Директорлар кеңесі төрағасының үндеуі


Компанияның жиынтық шығыстары



Pdf көрінісі
бет2/13
Дата03.03.2017
өлшемі13,64 Mb.
#5503
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Компанияның жиынтық шығыстары 2014 жылы 4 734 млн.теңгені құрайды, бұл 2013 жылғы деңгейден 
16,7%  жоғары.  2013  жылмен  салыстырғанда  жиынтық  шығыстардың  артуы  жылжымайтын  мүлікті 
сатумен байланысты өзіндік құнның өсуімен, сондай-ақ «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын іске 
асыруға арналған кредиттік желі бойынша борыштық міндеттемелердің ұлғаюының және  Дағдарысқа 
қарсы бағдарламаны іске асыруға арналған қарыз транштары бойынша пайыздық мөлшерлеменің 0,2%-
дан 2%-ға артуының нәтижесінде қаржылық шығыстардың өсуімен байланысты.
Жиынтық (жалпы) шығыстардың құрылымы, млн.теңге
Атауы
2012
2013
2014
нақтысы
нақтысы
нақтысы
2013 жылғы 
нақтыға 
қатысты % 
Өзіндік құн
329,6
527,6
1 264
239,6%
Жалпы және әкімшілік шығыстар (ОАР)
1 564,2
2 333,6
1 868
80%
Қаржыландыруға арналған шығыстар 
573,9
1 121
1 602
143%
Құнсыздануға  резервтер  құруға  арналған 
шығыстар
407,8
77,0
-
-
Жиыны
2 875,5
4 059,2
4 734
116,7%
Үй-жайларды өткізудің өзіндік құны  2014 жылы 1 264,1 млн.теңге болды. 2013 жылмен салыстырғанда 
өзіндік құнның артуы жылжымайтын мүліктің сатылуының ұлғаюымен, сондай-ақ «Ақкент» ТК-де жобасы 
бойынша өзіндік құнына  дисконт амортизациясының енуімен түсіндіріледі.
18%
37%
11%
15%
39%
47%
16%
0,4%
15%
0,01%
0,00%
0%

15
Үй-жайларды өткізудің өзіндік құны, млн.теңге
Атауы 
2012
2013
2014
Дайын объектілерді өткізудің өзіндік құны
104,2
5,8
372,6
Объектілерге қызмет көрсету 
-
19,7
18,4
Инвестициялық жылжымайтын мүліктің тозуы
21,1
15,2
11,5
Пайыздық шығыстар
177,7
226,5
226,5
Операциялық салықтар
24,5
146,2
135,4
Құнсыздану 
-
111,1
-
Өзгесі 
2,1
3,1
499,8
Жиыны
329,6
527,6
1 264,1
Активтер
Жылжымайтын  мүлік  қорының  активтері  2014  жылғы  31  желтоқсандағы  жағдай  бойынша  134,3  млрд. 
теңгені құрады. Бір жыл ішінде активтер 11% артты. Активтердің ұлғаюы «Қолжетімді баспана – 2020» 
бағдарламасын іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар есебінен болды. 
Есепті күнгі жағдай бойынша ұзақмерзімді активтер 52,4 млрд. теңгені құрады (құрылыс компанияларына 
берілген алғытөлемдердің азаюы есебінен бір жыл ішінде 14% төмендеді), соның ішінде негізгі құралдар 
мен материалдық емес активтер – 4,7 млрд.теңге, құрылыс компанияларына берілген алғытөлемдер – 
19,8 млрд. теңге,   инвестициялық жылжымайтын мүлік – 1,0 млрд. теңге, ұзақмерзімді қаржылық активтер 
– 15,5 млрд.теңге, кредиттік мекемелердегі қаражаттар мен өзге ұзақмерзімді активтер – 11,4 млрд.теңге. 
Қысқа мерзімді активтер 81,9 млрд. теңгені құрады (құрылыс компанияларына берілген алғытөлемдер мен 
қарыздардың және өткізілетін жылжымайтын мүліктің өсуі  есебінен бір жыл ішінде 36,6% артты), соның 
ішінде ақшалай қаражат және оның баламасы – 12 млрд. теңге, кредиттік мекемелердегі қаражаттар мен 
ағымдағы өзге қаржылық активтер – 45,8 млрд. теңге, құрылыс компанияларына берілген алғытөлемдер 
– 8,9 млрд.теңге, берілген қарыздар – 12,1 млн.теңге, өткізілетін жылжымайтын мүлік – 1,0 млрд.теңге, 
репо операциялары бойынша дебиторлық берешек – 1,0 млрд.теңге, ағымдағы өзге активтер – 1,0 млрд.
теңге. 
Активтер динамикасы, млн. теңге
Капитал
Компанияның жеке капиталы 2014 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша  31,92 млрд.теңге болды. 
Жеке капиталдың ұлғаюы (4,8%) бөлінбеген пайда мөлшерінің артуымен байланысты болды.
Жылжымайтын  мүлік  қорының  жарғылық  капиталын  19,99  млрд.теңге  мөлшерінде  Жалғыз  акционер 
қалыптастырған.
Қосымша төленген капитал Жалғыз акционер берген қарыз есебінен құралды. Қарыз әділ құны бойынша 
ескеріледі, ол мемлекеттік облигациялардың қарыз алынған күнгі табыстылық мөлшерлемесі бойынша 
дисконтталған  қарыз  бойынша  қаражаттың  келешек  ағынының  келтірілген  құны  ретінде  есептелді. 
Алынған қарыз сомасы мен қарыз алынған күнгі әділ құны арасындағы айырма қосымша төленген капитал 
ретінде көрсетіледі. 
Бөлінбеген пайда 31.12.2014 жағдай бойынша 8,56 млрд.теңге болды. 
95 684,96
120 822,75
134 293,76
2012ж.
2013ж.
2014ж.

16
Жеке меншік капитал динамикасы, млн. теңге
Міндеттемелер 
2014  жылғы  31  желтоқсандағы  жағдай  бойынша  Жылжымайтын  мүлік  қорының  міндеттемелері  102,4 
млрд. теңгені құрады. Міндеттемелердің көбеюі (13,3%) «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасын іске 
асыру шеңберінде қарыз алу нәтижесінде болды. Ұзақмерзімді міндеттемелер 1,6 млрд.теңгені құрады, 
соның ішінде бас компаниядан алынған қарыз – 0,6 млрд. теңге (әділ құны бойынша). 
Ағымдағы міндеттемелер 100,8 млрд. теңгені құрады, соның ішінде бас компаниядан алынған қарыз – 
99,7 млрд.теңге (әділ құны бойынша).
Міндеттемелер динамикасы, млн. теңге
Қор жасау
Дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде құрылыс объектілерін аяқтау үшін Компанияға қор жасауды 
Компания мен Жалғыз акционер арасында жасалған кредиттік желі ашу туралы 18.08.2009 №10/ФН13 
шартқа сәйкес Жалғыз акционер жүзеге асырады. Аталған шарттың ережелеріне сәйкес 155 млрд.теңге 
көлеміндегі кредиттік желі Қорға транштармен беріледі. Кредит мерзімі 15 жылды құрайды, оның ішінде 
негізгі борышты төлеу бойынша жеңілдік кезеңі – 36 айды құрайды, осы мерзімнен кейін негізгі борыш 
жылдық  тең  төлемдермен  төленеді.  Әрбір  алынған  транш  бойынша  пайыздық  мөлшерлеме  алғашқы 
жиырма төрт ай ішінде жылдық 0,02% құрайды, одан кейінгі жылдары – жылдық 2%. 
2014  жылғы  31  желтоқсандағы  жағдай  бойынша  Жылжымайтын  мүлік  қоры  аталған  кредиттік  желі 
шеңберінде 98,4 млрд. теңге алды. Есепті күнгі жағдай бойынша қалған негізгі борыш – 44,8 млрд.теңге.
2011-2014 жылдарға арналған Тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру үшін 2012 жылы Жалғыз 
акционер 2021 жылға дейін өтеу мерзімімен 17,1 млрд.теңге көлемінде кредиттік желі ұсынды. Пайыздық 
мөлшерлеме – жылдық 2%. Негізгі борышты төлеу бойынша жеңілдік кезеңі - 2,5 жыл. 2014 жылғы 31 
желтоқсандағы жағдай бойынша Жылжымайтын мүлік қоры 5 млрд.теңге алды, негізгі борыш қалдығы – 
4,7 млрд.теңге.
2012 жылы Жалғыз акционер сондай-ақ «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы шеңберінде тұрғын 
үй құрылысы жобаларын қаржыландыруға 99,053 млрд.теңге кредиттік желі ұсынды. Кредиттік желіні өтеу 
мерзімі – 2022 жылға дейін. Пайыздық мөлшерлеме жылдық 2% мөлшерінде белгіленді. Негізгі борышты 
төлеу бойынша жеңілдік кезеңі – 2,5 жыл. 2014 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Жылжымайтын 
мүлік қоры  аталған кредиттік желі бойынша 46,9 млрд.теңге алды. 
2014 жылы Жалғыз акционер «Жасыл орам» жобасын іске асыруға 3,3 млрд.теңге мөлшерінде уақытша 
қаржылық көмек берді (29.12.2014 №463-и шарт). 
29 425,31
30 454,39
31 920,58
2012ж.
2013ж.
2014ж.
66 259,64
90 368,36
102 373,18
2012ж.
2013ж.
2014ж.

17
Қаржылық орнықтылық көрсеткіштері
«Борыш/EBITDA»  көрсеткіші  2014  жылы  –  25,5,      2013  жылы  –  26,9  болды.  Көрсеткіштің  жақсаруы 
компанияның жиынтық табысының өсуі есебінен EBITDA көрсеткішінің 19% артуы нәтижесінде орын алды. 
«Пайыздарды өтеу» көрсеткіші 2014 жылы – 2,3, 2013 жылы – 2,8 болды. Көрсеткіштің төмендеуі сыйақы 
төлеуге арналған шығыстардың өсуімен түсіндіріледі. 
2013 жылдың қорытындылары бойынша акцияларға шаққандағы 
дивидендтер
2013  жылдың  қорытындылары  бойынша  дивидендтер  мөлшері  бір  қарапайым  акция  үшін  14,36  теңге 
болды. Дивидендтердің жалпы сомасы 233,38 млн. теңге, немесе Жылжымайтын мүлік қоры Тобының 
шоғырландырылған таза табысының 15%-ы. Жалғыз акционерге дивиденд төлеу 20.08.2014 жүргізілді. 
Таза табыстың 70%-ы, яғни 1 089,1 млн.теңге бас компанияның дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске асыру 
үшін ұсынған кредиттік желісі бойынша негізгі борышты және цессия шарты бойынша негізгі борышты 
мерзімінен бұрын ішінара өтеуге жұмсалды.
Таза табыстың 15%-ы (233,38 млн.теңге) инвестициялық жобаларды іске асыру үшін Жылжымайтын мүлік 
қорының иелігінде қалды.
Акцияларға шаққандағы дивидендтер 
Бір қарапайым 
акцияға 
шаққандағы 
дивиденд, теңге
Дивидендтердің 
жалпы сомасы, 
млн.теңге
Таза табыстағы 
дивидендтер 
үлесі, %
2013 жыл қорытындылары бойынша
14,36
233,38
15%
2012 жыл қорытындылары бойынша
31,20
506,89
15%
2011 жыл қорытындылары бойынша
60,544
981,98
30%
2010 жыл қорытындылары бойынша 
3,8316
57,47
15%
2009 жыл қорытындылары бойынша
0,1425
2,14
15%
Субсидиялар, кепілдіктер және мемлекеттің өзге де қаржылай көмегі 
туралы ақпарат
Субсидиялар,  кепілдіктер,  салықтық  жеңілдіктер  мен  салықтық  кредиттер  және  мемлекеттің  өзге  де 
қаржылай  көмегі  болған  жоқ  (қараңыз:  2014  жылға  арналған  Шоғырландырылған  қаржылық  есептілік 
және тәуелсіз аудиторлардың есебі, 2-қосымша, 28-ескертпе).
Жалғыз акционер тарапынан қолдау 
Жалғыз акционер Дағдарысқа қарсы бағдарламаны және «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын іске 
асыру үшін жеңілдікті қарыздар берді, сондай-ақ «Жасыл орам» жобасын іске асыруға қаржылай көмек 
көрсетті (толығырақ қараңыз: 2014 жылға арналған Шоғырландырылған қаржылық есептілік және тәуелсіз 
аудиторлардың есебі, 2-қосымша, 16-ескертпе).

18

19
I. Компанияның ұзақмерзімді қосылған құнын ұлғайту
Аталған стратегиялық бағыт шеңберінде Жылжымайтын мүлік қоры 2014 жылы «Қолжетімді баспана-2020» 
бағдарламасын іске асыру бойынша қызметті жүзеге асырды, Дағдарысқа қарсы бағдарламаны аяқтап, 
жаңа  стратегиялық  бағыттар  –  «мегажобалар»  мен  «жасыл»  девелопмент  саласындағы  жобаларды 
пысықтауға кірісті.
«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын іске асыру 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2012  жылғы  Халыққа  жолдауында  айқындалған  басымдық 
бағыттарды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 
қаулысымен «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бекітілді. 
Жылжымайтын  мүлік  қоры  «Қолжетімді  баспана-2020»  бағдарламасын  іске  асыратын  негізгі 
операторлардың бірі болып белгіленді. 
«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасында Жылжымайтын мүлік қорының қатысуымен тұрғын үйлер 
салудың мынадай тетіктері айқындалды:
1)  Жеке  құрылыс  салушылардың  (инвесторлардың)  инвестициялық  өтінімдері  бойынша  құрылысты 
ұйымдастыру;
2)  Жылжымайтын мүлік қорының ЖАО жер учаскелерінде жобаларды іске асыруы;
3)  Екінші деңгейлі банктерде нысаналы депозиттер орналастыру арқылы жобаларды іске асыру. 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен Өңірлерді дамытудың 
2020  жылға  дейінгі  бағдарламасы  бекітілді,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  кейбір 
шешімдерінің, соның ішінде «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын бекіткен Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысының күші жойылды.
Бұл  ретте  тұрғын  үй  объектілерін  салу  тетіктері,  сондай-ақ  Өңірлерді  дамытудың  2020  жылға  дейінгі 
бағдарламасының Жылжымайтын мүлік қоры бағыты бойынша салынатын тұрғын үй құрылысы жобаларына 
қойылатын талаптар «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасында бұрын белгіленгендермен бірдей.
Аталған Бағдарлама шеңберінде 2014 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Жылжымайтын мүлік 
қоры 15 шарт жасады, соның ішінде елдің 9 өңірінде орналасқан 13 тұрғын үй құрылысы объектісі бойынша 
қаржыландыру  шарттары  жасалды  (Астана,  Алматы,  Ақтөбе,  Тараз,  Шымкент,  Қарағанды,  Өскемен, 
Қызылорда қалалары мен Алматы облысында (Алматы қаламаңында), үй-жайлардың жалпы ауданы 583 
мың шаршы метрден асады, соның ішінде 455,4 мың шаршы метр, яғни 7,6 мың пәтер Жылжымайтын 
мүлік қорына  тиесілі. Сондай-ақ Ақтау мен Астана қалаларында тұрғын үй объектілерін салуға жобалық-
сметалық құжаттама әзірлеуге арналған 2 шартқа қол қойылды, үй-жайлардың жалпы ауданы кемінде 103 
мың шаршы метр.
Осылайша,  Бағдарламаны  іске  асыру  шеңберінде  Жылжымайтын  мүлік  қорының  қатысуымен  елдің  10 
өңірінде  орналасқан  тұрғын  үй  құрылысы  қаржыландырылды,  үй-жайлардың  жалпы  ауданы  692  мың 
шаршы метрден асады.
31.12.2014  жағдай  бойынша  Жылжымайтын  мүлік  қоры  жалпы  сомасы  46,3  млрд.теңгеге  объектілерді 
қаржыландырды.
Жылжымайтын мүлік қоры 2013-2014 жылдары пайдалануға берілетін үй-жайлар бойынша Бағдарламаның 
нысаналы  көрсеткішінің  (150  мың  шаршы  метр)  орындалуын  қамтамасыз  етті.  2013-2014  жылдары 
Жылжымайтын мүлік қорының қатысуымен Алматы, Ақтөбе, Тараз қалалары мен Алматы қаламаңында 
орналасқан төрт тұрғын үй объектісі және Алматы қаламаңында орналасқан бір объектінің бірінші кезеңі 
пайдалануға берілді, жалпы ауданы шамамен 200 мың шаршы метр (3 757 пәтер), соның ішінде Қорға 
тиесілі аудан – 164,5 мың шаршы метр (3 152 пәтер). 

20
2014 жылы пайдалануға берілген объектілер
1. «Асыл Арман» тұрғын үй кешені (1-кезек), (Алматы қаламаңы) 
Құрылыс салушы – «ЭлитстройПроект» ЖШС
Жобаның құны, мың теңге
17 792 238
Жылжымайтын мүлік қорының 
қатысу үлесі, % - мың теңге
80% – 14 233 790
Құрылыс салушының қатысу 
үлесі, % - мың теңге
20% – 3 558 448
Класс
III (эконом)
1 шаршы метр пәтердің 
құрылыс құны
149 987,16 теңге
Пәтерлердің бүкіл ауданы, ш.м. 116 956
Барлық пәтер, бірлік
2 328
Құрылыс салу мерзімі
2012-2014 жылдар
 

2014 жылғы 4 қыркүйекте тұрғын үй кешенін салуға арналған инвестициялау шартына қол қойылды.
 
 

30.06.2014, 14.10.2014 Объект пайдалануға берілді.
 

ЖМҚ-ға берілгені - 1900 пәтер, ауданы -  96 295 м2 
 

Сатып алу құқығымен жалдау кезінде ай сайынғы жалдау төлемінің мөлшері – 1 611,77 тг/ш.м.
 

Тікелей сату құны – 179 984,59 тг/ш.м
2. «Асыл Арман» тұрғын үй кешені, 1-кезең (2-кезек), (Алматы қаламаңы) 
Құрылыс салушы – «ЭлитстройПроект» ЖШС
Жобаның құны, мың теңге
21 481 139
Жылжымайтын мүлік қорының 
қатысу үлесі, % - мың теңге
80% – 17 184 911
Құрылыс салушының қатысу 
үлесі, % - мың теңге
20% – 4 296 227
Класс
III (эконом)
1 шаршы метр пәтердің 
құрылыс құны
149 999,99 теңге
Пәтерлердің бүкіл ауданы 
пәтер, ш.м.
143 207,61
Барлық пәтер, бірлік
2 808
Құрылыс салу мерзімі
2013-2015 жылдар
 

2013 жылғы 29 наурызда тұрғын үй кешенін салуға арналған инвестициялау шартына қол қойылды.
 

Объектінің бірінші кезеңі 26.12.2014 пайдалануға берілді.
 

ЖМҚ-ға 576 пәтер берілгелі тұр, ауданы -  29 450 м
2
 
 

Сатып алу құқығымен жалдау кезінде ай сайынғы жалдау төлемінің мөлшері – 1 611,91 тг/ш.м.
 

Тікелей сату құны – 179 999,99 тг/ш.м.

21
3. «Современный» тұрғын үй кешені, Алматы қаласы
Құрылыс салушы – «ARMADA STROY» ЖШС 
Жобаның құны, мың теңге
2 905 726 
Жылжымайтын мүлік қорының 
қатысу үлесі, % - мың теңге
80%  - 2 324 581 
Құрылыс салушының қатысу 
үлесі, % - мың теңге
20%  - 581 145 
Класс
III (эконом) 
1 шаршы метр пәтердің 
құрылыс құны
156 961,06 теңге 
Пәтерлердің бүкіл ауданы 
пәтер, ш.м.
18 575
Барлық пәтер, бірлік
243 
Құрылыс салу мерзімі
2013-2014 жылдар 
 

2013 жылғы 29 маусымда  тұрғын үй кешенін салуға арналған инвестициялау    
 
 
шартына қол қойылды.
 

Объект 19.12.2014 пайдалануға берілді. 
 

ЖМҚ-ға 194 пәтер берілгелі тұр, ауданы -  14 810 м
2
 
 

Сатып алу құқығымен жалдау кезінде ай сайынғы жалдау төлемінің мөлшері – 1 686,71 тг/ш.м.
 

Тікелей сату құны – 188 353,3 тг/ш.м.
Салынып жатқан объектілер
1. «Асыл Арман» тұрғын үй кешені (2-кезек), (Алматы қаламаңы) 
Құрылыс салушы – «ЭлитстройПроект» ЖШС
Жобаның құны, мың теңге
21 481 139
Жылжымайтын мүлік қорының 
қатысу үлесі, % - мың теңге
80% – 17 184 910
Құрылыс салушының қатысу 
үлесі, % - мың теңге
20% – 4 296 229
Класс
III (эконом)
1 шаршы метр пәтердің 
құрылыс құны 
149 999,99 теңге
Қабат саны

Пәтерлердің бүкіл ауданы 
пәтер, ш.м
143 207,61
Барлық пәтер, бірлік
2 808
Құрылыс салу мерзімі
2013-2015 жылдар 
 

2013 жылғы 29 наурызда Объектінің құрылысын инвестициялау шартына қол қойылды.
31.12.2014 жағдай бойынша жобаның ағымдағы жағдайы  
 

2014 жылдың 4-тоқсанында тұрғын үй кешенінің бірінші кезеңі пайдалануға берілді, жалпы тұрғын 
ауданы -  29,45 мың шаршы метр.
 

Үй-жайларды таза әрлеу және маңайдағы аумақты абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. 

22
2. Астана қаласындағы «Шығыс» көп пәтерлі тұрғын үй кешені (1А,1Б,1В тұрғын үйлер топтары) 
Құрылыс салушы – «KAONTECH International» ЖШС
Жобаның құны, мың теңге 
15 065 338 
Жылжымайтын мүлік қорының 
қатысу үлесі, % - мың теңге 
59% – 8 888 549 
Құрылыс салушының қатысу 
үлесі, % - мың теңге 
41% – 6 176 789 
Класс 
III (эконом) 
1 шаршы метр тұрғын/
коммерциялық жайлардың 
құрылыс құны
150 000 теңге 
1 шаршы метр көлік орнының  
құрылыс құны
1 460 367 теңге 
Пәтерлердің бүкіл ауданы, ш.м.  85 133,91 
Барлық пәтер, бірлік
1 256 
Коммерциялық жайлардың 
ауданы, ш.м.
13 841,31 
Көлік орындарының саны, 
бірлік
150
Құрылыс салу мерзімі 
2013-2015 жылдар
 

2013 жылғы 14 маусымда Объектінің құрылысын инвестициялау шартына қол қойылды.
31.12.2014 жағдай бойынша жобаның ағымдағы жағдайы  
 

1А және 1В тұрғын үйлер топтары ғимараттарының т/б қаңқасын орнату бойынша жұмыстар аяқталды, 
қабырғалар  мен  арқалықтар  қалау  аяқталып  бітті,  1А  тұрғын  үйлер  тобында  терезе  блоктары 
орнатылды, 1Б тұрғын үйлер тобы бойынша таза әрлеу жұмыстары орындалуда, қасбеттік жұмыстар 
және аумақты абаттандыру жұмыстары аяқталды. 
3. Астана қаласындағы №36 және №26 мен №27 
көшелер аралығында орналасқан көп пәтерлі тұрғын үй 
Құрылыс салушы – «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ 
Жобаның құны, мың теңге
1 769 605
Жылжымайтын мүлік қорының 
қатысу үлесі, % - мың теңге
100% – 1 769 605
Класс
III (эконом)
1 шаршы метр пәтердің 
құрылыс құны
126 510 теңге
Қабат саны
9 эт.
Пәтерлердің бүкіл ауданы 
пәтер, ш.м
13 987,9
Барлық пәтер, бірлік
171
Құрылыс салу мерзімі
2013-2015 жылдар
 

2013 жылғы 29 қазанда тұрғын үй тұрғызу бойынша бас мердігерлік шартқа қол қойылды.
31.12.2014 жағдай бойынша жобаның ағымдағы жағдайы 
 

Тұтас  қаңқаны  орнату,  ішкі  инженерлік  жүйелерді  құрастыру  жұмыстары  аяқталды,  үй-жайларды 
қаралап әрлеу жұмыстары аяқталды, пәтерлерді таза әрлеу және аумақты абаттандыру  жұмыстары 
басталды.

23
4. Шымкент қаласындағы тұрғын үй кешені 
Құрылыс салушы –  «Горизонт Строй» ЖШС
Жобаның құны, мың теңге
479 620
Жылжымайтын мүлік қорының 
қатысу үлесі, % - мың теңге
68% – 326 326
Құрылыс салушының қатысу 
үлесі, % - мың теңге
32% – 153 294
Класс
III (эконом)
1 шаршы метр пәтердің 
құрылыс құны 
131 537,4 теңге
Қабат саны

Пәтерлердің бүкіл ауданы 
пәтер, ш.м
3 087,56
Барлық пәтер, бірлік
42
Коммерциялық жайлардың 
ауданы, ш.м.
463
Құрылыс салу мерзімі
2014-2015 жылдар
 

2014 жылғы 16 қазанда Объектінің құрылысын инвестициялау шартына қол қойылды.
31.12.2014 жағдай бойынша жобаның ағымдағы жағдайы 
 

Жұмылдыру жұмыстары жүріп жатыр, ғимараттың іргетасын орнату жұмыстары басталды. 
5. Шымкент қаласындағы «Әдия» тұрғын үй кешені  
Құрылыс салушы – «Әдия Групп Тұран» ЖШС
Жобаның құны, мың теңге
4 223 251
Жылжымайтын мүлік қорының 
қатысу үлесі, % - мың теңге
75% – 3 165 809
Құрылыс салушының қатысу 
үлесі, % - мың теңге
25% – 1 057 442
Класс
III (эконом)
1 шаршы метр пәтердің 
құрылыс құны 
131 537,4 теңге
Қабат саны
5
Пәтерлердің бүкіл ауданы 
пәтер, ш.м
32 106,85
Барлық пәтер, бірлік
495
Құрылыс салу мерзімі
2014-2016 жылдар
 

2014 жылғы 16 қазанда Объектінің құрылысын инвестициялау шартына қол қойылды.
31.12.2014 жағдай бойынша жобаның ағымдағы жағдайы 
 

Жұмылдыру жұмыстары жүріп жатыр, ғимараттың іргетасын орнату жұмыстары басталды. 

24
6. Қарағанды қаласындағы «Жанұя» тұрғын үй кешені 
Құрылыс салушы – «ККК Инжиниринг» ЖШС
Жобаның құны, мың теңге
2 126 691
Жылжымайтын мүлік қорының 
қатысу үлесі, % - мың теңге
80% – 1 700 422
Құрылыс салушының қатысу 
үлесі, % - мың теңге
20% – 426 269
Класс
III (эконом)
1 шаршы метр пәтердің 
құрылыс құны 
131 537,4 теңге
Қабат саны
9
Пәтерлердің бүкіл ауданы 
пәтер, ш.м
16 167,96
Барлық пәтер, бірлік
216
Құрылыс салу мерзімі
2014-2015 жылдар
 

2014 жылғы 29 қазанда Объектінің құрылысын инвестициялау шартына қол қойылды.
31.12.2014 жағдай бойынша жобаның ағымдағы жағдайы 
 

Жұмылдыру жұмыстары жүріп жатыр, ғимараттың іргетасын орнату жұмыстары басталды. 
7. «АлмаТау» тұрғын үй кешені (Алматы қаламаңы)
Құрылыс салушы – «Новая Генерация» ЖШС
Жобаның құны, мың теңге
7 891 907
Жылжымайтын мүлік қорының 
қатысу үлесі, % - мың теңге
80% – 6 313 525
Құрылыс салушының қатысу 
үлесі, % - мың теңге
20% – 1 578 382
Класс
III (эконом)
1 шаршы метр пәтердің 
құрылыс құны 
164 421,75 теңге
Қабат саны
2
Үйлердің жалпы ауданы, ш.м
47 997,95
Үйлер саны, бірлік
466
Құрылыс салу мерзімі
2014-2016 жылдар
 

2014 жылғы 30 желтоқсанда Объектінің құрылысын инвестициялау шартына қол қойылды.
31.12.2014 жағдай бойынша жобаның ағымдағы жағдайы 
 

Жұмылдыру  жұмыстары  жүріп  жатыр,  ғимараттың  іргетасын  орнату  бойынша  жер  жұмыстары 
басталды. 

25
8. Қызылорда қаласындағы Шұғыла шағын ауданындағы тұрғын үй кешені 
Құрылыс салушы – «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ 
Жобаның құны, мың теңге
1 940 287
Жылжымайтын мүлік қорының 
қатысу үлесі, % - мың теңге
100% – 1 940 287
Класс
III (эконом)
1 шаршы метр пәтердің 
құрылыс құны 
130 769 теңге
Қабат саны
5
Пәтерлердің бүкіл ауданы 
пәтер, ш.м
14 837,5
Барлық пәтер, бірлік
210
Құрылыс салу мерзімі
2014-2015 жылдар
 

2014 жылғы 11 қарашада Тұрғын үйді тұрғызу  
 
 
 
 
 
бойынша бас мердігер шартына қол қойылды.
31.12.2014 жағдай бойынша жобаның ағымдағы жағдайы 
 

Жұмылдыру жұмыстары жүріп жатыр, ғимараттың 
 
 
 
 
 
 
іргетасын орнату жұмыстары басталды
9. Өскемен қаласы І.Есенберлин даңғылындағы тұрғын үй кешені 
Құрылыс салушы – «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ 
Жобаның құны, мың теңге
5 323 804
Жылжымайтын мүлік қорының 
қатысу үлесі, % - мың теңге
100% – 5 323 804
Класс
III (эконом)
1 шаршы метр пәтердің 
құрылыс құны 
131 280 теңге
Қабат саны
9
Пәтерлердің бүкіл ауданы 
пәтер, ш.м
39 337,67
Барлық пәтер, бірлік
658
Коммерциялық жайлардың 
ауданы, ш.м.
1 215,22
Құрылыс салу мерзімі
2014-2016  жылдар
 

2014 жылғы 20 қарашада Тұрғын үйді тұрғызу бойынша бас мердігер шартына қол қойылды.
31.12.2014 жағдай бойынша жобаның ағымдағы жағдайы 
 

Жұмылдыру жұмыстары жүріп жатыр, ғимараттың іргетасын орнату жұмыстары басталды. 

26
Жеке көзқарас
Ернұр Асылханов 
29 жасар Ернұр Асылханов осыдан бір жылға жетер-жетпес 
уақыт бұрын отбасын құрған болатын. 
Жылжымайтын  мүлік  қоры  «Қолжетімді  баспана  –  2020» 
бағдарламасын  жүргізетінін,  оның  көмегімен  пәтер  алуға 
болатынын  білген  ол  «Самұрық-Қазына»  жылжымайтын 
мүлік қорының www.fnsk.kz сайтына кіріп, осы мемлекеттік 
бағдарлама  бойынша  өз  отбасына  пәтер  алу  мүмкіндігі 
бар-жоғын анықтау үшін, бағдарламамен танысады. Сайтта 
арнаулы калькулятор бар, сол арқылы нақты үміткер қандай 
пәтер ала алатынын есептей алады. 
– Зайыбымыз екеуіміз есептей келе, «Асыл Арман» тұрғын 
үй кешенінен бір бөлмелі пәтер ала алатынымызды түсіндік. 
5-10  минут  ішінде  сайтқа  тіркелдік.  Бұл  түрлі  жеңілдіктер 
ұсынатын  басқа  сайттардағыдай  жылдам  әрі  оңай  боп 
шықты.  Электрондық-сандық  қолтаңбамның  бар  екені 
маған  септігін  тигізді.  Оны  мен  бұрын  алып  қойғанмын, 
осының арқасында түрлі анықтамалар, зейнетақы қорынан 
үзінділер алу үшін қолданып жүргенмін, тіпті некені тіркеуге 
өтініш берерде де e-gov.kz сайтына жүгінгенім бар, – деп өз 
тәжірибесімен бөлісті Ернұр.
2014  жылдың  29  қыркүйегінде  сағат  таңертеңгі  10-да  алматылықтар  үшін  сайтта  өтінімдер  қабылдау 
басталған бойда Ернұр интернет арқылы сатып алу құқығымен жалдау арқылы пәтер алушылар кезегіне 
бірнеше минутта-ақ тұрып үлгерді. 
– Біз қосымша кезекке емес, негізгі кезекке іліктік.  Осыдан кейін бізге «Самұрық-Қазына» жылжымайтын 
мүлік  қорынан  тапсырылатын    құжаттар  тізбесі  көрсетілген  хабарлама  келді.  Құжаттардың  бір  бөлігін 
біз банкке тапсырдық, банк ең көп жалдау төлемінің сомасын (КЖТС) есептеп берді. Банкирлер пәтерде 
тұратындардың табыстарын ескеріп, ең аз күнкөріс сомасын шегереді. Егер табысыңыз орташа жалдау 
төлеміне жететін болса, қажетті құжаттарды тапсыра аласыз, - деп түсіндірді Асылхановтардың отағасы.
Осылайша, олар баспаналы болды, онымен 15 жылға сатып алу құқығымен жалдау шарты жасалды. 
- Шындығына келсек, пәтер алатынымызға күмәніміз соңына дейін жойылған жоқ, тек шарт жасалғаннан 
кейін  ғана  күдігіміз  сейілді.  Жаңа  пәтердің  кілтін  ала    сала,  көшуге  кірістік,    сөйтіп  жаңа  жылды  жаңа 
пәтерде қарсы алдық.
Тағы бір қуанарлық жайт, жаңа пәтерге кірерде қосымша жөндеу жұмыстарына қаражат жұмсаған жоқпыз, 
себебі пәтерлер  сапалы әрленген екен. 
Күннен күнге тұрғын үй кешеніне  көшіп келіп жатқан отбасылар көбейіп келеді, солардың ішінде мен 
сияқты өз баспанасы болмай тауқымет шеккен менің таныстарым мен достарым да көп болып шықты. 
Осындай мүмкіндіктің бар екеніне көзі жеткен көптеген туыстарым, әріптестерім, достарым, таныстарым 
сайтта өтінімдер қабылдаудың екінші кезеңінің басталуын асыға күтуде, - дейді Ернұр.

27
Жеке көзқарас
Әсем Рахманова 
2012 жылы Әсем Рахманова «Қолжетімді баспана – 2020» 
бағдарламасы туралы  алғаш білгенде-ақ баспанаға кезекке 
тұрғысы келген. Бірақ бұл ойы іске аспай жүрген. 
–  Мен  интернеттен  «Самұрық-Қазына»  жылжымайтын 
мүлік  қорының  сайтында  Алматы  тұрғындарынан 
пәтерге  өтінімдер  қабылдау  басталғаны  туралы  оқыдым. 
Электрондық  қолтаңбам  бар  болатын,  сондықтан  сайтқа 
жылдам  тіркелдім.  Кейін  әріптестеріме  де  электронды 
кезекке тұруға көмектесе келе, бойым үйренді, бүкіл рәсімді 
берер  минутта-ақ  жасап  тастайтын  болдым, -  деп  бөлісті 
Әсем.
Ол  «Асыл  Арман»  тұрғын  үй  кешенінен  3  бөлмелі  пәтерді 
сатып алу құқығымен жалға алатындар кезегіне тұрды. Оның 
айтуынша,  төлемқабілетін  көрсетіп,  баспанасы  жоқ  екенін 
дәлелдеу – бағдарламаның жақсы тұстарына жатады. 
–  «Қолжетімді  баспана»  бағдарламасының  шарттары  өте 
қолайлы: 15 жыл ішінде ай сайын 107 мың теңге төлеп тұру 
керек. Меніңше, өзгенің пәтерін жалдағанша, өз баспанаң 
үшін  төлеген  әлдеқайда  жақсы.  Сондықтан,  29  қыркүйек 
күні мен сайтқа кезекке тұрдым, - дейді. 
Міне, осының нәтижесінде өз пәтерінде тұрып жатыр, жалгер ретінде барлық міндеттемелері орындалып 
біткен соң, баспана толығымен олардың меншігіне ауысады. 
- Шынымды айтсам, осыған дейін тамыр-таныссыз пәтер алуға болады деп ойламадым. Дегенмен, үкілеген 
үмітім мені жетелеген сияқты, әйтеуір бір мүмкіндіктің боларына сендім, күттім. Ойлағанымдай болды! 
Шарт  жасалған  бойда,  зарыға  күткен  пәтеріміздің  кілтін  алып,  бірден  көшіп  алдық,  қазір  үш  бөлмелі 
пәтеріміз  бар.    Әрқайсымызға  бір-бір  бөлмеден  тиді.  Жұбайымыз  екеуіміз  осыған  дейін  жиһаз  туралы 
ойламаған екенбіз, енді көңіліміз жайланып, қуанышты әбігерге түсіп жүрміз. Қонақ күтеміз, өз үйіңде 
қонақ күткен қандай жақсы! – деп түйіндеді Әсем.
Осы 15 жыл жылдам әрі күйінішсіз өте шықса деп армандайды Әсемнің отбасы. Сонымен қатар, баспанасы 
жоқ адамдардың барлығына пәтер алу деген ниеттері орындалсын деп тілейді. 

28
Жеке көзқарас
Алексей Хван 
Тұрғын үйі жоқ адамдар үшін пәтер алу – арман. Өз баспанаң 
болғанға  не  жетсін!  Алексей  Хван  интернет  арқылы 
пәтер  алуға  өтінім  беруге  болатыны  туралы  жаңалықты 
оқыған  сәтте  тілегені  алдынан  шыққандай  болды.  Мұндай 
мүмкіндікті кім және қалай беретінін анықтағысы келген ол 
бұл  мәселені  қазбалай  бастады.  Нәтижесінде  «Қолжетімді 
баспана  –  2020»  бағдарламасының  Жылжымайтын  мүлік 
қоры желісі туралы білді. Бұл бағдарламаға төлемге қабілетті 
барлық азаматтар қатыса алатыны оны қатты қуантты, себебі 
аталған  бағдарламаның  басқа  операторлары  ұсынған 
санаттарға жатпайтын еді. Енді өз отбасын баспаналы  етемін 
деген сенімі арта түсті.
-  Сене  алар  емеспін,  шынымен  бұл  рас  болғаны  ма?  Үш 
бөлмелі  пәтердің  кілтіне  қолымыз  жетті-ау!  Ешкімнің 
көмегінсіз,  өзіміз  алдық!  Армандауға  ешқашан  кеш  емес  – 
армандау әрі пайдалы екен. Тіркелу кезінде де, өтінім беру
кезінде де еш кедергілер болған жоқ. Барлығы рет-ретімен ойластырылған. Осындай тәсілді ойлап тапқан 
адамға алғысым шексіз, - дейді Алексей толқуын жасыра алмай.
-  Пәтерлердің  таза  әрленгені,  есептеуіштердің  орнатылғаны,  ас  үй  плитасымен  және  сантехникамен 
толығымен жасақталғаны да қуантарлық жайт. Бір сөзбен айтқанда, кіресің де тұра бересің. Осыдан кейін 
жиһаз, ас жабдықтарын алу сияқты жанға жайлы істер басталды дейсің. 
Балабақша – қасымызда, ауламызда – ойын алаңы.  Тәулік бойы бейнебақылау жүргізіледі, үй күзетіледі, 
– деп  қосты зайыбы. 
Осы бақытты көптен күткендерін, енді қуаныштарында шек жоқ екендерін ерлі-зайыптылар жарыса айтып 
жатты. Пәтер алу – қуанышқа бөлейтін, сонымен бірге үлкен жауапкершілік жүктейтін аса маңызды қадам. 
Жылжымайтын мүлік – өз келешегіңе қосатын үлесің, сондықтан оны байыппен таңдау керек. Ал Хвандар 
отбасы өз таңдауына сенімді.

29
Жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатқан жобалар
Қазіргі уақытта Жылжымайтын мүлік қоры 2 тұрғын үй құрылысы объектісін жобалауда, Астана және Ақтау 
қалаларының жергілікті атқарушы органдары ұсынған жер учаскелерінде орналасқан осы үй-жайлардың 
жалпы ауданы –кемінде 103 мың шаршы метр. Олардың құрылысы 2015 жылы басталмақ.
1. Ақтау қаласындағы 32А шағын ауданындағы тұрғын үй кешені 
Құрылыс салушы – «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ 
Жобаның құны, мың теңге
~ 8 251 341
Жылжымайтын мүлік қорының 
қатысу үлесі, % - мың теңге
100% – 8 251 341
Класс
III (эконом)
1 шаршы метр пәтердің 
құрылыс құны 
кемінде 164 421,75 
теңге
Қабат саны
9-12
Пәтерлердің бүкіл ауданы 
пәтер, ш.м
49 650
Барлық пәтер, бірлік
748
Коммерциялық жайлардың 
ауданы, ш.м.
1 926
Құрылыс салу мерзімі
2015-2016 жылдар
 

2014 жылғы 14 наурызда Объект бойынша    
 
 
 
 
 
жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге    
 
 
 
 
 
арналған шартқа қол қойылды.
31.12.2014 жағдай бойынша жобаның ағымдағы жағдайы 
 

Бас жобалаушы объектіні жоспарлау жұмыстарын  
 
 
 
 
 
аяқтады, жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік    
 
 
 
 
 
сараптама органдарына қарау үшін  тапсырылды.
2. Астана қаласында Ж.Нәжімеденов көшесіндегі тұрғын үй кешені 
Құрылыс салушы – «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ 
Жобаның құны, мың теңге
8 882 586 аспайды
Жылжымайтын мүлік қорының 
қатысу үлесі, % - мың теңге
100% – 8 882 586
Класс
III (эконом)
1 шаршы метр пәтердің 
құрылыс құны 
кемінде 164 421,75 
теңге
Қабат саны

Пәтерлердің бүкіл ауданы 
пәтер, ш.м
46 202
Паркингтер саны, бірлік
450 аспайды
Коммерциялық жайлардың 
ауданы, ш.м.
3 442,2
Құрылыс салу мерзімі
2015-2016 жылдар
 

2014 жылғы 28 қарашада Объект бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге арналған 
шартқа қол қойылды.
31.12.2014 жағдай бойынша жобаның ағымдағы жағдайы 
 

Бас жобалаушы объектіні жоспарлау жұмыстарын жүргізуде.

30
Бұған қоса Жылжымайтын мүлік қоры 2014 жылы қарау үшін келіп түскен тұрғын үй құрылысы жобалары 
тізбесінен  Алматы,  Атырау,  Орал  және  Қызылорда  қалаларында  жоспарланған  5  жобаны  келешегі 
бар  жобалар  ретінде  пысықтауда,  үй-жайлардың  жалпы  ауданы  –  шамамен  250  мың  шаршы  метр. 
Қазіргі уақытта Жылжымайтын мүлік қорының қатысу мәселесін шешу үшін аталған жобалар бойынша 
құжаттамалар қаралып жатыр.
Тұрғын  үй  құрылысы  жобаларын  қарау  және  іріктеу  процесі  Жылжымайтын  мүлік  қорының  ішкі 
құжаттарымен регламенттелген, олар www.fnsk.kz корпоративті веб-сайтында орналасқан.
Дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске асыруды аяқтау
Жылжымайтын  мүлік  нарығындағы  Дағдарысқа  қарсы  бағдарламаны  іске  асыру  шеңберінде 
Жылжымайтын мүлік қоры 2009-2013 жылдары жалпы сомасы 83,5 млрд.теңгеге 21 объектінің құрылысын 
аяқтау бойынша міндеттемелер қабылдады. Жасалған шарттар шеңберінде 3 мыңнан астам үлескердің 
проблемалары шешілді, сатып алынған жылжымайтын мүлік пулы 565,2 мың ш. құрады, соның ішінде 
тұрғын аудандар – 394,5 мың шаршы метр (4 641 пәтер), 170,6 мың ш.м – коммерциялық (тұрғын емес) 
аудан, 1 135 көлік орны.
31.12.2014 жағдай бойынша Жылжымайтын мүлік қоры аталған 21 объектінің құрылысына 82,99 млрд. 
теңге инвестиция құйды. Қазіргі күні 19 объект пайдалануға берілді, соның ішінде 2014 жылы 2 объект 
пайдалануға берілді.
«Бес  Тұлға»  ТК  бойынша  Жылжымайтын  мүлік  қоры  қаржыландыру  міндеттемелерін  орындады,  2014 
жылғы қыркүйекте объектіге қатысу үлесі толық өткізілді.
2014  жылғы  12  желтоқсанда  Жылжымайтын  мүлік  қоры  мен  «Айт  Хаузинг  Комплекс»  ЖШС  арасында 
«Ақкент»  ТК  құрылысын  инвестициялау  туралы  2012  жылғы  6  сәуірдегі  №53  шарт  бойынша 
міндеттемелердің  орнына  Кері  қайту  туралы  келісімге,  соның  ішінде  оның  барлық  қосымшалары  мен 
қосымша келісімдеріне қол қойылды.
Осылайша, 2014 жылы Жылжымайтын мүлік қоры Дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске асыруды аяқтады. 
Жылжымайтын  мүлік  қорының  бұдан  кейінгі  қызметі  Дағдарысқа  қарсы  бағдарламаны  іске  асыру 
шеңберінде құрылған (сатып алынған) жылжымайтын мүлікті тиімді басқаруға бағытталатын болады.
Дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде 2014 жылы пайдалануға 
берілген объектілер
1.  «Хан Тәңірі» тұрғын үй кешені 
Пайдалануға 
берілуі  
7.04.2014 
Класс
эконом (ҚР ҚНмЕ бойынша III)
Мекенжайы
Астана қаласы, Кенесары-
Сембинов көшелерінің қиылысы

31
2.  «Ақкент» ТК
16 қабатты №45; №46; 
№47; №48 тұрғын үйлердің 
пайдалануға берілуі
12.05.2014
Мекенжайы
Алматы қаласы, 
Алатау ауданы, 
Ақкент шағын ауданы
Құрылыс-монтаж жұмыстарының көлеміне, мерзімдеріне және  
сапасына мониторинг жүргізу 
Мониторинг  негізіне  құрылыс  салушыны  арнаулы  шот  арқылы  құрылыс-монтаж  жұмыстарын  жүргізу 
кестесіне  сәйкес  транштық  қаржыландыру  алынды.  Құрылыс  салушының  арнаулы  шотынан  қаражат 
жұмсау Жылжымайтын мүлік қорының келісімі бойынша жасалады. Құрылыс объектісіндегі жұмыстардың 
нақты орындалуы мен ҚМЖ сапасын Жылжымайтын мүлік қоры бақылайды.
2014 жылы орын алған ұлттық валютаның құнсыздануы сатып алынатын материалдар мен жабдықтардың 
құнын арттырып, іске қосылған жобаларды іске асыруға әсерін тигізді.
Жылжымайтын  мүлік  қоры  қаржыландырып,  2010-2014  жылдары  пайдалануға  берілген  құрылыс 
объектілері құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтерінде белгіленген талаптарға 
сай. 2014 жылы өнімдер мен қызметтерді беру мен пайдалануға қатысты заңнаманы және нормативтік 
талаптарды сақтамау үшін айыппұл салынған жоқ.
Құрылыс салушылардың сатып алуындағы қазақстандық қамтуға 
мониторинг жүргізу 
Жылжымайтын  мүлік  қоры  Қазақстан  Республикасында  қазақстандық  қамтуды  артырудың  2010-2014 
жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес қазақстандық қамтуды арттыру мақсатында:
 

«Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы шеңберінде объект салу кезінде құрылыс салушылар 
сатып алатын тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегі қазақстандық қамтуға мониторинг 
жүргізеді;
 

құрылыс материалдарына мониторинг жүргізеді;
 

құрылыс салушылар мен отандық өндірушілер арасында дөңгелек үстелдер, семинарлар мен 
кездесулер өткізеді.
2014 жыл қорытындылары бойынша құрылыс салушылардың сатып алуындағы қазақстандық қамту 
көрсеткіші 81% болды.
Жылжымайтын мүлікті өткізу
2014  жылдың  қыркүйек  айында  Жылжымайтын  мүлік  қоры  «Қолжетімді  баспана-2020»  бағдарламасы 
шеңберінде  пәтерлерді  өткізуді  бастады.  Бағдарлама  операторларының  арасында  алғашқы  болып 
Жылжымайтын мүлік қоры өтінімдерді (интернет-өтінімдерді) электрондық беру жүйесін енгізіп, ашық әрі 
айқын электрондық кезек қалыптастыру арқылы пәтер өткізуді бастады. 
«Қолжетімді  баспана-2020»  бағдарламасы  шеңберінде  пәтер  өткізу  «Қолжетімді  баспана-2020» 
бағдарламасының  «Самұрық-Қазына»  жылжымайтын  мүлік  қоры»  АҚ  бағыты  бойынша  тұрғын  және 
коммерциялық  (тұрғын  емес)  үй-жайларды,  сондай-ақ  көлік  орындарын  өткізу  тәртібіне  сәйкес  жүзеге 
асырылады. Пәтерлер жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) арқылы өткізіледі. ЖАО-да кезекте тұрғандар 
арасында өтпеген пәтерлерді Жылжымайтын мүлік қоры ішкі ережелеріне сәйкес баспанасы жоқ немесе 
тұрғын  үй  жағдайын  жақсартқысы  келетін  азаматтарға  өткізеді,  осы  ережеге  сәйкес  жасына  немесе 
әлеуметтік тобына қарамастан барлық азамат пәтер алуға үміткер бола алады. 

32
Сатып алу құқығымен 
жалдау
Жалдау
Опцион
Үлеспен сату
Сату
Жылжымайтын  мүлік  қорының  пәтерлерін  өткізу  электрондық  өтінім  беру  арқылы  жүзеге  асырылады. 
Компанияның  сайтында  «Өтінім  қабылдау  жүйесі»  бағдарламасы  жұмыс  істейді.  Бағдарлама  бойынша 
жылжымайтын мүлік алғысы келетіндер Жылжымайтын мүлік қорының сайтындағы өтінім беру жүйесінде 
міндетті  тіркеуден  өтуі  тиіс.  Тіркелу  кезінде  жеке  тұлғаны  сәйкестендіру  үшін  Қазақстан  Республикасы 
азаматының электрондық сандық қолын пайдалану қажет. 
Тіркеуден өту жөніндегі нұсқаулық және өтінім беру алгоритмі Жылжымайтын мүлік қорының сайтында 
егжей-тегжейлі баяндалған.
«Қолжетімді  баспана-2020»  бағдарламасы  бойынша  меншікке  қабылданған  жылжымайтын  мүліктің 
59,4 мың шаршы метрі өткізілді, соның ішінде сату арқылы – 2,6 мың шаршы метр, сатып алу құқығымен 
жалдау арқылы – 56,8 мың шаршы метр.
“Қолжетімді баспана - 2020“ бағдаламасы шеңберінде                                                                                
пәтерлерді өткізу, ш.м.
Дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде сатып алынған үй-жайларды өткізуді Жылжымайтын мүлік қоры 
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның тұрғын және тұрғын емес (коммерциялық) үй-жайларды 
өткізу ережесіне» сәйкес жүзеге асырады. 
Аталған Ереженің негізіне мынадай негізгі қағидаттар алынды:
 

өтінушілердің төлемге қабілеттілігіне талаптар қою арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры 
қаражатының қайтарылуын қамтамасыз ету;
 

шарт жасалған сәттен бастап 3 жыл ішінде ұзақ мерзімді сатып алуға немесе үй-жайларды қайта сатуға 
мораторий белгілеу арқылы алып-сатарлықты болдырмау; 
 

кепілді төлем құралы арқылы жалдау ақыларын төлеу және Жылжымайтын мүлік қоры үй-жайларының 
бүтіндігін сақтау кепілдігі.
2014 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша дағдарысқа қарсы бағдарлама бойынша жылжымайтын 
мүлік  пулы -  564,2  мың  ш.м.,  өткізілгені    546,2  мың  ш.м  (96,81%),  соның  ішінде  394,5  мың  ш.м  тұрғын 
ауданның өткізілгені 389,8 мың ш.м (98,81%), 169,7 мың ш.м коммерциялық ауданның өткізілгені 156,39 
мың ш.м (92,18%). Сондай-ақ 866 көлік-орын өткізілді (76,4%).
Дағдарысқа қарсы бағдарлама бойынша жылжымайтын мүлік пулын өткізу,                                    
31.12.2014 жағдай бойынша, мың шаршы метр
 2 566,4 ш.м|4%
56 848,6 ш.м|96%
Сату
Сатып алу құқығымен 
жалдау
96 320,7 ш.м|18%
4 367,5 ш.м|1%
17 635,3 ш.м|3%
204 217,5 ш.м|37%
223 661,3 ш.м|41%

33
Дағдарысқа қарсы бағдарлама бойынша көлік орындарын өткізу,                                                       
31.12.2014 жағдай бойынша, мың шаршы метр
Жылжымайтын мүлікті жалға беру және сатып алу құқығымен жалға беру арқылы өткізу Жылжымайтын 
мүлік қорының еншілес компаниясы - «ЖМҚ Менеджмент» ЖШС-ның негізгі қызметі болып табылады. 
31.12.2014  жағдай  бойынша  Дағдарысқа  қарсы  бағдарлама  шеңберінде  «ЖМҚ  Менеджмент»  ЖШС-
ға  сенімгерлік  басқаруға  тапсырылған  жылжымайтын  мүлік  пулының  97%-ы  өткізілді.  «Қолжетімді 
баспана-2020»  бағдарламасы  шеңберінде  жылжымайтын  мүлікті  өткізу  жоспардың  61%-ын  құрады.  
Еншілес компанияның таза табысы 2014 жылы 16,5 млн.теңгені құрады, бұл 2013 жылғы көрсеткіштен 1,5 
есе артық.  «ЖМҚ Менеджмент» ЖШС активтері 31.12.2014 жағдай бойынша 1,5 млрд. теңге болды (бір 
жыл ішіндегі өсім 187%).
Туризм саласындағы инвестициялық жобаларға қатысу
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2014  жылғы  19  мамырдағы  №508  қаулысымен  Қазақстан 
Республикасының  туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді, оған сәйкес 
Жылжымайтын  мүлік  қорына мынадай бағыттар бойынша  қайтарымды негізде ірі туристік  жобаларды 
дамыту саласында инвестициялық қызметті жүзеге асыру функциясын беру ұсынылды:
1.  сәйкесінше  бағдарламаларды,  атап  айтқанда,  құрылыс  және  негізгі  инфрақұрылым  саласындағы 
бағдарламаларды қолдау және іске асыру;
2.  туристік жобалардың инвесторлары мен операторларын негізгі ұлттық жобаларға қатыстыру, осындай 
жобаларды жоспарлау мен дамытуда негізгі рөлді орындау; 
3.  өткізу  үшін  инвесторлар  мен  операторлардың  пайдалануына/меншігіне  жер  учаскелерін  беруді 
басқару  мен  жүзеге  асыру  арқылы  туризм  саласындағы  инвестициялық  жобаларды  іске  асырудан 
пайда алу.
Туристік  жобаларды  іске  асыру  бағыты  шеңберінде  Жылжымайтын  мүлік  қоры  тұжырымдамамен 
белгіленген  туристік  кластерлердегі  келешекті  жобаларды  іздеу,  сондай-ақ  туристік  өңірлерді  қажетті 
инженерлік  сыртқы  инфрақұрылыммен  қамтамасыз  ету    бойынша  Әкімдіктермен  бірлескен  жұмыстар 
жүргізді. 
Сонымен  қатар  Жылжымайтын  мүлік  қоры  Оңтүстік  Қазақстан  облысында  тау-шаңғысы  демалысы, 
Маңғыстау  облысында  жағажай  демалысы,  сондай-ақ  Ақмола  облысында  премиум  кластағы  туристік 
өңірді  дамыту  саласындағы  әлеуетті  туристік  жобаларды  белгіледі.  Аталған  жобаларды  іске  асыру 
мақсатында әлеуетті инвесторлармен және серіктестермен тиісті келісімдерге қол қойылды.  
Сатып алу құқығымен 
жалдау
Жалдау
Опцион
Үлеспен сату
Сату
412 ш.м|48%
320 ш.м|37%
45 ш.м|5%
59 ш.м|7%
30 ш.м|3%

34
II. Құрылыс саласына инновациялар енгізу.
Аталған  бағыт  шеңберінде  Жылжымайтын  мүлік  қоры  2014  жылы  Астана  қаласында  «Жасыл  орам» 
әкімшілік-тұрғын үйлер кешенін салу жобасын іске асыруға кірісті.
Астана қаласында “Жасыл орам” әкімшілік-тұрғын үй кешенін салу жобасы
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  тапсырмасын  (Қазақстан  Республикасы  Президентінің  қатысуымен 
өткен  2013  жылғы  23  қаңтардағы  мәжілістің  №01-7.1  хаттамасының  4-тармағы  1-тармақшасы)  орындау 
мақсатында  Жылжымайтын  мүлік  қоры  Астана  қаласында  озық  экологиялық  және  энергиялық  тиімді 
технологиялар қолданылатын “Жасыл орам” әкімшілік-тұрғын үй кешенін салу жобасының негізгі орындаушысы 
болып айқындалды.
Аталған  жоба  «жасыл»  құрылыс  тұжырымдамасына  көшу  саласындағы  қанатқақты  жоба  болып  табылады 
және алдағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі шеңберінде таныстырылатын болады.
«Жасыл  орам»  жобасы  –  озық  экологиялық  және  энергиялық  тиімді  технологиялар  қолданылатын 
әкімшілік-тұрғын  үй  кешенін  салу  жобасы.  «Жасыл  орам»  «хан  шатыр»  сауда-ойын-сауық  орталығына 
жақын  орналасатын  болады.  «Жасыл  орам»  жобасының  сәулеттік  тұжырымдамасын  британиялық  AHR 
(Эй-Эйч-Ар)  компаниясы  әзірледі.    Жобалаушылардың  ойы  бойынша    «Жасыл  орам»  келешек  қаласының 
бейнесінде  болады  әрі  астанамыздағы  жарқын,  орнықты,  ультра  заманауи  және  әлеуметтік  топтасқан 
тұрғындар қауымдастығы болмақ.   Тұжырымдамада жаңартылатын көздерден алынатын электр энергиясын, 
геотермальды жылу сораптарын өндіру жүйелері, инженерлік желілерді қашықтан бақылау, ақылды жобалау 
есебінен инсоляцияны арттыру, ағынды суларды қайта пайдалану, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды 
автоматтандыру, рекуперациясы бар ағу-сору желдеткіштері жүйелері және т.б. сияқты инновациялық жасыл 
технологияларды қолдану көзделген. Аумақта айна көл және саябақтары мен велосипед жолдары бар қолайлы 
табиғи ландшафт құрылады. 
«Жасыл  орам»  ғимараттарын  Жасыл  құрылыс  жөніндегі  америкалық  кеңестің    (USGBC)  LEED  (Leadership  in 
Energy  and  Environmental  Design)  стандарттарына  сәйкестігіне  қарай  сертификаттау  көзделеді.  Мұндай 
сертификаттау  аталған  жобаның  Астана-ЭКСПО-2017  –  «Келешектің  Энергиясы»  халықаралық  көрмесінің 
ұранына сәйкес бірегейлігін растауға мүмкіндік береді. 
Жасыл  технологиялар  жөніндегі  кеңескер  ретінде  «БЮРО  ТЕХНИКИ -  ПРОЕКТ»  ЖАҚ  компаниясы  (Санкт-
Петербург қаласы) қатыстырылады. Тұрғын және әкімшілік жайлардың жалпы ауданы 180 мың ш.м. құрайды. 
Құрылыс салу аумағында  дайындық жұмыстары жасалды, құрылыс-монтаж жұмыстары 2015 жылы басталмақ. 
«Жасыл  орам»  жобасы  2016  жылдың  аяғына  дейін  пайдалануға  беріледі  деп  күтіледі.  Жобаны  басқаруды 
Жылжымайтын  мүлік  қорының  жаңа  стратегиялық  бағыттары  бойынша  жобаларды  іске  асыру  мақсатында 
2013  жылы  құрылған  еншілес  компаниясы  «СҚ  Девелопмент»  ЖШС  жүзеге  асырады.  Жылжымайтын  мүлік 
қорының жоба бойынша серіктесі –BI Group корпорациясы.
31.12.2014  жағдай  бойынша  «СҚ  Девелопмент»  ЖШС  жарғылық  капиталы  16,1  млрд.теңгені  құрады. 
Компанияның  активтері  –  20,2  млрд.теңге.  Еншілес  компанияның  таза  табысы  2014  жылы  851,3  млн.теңге 
болды.

35
Қаралып жатқан жобалар

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет