Директорлар кеңесі төрағасының үндеуі


Аудит  жөніндегі  комитет



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата03.03.2017
өлшемі13,64 Mb.
#5503
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Аудит  жөніндегі  комитет    Компанияның  қаржы-шаруашылық  қызметіне,  қаржылық  есептіліктің 
толықтығы  мен  дұрыстығына  бақылаудың  тиімді  жүйесін  орнату  жөніндегі  ұсыныстарды  әзірлеу;  ішкі 
бақылау және тәуекелдерді басқару жүйелерінің сенімділігі мен тиімділігін бақылау; сыртқы және ішкі 
аудиттің  тәуелсіздігін  бақылау;    Қазақстан  Республикасы  заңнамасының  сақталуын  бақылау  арқылы 
Директорлар кеңесіне жәрдем көрсетеді. 
2014  жылы  Аудит  комитетінің  6  іштей  отырысы  (15-20-шы  отырыстар)  өткізілді.  Комитеттің  негізгі 
құзыреттері бойынша барлығы 58 мәселе қаралды, олар бойынша 103 шешім қабылданып, Директорлар 
кеңесіне тиісті ұсыныстар берілді.
Аудит  жөніндегі  комитеттің  2014  жылға  арналған  Жұмыс  жоспары  бекітілді  және  Аудит  жөніндегі 
комитеттің 2013 жылғы қызметі туралы есеп мақұлданды.
Есепті кезең ішінде Аудит жөніндегі комитет отырыстарында 2014 жылға бекітілген Жұмыс жоспарына 
сәйкес Аудит жөніндегі комитеттің құзыретіне жататын қызмет мәселелері қаралды. 
Қаржылық есептілік мәселелері бойынша:
 

Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның 2013 жылға арналған жылдық қаржылық 
есептілігі алдын ала мақұлданды;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ны шолып тексеру нәтижелері бойынша сыртқы 
аудитор «Эрнст энд Янг» ЖШС-ның 2014 жылдың бірінші жартыжылдығына, сондай-ақ 9 айға 
арналған есебі қаралды.
Ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша:
мыналар алдын ала мақұлданды:
 

Тәуекелдерді басқару жөніндегі 2013 жылға, 2014 жылғы 1, 2, 3-тоқсандарға арналған есеп; 
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның болжалды 2015 жылға арналған тәуекелдер 
тізілімі мен картасы;
 

2014 жылға және болжалды 2015 жылға арналған «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» 
АҚ тәуекелге зауқы және тәуекелдерге төзімділігі;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның 2014 жылға арналған негізгі тәуекелдер 
көрсеткіштері;
 

 «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тәуекелдерді басқару саясатының жаңа 
редакциясы;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі туралы есеп.
Сыртқы аудит мәселелері бойынша:
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-да тәуекелдерді басқарудың тиімділігін бағалау 
туралы есеп алдын ала мақұлданды; 
 

Менеджмент қатысуымен «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ аудит мәселелері 
бойынша сыртқы аудитормен кездесу өткізілді;
 

Менеджмент қатысуынсыз «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ аудит мәселелері 
бойынша сыртқы аудитормен кездесу өткізілді;
 

2013 жылғы қаржылық есептілік аудитінің қорытындылары бойынша тәуелсіз аудиторлық  ұйым 
«Эрнст энд Янг» ЖШС-ның ұсыныстарын орындау бойынша іс-шаралар жоспары алдын ала 
мақұлданды.

50
Ішкі аудит мәселелері бойынша:
мыналар алдын ала мақұлданды:
 

Ішкі аудит қызметінің 2013 жылға арналған жылдық есебі, 2014 жылғы 1, 2, 3-тоқсандарға арналған 
есептері;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Ішкі аудит қызметі жетекшісін 2013 жылдың, 
2014 жылғы 1, 2, 3-тоқсандардың қорытындылары бойынша көтермелеу коэффициенттері және 
көтермелеу;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Ішкі аудит қызметінің және оның жетекшісінің 
2014 жылға арналған негізгі қызмет көрсеткіштері;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Ішкі аудит қызметінің мансабын дамыту 
жөніндегі жетекшілік;
 

 «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Ішкі аудит қызметін дамытудың  2015-2017 
жылдарға арналған стратегиялық жоспары;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2015 жылға арналған 
жылдық аудиторлық жоспары; 
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2015 жылға арналған 
бюджеті.
Мыналар алдын ала мақұлданды:
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ және оның еншілес ұйымдарының бухгалтерлік 
персоналын дамытудың 2014 – 2018 жылдарға арналған бағдарламасы;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Омбудсменінің 2013 жылғы қызметі туралы есеп;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Ақпараттық технологияларды дамытудың 2014 – 
2017 жылдарға арналған стратегиялық жоспары.
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ инвестициялық жобалары бойынша 2014 жылғы 1, 2, 
3-тоқсандар ішінде салынған айыппұл санкцияларының бар-жоғы және жағдайы туралы ақпарат қаралды.
Аудит жөніндегі комитеттің құрамы және оның мүшелерінің отырыстарға қатысуы                    
(31.12.2014 жағдай бойынша): 
р/с №
ТАӘ
Отырыстарға қатысуы 
%
1.
Хоуинк Э.И., Комитет төрағасы
5-удің 5-іне
100%
2.
Әбдікәрімова Ж.М., Комитет мүшесі  
6-удың 6-уына
100%
3.
Жанәділ Е.Б., Комитет сарапшысы
6-удың 5-уіне 
83%
4.
Найджел Стейплтон, Төраға*
1-удің 1-уіне
100%
* өкілеттігі 2014 жылғы 1 наурыздан мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Жалпы  алғанда,  есепті  кезеңде  Аудит  жөніндегі  комитет  Ішкі  аудит  қызметінің  жұмысына  тұрақты 
негізде қадағалау жүргізіп отырды, сондай-ақ сыртқы аудитормен және аудиторлық  және кеңескерлік 
қызметтерді ұсынатын компаниялардың өкілдерімен кездесу өткізіп тұрды.
Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет  кадрларды тағайындау, Компанияның басқарушы 
өзге де қызметкерлерінің мәселелері, сондай-ақ Компанияның қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларын 
жігерлендіру және оларға сыйақы төлеу жүйесі бойынша Директорлар кеңесіне ұсыныстар береді.
2014  жылы  Тағайындаулар  мен  сыйақылар  жөніндегі  комитеттің  8  іштей  отырысы  болды  (17-24-ші 
отырыстар).  Комитеттің  негізгі  құзыреттері  бойынша  барлығы  39  мәселе  қаралды,  олар  бойынша  54 
шешім қабылданып, Жылжымайтын мүлік қорының Директорлар кеңесіне тиісті ұсыныстар берілді. 
Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеттің 2014 жылға арналған Жұмыс жоспары бекітілді және 
Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеттің 2013 жылғы қызметі туралы есеп мақұлданды.
Есепті  кезең  ішінде  Тағайындаулар  мен  сыйақылар  жөніндегі  комитет  отырыстарында  2014  жылға 
бекітілген  Жұмыс  жоспарына  сәйкес  Тағайындаулар  мен  сыйақылар  жөніндегі  комитет  құзыретіне 
жататын қызмет мәселелері қаралып, осының нәтижесінде Жылжымайтын мүлік қорының Директорлар 
кеңесіне мынадай негізгі мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар  берілді:

51
Кадрлар мәселелері бойынша:
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ  Басқарма төрағасының орынбасарын 
тағайындау туралы;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-дағы басты лауазым тізбелері және басты 
лауазымдардағы сабақтастық жоспары туралы;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Омбудсменінің өкілеттігін ұзарту туралы,
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқармасының мүшесін басқа ұйымдардың  
басқару органына сайлауға келісім туралы;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма құрамына үміткерлерді бағалау үшін 
өлшемдер тізбесі туралы;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа сайланған 
мүшелерін қызметке енгізу саясатының орындалуы жөніндегі есепті қарау туралы.
Қызметті бағалау және сыйақы мәселелері бойынша: 
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басшы және басқарушы қызметкерлеріне сыйақы 
төлеу саясатының тиімділігін бағалау туралы;
 

Ішкі аудит қызметінің және Корпоративтік хатшының қызметін бағалау туралы;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Қызметкерлерге еңбекақы төлеу және 
сыйлықақы беру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар бойынша;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басшы және басқарушы қызметкерлерінің, Ішкі 
аудит қызметі жетекшісінің және Корпоративтік хатшысының қызметін бағалау және сыйақы беру 
қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар бойынша;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басшы және басқарушы қызметкерлерінің 
жігерлендіруші негізгі қызмет көрсеткіштерінің орындалуының мониторингі туралы.
Тағайындаулар мен сыйақылар комитетінің құрамы және оның мүшелерінің отырыстарға қатысуы 
(31.12.2014 жағдай бойынша):
р/с №  
ТАӘ
Отырыстарға қатысуы
%
1.
Әбдікәрімова Ж.М. (Төраға)
8-дің 8-іне
100%
2.
Әзірбаев М.Б., Комитет мүшесі
7-удің 7-уіне
100%
3.
Райысова Г.Б., Комитет сарапшысы
8-дің 3-уіне
38%
4.
Найджел Стейплтон, Комитет мүшесі* 
1-удің 1-уіне
100%
* Өкілеттігі 2014 жылғы 1 наурыздан бастап мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу
Тәуелсіз директорларды қоспағанда, Директорлар кеңесінің мүшелері өз жұмысын ақысыз негізде жүзеге 
асырады.  
Тәуелсіз директорларға сыйақылар және (немесе) шығыстардың өтемақыларын төлеу тәртібі «Самұрық-
Қазына» АҚ Компанияларының тәуелсіз директорларына сыйақылар және шығыстарының өтемақыларын 
төлеу ережесімен реттеледі.  
Тәуелсіз директорларға мынадай сыйақылар төленеді:
• 
Директорлар кеңесі мүшесінің міндеттерін орындағаны үшін нақты сыйақы. Нақты сыйақыны төлеу 
күнтізбелік жылдың тиісті жартыжылдығында Директордың жұмыс кезеңіне барабар, жарты жылда 
бір рет ақшалай нысанда жүргізіледі;
• 
Директорлар  кеңесі  комитеттерінің  іштей  отырысына  қатысқаны  үшін  қосымша  сыйақы,  ол 
Комитеттің іштей отырысы өткен күннен кейінгі айдың ішінде төленеді.
Тәуелсіз директорға тәуелсіз директордың тұрғылықты жерінен тыс өткізілетін Директорлар кеңесінің 
отырысына баруымен байланысты шығыстар да (жолақы, тұрғынақы, тәулікақы) өтеледі.

52
2013 жыл үшін тәуелсіз директорлардың сыйақысы.
р/с 

ТАӘ
Тіркелген сыйақы
Қосымша сыйақы
Жиыны:
1.
Әбдікәрімова Ж.М.
1 814 825 теңге
1 500 000 теңге
3 314 825 теңге
2.
Әзірбаев М.Б.
1 715 116 теңге
525 000 теңге
2 240 116 теңге
3.
Эдриан Хоуинк
34 302 АҚШ доллары 10 000 АҚШ доллары
44 302 АҚШ доллары
4.
Найджел Стейплтон*   6 667 АҚШ доллары
3 000 АҚШ доллары
9 667 АҚШ доллары
* Тәуелсіз директор ретіндегі өкілеттігі 2014 жылғы 1 наурыздан бастап мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Тәуелсіз директорларға акциялар түрінде сыйақылар берілген жоқ, өзге жеңілдіктер болған жоқ.
Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыру  
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыру 
және «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Директорлар кеңесінің сыртқы сарапшыларды 
тарту жөніндегі саясаты  Директорлар кеңесінің  2013 жылғы 29 тамыздағы № 65 шешімімен бекітілген.  
Аталған Саясат Директорлар кеңесі мүшелерінің олардың біліктілігін арттыру және сыртқы сарапшыларды 
тарту бөлігіндегі құқықтары мен міндеттерін айқындайды,  Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін 
арттыру  және  сыртқы  сарапшыларды  тарту  туралы  шешімдерін  жоспарлау  және  қабылдау  тәртібін 
реттейді.
2014 жылғы 12 қарашада Директорлар кеңесінің барлық мүшелері «КПМГ Такс энд Эдйвайзори» ЖШС 
компаниясы  өткізген,  Директорлар  кеңесінің  мүшелеріне  арналған  тәуекелдерді  басқару  жөніндегі 
семинарға қатысты.
Директорлар кеңесінің қызметін бағалау
Компанияның Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің және Директорлар кеңесінің 
әрбір  мүшесінің  қызметін  бағалау  саясаты  Директорлар  кеңесінің  2012  жылғы  24  қазандағы  №  67 
шешімімен бекітілген.  
Аталған саясатқа сәйкес Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің және Директорлар 
кеңесінің әрбір мүшесінің жұмысына бағалау жүргізу туралы шешімді Директорлар кеңесі қабылдайды. 
Директорлар кеңесі бағалауды:
 

кеңескерлерді қатыстыра отырып;
 

сауалдама жүргізу, сұхбаттасу және т.б. арқылы;
 

аралас тәсілдерді қолдана отырып: процесті кеңескерлер көмегімен үйлестіре отырып, өз күшімен 
жүргізе алады.
«Самұрық-Қазына»  жылжымайтын  мүлік  қоры»  АҚ  Директорлар  кеңесінің  және  оның  мүшелерінің 
қызметін  бағалау  2014  жылы  Директорлар  кеңесінің  барлық  мүшелеріне  сауалдама  жүргізу  жолымен 
жасалды. 
Қорытындылар  бойынша  «Самұрық-Қазына»  жылжымайтын  мүлік  қоры»  АҚ  Директорлар  кеңесінің 
қызметі 4,4 балл болып бағаланды. Алынған нәтижелер негізінде Корпоративтік хатшы Жылжымайтын 
мүлік  қорының  Директорлар  кеңесінің, 
Директорлар  кеңесі  комитеттерінің    және  Директорлар 
кеңесінің  әрбір  мүшесінің  қызметін  бағалау  туралы  Есеп  дайындады,  ол  Директорлар  кеңесінің  2014 
жылғы 26 желтоқсандағы отырысында қаралды, №89 хаттама.
Директорлар  кеңесінің  қызметіне  бағалау  нәтижелері  корпоративтік  басқаруды  одан  әрі  дамыту  және 
корпоративтік басқару тәжірибесін жетілдіру бағыттарын көрсетті. Атап айтқанда, стратегиялық жоспарлау, 
жоғары буын жетекшілерін тағайындау мен оларға сыйақы төлеу, комитеттердің жұмысын ұйымдастыру, 
Директорлар кеңесінің мүшелерін оқыту мәселелеріне Директорлар кеңесінің қатысуы сияқты бағыттар.
Бағалау  жүргізу  қорытындылары  бойынша  Директорлар  кеңесінің,  Директорлар  кеңесі  комитеттерінің 
және  олардың  мүшелерінің  қызметінің  тиімділігін  арттыруға  бағытталған  іс-шаралар  әзірленіп, 
Директорлар кеңесінің 2015 жылға арналған Жұмыс жоспарына енгізілді.

53
Басқарма 
Компанияның алқалық атқарушы органы бола отырып, Басқарма Жалғыз акционердің және Директорлар 
кеңесінің  шешімдерін  орындайды,  Директорлар  кеңесіне  есеп  береді  және  жүктелген  міндеттердің 
орындалуы үшін олардың алдында жауапты болады.
Басқарма мүшелерінің құқықтары мен міндеттері Жарғыда, Басқарма туралы ережеде, еңбек шарттарында 
айқындалады.
Басқарманың құрамы (2014 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша):
Палымбетов Болат Әбілқасымұлы
Басқарма төрағасы
Туған жылы: 1961 ж.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Басқарманың құрамына сайлануы: 23.05.2011
Білімі:  экономика ғылымдарының кандидаты,
Еуразиялық нарық институты, Экономика және 
менеджмент; 
В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты, 
инженер – жүйелеуші техник.
«Өзгерістерді басқару: көшбасшылық, синергия және 
интеграция» тақырыбы бойынша интерактивті тренинг, 
И.Адизис атындағы институт.  
Жұмыс тәжірибесі:
Мемлекеттік  органдарда,  қаржы  институттарында  және 
ұлттық  компанияларда  басқарушы  лауазымдарда  үлкен 
жұмыс  тәжірибесі  бар.    «Қазақстанның  Халық  банкі»  ААҚ 
Басқарма  төрағасы,  Атырау  облысы  әкімінің  орынбасары, 
ҚР  Экономика  және  сауда  вице-министрі,  «ҚазТрансОйл» 
ЖАҚ  бас  директоры,  Маңғыстау  облысының  әкімі,  ҚР 
Экономика  және  бюджеттік  жоспарлау  вице-министрі, 
«Каспий»  ӘКК»  ҰК»  АҚ  Басқарма  төрағасы  лауазымдарын 
атқарды. Жылжымайтын мүлік қорының Басқарма төрағасы 
лауазымына тағайындалғанға дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 
Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарушы директор 
болып жұмыс істеді.   
Компанияның  қызметіне  жалпы  басшылықты  жүзеге 
асырады, Жалғыз акционердің және Директорлар кеңесінің 
шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады.  
Компанияның, өнім берушілердің және Компания 
бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.  

54
Мамыталиев Бауыржан Жаймұрзынұлы
Басқарма төрағасының орынбасары
Туған жылы: 1975 ж.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Басқарма құрамына сайлануы: 27.06.2013
Білімі: 
Жамбыл Жеңіл және тамақ өнеркәсібі техникалық 
институты, инженер-экономист;
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет, 
заңгер.
М.В.Ломоносов атындағы ММУ, «Экономика және басқару» 
МВА бағдарламасы. 
Жұмыс тәжірибесі:
Қаржы  саласында  жұмыс  тәжірибесі  бар,  ҚР  Қаржы 
министрлігі  Салық  комитетінде,  ҚР  Мемлекеттік  кірістер 
министрлігінде  түрлі  қызметтерде  болды,  Шымкент 
қаласының  Салық  комитетінің  төрағасы  болып  қызмет 
етті.  «ҚазМұнайГаз»  сауда  үйі»  АҚ  Ішкі  аудит  қызметінің 
жетекшісі, 
«ҚазМұнайГаз» 
персоналды 
дамытудың 
бірыңғай  орталығы»  ЖМ  директорының  орынбасары,  ҚР 
Республикалық  бюджеттің  атқарылуын  бақылау  жөніндегі 
есеп  комитеті  төрағасының  кеңесшісі  болып  жұмыс  істеді. 
Жылжымайтын  мүлік  қорының  Басқарма  төрағасының 
орынбасары  қызметіне  тағайындалғанға  дейін  «BI-Hold-
ing»  ЖШС  қаржылық  әкімшілендіру  жөніндегі  Басқарушы 
директор болып қызмет атқарды. 
Бюджеттік 
саясат, 
стратегиялық 
жоспарлау 
және 
мониторинг,  корпоративтік  басқару  жүйесін  жетілдіру, 
сондай-ақ  жобаларды  инновациялық  дамыту  мәселелерін 
қадағалайды. 
Компанияның, өнім берушілердің және Компания 
бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.  

55
Ахмеров Азамат Шаймұратұлы
Басқарма төрағасының орынбасары
Туған жылы: 1976 ж.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Басқарма құрамына сайлануы: 16.04.2014
Білімі: 
Қазақ Мемлекеттік басқару академиясы, халықаралық 
экономист 
Жұмыс тәжірибесі:
Жобаларды  басқару,  бизнес-консалтинг,  бизнесті  дамыту 
және операциялық менеджмент саласында жұмыс тәжірибесі 
бар.  «Бірлескен  химиялық  компания»  ЖШС  Басқарушы 
директоры  болып  жұмыс  істеді.  «Kazakhstan  Petrochemi-
cal  Industries  Inc.»  ЖШС-да  («ҚазМұнайГаз»  АҚ  ЕТҰ)  вице-
президент, «Қазақстандық Индустрияны дамыту институты» 
АҚ-да  (ҚИДИ)  Басқарма  төрағасы  қызметтерін  атқарды. 
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма 
төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалғанға дейін 
«Қазақстан Даму банкі» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі 
болып жұмыс істеді.
Туризмдегі  инвестициялық  жобалар  саласында  жаңа 
стратегиялық бағыттың іске асырылуын ұйымдастырады.
Компанияның, өнім берушілердің және Компания 
бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.  

56
Көшеров Әділбек
Басқарушы директор – Басқарма мүшесі
Туған жылы: 1955 ж.                                                                                   
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы                                                             
Басқарма құрамына сайланғаны: 02.07.2012
Білімі:  
В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты 
(инженер-электрик)
Жұмыс тәжірибесі:
Маңғыстау облысының мұнай-газ өндіруші кәсіпорындарында 
әртүрлі лауазымдарда, мемлекеттік ұйымдарда, оның ішінде 
Маңғыстау  облысының  жергілікті  атқарушы  органында 
-  Стандарттау  және  сертификаттау  орталығы,  облыстық 
экономика,  өнеркәсіп  және  сауда  басқармасы,  кәсіпкерлік 
және өнеркәсіп департаментінде басқарушы лауазымдарда 
жұмыс  істеді.  «Каспий»  ӘКК»  АҚ  басқарушы  директоры, 
Басқарма  төрағасының  орынбасары,  «ХазарМұнай»  ЖШС 
директорының орынбасары лауазымында басшылық қызмет 
атқарды.  
2011 
жылдың 
маусымында 
«Самұрық-Қазына» 
жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқарушы директоры, 2012 
жылдың  шілдесінде  –  Басқарушы  директор  –  Басқарма 
мүшесі болып тағайындалды.
Инвестициялық  саясат  мәселелерін,  тұрғын  үйлерді  және 
тұрғын емес (коммерциялық) үй-жайларды өткізу қызметін 
қадағалайды.  
Компанияның, өнім берушілердің және Компания 
бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.  

57
2014 жылы Басқарманың 48 отырысы өткізіліп, онда 261 мәселе бойынша шешім қабылданды.  
2014 жылы Басқарма қабылдаған негізгі шешімдер:  
 

инвестициялау және құрылыс жобаларын іске асыру мәселелері бойынша;
 

инвестициялық жобаларды іске асыру барысында туындайтын мәселелер бойынша;
 

Даму жоспарын әзірлеу, орындалуына мониторинг жүргізу, түзету бойынша, Компанияның және 
оның еншілес ұйымдарының бюджетін бекіту және оның орындалуына мониторинг жүргізу 
бойынша;
 

тәуекелдерді басқару және уақытша бос ақшаларды орналастыру мәселелері бойынша;
 

жылжымайтын мүлікті өткізу, соның ішінде тұрғын және тұрғын емес жайларды сенімгерлікпен 
басқару шарттарын жасасу мәселелері бойынша;
 

Жылжымайтын мүлік қорының және Жылжымайтын мүлік қоры еншілес ұйымдарының қызметін 
реттейтін ішкі құжаттарды бекіту және мақұлдау, соның ішінде:
 

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» 
АҚ бағыты бойынша тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларды, сондай-ақ көлік 
орындарын өткізу тәртібі;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарын басқару 
регламенті;
 

Инвестициялық жобаларды әзірлеу және қарау қағидалары;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның және оның еншілес ұйымдарының Даму 
жоспарларын әзірлеу, орындалуына мониторинг жүргізу, түзету тәртібінің жаңа редакциясы;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Тәуекелдерді басқару саясаты;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ жасыл комитеті туралы ереже;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ бос қызмет орындарына кадрларды конкурстық 
іріктеу қағидалары;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ шоғырландырылған қаржылық есептілігін 
дайындаудың корпоративтік регламенті;
 

Активтерге қолжетімділігі бар «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ қызметкерлеріне 
тексеру жүргізу тәртібі туралы нұсқаулық;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ 2014-2023 жылдарға арналған Инновациялық-
технологиялық даму стратегиясы.
Басқарманың  жанында  кеңескерлік-кеңес  органдары  –  Қызметті  жоспарлау  және  бағалау  комитеті, 
Инвестициялық комитет, Тәуекелдерді басқару комитеті, Техникалық кеңес, Жасыл комитет, Ақпараттық 
технологиялар комитеті жұмыс істейді.
Қызметті жоспарлау және бағалау комитеті  қызметінің мақсаты орта мерзімді және ағымдағы жоспарлау 
бойынша  құжаттардың  уақтылы  әрі  сапалы  әзірленуін  қамтамасыз  ету,  бекітілген  жоспарлардың 
орындалуын талдау болып табылады.  
2014 жылы  Комитеттің 14 отырысы өткізіліп, онда мынадай мәселелер қаралды:
1)  Бюджеттің және Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есеп;
2)  ЖӘШ және күрделі шығындар бюджетін түзету;
3)  2014-2018 жылдарға арналған Даму жоспарын түзету;
4)  2015-2019 жылдарға арналған Даму жоспарының жобасы;
5)  Компанияның 2015 жылға арналған шоғырландырылған жылдық бюджетінің және  Корпоративтік 
орталықтың жылдық бюджетінің жобасы;
Инвестициялық комитет Компанияның инвестициялық саясатын іске асыру мәселелерін қарастырады.
2014  жылы  Комитеттің  26  отырысы  өткізіліп,  онда  37  мәселе  қаралды.  Барлығы    «Қолжетімді  баспана 
–  2020»  бағдарламасы  шеңберіндегі  жобаларды  қарау,  іріктеу,  қаржыландыру  және  ағымдағы  іске 
асырылуы мәселелеріне қатысты болды.  

58
Тәуекелдерді  басқару  комитеті  тәуекелдерді  басқару  мәселелері  бойынша  шешім  қабылдау  үшін 
Басқармаға ұсыныстар дайындауды, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігіне мониторинг 
жүргізуді  және  тәуекелдерді  мейлінше  азайту,  бизнес-процестер  тиімділігі  деңгейін  арттыру  және 
стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу бойынша құрылымдық бөлімшелерге ұсыныстар әзірлеуді жүзеге 
асырады.  
2014 жылы Комитеттің 5 отырысы өткізілді, онда мынадай мәселелер қаралды:
1)  Тәуекелдерді басқару комитетінің 2014 және 2015 жылдарға арналған жұмыс жоспары;
2)  Тәуекелдерді басқару бойынша тоқсан сайынғы есептер;
3)  Төзімділік тәуекелінің деңгейі және 2014 жылға арналған тәуекел ниеті;
4)  2014 жылға арналған негізгі тәуекелді көрсеткіштер;
5)  Болжалды 2015 жылға арналған тәуекелдер тізілімі және картасы; 
6)  Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін (ТБКЖ) жетілдірудің 2015 жылға арналған жұмыс 
жоспары.
7)  2015 жылға тәуекелдер иелерін мақұлдау;
8)  Тәуекелдерді басқару саясатының жаңа редакциясын мақұлдау.
Техникалық кеңес – кеңескерлік-кеңес органы, қызметінің мақсаты - құрылыс саласындағы инновациялық 
технологиялар  бойынша  ұсыныстар  әзірлеу  және  озық  құрылыс  материалдары  мен  жабдығымен 
қамтамасыз ету болып табылады. 
Техникалық кеңестің құрамына Жылжымайтын мүлік қоры, «Техникалық даму жөніндегі ұлттық агенттік» 
АҚ,  «Назарбаев  университет»  ДБҰ,  Қазақстанның  құрылыс  салушылар  қауымдастығы,  «ҚазАтомПром» 
ҰАК»  АҚ,  Қазақстан  Республикасының    Ұлттық  экономика  министрлігі,  Қазақстан  Республикасының  
Инвестициялар  және  даму  министрлігі,  Қазақстан  Республикасының    білім  және  ғылым  министрлігі, 
«Жасыл құрылыс» жөніндегі қазақстандық кеңес» одағы» ЗТБ, «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан 
тыс сараптау» РМК, «Астанагорархитектура» ЖШС, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, «СҚ Девелопмент» ЖШС 
өкілдері кіреді. 
2014 жылы Техникалық кеңестің 4 отырысы өтті, Жылжымайтын мүлік қорының жобаларында энергиялық 
тиімді технологияларды және инновациялық шешімдерді қолдануға қатысты 30-ға жуық мәселе қаралды.
Ең лайықтылары объектілер құрылысында қолдану үшін құрылыс салушыларға ұсынылған Жылжымайтын 
мүлік  қорының  инновациялық  технологиялары  тізбесіне  енгізілді.  Жеткізушілермен  ынтымақтастық 
туралды 20-ға тарта меморандум жасалды.
Техникалық кеңес іріктеп алған шешімдерді тиімді енгізу мақсатында 2014 жылы Жасыл комитет құрылды. 
Жасыл комитеттің атқаратын рөлі – Қордың объектілерінде инновациялық технологиялар мен құрылыс 
материалдарын қолдану мәселелерін, сондай-ақ «жасыл құрылыс» жөніндегі Қазақстан Республикасының  
заңнамасына ұсыныстар енгізу, соның ішінде ұлттық стандарт әзірлеу мәселелерін қарау.  
Жылжымайтын мүлік қорының құрылымдық бөлімшелері арасында ақпараттық технологиялар мәселелері 
бойынша  тиімді  өзара  әрекеттесуді  қамтамасыз  ету  және  ақпараттық  қауіпсіздік  бойынша  бірыңғай 
саясатты жүргізу мақсатында Жылжымайтын мүлік қорында Ақпараттық технологиялар комитеті жұмыс 
істейді.
Ақпараттық технологиялар комитетінің отырыстарының қорытындылары бойынша 2014 жылы мыналар 
қаралып бекітілді:
 

ақпаратты басқару процесі;
 

автоматтандыру бойынша шешімдерді таңдау процесі;
 

пайдаланушыларды оқыту процесі;
 

қосымшаларды сатып алу және әзірлеу процесі;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-да өнімділікті және қуатарды басқару процесі;
 

пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерге қолжетімділігін басқару процесі;
 

проблемаларды басқару процесі.

59
Басқарма мүшелерінің сыйақысы
Басқарма мүшелеріне еңбекақы төлеу лауазымдық жалақыны және бір жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары 
бойынша  төленетін  сыйақыны  қамтиды.  Басқарма  мүшелерінің  лауазымдық  жалақысының  мөлшері 
Компанияның  Директорлар  кеңесінің  шешімімен  айқындалады  және  еңбек  шарттарында  көрсетіледі. 
Басшы қызметкерлерге бір жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша төленетін сыйақы аудиттелген 
қаржылық  есептіліктің  негізінде  қаржылық-шаруашылық  қызмет  нәтижелері  белгіленген  тәртіппен 
бекітілгеннен кейін қаржылық жылдың нәтижелері бойынша төленеді.  
Басқарма мүшелеріне жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына кепілдік беріледі, ол берілген кезде екі 
лауазымдық жалақыдан аспайтын мөлшерде сауықтыру үшін материалдық көмек төленеді.  
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне орай барлық қызметкерлерге төленетін біржолғы сыйлықақыдан 
басқа, басшы қызметкерлерге өзге үстемеақылар, қосымшаақылар және сыйақылар төлеу көзделмеген. 
Ішкі аудит
Ішкі аудит қызметі 2014 жылы 12 жоспарлы аудиторлық тексеру жүргізді.
Осы тексерудің негізгі міндеттері: 
 

сенімгерлік басқару шарттарына сәйкес «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ мен 
«ЖМҚ Менеджмент» ЖШС міндеттемелерінің орындалуын бағалау;
 

«СҚ Девелопмент» ЖШС операциялық қызметін бағалау;
 

басшы және басқарушы қызметкерлердің ҚНК есептеу дұрыстығын бағалау; 2013 жылғы ҚНК тиісті 
түрде орныдалуын растайтын деректер мен құжаттардың бар болуы;
 

бағалы қағаздармен жасалған операцияларды бағалау және есепке алу, бағалы қағаздар бойынша 
кірістерді көрсетудің толықтығын талдау;
 

процестерді Қазақстан Республикасы  заңнамасының, ішкі нормативтік құжаттардың талаптарына 
сәйкестігін бағалау, бақылау ортасының болуы;
 

қауіпсіздік жүйесін, активтердің және ақпараттың сақталуын бағалау;
 

бухгалтерлік есеп шоттарында әкімшілік шығыстардың көрсетілу дұрыстығын бағалау;
 

IT инфрақұрылымын бағалау (сараптау), IT-процестердің өнімділігін, функционалының толықтығын, 
қауіпсіздігін, тұтастығын және т.б. зерттеу;
 

Қоғамдағы тәуекелдерді басқару жүйесінің сенімділігін және тиімділігін бағалау;
 

Қоғамдағы ішкі бақылау жүйесінің сенімділігін және тиімділігін бағалау;
Аудиторлық  тексерулердің  қорытындылары  бойынша  Қоғамның  компаниялары  тобы  қызметінің 
тиімділігін  арттыруға,  тәуекелдерді  мейлінше  азайтуға,  ішкі  бақылау,  тәуекелдерді  басқару  және 
корпоративтік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірленді. 
Аталған  ұсыныстар  негізінде  түзету  және  алдын  алу  бойынша  іс-шаралар  жоспары  әзірленді,  тиісті 
басқарушылық шешімдер қабылданды.
Тәуелсіз аудит  
Қоғамның қаржылық есептілігінің сыртқы аудитін  «үлкен төрттіктің» өкілі  «Эрнст энд Янг» ЖШС тәуелсіз 
аудиторлық компаниясы жүргізеді.
Аудиторлық  ұйымды таңдау рәсімі «Самұрық-Қазына» АҚ-ның және дауыс беруші акцияларының (қатысу 
үлестерінің) елу және одан көп пайызы «Самұрық-Қазына» АҚ-ға меншікті немесе сенімгерлікпен басқару 
құқығында  тікелей  немесе  жанама  тиесілі  ұйымдардың  аудиторлық    ұйымды  таңдау  тәртібіне  сәйкес  
ашық конкурс негізінде жүзеге асырылады. Сыртқы аудитті таңдау жөніндегі конкурстық комиссияның 
құрамына  Аудит  жөніндегі  комитеттің  барлық  мүшелері  кіреді,  олар  конкурс  нәтижелерін  бағалауға 
қатысады  және  ұсыныстарын  Директорлар  кеңесіне  және  Жалғыз  акционерге  жолдайды.  Аудиторлық  
ұйымның қаржылық есептілік аудитімен байланыссыз кеңескерлік қызметтер көрсету және өзге де ақпарат 
беру мәселелерін реттеу үшін Аудиторлық  ұйымның қызметтерін тарту саласындағы саясат бекітілді. 

60
«Эрнст энд Янг» ЖШС мыналарды жүзеге асырады:
 

ХҚЕС-ке сәйкес дайындалған Жылжымайтын мүлік қорының шоғырландырылған қаржылық 
есептілігінің аудиті;
 

Жалғыз акционердің нысандарына сәйкес дайындалған, шоғырландырылған қаржылық есептілік 
топтамасының аудиті.
Сондай-ақ 2014 жылы сыртқы аудитор «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ қызметкерлерінің 
біліктілігін арттыру бойынша аудиторлық емес қызметтер көрсетті. 
2014 жылы тәуелсіз консалтингтік компания «ПрайсуотерХаусКуперс» ЖШС Жылжымайтын мүлік қорының 
корпоративтік басқару жүйесіне «Самұрық-Қазына» АҚ тобы компанияларында корпоративтік басқаруды 
ізерелу  әдістемесіне  сәйкес  әзерлеу  жүргізді.  Бағалау  нәтижелері  бойынша  корпоративтік  басқару  
рейтингі 71,2% құрады, бұл 2013 жылғы бағамен салыстырғанда 3,3% тармаққа өскенін көрсетеді.
Тәуекелдерді басқару
Жылжымайтын  мүлік  қоры  Компанияның  құны  мен  беделіне  теріс  әсер  етуі  мүмкін  тәуекелдерді 
уақтылы  сәйкестендіруге  және  олардың  деңгейін  азайту  бойынша  шаралар  қабылдауға  бағытталған, 
шоғырландырылған  және  бөлек  негіздегі  корпоративтік  басқару    жүйесінің  басты  компоненті  ретінде 
тәуекелдерді басқарудың ерекше маңызды екенін мойындайды.  
Ұйымның ерекшелігімен, қызметтің негізгі қағидаттарымен, бизнес-процестермен өзара байланыс және 
әр қызметкердің тәуекелдерді басқару процесіне қатыстырылуы Тәуекелдерді басқару процесінің негізі 
болып табылады. 
Жылжымайтын мүлік қорында тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын құрылымдық  бөлімше жұмыс 
істейді. Тәуекелдер басқармасының негізгі мақсаты – басшылыққа әлдебір тәуекелдер әсерін анықтауға, 
өлшеуге,  бақылауға,  мейлінше  азайтуға  мүмкіндік  беретін  тәуекелдерді  басқарудың  тиімді  рәсімдері 
мен  пәрменді  тетіктері  арқылы  ықтимал  залалдарды  азайту  (болдырмау)  негізінде  активтердің  және 
капиталдың мейлінше сақталуын қамтамасыз ету.  Сондай-ақ Басқарма жанында Тәуекелдерді басқару 
комитеті жұмыс істейді, ол кеңескерлік-кеңес органы болып табылады.
Жылжымайтын мүлік қорында тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесінің көздегенін, мақсаттары 
мен міндеттерін көрсететін негізгі құжат – Жылжымайтын мүлік қорының Директорлар кеңесі 2014 жылғы 
1  қазанда  №85  шешімімен  бекіткен  «Самұрық-Қазына»  жылжымайтын  мүлік  қоры»  АҚ  Тәуекелдерді 
басқару  саясаты  (бұдан  әрі  –  Саясат).  Саясат  Тәуекелдерді  басқарудың  корпоративтік  жүйесін  дамыту 
тұжырымдамасына  және  Жылжымайтын  мүлік  қорының  қызметін  реттейтін  нормативтік  құқықтық 
актілерге  сәйкес,  сондай-ақ  «Самұрық-Қазына»  АҚ  Трансформация  бағдарламасына  сәйкес  әзірленді. 
Саясат  тәуекелдерді  басқару  құрылымын,  тәуекелдерді  басқару  жүйесінің  негізгі  компоненттерін 
айқындайды,  тәуекелдерді  басқару  процесін  жүзеге  асыру  кезінде  жүйелі  әрі  бірізді  көзқарасты 
қамтамасыз етеді. 
Компанияда шоғырландырылған негізде тәуекелдерді басқару барлық деңгейде Тәуекелдерді басқарудың 
корпоративтік жүйесін (ТБКЖ) енгізу арқылы жүзеге асырылады. ТБКЖ – Директорлар кеңесі, басшылық 
және  қызметкерлер  әрқайсысы  өз  деңгейінде  Компанияның  және  Қоғамның  еншілес  ұйымдарының 
(ЕҰ)  қызметіне  әсер  етуі  мүмкін  әлеуетті  оқиғаларды  анықтауға,  сондай-ақ  акционерлер  үшін  қолайлы 
тәуекелдер деңгейі шеңберінде осы оқиғаларды басқаруға қатысатын бірыңғай процеске біріккен өзара 
байланысты элементтер жиынтығы.
ТБКЖ негізгі мақсаты – қатерлер мен мүмкіндіктерді басқарудың тиімділігін арттыру болып табылады, бұл 
капиталдандыруды арттыру процесіне ықпал етуі тиіс. ТБКЖ сондай-ақ мынадай мақсаттар қояды:
 

Компаниядағы тәуекелдерді анықтауға, бағалауға және басқаруға біркелкі және сабақтас 
тәсілдемелерді әзірлеу мен қолдану, тәуекелдер туралы ақпаратпен тігінен (басқару) және 
көлденеңінен (тәжірибе алмасу) алмасу рәсімдерін жеңілдету;
 

Компанияға нақты әрі түсінікті өлшемдер негізінде Қордағы тәуекелдерді басқару сапасын көрсету 
мен бақылау үшін мүмкіндіктерді қалыптастыру;
 

активтерді, олардың нарықтық құнын есепке алу мен акционерлік капиталды бағалау жүйесін құру 
үшін ақпараттық базаны қалыптастыру;

61
 

туындайтын тәуекелді оқиғаларға жедел әсер ету, ішкі және сыртқы ортаның өзгерістерін бақылап 
отыру;
 

тәуекелдерді қолайлы деңгейге дейін азайту немесе үшінші тараптарға тапсыру мақсатында 
тәуекелдерді басқару бойынша мақсатты қызметті ұйымдастыру (сақтандыру, хеджирлеу);
 

Қоғамның тәуекелдері туралы ақпаратты жүйелеу және одан әрі жинақтау, бизнестің 
басқарымдылығын арттыру; 
 

түпкі нәтижесінде – тәуекелдерді басқарудың тиімділігін арттыру және оңтайландыру арқылы 
Компанияның және ЕҰ-ның капиталдануын арттыру.
Компаниядағы ТБКЖ негізгі міндеттері мыналар:
 

стратегиялық және операциялық мақсаттарға қол жеткізуге қауіп тудыратын оқиғалардың алдын 
алу;
 

туындаған осындай оқиғалардың әсерін қолайлы деңгейге дейін азайту;
 

кездейсоқ оқиғаларға тиімді әсер ету және оларды басқару;
 

тиімді ішкі бақылау ортасын қамтамасыз етудің жалпы процесінің бір бөлігі болып табылатын 
тәуекелдерді басқарудың жүйелі процесін сақтау;
 

Компания тәуекелдерді тиімді басқаратыны жөнінде мүдделі тараптарға ақылға қонымды 
кепілдіктер беру.
2014  жылы  Тәуекелдер  басқармасы  құрылымдық  бөлімшелермен  бірлесіп,  болжалды  2015  жылдың 
тәуекелдеріне  кешенді  сәйкестендіру  мен  бағалау  жүргізді.  Аталған  жұмыс  қорытындылары  бойынша 
компанияның және оның еншілес ұйымдары – «ЖМҚ Менеджмент» ЖШС мен «СҚ Девелопмент» ЖШС-
ның жаңа тәуекелдер тізілімі әзірленіп, тәуекелдер картасы құрылды.
Көрсетілген тәуекелдерді азайту және бақылау негізгі тәуекелдердің иелері –  құрылымдық бөлімшелердің 
қызметін  реттейтін  Компанияның  ішкі  құжаттарына  сәйкес  жүзеге  асырылады.  Сондай-ақ  Компанияда 
Директорлар  кеңесі  тәуекелдер  тізілімі  шеңберінде  бекіткен  негізгі  тәуекелдерді  басқару  іс-шаралары 
көзделген. 
Компанияның  Тәуекелдерді  басқару  саясатына  сәйкес,  тәуекелдерді  басқару  жүйесінің  тиімділігін 
бағалауды  Компанияның  Ішкі  аудит  қызметі  жыл  сайынғы  негізде  жылдық  аудиторлық    жоспар 
шеңберінде  жүргізеді.  Ішкі  аудит  қызметі  2014  жылы  Тәуекелдерді  басқарудың  корпоративтік  жүйесін 
бағалау әдістемесіне сәйкес Компанияның тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігіне бағалау жүргізді. 
Осы ізерлеудің қорытындылары бойынша 2014 жылы тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігі 67,17% 
деңгейінде бағаланды. Ішкі аудит қызметі тәуекелдерді басқару жүйесін одан әрі жетілдіру үшін ұсыныстар 
әзірледі.
Мүдделер қақтығысын реттеу
Жылжымайтын  мүлік  қоры  Компанияның  лауазымды  тұлғалары  мен  қызметкерлерінің  мүдделер 
қақтығысының алдын алуға бағытталған рәсімдерді қалыптастырды.  Компанияда Мүдделер қақтығысын 
реттеу саясаты бекітілді.  
Осы  саясатқа  сәйкес  Компанияның  барлық  лауазымды  тұлғалары  және  қызметкерлері    мүдделер 
қақтығысына  немесе  оны  тудыруға  алып  келу  ықтималы  бар  іс-қимылдардан  тартынуға,    мүдделер 
қақтығысы  бар  мәселелер  бойынша  шешім  қабылдаудан  тартынуға,  тікелей  басшы  мен  жауапты 
бөлімшеге мүдделер қақтығысының бар екендігі туралы ақпаратты хабарлауға, Компания туралы құпия 
ақпаратты жарияламауға міндетті.
Компанияда  омбудсмен  тағайындалды.  Омбудсменнің  функциясына  мүдделер  қақтығысын  реттеу, 
Іскерлік әдеп кодексінде бекітілген қағидаттардың бұзылу рәсімдерін қарау кіреді. 
Компанияда Іскерлік әдеп кодексі ережелерінің бұзылғаны туралы мәліметтерді жинау және оларды құпия 
түрде қарау тетігі жұмыс істейді. Осы тетік ықтимал немесе белгілі болған алаяқтық, теріс пайдаланушылық 
белгілі  фактілері  және  басқа  да  заңға  қарсы  іс-әрекеттер  туралы  хабарламалармен  жұмыс  жөніндегі 
саясатта бекітілген.  
2014 жылы Жылжымайтын мүлік қоры қызметкерлерінің Іскерлік әдеп кодексі және Мүдделер қақтығысын 
реттеу саясатын бұзу фактілері анықталған жоқ.  

62
Сондай-ақ Компания қызметкерлері және мүдделі тараптар жағынан Іскерлік этика кодексін, Мүдделер 
қақтығысын  реттеу  саясатын,  Қазақстан  Республикасының  заңнамасын  бұзуы  туралы  шағымдар  мен 
хабарлар тіркелген жоқ.  
Ақпараттық саясат 
Корпоративтік  басқарудың қағидатын сақтай отырып, Жылжымайтын мүлік қоры ақпараттық ашықтықты 
қамтамасыз етуге және өз қызметі туралы ақпараттың объективті ашылуына бағытталған саясатты жүзеге 
асырады.  
Компания  туралы  ақпаратты  ашу  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына,  Компанияның  ішкі 
құжаттарына,  оның  ішінде  Директорлар  кеңесі  бекіткен  ақпаратты  ашу  ережесіне  сәйкес  жүзеге 
асырылады.  
Жылжымайтын мүлік қоры: 
1)  Жалғыз акционерге оның мүдделерін қозғайтын, сондай-ақ оның инвестициялық және 
басқарушылық шешімдерді қабылдауы үшін маңызды ақпаратты алуға құқықтарын толық іске 
асыруын; 
2)  мүдделі тараптардың (стейкхолдерлер) Компания туралы ашылуға жататын ақпаратты уақтылы 
және қолжетімді түрде алуын;
3)  барлық мүдделі тараптармен ашық және сенімгерлік қатынастар орнатуды қамтамасыз етеді.
Компанияның  қызметінде  стейкхолдерлердің  әртүрлі  топтарына  әсер  ету  дәрежесін  айқындайтын 
стейкхолдерлер картасына сәйкес,  тікелей және өтімді ықпал ететін топ және жанама ықпал ететін топ деген 
2 әсер ету аймағы айқындалды. Стейкхолдерлер картасы www.fnsk.kz веб-сайтында орналастырылған.
Жылжымайтын  мүлік  қоры  және  оның  қызметі  туралы  ақпаратты  ашу  www.fnsk.kz  корпоративтік  веб-
сайтында және БАҚ-пен өзара әрекеттесу арқылы жүзеге асырылады.
Веб-сайтта үздік халықаралық тәжірибеге және Компанияның ішкі құжаттарына сәйкес Компания туралы 
елеулі ақпарат, соның ішінде қызмет туралы сәйкесінше есептілік көрсетілген және ол ұдайы жаңарып 
отырады.  Қоғам есептілік рәсімін үнемі жетілдіріп отырады.
Жылжымайтын  мүлік  қорының  веб-сайты  Award.kz  Ұлттық  интернет  сыйлықақысымен  атап  өтілді, 
конкурсқа 670 сайт қатысты. 2014 жылы сайтқа кірушілер саны жылдың басымен салыстырғанда айына 
32  296  келушіден  118  462  келушіге  артты.  Жалпы  алғанда,  бір  жыл  ішінде  сайтқа  635  034  адам  кірді. 
Қолжетімді баспана бойынша сайтқа тіркелгендер саны – 16 201 пайдаланушы.  
Мүдделі  тараптарға  жылдық  есепті  ұсыну  Қоғам  қызметінің  ашықтығын  қамтамасыз  етуге,  тиісті 
корпоративтік басқару стандарттарын сақтауға деген бұлжымас дайындықты растауға бағытталған.
«Эксперт РА Казахстан» рейтингтік агенттігі өткізген 2013 жылға арналған жылдық есептер конкурсының 
нәтижелері  бойынша  Компанияның  жылдық  есептері  екі  жыл  қатарынан  «Қаржылық  сектордағы  үздік 
жылдық есеп» атанды. 
2014  жылы  баспасөз-конференциялары  ұдайы  өткізіліп  отырды,  «Қолжетімді  баспана  –  2020» 
бағдарламасын  іске  асыру  жөнінде  жұртшылық  өкілдерімен,  мемлекеттік  құрылымдармен  кездесулер 
ұйымдастырылды.
Бір жыл бойы баспасөз-конференциялары, «Самұрық-Қазына» АҚ бірыңғай порталында және Bnews.kz 
ақпараттық агенттігінде онлайн-конференция», «Алаш айнасы» газетінің сайтында, «Самұрық-Қазына» АҚ 
бірыңғай порталында интернет-конференция және Орталық коммуникациялар қызметі жанында брифинг, 
2 баспасөз туры өткізілді, Жылжымайтын мүлік қорының басшыларымен 20 сұхбат жарияланды, Қазақстан 
Республикасының  БАҚ басылымдарында Жылжымайтын мүлік қорының «Қолжетімді баспана – 2020» 
бағдарламасын іске асыруы туралы 70-тен астам мақала жарық көрді. Жылжымайтын мүлік қорының топ-
менеджменті «Н.Ерімбетовтің ашық студиясы», «Портрет недели», «Көзқарас», «Жаңа Қазақстан – 2050», 
«Бiз»,  «Жасыл  экономика»,  «Правительственный  час»,  «Үкімет  сағаты»,  «Алаң»  телебағдарламаларына 
қатысты.  20-дан  астам  интернет-сайтта  40-тан  астам  іс-шара  туралы  баяндалды,  республикалық  және 
өңірлік  телеарналарға,  радиоға  700-ден  астам  ақпарат  шықты.  Қоғамның  инвестициялық  қызметі 
мәселелері  бойынша  жедел  жауаптар  дайындау  жолымен  халықпен  кері  байланыс  қамтамасыз  етілді, 
сондай-ақ Қоғамның қызметі мәселелері түсіндірілді. Веб-сайт ұдайы өзектендіріліп отырады, әлеуметтік 
желілер арқылы жұмыс жүргізіледі.  

63
Жасалуына мүдделілік бар мәмілелер туралы ақпарат   
2014 жылы Компания мүдделі тараптармен мынадай мәмілелер жасады: 
 

«Қазпошта» АҚ-мен «EMS Kazpost» экспресс-пошта қызметтерін көрсету туралы 2014 жылғы 14 
қаңтардағы № ЭП-46 шарт;
 

«Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС-мен өртке қарсы қызметтерге арналған 2014 жылғы 17 қаңтардағы 
№4/1 шарт;
 

«ЖМҚ Менеджмент» ЖШС-мен 2014 жылғы 22 қаңтардағы №6 сенімгерлікпен басқару шарты 
(Астана қаласындағы үй-жайларды тапсыру туралы);
 

«ЖМҚ Менеджмент» ЖШС-мен 2014 жылғы 30 қаңтардағы №12 сенімгерлікпен басқару шарты 
(«Эталон» ТК-дегі үй-жайларды тапсыру туралы);
 

«ЖМҚ Менеджмент» ЖШС-мен  2014 жылғы 30 қаңтардағы №13 кеңсе жалдау шарты;
 

«Самұрық-Қазына» Келісімшарт» АҚ-мен Жергілікті қамтудың мониторинг картасын техникалық 
сүйемелдеу бойынша қызмет көрсетуге арналған 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 42/163-КМ-ТС/13 шарт;
 

«Самұрық-Қазына» Келісімшарт» АҚ-мен ТЖҚ бірыңғай номенклатуралық анықтамалығын 
өзектілендіру қызметтерін көрсетуге арналған 2014 жылғы 31 қаңтардағы №20/ЕНС-81/2014 шарт;
 

«Самұрық-Қазына» Келісімшарт» АҚ-мен – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Электрондық сатып алудың 
ақпараттық жүйесін пайдалану құқығын беру бойынша қызметтерді көрсетуге арналған 2014 жылғы 
31 қаңтардағы 21/08-ис7З/024-01 шарт;
 

«Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік сату дирекциясымен (телекоммуникация қызметтерін көрсетуге 
арналған) 2014 жылғы 4 ақпандағы №21/2 шарт;
 

«Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік сату дирекциясымен (ID TV) 2014 жылғы 18 ақпандағы №28 шарт;
 

«Қазақтелеком» АҚ АЖД-мен ақпараттық телекоммуникациялар қызметтерін көрсетуге арналған 
2014 жылғы 5 ақпандағы №23/92 11 КБ шарт;
 

«КазмунайГаз Сервис-Compass» ЖШС-мен Жылжымайтын мүлік қорының ғимаратына қызметтер 
көрсетуге арналған 2014 жылғы 27 наурыздағы № 55/1/кмгс-с-50/2014 шарт;
 

«ЖМҚ Менеджмент» ЖШС-мен бөлмежайларды жалдау туралы 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 61 
жалдау шарты;
 

«ЖМҚ Менеджмент» ЖШС-мен жасалған 22.01.2014 №6 Сенімгерлікпен басқару шартына 2014 
жылғы 26 мамырдағы №1 қосымша келісім;
 

 «ЖМҚ Менеджмент» ЖШС-мен 2014 жылғы 10 шілдедегі №98 Сенімгерлікпен басқару шарты 
(Ақтөбе қаласы, «Юнис-Сити» ТК тұрғынжайлары);
 

«ЖМҚ Менеджмент» ЖШС-мен 2014 жылғы 10 шілдедегі №99 Сенімгерлікпен басқару шарты (Тараз 
қаласындағы тұрғынжайлар);
 

«ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС-мен тұрақ орындарын жалға беру қызметтерін көрсетуге арналған  
2014 жылғы 21 тамыздағы № 118/1 шарт;
 

«Самұрық-Қазына» АҚ-мен «Ақкент» және «Эдельвейс» тұрғын үй кешендерінде орналасқан 
жылжымайтын мүлікті сенімгерлікпен басқарудың 2014 жылғы 2 қыркүйектегі  шарты;
 

«ЖМҚ Менеджмент» ЖШС-мен жасалған 10.07.2014 № 98 Сенімгерлікпен басқару шартына 2014 
жылғы 12 қыркүйектегі №1 қосымша келісім;
 

«ЖМҚ Менеджмент» ЖШС-мен жасалған 11.04.2014 № 67 Сенімгерлікпен басқару шартын бұзу 
туралы 2014 жылғы 10 қазандағы №114 келісім; 
 

«ЖМҚ Менеджмент» ЖШС-мен 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №177 Сенімгерлікпен басқару шарты 
(Алматы облысы «Асыл Арман» ТК 1-кезең 1-кезектегі тұрғынжайлар); 
 

«Самұрық-Қазына» АҚ-мен Уақытша қаржылық көмек беру туралы 2014 жылғы 29 желтоқсандағы 
№463-и шарт;
 

«СҚ Девелопмент» ЖШС-мен Уақытша қаржылық көмек беру туралы 2014 жылғы 30 желтоқсандағы 
№202 шарт.

64
Ақпараттық технологиялар саласындағы саясат
Жылжымайтын  мүлік  қорында  және  Жылжымайтын  мүлік  қоры  тобында  бірыңғай  ақпараттық  кеңістік 
құрудың негізгі  мақсаттары мен міндеттері мынадай:
 

Жылжымайтын мүлік қорының және оның еншілес ұйымдарының бірыңғай корпоративтік АТ – 
инфрақұрылымын құру;
 

АТ басқару тиімділігін арттыру. 
2014 жылы «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Ақпараттық технологияларды дамытудың 
2014-2017 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілді (Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 26 
желтоқсандағы №89 шешімі).
Ақпараттық технологияларды дамытудың стратегиялық жоспары «Самұрық-Қазына» жылжымайтын 
мүлік қоры» АҚ-ның 2014-2023 жылдарға арналған Даму стратегиясына сәйкес әзірленді.
АТ саласын корпоративтік басқару – жоғары басшылықтың және Директорлар кеңесінің жауапкершілігі, 
оған көшбасшылық, Жылжымайтын мүлік қорының ағымдағы және стратегиялық мақсаттарына 
сәйкестікті қамтамасыз ететін ұйымдық құрылымдар мен процестер жатады.    
АТ дамытудың стратегиялық жоспары екі  кезеңмен іске асырылады:
1.  2014  –  2015  жылдар:  Жылжымайтын  мүлік  қорының  бизнес  процестерін  автоматтандырудың 
ағымдағы жобаларын аяқтау. Осы кезең шеңберінде Жылжымайтын мүлік қоры қызметтің жоспарлау, 
мониторингілеу  және  талдау  процестерін  автоматтандыруға  мүмкіндік  беретін  жоспарлау  және 
басқарушылық  есептілік  жүйелерін  енгізуді  аяқтауды,  Жылжымайтын  мүлік  қорының  және  оның 
еншілес ұйымдарының қаржылық ағындары мен активтерін басқару сапасы мен жеделдігін арттыруды, 
сондай-ақ  Жылжымайтын  мүлік  қорының  қаржылық  есептілігін  шоғырландырылған  процестерін 
автоматтандыру  және  «Самұрық-Қазына»  АҚ  басқарушылық  есептілігі  жүйесімен  ықпалдастыру 
мақсатында  Жылжымайтын  мүлік  қорының  шоғырландырылған  қаржылық  есептілігі  жүйесін    1С: 
Шоғырландыру 8 ПРОФ платформасында енгізуді жоспарлайды.
2.  2016 – 2017 жылдар: Жаңа стратегиялық бағыттар бойынша жобаларды іске асыру. Екінші кезеңде 
Жылжымайтын мүлік қоры Жылжымайтын мүлік қорының Даму стратегиясын іске асыруды қамтамасыз 
ету  үшін  Трансформация  іс-шараларын  және  ИТ  инновация  шараларын  мейлінше  тиімді  іске  асыра 
отырып,  Қор  тобында  синергияға  қол  жеткізу  мақсатында  «Самұрық-Қазына»  жылжымайтын  мүлік 
қоры» АҚ Трансформация бағдарламасын іске асырудың жол картасын ұстанады. 
Жылжымайтын  мүлік  қоры  ақпараттық  технологиялары  ішкі  аудитінің  қорытындылары  бойынша  АТ 
кемелдену  деңгейі  2014  жылы  өткен  жылмен  салыстырғанда  жақсарып,  үздік  халықаралық  тәжірибе 
көрсеткіштеріне жетті десе болады. Жалпы алғанда, АТ-процестерінің кемелденуін бағалау  3,9% артып, 
56,9% деңгейге жетті, бұл халықаралық стандарттардан 4,1% пайыз ғана төмен. 
Корпоративтік  ақпараттық  жүйесінің  (бұдан  әрі  –  КАЖ)  бағдарламалық  жасақтамасындағы  ақаулықтар 
КАЖ  аппараттық  жасақтамасындағы  істен  шығулар  (серверлер,  байланыс  арналары)  АТ-жүйелер  мен 
инфрақұрылымның  негізгі  тәуекелдері  болып  табылады.  Осы  тәуекелдерді  болдырмау  мақсатында 
Компания мынадай бағыттарда жұмыстар жүргізеді:
• 
компанияға енгізерден бұрын КАЖ өзгерістерін қауырт жүктемелерді (пайдаланушылардың 
мейлінше көп саны,  операциялар түрлерінің мейлінше көп саны) модельдей отырып, мұқият 
тестілеу;
• 
деректерді резервтеу;
• 
КАЖ аппараттық жасақтамасын жаңарту (серверлік жабдықты өнімдісіне ауыстыру);
• 
серверлік бөлмелердің температуралық, электрлік режимдерін қамтамасыз ететін жабдыққа 
ауыстыру.
Жүргізілген  жұмыстардың  нәтижелері  деп  серверлік  жабдықтың  істен  шығуы  салдарынан  ақпараттық 
жүйелердің тұрып қалмауын, сондай-ақ серверлік жабдық ауыстырылғаннан кейін КАЖ жұмыс қабілетіндегі 
ақаулар саны мен ұзақтығының азаюын (жекелеген модульдердің кідіруін, баяулауын) айтамыз.

65

66
Орнықты даму Компанияның бұдан әрі өсуі мен дамуы үшін негіз болып табылады.  Компания еңбекті 
қорғау, әлеуметтік жауапкершілік, экологиялық әсерді басқару мәселелерін басқарудың сенімді және 
тиімді жүйесін құруды көздейді.  
Компания Орнықты даму саласындағы негізгі қағидаттарды бекіте отырып, Корпоративтік әлеуметтік 
жауапкершілік саласындағы саясатты, Компанияның Экологиялық саясатын және әлеуметтік саясат пен 
мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу саласында бірқатар басқа да құжаттарды әзірлеп, бекітті.  
Жылжымайтын мүлік қоры барлық мүдделі тараптар: қоғам, мемлекет, акционер, әріптестер, 
жеткізушілер, сатып алушылар (жалгерлер), персонал және т.б. алдында корпоративтік әлеуметтік 
жауапкершілікті сезінеді және мойындайды. 
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы саясатқа сәйкес корпоративтік әлеуметтік 
жауапкершіліктің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
 

Жауапты іскерлік тәжірибені жүргізу;
 

Адам ресурстарын және еңбек қатынастарын дамыту;
 

Экологиялық әсерді басқару;
 

Әлеуметтік бағдарланған қызмет.
Қоғаммен өзара әрекеттестік
Жылжымайтын мүлік қоры өз қызметін мыналарға негізделе отырып, жүзеге асырады:
 

барлық стейкхолдерлермен өзара қарым-қатынастарды парасаттылық, әділдік, адалдық және 
ашықтық ұстанымдарына негізгі этикалық нормаларды сақтай отырып, іскерлік тәжірибені жүргізу; 
 

тікелей не үшінші тұлғалар арқылы көрінеу жалған не тексерілмеген ақпаратты таратпау;
 

адал бәсекелестік ұстанымдарын сақтау.
Жылжымайтын мүлік қоры қызметінің тұрғын үймен қамтамасыз ету саласында халықтың проблемаларын 
шешуді көздеген әлеуметтік бағдарлы бағыты бар.
Жылжымайтын мүлік нарығындағы дағдарысқа қарсы бағдарламаның операторы ретінде Жылжымайтын 
мүлік  қоры  маңызды  әлеуметтік  міндетті  шешті,  жүзеге  асырды  –  объектілердің  құрылысын  аяқтап, 
үлескерлердің  проблемаларын  шешті.  2009-2014  жылдар  ішінде  19  құрылыс  объектісі,  1  құрылыс 
объектісінің  4  блогы  пайдалануға  берілді,  3  мыңнан  астам  үлескер  пәтер  алып,  өздерінің  тұрғын  үй 
проблемаларын  шешті.  Сонымен  қатар  Жылжымайтын  мүлік  қоры  халыққа  сатып  алу  құқығымен  ұзақ 
мерзімді жалдауға 871 пәтер берді. 
«Қолжетімді  баспана  –  2020»  бағдарламасын  іске  асыра  отырып,  Жылжымайтын  мүлік  қоры  халықты 
сапалы әрі қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етеді. 2014 жылы халыққа сатып алу құқығымен 1179 
пәтер ұзақ мерзімді жалға берілді.  
Осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде Жылжымайтын мүлік қоры тұрғын үй ғимараттарын пайдалану 
кезінде  энергетикалық  ресурстарды  тиімді  және  үнемді    жұмсалуын,  адамдардың  денсаулығын  және 
қоршаған табиғи ортаны қорғау бойынша санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптардың 
орындалуын,  сондай-ақ  ғимарат  элементтері  мен  инженерлік  жабдықтарды  пайдалану  кезінде 
тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жобалық шешімдерді қолдайды. 
Жылжымайтын мүлік қоры «жасыл құрылыс» саласындағы жобаларды іске асыра отырып, осы бағытты 
жалпы ел ішінде дамытуға атсалысады. Өткен жылы Жылжымайтын мүлік қоры «жасыл құрылыс» бойынша 
бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды, соның ішінде жекелеген іс-шаралар мен техникалық кеңестің ашық 
отырыстары шеңберінде құрылыс мамандықтары студенттері үшін «жасыл құрылыс» бойынша тегін оқу 
семинарларын өткізді. Семинарға барлығы 50-дей оқушы қатысты.
Жылжымайтын  мүлік  қоры  құрылыс  материалдарының,  тауарлардың,  жұмыстар  мен  қызметтердің 
отандық  өндірушілерін  қолдауға  жәрдем  көрсетуде.  Жылжымайтын  мүлік  қоры  қаржыландыратын 
құрылыс салушылардың сатып алуындағы қазақстандық қамту 2014 жылы  81% болды.
Жылжымайтын  мүлік  қоры  өзі  қаржыландыратын  құрылыс  объектілерінде  жұмыс  орындарына  қолдау 
көрсету және құру арқылы жұмыспен қамту мәселелерін шешуге қомақты үлес қосып келеді. 2010-2014 
жылдар ішінде құрылыс объектілерінде 11 мыңнан астам жұмыс орнына, соның ішінде 2014 жылы – 1,1 
мыңнан астам жұмыс орнына қолдау көрсетілді.  

67
Инвесторлармен, әріптестермен, құрылыс салушылармен және басқа да мүдделі тараптармен қатынасты 
құра отырып, Жылжымайтын мүлік қоры:
 

ашықтық, адалдық, өзара пайда мүдделерін сақтау, қабылдаған міндеттемелерге жауапкершілікті 
түсіну қағидаттарын басшылыққа алады;
 

шарттық қатынастардың талаптарын сақтайды;
 

көрсетілетін қызметтердің сапасын тұрақты жетілдіруге ұмтылады;
 

Іскерлік әдеп кодексіне, Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес өзара қарым-қатынастарда құрмет 
пен адалдықты көрсетеді;
 

жалпыға бірдей қабылданған адамгершілік-әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді. 
Әріптестермен, құрылыс салушылармен және басқа да мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасаудың 
негізгі  тетіктеріне  кеңес  берулер,  келіссөздер,  дөңгелек  үстелдер,  мамандандырылған  баспасөз 
конференциялары  және  семинарлар,  көрмелер  және  экономикалық,  технологиялық,  экологиялық, 
әлеуметтік  және  заңды  аспектілерді  қоса  алғанда,  мәселелердің  кең  ауқымын  талқылауға  мүмкіндік 
беретін басқа да іс-шаралар жатады. 
Жылжымайтын мүлік қоры «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында  арнайы 
баспасөз-конференцияларын,  «Самұрық-Қазына»  АҚ  бірыңғай  порталында  және  Bnews.kz  ақпараттық 
агенттігінде онлайн-конференция», «Алаш айнасы» газетінің сайтында, «Самұрық-Қазына» АҚ бірыңғай 
порталында интернет-конференция және Орталық коммуникациялар қызметі жанында брифинг өткізді, 
сондай-ақ тұрғын үй құрылысы жобаларына қойылатын талаптар мен оларды іске асыру тетіктерін түсіндіру 
бойынша құрылыс салушылар мен құрылыс компанияларының қатысуымен ұдайы кеңестер өткізіп тұрады, 
өткізілген 2 баспасөз туры барысында сәулет және құрылыс саласында жергілікті атқарушы органдардың, 
мемлекеттік  органдардың,  Құрылыс  салушылар  қауымдастығының,  құрылыс  компанияларының  және 
өндіруші  компаниялар  өкілдерінің  және  құрылыс  материалдары  мен  жабдықтарын  жеткізушілердің 
қатысуымен дөңгелек үстелдер мен семинарлар  өткізді. 
Жергілікті  атқарушы  органдарда  кезекте  тұрғандар  арасында  пәтер  бөлу  мәселелері  бойынша  2014 
жылы  Астана,  Алматы  қалаларының,  Алматы  облысының,  Ақтөбе,  Тараз  қалаларының  әкімдіктерімен 
ынтымақтастық  туралы  шарттар  жасалды.  Халықтың  төлемге  қабілетін  тексеру  және  азаматтарды 
кредиттеу  бойынша  жұмыстарды  ұйымдастыру  үшін    «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі»  АҚ-мен  және 
«Темірбанк» АҚ-мен тиісті келісімдерге қол қойылды. 
Әлеуетті  инвесторлар  іздеу  бойынша  белсенді  жұмыстар  жүргізілді,  отандық  және  ҚХР,  Франция,  БАӘ, 
Германия,  Түркия,  Ресей,  Украина  сияқты  мемлекеттерден  келген  шетелдік  инвесторлармен  кездесу 
өткізілді. 
Бір жыл ішінде Жылжымайтын мүлік қоры елде орнықты құрылысты дамытуға, шетелдік сарапшылармен 
тәжірибе  алмасуға,  заңнамадағы  кедергілерді  жоюға  бағытталған  семинарларға,  дөңгелек  үстелдерге, 
отырыстарға,  конгрестерге  қатысты.  Үздік  инновациялық  шешімдер  табу  жолында  және  тәжірибе 
алмасу  мақсатында  Жылжымайтын  мүлік  қорының  қызметкерлері  жыл  бойы  түрлі  іс-шараларға,  атап 
айтқанда мынадай ірі іс-шараларға қатысты: Шымкент қаласында «Жасыл» экономика бойынша екінші 
халықаралық  инвестициялық  форумы,  Алматы  қаласында  KazBuild  2014  21-ші  халықаралық  құрылыс 
көрмесі, AstanaBuild 2014 17—ші Қазақстандық Халықаралық көрмесі, Астана қаласында “Energy Efficien-
cy Financing & Delivery Mechanisms in Kazakhstan” конференциясы, Астанада Біріккен Ұлттар Ұйымының 
Даму  бағдарламасы  ұйымдастырған  «Қазақстандағы  жасыл  құрылыс  стандарттары»  конференциясы,  
Астанада  Бірінші  Еуразиялық  Құрылыс  конгерсі,  Астанада  «Greenbuild  Eurasia  2014»  жасыл  құрылыс 
мәселелері жөніндегі конференциясы. «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Назарбаев Университеті» арасындағы 
жасалған ғылыми-зерттеу, білім беру және инновациялық қызмет саласындағы Ынтымақтастық туралы 
меморандум  аясында  Жылжымайтын  мүлік  қоры  «Назарбаев  Университетінің»  Зияткерлік  жүйелер 
және  энергиялық  тиімділік  зертханасымен    Қазақстан  Республикасының    «жасыл  құрылыс»  жөніндегі 
заңнамасына  өзгерістер  енгізу  бойынша  ұсыныстар  әзірлеу  жобасын  пысықтауда.  2014  жылы  өткен 
«Greenbuild Eurasia 2014» жасыл құрылыс мәселелері жөніндегі конференциясында жүзден аса отандық 
және шетелдік делегаттардың қатысуымен Жылжымайтын мүлік қоры Қазақстанда «жасыл құрылысты» 
дамыту  ісіне  белсенді  қатысушы  ретінде  атап  өтіліп,  Kazakhstan  Green  Awards  2014  «жасыл  құрылыс» 
саласындағы халықаралық сыйлықақымен марапатталды.

68
Ашықтық және шынайылық қағидаттарына сәйкес Жылжымайтын мүлік қоры мүдделі тараптарға, оның 
ішінде қаржылық жағдайы, қызметтің нәтижелері, меншік және басқару құрылымы («Ақпараттық саясат» 
бөлімін қараңыз) туралы ақпараттың уақтылы және дұрыс ашылуын қамтамасыз етеді. 
Өзекті ақпаратпен алмасу, кәсіби байланыстар құру, имиджді нығайту және Компанияның беделі бойынша 
жүргізілетін  жұмыс  мемлекетке  тұрғын  үй  құрылысын  дамытуда  жәрдемдесетін  табысты  компания 
ретіндегі Жылжымайтын мүлік қорының ұстанымын сақтауға және дамытуға бағытталған.  
Жылжымайтын  мүлік  қоры  тұрғын  үй  құрылысының  қазіргі  заманғы  стандарттарын  енгізу,  құрылыс 
объектілеріне техникалық сараптама жүргізу, тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй қатынастары бойынша 
заңнаманы жетілдіру, тұрғын үй қорының, тұрғын үй құрылысының талдамалық зерттеулері, жылжымайтын 
мүлікпен операциялар бойынша ынтымақтастық мәселелері бойынша белсенді мемлекеттік органдармен 
белсенді өзара іс-қимылдар жасайды.     
Осылайша, 2014 жылы Жылжымайтын мүлік қорының заң қызметі «Тұрғын үй қатынастары мәселелері 
жөніндегі  Қазақстан  Республикасының    кейбір  заңнамалық  актілеріне  өзгерістер  мен  толықтырулар 
енгізу  туралы»  Қазақстан  Республикасы    Заңының  жобасын  талқылауға  белсенді  қатысты.  «Тұрғын  үй 
құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына нақтылаушы өзгерістер енгізу 
жөніндегі бастамашылық еткен ұсыныстар 2014 жылғы 29 желтоқсанда № 270-V ҚРЗ қабылданды.
Жылжымайтын мүлік қоры жауапты және адал салық төлеуші болып табылады.  2014 жылы  жалпы сомасы 
420,5 млн.теңгеге салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төледі.
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер, млн.теңге

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет