2012 ж.
2013 ж.
2014 ж.
893,2
1 059,1
420,5
Жылжымайтын мүлік қоры өз қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасының, халықаралық шарттары
талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдайды.
Жылжымайтын мүлік қорында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар саясаты бекітілген және
қолданылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар мынадай қағидаттарға негізделеді:
‒
заңдылық,
‒
қызметтің жариялылығы және ашықтығы,
‒
қызметкерлерде лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа тойтарыс
беретін және адалдық пен сатылмайтындық қағидатын қамтамасыз ететін құқықтық мәдениетті
қалыптастыруға жәрдемдесу,
‒
Компанияның нормативтік құқықтық құжаттарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу,
‒
мемлекеттік органдармен, Жылжымайтын мүлік қорының әріптестерімен және клиенттерімен
сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласында ынтымақтасу.
Компания сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен тыйым салуға бағытталған бірқатар құжаттарды
қабылдады. Ықтимал немесе белгілі болған алаяқтық, теріс пайдаланушылық белгілі фактілері және
басқа да заңға қарсы іс-әрекеттер туралы хабарламалармен жұмыс жөніндегі саясат осындай фактілердің
алдын алу және анықтау үдерістерінің тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды, оның ішінде барлық
қызметкерлерге құқық бұзушылықтар туралы жасырын хабарлауға мүмкіндік беретін шараларды көздейді.
2014 жылы алаяқтық, теріс пайдаланушылық және басқа да заңға қарсы іс-қимылдар оқиғалары
анықталған жоқ.
Қайырымдылық және демеушілік қызмет
Демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету саясатына сәйкес демеушілік немесе қайырымдылық
көмек көрсетуге арналған қаражат Компанияның бюджетінде көзделуі мүмкін.
Компания қызметінің және қор жасаудың ерекшелігіне байланысты демеушілік және қайырымдылық
қызметке арналған қаражат 2014 жылға арналған бюджетте қарастырылған жоқ.
Қайырымдылық акцияларын Компанияның қызметкерлері ерікті түрде жүзеге асырады.
Жеңіс күніне орай Жылжымайтын мүлік қоры Астана қаласының Ардагерлер кеңесі бекіткен Ұлы Отан
Соғысының үш ардагеріне атаулы көмек көрсетті. Жылжымайтын мүлік қорының қызметкерлері 8 мамыр
күні ардагерлердің үйіне барып, 100 000 (бір жүз мың) теңгеден ақшалай көмек беріп, мерекелік азық-
түлік жиынын, құттықтау хаттары мен гүлшоқтарын табыстады.
Бір жыл бойы Компания қызметкерлері көмек сұрағандарға қайырымдылық көмек, соның ішінде емделу
ақысын төлеу және т.б. сияқты жәрдем көрсетті.
69
Қызметшілермен өзара әрекеттестік
Еңбекті ұйымдастыру және адам ресурстарын дамыту Кадрлық саясатқа сәйкес жүзеге асырылады.
Компанияның Кадрлық саясатының негізгі қағидаты қызметкерлердің бас стратегиялық ресурсын
тану болып табылады, себебі қызметкерлердің сапасы Компанияның стратегиялық мақсаттары мен
міндеттеріне қол жеткізу үшін маңызы жоғары.
Жылжымайтын мүлік қоры әлеуметтік жауапты жұмыс беруші болып табылады, ол адам құқықтарын,
еңбек заңнамасының нормаларының сақталуын қамтамасыз етуде, қызметкерлердің құқықтарын
еңбектің лайықты талаптарында тануда, әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер көрсетуде, кадр саясатын
іске асыруда көрініс тапқан.
Кадрлық саясаттың стратегиялық бағыттары:
•
адам ресурстарын басқарудың бірыңғай моделі;
•
еңбек тиімділігін арттыру;
•
адам ресурстарының сапасын арттыру;
•
бірыңғай корпоративтік мәдениетті дамыту.
Персонал
2014 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Компания персоналының орташа тізімдік саны 113,6
адамды құрайды.
Компанияның барлық қызметкерлерінің жоғары білімі бар, оның ішінде:
•
2 экономика ғылымдарының кандидаты;
•
1 заң ғылымдарының кандидаты;
•
13 қызметкердің «магистр» дәрежесі бар.
Компания қызметкерлерінің басым бөлігі 30-дан 50-ге дейінгі жас шамасы санатына жатады. 2014 жылы
басшы және басқарушы қызметкерлердің – 12,6%-ы, құрылымдық бөлімшелер басшыларының – 25,4%-ы
және әкімшілік қызметкерлердің - 61,9%-ы осы санатты құрады.
Жасына қарай персоналдың құрылымы
Жасына қарай тобы көрсетілген персоналдың құрамы
28%
61%
11%
30 жасқа дейін
30-50 жас
50 жастан аса
1
9
3
3
18
3
30
44
7
30 жасқа дейін
30-50 жас
50 жастан аса
Басшы және басқарушы қызметкерлер
Құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері
Әкімшілік қызметкерлер
70
Персоналдың гендерлік құрылымы
2014 жылы кадрлардың кету көрсеткіші жоспарлы мәнге сәйкес болды және өткен жылмен салыстырғанда
0,5%-ға төмендеді.
Кадрлардың кетуі, %
2014 жылы компанияға жұмысқа қабылданға қызметкерлер саны
30 жасқа дейін
30-50 жас
50 жастан аса
әйелдер
ерлер
2014 жылы компаниядан кеткен қызметкерлер саны
30 жасқа дейін
30-50 жас
50 жастан аса
әйелдер
ерлер
11
20
17
11
3
6
19
6
14
5
22%
22%
21%
2012 ж.
2013 ж.
2014 ж.
62%
61%
61%
38%
39%
39%
2012 ж.
2013 ж.
2014 ж.
ерлер
әйелдер
71
Компанияда адам құқықтарын сақтау қағидаттарын, соның ішінде нәсілі, ұлты, әлеуметтік, діни және т.б.
кез келген белгілері бойынша кемсітпеу қағидаттарын ұстанады.
Өндірісті ұйымдастыруда, соның ішінде қайта ұйымдастыруда өзгерістер болған жағдайда және (немесе)
жұмыстар көлемі қызметкердің еңбек жағдайын өзгертетіндей қысқарғанда Компания қолданыстағы
еңбек заңнамасына және еңбек шартына сәйкес қызметкерді және (немесе) оның өкілін кемінде бір ай
бұрын жазбаша ескертеді.
Қызметкерлерді іріктеу мен қызметі бойынша ілгерілету кәсіби қабілеті, білімі мен машықтары негізінде
жүзеге асырылады.
Қызметшілерді іріктеу жүйесі шеңберінде бос қызмет орнына ашық конкурс өткізіледі. 2014 жылы 6 бос
қызмет орнына 6 конкурс өткізілді. Конкурсқа 17 үміткер қатысты. Конкурс нәтижелері бойынша 6 адам
жұмысқа қабылданды, 4 қатысушы кадрлар резервіне енгізілді.
2014 жылғы желтоқсанда «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2013-2022 жылдарға арналған Кадрлар саясатына
сәйкес әзірленген Бос қызмет орындарына кадрларды конкурстық іріктеудің жаңа қағидалары бекітілді.
Жаңа Қағидаларда тестілеуді үш кезеңмен өткізу көзделген:
‒
кәсіптік білімін бағалау;
‒
қабілеттерін тестілеу;
‒
мемлекеттік және ағылшын тілдерін білу деңгейі.
Барлық қызметшілерге еңбек қызметі барысында өз әлеуетін іске асыру үшін тең мүмкіндіктер,
нәтижелілігін алаламай әділ бағалау қамтамасыз етіледі.
Компанияда қызметтің нәтижелілігін бағалау жүйесі қолданылады. Жыл сайын әкімшілік қызметкерлердің
мақсаттар картасы мен жеке даму жоспарлары бекітіледі, нәтижелілікке мониторинг жүргізу және
мақсаттарды түзету жүйесі енгізілген.
2014 жылы әкімшілік қызметкерлерді қорытынды бағалау нәтижесі бойынша 6 адам ішкі кадрлар
резервіне қосуға ұсынылды.
2014 жылы нәтижелілігі мен мансабының өсуіне мерзімдік бағалау
(аттестаттау) жүргізілген қызметкерлер үлесі
Кадрлар резервін құру сабақтастықты қамтамасыз ету, әлеуеті жоғары қызметкерлерді анықтау,
қызметкерлерді жігерлендіру мақсатында жүзеге асырылады.
Кадрлар резервін құру мен онымен жұмысты ұйымдастыру ережесіне сәйкес кадрлар резерві жүйесі
Жылжымайтын мүлік қорының ішкі кадрлар резервінен, сондай-ақ Бірыңғай кадрлар резервінен тұрады.
2014 жылы Директорлар кеңесі төрағасының, Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет
мүшелерінің қатысуымен басшы және басқарушы қызметкерлердің әлеуетін бағалау бойынша Сұрыптау
сессиясы өткізілді, онда басшы және басқарушы қызметкерлерді бағалау нәтижелерінің есептері мен
TalentQ сауалдамаларын, сондай-ақ Департамент директорларының рейтингтерін қарау нәтижесінде
қызметкерлер әлеуетінің рейтингтері айқындалды: «В – Әлеуеті жақсы» және «С – Әлеуеті лайық».
Аталған Сұрыптау сессиясының нәтижесі бойынша Директорлар кеңесінің шешімімен Жылжымайтын
мүлік қорының Қадалы қызметтеріндегі сабақтастық жоспары бекітілді.
Кадрлар резерві және сабақтастықты жоспарлау жөніндегі ақпарат Тағайындаулар мен сыйақылар
жөніндегі комитеттің 2014 жылғы желтоқсандағы отырысында және Директорлар кеңесінің 2014 жылғы
қазандағы отырысында тыңдалып, назарға алынды.
39%
28%
33%
Ерлер
әйелдер
қамтылмаған
72
Оқыту және біліктілікті арттыру
Қызметкерлердің біліктілігін арттыру саясатының мақсаты қызметкерлерді даярлау мен оқытудың тиімді
жүйесін құру, басшы қызметкерлердің басқарушылық құзыреті мен көшбасшылық әлеуетін дамыту,
қызметкерлердің Компанияның мүдделері мен қажетіне сай кәсіби білім мен машықтарды меңгеруі
болып табылады.
Қызметкерлердің жеке даму жоспарлары негізінде жыл сайын қызметкерлерді кәсіби оқыту мен
дамытудың күнтізбелік жоспары құрылады.
2014 жылы 50 қызметкер сәйкесінше оқу мен біліктілікті арттыру курстарынан өтті (2013 жылмен
салыстырғанда, 50% артық).
Персоналды оқытуға арналған шығыстардыңдинамикасы, мың теңге
Жылына бір қызметкерді оқытуға арналған сағаттардың орташа саны
Жігерлендіру
Қызметкерлерді жігерлендіру үшін материалдық және материалдық емес ынталандыру жүйесі
қолданылады.
Материалдық ынталандыру жүйесі шеңберінде әкімшілік қызметкерлер үшін қызметкердің нәтижелілігіне
қарай бір лауазымдық жалақы мөлшерінде тоқсан сайын сыйлықақы төлеу жүйесі енгізілген.
Материалдық емес ынталандыруға ұлттық деңгейде табысталатын наградалар, Жалғыз акционердің
және Жылжымайтын мүлік қорының наградалары жатады.
2014 жылдың қорытындылары бойынша үздік қызметкерлер Жылжымайтын мүлік қорының құрмет
грамотасымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер
Компанияның әлеуметтік саясаты еңбек заңнамасын сақтауға негізделген және еңбекті қорғауға, еңбек
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әлеуметтік көмекке зәру топтарға қолдау көрсетуге бағытталған.
Қызметкерлердің денсаулығын және еңбек қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Еңбекті
және өндірістік қауіпсіздікті қорғау саласындағы саясат бекітілді, осыған сәйкес қызметкерлер үшін
қолайлы, жайлы әрі қауіпсіз жұмыс жағдайын жасау, өндірістік жарақаттану мен аурулардың алдын алу
бойынша іс-шаралар өткізіледі. Жұмыс орнындағы техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы қауіпсіздік
жөнінде ұдайы нұсқамалар жүргізіліп отырады.
8 366
12 992
12 721
2012 ж.
2013 ж.
2014 ж.
15,1
12,3
12,86
12,17
3,7
10,7
8,94
11,27
4,9
13,1
10,27
15,65
Басшы және басқарушы
қызметкерлер
Әкімшілік қызметкерлер
Ерлер
Әйелдер
2012 ж.
2013 ж.
2014 ж.
73
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету ережесіне
сәйкес қызметкерлерге материалдық көмек көрсету мыналарды қамтиды:
‒
жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берілгенде сауықтыру үшін 2 (екі) айлық лауазымдық
жалақыдан аспайтын мөлшерде;
‒
балалы болуына, бала асырап алуына байланысты қызметкердің 1 (бір) айлық лауазымдық
жалақысы мөлшерінде;
‒
қызметкердің қайтыс болуына байланысты:
‒
қызметкердің өзі қайтыс болса – отбасы мүшелерінің біріне бір жолғы төлем төлей отырып, 1 (бір)
айлық лауазымдық жалақыдан аспайтын мөлшерде:
‒
қызметкердің жұбайы, балалары, ата-анасы қайтыс болса – 10 ең аз еңбекақыдан аспайтын
мөлшерде;
‒
уақытша еңбекке жарамсыздығы екі айдан асатын ауру түрлерінің тізбесіне сәйкес қызметкердің
медициналық емделуіне/операция жасатуына.
Қызметкерлерге еңбекке уақытша жарамсыздығы үшін өтемақы еңбек заңнамасына сәйкес төленеді.
Жүкті әйелдерге, бала (балалар) туған әйелдерге, нәресте асырап алған қызметкерлерге ҚР Еңбек
кодексіне сәйкес балалы болуына байланысты мынадай демалыс беріледі:
‒
жүктілігі мен бала тууына байланысты демалыс,
‒
үш жасқа толғанға дейін еңбекақысы сақталмайтын бала күтімі бойынша демалыс.
2014 жылы 7 қызметкерге нәрестелі болуына байланысты 3 225 млн. теңге мөлшерінде, 1 қызмектерге
жақын туысының қайтыс болуына байланысты 0,7 млн.теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек
түрінде әлеуметтік жәрдем жасалды.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 194-1-бабына және Директорлар кеңесінің шешімімен
бекітілген (10.07.2013 №76 хаттама) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ қызметкерлеріне
әлеуметтік қолдау көрсету қағидаларына енгізілген толықтыруларға сәйкес жүктілігі мен босануына
байланысты табысын жоғалту жағдайында төленетін әлеуметтік төлемдер сомасы шегеріліп, орташа
жалақысы сақтала отырып, жүктілігі мен босануы бойынша демалысы төленеді.
2014 жылы 4 қызметкерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүктілігі мен
босануына байланысты табысын жоғалту жағдайында төленетін әлеуметтік төлемдер сомасы шегеріліп,
орташа жалақысы сақтала отырып, жүктілігі мен босануы бойынша демалысы төленді.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 131-бабына және Директорлар кеңесінің 10.07.2013 №76
шешімімен бекітілген «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ қызметкерлеріне әлеуметтік
қолдау көрсету қағидаларының 3-бөлімі 16-тармағына сәйкес міндеттерді жүктеу кезінде қызметтерді
қоса атқару үшін лауазымдық жалақының 30%-ынан аспайтын мөлшерде қосымшаақы төлеу көзделген.
2014 жылы әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік қолдау мөлшері 137,7 млн.теңге (жоспардың 85%-ы)
болды, бұл 2013 жылдың көрсеткішінен 8,9% артық.
Әлеуметтік көмек және әлеуметті аударымдар сомасы, млн. теңге
103,7
126,4
137,7
2012 ж.
2013 ж.
2014 ж.
74
2013 жылы әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік қолдау мөлшері 137,7 млн.теңге болды (жоспарға
қатысты 85%), бұл 2013 жылғы көрсеткіштен 8,9% артық.
Компания қызметкерді және оның отбасы мүшелерін аурудан ерікті сақтандыруды, сондай-ақ қызметкерді
жазатайым оқиғалардан сақтандыруды жүзеге асырады.
2014 жылы Жылжымайтын мүлік қоры «Альянс Полис Сақтандыру компаниясы» АҚ-мен жалпы сомасы
14,5 млн.теңгеге (70 қызметкер және 131 отбасы мүшесі) аурудан ерікті сақтандыру шартын жасасты
(2013 жылы - 15,1 млн.теңге).
Сондай-ақ «Қазақстан Халың банкінің өмірді сақтандыру жөніндегі еншілес компаниясы - «Grandes» өмірді
сақтандыру компаниясы» АҚ-мен 279,4 мың теңгеге қызметкерлерді өз еңбек (міндеттерін орындау
кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты жасалды (2013 жылы шарттың сомасы 295,7
мың теңге болды).
2009-2014 жылдары өндірістік жарақаттану оқиғалары болған жоқ.
2014 жылы өндірістік жарақаттану жағдайлары тіркелген жоқ, яғни жоспарға сай.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Компанияның барлық штаттық
қызметкерлері зейнетақы қорына зейнетақы жарналарын аударуға міндетті.
Қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналары, мың теңге
2012 жыл
2013 жыл
2014 жыл
59 812
76 024
83 220
Қызметшілердің қатысуы
Еңбек ұжымында қызметкердің әлеуметтік хал-жайын бағалау мақсатында қызметкерлерге веб-сауал
және қағаз жүзінде сауалдама жүргізу арқылы Жалғыз акционер қызметшілерінің қатысуын зерттеу
әдіснамасына сәйкес қызметшілердің қатысуына жыл сайын зерттеу жүргізіледі.
2014 жылғы бағалау қорытындылары бойынша қатысу индексі 75% құрады, жоспар бойынша 70%
болатын, бұл ұжымдағы жағдайдың тұрақты және жағымды екенін сипаттайды, және «Самұрық-Қазына»
АҚ компаниялары арасындағы жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады.
Аталған индекс мыналарды қамтиды:
Қанағаттану индексі - 79%,
Бейілділік индексі - 74%,
Бастамаларды қолдау индексі – 63%.
Қызметкерлердің 92%-ы жұмыстың көлемі мен мазмұнына, 91%-ы – жұмысты орындау үшін хабардар
болу дәрежесіне, 89%-ы – еңбек пен демалыс тәртібіне, 87%-ы - еңбекақы төлеу жүйесіне, 86%-ы – жаңа
нәрселерге үйрену және қосымша оқу мүмкіндігіне қанағаттанушылық білдірді.
Еңбек дауларының болмауы Компания қызметкерлерінің қанағаттануының маңызды көрсеткіші болып
табылады.
Корпоративтік өзара қарым-қатынастарды нығайту, ұжымда қолайлы ахуал туғызу және Жылжымайтын
мүлік қорының қызметкерлерін біріктіру үшін 2014 жылы мерекелік және спорттық іс-шаралар өткізілді.
Экологиялық жауапкершілік
Жылжымайтын мүлік қорында Экологиялық саясатты қабылданған және ол іске асырылады.
Компания қоршаған ортаға мейлінше ұқыппен қарау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану
қағидатын сақтауға тырысады, қоршаған ортаға теріс әсердің алдын алуға ықпал етеді, қоршаған ортаның
жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамалар жасайды, экологиялық таза және
энергия үнемдейтін технологияларды дамыту мен таратуға үлес қосады.
Компания іске асыратын жобаларында «жасыл құрылыс» қағидаларын енгізудің белсенді қатысушысы
болып табылады. Қызметкерлер тиісті оқудан ұдайы өтіп отырады. Өткен жылы Жылжымайтын мүлік
қоры Инновациялық даму және қазақстандық қамту департаментінің барлық қызметкерлері LEED, BREE-
AM «жасыл құрылыс» саласында ғимараттарды сертификаттаудың халықаралық жүйелері бойынша оқу
семинарларына, Passive House (пассивті үй) және Strawbell House (сбан үй) құрылыс қағидалары бойынша
мастер-кластарға қатысты. 2015 жылы Компания штатында «жасыл құрылыс» халықаралық стандарттары
бойынша біліктілік алған 3 қызметкер болады деп жоспарланған.
75
Жаңа ұзақ мерзімді Даму стратегиясы аясында Жылжымайтын мүлік қорының жобаларындағы жасыл
технологияларды айқындауға қойылатын негізгі талаптардың пилоттық жобасы әзірленді. Аталған құжат
бірнеше санаттар (энергия, транспорт, су, қалдықтар және т.б.) тілігінде жасыл технологияларды қолдану
деңгейіне бағалау жүргізу тәртібін айқындайды, жобаларға жасыл технологияларды қолданудың белгілі
бір деңгейі беріледі, кейін бұл қаржыландыру бөлу туралы шешім қабылдау өлшемі бола алады. Негізгі
талаптар Компанияның инвестициялық жобаларының сапасын арттыруға, адамның тіршілігі мен тұрмысы
үшін толық жарамды орта қалыптастыруға, аумақты және Қазақстан Республикасының экономикасын
орнықты дамытуға бағытталған.
Экологиялық саясатқа сәйкес Жобаларды іріктеу сатысында:
Компания ҚР ҚНмЕ-ге және әлемдік тәжірибеге сәйкес тұрғын үй объектілеріне қызметтерді көрсетуде
жайлылығы, қауіпсіздігі, үнемділігі бойынша ұсынылатын технологиялар тізбесін басшылыққа алады.
Бұл энергиялық тиімді технологиялардың қолданылуына, ресурстардың тиімді пайдаланылуына,
экологиялық тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.
Жобаларды іске асыру сатысында Жылжымайтын мүлік қоры мынадай іс-шаралардың іске асырылуын
қамтамасыз етеді:
‒
отын ретінде этилденбеген бензин қолданатын автокөліктерде пайдаланылған газды тазалауға
арналған конверторлардың болуын бақылау, пайдаланылған газдың уыты мен түтінін төмендететін
отын қоспасының енгізілуін бақылау, дизель отынмен жұмыс істейтін көлік құралдарын пайдаланылған
газды бейтараптандырғыштармен жарақтау; қоршаған ортаға теріс әсерді азайтатын жобалық
құжаттамада көзделмеген техникалық және технологиялық шешімдердің (соның ішінде отын, шикізат,
материалдар мен т.б. басқа (балама) түрлеріне көшу) енгізілуімен жетілдірілуін бақылау арқылы әуе
бассейнін қорғау мониторингі;
‒
дренаж, шахта және жауын суларын, өндірістік және ауыл шаруашылығы төгінді сулары мен
қалдықтарын (шлам жинақтауыштар, қалдық жинағыштар, күлтөкпелер, буландырғыш тоғандар
және т.б.) тасымалдауға арналған желілердің салынуын бақылау арқылы су ресурстарын қорғау және
тиімді пайдалану мониторингі;
‒
табиғи құнарлылықты қалпына келтіруге немесе топырақ гумусын арттыруға бағытталған іс-
шаралардың орындалуын бақылау арқылы жер ресурстарын қорғау мониторингі; тұрғын үй
кешендерінің аумағын міндетті көгалдандыру мен жасыл екпелердің ауданын арттыру мониторингі;
‒
қалдықтардың, соның ішінде иесіз қалдықтардың кез келген түрін жинау, тасымалдау,
залалсыздандыру, пайдалану мен өңдеу технологияларының енгізілуін бақылау, рұқсат етілмеген
(кездейсоқ) төгінділер мен тарихи ластауларды жою іс-шараларының, кейіннен олардың пайда
болуын болдырмау, өндірістік, қатты қалдықтармен және басқа қалдықтармен ластау нәтижесінде
бұзылған жер құнарлылығын уақтылы қалпына келтіру іс-шараларының жүргізілуін бақылау арқылы
өндіріс және тұтыну қалдықтарын пайдалану мониторингі;
‒
қолданыстағы экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкілетті органдар берген ұйғарымдардың, ұсыныстардың орындалу мониторингі;
‒
энергия тиімді технологиялардың қолданылу мониторингі, энергия күрделі үдерістер мен
материалдарды энергиялық тиімдісіне ауыстырылуын, ғимараттың энергия ресурстарын тиімді
пайдалануға арналған технологиялардың (энергия үнемдейтін шыны, дыбыссыз лифтілер, жылы
едендер, жарықты басқару жүйесі, табиғи бейімделу, сымсыз байланыс және т.б.), сондай-ақ қоршаған
ортаға теріс әсерді азайтатын басқа да инновациялық технологиялардың енгізілуін бақылау.
Жалпы қызметті іске асыру кезінде экологиялық қағидаттардың қолданылуы:
Компанияның корпоративтік орталығы мен еншілес ұйымдарында экологиялық ортаға өз әсерін басқару
және аталған қағидаттарды іске асыру мақсатында қағазды, шығыс материалдар мен энергия ресурстарын
ұқыпты пайдалану шаралары жүзеге асырылады; электронды құжат айналымы жүйесі, электронды
есептілік жүйесі енгізіліп, жетілдіріледі және т.б.
Компания өз қызметінде қоршаған ортаға мейлінше ұқыпты және тиімді көзқарас қағидаттарына сүйене
отырып, қоршаған ортаны қорғау бастамаларын жан-жақты қолдайды, соның ішінде:
‒
қоршаған ортаның жағдайына теріс әсердің алдын алу, үздік табиғи қорғау тәжірибелерін қолдану;
‒
экологиялық таза технологияларды дамыту мен таратуға жәрдемдесу;
‒
энергияның балама көздерін пайдалану, энергия тұтынуды азайту және энергия тиімділігін арттыру
бойынша бастамалар.
76
77
2015 жылы Жылжымайтын мүлік қоры «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша жаңа
міндеттемелер қабылдауды аяқтамақ. Жылжымайтын мүлік қорының аталған бағдарлама бойынша пулын
637 мың шаршы метрге дейін, яғни 2015 жылға дейін кемінде 180 мың шаршы метрге ұлғайту көзделеді.
2015 жылы Жылжымайтын мүлік қоры қаржыландыратын объектілерде кемінде 150 мың шаршы метр
баспананы пайдалануға беруді жоспарлайды.
Халыққа «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша сатып алу құқығымен жалдауға 142 мың
шаршы метр баспана берілетін болады.
Жылжымайтын мүлік қоры өзі қаржыландыратын объектілердің құрылысындағы қазақстандық қамтуды
арттыруға жәрдемдесетін болады. Қазақстандық қамтудың жоспарланған көрсеткіші – 71%.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша іс-шаралар аясында шығындарды оңтайландыру
және қызметтің тиімділігін арттыру бойынша шаралар кешені іске асырылатын болады.
Жылжымайтын мүлік қоры корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру бойынша қызметін жалғастыра
береді. Корпоративтік басқару рейтингін 75%-дан төмен емес деңгейге жеткізу көзделген.
«Самұрық-Қазына» АҚ Компаниялар тобының Трансформация бағдарламасын іске асыру шеңберінде
бизнес-процестерге терең талдау жасалатын болады, Компанияның ұйымдық құрылымы бойынша
ұсыныстар әзірленіп, басқару деңгейлері оңтайландырылатын болады.
78
79
Жылжымайтын мүлік қоры қызмет нәтижелері жөнінде уақтылы, шынайы әрі толық ақпарат беруге
ұмтылады.
Ақпаратты ашу саласындағы қазіргі үрдістерге ілесе отырып, Жылжымайтын мүлік қоры ықпалдастырылған
есепті ұсынады, онда орнықты даму саясаты ескеріле отырып, қызмет нәтижелерін бағалауға тұтас
көзқарас сипатталады.
Есептің қамту саласы мен шегі
Есепте Жылжымайтын мүлік қорының 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі
кезеңдегі қызметі көрсетілген.
Есеп Есептілік жөніндегі ғаламдық бастама (GRI), 3.1 нұсқа, Орнықты даму саласындағы жетекшіліктің
және Қаржылық қызметтер секторына арналған жетекшіліктің талаптарына сәйкес дайындалды. Есеп «С»
қолдану деңгейі өлшемдеріне сәйкес келеді. 2014 жылы Есепте нәтижеліліктің екі көрсеткіші қосымша
ашылды: «LA 5 Ұйым қызметіндегі елеулі өзгерістерге қатысты хабарлаудың ең аз кезеңі, сондай-ақ
ұжымдық келісімде ол айқындалған ба» және «EC 4 Мемлекеттен алынған елеулі қаржылай көмек».
Стандартты элементтер тізбесі GRI сәйкесінше кестесінде (3-қосымша) келтірілген.
Есепте ашылған ақпарат шоғырландырылған түрде жасалған және Жылжымайтын мүлік қорының бүкіл
тобының қызметін қамтиды.
Есептің мазмұны GRI жетекшілігінің ұсыныстарына сәйкес мынадай аспектілер негізінде айқындалды:
‒
мүдделі тұлғалардың мүдделері мен үміттерін айқындау;
‒
Жылжымайтын мүлік қорының қызметіне әсері мен даму стратегиясын іске асыру жағынан маңызды
тақырыптар мен мәселелерді айқындау;
‒
Жылжымайтын мүлік қорының экономикаға, қоршаған ортаға және мүдделі тараптарға әсерін
айқындау.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дайындалған 2014 жылға арналған жылдық есеп www.fnsk.kz
корпоративтік веб-сайтында орналастырылған.
Есептің қағаз нұсқалары төменде келтірілген байланыс деректеріне түскен сауал бойынша ұсынылуы
мүмкін.
Растама
Аталған есеп орнықты даму саласындағы көрсеткіштердің тәуелсіз растамасынан өткен жоқ. Жылжымайтын
мүлік қоры орнықты даму саласындағы көрсеткіштердің тәуелсіз растамасын өткізу Қоғамның келтірілген
қызмет нәтижелерінің теңгерімділігін, сенімділігі мен шынайылығын арттыратынын, сондай-ақ мүдделі
Тараптардың талаптарына сай ететінін сезінеді.
Жылжымайтын мүлік қоры келешекте орнықты даму саласындағы есептерді тәуелсіз растамадан өткізуге
тырысатын болады.
Байланыс ақпараты
Аталған Есепке қатысты барлық сұрақтарыңызды, түсіндірмелеріңіз бен ұсыныстарыңызды, сондай-ақ
есептің қағаз нұсқасын сұратуыңызды мына мекенжайға жолдай аласыздар:
Достарыңызбен бөлісу: |