Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы



Pdf көрінісі
бет12/26
Дата03.03.2017
өлшемі2,6 Mb.
#5533
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
)  арқылы 
мүмкін болған ақпараттың барлығын табуға болады. Аталған сайттың  ағылшынша нұсқасы 
the  washington  post  ()  оқуға,  бейне  нұсқаларды  кҿруге 
жҽне жарнамалар афишасымен танысудың  үлкен мүмкіндіктерін пайдалануға болады. The 
washington post сайтының веб – беттері ең маңызды бес рубрикаға  бҿлінеді. 
1.Жаңалықтар(News) 
2.Халықтың ҿмір сүру деңгейі(Style) 
3.Спорт(Sports) 
4.Жарнамалар(Classified) 
5.Жҽрмеңкелер жаңалығы(Market Place). 
Жаңа заман мұғалімдерінің мҽдениаралық коммуникативті біліктілігін қалыптастыруда 
компьютерлік  технологияларды  пайдалану  арқылы  онлайн  жүйесімен  ақпарат  алуға 
мүмкіндік  береді.    Ол  дүние  жүзі  оқиғаларын    білуге,  соңғы  ақпараттар  мүмкіндігімен 
таныстыруға, оқиғаларды түрлі жағынан қамтуға мүмкіндік береді.  
Жаңа  формациялы  мұғалімдерінің  мҽдениарлық  коммуникативті  біліктілігін 
компьютерлік технологиялар негізінде қалыптастырудың ең маңызды ҽдістерінің бірі болып 
саналатын Send us Feedback арқылы басылыммен байланыстырады, оқылған мҽтінге сай  ҿз 
ойын  айту  жҽне  қалаған  мақала  авторымен  жеке  сұхбаттасуға  мүмкіндік  алады.  Бүгінгі 
журналистер(  Todays    Columnist)  сайты  басты  тұлғалармен  шұғыл  байланыс  орнатуға 
мүмкіндік береді.   
CNN World News (), 
ABC News (). 
BBC World Service (). 
The Washington Times ( )   
The New York Times () – адам ҿмірінің барлық саласындағы 
іскерліктерді  қамтамасыз етеді. Бір басылымнан екінші басылымға ҿтуге мүмкіндік береді. 
ВВС  World  Service  (httrj://www.bbc.co.uk/worldservice)-  заманауи  мұғалімдерінің 
мҽдениаралық  коммуникативті  біліктілігін  компьютерлік  технологиялардың  негізінде 
қолдану  барысында  тек  қана  оқу  мүмкіншілігін  қарастырмайды,  дүние  жүзінде  болып 
жатқан  соңғы  жаңалықтарды  тыңдауға  үлкен  мүмкіндік  береді.  Learning  English 
бағдарламасының  негізінде  жаңа  заман  мұғалімдерінің  мҽдениаралық  коммуникативті 
біліктілігін 
қалыптастыруда 
кез-келген 
тілде 
сҿйлеуші 
ағылшын 
тілінің 
артықшылықтарымен таныса алады.  Ол тиісті ақпарды екі жақты тануға мүмкіндік береді.  
1.
 
Тақырып бойынша  

89 
 
2.
 
Континент бойынша  
Аталған мүмкіндіктер бойынша кері байланыс бағдарламасы жүзеге асады.  
Contact 
Us. 
ABC 
News 
(http.V/www.abcnews.go.com/index.html) 
заманауи 
мұғалімдерінің  мҽдениаралық  коммуникативті  біліктілігін  қалыптастыруда  жаңалықтарды  
дыбыстап  жҽне  бейне  түрде    жеткізеді.    Аудио  жҽне  бейне  таспаларды  редакциямен 
оқырман  байланысы  жҽне  ҿзара  талқылау  Discussion  (дискуссия),  жарнаманың  ҿз  тақтасы 
Message  Boards,  сҿйлесу  бҿлмесі  Chat    ең  үлкен  мүмкіншілік  болып  отыр.  The  New  York 
Times  заманауи  мұғалімдерінің  мҽдениаралық  коммуникативті  біліктілігін  арттыруда 
интернет сайттары арқылы жоғары мүмкіндіктермен қоса,  газеттердегі ақпараттарды дайын 
жоспар күйінде оқи алады. Бір мезетте спорт, ауа-райы жҽне түрлі ел мҽдениетпен  қамтуға 
болады.  Қазіргі  заман,  яғни  заманауи  мұғалімдерінің  компьютерлік  технологиялардың 
негізінде  мҽдениаралық коммуникативті танымын  мҽдениет, спорт,  ауа-райы  саласындағы 
біліктілігін жетілдіреді. Осыған орай  оқу жҽне сҿйлеуге  арналған жоспарлы бағдарламалар 
негізінде    сҿздік  қорды  байытуға  болады.  Осыған  орай  жаңа  формациялы  мұғалімдерінің 
мҽдениаралық  коммуникативті  біліктілігін  қалыптастыруда  компьютерлік  технологиялар 
негізінде оқылған, танылған мҽліметтердің негізінде сҿздік қор бағдарламасын жасауы тиіс. 
Сонымен  қатар  елтанымдық  білктіліктің  негізінде,  жаңа  грамматикалық  іскерліктер 
қалыптасады.    Мұндай  жұмыстардың  нҽтижесінде  мҽдениаралық  коммуникативті 
біліктілікті  қалыптастыруда    компьютерлік  технологиялар  бейтарап  қиындықтарды  тануға 
мүмкіндік  береді.  Заманауи  мұғалімдердің  мҽдениаралық  коммуникативті  біліктілігін 
қалыптастыруда  ақпараттық  компьютерлік  технологиялар  ақпараттық  жүйе  бойынша   
жұмыс  жасауға  мүмкіндік  береді.    Ақпаратты  мҽн  бере  зерделеу,  тек  сол  елдің 
қиындықтарына  ғана  үңілмей,  ҿз  пайымдауларын  жеткізуге  жҽне  оқиғаның  даму 
бағыттарын  айқындауға,  ҿз  нҽтижелерімен  бҿлісуге,  оқиғаны  ҿте  кең  ауқымды  қамтуға, 
себептерін  анықтауға  мүмкіндік  алады.    Интернетті  активті  жҽне  пассивті  түрде  қолдану 
мүмкіндігіне  ие.  THE  YOUNG  VOICES  OF  THE  WORLD  (med.ac.ip/kuzuryu/>)  аталған  сайт  бойынша  жаңа  заман    мұғалімдерінің  мҽдениаралық 
коммуникативті  біліктілігі қалыптастыруда компьютерлік технологияларды қолданып ашық 
форум  жүргізуге жҽне  ҿз  жұмыстарын   жариялауға  болады.  Барлық жұмыстар  электронды 
мекен-жай  кері  байланыс  орнатып    миллиондаған  шетелдік  мұғалімдердің  мҽдениаралық 
коммуникативті  біліктілігін  технологиялық  тұрғыда  қалыптастырып,  ҿз  кҿзқарасын 
қалыптастыруға мүмкіндік алады. Language Learning Activities  For The World  Wide Web , 
бағдарлама    авторларының  пайымдауынша  WWW  қолдану  арқылы  екі  тілдік  бет 
жасақталады.    Интернет  бойынша  тиімді  біртұтас  нҽтижелер  алуға  болады.  Замануи 
мұғалімдерінің  мҽдениаралық  коммуникативті  біліктілігін  компьютерлік  технологиялар 
негізінде талқылауға мүмкін болған тақырыптар ішінен ең маңыздылары саналатын: кітапқа 
шолу,    газеттік  мақалалар,  теле  бағдарламалар,  мақал-мҽтелдер,  анекдоттар,  жұмбақтар, 
жергілікті халықтық медицина,  халық ауыз ҽдебиеті, мектеп, спорт жҽне т.б. 
Негізгі сҿйлеудегі қиындықтарды шешуге мүмкіндік береді. 
Жаңа заман мұғалімдерінің мҽдениаралық коммуникативті біліктілігін қалыптастыруда 
компьютерлік  технологияларды  қолдану  арқылы  жазылым  іскерліктерін  қалыптастыра 
отырып сҿйлеуді дамыту.  Компьютерлік технологиялар негізінде достық жҽне халықаралық 
хат  алмасуларды  кез-келген  тілде  кез-келген  тілде  жүргізуге  болады.  Жаңа  формациялы 
мұғалімдерінің  мҽдениаралық  коммуникативті  біліктілігін    қалыптастыру  үрдісінде 
компьютерлік  технологияларды  мақсатқа  сай  қолдану,  достық  қатынастың  дамуына, 
электронды  алмасу  арқылы  жұмыс  жасау  мүмкіншілігі,  дҽстүрлі  хабар алмасуға  қарағанда 
ҿте жылдам, ыңғайлы жҽне арзан.       
Жаңа  формациялы  мұғалімдерінің  мҽдениаралық  коммуникативті  біліктілігін 
қалыптастыруда  компьютерлік  технологиялардың  кҿмегімен  интернет  жобалары  арқылы 
жұмыс жасау үлкен мазмұнға ие. 
Аннотация.  В  статье  рассматривается  вожможности  использование    интернета 
формирование межкультурной коммуникативный   компетенции  учителя  нового  века, 
значить учителя нового формации. 
Annotation. In the article the вожможности use  of the internet is examined forming cross-
cultural communicative to the competense of teacher of new century, to mean a teacher new to the 
structure. 
 

90 
 
 
ӘОЖ 371.3:378.016:342.744 
 
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІ КРИТЕРИАЛДЫ 
БАҒАЛАУДЫҢ МӘНІ 
 
Ботамқҧлова А.Б. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
  
         Халықаралық  білім
 
кеңестігінде  жоғары  білім  бойынша  кредиттік  оқытудың 
іргелі тҿрт жүйесі бар. Олар: Еуропалық жүйе -ESTS, американдық жүйе - USCS, британдық 
жүйе- CATS, Азия мемлекеттерінде жене Тынық мұхиты кеңестігіндегі жүйе - UCTS.  
Қазақстаннның білім жүйесі негізінен еуропалық кредиттік жүйеге /ESTS/ енуде.  
Еуропалық  кредиттік  жүйе  бойынша  еуропадағы  Ұлыбритания,  Франция,  Испания, 
Германия, Италия, т.б. ipгелі мемлекеттерде білім береді. 
Республика  білім  беру  жүйесінің  кредиттік  технологияға  кешуіндегі  басты  мақсат  - 
Қазақстан  білім  жүйесін  ҽлемдік  білім  кеңістігімен  кірігу  болып  табылады.  Қазақстан 
Республикасы  Білім  жене  ғылым  министрлігі  ұсынып  отырған  кредиттік  оқыту 
технологиясы  Ережесі  Болон  декларациясының  негізгі  ұстанымдарын  басшылықка  алып 
жасалынған.  
Оқытудың  кредиттік  технологиясысындағы  оқыту  күрделі  педагогикалық  процесс. 
Педагогикалық  процесс  ретінде  оқыту  мына  ҽдіснамалық  тұғырларды,  теорияларды  жҽне 
идеяларды  жҽне ҿзіндік алгоритмді басшылыққы алуы керек. 
Ҽдіснама  деген  ұғым  -  ғылыми-танымдык  іс-ҽрекеттерді  құрудың  ұстанымдары, 
формалары мен амалдары туралы ілім. 
Оқытушы  оқыту  процесін  жүзеге асыру  барысында  ғылыми  ізденістің    бағытына сай 
екі бағытты ұстануы қажет. Бірінші - іргелес ғылымдар саласының мүмкіншіліктері, негізгі 
керекті  тұжырымдар  талданып  алынады.  Оқыту  процесі  ҽдіснамасы  философиялык 
диалектикаға негізделгендіктен тҿмендегі ҽдіснамалық тұғырларға сүйенеді: 
 
 
Орта ҽcepiн ескеру; 
 
Гуманитарлық – мҽдениеттанушылық  
 
Жүйелілік; 
 
Аксиологиялық; 
 
Жобалау;  
 
Праксиологиялық; 
 
Жаһандық ; 
 
Жеке тулғалық - ҽрекеттік; 
 
Деонтологиялық; 
 
Рефлексивтік; 
 
Ресурстық; 
 
Диалогиялық тұғыр; 
 
Жеке тулғалық - бағдарлық
 
Инновациялық тұғыр; 
 
Нормативалық; 
 
Компетенттік  немесе құзіреттілік; 
 
Стандарттық; 
 
Квалитологиялық тұғыр; 
 
 
Жоғарыдағы аталған тұғырлардың кейбіріне тоқтала кетейік. 
Синергетика тұғыры  оқыту процесін тұтас жүйе ретінде тұракты байланыста, ҿзіндік 
ұйымдастырылу арқылы ҿзгеріске түсетіндігін ескереді. 
Іс-ҽрекет  тұғыр-  нақты  ғылыми-ҽдіснамалық  ұстаным  ретінде  танылады. 
Педагогикалық процесті  кайта құру немесе ҿзгерістер  енгізудің алғашқы формасы  - еңбек. 
Адамның материалдық жҽне рухни байлықтарды жасаудағы іс-ҽрекеттері еңбек барысында 
атқарылып,  оқыту  субъектілерін  шығармашылықпен  ҿзгеріске  түсіреді.  Белгілі  психолог 
А.Н.Леонтьев  адамзат  мҽдениетінің  жетістіктерін  игеруде  -  іс-ҽрекет  атқару  арқылы  онын 
жетістіктерін одан орі  жетілдіреді деп  есептеді. Сондыктан окушыларды ҿмірге жҽне жан-
жакты  іс-ҽрекеттерге  дайындауда  олардың  мүмкіндіктерін  ескеріп,  ҿмір  тіршіліктеріне 
кажетті  істерге  тартып,  олардың  ҿмірін  ҽлеуметтік  жҽне  адамгершілік  тұрғыдан 
ұйымдастыру кажет. 
Ал  мҽдениеттану  тұғыры  -  окушының  жеке  тұлғасын  зерттеп,  кұндылық  бағдарын 
калыптастыруда аксиологиялық құндылык іліміне сүйеніп, нақты ғылыми ҽдіснама ретінде 

91 
 
таным  мен  педагогикалық  іс-ҽрекеттерді  кайта  құруға  немесе  ҿзгерістер  енгізуге  бағыт-
бағдар береді.  
Мҽдениеттану  тұғыры  арқылы  жеке  тұлғаның  мҽдениетпен  объективтік  байланысы 
негізінде оның мінез-кұлқындағы құндылыктар жүйесін анықтайды. Ҿйткені адам мҽдениет 
арқылы дамығандыктан сол мҽдениетке жаңа элементтер енгізуге үлес косады. Сол себептен 
адам  мҽдениет  құндылыктарынын  жүйесін  игеріп  ҿзін-ҿзі  дамытса,  екінші  жағынан,  онын 
шығармашылықты  жеке тұлға болып дамуына жағдай туады. 
Түйіндей  келе,  оқыту  процесі  ҽдіснамалық  негізіне  философиялық  тұрғыдан  тарихи, 
ҽлеуметтік,  рухани-адамгершілік,  психологиялық,  педагогикалық  жҽне  басқа  да  оқушыны 
калыптастыратын  құрылымдар  алынады.  Окытудың  мҽні,  құрылымы,  қағидаларының 
теориялық  жақтары  ескеріледі.  Ҽдіснамалық  танымал,  оқыту  процесіндегі    жаңашыл 
идеяларға,  жалпығылыми  жҽне  ұлттық  мҽдениеттің  дамуына,  коғамдық  жағдайларды 
қарастыратын  тұжырымдар  мен  диалектикалық  заңдылықтарға,  ғылыми-техникалық 
жағдайдың  ҿзгергеніне,  бүгінгі  танда  қандай  денгейге  келгеніне    талдау  жасауға 
мүмкіншіліктер туғызады, яғни білімге деген сұраныс анықталады.  
Оқытушы  тиімді  нҽтижелерге  жетуі  үшін,  қандай  ғылымның  болса  да,  белгілі  бір 
ізденісті  калай,  кандай  мақсаттар  үшін  жүргізетіні  туралы  нақты,  мүлтіксіз  түсінігі  болуы 
керек. Мұнын ҿзі таным кызметін ұйымдастыруға, танымнын белгілі бір  "ҽдістер жүйесін" 
таңдап алуға кҿмектеседі. 
Ғылыми-педагогикалық  ізденістін  екінші  бағыты  -  окыту  процесін  нактылы  ғылыми 
түсініктермен  сипаттау,  яғни  бұған  сай  келетін  теория  тұрғысынан  ой  елегінен  ҿткізу  де 
манызды болып табылады. 
Кредиттік  оқыту  технологиясы  тек  тҿмендегі  теорияларды  басшылыққа  алғанда  ғана 
жемісті нҽтижеге жету мүмкін деп есептейміз: 
 

 
Оқытуды дараландыру теориясы; 

 
Педагогикалық антропология теориясы 

 
Креативтік  теория  немесе  креативтік 
педагогика; 

 
Шығармашылық негізде ҿзін-ҿзі  
        дамыту теориясы

 
Біліктілікті арттыру теориясы, 

 
Адаптивтік педагогика; 

 
Педагогикалық акмеология; 

 
Педагогикалық қонфликтология; 

 
Андрогогика; 

 
Тестілеу теориясы; 

 
Антропология; 

 
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру 

 
Қолдау кҿрсету педагогикасы; 

 
Оқыту ҽдістері теориясы; 

 
Білім беру ортасы педагогикасы; 

 
Оқыту технологиясы; 

 
Жобалау педагогикасы; 

 
Рейтинг теориясы; 

 
Жеке тұлғалық - бағдарлық теориясы; 

 
Педагогикалық системология; 

 
Педагогикалық технология; 

 
Білім сапасы тұралы теориясы

 
Педагогикалық аксиология теориясы; 

 
Оқытуды алгоритмдеу теориясы; 

 
Педагогикалық праксиология теориясы;  •
 
Кҽсіби біліктілікті  арттыру теориясы; 

 
Педагогикалық психология теориясы; 

 
Педагогикалық антропология теориясы 
 
Оқыту теориялары оқытудың кейбір жақтарын, белгілері мен ерекшеліктерін  ғылыми 
тұрғыдан талдайды, оларды мазмұндық жақтарына қарай топтастырып жҽне жүйлеп, оқыту 
процесінің  жалпы белгілері жҽне ерекшеліктерін айқындайды. 
Кредиттік  технологиясын  енгізу  барысында,  осы  уақытқа  дейін  қолданылып  келген 
классикалық  жүйені  жоққа  шығару  теріс  пікір  болып  есептеледі.  Бүгінгі  таңда,    кеңестік 
дҽуіріндегі  білім  жүйесін  барлық  ҽлем  мойындап  отыр.  Алайда  қоғамның,  ғылыми-
техникалық  прогрестің,  жаңа  озық  технологиялардың  жедел  дамуына  байланысты, 
оқытудың басты идеясы ҿзгерді. 
Олар: 

 
Оқуға үйрету немесе білімді ҿз бетімен іздену арқылы таба білу идеясы;  

 
Білім беру ортасының ашық болу идеясы; 

 
Шығармашылық идеясы; 

 
Білім беру байланысының оң болуының басымдық идеясы; 

 
Білім берудің интегративтігі идеясы. 

92 
 
 
  Дҽстүрлі  классикалық  оқыту  жҽне  кредиттік  оқыту  технологиясын  салыстырып 
кҿрелік: 
 
Оқытудың 
технологиялары 
Оқыту 
процесінің 
субъектісінің 
басты ұстанымы 
Оқыту  процесінің  объектісінің 
басты ұстанымы 
Дҽстүрлі 
классикалық 
Ғылыми  ақпаратты  беру,    оны 
игерту,  есте  сақтау,  практи-калық 
қолданысын айқындау, бақылау. 
 
Оқушылар 
танымдық 
белсенділікпен  білімді қабылдау, 
практикада пайдалану 
Кредиттік 
Білімді 
игерудің 
алгоритмін 
айқындау,  оқушының  білімге  деген 
қызығушылығын қолдау, 
 білімді 
ғылыми  жаңалықтармен 
толықтыру,  қолданбалы  мҽнін  ашу, 
бақылау 
 
Білімді  игеру  бағдарламасын 
құрады,  кҽсіби  білім  бағдары, 
қолданысы 
 
айқындалады, 
ҽлемдік тҽжірибе ескеріледі. 
 
 
 
Жоғарыдағы  кестедегі  ақпараттар,  оқыту  процесінің  екі  жақтылы  процесс  екендігін, 
онда  субъект-объект,  объект-субъект,  субъект-субъект  қарым-қатынас  жүйесінің  нақты 
орнын аңғартады. 
Кредиттік  оқыту  технологиясының  басты  кағидаттарының  бірі  –оқушылардың  оқуға 
деген қызығушылығын арттыру, яғни мотивация туғызу. 
Сондықтан  оқыту  процесіндегі  басты  тұлға  ретінде-оқытушы  ҿзінің  позициясын 
тҿмендетуге тиісті емес.  
Кредиттік  технологиясының  негізгі  ерекшеліктері  -  студенттердің  жекелей  оқу 
жоспарын  құруында  болып  отыр.  Студенттің  жекелей  оқу  жоспары  дегеніміз  -  эдвайзер 
кҿмегімен  ҽр  оқу  жылына  берілген  форма  бойынша  ҽрбір  жеке  оқушының  білім 
траекториясын анықтауы. 
Кредиттік оқыту технологиясында педагогтың  шығармашылық      еңбегі,  шеберлігі,  
педагогикалык  жетістіктері,  жаңашылдығы  оқытудың  алгоритмін  жасауда  кҿрініс  береді, 
олар: 
 
Оқытудың басты мҽселесін іздеу, ҿзектілігін анықтауда;   
 
Мҽселені мҽнділігі бойынша реттеуде;   
 
Мҽселені талдауда;  
 
Мақсатты, міндеттерді жҽне іс-ҽрекет бағытын айқындауда;  
 
Мҽселені шешу жолдарын белгілеуде;         
 
Мҽселені шешу  механизмдерін нақтылауда;   
 
Жоспар, бағдарлама жасауда. 
Педагогтың басты міндеті  оқушылардан ортақ мақсатқа бағытталған шығармашылық 
топтарды  құру,  олардың  таным  процесін  басқару,  ынталандыру,  яғни  интерактивті  оқыту 
формасын жасау.  
Алайда,  ҿкінішке  орай,  интерактивті  оқыту  формасын  –  интерактивті  тақталарды, 
сызба-нұсқаларды,  слайдтарды,  презентациялық  матералдарды  пайдалану  деген  ұғымдар 
орын  алып  отыр.    Бұлар,  дидактиканың  «алтын  заңы»  деп  танылған    Я.А.  Коменский 
ұсынған кҿрнекілік кағидасы болып есептеледі. 
Кредиттік  технологияда  мотивация  интерактивті  оқытудың  басты  шарты  болса,  ал 
интерактивті  оқыту  формасы  мен  ҽдістері  оқытудағы  жетістікке  жеткізетін  ситуациялар, 
итермелеуші күштер болып есептеледі. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.   Пионова Р.С. Педагогика высшей школы. – Минск: Университетское, 2002. -256 б. 
2. Суворов Н.  Средневековые университеты. –М., 1998. -246 б. 
3. Бабанский Ю.К., Ильина Т.А., Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы.  Алматы: 
Мектеп, 2000. -175 б. 

93 
 
4. Лахтин  Г.А.  Организация  советской  науки:  история  и  современность.  –М.:  Наука, 
2000. -224 б. 
5. Водичев  Е.  «Исследовательские»  университеті  США  и  российская  университетская 
система: опыт сравнительного анализа. 
6. Мынбаева  А.К.  Современное  образование  в  фокусе  новых  педагогических 
концепций, тенденций и идей. –Алматы: Раритет, 2009. -90 б. 
 
Аннотация.    В  статье  расматривается  значимость  основы  кредитного  обучения  в 
ВУЗЕ. 
Annotation.  One  of  the  article  requirements  to    educational  process  in  comprehensive  the 
problem of credit art education. 
 
ӘОЖ -378.14. 
Д 77 
 
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ ОЗАТ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАҒЫТЫ 
 
Дҥйсенова Н.Т., Нҧрадин Г.Б. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитеті  мен  ҚазССР  Жоғарғы  Кеңесінің  №  340 
Қаулысына сҽйкес 1967 жылдың 13-мамырда «Октябрьдің 50 жылдығы» атындағы Жамбыл 
педагогикалық  институты  ашылды.  Елу  жылға  жуық  тарихы  бар  қара  шаңырақ  осы  уақыт 
аралығында  университет  статусына  ие  болды,  М.Х.  Дулати  атындағы  Тараз  мемлекеттік 
университет  құрамына  қосылды  жҽне  2004  жылы  4  наурызда  ол  құрамнан  бҿлініп  Тараз 
мемлекеттік  педагогикалық  институты  болып  қайта  қалыптасты.  Бұл  ҿзгерістер  мекеме 
мҽртебесінің  ҿзгеруіне  де  жҽне  оқу  үрдісіндегі  оң  жҽне  теріс  жағдайларға  да  ҿзіндік 
ықпалын тигізіп отырды. Бірақ түлек түлету үрдісі тоқталмады. Соның нҽтижесінде қазіргі 
Тараз  мемлекеттік  педагогикалық  институтының  түлектері  республикамыздың  түкпір-
түкпірінде ҽр түрлі салаларда жемісті еңбек етуде. 
Белгілі  бір  оқу  орынын  тҽмҽмдап  «дипломды  маман»  атанған  ҽрбір  жас  алдында  бір 
қорқыныш  бар  екені  рас.  Курстан  курсқа  ҿтіп,  қайта  айналып  келетін  жылдар  аяқталып, 
алғашқы жұмыс орны, алғашқы ұжым, алғашқы еңбекақы кезегі келеді. Шын мҽніндегі жеке 
бас тҽуелсіздігі мен аса жауапкершілікті сезіну кез-келген жас маман бойынан қобалжу мен 
толқуды айқындайды. Ҽрбір жұмыс беруші үшін диплом иесінің қандай жоғарғы оқу орнын 
тҽмҽмдағаны аса маңызды. Бір аумақтағы жоғарғы оқу орнындарың салауатты бҽсекелестігі 
олардың ҽрбіріне ерекше екпін береді.  
Тараз  мемлекеттік  педагогикалық  институты  ҿңірдегі  ұстаздар  даярлайтын  қара 
шаңырақ  ретінде  облысымыздағы  жҽне  жалпы  еліміздегі  білім  беру  жүйесінің  жай-күйін 
үнемі  бақылап,  БжҒМ  тарапынан  туындаған  жаңа  заңнамалар,  тұжырымдар  мен 
бағдарламалардың  орындалуына  белсене  ат  салысады.    Осындай  бағыттағы  жұмыстарды 
асыру  мақсатында  институт  ішінен  аналогы  жоқ  «Дидактикалық  орталық»  құрылды. 
Орталықтың басты мақсаты бітіруші түлектерге қосымша біліктілік беру, оларды қызметке 
даярлау,  мұғалім  мҽртебесін  кҿтеру  жҽне  тартымды  ету.  Осы  мақсатты  толығымен  жүзеге 
асыру  үшін  «Дидактикалық  орталық»  ҿз  алдына  биік  міндеттер  қойып,  біршама  келелі 
жұмыстар  жоспарлады.  Жоспарлы  жұмыстар  кезегімен  орындалуда,  атап  айтсақ,  ҿткен 
жылдың 5 қарашасында «Заманауи мектеп мұғалімі қандай болуы керек?» атты ашық сұхбат 
алаңы ҿтті. Аталмыш сұхбат алаңына ЖОББ оқу-ҽдістемелік кабинетінің басшысы Усерова 
Шаһризада,  ЖОҼББ  үш  тілде  оқытатын  мамандандырылған  дарынды  балаларға  арналған 
мектебінің оқу ісі жҿніндегі орынбасары Пірімбетова Ляззат, ЖОҼББ дарынды ер балаларға 
арналған  мамандандырылған  қазақ-түрік  мектеп-интернатының  директоры  Чолак  Ахмет 
Гази,  «Інжу»  балабақшасының  директоры  Гүлмира  Қуатбекқызы  жҽне  қаламыздағы  ірі 
мектептер  мен  балабақшалардың  басшы  орынбасарлары  мен  ҽдіскерлері,  облыстық, 
республикалық  жарыстарда  жүлделі  оралып  жүрген  ТарМПИ  түлектері  Орынбаева 
Мейрамгүл  мен  Жұманова  Ақмарал  қатысты.  Сҽл  уақыттан  соң  маман  болып  қызметке 

94 
 
кіріскелі
 
отырған  ТарМПИ-нің  4  курс  студенттері  ортадағы  еркін  микрофонға  иелік  етіп 
ҿздерін  алдында  не  күтіп  тұрғанын,  практика  кезінде  қандай  қиыншылықтар  болатынын 
тікелей  жұмыс  берушілерден  сұрап  білді.  Біз  потенциалды  жұмыс  берушілерден,  білім 
басқарамасының басшыларынан «заманауи мектеп мұғалімінің стандарты қандай?»,  «ұстаз 
болу  үшін  қандай  критерийлер  қажет?»,  «Жас  маман  қандай  критерийлерге  сай  келуі 
керек?»  деген  сауал  қойдық,  ҿкінішке  қарай,  бұл  сұрағымызға  нақты  жауап  ала  алмадық, 
оның  себебі  Қазақстанда  құзырлы  органдар  тарапынан  бекітілген  мұғалім  стандарты  жоқ 
екен.   
Ойымызды негіздеу үшін мектеп оқушылары мен ата-аналар арасында блиц-сауалнама 
жүргізіп,  осы  мҽселеге  байланысты  жұртшылық  пікірін  зерделедік.  Ашық  сұхбат  алаңына 
жиналғандар  мектептегі  ер  ұстаздардың  үлес  салмағының  аздығы  жҽне  оның  салдарлары 
туралы  «Мен,  ер  ұстазбын!»  атты  ҽлеуметтік  роликті  тамашалады,  айта  кетсек,  2014-2015 
жж.  Жамбыл  облысындағы  450  мектепте  22699  ұстаздар  еңбек  етсе,  оның  4090    ғана  ер 
мұғалім, яғни бұл  - 18%, ал ҽйел ұстаздардың үлес салмағы - 82% . 
Біздің  биылғы  бітіруші  түлектеріміз  ерте  жастан  педагогикалық  карьера  жасаудың 
кілтін  Назарбаев  зияткерлік  мектебінің  жас  директоры  Байтуков  Арсенмен  болған 
эксклюзивті интервью арқылы ұғынды. Ашық сұхбат алаңына қатысушылар педагогикалық 
жағдаяттарды  назарға  алып,  оның  себептері  мен  шығу  жолдарын  талқылады.  Қонақтар 
талқылауға  негіз  болған  жағдаяттарға  ұқсас  ҿз  тҽжірибелеріндегі  бірнеше  жағдаяттарды 
ортаға  салып,  еркін,  ҽрі  ашық  пікірталас  алаңын  құрды.  Келесі  кезең  12  қарашада  «Білім 
беру  мекемелеріндегі  заманауи  психолог  қандай  болуы  керек?»  атты  тақырыпта  жалғасын 
тапты.  Бұл  екінші  кезеңге  ЖОББ  қосымша  білім  беру  жҽне  тҽрбие  бҿлімінің  басшысы 
Дҽрібаева Гүлзира, бірнеше мектеп жҽне балабақшалардың педагог-психологтары қатысты. 
Бұл  ашық  алаң  сұхбаты  да  ерекшеліктерге  толы  болды.  Қатысушылар  психологиялық 
жағдаяттарды  шешіп,  тесттер  арқылы  ҿз-ҿздерін  тексеріп,  отбасы  жҽне  оқу  ордасы  жайлы 
бейне  роликтер  кҿріп,  жалпы  пікірлерін  ортаға  салды,  аффирмация    жасап,  ҿз  сенімдерін 
бекітті.  
Келесі  кезең  Тараз  қаласының  мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемелері  мен 
мектептеріндегі  ТарМПИ  түлектерінің  үлес  салмағын  анықтау  үшін  жүргізілген 
мониторинг.  Мониторинг  нҽтижесі  бойынша  біз  ҿз  түлектеріміздің  білім  нарығындағы 
сұраныс кҿрсеткішімен жұмысқа орналасу мҽселесін диагностикалауға мүмкіндік береді.  
Тараз  қаласы  бойынша  барлығы  58  мектеп,  оның  ішінде  12  -  мектеп-гимназия,  43  - 
орта мектеп, 3 - БМ жҽне Білім басқармасына қатысты 7 мекеме бар. Аталмыш мектептерде 
5573,  ерекше  7  мекемеде  298  мұғалім  қызмет  етсе,  оның  1476  ТарМПИ  түлегі,  яғни  26  %. 
Жоспарымызда Жамбыл облысын түгел қамту мҽселесі алдыңғы орында тұр. Қаламыздағы 4 
жоғарғы  оқу  орны  (ЖГТУ  биыл  жабылды)  жҽне  іргеміздегі  Оңтүстік  Қазақстан 
облысындағы жоғарғы оқу орындарын есепке алғанда бұл үлес салмағының едҽуір екендігі 
анық. Тағы бір ескеретін жайт, біздің оқу ордамыздағы негізгі конингент ауылдық жастар. 
Қарапайым  мектеп  мұғалімдеріне  қарағанда  мектеп-гимназиясы  мен  ерекшеленген 
мектеп  мұғалімдеріне  қойылатын  талаптар  да  жоғары.  Бұл  жайтты  бізбен  байланыстағы 
мектеп  басшылары  да  мойындап  отыр.  Бір  қуантатыны  -  біздің  түлектеріміздің  осындай 
мектептерде  қажырлы  еңбек  етіп  жүргендері.  Білім  басқармасына  қатысты  7  мекеме 
бойынша  ТарМПИ  түлектерінің  үлес  салмағы  48,3  %  құрап  отыр,  атап  айтсақ,  үш  тілде 
оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектепте 47%, «Дарын» мектеп  
интернатында  42  %,  Айша  бибі  атындағы  дарынды  қыз  балаларға  арналған 
мамандандырылған мектеп-интернатында 53%, дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік 
мектеп-интернатында  20  %.  Мұндай  жоғарғы  үлес  салмағы  біздің  түлектеріміздің  білім 
сапасының биіктігін айқындайды.      
Тараз  қаласындағы  38  мемлекеттік  балабақшада  жұмыс  істеп  жүрген  ТарМПИ 
бітірушілерінің  үлесі  -  22.5  %.  Біздің  оқу  ордамыздағы  педагогика  факультетінің  үш 
мамандығы ғана  балабақшада  жұмыс  істей  алатынын  ескерсек,  бұл  кҿрсеткіш  те  тҿмендер 
қатарынан  табылмайды.  Тағы  бір  ескеретін  жайт,  қаламыздағы  жеке  меншік 
балабақшалардың ЖОББ ресми сайтында тіркелгені 15, бірақ негізгі саны бұл кҿрсеткіштен 
едҽуір  жоғары.  Ҿкінішке  орай,  жеке  меншік  балабақшалардан  нақты  мҽлімет  алу, 
қиындықтар туғызып отыр.  
Келесі  кезең  –  Тараз  қаласының  мектептеріндегі  бүгінгі  күні  қызмет  етіп  жүрген 
ТарМПИ  түлектерімен  танысу,  кездесу,  сұхбаттасу,  келісімсҿздер  жүргізу  жҽне  т.б.  тығыз 

95 
 
қарым-қатынастар  орнататын  байланыстар  кезеңі.  Басты  мақсат  -  бітіруші  түлектерді 
шынайы  мектеп  ҿміріне  дайындау,  мектеп  пен  институт  арасындағы  қарым-қатынасты 
нығайту,  сабақтастық  орнату.  Жоғарыда  аталған  мақсатымызға  қол  жеткізу  үшін 
«Дидактикалық  орталық»  4  курс  студенттеріне  лайықталған  ақпараттық-коммуникативтік 
құзырлылықтарын арттыруға бағытталған үш блоктан тұратын 48 сағаттық оқыту семинар-
тренингі жҽне 12 сағаттық шешендік ҿнер бағытындағы семинар-тренинг жҽне 7 модульдік 
Кембридж  технологиясы  бойынша  коучингтер  ҿткізіліп,  нҽтижесінде  бітіруші  түлектер 
сертификат иеленеді.  
  Аталмыш  студенттер  үйреніп  жатқан  тҽжірибелерін  шыңдау  мақсатында  үстіміздегі 
жылдың  5-ші  ақпанда  «Назарбаев  зияткерлік  мектебіндегі  1  күн»  атты  іс-шарада  болды. 
Үздік  қазақстандық  жҽне  халықаралық  тҽжірибе  мен  практиканы  ықпалдастыратын 
инновациялық білім беру моделін құруды жҽне енгізуді стратегиялық мақсат еткен НЗМ мен 
ТарМПИ-ның арасындағы тҽжірибе алмасу үрдісі қарқынды жүріп жатыр. Бұл іс-шара оған 
дҽлел бола алады. 
Тҽжірибе  мақсаты  –  Назарбаев  зияткерлік  мектебінің  жүйесімен  танысу.  Тҽжірибе 
міндеті: Кіріктірілген білім беру бағдарламасы, критериалды бағалау, сабақтың құрылымы, 
белсенді  оқыту  ҽдістері  туралы,  жалпы  мұғалімнің  жүргізетін  жұмыстарының  түрлерімен 
танысу, алған білімін тҽжірибеде қолдану.  
НЗМ координаторлары біздің студенттер үшін арнайы бағдарлама жасаған. Бағдарлама 
бойынша  біздің  студенттеріміз  НЗМ  мектебінің  білім  жүйесімен  жҽне  даму 
стратегияларымен    танысты,  топ-топқа  бҿлініп  қатарынан  2  рет  «физика»,  «орыс  тілі», 
«ағылшын тілі», «биология», «дүниежүзілік тарих» сабақтарына қатысты. Ары қарай сабақ 
берген  пҽн  мұғалімдері,  мектеп  басшылығы  жҽне  біздің  студенттер  болып  жиналып  ой-
пікірлерін  ортаға  салды.    Ҽрбір  секция  мүшелері  сабақтардың  ҿздеріне  ұнаған  тұстарын 
жарыса айтып жиынды қызу-пікір талас алаңына айналдырды. Оқыту мен бағалаудың жаңа 
жолдары мен ҽдіс-тҽсілдеріне негізделген НЗМ-нің жаңа білім беру жүйесін кҿзімен кҿрген 
студенттердің барлығына жаңа ҽдістер, оқушылардың еркіндігі, мұғалімдердің сыпайылығы 
қатты ұнады.  
Түстен  кейін  тағы  да  екі  топқа  бҿлініп  «Белсенді  оқытудың  ҽдіс-тҽсілдерін  үйрету» 
атты  4  семинар-тренингтерге  қатысып  сан  түрлі  жаңа  ҽдістемелерді  үйренді.  «Назарбаев 
зияткерлік  мектебіндегі  1  күн»  атты  іс  шара  оқу  ғимараты  мен  алыс  аудан  мен  ауылдан 
келген  балаларға  арналған  интернат  тынысын  кҿріп  танысумен  аяқталды.  Табысты  болған 
іс-шара  «Жаратылыстану  ғылымдары»  факультетінің  физика  мамандығында  оқитын  2,  3 
курс  студенттері жҽне оқытушылары  арқылы  ҿз  жалғасын  тапты.  Олар  НЗМ-нің  «физика» 
мамандығына дайындаған арнайы бағдарламалары бойынша теориялық, практикалық жҽне 
зертханалық  сабақтарға  қатысты.  «Физика»  пҽні  бойынша  практикалық  жҽне 
лабораториялық сабақтарға қатысу жҽне талқылау тақырыбында ҿткен іс-шараның мақсаты 
–  студенттерді  заманауи  лабораториялық  құрылғылармен  жҽне  олармен  жұмыс  істеу 
тҽсілдерімен,  сонымен  қатар,  озық  оқыту  ҽдіс-тҽсілдерімен,  лабораториялық  жұмыстарды 
бағалау  жүйесімен  таныстыру.  НЗМ  координаторлары  дайындаған  жолсапарлық  парақ 
бойынша  студенттер  3  топқа  бҿлініп,  9-12  сыныптарда  ҿткен  9  практикалық  жҽне 
лабораториялық сабаққа қатысты. Шара соңында НЗМ зияткерлік ҽдістемелік бірлестігінің 
мұғалімдері  ҿткен  сабақтар  бойынша  пікір  алмасты. Тараз  қаласының  мектептерінде 
педагогикалық  практикадан  ҿтіп  жүрген  студенттер  НЗМ-нің  сабақтарына  сыни  кҿзбен 
қарап  ҿз  пікірлері  мен  ұсыныстарын  ашық  айтты.  Ал,  мектеп  оқушылары  сабақ 
барысындағы  еркіндігі,  ҿзін-ҿзі  бағалай  алуы,  зертханалық  жұмыстарды  топтасып  жасауы 
сынды  бірқатар  жұмыстар  ТарМПИ  студенттерінің  кҿңіл  үдесінен  шығып,  мұндай 
мүмкіндіктердің оқушылардың ҿз бетінше ізденуіне жҽне сыни тұрғыдан ойлай білуіне кең 
жол ашатыны анық деп ой түйді. 
Оқу 
ордамыздың 
«Химия», 
«Математика», 
«Информатика», 
«Тарих» 
мамандықтарының  2-3  курс  студенттері  Тараз  қаласындағы  халықаралық  дҽрежеде  білім 
сапасын  кҿрсетіп  жүрген  дарынды  ер  балаларға  арналған  мамандандырылған  қазақ-түрік 
мектеп-интернатында  «ТарМПИ-дің  қазақ-түрік  мектеп-интернатындағы  бір  күні» 
тақырыбында  ҿткізілген  іс-шара  аясында  болып  қайтты.  Басты  мақсат  аталмыш  мектеп-
интернат  сынды  қаламыздағы  беделі  жоғары  мектептердің  тҽжірибелерімен  танысу, 
олардың  белсенді  оқыту  ҽдістерін  үйрену,  мұғалімдік  мамандығын  тартымды  ете  отырып, 
студенттердің мектеп қызметіне белсене араласуына ықпал жасау.   

96 
 
Біз  мектептің  күнделікті  тынысымен  танысу  үшін  жұмысымызды  алғашқы  сабақтан 
бастадық.  Бізді  қазақ-түрік  мектеп-интернатының  бірінші  басшысы  Ахмет  Гази  мырзаның 
ҿзі  қарсы  алып,  мектептегі  білім  жүйесімен  таныстырып,  мектеп  оқушыларының 
жетістіктерін мақтанышпен жеткізді. Ары қарай тіркелім барысында таратылған түрлі-түсті 
папкалар  бойынша  топтарға  бҿлініп  7-9  сыныптардағы  ашық  сабақтарға  қатыстық. 
Оқытудың жаңа жүйесін тиімді пайдаланып, оқушылар зейінін зерделей білген ұстаздардан 
білгендерін  бекітіп,  білмегендерін  үйренген  студенттер  үшін  бұл  тҽжірибелердің  маңызы 
зор.  
«Білім  мен  тҽрбие  егіз»  деген  қағиданы  берік  ұстайтын  ұжым  бізге  бірнеше  ашық 
тҽрбие  сағат  үлгілерін  де  кҿрсетті.  Жастар,  оқушылар  тіпті  нҽрестелер  мен  бҿбектерге  де 
жеткен  интернетке  деген  тҽуелділік,  «номофобия»  мҽселелерін  нысанаға  алып,  оқушылар 
мен студенттер олардың пайдасы мен зиянын жарыса айтты, посттар дайындап, оны қорғап 
жақсы  қарым-қатынас  түзді.  «Зиянды  ҽдеттер»,  «Позитивтілік  –  жетістікке  жетудің  кілті», 
«Нұрлы  жол-болашаққа бастар жол» тақырыптарындағы тҽрбие сағаттары мен дебаттар да 
тым тартымды ҿтті.  
Қазақ-түрік  мектеп-интернатының  І,  ІІ  деңгейлі  мұғалімдерінің  ҿткізген  мастер-
класстар  мен  коучингтерінде  веб-технология,  кембридждік  сабақ  үлгілері,  Блум 
таксономиясы сынды ҽлемдік оқыту жүйелерінің элементтері ұтымды пайдаланылды. Біздің 
ҽлеуетімізге  негізделген  педагогикалық  мҽдениет  мҽселесі  де  назардан  тыс  қалмады. 
Педагог  мҽдениетінің  қағидалары,  заманауи  талаптарымен,  диалогтік  оқытудың  тиімді 
ҽдістерін үйреніп, студенттер қызу пікір таластырды.  
Біздің  топ  мектеп  оқушыларының  «Менің  елім»  атты  патриоттық  ҽн  кешін  кҿріп 
олардың  ҿнерлеріне  де  тҽнті  болды.  Іс-шараның  қорытындысын  бұрынғы  ТарМПИ  түлегі, 
қазіргі  қазақ-түрік  мектеп-интернатының  директор  орынбасары  Орманбекова  Ҽсет  ханым 
жүргізді.  Ҽсет  Байділдайқызы  дҿңгелек  үстел,  кері  байланыс,  рефлексия  жасау  арқылы 
біздің  ұсыныстарымызбен  тілектерімізді  білді.  Мектеп  ұжымы  бізге,  біз  мектеп  ұжымына 
толағай  табыс  тіледік  те,  еліміздегі  мұғалім  мҽртебесін  кҿтеру  үшін  біргіп  жұмыс  істеуге 
келістік.                 
«Дидактикалық  орталық»  оқу  ордамыздың  бітіруші  түлектерімен  жұмыс  істеп  ғана 
қоймай  Тараз  қаласының  мектептердегі  ТарМПИ  түлектерімен  де  тығыз  қарым-қатынас 
түзіп,  семинарлар,  шеберлік  сыныптары,  кездесулер  мен  байқаулар  т.б.  ҿткізуде.  Осы 
аталғандардың  бірі,  ҽрі  бірегейі  мектеп  басшылары  жҽне  кейінірек  тарқата  айтатын 
«Виртуалдық байқауға» қатысушылардың бас қосуымен ҿткен дҿңгелек үстел.  
Қазақтың  алтын  ҽріпті  педагог-ғалымы  Ахмет  Байтұрсынов  1914  жылы    Қазақ 
газетіндегі    «Мектеп  керектері»  атты  мақаласында  «…  Ең  ҽуелі  мектепке  керегі  –  білімді, 
педагогика,  методикадан  хабардар  оқыта  білетін  мұғалім»  деген  екен.  Бұл  мҽселе  бүгінгі 
мектеп  алдында  тұрған  ҿзекті  мҽселелердің  бірі  болып  отыр.  Осы  себебті  бас  қосудың 
негізгі себебі де білім сапасы, мұғалім мҽртебесі болды.  
Бірінші бҿлімде «Мектептегі білім сапасы қандай?» деген сауал ортаға тасталып, қала 
жұртшылығы мен зиялы қауымнан алынған бейне сауалнама ұсынылды. Бейне сауалнаманы 
арқау еткен дҿңгелек үстел қатысушыларына  Тараз қаласының мектептерінде қызмет етіп 
жүрген  жас  ұстаздарымыздың  білім  сапасы  туралы  пікірлері  мен  ҽлеуметтік  желі  арқылы 
сараланған жұртшылықтың ойлары ұсынылды.  
Дҿңгелек үстелдің екінші бҿлімінде Мектеп-Пединститут кластерінің жұмысын қалай  
жандандыруға  болады  деген  сауал  бойынша  оқу-ҽдістемелік  жұмыстары  жҿніндегі 
проректоры  Расима  Сейдуалықызы  толық  мҽлімет  берді.  ТарМПИ-дің  жас  түлектері 
ҿздерінің  алғаш  мектеп  қызметіне  араласқанда  күнтізбелік  жҽне  жылдық  жоспар  жасау, 
журнал  толтыру,  сынып  жетекшісі  ретінде  ата-аналармен  қарым-қатыныс  түзу  сынды 
қиыншылықтарын  жарыса  айтса,  үлкен  буын  оқулық  сапасыздығы,  ата-аналар  тарапынан 
түсініспеушілік, оқушылардың ҽдеби, классикалық кітаптар оқу құлқының тҿмендігін жҽне 
ұялы  телефон,  смартфон,  планшет  сынды  технология  жаршыларының  орынсыз  қолдануы 
жас жеткіншектердің оқудан ауытқуын, денсаулығына зиян келтіріп, білім жүйесіне кедергі 
келтіретіндерін айтты. Мектеп пен институт арасын жалғап тұрған «педпрактика» мҽселесі 
де  кҿтеріліп  екі  жақ  ортақ  мҽмілеге  келді.  Дҿңгелек  үстел  қатысушылары  мен  біздің 
ҽріптестеріміздің ортақ мҽселеге ден қоюы біршама нақты ҽрі жаңа ұсыныстарды туғызды.  

97 
 
Отырыс соңы ТарМПИ түлектері арасында 2-25 ақпан аралығында «Үздік флипчарт» 
жҽне  «Үздік  мультимедиалық  оқу  презентациясы»  номинациялары  бойынша  ҿткізілген 
виртуалды байқаудың жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дҽрежелі дипломдармен марапатталды.     
Дҿңгелек  үстел  қатысушылары  мен  ҽріптестер  бір  ауыздан  мұндай  жиындардың 
қажеттілігін  айтып,  «Дидактикалық  орталық»  жұмысына  сҽттілік  тіледі.  Осы  сынды 
жұмыстар  жыл  бойы  жалғасын  табады,  ал  оның  нҽтижелері  «tarmpi.kz»  сайтында  жүйелі 
түрде жарияланып отыр.  
«Дидактикалық  орталықтың»  келесі  бір  қадамы  қала  мектептеріндегі  11  сынып 
оқушылары  арасында  сауалнама  жүргізу.  Басты  мақсат  мектеп  бітіруші  түлектерінің 
мұғалімдік мамандыққа деген қызығушылықтарын жҽне мұғалім мамандығының мҽртебесін 
оқушылар кҿзімен анықтау. Іске сҽт!  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет