Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі



Pdf көрінісі
бет10/33
Дата03.03.2017
өлшемі16,22 Mb.
#5524
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33

41
әйелдікке алмауын, тек есіктегі күңі ретінде пайдалануын талап 
етеді. Бұл бір ғана дерек аңыз. Мұның өзі Мамайдың жас кезінен 
опасыздыққа жаны қас қана емес, сол опасыз өмірдің бір сәттік 
алданышынан  ел  мүддесін  жоғары  қоя  білгендігін  көрсете  ме 
дейміз. Мамайдың сол кісілігі мен кейінгі ерлік жолы жоғарыда 
аталған «Ер Мамай» жырында молынан қамтылған. «Қанжығалы 
Бөгенбайға шәкірт болып, Мамай ер шыққан екен батыр болып. 
Он  жеті,  он  сегізінде  көзге  түскен,  Өзіне  аруақ,  бақыт  қатар 
қонып.  Кезінде  кәпірлерді  қырған  талай,  Өтіпті  тобықтыда 
сардар Мамай. Соғысып дұшпандардан кек қайтарған, Болғанда 
ұзақ шайқас, қиын жағдай» деп жырлайды Мұсайын ақын. Осы 
жыр дастанда ол кіші жүз жасағындағы тобықты, арғын қолын 
басқарған Балта Керей Қолшыман батырдың оң қолы болғандығы 
айтылады. Ал Қолшыман батырдың Еділ бойындағы ерлігі, Арал 
төңірегіндегі  жан  беріп,  жан  алысқан  арпалысы    Қожаберген 
жыраудың әйгілі «Елім-ай» жырының бірінші бөлімінде шынайы 
түрде суреттелген.
Жас Мамайдың бір ұрыстағы ерлігіне және соны мен істедім, 
мен  атқардым  демеген  қарапайымдылығына  ерекше  риза 
болғандықтан  оған  мыңбасы  атағын  берген  де  осы  Қолшыман 
екен.  Осындай-осындай  ел  билеген  даналар  мен  қол  бастаған 
батырлардан бата алған Мамайдың ендігі өмірі ақ жолға айналған 
көрінеді.
Әйгілі Қожаберген жыраудың:
      Қолшыманға еріп Мамайым,
      Ғаскермен бірге барасың.
      Барған жерде кездесіп,
     Дұшпанға ойран саларсың,- деп ұзақ толғай келіп, бұның 
да батасын беретіні сол кез. Осы сапар Қолшыман мен Мамай 
батырды  Қожаберген  жыраудың  әкесі  Толыбай  сыншы  өз 
ордасында қадірлі қонақ ретінде қабылдап, ол да батасын берген 
екен дейді бізге жеткен аңыз.
Міне,  содан  кейін  іле  өткен  бір  шайқаста  Мамай  батыр 
қатарынан бес рет жекпе жекке шығып, соның бесеуінде де қазақ 
ғаскерінің рухын аспандатқан дейді тағы бір ескілікті аңыз. «Ер 
Мамай»  жырында  мұнан  кейін  Мамайдың  сардар  дәрежесіне 
көтерілгенін,  ал  1755-1757  жылдар  аралығындағы  көрсеткен 
ерліктері  үшін  Қолшыман  баһадүр  оны  жоғары  бағалып,  өз 
орнына ордабасы етіп тағайындағанын, ал өзі Мамайға ақылшы 
болып  қалғаны  баяндалады.  Осы  жырда  Ер  Мамайдың  кіші 
жүздің  он  екі  ата  байұлына  жататын  Байбақты  елінен  шыққан 
Сырым  Датұлымен  достығы  да  ескерусіз  қалмаған.  Содан 
Қолшыман,  Мамайлардың  байұлы  елінің  басты  адамдарының 
тілегімен тағы да бірнеше жыл Еділ-Жайық бойында қалуларына 
тура келеді.Ондағы мақсат екі өзен аралығын казак орыстар мен 
қалмақтардан  арылтуға  қол  ұшын  беру  болатын.  Соған  орай 
мұндағы  түпкілікті  жер  иелері  оларға  Жайық  өзені  бойынан 
шұрайлы өріс беруге уәде еткен.
Осы  екі  жақты  міндет  те  мүмкіндігінше  абыроймен 
орындалған. Бірақ ежелгі жау – қалмақтар тарапынан қауіп бұлты 
сейілген соң Ер Мамай өзіне ерген қалың елін сайын Сарыарқа 
төсіне қарай бастайды. Оған бір тобықты емес, қалың арғыннан 
тарайтын жеті момын деп аталатын бәсентиін, атығай, қарауыл, 
қанжығалы  және  ереді.  Соның    ішінде  тобықтының  қасиетті 
Шыңғыстауға қайта келіп жайғасқанын дала данышпаны атанған 
ойшыл ақын Шәкәрім жыры айғақтайды:
Келгені тобықтының осы маңға,
Мың жеті жүз сексенге тақалғанда.
Елді бастап әкелген Мамай батыр,
Орда, Көкен, Ащысу, Доғалаңға.
Ал енді мұны бұл шақта батыр баба атана бастаған Мамайдың 
екінші ерлігі емес деп кім айтады. Мамай батыр сол ұлы көште 
Шыңғыстауға  өз  ағайындарымен  бірге  көңілі  жақын  тамалар 
мен қожаларды ала келгенін тарихи деректер айғақтайды. Бұл да 
оның тар шеңбердің адамы болмағанын дәлелдесе керек.
Мұның  және  бір  шындығын  жоғарыда  аталған  Қалихан 
Алтынбаевтың «Мамай батыр» дастанынан табасыз. Онда ортақ 
жау  қалмақтан  құтылған  соң  қазақтың  өз  ішінде  жер  таласы 
басталғаны  ащы  болса  да  шындық  тұрғысынан  баяндалған. 
Соның  бір  дәлеліндей,  найманнан  тарайтын  матай  елі  мен 
тобықты елінің Шыңғыстауға таласы батырлардың жекпе жегіне 
дейін ұласқан көрінеді. Сонда тобықтының Сары деген батыры 
матайдың Маян деген батырын жер жастандырып тынады. Сол 
шақта дөң басында тұрған Мамай алғашқыда лап етіп қуанғанмен 
Сасық деген лақап аты бар бір туысына: «Өзіміз талай майдан 
құрушы едік, найзаны екінші болып ұрушы едік. Қандасы қазақ 
түгіл, қалмаққа да жол беріп, жасы үлкен деп тұрушы едік» деп 
қатты налиды. Мүмкін ел бірлігіне құрт түскен кез осы шақтан 
басталған да шығар. Бірақ оған кешегі Ер Мамай, батыр бабаның 
еш кінә, жазығы жоқ.
Алты томдық «Тобықты-Шыңғыстау шежіресін жазған белгілі 
этнограф Молдабек Жанболатов ағамыз Мамай батырдың алып 
күшпен бірге, ақыл иесі де болғандығын нақтылы деректермен 
баяндайды. Яғни, ол хандардың кеңесшісі де болған, қол бастап 
қана қоймай, елге билік те жүргізген. Әнет баба оны еркелетіп 
«Жау  шапқанда  Мамайым,  жайшылықта  малайым»  дейді  екен. 
Молдекеңнің шежіресінде батыр  жасы 108-ге келгенде өмірден 
озғаны айтылады. Қалай десек те, Мамай батыр жасында көрген 
бейнетінің жасы келгенде, тіпті оны айтасыз өмірден озған соң 
да зейнетін көрген адам. Айталық, тобықтының өсіп өнген бір 
тобы  Мамай  есімімен  аталады.  Тобықтыда  мұндай  құрметті 
хакім Абайдың арғы атасы Ырғызбай ғана иеленгенін айтсақ, бұл 
батыр бабаға деген ұрпағының зор илтипаты болса керек.
Сондықтан  да  болар,  осының  бәрі  қосыла  келгенде  Сыр 
бойында туып, Шыңғыстауда көз жұмған батыр баба мүрдесінің 
қасиетті  Түркістанда  жер  қойнына  берілуіне  жол  ашады.  Бұл 
шаруа батырдың өз өсиеті бойынша жүзеге асырылады. Яғни, ол 
дүниеден қайтар шағында ұрпағына өзін ұлт көсемі Абылай хан 
жатқан Әзірет Сұлтанға – Ахмет Ясауидің қабірстанына жерлеуді 
аманаттайды. Сөйтіп, о дүниеде кешегі қимас асылдармен қатар 
жатуды жөн көреді.
Бірақ  әркім  сондай  тілек  білдірген  екен  деп  оның  бәрі 
орындала бермейтіндігі де рас қой. Алайда, бұл орайда Мамай 
батырдың өзінің де, сөзінің де орны бөлек-ті. Солайша батырдың 
жүрегі мен ішкі құрылысы Шыңғыстауда, қасиетті Орда тауының 
етегінде, ал ұлы денесі өз өсиетіне орай Түркістанда жерленеді.
Сөз соңында кешегі бір Мамай батыр ұрпағы арасынан екі 
бірдей  Кеңес  Одағының  Батыры,  бірнеше  Еңбек  Ері,  ғылым 
мен  әдебиет  қайраткерлері  шыққанын  айтсақ  та  жеткілікті 
болар.  Әдетте  батырдың  арты  сұйық  деп  жатады.  Жоқ,  Мамай 
батырдың арты сұйылмады. Кезінде сол Мамай батыр арқасында 
қасиетті Шыңғыстауға келіп жайғасқан бұл өңір қазірде ұлылар 
елі, ақындар Меккесі атанып отырса, солай демегенде не дерсің!
 
                                           ххх 
Осыдан  оншақты  жылдан  астам  уақыт  бұрын  жазылған 
батыр  туралы  бір  мақаламызда  баба  рухына  ас  бағыштап,  ат 
шаптырумен ғана шектелмей, алдағы уақытта Семейде оған бір 
көшенің  аты  берілсе,  ұлылар  елінде  ескерткіші  орнатылса  деп 
жазыппыз. Бұл жалғыз біздің ғана емес, қалың көпшіліктің тілегі 
еді. Ал көп тілегі көл деген осы!
Сөз  соңында  есімі  жоғарыда  біздің  тарапымыздан  аса 
құрметпен аталған айтыскер ақын Қалихан Алтынбаевқа қайта 
бір  оралсақ  дейміз.  Сол  қадірменді  ағамыз  ұлылар  елін  алыс-
жақыннан  келген  қонақтарға  жыр  шумақтарымен  таныстыра 
келіп былайша толғанған еді:
Туғызды Шыңғыс Мамайды,
Туғызды Шыңғыс Абайды.
Базаралы, Тәукедей,
Сайыпқыран талайды.
Ең соңында толғатты,
Мұхтардай Гималайды!
Бұдан артық қайт десің,
Туғызбаса құдайды!
Бұған енді біздің алып қосарымыз жоқ. Десе де, бұдан жер 
ұйығы тек Шыңғыстау деген ұғым тумаса керек. Яғни, Олжекең, 
халқымыздың  арғымақ  ақыны  Олжас  Сүлейменов  айтпақшы, 
тауларды  аласартпай,  даланы  асқақтатқанға  не  жетсін!  Қазақ 
елі түкпір-түкпірдегі осындай  асылдарымен ерекше, қазақ жері 
Шыңғыстаудай  шоқтығы  биік  таңғажайып  өлкелерімен  көрікті 
де көркем!

42
Ұлы  Дала  Елінің  пассионарлық  қуатымен  таңбаланған 
Қазақ  хандығының  құрылғанына  550  жыл  толатындығын  атап 
өту мәселесіне Елбасы тарапынан ерекше мән берілгені жалпы 
жұртшылықты,  әсіресе,  тарихшылар  қауымын  елең  еткізді. 
Мемлекетіміздің  ғасырлармен  ұштасқан  тарихы  бар  екендігін 
әлемге  паш  етіп,  мақтанышпен  жеткізу  сәті  дәл  осы  тұс  деп 
пайымдасақ артық айтпаған болар едік. 
Кез  келген  халықтың  төл  тарихы  оның  шығу  тегіне, 
мемлекетінің  қалыптасуына  және  оны  қалай  сақтап  қалуына 
байланысты.  Әлемде  мыңдаған  тілде  сөйлейтін  халықтар  бар, 
ал  мемлекеттер  саны  200-ге  жетер-жетпес.  Әрине,  бүгінгі 
адам  өмірінің  қажеттілігін  қамтамасыз  ететін  ХХІ  ғасырға  өз 
мемлекетіңмен жету - бақыт. Біз бүгінгі Қазақстан жеріне яғни 
бүкіл батыс Еуропа немесе бес Францияны сыйғыза алатын, жер 
көлемі жағынан дүниежүзінде 9 орынды иемденетін мемлекетке 
ие болып болып отырмыз. Мұндай байлықты сақтап қалуға тек 
өр  мінезді,  еркіндікке  деген  рухы  мықты  халықтар  ғана  қол 
жеткізетінін    тарих  дәлелдеді.  Күні  Кеше,  тіпті,  Кеңес  билігі 
тұсында мұндай мәселені айтпақ түгілі, ойлауға да мүмкіндік жоқ 
еді. Қазіргі таңда мемлекетіміздің ғасырларға татитын тарихына 
үңіліп, жеңімпаз халық екенімізге көз жеткізуге әбден болады.
Мемлекет  дегеніміз,  нақты  аумақта  бір  немесе  бірнеше 
халықтың  басын  біріктіруші,  мүдделерін  қорғаушы  саяси-
құқықтық  жүйе.  Бұл  жүйенің  пайда  болуы  да,  ондағы  басқару 
тетіктерінің  қалыптасуы  да  ұзақ  мерзімді  қажет  етеді.  Табиғи-
географиялық орта, одан туындайтын шаруашылық-мәдени тип, 
тарих  үдерісі  халықтың  болмысын  даралауға  қалай  әсер  етсе, 
мемлекеттің табиғатын анықтауға да соншалықты ықпал етті.
ХV  ғасырдың  екінші  жартысында  (1465-1466  жж.)  Қазақ 
хандығы  Еуразияның  ұлан-ғайыр  даласында  кем  дегенде  екі 
мыңжылдық  тарихты  артта  қалдырған  сонау  сақ  дәуірінен 
бастау алып, түркілермен жалғасқан мемлекеттер мен заңдардың 
қасиетін,  мәнді  белгілерін,  қағидаларын,  салт-дәстүрін,  әдет-
ғұрпын қабылдай, бойына сіңіре, жетілдіре жалғастырып, өзіне 
ғана  тән  қадір-қасиетімен,  даралануымен  алғашқы  қадамын 
жасады.  Байқап  отырғанымыздай,  біздің  ұлттық  мемлекетіміз 
жай  жерде  ешқандай  негізсіз  құрыла  салған  мемлекет  емес, 
Қазақстан  территориясындағы  ғасырлар  бойғы  мемлекеттік 
үдерістің  заңды  туындысы  екеніне  көзіміз  жетіп  отыр.  Сол 
кезде  Моғолстан  ханы  Есен-Бұға  еншілікке  берген  Шу  мен 
Талас  өзендерінің  арасындағы  алақандай  Қозыбасы  деген 
жерде  қазақтың  алғашқы  хандары  Керей  және  Жәнібек  Қазақ 
хандығының  шаңырағын  құрды.  Әлем  картасында  «Қазақ 
хандығы», «Қазақстан» деген ұғымдар еніп, дүниежүзіне белгілі 
болды. Байқап отырғанымыздай, Жәнібек пен Керей хандармен 
жай ғана тайпалар тобы емес, олар құрған мемлекеттің негізін 
құрайтын рулар мен тайпалардың бірлестігі көшіп келді. 
Ғылыми  ортада  Қазақ  хандығының  құрылу  мерзіміне 
байланысты  ғалымдар  тарапынан  түрлі  пікірлер  айтылып, 
соңғы  уақытқа  дейін  нақты  құрылған  жылын  анықтай  алмай 
келдік.  Дегенмен,  сол  кезде  жазылған  тарихи  құнды  еңбектің 
нәтижесінде бұл мәселе түпкілікті шешілді. Ол - ХҮ ғасырдың 
белгілі  тарихшысы  Мұхаммед  Хайдар  Дулатидың  «Тарихи-
Рашиди»  еңбегі.  Онда  хандықтың  құрылуы  жайында  мынадай 
мәліметтер келтірілген: «Сол заманда Әбілқайыр ханның Дешті 
Қыпшақ  даласына  түгелдей  билік  жүргізіп  отырған  кезі  еді. 
Жошы  ұрпағының  сұлтандары  жорық  жасап,  Жәнібек  хан  мен 
Керей хан одан қашып, Моғолстанға кетіп қалған еді. Есенбұға 
хан оларды құрметтеп қарсы алып, қоныстануға Моғолстанның 
батыс  жағындағы  Шу  өзені  алқабындағы  Қозыбасыны  берді. 
Олар  бұл  аймақта  тыныш  өмір  сүрген.  Әбілқайыр  хан  қайтыс 
болған  соң  өзбек  ұлысы  бір-бірімен  шайқасып,  араларында 
үлкен  келіспеушілік  туды.  Жұрттың  көпшілігі  Керей  хан  мен 
Жәнібек  ханның  жанына  кетіп  қалды.  Олардың  саны  екі  жүз 
мың адамға жетті, оларды өзбек-қазақ деп атай бастады. Қазақ 
сұлтандарының алғашқы билік жүргізуінің басы 870 (1465-1466) 
жылдан басталады (Алла жақсы біледі). 940 (1533-1534) жылға 
дейін қазақтар Өзбекстанның көп бөлігіне иөз иеліктерін толық 
жүргізген еді» - делінген. 
Мемлекеттіліктің тағы бір тетігі – оның нысандары, рәміздері 
қалыптаса  бастады.  Көшпелі  қазақтарда  әскери  жарақ  болған, 
даусыз  бұйымдарының  бірі  –  ту  мен  буыншақ.  Жалаулар  екі 
міндет  атқарды,  олар  аса  мәнді  киелі  нысан  болды  және  шеру 
мен  шайқаста  әскерлерді  басқарудың  тиімді  құралы  ретінде 
қолданылды. Әрбір рудың, әр ұлыс сұлтанының, әрбір ханның туы 
болған. Қалыптасқан дәстүр бойынша бір ханда тоғыз туға дейін 
болуы керек екен. «Тоғыз тулы хан» дегенде көз алдына құдіретті 
билеуші келген. Қазақ хандығының мемлекеттік рәміздері туралы 
мағлұматтар бізге дейін толық жетпей отыр. Жәнібек пен Керей, 
Қасым мен Есім хан, Тәуекел мен Тәуке, Әбілқайыр мен Абылай 
сынды  ел  билеушілеріміздің,  қол  бастаған  баһадүрлеріміздің 
қай-қайсының да өз байрағы болғаны тарихтан мәлім. Мысалы, 
ел жадында ерекше сақталған рәміздердің бірі – Абылайдың ақ 
туы.  Ол  бір  түсті  төрт  бұрышты  ақ  мата.  Шашақты  бауы  бар. 
Қазақтың ұлы ханының туының түсі – Шығыс ғұн (375-454 жж.), 
Ақ ғұн рәміздерімен реңдес болып келген. 
Бұл  тұжырымдарымыздың  дәлелі  -  жуырда  Халықаралық 
Түркі  Академиясының  төрағасы  Дархан  Қыдырәлі  бастаған 
Ақмарал  иБРАЕВА -  М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік 
университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы,
«ҚР  Білім  беру  ісінің  құрметті  қызметкері»,  «Жоғары  оқу  орнының  үздік 
оқытушысы». 
«Халық  тарих  толқынында»  ғылыми  сериялық  жинақтың,  «Қазақстан 
музейлері:  тарих  және  тағылым»,  «Қазақстан  музейлері  тарих  толқынында» 
монографияларының, «Музейтану», «Қазақ мемлекеттілігі», «Қазақстанның ежелгі 
және ортағасырлардағы тарихы» және т.б. оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. 
ибраева А.ғ., т.ғ.д., профессор
ҚАЗАҚ хАНДЫғЫ –
ҚАЗАҚ 
МЕМЛЕкЕТТІЛІгІНІҢ 
ҚАйНАР кӨЗІ

43
өкілдерінің  ғылыми-зерттеу  мақсатында  Қытайға  арнайы  іс-
сапармен барған кезде табылған мәліметтер. Онда қазақ хандары 
басына  тәж  киіп,  қолына  асатаяқ  ұстап,  алтынмен  апталған 
ордаларда  отырып  ел  басқарғандығы  жайлы  құнды  деректер 
тапқан.  Біздің  ойымызша,  бұл  кезеңнің  құжаттары  әлі  толық 
ашылып бітпеген және өз зерттеушілерін күтуде деп есептейміз. 
Сонымен  қатар,  тулар  сырттай  биліктің  белгісі  болып  қана 
қоймай, әскери даңқтың және әскербасы мен әскер абыройының 
нысаны  болған.  Жорықтарда  жауынгерлік  тудың  сақтаушысы 
болып  қазақ  хандығындағы  билеуші  әулет  Шыңғыс  тұқымы 
сұлтандарының  немесе  ықпалды  билердің,  яғни  ру  мен  тайпа 
басыларының бірі тағайындалған. Ту ұстаушы қазақ қосынының 
қолбасшысынан  кейінгі  әскердегі  бірінші  тұлға  болған.  Бұдан 
байқайтынымыз, мемлекеттіліктің мұндай маңызды белгілерінің 
қалыптасуы  Қазақ  хандығы  толыққанды  өзін-өзі  таныта  білген 
субъекет  ретінде  Еуразия  кеңістігіндегі  өзінің  лайықты  орнын 
алған.  Оған  дәлел,  ХҮІ  ғасырдың  басында  Қазақ  хандығы 
билігінің  тізгінін  ұстаған  Қасым  хан  сыртқы  саясатта  сәтті 
қадамдар  жасап,  Әбілқайыр  ханның  мұрагерлерімен  болған 
үлкен  теке-тіресте  жеңіске  жетті.  ХҮ  ғасырдың  орта  тұсында 
құрылған  Қазақ  хандығы  өзінің  алғашқы  күнінен  бастап  ел 
мүддесіне  сай,  ру-тайпалардың  этностық  аумақтарын  қалпына 
келтіру  үшін  күрес  жүргізді.  Ол  мемлекеттің  қабырғасын 
қатайтып, іргесін бекітіп, керегесін кеңейтіп, шаңырағын тіктеді. 
Сондай күрестердің біріне – 1510 жылы қыс айларында Ұлытау 
маңында  Қасым  хан  мен  оның  сол  кездегі  басты  қарсыласы 
Мұхаммед  Шайбани  хан  арасында  өткен  ұрыс  жатады.  Бұл 
ұрыста  кім  жеңсе,  сол  бүкіл  Дешті  Қыпшаққа  иелік  етуші  еді. 
Нәтижесінде, Қасым ханның қолданған шебер әскери стратегия 
мен тактиканың, керемет қолбасшылық өнердің арқасында қазақ 
жасақтары жеңіске жеткен еді. 
Нәтижесінде Түркістан қалаларының басым бөлігі, Ташкент 
пен  Түркістан  аймағына  тиесілі  жерлер  оның  қол  астына  енді. 
Бұл  қалалар  Қазақ  мемлекетінің  оңтүстіктегі  әлеуметтік-
экономикалық,  стратегиялық,  мәдени  ошағына  айналып,  қазақ 
хандарының  келіп-кетіп  жүретін  мекені,  саяси  орталықтары 
болды.  
Қазақ  хандығы  ХV-ХVІІІ  ғасырлар  аралығында  өмір  сүріп, 
дәстүрлі  қазақ  қоғамын  қалыптастырды.  Бұл  қоғамның  өзіндік 
қайталанбас  ерекшеліктері  болғандығын  оның  бай  тарихы 
дәлелдеп отыр.
 Бұлай дейтін себебіміз, біріншіден, Қазақ хандығы осынау 
дәуірде  бір  сәтке  де  тәуелсіздігінен  айрылған  жоқ.  Ел  басына 
күн туған сәттер аз болмаған еді. Жоңғар, қытай, қалмақ қазақ 
жеріне  қызығушылықпен  қараумен  болды.  Бірақ  біздің  батыр 
бабаларымыз бір сәтке де жауға дес бермей келді.
Екіншіден,  тәуелсіздіктің  арқасында  қазақ  халқының 
қалыптасуы  түпкілікті  аяқталды.  Осы  мемлекеттің  құрамына 
енген  түркілік,  түркілік  емес  тайпалар  қазақтанып  кетті. 
Қазақтың тілі, мінезі, болмысы, әдет-ғұрпы, этнопедагогикасы, 
филоофиясы  қалыптасты.  Қазақ  ұлысының  құрылу  үрдісі 
этникалық  аумақтың  қалыптасуымен  және  этносаяси, 
шаруашылық, табиғи, табиғи-географиялық жағдайына орай үш 
этноаумақтық бірлестік – Ұлы, Орта, Кіші жүздердің құрылуымен 
қатар жүзеге асты. 
Үшіншіден,  Қазақ  билеушілері  өздеріне  қарасты  халықтың 
ұлан-ғайыр  жерін  анықтап,  шекараларын  бекемдеді.  Қазақ 
хандығы  халықаралық  субъект  дәрежесіне  көтерілді. 
Сонау  Алтайдан  Оралға  дейінгі  жерлер  Қазақ  хандығына 
тиесілі  болып,  кейін  Кеңес  өкіметі  тұсында  А.Байтұрсынов, 
А.Бірімжанов сынды зиялы қауым өкілдері жаңа құрылған Қазақ 
автономиясының шекарасын кезіндегі Қазақ хандығы бекемдеген 
жерлермен дәлелдеген еді. Осы жерде белгілі ағылшын ғалымы 
Джайл  Флэтчердің  (1549-1611  жж.)  мына  теңеулерін  келтіруге 
болады:  «Смерть  до  того  призерают,  что  охотнее  соглашаются 
умереть, нежели уступить неприятелю, и будучи разбиты, грызут 
оружие, если уже не могут сражаться или помочь себе». Олардың 
мемлекетті қорғаудағы батылдығына бұдан артық қандай дәлел 
керек.    
Төртіншіден,  мемлекет  пен  құқық  қарым-қатынасы 
реттеліп,  «Қасым  ханның  қасқа  жолы»,  «Есім  ханның  ескі 
жолы»,  «Тәукенің  Жеті  жарғысы»,  ислам  дінінің  гуманизмге 
толы  қағидалары  мемлекет  өмірін  дала  демократиясының 
арнасына түсірді. Адамның өмірі, бостандығы мен бас еркі дала 
демократиясының  өзегін  құрады.  Билер  институты  шешімінің 
хан жарлығымен бірдей дәрежеде атқарылғаны осыған айғақ.   
Бесіншіден,  Қазақ  хандығының  билік  институты,  қызметі, 
әлеуметтік топтар қалыптасты. Ондағы билік институты Шығыс 
Дешті Қыпшақ пен Моғолстанды мекендеген номодтардан мұра 
болып  қалған  көшпенділер  қоғамы  жүйесіндегі  әлеуметтік 
қатынастарға  негізделді.  Бұл  жүйе  ұзақ  ғасырларға  созылған 
көшпелілердің  екі  негізгі  әлеуметтік  топ  –  ақсүйек  және  қара 
сүйек  болып  бөлінуіне  байланысты  болды.  Қазақ  қоғамын 
сословиелік-таптық  топтарға  бөлу  негізіне  әл-ауқаттылық 
жағдайынан гөрі, әлеуметтік шығу тегі алынды. Екі әлеуметтік 
топтың  бір-бірінен  саяси,  құқықтық,  әлеуметтік,  мәдени 
жағынан айырмашылықтары болды. Жоғарғы аристократтық топ 
– ақсүйектерге Шыңғыс әулеттері: хандар, сұлтандар, оғландар 
немесе төрелер және қожалар жатты. Ақ сүйектер көшпелі қазақ 
қоғамында  өзінің  шығу  тегіне  және  қоғамда  алатын  жоғары 
дәрежелі орнына байланысты сырттан нұқсан келмейтін жабық 
топты құрады.
Ал  қарасүйек  өкілдерінде  эндогамиялық  құрылым  және 
мұрагерлік  дәреже  болмады.  Оларда  билікке  көтерілер  кезде 
адамның  жеке  басының  қасиеттеріне  байланысты  меритократи 
принципі жүрді. Соның нәтижесінде билер, батырлар, ақсақалдар 
әлеуметтік тобы қалыптасты. 
Көшпелі  қазақ  қоғамында  жоғарғы  дәрежеге  ақ  сүйек 
әлеуметтік  тобының  негізін  құраған  төрелер  ие  болды.  Оның 
құрамына Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тараған Ұрыс-
хан  ұрпақтары  жатты.  «Төре»  сөзі  бүкіл  Шыңғыс  әулетінен 
тараған  еркек  кіндікті  билеуші  сұлтандарды  анықтау  үшін 
қолданылды.  Төрелердің  шығу  тегі  тек  қазақ  қоғамының 
арасында ғана емес, сонымен бірге көптеген Еуразияның түркі 
тілдес халықтары арасында да мойындалды. Көшпелілердегі бұл 
ерекшеліктер,  тарихшы  В.П.  Юдиннің  пікірінше  «чингизизм» 
идеологиясының басымдылығына, яғни Шыңғыс хан және оның 
ұрпақтары  орнатып  кеткен  жалпы  әмбебап  тәртіп  моделіне 
негізделді. «Чингизизм», – деп жазды В.П. Юдин. - Шыңғыс хан 
әулетін  жоғарғы  билікке  дәріптеді.  Сондықтан,  «хан»  титулы 
тек Шыңғыс әулетіне тиеселі болды. Бұл әулеттен басқалар хан 
титулын  алуға  талпынса,  түркі-монғол  және  басқа  халықтар 
санасында заңсыз деп қабылданды.» 
Шыңғыс  хан  империясының  құрамында  болған  Еуразия 
кеңістігіндегі  мемлекеттік  құрылымдарда  мұндай  дүниетаным 
құндылықтары  ХV-ХVIII  ғасырларда  әбден  бекіді.  Төрелердің 
жоғары дәрежелік жағдайы «адат» деп аталатын қазақ дәстүрлі 
құқығы  нормаларында  жазылды.  Деректер  бойынша  әр  сұлтан 
көшпелілердің  туысқандық  тобын  басқаруға  және  өзінің 
қарауында  белгілі  жайылымдық  территорияны  ұстауға  құқығы 
болды.  Сұлтанды  сөзбен  балағаттау  26  мал  басына,  ал  оның 
өлімі  –  құн  төлеумен  есептелді.  Құн  мөлшері  жеті  қарапайым 
көшпелілер  өлімімен  өлшенді.  Қазақ  қоғамының  басқа 
өкілдерінен айырмашылығы төрелер билер сотына жатпай, тек 
хан сотына тиеселі болды. Бұл әлеуметтік топтың әйелдеріне өте 
қатаң эндогамдық тосқауыл қойылды; егер қарасүйектің еркегіне 
тұрмысқа шығатын болса, ол өзінің бүкіл дәрежесінен айрылды.
Қазақтардың қоғамдық өмірінде төрелердің артықшылықтары 
тек  саяси-құқықтық  қатынастарда  ғана  емес,  сонымен  қатар 
дала этикетінде де кеңінен қолданылды. Сұлтандармен ауызекі 
сөйлескенде  қарапайым  қазақтар  оларға  «тақсыр»  сөзін 
қолданған.  Сәлемдескенде,  қоштасқанда,  қошемет  көрсеткенде 

44
олар «Алдияр» деп атауға және екі қолын кеудесіне немесе оң 
жақ қолын оң тізесіне қойып қошемет көрсетуге тиіс болған.
Қазақ  халқының  осы  жоғары  дәрежелі  түркітілдес  номадтар 
қатарынан өз билеушілерін сайлауы - заңдылық еді. Хан титулы 
тікелей мұрагерлік жолмен емес, арнайы сайлау арқылы берілді, 
яғни  көп  адам  жиналған  құрылтайда  хан  болып  сайланатын 
адамды  ақ  киізге  отырғызып  көтеру  арқылы  жүзеге  асты.  Хан 
болып  жарияланған  халық  қалаулысын  жиналған  жұрт  алдында 
оның ықыласының тазалығын, жоғарғы дәрежесін және әулетінің 
байлығын  бейнелеу  мақсатында  ақ  киізге  отырғызады,  содан 
кейін  қазақ  қоғамының  сұлтандар,  билер,  батырлар,  ақсақалдар 
сияқты беделді өкілдері киіздің шетінен ұстап: «Хан! Хан! Хан!» 
– деп жоғары көтереді. Бұл рәсім аяқталғаннан кейін салтанатты 
жиынға қатысқандар ханды сайлауға қызмет еткен киіздің шетінен 
әрқайсысы кесіп алған. Хан сайлаудың  мұндай рәсімі - Шыңғыс 
хан империясы құрылғанға дейін Еуразия кеңістігінде өмір сүрген 
түркі тілдес көшпелілер дәуірінен келе жатқан дәстүр.
Хан мынадай міндеттерді атқарды:
-  мемлекетті  сыртқы  жаулардан  қорғау  үшін  қорғаныс 
ұйымдастыру;
- мемлекеттің ішкі саяси бағытын анықтау;
- жоғарғы сот билігі;
- қалыптасқан тәртіпті және қоғамдық құрылымды сақтау.
ХV-ХVI ғасырларда қазақ хандарының өкілеттілігі атқаратын 
істеріне  қарай  кең  болды.  Хан  -  әскердің  бас  қолбасшысы, 
сондықтан  хандыққа  сайланар  кезде  оның  бұл  жөніндегі 
шеберлігіне  ерекше  мән  берілді.  Оның  міндеттілігіне  әскер 
ұйымдастыру,  соғыс  жағдайында  қолбасшылық  жасау  енді. 
Сыртқы саяси міндеттерді атқара отырып, ханда соғыс ашу, бейбіт 
келісімге  келу,  елшілер  жіберіп  және  қарсы  алу,  халықаралық 
келісімге  келу  құқығы  болды.  Хан  жоғарғы  биліктің  қазысы 
болды. Ол қарайтын істерге билер сотының шешімін қайта қарау, 
ұлыс өкілдерінің арасындағы даулы мәселелерді шешу және т. б. 
көптеген мәселелер жатты. 
Алтыншыдан,  Қазақ  мемлекетінің  өзіндік  өркениеттік 
негіздері  қалыптасты.  Ол  түбірі  тереңде  жатқан  көшпенділер 
өркениетімен байланысты. Өкінішке орай осы уақытқа дейін сан 
ғасырлық  тарихы  бар  көшпелілер  өркениеті  адамзат  мәдениеті 
қатарынан  өзінің  лайықты  орнын  ала  алмай  келді.  Сондықтан 
қазіргі  көп  проблемалардың  ішіндегі  методологиялық  мәні  бар 
ең  өзектісі  –  өркениет  мәселесі.  Академик  М.  Қозыбаевтың 
пайымдауынша олардан қалған өшпес мұра: 
-  мемлекет  басқарудың  дала  демократиясына  сүйенген 
жүйесі; 
- әскери құрылымның далалық түрі, әскери өнердің ғажайып 
үлгілері; 
- дала мен қала менталитетінің кірігуі
- сәулет өнерінің өзіндік дәстүрін қалыптастыруы, бай ауыз 
әдебиетін жасауы. 
Шын  мәнінде  «мемлекеттілік»  және  «мемлекет»  деген 
ұғымдар  алғаш  қарағандағыдай  емес,    әртүрлі  мағыналарға 
ие.  «Мемлекеттілік»  деген  түсінік  «мемлекет»  деген  ұғымға 
қарағанда  әлдеқайда  кең  және  ауқымды  ұғым.  Ол  тек  саяси-
құқықтық  қатынастарды  қарастырмай,  бір  бүтін  жүйе  ретінде 
қоғамның  әлеуметтік  және  мәдени-рухани  бастауларының 
негізінде жұмыс істеуі мүмкін барлық кешендерді қарастырады. 
Мемлекеттіліктің  осы  мағынасы  қазақ  халқында  ежелден 
қалыптасқан.  Онсыз  қазақтардың  этникалық  өмір  сүруі  өз 
мағынасын  жоғалтқан  болар  еді.  Саяси-құқықтық  құрылым 
ретінде қазақ мемлекетін рәсімдеу бір басқа.
Егерде  Шығыс  елінде  мемлекеттілік  мемлекет  ретінде 
қалыптасса,  батыста  –  мемлекет-қауым  ретінде  қалыптасқан, 
ал  Далада  ол  этноәлеуметтік  және  этноаумақтық  бірлестіктің 
ерекше  формасы  ретінде  құрылған.  Мемлекеттіліктің  Далада 
дамуы  –  абстракты  жағдай  емес.  Ол  осы  өркениетті  құрылым 
мен  тарихи  нақты  ішкі  және  сыртқы  келісілген  қағидаттардың 
мәнді өлшемдерімен анықталатын бір бүтін ішіндегі жекелеген 
әлеуметтік организмдердің қозғалысы іспетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет