Директорлар кеңесі төрағасының үндеуі


Қаржы активтері (жалғасы)



Pdf көрінісі
бет10/13
Дата03.03.2017
өлшемі13,64 Mb.
#5503
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Қаржы активтері (жалғасы)
Одан кейінгі бағалау (жалғасы)
Сату үшін қолда бар қаржы инвестициялары (жалғасы)
Бастапқы  бағаланғаннан  кейін  сату  үшін  қолда  бар  қаржылық  инвестициялар  әділ  құны  бойынша 
бағаланады, ал солар бойынша жұмсалмаған кірістер немесе шығыстар инвестициялардың мойындалуы 
тоқтаған сәтке дейін сату үшін қолда бар құралдар қорының құрамында басқа да жиынтық кіріс ретінде 
танылады,  әрі  онда  жинақталған  кірістер  немесе  шығыстар  басқа  да  операциялық  кірістің  құрамында 
не  болмаса  оған  шығыстар  жиналып  қалған  инвестиция  құнсызданған  болып  есептелген  сәтке  дейін 
танылады және сату үшін қолда бар құралдар қорынан пайда немесе залал құрамына қайта жіктеледі және 
қаржыландыру бойынша шығындар ретінде танылады. Сату үшін қолда бар қаржылық инвестицияларды 
ұстау  кезеңінде  алынған  пайыздар  тиімді  пайыздық  мөлшерлеме  әдісі  бойынша  пайыздық  кірістер 
ретінде көрсетіледі. 
Топ сату үшін қолда бар өзінің қаржы активтерін оларды таяу арада сату мүмкіндігі және ниетінің болуы 
туралы  жорамал  жасау  затына  бағалайды.  Егер  Топ  солар  үшін  белсенді  нарықтардың  болмауының 
салдарынан  мұндай  қаржы  активтерімен  сауда  жасауға  шамасы  келмесе  және  басшылықтың  оларды 
таяу арада сатуға қатысты ниеті өзгеріп кетсе, Топ өте сирек жағдайларда мұндай қаржы активтерін қайта 
жіктеу  туралы  шешімді  қабылдай  алады.  Қарыздар  мен  дебиторлық  берешек  санатына  қайта  жіктеу, 
егер қаржы активтері қарыздар мен дебиторлық берешек анықтамасын қанағаттандырса және бұл ретте 
Топтың осы активтерді таяу арада немесе өтеуге дейін ұстап отыруға мүмкіндігі болса және ниет білдірсе, 
рұқсат етіледі. Өтеуге дейін ұсталатын құралдардың санатына қайта жіктеу, тек егер компанияның қаржы 
активін өтеуге дейін ұстап тұру мүмкiндiгі болса және ұстағысы келсе ғана, рұқсат етіледі.
«Сату  үшін  қолда  бар»  санатының  құрамынан  қайта  жіктелген  қаржы  активтері  жағдайында  қайта 
жіктеу  күніне  әділ  құны  жаңа  амортизацияланған  құнға  айналады,  ал  осының  алдында  капитал 
құрамында мойындалған соған байланысты кірістер немесе шығыстар тиімді пайыздық мөлшерлемені 
пайдалана  отырып  инвестициялардың  қалған  мерзімінің  бойынша  пайда  немесе  залал  құрамында 
амортизацияланады. Жаңа амортизациялық құн бағалауы мен күтілетін ақша ағындарының арасындағы 
айырма  тиімді  пайыздық  мөлшерлемені  пайдалана  отырып  активті  пайдаланудың  қалған  мерзімінің 
бойында  амортизацияланады.  Егер  кейіннен  актив  құнсызданған  деп  белгіленсе,  меншікті  капиталда 
көрсетілген сома жиынтық кіріс туралы есепте қайта жіктеледі.
Мойындауды тоқтату
Қаржы активі (немесе қолданылуына қарай – қаржы активінің бір бөлігі немесе сол сияқты қаржы активтері 
тобының бір бөлігі) мойындалуын тоқтатады (яғни, Топтың қаржылық жағдай туралы шоғырландырылған 
есебінен алынып тасталады), егер:
• 
активтен ақша ағындарын алу құқығының қолданылу мерзімі аяқталса; не болмаса
• 
Топ активтен ақша ағымын алу құқығын берсе не болмаса үшінші тарапқа түсетін ақша ағымдарын 
толық көлемде және «транзиттік» келісім бойынша ешбір елеулі кідірусіз төлеу бойынша өз мойнына 
міндеттеме алса; және не болмаса (а) Топ активтен болатын барлық тәуекелдер мен пайданы берсе, 
не болмаса (б) Топ активтен болатын барлық тәуекелдер мен пайданы бермей, оларды сақтамаса, 
бірақ осы активтің бақылауын берсе.
Егер Топ өзінің активтен ақша ағынын алу барлық құқығын берсе не транзиттік келісім жасаса, ол меншік 
құқығына  байланысты  тәуекелдер  мен  табысты  сақтап  қала  алған-алмағанын  және,  егер  сақтап  қала 
алған болса, онда қандай көлемде екендігін бағалайды. Егер Топ активтен болатын барлық тәуекелдер 
мен  табысты  іс  жүзінде  бермесе  және  өзінде  сақтамаса,  сондай-ақ  активке  бақылауды  бермесе,  Топ 
берілген  активке  өзінің  қатысуын  жалғастыруы  дәрежесінде  тануын  жалғастырады.  Бұл  жағдайда  Топ 
тиісті міндеттемені де таниды. Берілген актив пен тиісті міндеттеме Топ сақтаған құқық пен міндеттемені 
көрсететін негізде бағаланады.

113
ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІККЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР 
4. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ ЕЛЕУЛІ АСПЕКТІЛЕРІНЕ ШОЛУ (жалғасы)
Қаржы активтерінің құнсыздануы
Әрбір  есепті  күнге  Топ  қаржы  активінің  немесе  қаржы  активтері  тобының  құнсыздануының  объективті 
белгілерінің  болуын  бағалайды.  Қаржы  активі  немесе  қаржы  активтерінің  тобы  активті  бастапқы 
мойындаудан кейін орын алған бір немесе одан артық оқиға (орын алған «шығынның туындау жағдайы») 
нәтижесінде  құнсызданудың  объективті  дәлелі  болған  жағдайда  құнсызданған  болып  есептеледі,  әрі 
олар сенімді түрде бағалауға болатын қаржы активі немесе қаржы активтерінің тобы бойынша күтілетін 
болашақ  ақша  қаражаты  ағындарына  әсер  етті.  Құнсыздану  дәлелі  борышкер  немесе  борышкерлер 
тобы айтарлықтай қаржылық қиыншылықтар көріп отырғанын көрсетуді, өзінің қарызын өтей алмауды 
немесе  берешектің  пайыздарын  немесе  негізгі  сомасын  төлеуді  тиянақты  жүзеге  асырмауды,  сондай-
ақ  олар  банкроттық  немесе  өзге  түрде  қаржылық  қайта  ұйымдастыру  рәсімін  жүргізуі  мүмкін  болуын 
қамтиды.  Сонымен  бірге,  мұндай  дәлелдерге  бағалауға  келетін  қаржы  құралдары  бойынша  күтілетін 
болашақ ақша ағындарының төмендеуіне көрсететін, атап  айтқанда, мерзімі  өткен  берешек  көлемінің 
немесе  борыштарды  төлеу  бойынша  міндеттемелерді  орындаудан  бас  тартулармен  белгілі  бір  өзара 
байланыстағы экономикалық жағдайлардың өзгеруі  сияқты, байқалатын деректер жатады.
Амортизацияланған құн бойынша есептелетін қаржы активтері
Амортизацияланған  құн  бойынша  ескерілетін  қаржылық  активтерге  қатысты  Топ  ең  алдымен  дербес 
маңызды  қаржылық  активтердің  объективті  құнсыздану  дәлелдеріне  жеке  бағалау  не  болмаса  дербес 
маңызды  болып  табылмайтын  қаржы  активтері  бойынша  жиынтық  бағалау  жасайды.  Егер  Топ  дербес 
бағаланатын қаржылық актив құнсыздануының объективті дәлелдері жоқ деп анықтаса, ол осы активті 
дәл  сондай  кредиттік  тәуекел  сипаттамалары  бар  қаржылық  активтер  тобына  қосады,  ал  содан  кейін 
осы активтерді жиынтық негізде құнсыздану мәніне қарастырады. Құнсыздану мәніне жеке бағаланатын 
активтер бойынша не құнсызданудан болған залалдарды тану жалғастырылады, не құнсыздану мәніне 
жиынтық бағаға енгізілмейді. 
Құнсызданудан болған залал шегудің уәжді дәлелі болған ретте, залал сомасы активтің теңгерімдік құны 
мен күтіліп отырған болашақ ақша ағынының келтірілген құны арасындағы айырма ретінде (әлі шекпеген 
болашақ күтіліп отырған несиелік залалдар ескерілмей) бағаланады. Есептік келешек ақша ағындарының 
келтірілген  құны  қаржылық  актив  бойынша  бастапқы  тиімді  пайыздық  мөлшерлеме  бойынша 
дисконтталады.  Егер  қарыз  бойынша  пайыздық  мөлшерлеме  құбылмалы  болып  табылса,  құнсыздану 
шығынын бағалау үшін дисконттау мөлшерлемесі пайыздың ағымдағы тиімді мөлшерлемесін білдіреді.
Активтің баланстық құны резерв шотын пайдалану арқылы төмендейді және залал сомасы жиынтық кіріс 
туралы есепте танылады. Төмендетілген баланстық құн бойынша пайыздық кірісті есептеу, құнсызданудан 
болған  шығынды  бағалау  мақсатында  болашақ  ақша  ағындарын  дисконттау  үшін  қолданылатын 
пайыздық  мөлшерлемеге  негізделе  отырып  жалғаса  береді.  Пайыздық  кірістер  жиынтық  кіріс  туралы 
есепте  қаржыландырудан  түскен  кірістер  құрамында  көрсетіледі.  Қарыздар  тиісті  резервтермен  бірге, 
егер оларды келешекте нақты өтеу мүмкіндігі болмаса, ал барлық қолжетімді қамтамасыз ету сатылып 
не болмаса Топқа берілсе, баланстан есептен шығарылады. Егер келесі жылдың ішінде құнсызданудан 
болған  есепті  шығынның  сомасы  құнсыздануды  мойындағаннан  кейін  болған  қандай  да  бір  оқиғаның 
салдарынан  ұлғайса  не  болмаса  азайса,  бұрын  мойындалған  құнсыздану  шығынының  сомасы  резерв 
шотын  түзету  арқылы  ұлғайтылады  немесе  азайтылады.  Егер  қаржы  құралының  құнын  бұрынғы 
есептен шығарылуы кейіннен қалпына келтірілсе, қалпына келтіру сомасы жиынтық кіріс туралы есепте 
қаржыландыру шығындарын азайту ретінде мойындалады.
Сату үшін қолда бар қаржылық инвестициялар
Сату  үшін  қолда  бар  қаржы  инвестицияларына  қатысты  Топ  әрбір  есепті  күнге  инвестициялар  немесе 
инвестициялар тобы құнсыздануға ұшырағандығының объективті дәлелінің бар екендігін бағалайды.
Сату  үшін  қолда  бар  деп  жіктелген  үлестік  құралдар  жағдайында  құнсыздану  амортизацияланған 
құн  бойынша  ескерілетін  қаржы  активтеріне  қатысты  қолданылатын  дәл  сол  критерийлердің 
негізінде  бағаланады.  Дегенмен  құнсызданудан  болған  шығын  сомасы  бұрын  жиынтық  кіріс  туралы 
шоғырландырылған  есепте  мойындалған  осы  инвестициялар  бойынша  құнсыздану  шығынын  шегере 
отырып,  амортизацияланған  құн  мен  ағымдағы  әділ  құн  арасындағы  айырма  ретінде  бағаланған 
жинақталған шығынды білдіреді.

114
ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІККЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР 
4. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ ЕЛЕУЛІ АСПЕКТІЛЕРІНЕ ШОЛУ (жалғасы)
Қаржы активтерінің құнсыздануы (жалғасы)
Сату үшін қолда бар қаржы инвестициялары (жалғасы)
Активтің  азайтылған  баланстық  құнына қатысты  пайыздардың есептелуі құнсыздану шығынын бағалау 
мақсатында келешек ақша ағындарын дисконттау үшін пайдаланылған пайыздық мөлшерлеме бойынша 
жалғасады.  Пайыздық  кірістер  жиынтық  кіріс  туралы  шоғырландырылған  есепте  қаржыландырудан 
түскен кірістер құрамында көрсетіледі. Егер келесі жылдың ішінде борыштық құралдың әділ құны көбейсе 
және бұл өсім объективті түрде құнсыздану шығындары жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте 
танылғаннан кейін болған оқиғаға байланысты болса, онда құнсыздану шығыны жиынтық кіріс туралы 
шоғырландырылған есеп арқылы қалпына келтіріледі.
Қаржылық міндеттемелер
Бастапқы мойындау және бағалау
Қаржылық міндеттемелер бастапқыда танылған кезде пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша 
қайта бағаланатын қаржылық міндеттемелер, несиелер мен қарыз алулар немесе кредиторлық берешек 
ретінде жіктеледі. 
Барлық қаржылық міндеттемелер алдымен олармен тікелей байланысты мәміле бойынша шығындарды 
шегере отырып (несиелер, қарыздар мен кредиторлық берешек болған жағдайда), әділ құны бойынша 
танылады. 
Топтың қаржылық міндеттемелеріне кредиторлық берешек, Бас компанияның қарыздары жатады. 
Одан кейінгі бағалау
Қаржылық міндеттемелерді одан кейінгі бағалау олардың жіктелуіне былайша тәуелді болады:
Кредиторлық берешек
Кредиторлық  берешек  бойынша  міндеттемелер  Топқа    шоттардың  жазылып  берілуіне  қарамастан 
алынған тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін келешекте төленуі тиіс болатын соманың әділ құны 
болып табылатын бастапқы құн бойынша ескеріледі.
Бас компаниядан алынған қарыз
Бас компаниядан алынған қарыз бастапқы танудан кейін тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісі бойынша 
амортизацияланған  құны  бойынша  көрсетіледі.  Тиісті  кірістер  мен  шығыстар  міндеттемелерді  тану 
тоқтатылған кезде, сондай-ақ амортизацияның есептелуіне қарай жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған 
есепте мойындалады.
Амортизациялық  құн  сатып  алу  кезіндегі  дисконттарды  немесе  сыйлықақыларды,  сондай-ақ  тиімді 
пайыздық  мөлшерлеменің  ажыратылмас  бөлігі  болып  табылатын  комиссиялық  немесе  шығындарды 
ескере  отырып  есептеледі.  Тиімді  пайыздық  мөлшерлемені  амортизациялау  жиынтық  кіріс  туралы 
шоғырландырылған есепте қаржыландыру шығыстарының құрамына кіреді.
Мойындауды тоқтату
Егер міндеттеме өтелсе, күші жойылса немесе оның қолданылу мерзімі өтіп кетсе, қаржылық міндеттеменің 
қаржылық жағдай туралы шоғырландырылған есепте мойындалуы тоқтатылады. 
Егер  Бас  компанияның  алдындағы  қаржылық  міндеттеме  біршама  айырмашылығы  бар  шарттарда  Бас 
компанияның  алдындағы  өзге  міндеттемеге  ауыстырылса  немесе,  егер  бар  қаржылық  міндеттеменің 
талаптары  біршама  өзгертілсе,  мұндай  ауыстыру  немесе  өзгерістер  бастапқы  міндеттемені  тануды 
тоқтату және жаңа міндеттемені тануды бастау деп есептеледі, ал олардың баланстық құнындағы айырма 
капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есепте танылады. 
Қаржы құралдарын өзара есепке алу
Қаржы активтері мен қаржылық міндеттемелер өзара есепке алынуы тиіс, ал нетто-сомасы қазіргі сәтте 
мойындалған сомаларды өзара есепке алуға, сондай-ақ нетто-негізде есеп айырысу ниетіне не болмаса 
активтерді өткізуге және осымен бірге міндеттемелерді өтеуге заңгерлік құқық болғанда ғана қаржылық 
жағдай туралы шоғырландырылған есепте ұсынылуы тиіс. 

115
ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІККЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР 
4. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ ЕЛЕУЛІ АСПЕКТІЛЕРІНЕ ШОЛУ (жалғасы)
Құрылыс компанияларына берілген аванстар
Құрылыс  компанияларына  берілген  аванстар  жылжымайтын  мүлік  объектілерін  салу  үшін  төленген 
аванстық төлемдерді білдіреді, әрі ол кейіннен инвестициялық жылжымайтын мүлік не болмаса өткізуге 
арналған  жылжымайтын  мүлік  ретінде  көрсетіледі.  Құрылыс  компанияларына  берілген  аванстар,  егер 
болса,  құнсыздануды  шегеру  арқылы  үлестік  қатысу  шарттарын  жасау  күніне  құны  (нақты  аударылған 
сома) бойынша  бағаланады. Объектіге қатысты меншік құқығының құрылыс компаниясынан Топқа ауысу 
сәтіне құрылыс компанияларына берілген аванстың баптары жабылады.
Инвестициялық жылжымайтын мүлік
Инвестициялық  жылжымайтын  мүлікке  жалдау  ақысын  немесе  капитал  құнының  өсуінен  түскен  кірісті 
алу  үшін  ұсталатын  жылжымайтын  мүлік  кіреді.  Жалдау  талаптарында  меншіктегі  жылжымайтын  мүлік 
инвестициялық  жылжымайтын  мүліктің  анықтамасына  сәйкес  келгенде  инвестициялық  жылжымайтын 
мүлік  ретінде  жіктеледі.  Жалдау  бойынша  міндеттемелер  17  ХҚЕС  (IAS)  сәйкес  жалға  алынатын 
жылжымайтын мүлік сыйақысының әділ құны бойынша танылады.
Инвестициялық жылжымайтын мүлік алғашқыда, мәміле бойынша шығындарды қоса алғанда, бастапқы 
құны бойынша бағаланады. Баланстық құнға, егер оларды мойындау критерийлері орындалса, мұндай 
шығындардың пайда болуы сәтіне қолдағы инвестициялық жылжымайтын мүліктің бөліктерін ауыстыру 
құны кіреді және инвестициялық жылжымайтын мүлікке ағымдағы қызмет көрсету шығындарын шегеріп 
тастайды.  Инвестициялық  жылжымайтын  мүлік  бастапқыда  мойындалғаннан  кейін  жинақталған  тозу 
мен жинақталған құнсыздануды шегере отырып бастапқы құны бойынша ескеріледі. Тозу оның пайдалы 
қызмет ету мерзімінің ішінде тік әдіспен есептеледі, әрі оның мерзімі 50 жылды құрайды.
Инвестициялық жылжымайтын мүліктің қаржылық жағдай туралы шоғырландырылған есепте мойындалуы 
ол есептен шығарылған кезде тоқтатылады, не болмаса, егер ол пайдаланудан шығарылса және оның 
шығуынан  келешекте  экономикалы  пайда  күтілмеген  жағдайда  тоқтатылады.  Есептен  шығарылудан 
болған таза түсімдер мен активтің баланстық құнындағы айырма оның мойындалуы тоқтаған есепті жыл 
үшін жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте мойындалады.
Инвестициялық жылжымайтын мүлік санатына не болмаса одан аудару жылжымайтын мүлікті пайдалану 
сипатында өзгерістер болғанда ғана жүзеге асырылады. Инвестициялық жылжымайтын мүліктен меншік 
иесі  алып  отыратын  жылжымайтын  мүлік  объектісіне  аудару  кезінде  кейінгі  есепке  алу  мақсаттары 
үшін  шартты  бастапқы  құны  пайдалану  мақсаттарын  өзгерту  сәтіне  әділ  құнды  білдіреді.  Меншік  иесі 
алып отырған жылжымайтын мүлік объектісі инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісіне айналған 
жағдайда,  Топ  мұндай  жылжымайтын  мүлікті  пайдалану  мақсаттарын  өзгерту  сәтіне  дейін  негізгі 
құралдарды есепке алу саясатына сәйкес ескереді.
Инвестициялық жылжымайтын мүлік оның баланстық құны жалғасып отырған пайдаланудың нәтижесінде 
емес,  сату  арқылы  өтеледі  деп  күтілгенде,  сату  үшін  ұсталатын  айналымнан  тыс  активтердің  санатына 
аударылады. Егер жылжымайтын мүлік осы сияқты жылжымайтын мүлікті сату үшін әдеттегідей болатын 
шарттарда өзінің ағымдағы күйінде дереу сатыла алса, сондай-ақ сату мүмкіндігі жоғары болса, мұндай 
шарт сақталған болып есептеледі.
Басқа да ұзақ мерзімді активтер
Басқа  да  ұзақ  мерзімді  активтерге  келешекте  қаржылық  жалға  беруге  арналған  жылжымайтын  мүлік 
не  болмаса  сол  бойынша  есепті  күнге  оның  баланстық  құны  қалайша  өтелетіндігі  анықталмаған 
жылжымайтын мүлік кіреді. Басқа да ұзақ мерзімді активтер мәміле бойынша шығындарды қоса алғанда, 
бастапқы құны бойынша бағаланады. Бастапқы мойындалғаннан кейін басқа да ұзақ мерзімді активтер 
жинақталған құнсыздануды шегере отырып бастапқы құны бойынша ескеріледі. Басқа да ұзақ мерзімді 
активтер  амортизацияланбайды.  Басқа  да  ұзақ  мерзімді  активтер  санатына  не  болмаса  одан  аудару 
жылжымайтын мүлікті пайдалану сипатында өзгерістер болғанда ғана жүзеге асырылады.

116
ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІККЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР 
4. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ ЕЛЕУЛІ АСПЕКТІЛЕРІНЕ ШОЛУ (жалғасы)
Материалдық емес активтер
Жеке  сатып  алынған  материалдық  емес  активтер  бастапқы  тану  кезінде  бастапқы  құны  бойынша 
бағаланады. Бизнесті біріктіру нәтижесінде сатып алынған материалдық емес активтердің бастапқы құны 
сатып алу күніне олардың әділ құны болып табылады. Бастапқы танудан кейін материалдық емес активтер 
жинақталған құнсыздану шығындары мен жинақталған амортизация шегерілген бастапқы құны бойынша 
ескеріледі. Өнімдерді әзірлеуге капиталға айналдырылған шығындарды қоспағанда, топ ішінде жасалған 
материалдық емес активтер капиталға айналмайды және тиісті шығыс олар пайда болған есепті жыл үшін 
жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте көрсетіледі.
Материалдық емес активтердің шектелген пайдалы пайдалану мерзімі бар.
Шектелген  пайдалы  пайдалану  мерзімі  бар  материалдық  емес  активтер  осы  мерзімнің  ішінде 
амортизацияланады  және  егер  мұндай  материалдық  емес  активтің  құнсыздану  белгілері  болса, 
құнсыздану мәніне бағаланады. Шектелген пайдалы пайдалану мерзімі бар материалдық емес актив үшін 
амортизация кезеңі мен оны есептеу әдісі кем дегенде әрбір есепті кезеңнің соңында қайта қаралады. 
Пайдалы  пайдаланудың  болжамды  мерзімінің  немесе  активте  көрсетілген  келешек  экономикалық 
пайданы тұтынудың болжамды құрылымының өзгеруі кезеңнің немесе жағдайға қарай амортизацияны 
есептеу  әдісінің  өзгеруі  ретінде  жекелеген  қаржылық  есептілікте  көрсетіледі  және  есепті  бағалаудың 
өзгеруі  ретінде  ескереді.  Пайдалы  қолдану  мерзімі  шектеулі  материалдық  емес  активке  арналған 
шығындар  жиынтық  кіріс  туралы  шоғырландырылған  есепте  материалдық  емес  активтер  қызметіне 
сәйкес шығыстар санатында танылады.
Материалдық  емес  активті  мойындауды  тоқтатудан  болған  кіріс  немесе  шығыс  активтің  есептен 
шығарылуынан түскен таза түсім мен активтің баланстық құнының арасындағы айырма ретінде өлшенеді 
және  мұндай  активті  мойындауды  тоқтату  сәтіне  жиынтық  кіріс  туралы  шоғырландырылған  есепте 
мойындалады.
Материалдық емес активтер негізінен бағдарламалық қамтамасыз ету мен лицензиялардан құралады. 
Материалдық емес активтер, әдетте бес жылдан он жылға дейінгі мерзімді құрайтын олардың пайдалы 
қызметін есептеу мерзімі ішінде желілік негізде өтеледі.
Негізгі құралдар 
Негізгі  құралдар  жинақталған  амортизацияны  және/немесе  олар  болған  жағдайда  құнсызданудан 
болған  жинақталған  шығындарды  шегере  отырып  бастапқы  құны  бойынша  ескеріледі.  Мұндай  құнға 
құрал-жабдықтардың  бөлшектерін  ауыстыру  құны  және  егер  оларды  капиталдандыру  критерийлері 
орындалса,  ұзақ  мерзімді  құрылыс  жобалары  болған  жағдайда  қарыздар  бойынша  шығындар  кіреді. 
Белгілі бір уақыт аралығында негізгі құралдардың едәуір құрамдастарын ауыстыру қажет болғанда, Топ 
осы сияқты құрамдастарды оларға тән болатын дербес пайдалы қызмет ету мерзімдерімен жекелеген 
активтер  ретінде  мойындайды  және  оларды  лайықты  түрде  амортизациялайды.  Дәл  осылайша,  негізгі 
техникалық  байқауды  жүргізу  кезінде  онымен  байланысты  шығындар  негізгі  құралдардың  баланстық 
құнында,  егер  барлық  мойындау  критерийлері  орындалса,  құрал-жабдықтарды  ауыстыру  ретінде 
мойындалады. Жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын барлық басқа шығындар олар 
болған сәтте жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте мойындалады. Актив пайдаланылғаннан 
кейін оны пайдаланудан шығару бойынша күтілетін шығындардың келтірілген құны, егер резервті келешек 
шығындарға мойындау критерийлері орындалса, тиісті активтің бастапқы құнына жатқызылады.
Тозу активтердің пайдалы қызметін келесі есепті мерзімдерінің ішінде желілік әдіспен есептеледі:
Жылдар
Ғимарат
46-50
Офистік құрал-жабдықтар
3-10
Көлік құралдары
4-7

117
ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІККЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР 
4. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ ЕЛЕУЛІ АСПЕКТІЛЕРІНЕ ШОЛУ (жалғасы)
Негізгі құралдар (жалғасы)
Бұрын мойындалған негізгі құралдарды немесе олардың едәуір құрамдасын мойындауын тоқтату олардың 
шығуы кезінде немесе егер келешекте осы активті пайдаланудан немесе шығуынан экономикалық пайданы 
алу  күтілмеген  жағдайда  болады.  Активті  мойындауды  тоқтату  нәтижесінде  туындайтын  кіріс  немесе 
шығыс (шығарудан болған таза түсімдер мен активтің баланстық құнының арасындағы айырма ретінде 
есептелген) активтің мойындалуы тоқтатылған есепті жыл үшін жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған 
есепке қосылады.
Активтерді  тарату  құны,  пайдалы  қызмет  ету  мерзімі  және  амортизация  әдістері  әрбір  жылдық  есепті 
кезеңнің соңында сараланады және қажет болғанда түзетіледі. 
Негізгі құралдар негізінен әкімшілік ғимараттан, жерден, офистік құрал-жабдықтардан, көлік құралдарынан 
тұрады. 
Қаржылық емес активтердің құнсыздануы
Топ әрбір есепті күнге активтің ықтимал құнсыздану белгілерінің бар-жоғын айқындайды. Егер мұндай 
белгілер бар болып шықса немесе егер активті құнсыздануға жыл сайынғы тексеруді орындау қажет болса, 
Топ активтің өтелетін құнын бағалайды. Активтің немесе ақша ағындарын жасайтын бөлімшенің өтелетін 
құны (ААЖБ) – келесі өлшемдердің ең үлкені: сату шығындарын шегере отырып, активтің әділ құны (ААЖБ) 
және активті пайдалану құндылығы (ААЖБ). Өтелетін құн негізінен басқа активтер немесе активтер тобы 
жасайтын ағындардан тәуелсіз ақша қаражатының ағындарын актив жасамаған жағдайда ғана жеке актив 
үшін анықталады. Егер активтің немесе ақша ағындарын тудыратын бөлімшенің теңгерімдік құны оның 
өтелетін құнынан артып кетсе, актив құнсызданған деп саналады және өтелетін құнына дейін есептен 
шығарылады. 
Пайдалану құндылығын бағалау кезінде келешек ақша ағындары салық салынғанға дейінгі дисконттау 
мөлшерлемесі бойынша дисконтталады, әрі ол ақшаның уақытқа құнының ағымдағы нарықтық бағасын 
және  активке  тән  тәуекелдерді  көрсетеді.  Есептен  шығаруға  арналған  шығындарды  шегергенде  әділ 
құнын анықтау кезінде жуық арадағы нарықтық операциялар ескеріледі. Олар болмаған ретте бағалаудың 
тиісті  үлгісі  қолданылады.  Мұндай  есептеулер  бағалау  коэффициенттерімен,  еншілес  компаниялар 
акцияларының нарығында еркін айналыста болатын баға белгілеулерімен немесе әділ құнның басқа да 
қолжетімді көрсеткіштерімен расталады.
Топ  жекелеген  активтер  жататын  Топтың  әрбір  ПГДП  үшін  жеке  әзірленетін  мұқият  жоспарларға  және 
болжамды  есептеулерге  сүйене  отырып  құнсыздану  сомасын  айқындайды.  Осы  жоспарлар  мен 
болжамды есептеулер әдетте бес жылды құрайды. Бұдан да ұзақ кезеңдер үшін бес жылдан кейін келешек 
болжанатын ақша ағындарына қатысты қолданылатын ұзақ мерзімді өсу қарқындары есептеледі.
Қайта бағалау өзге де жиынтық кіріс құрамында танылған бұрынғы қайта бағаланған жылжымайтын мүлік 
объектілерін қоспағанда құнсызданған актив қызметіне сәйкес шығыстар санаты құрамындағы жиынтық 
кіріс  туралы  шоғырландырылған  есепте  танылатын  жалғасып  отырған  қызметтің  құнсыздануынан 
(қорлардың құнсыздануын қосқанда) болатын залалдар. Мұндай жағдайда құнсыздану шығыны бұрын 
жасалған қайта бағалау сомасының шегінде басқа да жиынтық кірістің құрамында мойындалады. 
Топ  әрбір есепті күнге, гудвилді қоспағанда, активтің бұрын мойындалған  құнсыздану шығындарының 
жоқ немесе қысқарған екендігінің белгілері бар-жоғын айқындайды. Егер ондай белгі бар болып шықса, 
Топ  активтің  немесе  ақша  ағындарын  жасайтын  бөлімшенің  өтелетін  құнын  есептейді.  Құнсызданудан 
болған бұрын мойындалған шығындар, егер құнсызданудан болған соңғы шығын мойындалған уақыттан 
бастап активтің өтелетін құнын айқындау үшін пайдаланылған бағалауда өзгеріс болған жағдайда ғана, 
қалпына келтіріледі. Қалпына келтіру активтің баланстық құны оның өтелетін құнынан аспайтындай етіп, 
сондай-ақ сол бойынша осы актив егер алдыңғы жылдары құнсызданудан болған шығын мойындалмаған 
жағдайда  танылатын  амортизацияны  шегере  отырып,  баланстық  құннан  аспайтындай  етіп  шектелген. 
Құнның  мұндай  қалпына  келтірілуі,  актив  қайта  бағаланған  құн  бойынша  ескерілетін  жағдайларды 
қоспағанда,  жиынтық  кіріс  туралы  шоғырландырылған  есепте  мойындалады.  Соңғы  жағдайда  құнның 
қалпына келтірілуі қайта бағалаудан болған құнның өсімі ретінде ескеріледі.

118
ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІККЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР 
4. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ ЕЛЕУЛІ АСПЕКТІЛЕРІНЕ ШОЛУ (жалғасы)

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет