Шетел валютасын қайта есептеу
Топтың шоғырландырылған қаржылық есептілігі Компанияның және оның еншілес ұйымдарының
функционалдық валютасы және осы шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсыну валютасы болып
табылатын теңгемен көрсетілген.
Теңге Компания және оның еншілес ұйымдары қызметін атқаратын негізгі экономикалық ортаның
валютасы болып табылады. Топтың әр компаниясы өзінің жеке функционалды валютасын айқындайды
және әрбір компанияның қаржылық есептілігіне қосылған баптар осы функционалдық валютада
бағаланып отырады.
Шетел валюталарындағы операциялар бастапқыда Топ компанияларымен операция тану критерийлерін
қанағаттандырған күнге қолданылатын спот-бағам бойынша функционалдық валютада ескеріледі.
Шетел валютасында көрсетілген монетарлық активтер мен міндеттемелер есепті күнге қолданылатын
функционалды валютаның спот-бағамы бойынша қайта есептеледі. Барлық айырмалар жиынтық кіріс
туралы есепте көрсетіледі.
Тарихи құнның негізінде шетелдік валютада бағаланатын монетарлық емес баптар бастапқы мәмілелер
жасалған күні қолданыста болған бағамдар бойынша қайта есептеледі. Әділ құн бойынша шетелдік
валютада бағаланатын монетарлық емес баптар әділ құн белгіленген күні қолданыста болған бағамдар
бойынша қайта есептеледі.
Ресми айырбас бағамдары ретінде Қазақстан Республикасында Қазақстандық қор биржасы («ҚҚБ»)
белгілеген орташа алынған валюта бағамдары пайдаланылады.
ҚҚБ 2014 жылғы 31 желтоқсанда белгілеген АҚШ долларының айырбас бағамы 1 АҚШ долларына
шаққанда 182,35 теңгені құрады (2013 жылы: 1 АҚШ долларына шаққанда 153,61 теңге). 2015 жылдың 27
ақпанына АҚШ долларының айырбас бағамы 1 АҚШ доллары үшін 185,05 теңге болды.
Бірлескен операцияларға инвестициялар
Бірлескен кәсіпорын – бірлескен кәсіпкерліктің түрі, әрі соған сай кәсіпкерлікке қатысты бірлескен
бақылауды жүзеге асыратын тараптардың бірлескен кәсіпорынның таза активтеріне құқықтары бар.
Бірлескен бақылау – бұл шартпен негізделген бақылауды бірлесіп жүзеге асыру, әрі ол тек маңызды
қызметке қатысты шешімдердің қабылдануы бірлескен бақылауды жүзеге асыратын тараптардың
бірауызды келісімін қажет еткен жағдайларда ғана орын алады. Бірлескен операция – қызметке бірлескен
кәсіпкерлікті жасай алатын тараптарда активтерге арналған құқықтарының және қызметке байланысты
міндеттемелер бойынша жауапкершіліктің болуын болжайтын бірлескен кәсіпкерлік түрі.
Айтарлықтай ықпалдың немесе бірлескен бақылаудың болуын анықтау кезінде ескерілетін факторлар
еншілес компанияларға бақылаудың болуын анықтау кезінде ескерілетін факторларға ұқсас келеді.
Бірлескен операцияға өзінің қатысу үлесіне байланысты Топ мыналарды мойындайды:
•
активтердегі үлесті қоса алғанда, бірлесіп ұсталатын активтерді
•
міндеттемелердегі үлесті қоса алғанда, бірлесіп көтерген міндеттемелерді
•
бірлескен операциядан түскен өнімнің өз үлесін сатудан түскен түсімді;
•
өнімді сатудан, бірлескен операциядан түскен түсімдегі үлесті; және
•
шығыстардағы үлесті қоса алғанда, бірлесіп көтерген шығыстарды.
Активтер мен міндеттемелерді қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді етіп жіктеу
Қаржылық жағдай туралы есепте Топ активтер мен міндеттемелерді олардың қысқа мерзімді және ұзақ
мерзімді етіп жіктелуінің негізінде ұсынады. Актив мына жағдайларда қысқа мерзімді болып табылады,
егер:
•
оны сату болжанса немесе ол әдеттегі операциялық циклдің шеңберінде сатуға немесе тұтынуға
арналса;
•
ол негізінен сауда жасау мақсаттары үшін арналса;
•
оны есепті кезең аяқталғаннан кейін он екі айдың ішінде өткізу болжанса; немесе
•
есепті кезең аяқталғаннан кейін кем дегенде он екі айдың ішінде міндеттемелерді өтеу үшін
пайдалануға немесе айырбастауға шектеулер болған жағдайларды қоспағанда, ол ақша қаражатын
немесе олардың баламаларын білдіреді.
107
ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІККЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР
4. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ ЕЛЕУЛІ АСПЕКТІЛЕРІНЕ ШОЛУ (жалғасы)
Активтер мен міндеттемелерді қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді етіп жіктеу (жалғасы)
Барлық басқа активтер ұзақ мерзімді ретінде жіктеледі. Міндеттеме мына жағдайларда қысқа мерзімді
болып табылады, егер:
•
оны әдеттегі операциялық циклдің шеңберінде өтеу болжанса;
•
ол негізінен сауда жасау мақсаттары үшін ұсталса;
•
ол есепті кезең аяқталғаннан кейін он екі айдың ішінде өтелуге тиіс болса; немесе
•
Топтың есепті кезең аяқталғаннан кейін кем дегенде он екі айдың ішінде міндеттемелердің өтелу
мерзімін ұзартуға сөзсіз құқығы болмаса.
Топ барлық басқа міндеттемелерді ұзақ мерзімділер ретінде жіктейді.
Мерзімі ұзартылған салық активтері мен міндеттемелері ұзақ мерзімді активтер мен міндеттемелер
ретінде жіктеледі.
Әділ құнды бағалау
Топ мұндай қаржы құралдарын қаржылық жағдай туралы есепті жасаудың әрбір күніне әділ құны
бойынша туынды құралдар ретінде бағалайды. Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын қаржы
құралдарының әділ құну және әділ құны қаржылық есептілікте ашылып көрсетілуі тиіс қаржылық емес
активтер туралы ақпарат тиісінше 30-ескертпеде және 6-ескертпеде ашылып көрсетіледі.
Активтің сатылғаны үшін алынған немесе бағалау күніне нарық қатысушыларының арасында әдеттегі
тәртіппен жасалатын мәміленің шеңберінде міндеттеменің берілгені үшін төленген баға әділ құны болып
табылады. Әділ құны бойынша бағалау активті сату немесе міндеттемені беру бойынша мәміле:
•
немесе бұл актив немесе міндеттеме үшін негізгі нарықта;
•
не болмаса негізгі нарықтың жоқтығы шарттарында, бұл актив немесе міндеттеме үшін барынша
қолайлы нарықта.
Топтың негізгі немесе барынша қолайлы нарыққа қол жеткізу мүмкіндігі болуы тиіс.
Активтің немесе міндеттеменің әділ құны нарық қатысушылары активтің немесе міндеттеменің
бағасын анықтау кезінде пайдаланатын жорамалдарды қолдана отырып бағаланады, бұл ретте нарық
қатысушылары өздерінің ең үздік мүдделерінде әрекет етеді деп болжануда.
Қаржылық емес активтің әділ құнын бағалау нарық қатысушысының активті барынша жақсы және
барынша тиімді тәсілмен пайдаланудан немесе оны мұндай активті барынша жақсы және барынша
тиімді тәсілмен пайдаланатын басқа нарық қатысушысына сатудан болатын экономикалық пайданы
жасау мүмкіндігін ескереді.
Топ қалыптасқан жағдайда қолайлы болатын және әділ құнды бағалау үшін жеткілікті болатын деректер
қолжетімді болатын бағалау әдістемелерін пайдаланады, бұл ретте орынды байқалатын бастапқы
деректерді барынша және байқалмайтын бастапқы деректерді мейлінше пайдаланады.
Әділ құны бағаланатын немесе қаржылық есептілікте ашылып көрсетілетін барлық активтер мен
міндеттемелер жалпы әділ құны бойынша бағалау үшін елеулі болып табылатын ең төменгі деңгейдегі
бастапқы деректердің негізінде әділ құн көздерінің төменде сипатталған иерархиясының шеңберінде
жіктеледі:
•
1-деңгей – Ұқсас активтер немесе міндеттемелер бойынша (қандай да бір түзетулерсіз) белсенді
нарықта нарықтық баға белгілеулері;
•
2-деңгей – әділ құны бойынша бағалау үшін маңызды болатын иерархияның ең төменгі деңгейіне
жататын бастапқы деректер нарықта тікелей немесе жанама байқалатын болып табылатын бағалау
үлгілері;
•
3-деңгей – әділ құны бойынша бағалау үшін маңызды болатын иерархияның ең төменгі деңгейіне
жататын бастапқы деректер нарықта байқалатын болып табылмайтын бағалау үлгілері.
Қаржылық есептілікте мерзімді негізде қайта бағаланатын активтер мен міндеттемелер жағдайында
Топ әрбір есепті кезеңнің соңына жіктеуді қайта талдай отырып (жалпы әділ құны бойынша бағалау үшін
елеулі болатын ең төменгі деңгейдегі бастапқы деректердің негізінде) иерархия көздерінің деңгейлері
арасында аудару фактісін айқындайды.
108
ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІККЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР
4. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ ЕЛЕУЛІ АСПЕКТІЛЕРІНЕ ШОЛУ (жалғасы)
Әділ құнды бағалау (жалғасы)
Топтың тиісті бөлімшесі (бұдан әрі «Жұмыс тобы») тиісті активтер мен міндеттемелердің әділ құны
бойынша мерзімді бағалауға арналған саясатты және рәсімдерді айқындайды. Бағалау жөніндегі Жұмыс
тобының құрамына Активтерді басқару департаментінің, сондай-ақ Бюджеттеу және қазынашылық
департаментінің басшылары кіреді.
Туынды құралдар сияқты маңызды активтерді бағалау үшін сыртқы бағалаушылар тартылады. Сыртқы
бағалаушыларды тарту туралы шешімді Жұмыс тобы жыл сайын бұл шешімді Топтың аудиторлық комитеті
талқылағаннан және бекіткеннен кейін қабылдайды. Іріктеу критерийлері ретінде нарықты білу, бедел,
тәуелсіздік және кәсіби стандарттарға сәйкестік қолданылады. Сыртқы бағалаушылармен талқылағаннан
кейін Жұмыс тобы әрбір жағдайда бағалаудың қандай әдістемесі мен бастапқы деректерді пайдалануға
қажет екендігі жөнінде шешім қабылдайды.
Әрбір есепті күнге Жұмыс тобы Топтың есеп саясатына сәйкес қайталап талдау және қайталап бағалау
қажет болатын активтер мен міндеттемелердің құнындағы өзгерістерді талдайды. Мұндай талдаудың
шеңберінде Жұмыс тобы бағалау кезінде пайдаланылған ақпаратты шарттармен және басқа да орынды
құжаттармен салыстыру арқылы соңғы бағалау кезінде қолданылған негізгі бастапқы деректерді тексереді.
Жұмыс тобы және Топтың сыртқы бағалаушылары әрбір актив пен міндеттеменің әділ құнының өзгеруін
өзгерістің негізділігін айқындау мақсатында тиісті сыртқы дерек көздерімен салыстырады.
Жұмыс тобы және Топтың сыртқы бағалаушылары Топтың аудиторлық комитеті мен тәуелсіз
аудиторларына бағалау нәтижелерін оқта-текте ұсынып отырады, бұл бағалау кезінде пайдаланылған
негізгі жорамалдарды талқылауды болжайды.
Әділ құн туралы ақпаратты ашып көрсету мақсатында Топ активтер мен міндеттемелерді олардың
сипатының, оларға тән сипаттамалар мен тәуекелдердің, сондай-ақ жоғарыда көрсетілгендей әділ құн
көздерінің иерархиясындағы қолданылатын деңгейдің негізінде жіктеді.
Кірістерді мойындау
Егер Топтың экономикалық пайданы алуы ықтимал деп бағаланса және егер түсім төлемнің жасалу
уақытына қарамастан сенімді түрде бағалай алынса, түсім мойындалады. Түсім шартта айқындалған
төлем талаптарын ескере отырып және салықтарды немесе алымдарды шегере отырып, алынған немесе
алынуға жататын сыйақының әділ құны бойынша бағаланады. Топ принципал немесе агент ретінде
болатындығын айқындау мақсатында белгілі бір критерийлерге сәйкес түсім алуды көздейтін өзі жасайтын
шарттарды талдайды. Топ шартта айқындалған төлем талаптарын ескере отырып және салықтарды немесе
алымдарды шегере отырып түсімді алуды көздейтін өзі жасаған барлық шарттар бойынша принципал
ретінде болады деген тұжырымға келді. Пайданы тану үшін мынадай өлшемдер де орындалуы тиіс:
Жылжымайтын мүлікті сату
Жылжымайтын мүлікті сатудан түскен кіріс, әдетте, жылжымайтын мүлiкті иелік етуден болған едәуір
тәуекелдер мен пайдалар сатып алушыға өткенде мойындалады. Аяқталмаған жылжымайтын мүлік
объектілеріне талап ету құқықтарын қайта табыстаудан түскен кірістер сатып алушыға қатысты талап ету
құқықтарына байланысты елеулі тәуекелдер мен пайданы беру кезінде мойындалады.
Жалға беруден түскен кіріс
Операциялық жалға берілген инвестициялық жылжымайтын мүлiктен түскен кіріс жалдау мерзімінің
ішінде тік сызықты әдіс бойынша ескеріледі және оның операциялық сипатына орай түсім құрамына
қосылады.
Пайыздық кіріс
Амортизацияланған құн және сату үшін қолда бар деп жіктелген пайыздық қаржы активтері бойынша
бағаланатын барлық қаржы құралдары бойынша пайыздық кіріс немесе шығыс тиімді пайыздық
мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып мойындалады, әрі ол қаржы құралын болжамды пайдалану
мерзімінің бойында немесе егер бұл орынды болса, қаржы активінің немесе міндеттеменің таза баланстық
құнына дейінгі ұзақ емес кезеңнің ішінде күтілетін келешек төлемдерді немесе ақша қаражатының
түсімдерін дәл дисконттайды. Құрылыс компанияларын қаржыландырудан түскен пайыздық кіріс негізгі
қызметтен болған кірістердің құрамына және басқа да пайыздық кірістер бөлігінде қаржыландырудан
болған кірістердің құрамына қосылады.
109
ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІККЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР
4. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ ЕЛЕУЛІ АСПЕКТІЛЕРІНЕ ШОЛУ (жалғасы)
Шығыстарды тану
Шығыстар пайда болу шамасына қарай танылады және олар есептеу әдісінің негізіне жатқызылған сол
кезеңде жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте көрсетіледі.
Қарыздар бойынша шығындар
Топтың ниетіне сәйкес пайдалануға немесе сатуға дайындау үшін ұзақ уақыт кезеңін міндетті түрде талап
ететін активті сатып алумен, салумен немесе өндірумен тікелей байланысты қарыздар бойынша шығындар
мұндай активтің бастапқы құны ретінде капиталданады. Қарыздар бойынша барлық өзге шығындар
келтірілген есепті кезеңдегі шығындарға жатқызылады. Қарыздар бойынша шығындарға пайыздардың
төленуі және Топ қарызға алынған қаражатпен байланысты шеккен басқа да шығындар жатады.
Табыс салығы
Ағымдағы табыс салығы
Активтер және ағымдағы пайда салығы бойынша міндеттемелер салық органдарынан өтелуге немесе
салық органдарына төлеуге болжанып отырған сома бойынша бағаланады. Осы соманы есептеу үшін
қолданылатын салық мөлшерлемелері мен салық заңнамасы, – бұл есепті күнге қабылданған немесе
нақты қабылданған мөлшерлемелер мен заңнама.
Тікелей меншікті капиталда мойындалған баптарға қатысты ағымдағы пайда салығы жиынтық кіріс туралы
есепте емес, меншікті капитал құрамында мойындалады. Топ басшылығы соған қатысты тиісті салық
заңнамасы әртүрлі түсіндірілуі мүмкін салық декларацияларында көрсетілген позицияларды мерзімді
етіп бағалайды және қажетіне қарай бағалау міндеттемелерін құрады.
Мерзімі ұзартылған табыс салығы
Мерзімі ұзартылған салық активтер мен міндеттемелердің салық базасы мен олардың баланстық құны
арасындағы уақытша айырмаларды айқындау арқылы есепті күнге қаржылық есептілік мақсаттары үшін
міндеттемелер әдісі бойынша есептеледі.
Мерзімі ұзартылған салық міндеттемелері мына жағдайлардан басқа, барлық салық салынатын уақыт
айырмалары бойынша мойындалады:
•
Мерзімі ұзартылған салық міндеттемесі бизнесті біріктіру болып табылмайтын операцияның
барысында гудвилді, активті немесе міндеттемені бастапқыда мойындау нәтижесінде туындайды
және операцияны жасау сәтіне бухгалтерлік табысқа да, сол сияқты салық салынатын табысқа немесе
шығынға ықпал етпейді;
•
еншілес компанияларға, тәуелді компанияларға инвестициялармен, сондай-ақ бірлескен қызметке
қатысу үлестерімен байланысты салық салынатын уақыт айырмаларына қатысты, егер уақыт бөлуінде
уақыт айырмасының азаюын бақылау жасауға мүмкін болса және уақыт айырмасы таяу арада
азайтылмайды деген едәуір ықтималдылық болса.
Мерзімі ұзартылған салық активтері, мына жағдайлардан басқа, соған қарсы есептен шығарылатын уақыт
айырмалары, пайдаланылмаған салық жеңілдіктері мен пайдаланылмаған салық шығындары есепке
алынуы мүмкін салық салынатын пайда болады деген едәуір ықтималдылық болатын дәрежеде барлық
есептен шығарылатын уақыт айырмалары, пайдаланылмаған салық жеңілдіктері және пайдаланылмаған
салық шығындары бойынша мойындалады:
•
есептен шығарылатын уақыт айырмасына қатысты мерзімі ұзартылған салық активі бизнесті
біріктірудің салдарынан емес пайда болған және операцияны жасау сәтіне бухгалтерлік табысқа да,
сол сияқты салық салынатын табысқа немесе шығынға ықпал етпейтін активті немесе міндеттемені
бастапқыда мойындау нәтижесінде туындайды;
•
еншілес компанияларға, ассоциацияланған компанияларға инвестициялармен, сондай-ақ бірлескен
қызметке қатысу үлестерімен байланысты есептен шығарылатын уақыт айырмаларына қатысты
мерзімі ұзартылған салық активтері уақыт айырмалары келешекте пайдаланылады және соған қарсы
уақыт айырмалары қолданылуы мүмкін салық салынатын пайда орын алады деген айтарлықтай
ықтималдылық бар дәрежеде ғана мойындалады.
110
ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІККЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР
4. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ ЕЛЕУЛІ АСПЕКТІЛЕРІНЕ ШОЛУ (жалғасы)
Табыс салығы (жалғасы)
Мерзімі ұзартылған табыс салығы (жалғасы)
Мерзімі ұзартылған салық активтерінің баланстық құны әрбір есепті күнге қайта қаралып, мерзімі
ұзартылған салық активтерінің барлығын немесе бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік беретін жеткілікті
салық салынатын табысқа қол жеткізу шамалы деп бағаланатын дәрежеде азаяды. Мойындалмаған
мерзімі ұзартылған салық активтері әрбір есепті күнге қайта қаралады және келешек салық салынатын
пайда мерзімі ұзартылған салық активтерін пайдалануға мүмкіндік береді деген едәуір ықтималдық
туындаған дәрежеде ғана мойындалады.
Мерзімі ұзартылған салық активтері мен міндеттемелер қабылданған немесе нақты қабылданған есепті
күнгі жағдай бойынша салық мөлшерлемелерінің (және салық заңнамасының) негізінде актив өткізіледі,
ал міндеттеме өтеледі деген есепті жылда қолданатын болады деп болжанатын салық мөлшерлемелері
бойынша бағаланады.
Пайда немесе залал құрамында танылмаған баптарға жататын кейінге қалдырылған салық та пайда
немесе залал құрамында танылмайды. Мерзімі ұзартылған салықтар баптары олардың негізіндегі
операцияларға сәйкес не болмаса басқа да жиынтық кірістің құрамында немесе тікелей меншікті
капиталда мойындалады.
Мерзімі ұзартылған салық активтері мен мерзімі ұзартылған салық міндеттемелері, егер заңи тұрғыдан
бекітілген ағымдағы салық активтері мен міндеттемелерді есепке алу құқығы болса және мерзімі
ұзартылған салықтар дәл сол салық салынатын компанияға немесе салық органына қатысты болса, бір
біріне қарсы есепке алынады.
Қызметкерлерге сыйақы
Әлеуметтік салық
Топ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әлеуметтік салық төлейді.
Әлеуметтік салық бойынша шығыстар олардың пайда болу сәтіндегі шығыстарға жатады.
Белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарлары
Топ арнайы зейнетақы қорларына жарна ретінде өз қызметкерлерінің жалақысынан 10% дейін ұстап
қалады. Заңнаманың талаптарына сәйкес зейнетақы төлемдері бойынша жауапкершілік қызметкерлердің
мойындарында жатыр, бұл ретте Топтың қызметкерлерге еңбек қызметін аяқтағаннан кейін өтемақыларды
төлеу бойынша ағымдағы немесе келешек міндеттемелері жоқ.
Қаржы активтері
Бастапқы мойындау және бағалау
Бастапқы мойындау кезінде қаржы активтері сәйкесінше пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша
қайта бағаланатын қаржы активтері; қарыздар мен дебиторлық берешек, сату үшін қолда бар қаржы
активтері ретінде жіктеледі.
Барлық қаржы активтері пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша қайта бағаланатын қаржы
активтерін қоспағанда, алғашқыда мәміле бойынша онымен тікелей байланысты шығындарға көбейтілген
әділ құны бойынша танылады.
Заңнамада немесе белгілі бір нарықта қабылданған ережелерде белгіленген мерзімде активті жеткізуді
талап ететін қаржы активтерін сатып алудың немесе сатудың барлық операциялары («стандартты
талаптардағы» сауда) мәмілені жасау күніне, яғни Топ өз мойнына активті сатып алу немесе сату
міндеттемесін қабылдаған күнге мойындалады.
Топтың қаржы активтеріне ақша қаражаты мен қысқа мерзімді әрі ұзақ мерзімді депозиттер, мемлекеттік
облигациялар, сауда және басқа да дебиторлық берешек, қарыздар және сыйақыны есептей отырып
құрылыс компанияларына төленген сомалар сияқты алынатын басқа да сомалар және пайда немесе зиян
арқылы әділ құны бойынша қайта бағаланатын қаржы активтері жатады.
111
ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІККЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР
4. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ ЕЛЕУЛІ АСПЕКТІЛЕРІНЕ ШОЛУ (жалғасы)
Қаржы активтері (жалғасы)
Одан кейінгі бағалау
Қаржы активтерін одан кейінгі бағалау олардың жіктелуіне былайша тәуелді болады:
Пайда немесе зиян арқылы әділ құны бойынша қайта бағаланатын қаржы активтері
«Пайда немесе залал арқылы қайта бағаланатын қаржы активтері» санатына саудаға арналған қаржы
активтері және пайда немесе залал арқылы қайта бағаланатын қаржы активтері санатында бастапқы
тануға жатқызылған қаржы активтері жатады. Қаржы активтері жақын болашақта сату мақсатында сатып
алынған жағдайда саудаға арналған деп жіктеледі. Бөлек ендірілген туынды құралдарды қоса алғанда,
туынды құралдар, олар 39 ХҚЕС (IAS) сай тиімді хеджирлеу құралдары ретінде айқындалған жағдайларды
қоспағанда, саудаға арналған деп жіктеледі. Топ үлестік құралды сатып алу құқығын пайда немесе залал
арқылы әділ құны бойынша қайта бағаланатындардың санатына жатқызды. Пайда немесе залал арқылы
әділ құны бойынша қайта бағаланатын қаржы активтері қаржылық жағдай туралы шоғырландырылған
есепте әділ құны бойынша ескеріледі, ал әділ құнының таза өзгеруі қаржыландыру шығындарының
құрамында (әділ құнның теріс таза өзгерістері) немесе жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте
қаржыландырудан болған кірістің құрамында (әділ құнның оң таза өзгерістері) мойындалады.
Топ сауда жасауға арналған, туынды құралдардан өзге болатын қаржы активтерін оларды таяу арада
сату ниетінің бар-жоғы туралы жорамалдың орынды болуына талдайды. Егер Топ солар үшін белсенді
нарықтардың болмауының салдарынан мұндай активтермен сауда жасауға шамасы келмесе және
басшылықтың оларды таяу арада сатуға қатысты ниеті өзгеріп кетсе, Топ өте сирек жағдайларда мұндай
қаржы активтерін қайта жіктеу туралы шешімді қабылдай алады. Қарыздар мен дебиторлық берешек, сату
үшін қолда бар құралдарының немесе өтеуге дейін ұсталатын қаржы құралдарының санатындағы мұндай
активтердің қайта жіктелуі активтің сипатына байланысты болады. Жасалатын талдау компанияның
әділ құны бойынша есепке алу мүмкіндігін пайдалануына орай пайда немесе залал арқылы әділ құны
бойынша қайта бағаланған деп жіктелген қаржы активтеріне әсерін тигізбейді, өйткені мұндай құралдар
бастапқыда мойындалғаннан кейін қайта жіктеле алмайды.
Ақша қаражаты және олардың баламалары
Қаржылық жағдай туралы шоғырландырылған есептегі ақша қаражаты мен олардың баламаларына
банктердегі ақша қаражаты және кассадағы қолма-қол ақша, сондай-ақ бастапқы өтеу мерзімі үш айдан
аспайтын қысқа мерзімді депозиттер жатады.
Қарыздар және дебиторлық берешек
Ұзақ мерзімді депозиттерді қоса алғанда, қарыздар мен дебиторлық берешек белсенді нарықта жүрмейтін
белгіленген немесе айқындалатын төлемдері бар туынды емес қаржы активтерін білдіреді. Бастапқы
мойындалғаннан кейін осындай түрдегі қаржы активтері құнсызданудан болатын шығындар шегеріле
отырып, тиімді пайыздық мөлшерлеме пайдаланыла отырып айқындалатын амортизациялық құн
бойынша бағаланады. Амортизациялық құн сатып алу кезіндегі дисконттарды немесе сыйлықақыларды,
сондай-ақ тиімді пайыздық мөлшерлеменің ажыратылмас бөлігі болып табылатын комиссиялық
немесе шығындарды ескере отырып есептеледі. Тиімді пайыздық мөлшерлемені пайдалану негізіндегі
амортизация жиынтық кіріс туралы есепте қаржыландырудан түскен кірістердің құрамына жатқызылады.
Құнсызданумен негізделген шығыстар қарыздар болған жағдайда қаржыландыру бойынша шығындар
құрамында және дебиторлық берешек болған жағдайда басқа да операциялық шығыстардың құрамында
жиынтық кіріс туралы есепте танылады.
Сату үшін қолда бар қаржылық инвестициялар
Сату үшін қолда бар қаржы инвестицияларына борыштық бағалы қағаздар жатады. Осы санаттағы
борыштық бағалы қағаздар – Топ белгісіз уақыт кезеңі ішінде ұстап отырғысы келетін және өтімділікті
қамтамасыз ету мақсатында немесе нарықтық талаптардың өзгеруіне жауап ретінде сатылу мүмкін
бағалы қағаздар.
112
ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІККЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР
4. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ ЕЛЕУЛІ АСПЕКТІЛЕРІНЕ ШОЛУ (жалғасы)
Достарыңызбен бөлісу: |