120
де жағымды Қажының ұлы емес, халықтың ұлы тәрiздi көрiнедi
маған.
Күзде жаңа оқушыны жинау жұмысы қабылдап қайтқан
кiсiнiң мiндетi болады екен. Оразан екеумiз салт атқа мiнiп жапсар
салада отырған ауылдың төбесiнен түсе қалдық. Қайың, терегi
мол, самырсын, қара талынан ит тұмсығы өтпейтiн жапсарсала
келiсті жер екен. Лянгуды құлдап ағатын шағын өзеншесi бар.
Пiшенi аттың омырауын соғады. Ауылдар көп үйден құралады
екен. Еңбек басында асар-түсел, сауық-сайран көп. Оған мойын
бұруға мұрсамыз болмады. Оқушының денi ат-көлiк, киiм–
кешегiн әзiрлеп, аттанғалы жатыпты. “Оқи алмадым”. “Оқыта
алмадым!” деп жүргендер де бар екен. Соның бiрі – Хамиттiң
көне көршiсi, көк көз, сары әйел Биғайша. Ала шыттан тiгiлген
ұзын көйлегiн ышқырына түре, баласын жетелеп:
- Құдай-ау, ендi қайтейiн менi жесiр, Асанды жетiм қалдырып,
Санжыға қашып кеттi ғой әлгi қайыршы, әзәзiлге жадыланып! –
деп есiктен кiре бере байбаламға басты. Қайыршысы кiм, бұл
жылаудың не мәнi бар; түсiне алмай, аң-таң болып бiз отырмыз.
Әйел бұрқылдап сөйлеп, бырқылдап жылай бердi:
- Жаман қатын, жас бала қайтiп күн көремiз? Көз жасымыз
жiбермесiн сенi илахим!
Iстiң сырын Хамит түсiндiрдi. Асанның әкесi Нұрахмет осы
жазда ғана қашып кетiптi. Қашқан емей немене, Биғайша мен
Асанды тастап, Санжыдағы бiр әйелдiң оң жағына барып кiрiп
алыпты. Аузында иманы, қолында құраны, жұрт iшiнде бедел
салауаты бар кiсі қасқырдай қаңғып, ұйығып кеткен.
- Асанды ала жөнелсеңдер, мына әйел есалаң болып қалады
ғой! - дейдi Хамит қамығып.
Менiң Нұрахметке ашуым келедi. Биғайшаны жақтырмаған
болса неге үйленедi?.. Баласы Асанды, өзге туыс-туғанын да
жақтырмағаны ма оның? Бұл өзi қандай молда?.. Бала жинау,
соғым сұрау, қыстау, жайлау жағдайын ұғысу жұмысын қайырып
қойдым да “Молда” деген ұзақ өлең жаздым. Емтиханнан үздiк
өткен Асан ақыры оқи алмады. Кейiн Нұрахмет менiң өлеңiмдi
оқып:
- Ғалым махаббаты түсiнбейдi екен! - деп сәлем айтыпты.
Амал қанша, мен Нұрахметтi күнi бүгiнге дейiн кезiктiре
алмадым. Кезiккен болсам махаббаттың не екенiн дәлелдеп
көруiме болар едi. Менiңше, махаббат деген атау тек адамзатқа
ғана, соның iшiнде саналы пенделердiң өзара сүйiспеншiлiгiне
ортақ мұрат-мақсатына, қалтқысыз қатынасына қаратылған.
Өсiмдiктiң, жәндiктiң, өзге хайуанның зауқы “махаббат” деп
аталмайды. Тозаңдану, көбею заңы делiнедi. Десе де, хайуанатта
да ұрпақ қалдыру, оны қатарға қосу борышы болады. Бiрақ
ол да махаббат емес, тума дағды. Инстинкттiк заңы делiнедi.
Имандай шынымды айтсам, махаббатты түсiнбейтiн кiсi мен
емес, әлi де болса Нұрахмет сияқты махаббат бiрнеше ұрпақтың
өмiрiнiң бақыты мен сорын, мәдениет өресiн, арман-тiлегiн
өзiне магниттей тартатын лирикалы, трагедиялы барыс. Ұлттың,
дәуiрдiң сипатына да әсер етедi. Қыз Жiбек пен Төлегеннiң, Қозы
мен Баянның, Алпамыс пен Гүлбаршынның, Еңлiк пен Кебектiң,
Қалқа мен Мамырдың махаббаттары, әне, сондай болған!
Олардың баранына жетпесем де, менiң де өзiмдiк махаббатым
бар. Ұлтымды, үрiм-бұтағымды қалтқысыз сүйемiн. Жасанды,
жалған сөз әрекетке кектенемiн. Зайыбымның аты – Гүлсия, 1962
жылы Үрiмжi қалалық қыздар орта мектебiн таусып, бастауыш
мектеп мұғалiмi болған, қарапайым малшы отбасының қызы.
Гүлсия екеумiз бар болмысымызды, мұрат-мақсатымызды алға
жайып, көңiл қосқан соң айнымадық, қазiр төрт баламыз бар,
қатардағы жанұяның бiрiмiз. Бiз сөз байласқан күннен бастап
жаратылыстық заң мен қоғамдық өмiр сан-санақсыз тақсiретiн
көлденең тартты. “Қаңғып жүрген бiреуге қыз бере алмаймын!”
деп тұлады бастапта қайын атам. «Елге мәңгi қайтпаймын дегенiң
бе, қайда шырқап барасың, Ғалым?!» - деп хат жазды маған үлкен
ағам Қауан.
Еһ, алдамшы дүние-ай! 1962 жылы мен ендi ғана 25 жасқа
шыққан жалынды ақын, жас оқытушы едiм ғой! Жер-жерден
оқушы, соғым, пiкiр жинап мектепке келсем жолдастар
күлбеттене қалыпты. Үйрену, саяси үйрену, екi аяқты бiр етiкке
тығып жатыр екен. Әзiл-қалжың тиылған, жұртты күрең қабақ
меңдеткен.
- Не болып қалды? - дедiм мен, дәнеңенi түсiне алмай аңырып.
- Не болып қалушы едi, стиль дұрыстап жатырмыз.
Өзгертiмпаздыққа қарсы тұру науқаны басталды! - дедi Ұлтуған
аңғарлы емеурiн бiлдiрiп.
- Ой, тоба-ай, а! Өзгертiмпаздығымыз немене екен?!
- Онысын бiз де түсiне алмадық, шетке табынған, шеттi
мақтаған сөз, әрекеттiң бәрi өзгертiмпаздық болады десiп жүр
ғой бiлгiштер.
- Түсiнгенiм-ай! - дедiм мен. Абай бiр көзiн болымсыз қыса,
кеңк-кеңк күлдi. Сол күнi кеште Рақымжан мен Оразан одақ
жиынынан бұрқырап шықты.
- Иттің ғана итекесi, осы да стиль дұрыстау болып па? Ғалым
не үйреттi сендерге? Оңаша әңгiмеде партия туралы, соцализм
туралы, халық өкiметi туралы у шашпады ма? Алашорда, үш отау,
дербестiк дейтiн бiрдемелердi сандырақтамады ма?! - дейдi әлгi
қылқұрт. Шынынды айтшы Ғалым, осы сен өзi кiмсiң?
Ой, алла-ай, өмiрде мұндай ауыр кек, мұндай ауыр махаббат
көрмеген екенмiн. Расында, мен кiммiн өзi? Әкем Қанапия балық
аулап, тұз сатып, келi-келiсап, айыл-тұрман жасап жан баққан
кiсi едi. Атам Омар, қажы болыпты, бес мың қызыл қой, мың
көгала жылқы бiткен кiсi екен. Ал өзiм қарапайым оқытушымын,
қазақпын. Сонда менен қандай иiс-қоңыс сезедi бұл қоғам. 1958
жылы адырақпайларға арнап жазған:
Ыңыршағы тәрiзденiп өзгенiң,
Өзi сыйса, көзi сыймай жерге оның.
Сайқал тыңшы, бейуаз жанды өлтiрiп,
Мәз болғанын кинолардан көргенмiн.
деп басталатын бiр өлеңiм есiме түстi. Мен Оразанға дәнеңе
демедiм. Өлеңдегi нысаналы адам ол емес, ерте ме, кеш пе әлгi
қылқұртқа бiр жауап қайырамын деген ойда болдым. Стиль
дұрыстауда әкесiнiң жөн-жайы сұрастырылғаны үшiн Қадиша
жылап жүрдi.
- Сiзде кiтаптар көп қой, ә?! - дедi ертесiнде Есiмбек маған
күлiмсiрей жанасып.
- Иә, көп.
- Совет кiтаптары ма?
- Совет кiтаптары, өз баспамыздан шыққан кiтаптар да бар.
- Қазақша ма ?
- Орысша, қытайшасы да жоқ емес.
- Ғалеке, мен сiзбен сырласайын деп едiм.
- Талай сырласқан едiк қой!
- Десе де?!
- Қош келiпсiз, қарсы аламын!
- Сiз педагогика институтында “факультет бойынша күреске
алындым” дедiңiз ғой, бiз класс iшiнде деп естiген едiк.
- Қате естiген екенсiз.
- Рас, қате естiппiз. Сонда неден жаздың дейдi, сiзге қиып
салған айып-шағымдары болды ма?!
- Есеке - дедiм мен төбе құйқамды кемiрген досыма, мүп-
мүләйiм күлiмсiреп: - отырыңызшы, отырыңыз! Бұл сiзге не
үшiн керек болды? Жасанды, жалған, жаланы тектеу үшiн бе,
әлде, онан арман бекемдей түсу үшiн бе?
- Әншейiн, сырласу ғой! Өзара түсiнiсумiзге пайдалы.
- Сiз қара дүрсiн бiреу емес, жоғары мектеп тауысқан, заң,
саясаттан мағлұматты адамсыз! – дедiм мен байсалды бола
түсiп. Есiмбектiң езуiндегi күлкi өшкiндей қалды, десе де
менiң бетiмнен көз қырын алған жоқ. Бiр түрлi сұғанақ төбет
жанарында жүйткiп тұрғандай едi. Мен сөзiмдi жалғастыра
бердiм: - кадрларда бiрден дело болады екен ғой, бiздiң деломыз
аудандық партком ұйымдастыру бөлiмiнде болса керек, менiң
жайымды солардан сұрап, ауызекі ұққаныңыз мақұл!
- Мәссаған, сөздi қайда шаптырып кеттiң, Ғалеке, бiздiкi дело
көру емес, сырласу ғой!
- Қалай сырласамыз сонда?!
- Әншейiн, ойымызға келгенiн айтып.
- Е, ол да болсын, сiз айтыңыз аузыңызға келгенiн.
- Мен, - дедi Есiмбек қасын кере күлмiң-күлмiң қағып. - 1938
жылы кедей, малшы семиясында дүние есiгiн ашыппын. Әкем,
атам жалшылық тақсiрет тартыпты. Арғы атам құл, күң болған
секiлдi. Мен ғана партияның мәпелеуiнде ер жеттiм. 1951 жылы
бастауыш мектептi, 1956 жылы орта мектептi, 1958 жылы Іле
121
педагогика мектебiн үздiк оқып, осы жерге оқытушы болып
келдiм. Туыс–туғанымда жазаланған, ауытқыған кiсi болған
жоқ. Өзiмнiң үйренуiм, тәртiп-түзiмдi атқаруым, қоғамдық
науқандарға қатысуым жаңа өкiметтiң күткен жерiнен шықты.
Жетi рет мақтау қағаз, бiр рет заттай сыйлық алып, облыс
сахнасына шықтым. Гангу орта мектебi екi дүркiн өнегелi
мұғалiм, партияға адал комсомол сайлап, айлығымды үш
дәрежеге өсiрдi. Менiң өмiрiм осындай қарапайым.
- Қарапайым емес екен. Расында қарапайым емес екен, ақ деп
ауыздан шыққан заманда-ақ, алақанға түскен екенсiз. Ал менiң
өмiрiм сiзден керiсiнше. Жазаланбасам, сыйланған кезiм болған
емес. Мiнез номерiм, идеялық нысайым үш номерден аспаған.
Почта тонап, өрт қойған, у тасыған жерiм жоқ, топырағым жеңiл
өзiмнiң! Маңдайымның соры бес елi, балтамен, шотпен жонбаса,
қырғышпен қырып кетiруге келмейдi менiң қырсығымды. 1951
жылы өрнек бастауыш мектебiн бiтiрiп, Алтай орта мектебiнен
оқу дәмесiнде болдым, қағаз-калам, киiм-кешек аларлық қаражат
жоқ. Қалаға отын сатып, ақша жинауға бел байладым. Мынау
аяқты соның бодауына бергенмiн, - дедім мен.
- Халық докторханасы қарамады ма?
- Қарады, ақшасын төлеген соң, не иiлмейтiн, не басуға
келмейтiн шотаяқ етiп жазып бердi. Алтай орта мектебiн
балдақпен оқыдым. Балдақ менiң жастық ғұмырымды тартып
алған. Балдақ маған қарттардың ойлы, мұңлы мiнезiн сыйлаған.
Үлгiлi, адал, белсендi дейтiн айқындауышым, сахнаға шығып
гүл құшақтаған кезiм болмаса да, институт сабағынан жұрт
қатарлы номер алып, қызыл дипломға ие болдым. “Ертіске”,
“Саршоқы”, “Институтым”,“Балықшылық”, “Дәрiгер”, “Қара
өткел”, “Сұмдыайрық”, “Лихулан” деген өлеңдерiм баспа бетiнде
жарияланып, жұрттың аңысын қозғады. Оқытушыларымды,
сабақтастарымды, әдебиет қауымын разы еттi.
- Ұзақ суреттеп кеттiңiз-ау! - деп арқама дүрс–дүрс қағып,
кеңк–кеңк күлдi. Есімбек: - Шаршаған шығарсыз, дем алайық!
Таңертен сабағыңыз бар ма?!
- Мектепке кеше ғана келдiм ғой, онысын бiле алмадым.
- Сабағыңыз болмаса, ертең оңаша отырып, сырласудың
аяғын созайық бiр!
Аралықта бiр күн емес, бiр жыл өткенше Есiмбек осындай
“сырласудан” жалықпады. 1963 жылдың 14 желтоқсанында ол
тағы да жылмың етiп кiрiп келдi.
- Жақсы жатып, жайлы тұрдыңыз ба, Ғалеке?! - дейдi
бетiме қырынан қарап. Оның осындай бiр жылтыраған күлкiсi,
мойнымнан құшақтай алатыны, көмейiмдi сұраған сұрулары
менi әбден мезi қылып болды. Жылан оралғандай қиналамын.
Күле отырып күрсiнемiн. Ерiктi тұтқын, қапаздағы сырлас,
дұшпаннан бетер қас екенiмдi бiлемiн. Бiле тура қатты серпе
алмаймын. Неге, қалай қатты серперсiң?! Жаңа заман, жаңа ұлт,
жаңа қулық жетiлдiрген өлшемдi кiсiге қарсы тұру қиын екен.
- Мынау биiктiң басында қара құс көп айналатын болып
қалды, не бар екен мұнда?! - дейдi Рақымжан терезе сыртындағы
керталғарға қарап.
- Тоң жүре бастады ғой, қамалған, құлаған бiр деменi торып
жүрген шығар! - дейдi Абай жайбырақат ғана.
Мен өз күйiмдi ойлаймын, сездi ме екен, сезбедi ме екен
деген күмәнмен Есiмбектiң бетiне қиғаштап көз тастаймын.
Түсiнсе де түйсiнбептi.
- Осылардың кеңсесiнде немiз бар, жүршi Кәке, Жаңылдың
жатағына барайық! - деп маған күлмiндей қас қағып, бастай
жөнелдi Есiмбек.
Жаңылдың жатағы ауаша, реттi, таза жатақ. Болымсыз опа
әтiр иісi бiлiнедi. Есiмбек төсекке шалқалай жатып:
- Бастай берiңiз, Ғалеке! – деп төсек астына кәдiмгiдей
құманмен қабағын шыта үңiлiп, тiнте қарап қояды.
- Не бастаймыз? - деймiн мен.
- Сырласуды ше...
- Тағы да ұзақ-ұзақ суреттеп сiздi зерiктiрiп алармын, қойсақ
қайтедi осыны!
- Оқасы жоқ, ұзақсынсаңыз қысқартыңқырап айтыңыз.
Мысалы батыс тау көмiр кенiнен бастап.
Есiмбек қандай сөздiң, қандай мiнездiң, қандай iстiң болса
да жауапкерi өзi емес, өзге ете алады. Iлгерiде ұзақ суреттеп
кеттiңiз деп арқама дүрс–дүрс қаққан оның өзi болатын. Ендi
“ұзақсынсаңыз, қысқартып айтыңыз!” деп жауапкершiлiктi
маған итере салды.
- Аудандық партком ұйымдастыру бөлiмiнен менiң деломды
көрiңiзшi, заң, саясатқа сол лайқ! - дедiм мен.
- Айтпақшы, қарындасыңыз Сағатайдың яғни Сағидияның
зерделi, зерек болғанын неше дүркiн мақтаныш еттiңiз. Сол
Сағатай-Сағидия қазiр қайда? – деп ұйымдастыру бөлiмiнен
табылмайтын бiр делоны көлденең тартты Есiмбек.
- Күйеуi Совет азаматы болғандықтан, Советке өтiп кеткен.
- Не дейдi-ау, мүлде естiмеген екенбiз. Үй семьясымен бе?
- Иә, отбасымен.
- Әке-шеше, аға-бауырыңыз да өтiп кеттi ме?
- Жоқ, әке-шешем, аға-бауырым Совет азаматы емес, одан не
алады, олар түп-түгел осы жерде.
- Онда “отбасымен” дегенiңіз қалай?
- Сағатайдың өз үй-семьясы болмаушы ма едi. Тиген күйеуi,
баласы, қайын жұрты деген сияқты.
- Мiне қызық, Сағатайдың әке–шешесi мен сiздiң әке-
шешеңiз бөлек пе?
- Бiр әке, бiр шешеденбiз.
- Бiр әке, бiр шешеден болсаңыз, Сағатай Қытай азаматы
болды ғой?!
- Солай.
- Солай болса, Сағатайдың шетке шығып кетуiн қалай
түсiндiремiз?!
- Тарихи болмысты көрiп-бiлiп отырып, қалай түсiне
алмайсыз. Қазақ екi-үш мемлекет ұстаған халық емес. 16 ғасырда
бiр ғана қуатты патшалығы болган. Астанасы Түркiстан. Ханның
аты – Қасым, заңы “Қасқа жол” деп аталған. Екi-үш елге бөлiнiп
өгей, озбыр, отаршылдық қазақ басына зорлап таңған тақсiрет.
Оған бүгiнгi ұрпақ жауапты бола алмайды.
Есiмбек бiр жылы әрi суық, бiр түрлi сұмдық күлкiмен қойын
дәптерiн, және екi жанарын жылтыңдатып маған қайта-қайта
қарады.
- Қомақты дауыңыз бар екен, қомақты дауыңыз бар екен! -
дейдi тiтiренiп.
- Кешiрiңiз, - дедiм мен, кешiрiнiз бiлiмiм саяз, саяси өрем
кем, сырласу болған соң ауызға келгендi тартпадым.
- Тақуа екенсiз, тым тақуа екенсiз,- деп сығырая күлдi
Есiмбек. Сонша үрейленерлiк не болды сiзге?
“Аһ, дүние шiркiн, жалған-ай, угай арман-ай!” деген зар, нала
осындайдан шыққан екен-ау. Ешқандай айып, шағымсыз сот
судьясыз менi неше жыл тергеген Есiмбектiң қыбы әлi қанбапты.
“Ұзақ суреттеп кеттiңiз”, “тақуа екенсiз”, “мәссаған бiздiкi дело
ақтару емес, сырласу едi ғой!” деп ылғи менi кiнәлайды. Мен
оған айтуға тиiстi ренiш, кейiс, өкпе-назды ол маған айтады.
Әуелi, “сонша үрейленерлiк не болды сiзге?” деп жазғырып
отырғаны әлгi.
Мен өзiмнiң төтенше ырықсыз бейшара күйде отырғанымды
Есiмбектiң осы жазғыруынан ұқтым.
(Жалғасы келесі санда)
122
АЛТЫН БЕСІК –
А
қ
Бо
ТА
сәбит ДҮйсЕНБиЕВ жазушы
АЛДАН, АҚТӨс жәНЕ
ҮШ жЕТІМ ЛАҚ
Алдан – атасының баласы. Алданда бәрi бар. Велосипед,
джинси шалбар, шетелдiк әдемi күртеше... Қандай қат нәрсенi,
егер Алдан қажет десе, атасы асқабақтың дәнін өткiзсе де,
әйтеуiр тауып бередi. Және өзі құрметтi еңбек демалысындағы
адам, қолы бос, Алданға ананы-мынаны үйретуден, ара-арасында
күлдiргi әңгiме айтып, қажетсiнсе отыра қалып қисса шертiп,
құлақ құрышын қандырудан жалықпайды. Жатқан бiр алтын
сандық, түйгенi өмiрiңе жетерлiк. Одан артық Алданға не керек...
Тек басқа балалар жап-жас әкелерiмен киноға бара жатқанда ғана
Алдан сәл-пәл жабырқайды. Әрине, киноға атаңмен де баруға
болады. Бiрақ ылғи атаңмен бiрге қыдырасың ба? Сырт көз бәрiн
байқағыш. Мына баланың әкесi қайда демей ме?
Алдан – әжесiнен туған. Әжесiнше айтсақ: “Аһ дегенде
аузынан түсiп қалған”. Айна-қатесiз солай екенiн көршiлер
де күн құрғатпай құлағына құяды. Алдан, қайтсiн, күмiлжiп
мойындайды. Алданның өтiрiгiне әжесi алданып, жадырап,
айналып-толғанады. Әжесінің бар тыққан тәтті-пәттісі ендігі
сәтте Алданның алдына жайылады. Аузы мылжаңдап, бүгiнде
таптырмайтын науат сорып жатып, Алдан әжеге бала болғаннан
асқан бақыт жоқ шығар деп ойлайды.
Бiрақ Алдан, таудай жiгiт емес пе, кiмнен туғанын бiлмей
не көрiнiптi. Алданды тапқан адам сонау үлкен шаһарда.
Жалғызiлiктi. Түсiнесiз ғой. Ар жағын ежiктеп жату Алданға
да ауыр. Кiшкентайынан ата-әжесiне бауыр басқандықтан,
Алдан үшiн дүние түгел. Ет жақын және басқа жандардың жер
басып жүргенiн сезiнгенде ғана сәл-пәл көңілі құлазиды. Сол ет
жақын жандардың екiншiсiнiң мұны мүлде iздемейтiнi қайран
қалдырады.
Әпкесінің (расында, шешесi сол ғой) жылында сарғайтып бiр
келуi ол үшiн ерекше той. Еркелеп, шолжаңдап, қасынан бiр елi
ажырамауға бар. Үйге ұрланып кiрiп, оңаша ерке лететiн сәттерін
аңсайды. Құпия сыр айтпас па екен деп те үмiттенедi.
Атасы мен әжесiнiң оған өктем сөйлеп, ақыл айтқанын
жаны сүй мейді. Өйткенi мұндайда әпкесiнiң жүзiне мұң ұялап
шыға келеді. Содан кейiн-ақ Алданнан дегбiр кетедi. Қашан ол
көңiлденгенше жаны жай таппайды.
Ол аттанысымен-ақ айнала бiр-екi күнге дейiн құлазып
сала бередi. Атасының ертегiсi де қызықсыз көрiнедi. әжесінің
тәттісіне де зауқы соқпайды.
Ондайда Алдан Ақтөске мұңын шағады. Ақтөс – сезiмтал.
Кәдiмгiдей жанын түсiнiп, жылағандай дауыс шығарып, көздерi
жасаурап, Алданға жаутаңдап қарайды. “Қандай қиындық болса
да бөлiсер едiм, әттең адам боп тумағаным-ай” деп өкiнетiндей.
Тұмсығын тамағының астына тигiзiп, қытықтап, сүйiп,
еркелеткен рай танытады.
Ақылды Ақтөс биыл күшiктеуге тиiстi. Оның күшiгiн бөлiсiп
аламыз деп жүрген балалар көп. Малдың сенiмдi сақшысы
Ақтөстің күшiктерi бүкiл ауылға жайылған.
Алдан жабыңқы сәттерiн атасына сездiрмеуге тырысады.
Әйтпесе ол:
– Алдашжан-ау, жiгiт адам осылай жабыға ма? – деп ұялтады.
Ойын баласы емес пе, бiрақ, уақыт өте бәрi де ұмытылады.
Атасы сияқты шаруаға бейiм Алданның қызметi, әсiресе қой
төлдеген кезде белең алады. Жаңа туған қозыларды үйге, пештің
қасына әќелу, енесiне жамырату, қайтадан бөлiп алу, құрақ шөп
салу, су беру, астын құрғату Алданның меншiктеген жұмысы. Ол
бұл жұмыстарды аса шабытпен атқарады. Әсiресе ұнататыны
– қозыларды көгеннен босатып енесiне жамырату. Енесiн
сағынып қалған қошақандар шұрқырай ұмтылысады. Енелерi де
Сәбит Дүйсенбиев 1959 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы,
Түлкібас ауданының Шақпақ Баба ауылында туған. 1981 жылы Қазақ
мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
С. Дүйсенбиев - «Тәтті алма», «Қақпашы», «Мен ғашық емеспін»,
орысшаға аударылған «Сладкое яблоко» атты әңгімелер мен повестер
жинақтарының авторы. «Махаббат миниатюралары» атты алақандай
әңгімелері бойынша жасалған инсценировкасы Астанадағы Жастар
театрының сахнасында 2007 жылдан бері қойылып келеді. Жас
жазушылардың Бүкілодақтық ІХ кеңесіне қатысушы. Балаларға
арналған туындылары республикалық конкурстарда жүлде алып жүр.
Төменде
жазушының
балаларға
арналған
екі
әңгімесін
назарларыңызға ұсынып отырмыз.
123
балаларға б
а
зар
лық
соң, жан бiтiп, қайғы-мұңы ортайғандай, соңғы рет кiрпiш
үйiндiсiне көз тастап, иесiмен бiрге ауылға қарай бүлкектей
жөнелдi.
Жетiм лақтардың жайы үшiн Алдан уайым жей бастады.
Атасы ғой бұрқылдап-сарқылдап ұрсып жүр: “Заржақтар
ұйқымыздың берекесiн кетiрдi, ауылдастарға берiп құртайық,
содан кедей болып қалмаспыз” дейдi. Алдан жетiмдердi бiр-
бiрiнен бөлгiсi келмейдi-ақ, әрi өзi сияқты жаны ашитын адам
табыла ма? Сәл-пәл әл жинаса, ендi қозылардың қасына қосады.
Үлкен кiсiлердiң жүйкесi жұқарған шығар, қой, мен бұл
лақтардың толып тұрған iштерiн босатайын деп, қолы босаса-ақ
далаға алып шығып, күн ұзақ ойнатады. Ақымақ үш лақ ұясының
жанында күшiктерiн ойлап көзi мұнартқан Ақтөске барып
ұрынады. Ақтөс момын. Лақтар қанша мазалап, басына шықса
да, қайта содан жаны рахат тапқандай, көзiн бiр ашып, бiр жұмып
мүлгiп жата бередi. Ендi лақтар үшеулеп жабылып бастарымен
сүзгiлеп Ақтөстi бiр жамбасына аударуға тырысты. Құлқындары
құрыған немелер емшек iздейдi, аң екенiмен тiптi шаруасы жоқ.
Кенет Ақтөс қоймадыңдар ғой дегендей созалаңдай орнынан
көтерiлдi. Сол заматта Алдан иттiң емшегiнiң тырсылдап сыздап
тұрғанын аңғарды. Ал ақымақ үш лақ шүпiлдеген емшектерге
ұмтыла бердi...
Мiне, ғажайып...
– Ата, ата! – деп Алдан жан даусы шығып айқайлады.
– Не болды, балам-ау? – Газет оқығыш атасы әлем дегi
сирек кездесетiн бiр оқиғаға куә болуға кеш қаламын-ау демей,
жайбарақат басып қасына таяды.
– Ата, қараңызшы, Ақтөс бәрiмiзден ақылды боп шықты, ол
– үш лаққа ене болды.
Атасы аң-таң боп сiлейiп қарап тұр.
Шiркiн-ай, адамдардың бәрi де Ақтөс сияқты ақылды болар
ма едi!
ҚАҚПАШЫ
Футбол – «Белбұлақ» ауылындағы балалардың ең сүйікті
ойыны. Кешкілік мал өрістен қайтып, үйді үйге тарағаннан
кейін ауыл сыртындағы алаңда ойын қызып қоя береді. Алдымен
екі-үш баланың жеке-дара шыққан дауыстары естіледі де, сәлден
кейін бәрі солай ағыла басқтайды. Ойын десе ішкен асын жерге
қоятын үлкендер де баршылық. Бір кезде гараж бастығы Саржан
да жетеді ырсылдап. Сол бойда ол өзі қалаған командаға қосылып
кетеді. Ал оған қарсы жақта үшінші класқа енді өткен Ерболдың
ойнап жатуы тіпті де таң қаларлық емес. Үшінші класқа енді
өтті дегені болмаса, допты алдына салып зымыратқанда, Саржан
оған жете алмайды да. Қайта үлкендер қосылғанда ойын ерекше
әсерлі өтеді. Қолтыққа су бүркіп желпінтуге олар құмар-ақ. Егер
тебе алмасаң:
– Қап, бүгін тамақ ішпей шыққансың-ау, шамасы, – деп
әзілдейді Саржан ағай
Ал тағы бірде:
– Көжені көп ішіп қойғансың ба, жүгіре алмай қалыпсың, –
дейді аңқаусып.
–Абайлап теп, абайлап, аяғың шығып кетер, – дейді шірене
тартам деп ауа осатындарға кезек келгенде. Әп-әдемі сәтті
пайдаланам дегеніңде күлкіден булығып, доптан айрылып
қалатын жағдайлар жиі ұшырасады.
«Белбұлақ» аулында жанкүйерлер де жеткілікті. Бүгін
футбол деген сөз естілсе, үлкен-кішісі түгел елең ете қалады.
Сол күн олар үшін мереке дерлік, футболды алаңдамай көру
үшін алдын ала жұмыстарын тап-тұйнақтай етіп тындырып
қояды. Әрқайсысының үйінде теледидар болса да, кешкілік бәрі
бір үйге топырлай қалады. Бұлай ету әрі ыңғайлы: далада доп
теуіп жүрген олар уақыт таянған кезде ойындарын кілт доғарып,
сол тобымен зымырап келіп, үйге қойып-қойып кетеді. Кімнің
үйінде көп бала болса, сонда жиналу әдетке айналған. Содан
кейін көпке дейін ауыздарының суы құрып айтып жүреді. «Түу,
сондағы «Қайраттың» «Пахтакорды» ұтқаны-ай» – дейді біразға
дейін әсерден айыға алмай. «Мен – Сегізбаевпын!», «Мен –
Байшақовпын!» деп кеуде соғуды да ұмытпайды. Тек бір де
желiндерiне жабысқан қозыларды жақсы көргендерiн мекiренген
дауыстарынан байқатып, мойындарын бұрып “балаларының”
жұпар иiсiн мейiрлене жұтып тұрады. Алдан кейбiр өз қозысынан
өзі жеріген без бүйрек қойларды басынан ұстап тұрып, қашан
қошақандар тоят тапқанша сол арадан кетпейдi. Қарындары
тырсиған қошақандар ендi бiр-бiрiн жаңа көрге ндей түсiнiксiз
“тiлде” табысып, бас түйiстiрiп, қуаласып ойнай бастайды.
Алдан осы бiр әдемi сәттi қимай, жаураса да сол арада ары-берi
жүредi. Атасы айқайлайды:
– Алдашжан, қас қарайды ғой, ендi тездетiп үйге кiр.
Алдан амал жоқ, қозыларды бiр-бiрлеп құшақтап апарып,
әрқайсысын орын-орындарына байлайды. Мамық жүндi, денелерi
жып-жылы, сәби сияқты қошақандарды құшақтауға әуес. Атасы
да беймаза-ау, әйтпесе есi кiрген немересi үшiн уайым жемей,
көзiлдiрiгiн киiп, газеттін оқып жата берсе қайтер едi.
Малсақ Алдан бiрiншi рет кедергiге тап болды. Төл басы
тоқал ешкi үш бiрдей лақ тапты да, кәрi денсаулығы көтермей
көз жұмды. Оның сүтi мен жүнiне қызығып соймай жүрген атасы
мен әжесi кiнәлi. Кейде адамдардың тағдырдан гөрi бас пайданы
көбiрек ойлайтыны нелiктен екен?
Лақтардың енесiн емiзiкпен алмастыруға тура келдi.
Уызында жарымағасын ба, үш лақ тым ашқарақ. Жетiмдер түн
баласы ұйқы бермей зар қағады. Әлжуаз, аш құрсақ немелер
суықта төтеп бермес деп, әзiрге пештiң қасынан ұзатпауда.
Бiр уақ iштерiн босатсын деп Алдан қозыларды жамыратқан
сәтте оларды да далаға шығарады. Пешенесiне ондай ләззатты
қимағанын ақымақ немелер ойланып жатады дейсiң бе, ай-шайға
қарамай әр қойдың бiр бауырына ұмтылады. Жетiмнiң зары
адамдардың қабырғасын қайыстырмағанда, мал бас ауыртсын ба,
тұсақтардың ешқайсысы да лақтарды маңайлатпайды. Бөтеннің
сүтiне телмiрген лақ бейшаралар, дәл бiр
өзгенің бақытына қызыққан Алданнан
айнысайшы.
Лақтардың жайымен алаң боп Алдан
Ақтөсті ұмытып та кетiптi. Бiр күні
құр сүлдесi оралып тұр. Көзi мұңға
толы. Жер сызып жүретiн қарны босап,
iшi iшiне қабысқан. Бiр сұмдықтың
болғанын Алданның жүрегi сездi.
Алдымен үйге жүгiрiп кiрiп пештiң
үстiндегi жылы сорпаны әкеп ыдысына
құйды. Неше күннен берi нәр татпаған
Ақтөс тамақты шылпылдатып жұтқасын
ғана, айналасына бажайлай қарады. “Е,
е, әлi де өмiр бар екен ғой” дегендей...
Сөйтiп көңiлiн жайландыр ғасын ғана,
Алдан оны ертiп алып ескi қыстауға
тарт ты. Ақтөс ылғи осында күшiктейтiн.
Айтқаны айдай келдi. Атам заманғы ескi
дуал құлап, күшiктердi басып қалыпты.
“Ақтөс-ай, “жазмыштан озмыш
жоқ” деген осы. Сен туған күшiктер
ғой, қанша шопанның сенiмдi серiгiне
айналды. Ақылды ит екенiңдi ауыл түгел
бiледi, сондықтан да ғой, жаңа туған
күшiктерiңдi аттай қалап сұрайды. Бұл
жолғы күшiктерiңдi де асыға тосып едiк,
бұйырмады...”
Алданның көз алдына бет-әлпетi
аңқау сәбидей, маймақ аяқтары быртиған
жұп-жұмыр, шаңырақ астындағы тете
балалардай боп, бiр-бiрiмен күресiп,
ойынға тоймай арсалаңдап, үпiр-шүпiр
жүгiретiн қасқа маңдайлы күшiктер
елестеп, көңiлi әлем-жәлем боп кеттi.
Атасына бiлдiрмей оңашада көзiнiң
жасын сығып алатын кездерi бар-ды,
сол әдетiне басып солқ-солқ етiп жылап
алды.
Ақтөс ақылды, өзінің қайғысына
ортақтасатын бiреудiң бар екенiн бiлген
|