымға, қызын қы-
рымға шұбыртады. Қазақтың батыр жігіттерін топтап құлдыққа, мүсінді қыз-
келіншектерін үйіріп күңдікке сата бастайды.
Көп кешікпей монғолдар мен мұсылман саудагерлері Европа мен Сирия,
Солтүстік-батыс Африканы, әсіресе Египетті Дәшті Қыпшақ жерінен әкелінген
құлдарға толтырады.
Осындай жағдайда Египеттің халифаттық гвардиясы он үшінші ғасырда дені
Қыпшақ жігіттерінен жиналған болатын. Ал Египетке ер жүрек, мықты әскер өте
керек еді. Мұндай әскерді мамлюктер
1
құра білді.
Бұл кезде Египетке Шығысынан монғол шапқыншылары төнсе, он екінші
ғасырда ұрыста жеңілгеніне қарамай, батыс жағынан Таяу Шығысты әлі де болса
өзіне бағындырмақ боп, Кресшілер шабуылға шыққан-ды. Енді бүкіл мұсылман
қауымының кіндігі, оның мәдениет, көркем өнер, ғылым-білім орталығы Египет
пен Сирия басына шын қауіп-қатерлі қара бұлт түнерген-ді.
1
Мамлюк мемлекет құлы деген сөз. Шығыс адамдары мемлекет сатып алып гвардия құрғандықтан солай аталған.
33
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004
Әдеби KZ
Дәл осы сәтте бала кезінде Қыпшақ жерінен құлдыққа сатылып әкелінген
Сирия әскерінің қолбасшысы Бейбарыс баһадур соңынан мамлюктерден құрылған
гвардиясын ертіп, Бағдатты алып, енді сарқырамадай Сирияға құлаған Иран шахы
Құлағу әскеріне қарсы шықты. Құр ғана қарсы шыққан жоқ, Құлағуды жеңіп, екі
жылдан кейін оны бүкіл Египет жерінен қуды. Ал бір мың екі жүз тоқсан бірінші
жылы Қыпшақ мамлюктері әбжіл қимылдап Сириядан Крест ұстаушыларды бір
жолата қуып, рыцарлардың Шығыстағы ең ақырғы қорғаны Аққа қаласын алды.
Сөйтіп, өз жерінен қуылған, құлдыққа сатылған мамлюктер араб жауын-
герлерімен бірігіп, Египет пен Сирияны монғол басқыншыларының күйретуінен
құтқарды. Әлемге әйгілі өнер-ғылым ошақтары болған Отырар, Самарқант,
Киевтердің халіне жеткізбей, Каир, Алжир, Кордаваларды күл-талқан етуден аман
сақтап қалды.
Енді қыпшақ бекзадаларының, әскер басшыларының қаны араб қанымен
араласты. Біріне-бірі қыз беріп, қыз алысты. Осы құл сату арқылы құр ғана
Египетте емес, Солтүстік теңіз бен Жерорта теңізінің жағасындағы Европа
халықтарының қанына орыс, татар, черкес, түрік, африка ұлдарының қаны
қосылды.
Жошын мамлюк сұлтандары басқарған Египет жерінде Қыпшақтар Алтын Орда
мен қазақ жерінің әдет-ғұрпын, тәртіп-дәстүрін енгізуге тырысты. Ата-бабасы
Қыпшақтан шыққан мамлюк сұлтандарының енді серуенге барар жолдарына күні
бұрын сырнай, керней тартқан жүздеген, қыпшақша киінген сәнді-салтанатты
нөкерлерін шығарып Бағдат, Мысыр, Мекке, Каир шаһарларының көшелерін
басына көтерді. Қыпшақтың бай, манаптары өздерінің жас кезінде бабалары
мінген пәуескемен Ніл өзенінің жағасында серуендеуді шығарды.
Мамлюктер тіпті шариғатты былай қойып, сот ісін де Дәшті Қыпшақ
жобасымен жүргізуге тырысты.
Бұның бәрін істеген қара құлдардан шыққан батыр, әскер қолбасшылары.
Осыдан кейін қара қазаққа, құлдарға ерік беруге бола ма? Жоқ, болмайды.
34
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004
Әдеби KZ
Әбілқайыр тағы қабағын қарс жапты. «Қыпшақ жерінен сатылып барған құл
Бейбарыс Құлағуды жеңді. Жоқ, қара халықпен ойнауға болмайды». Оның есіне
енді Ақсақ Темір көреген түсті. Әбілқайырдың бойы суынып кетті. «Алтын
Орданың түбіне жалғыз ғана орыс патшалары жетті ме? Хан Мамай жеңілген бір
мың үш жүз сексенінші жылғы Куликов қырғынынан кейін Тоқтамыс пен Едіге
Мәскеу түбіне қайтадан сан барған жоқ па еді? Рас, басы біріге бастаған орыс
князьдары да ай қарап отырмаған-ды, тозуға айналған Алтын Орданы, түбі, күл-
талқанын шығаратыны ақиқат еді ғой... Күл-талқаны шыға да бастаған еді-ау. Жұт
жеті ағайынды, айыр ағашпен сегіз. Жауынан сан опық жеген көне Дәшті
Қыпшақтың күншығысына сонау алабұртқан заманда тағы бір қабылан көрінді.
Бұл Маңғыт руынан таралатын Барластан шыққан Ақсақ Темір еді ғой. Сойқанның
бір
басы
сонан
өрбіді
емес
пе.
Құжынаған
лашкерін
құмырс-
қадай қаптатып, қанды ауыз қабылан Алтын Орданы қаппақ болды. Ол бір мың үш
жүз тоқсан екінші жылғы, Алаша ханның әмет пен Самет деген балаларын жолай
өлтіретін
аттанысында-ақ
Алтын
Орданың
босағасын
бірден
сол-
қылдатып кеткен жоқ па еді. Ал бір мың үш жүз тоқсан бесінші жылғы
аттанысында Бату мен Берке Еділ өзенінің сағасына салған Алтын Орданың
астанасы ғажайып сұлу Сарай шаһарын Кавказ жағынан, Дағыстан қойнауынан
келіп басып алды ғой. Осы шабуыл біздің бірлігіміздің де біржолата түбіне жеткен-
ді. Орыстардан Мамай күйреді. Темірланнан Тоқтамыс жеңілді. Осы екі жеңілу
Алтын Орданы біржолата күйретті. Жоқ-жоқ, төре тұқымдарына жатпайтын батыр,
билердің соңында импрамы бар. Қиын-қыстақта бұл тобыр заты Шыңғыс
тұқымынан шыққан хандарды емес, өз көсемдерін қолдап кетеді. Мұны да ойлау
керек. Өз тобыры соңынан ермесе Ақсақ Темір бүкіл Мауреннахрды өзіне
бағындырып, Хорезм мен Алтын Орданы шауып, кейін Үндістанның астанасы Дели
мен Түркияның кіндік қаласы Анкараны ала алар ма еді? Осының бәрі
импрамымен құрған әскерін өзіне ерте білуінен. Жоқ-жоқ, соңында елі бар
қолбасшы, билердің қашан да болса қолдарында күші бар. Олармен санаспас-
35
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004
Әдеби KZ
қа болмады. Қобыланды мен Ақжол дауын тағы да ақыл таразысына салу керек.
Бұл таластан қазір басым ауырып, балтырым сыздап жатқан жоқ қой. Мүлт кетсең
— дұрыс жолдан адасқаның... Мұндай істе қашан да болса күдік пен үміт қатар
тұрады.
Әбілқайыр шешетін тағдыр расында да қиын тағдыр еді. Қазақ даласына
Шыңғыс ұрпағының үстемдігі жүргенменен де, айыпты жанды өлім жазасына кесу
үнемі ежелгі ел дәстүрі бойынша халықтың өз билігінде қалған. Айыпты жанның
күнәсін, әбестігін ақыл таразысына салып, жазықты мен айыптаушылар жағынан
жиналған би, ақсақалдар мәжілісі аталы сөзге тоқтап, өзінің үкімін айтатын. Хан
тек осы үкімді өз жендеттері арқылы іске асыратын. Бұл жолы олай болмай
шықты. Арғын, Қыпшақ би-ақсақалдары бір келісімге келе алмады. Сондықтан да
бұл дауды хан шешсін деп ұйғарды. Күнәкар деп табылған Арғынның жиені Саян
батырды Қыпшақ жағы өлім жазасына бұйырды. Жас батырды күнәсіз деп тапқан
Арғынның игі жақсылары оны ақтады. Екі жақ бірдей тоқтайтын би шықпады. Дау
аяғы қанды сойылды жанжалға айнала жаздап әзер басылды.
Расында бұл дауда хан тағына қауіп тудырардай астар бар-ды. Бату ханнан
кейін, 1361 жылы Шыңғыс ұрпағы Болат Темір хан Еділ бұлғарларын екінші рет
шапты. Бұлғар мемлекетін жермен жексен етті. Осы жерге он бесінші ғасырдың
басында Әбілқайыр өлтірген Жұмадүк ханның әкесі Ұлығ Мұхамбет кеп Қазан
қаласын салды. Өзін хан атады. Он сан Ноғайлының ең ақырғы Ұлы биі Алтын
Ордадан мүлдем қуылып, Орда тағдыры Жошы ұрпақтарының қолына біржолата
көшкен соң осы Қазан хандығының қол астына Орманбет бидің ұрпақтарының
біразы келіп қосылған-ды. Және Алтын Ордаға деген қастығын тоқтатпаған-ды.
Затымыз бір ел-жұртпыз деп кешегі үстемдігін зар еткен кей билері астыртын
қазақ руларына кісі салып, Әбілқайырдан бөлін деп демігуде еді. Ал кей жау
жүрек батыр ұлдары, қастарына саяқ жинап кейде хан тұқымының мыңдаған
жылқысын барымталап әкететін.
36
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004
Әдеби KZ
Осындай бір шабуылдан кейін, ызасы кеудесіне сыймаған Әбілқайыр, Қазан
ханының жеріндегі Орманбет бидің ұрпақтарының аулын шабуға үш түмен қосын
мен бақан бойлы, шоқпар қолды Қыпшақ Қобыландыны аттандырған. Бұл атақты
Қажымұқан балуанның он екінші атасы. Қазақ пен Ноғай бөлінгенде айтылған
«жылау, жылау, жылау күй» жырындағы «қара орманынан айрылған», Торғай мен
Ор бойына Қаратау маңынан, Арыс пен Бадам өзендерінің тоғысқан жеріндегі
Қараспан тауынан көшіп келген, қазақтың атан жілік, арқар мүйіз батырларының
бірі.
Ол тыныш, ертелі-кеш күлкіні ермек етіп, қаннен-қаперсіз жатқан Ноғайлы
ауылдарының күлін көкке ұшырып, бар малын алдына салып айдап, мүсінді деген
қыз-келіншектерін олжа етіп, жақында ғана жорықтан қайтқан.
Ақ түтек борандай қаһарына жан шыдамаған Қобыланды батырдың бұл
жеңісін бүкіл Әбілқайыр қол астындағы ел, ол бір Стамбул мединасын шауып
қайтқандай, үш күн тойлаған. Той тарқар алдында, әкелінген қыз-келіншекті
олжаға бөліп беру үшін, хан осы жорықта қай батырдың қандай асыра ерлік
көрсеткенін сұраған.
Асат, әсет
1
айларының аяқ шеніндегі ыстығы басылған ала көбеңденуге таяу
кіші бесін әлеті. Орда толы ала таяқты ақсақалдар, ат-жарақты батыр, сұлтандар...
Қобыланды батыр алақандай көзінің қиығымен ханға қарап, ерлік көрсеткен
кеуде соғар батырлардың атын атап келіп, кенет сәл кідірген. Аз уақыт үн-түнсіз
тына қалып құлағына дейін жететін білектей қара мұртының ұшын шиыршықтай
түсіп:
— Өзге батырларға олжа сұрасам, Арғынның жүз жігітін бастап барған жас
бөрі, Қотандай абыз қарттың жиені Саян батырға өлім жазасын талап етемін, хан
ием, — деген.
Ордада отырған жұрт дір ете қалған.
1
Асат, әсет — июнь, июль айлары.
37
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004
Әдеби KZ
Саянның нағашысы ханның оң жағында отырған маймене, асқан күш иесі, әрі
шешен, әрі әнші, екі иығына екі адам мінгендей, төртпақ келген қара сұр Қотан
жыраудың баласы Ақжол би қанын ішіне тартып сұп-сұр боп кеткен. Бірақ жүрек
толқынын әдеттегі орнықты мінезіне жеңгізіп ол:
— Неге? — деген, Қобыланды батырды қырағы көзімен бір шолып, даусын
өзгертпей.
— Ұлы Шыңғысхан шартын бұзды. Орманбет бидің ұрпағы әділгерейдің қызы
есірей
1
Қарашашты өз бетімен олжа етемін деп Керейдің Қарабатырымен
таласты.
Олжаға таласқанға — өлім жазасын беру Шыңғысхан Ясысында жазылған.
Шапқыншылық заманда әскер арасы бұзылмасын деп бұны хан ұрпақтары мықты
ұстаған, қас батырға қойылған айып ауыр.
— Оған қандай дәлелің бар? Керей Қарабатырдың өзі айтты ма, әлде көрген
жан бар ма? — деді Ақжол әлі де даусын өзгертпей.
— Қарабатыр сол таласта қаза тапты. Көрген куәні де қызба қанды Саянның
алдаспаны алып түсіпті.
Әбілқайыр жұмсаған бір сұмның сөзіне аңғал Қобыланды күрт сеніп қалған.
Осылай болуын тілеген көңіл, Саянға тағылған кінәнің ақ, қарасына көз
жеткіздірмей, өзін де жаланың құрбаны етіп отыр.
— Олжаға қалай таласқанын онда батыр Саянның өзі айтар?
— Күнәсін мойынға алу үшін шын батыр болу керек.
— Арғынның ардақты жиенін қатын демексің бе?
— Олжа есірейге таласу қатын әрекеті.
Екі батыр алыса кететін қанды ауыз арлан төбеттердей алая қарады. Бірақ хан
алдында төзім сақтау керек, ендігі сөзді Орда иесінен күтіп үн-түнсіз отыр.
Қобыланды батырдың бұл жанжалды неге бастап отырғаны Әбілқайырға аян.
Күйе жаға айтылған сөздің астарында күйікті сыр жатқан. «әлде батыр Саянның
1
Есірей — қолға түскен тұтқын деген мағынада (ескі қыпшақ термині).
38
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004
Әдеби KZ
қылығы рас па екен?» Әбілқайыр хан үйде отырғандарды көз астымен бір шолып
өтті. Хан кеңесіне келетіндер қалай өзгеріп кеткен. Мешін жылы Дәшті Қыпшақ
тағына отырғанында өзі он жеті жаста еді. Ол кездерде әскер басшылары да, Орда
тіректері де басқалар болатын. Мынау Арғын, Қыпшақ жайсаңдары алған төрде
Маңғыт, Дулат, Үйсін, Қоңырат, Найман, Тубай, Ұйғыр, Қытай
1
руларының
мықтылары отыратын. «Хиуаны шапқанында да сол топ қасымда еді. Тек
қалмақтармен айқасқанымда ойымнан шықпады. Иә, ол менің ең қарабет
жеңілісім болды. Әскерім Сырға дейін шегінді. Өзім Сығанаққа қаштым.
Жауымнан көп құн төлеумен әзер құтылдым. Сосын ғой Дәшті Қыпшақтың басты
рулары Арғын мен Қыпшаққа арқа сүйемек болғаным... Одан не шықты?
Тікенектен шошып шоқ басты деген осы емес пе? әттең жас кезім қайта оралар ма
еді? Онда бүйтіп жан-жағыма қобалжи қарап отырмас едім-ау! Шіркін жастық,
дарияның алғашқы тасыған қарқынындай едің-ау, бұзбайтын бөгетің бар ма еді?
Екі жыл өтпей, Дәшті Қыпшақ хандығына қол созған Сайбанның ортаншы қатыны
Үкілімайдан тараған Қанбайдың ұлы Елбектен туған Махмед-Қожа ханмен Тобыл
өзенінің жағасында қалың әскерімен кездесіп жеңіп шығып едім ғой. Қандай
қызық, қандай қайтып келмес, әселдей тәтті күндер! Сол жолы еді ғой, өзге
батырларымның біреуіне де қимай он төртінде туған айдай толықсыған,
адамзаттың сұлуы, Махмед-Қожаның жесірі, Арғынның қызы Ағанақ-Бикені өзім
алып едім. Ағанақ-Бике десе Ағанақ-Бике еді ғой. Адамзат нәпсісі дегенді
қойсайшы, жастай қосылған ерін өлтіріп, өзін қатындыққа алғанымда опа таптым
ба? Құшағында жатқанда төсегің нағыз бір жылан інінің қасына салынғандай
сезінесің. Ін ішінен бір улы жылан ысылдап шығып, жалаңаш денеңе айыр тілін
сұғып алатындай! Мен қанша жақсы көрсем де, бір иілмей өтті-ау, бейшара.
Қайтсын, мен құр ғана ерін өлтіріп қойдым ба, соңынан еріп келген үш жасар
баласын да өлтірттім ғой. Өлтіртпеске болмайтын еді. Хан тағы деген періште де
қызығатын бір сиқырлы арман ғой. Өгей бала түгіл, өз балаңа да сену қиын. Ал
1
Қытай руы ол кездегі Жетісу маңындағы қазақ руларының бірі.
39
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004
Әдеби KZ
Махмед-Қожа баласы, жабылмаған ұстара тәрізді еді, абайламасаң қолыңды алып
түсуі оп-оңай. Оны мен әрине дұрыс өлтірттім. Бірақ одан не таптым? Шешесі
жылы шырайын бір көрсетпей кетті. Менен балалы болып қалмайын деп, сан
мәртебе күшәлә ішіп іш тастады. Жалғыз-ақ бұл ажалдардан пайда көрген Сарғыт-
Шиман Маңғыт болды ғой. Тапсырмамды адал орындадың деп мен оған қандай
тартутаралғы бермедім, қандай дәрежеге көтермедім. Дәшті Қыпшаққа өзімнен
кейінгі адам еттім. Әрине менің мұным өзгелерге ұнаған жоқ, әсіресе Баһрам,
Алаш батырларға...
Хан Ордасындағы тартыс сол күннен бастап күшейе түсті. Содан бері отыз
жылдай өмір өтті, ал тартыс әлі бір толастамай келеді. Қайран, дүние! Қандай
қайсар едім! Отыз жыл! Отыз жылдың ішінде қандай жауымды жеңбедім! Демек
адамның қасы — арам шөп тәрізді болады екен. Отаған сайын қаулай өсе түседі.
Әйтсе де мен де аянып қалғаным жоқ. Қай шаһарды алмадым? Хиуа, Самарқант,
Икра-түп, Бұқар, Сығанақ, қазақтың жеке ұлысы болып жүрген Махмед-Қожа хан,
ағалы-інілі Ахмед-Махмұд, Мұстафа хандарды жеңіп, Есіл, Тобыл, Нұра бойын
өзіме қараттым... Бірақ сонда шыққан қандай мүйізім бар? Алғашқы хан болған
кезімде Найман, Маңғыт, Ұйғыр, Қоңырат руларынан қаймықсам, енді міне
Арғын, Қыпшақтан сескеніп отырмын. Бұрын жауым өзіммен аталас Сайбан
тұқымдары еді десем, енді міне, Жошының он үшінші баласы Тоқай Темірден
тараған ұрпақтары болып отыр.
Әбілқайыр Арғынның би, батырларының алдыңғы жағында отырған сұлу
мұртты Жәнібек пен жалаңаш қанжардай түсі суық Керейге көз қиығын ау-дарды.
«Иә... иә... Абақ сұлтаннан бұлар қауіпті. Шыңғысхан нояндары күйреткен,
соңынан бабалары Орыс хан қайта жөндеген Ақ Орда астанасы Сығанақты жаулап
алғанымды бұлар мәңгі-бақи кешірмек емес. Және Ақсақ Темірдің баласы Шахрук
сұлтаннан туған Ұлықбектің қызын алғаныма да қырғи-қабақ. Менің Бұқар,
Самарқант бектеріне бүйрегімнің бұратынын көре алмайды. Шамалары келсе, тез-
ақ жеке қазақ ханы болып оңаша отау тікпек. Тек бөлініп кетуге әзірге күштері
40
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004
Әдеби KZ
жеткіліксіз. Бастары қосылмай жүрген рулары болмаса, соңынан тұтаса ерген елі
жоқ. Ал ел деген не? Ойынан шықпасаң, сенен үрки жөнелуге бар. Мына Ақжол
бидің
айтып
отырғанын
ескермей
көрші,
бүкіл
Ар-
ғын, Найман, Қоңырат болып ши шығаруға дайын. Барақ баласы Жәнібектің, Болат
баласы Керейдің күткені де осы. Көптен бері Жәнібек пен Керей осы рулардың
сөзін сөйлеп, сойылын соғып өздеріне баурап жүр. Азғантай мүлт кетсең,
оқыралаған өгіздей мөңки тулап, жұртты бөліп әкеткелі тұр. Сонда не істеу керек?
Арғыннан қорқып Қыпшақ батырының сөзін аяқсыз тастау керек пе? Жоқ, өйтуге
болмайды. Қазіргі арқа сүйерім, бұрынғыдай Маңғыт емес, жошын Қыпшақ!
Қыпшақ менің қазір қанды шоқпарым. Оны дұрыс сілтей білсем, әлі де болса
талай Жәнібек, Керейлердің басын домалата алам. Демек, шешім қандай болуға
тиісті? Екі жақ менен бірдей жауап күтуде ғой».
Әбілқайырдың іркіп отырған ойын кенет сықырлай ашылған есік үні бұзып
кетті. Хан төмен түсіп кеткен басын көтеріп есік жаққа қарады. Жақында қайтыс
болған Шах-Будақ сұлтаннан туған жеті жасар немересі Мұхамед-Шайбани екен.
Атасы хан, нағашысы бүкіл Алтын ханның бас батыры Домбалық батыр
болғандықтан, Әбілқайырдың бұл немересі өз балаларынан да анағұрлым ерке,
тентек. Және хан да оны ерекше жақсы көретін. Бала есік алдында тұрған
пасбандарға
1
, үй іші толған бек, сұлтан, әмір, хакім, батырларға қарамастан үйге
кірген бетімен өзгелерді баса-көктей алтын тақтың жанына бір-ақ жетті. Атасы
Әбілқайырға еркелей:
— Тарланкөк тым асау екен, бие сауымдай мезгіл шаптым. Бірақ мені түсіріп
кете алмады, — деді мақтана, — бәрібір мен оны үйретіп аламын!
— Кезің келгенде бұл дозақтың отына сен де күйерсің, әзірге ойнай бер. Бара ғой.
— Қайдағы дозақ? — Бала атасына еркелей қарады. — Мен хан болғанда ол
дозақты жұмаққа айналдырам. Көр де тұр?
1
П а с б а н — (көне түркі тілі) күзетші деген сөз.
41
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004
Әдеби KZ
Хан күлімсіреді де қойды. Кенет оның көзі есікке таяу тұрған Керейдің он жеті
жасар баласы Бұрындыққа түсіп кетті! Жүрегі дір ете қалды. Ананың бет
құбылысында жеті жасар Мұхамед-Шайбаниға деген аязданған қар тәрізді бір
алуан өшпендік ызғары байқалады. Шүңет көздері шоқтай қадалып тұр.
Елуге таяған Әбілқайырдың тікелей хан тағына отырар мұрагері ең тұңғышы
марқұм Шах-Будақ сұлтан болатын. Одан кейінгі кезек екінші баласы Шайх-Хайдар
мен осы Мұхамед-Шайбанидікі... Ақылды хан жау садағының оғы, өзі өлгеннен
кейін, Шайх-Хайдар мен осы жеті жасар немересіне кезенетінін бірден ұқты. Хан
тағына ие болудан туатын ұлы таластан әлі түсінігі жоқ жеті жасар немересін
қорғағысы келгендей Әбілқайыр кенет Мұхамед-Шайбаниды аялай бауырына
қысты. «Расымен-ақ біреу осы нәрестеге де қол көтерер ме екен? Кімнің бұл
шаңырағын қиратып, түндігін тіліп еді?» — деді ол ішінен. Бірақ хан дәл бұл сәтте
өзінің Махмед-Қожаның баласына істегенін есіне түсірмеді. Бәсе, үш жасар
нәресте Махмед-Қожаның ұлы Әбілқайыр ханның несін бүлдіріп еді? Қай
шырағына көлеңке болып еді!
Бірін-бірі қасқырша талаған, тек жеңгендері ғана өмір сүретін қатал заман.
Әбілқайырдың кенет немересін бауырына неге қысқанын бір-ақ адам ғана түсінді.
Ол — Жәнібек сұлтан еді. «Дұрыс ойлап отырсың, хан ием, — деді ол ішінен, —
сенің ошағыңды маздататын ақырғы тобылғың осы Мұхамед-Шайбани немерең
болар. Жеті жасар баладай емес тым ересек, ақылды... Егер осы немерең
қыршынынан қиылса, сенің де отыңның мәңгі сөнгені».
Демек, бір мың төрт жүз алпыс сегізінші жылы Әбілқайыр хан өлгенде, он
жетіде қалған Мұхамед-Шайбани мен он екі жасар інісі Махмұт-Сұлтанның ерлік
әрекеттері арқасында Әбілқайыр ошағының көпке дейін сөнбейтінін дәл осы сәтте
Жәнібек сұлтан білмеді. Ал қазір ол Әбілқайыр ханның жеті жасар жанғалы тұрған
шамшырағы жайында тек көмескі қобалжу ойда ғана болды.
Хан әп-сәтте бойын жинап алды.
— Бар, қалқам, Тарланкөкті жіберген болсаң, басқа асауды үйрет, — деді.
42
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004
Достарыңызбен бөлісу: |