Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы


Аннотация. В данной статье рассматривается о лучших педагогических направлениях  Таразского государственного педагогического института.  Annotation



Pdf көрінісі
бет13/26
Дата03.03.2017
өлшемі2,6 Mb.
#5533
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26

Аннотация. В данной статье рассматривается о лучших педагогических направлениях 
Таразского государственного педагогического института. 
Annotation. In this article talked about the best pedagogical directions of Таразского of state 
pedagogical college. 
 
 
ӘОЖ 796: 37 
Ж 19 
 
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАДА АЛАТЫН ОРНЫ МЕН 
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
Жайханов Ж. И. Тоқтағҧлҧлы А., Пушкарь И.Н. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Дене  мҽдениеті  мен  спорттың  педагогикалық  негіздері  дене  мҽдениеті  теориясының 
бҿлімі болып табылады. Бұл-дене мҽдениеті мен спорт міндеттерін педагогикалық тұрғыдан 
ұйымдастырылған процестер ретінде шешу жолдары туралы білім жүйесі. 
Студенттердің  құрылымы,  сҽйкестенген  жағдайларға  сабақ  пҽндер  мен  орындалатын 
міндеттерге  байланысты алға қойған  міндеттерге жету  үшін  пайдалануға  қажетті  құралдар 
мен  ҽдістер,  сабақ  жүргізу  түрлері,  педагогикалық  басқару  ерекшеліктері  де  ҿзгеріп 
отырады. Сондықтан мамандығы мен дҽрежесі бірдей,бір жарысқа дайындалып жатқан екі 
спортшының  сабағында  да  ерекшелік  болады.  Олармен  қатар  дене  мҽдениеті  мен  спорт  
сабақтарының барлық түрлеріне тең дҽрежеде таралатын жалпы ережелерде бар. 
Қазіргі  таңда  дене  мҽдениеті  мен  спорт    денсаулықты  нығайтудың  ҿміршеңдік  пен 
еңбекке  қабілеттілікті  арттырудың  шығармашылық  жолды  ұзартудың  жҽне  жеке  тұлғаның 
үйлесімді  дамып  қалыптасуы  мен  басқа  да ҽлеуметтік  мҽселелерді  шешудің  тиімді құралы 
болып  табылады.  Осыған  байланысты  дене  тҽрбиесі  мен  спорт  проблемаларына    жарық 
түсіретін ғылыми білімдерге кҿп назар аударылып отыр. 
Гигиеналық  білім  беру  жҽне  тҽрбие  беру  міндеттерін  шешуге    арналған  тарихи 
қалыптасқан  немесе  арнайы  ұйымдастырылған  іс-ҽрекет  дене  жаттығулары  деп  аталады. 
Оларды  негізгі  тҿрт  бҿлімге  бҿліп  қарастырады:  спорт  жаттығулары,  гимнастикалық 
жаттығулар,  ойындар  жҽне  түрлестік  іс-шаралар.  Дене  тҽрбиесі  оның  міндеттерін 
орындаудың  басты  құралы  дене  жаттығулармен    ерекшеленеді.  Осыған  байланысты, 
педагогикалық  құбылыс  ретіндегі  дене  тҽрбиесі  –  бұл  гигиеналық,  білім  беру  жҽне 
тҽрбиелеу міндеттерін дене жаттығуларын қолдану жолымен шешуге бағытталған іс-ҽрекет. 
Дене  тҽрбиесінің  гигиеналық  міндеттеріне  дене  дамуын    жақсарту  мен  денсаулықты 
нығайту,  білім  беруге,  білімді  меңгеру  мен  қимыл  қабілеттерін  жетілдіру,  тҽрбие  беруге, 
тұлғаны бүтіндей қалыптастыру жатады. Осыған орай дене тҽрбиесінің міндеттері мыналар: 
1) денсаулықты нығайту; 2) дене дамуын жақсарту; 3) қимыл қабілетін жетілдіру; 4)білімді 
меңгеру; 5) тұлғаны толық қалыптастыру. 
Дене  тҽрбиесі  ақыл-ой,  адамгершілік,  эстетикалық  жҽне  еңбек  тҽрбиесі  мен  біріге 
отырып, адамның жан-жақты дамуына жағдай жасайды. 
Дене тҽрбиесі міндеттері педагогикалық процестерді ұйымдастырудың негізгі екі түрі 
– дене мҽдениеті сабақтары мен спорт сабақтарының бірігуімен шешіледі. 

98 
 
Дене  мҽдениеті  сабақтары  («дене  мҽдениеті»)  –  бұл  дене  тҽрбиесі  міндеттерін 
спорттық  жҽне  гимнастикалық  жаттығуларды,  ойындар  мен  туристік  іс-шараларды 
үйлестіру жолымен шешуге бағытталған іс-ҽрекет. 
Спорт сабақтары (спорт) – бұл дене тҽрбиесі міндеттерін бір ғана спорт жаттығуларын 
қолдану жолымен шешуге бағытталған іс-ҽрекет. 
«Дене  мҽдениеті»  мен    «спорт»  түсініктері  мҽндері  жағынан  бірдей  педагогикалық 
құбылыс ретінде қарастырылады. Алайда бұл түсініктер арасында айырмашылықтар да бар, 
олар;оның  бағыттары  мен  қолданылатын  құралдарының  ерекшеліктері.  Дене  мҽдениеті 
сабақтарының  негізгі  мақсаты  жалпы  дене  дайындығы  болса,  ал    спорт    сабақтарының 
мақсаты  –  іс-ҽрекет  қабілетін  дамытуда  жоғары  деңгейге  жету  үшін  бір  немесе  бірнеше 
спорт    жаттығуларын  орындауды  жетілдіру  болып  табылады,  бар  айырмашылық  осы. 
Сондай-ақ  дене  мҽдениеті  сабақтарында  бір  ғана  немесе    топтама  сабақтарға 
сҽйкестендірілген  кҿптеген  спорттық  жҽне  гимнастикалық  жаттығулар,  ойындар  мен 
туристік  іс-шаралар  пайдаланылса,  ал  спорт    сабақтарында  –  нақты  спорт    жаттығулары 
қолданылады. Бұл пайдаланылатын құралдар айырмашылығы болып табылады. 
Спорт  жарыстарына  қатысуға  дайындық  басты  мақсаты  болып  саналатын  спорт  
сабақтары спорттық  жаттықтыру деп аталады. Жаттықтыру сҿзі ағылшынның (тренировка) 
«train»  сҿзінен  шыққан,  яғни,  үйрену,  жаттығу,  тҽрбиелеу  деген  мағынаны  білдіреді. 
Жаттықтыру  мақсаты  –  дайындалушының  белгілі  бір    іс-ҽрекет  түріне  деген  қабілетін 
жетілдіру  болып  табылады.  Спорттық  жаттықтыру  –  бұл  жарысқа  қатысуға  дайындалу 
мақсатында психиканың кейбір жақтарын дамыту мен іс-ҽрекет қабілетін дамытуды ең биік 
деңгейге  жеткізуге,  таңдаған  спорт  түрінің  ҽдіс-тҽсілдерін  меңгеруге  бағытталған  спорт 
сабақтарының бір түрі. 
Спорт жаттықтыруларында дене тҽрбиесі мен спорт сабақтарындағы міндеттер толық 
орындалады. Алайда онда бұл міндеттердің ҽрқайсысы  оның биік спорт нҽтижелеріне жету 
мен жарыстарда жеңу сияқты мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін сипатқа ие болады. 
Спорт жаттықтыруы спортшының жарысқа  қатысуға дайындығын қамтамасыз ететін 
бір  ғана  фактор  болып  табылады.  Спортшының  жарысқа  қатысуына  дайындығын 
қамтамасыз  ететін  шаралар  кешенін  спорт  дайындығы  деп  атайды.  Ол  дене,  тҽсілдік, 
тактикалық,  теориялық  жҽне  психологиялық  тҽрізді  сҽйкес  дайындық  түрлерін  жүзеге 
асыруды  немесе    дайындық  түрлерін  қамтамасыз  етуді  қарастырады.  Дене  дайындығы  – 
ағзаның  вегетативті   қызметін,  тұлғаның  іс-ҽрекет  сапасы  мен  пішінін,  сондай-ақ  адамның 
игерген  іс-ҽрекет  дағдысының  байлығын  дамыту    деңгейімен  сипатталады.  Тҽсілдік 
дайындық  –  таңдаған  спорт    түрі  барысында  іс-ҽрекетті  орындауды  жетілдіру  деңгейімен  
сипатталады. Тактикалық дайындық спорт жекпе-жегінің  жағдайлары мен талаптарына сай 
мінез-құлықты,  қимыл  мен  іс-ҽрекетті  ҿзгерту  қабілеттілігімен    сипатталады.  Теориялық 
дайындық – таңдаған спорт жарыстарына қатысу сабақтарының табыстылығы үшін қажетті 
алынған  білімдер  кҿлемімен  сипатталады.  Психологиялық  дайындық  –  адамның  спорт 
жаттықтыру мен жарыстардағы табысын айқындайтын интелектуалдық, ерік пен кҿңіл-күй 
жақтарының дамуымен жҽне жағдайымен сипатталады. 
Спорт  дайындығының  аталған  барлық  түрлері  ҿзара  бірлік  пен  байланыста  кҿрінеді, 
бірақ  олардың  ҽрқайсысының  айырмашылығы  спорттық  мамандандырылуы  пҽнініе 
байланысты  болады.  Мысалы,  гимнастикада  конкимен  мҽнерлеп  сырғанауда,  суға    секіру 
мен  басқа  да  спорт  түрлерінде  басты  міндет  тҽсілдік  міндет,  яғни    қимыл  ҿнерін  меңгеру 
болып  табылады,  ал  ауыр  атлетика    мен  түрлі  қашықтықтарға    жүгіруде  дене  дайындығы, 
спорт  ойындары  мен    бірсайыс  тҽрізді  спорт  түрлерінде  тҽсілдік-тактикалық  дайындық 
басты  міндет    болып  саналады  т.б.  аталған  дайындық  түрлерінің  маңызы  мен  қарым-
қатынасы  кезеңіне,    дайындық  деңгейіне,  спортшының  мамандығына  сҽйкес  ҿзгеріп 
отырады. 
Дене  тҽрбиесі  жҽне  спорт  сабақтары  ҽсерінен  пайда  болатын  жҽне  қимыл-қозғалыс 
кҿрсеткіштерін  жақсартуды  кҿрінетін  ағзадағы  ҿзгерістер  жаттықтырулы  жағдайы  ретінде 
анықталады.  Спорт  сабақтарындағы  жаттықтырылудың  жоғарғы  деңгейі  спорт  пішіні  деп 
аталады. 
Спорттық  пішін  белгілі  бір  спорт    түрінің  талаптарына  сҽйкес  денелік,  тҽсілдік-
тактикалық  жҽне  психологиялық  дайындықты  қамтамасыз  ету  нҽтижесі  болып  табылады. 
Бұл  спортшының  барынша  жоғары  нҽтижелерге  жетіп,    қабілетті  жаттықтыру  жағдайы 
болып табылады. 

99 
 
Жаттығуға  қойылған    талаптар  ағзаның  икемделіп  бейімделуінен  туындайды,  яғни 
ағзаның  жаттығуы  нҽтижесі  жалпы  биологиялық  құбылыс  болып  саналады.  Адамның 
жаттығуы  шексіз  жүйелі  жаттығулар  нҽтижесінде  адам  кейде  ҿз  қозғалыс  мүмкіндігін 
бірнеше есе ұлғайта алады. 
Сабақтардағы  дене  мҽдениеті  мен  спорттың  педагогикалық  принциптерінің  бұзылуы 
кері  ҽсерге  ҽкелуі  мүмкін,  кейде  жүйелі  жаттығулар  нҽтижесінде  ағзада болатын ілгерішіл 
ҿзгерістердің күрт бұзылуымен кҿрінетін артық жаттықтырылу жағдайларда туындайды. 
Дене  тҽрбиесі  мен  спорттың  педагогикалық  принциптерін  сақтаған  жағдайда  бірдей 
түрдегі  спорт    сабақтарындағы  жаттықтыруды  дамытудағы  ілгерілушілік  орындалатын 
қимыл күрделілігіне байланысты болады. Шағын бұлшық ет тобының қатысуымен жасалған 
қимылдар күрделі шоғырланған қимылдарға қарағанда тез нҽтижеге жетеді. Дене мҽдениеті 
мен спортпен айналысу сабақтарында жаттығуды ұлғайту шегі жас шамасына байланысты. 
Ҿз  сипаты  жағынан  тҿзімділік  пен  ептілікті  қажет  ететін  спорт  түрлеріне  қарағанда, 
жылдамдықты  талап  ететін  спорт  түрлерінде  жас  шамасы  кҿп  жағдайда  жаттықтырудың 
дамуын  шектейді.  Қысқа  қашықтыққа  жүгіруде  отыз  жастан  асқан  адамдар  жоғары  спорт 
нҽтижелеріне  жетуі  сирек.  Алыс  қашақтыққа  жүгіретіндер,  семсерлесушілер  арасында  
қырық жастан асқан жоғары дҽрежелі спортшылар кҿп кездеседі. 
Дене тҽрбиесі мен спорт сабақтарындағы құралдар мен ҽдістер туралы түсінік. 
Құралдар  тек  сабақ  барыснда  қолданылып  оның  міндеттерін  орындауға  бағытталған, 
оқытушы  мен  оқушының  іс-ҽрекет  қимылдары  мен  олардың  түрлерін  атаймыз.  Ҽдіс  бұл 
нақты  тапсырмаларды  орындау  үшін қолданылатын  амалдардың  қосындысы.Дене  тҽрбиесі 
мен  спорт  сабақтары  тапсырмаларын  орындаудың  құралдары  мен  ҽдістеріне  дене 
жаттығулары мен түрлі ақпарат түрлері жатады. 
Дене  тҽрбиесі  мен  спорт  сабақтарының  құралдары  мен  ҽдістері  ажырамас  бҿлікте 
болады. Барлық  жаттығулар қозғалыс  құрылымы бойынша  айналымдық  жҽне  айналымдық 
емес    болып  бҿлінеді.  Айналымдық  деп    белгілі  бір  қимыл  топтамасы    барлық  іс-ҽрекет 
барысында  дерлік  түгелдей  қайталанып  отыратын  дене  жаттығуларын  айтамыз  (Мысалы, 
жүгіру,  жүру,  жүзу,  еске  келу,  шаңғы  тебу,  коньки  тебу).  Айналымдық  емес  деп  қимыл 
түрлері қайталанбайтын дене жаттығуларын айтамыз. Мысалы, секіру, лақтыру, бокс, күрес, 
ойындар, семсерлесу, т.б. Аталған ҽр бҿлімдер топтар мен шағын топтарға бҿлінеді. 
Бұдан  бұрын да айтылғандай дене жаттығуларын негізгі тҿрт топқа бҿлеміз: 1) спорт 
жаттығулары;  2)  гимнастикалық  жаттығулар;    3)  ойындар;  4)  туристік  шаралар.  Спорт 
жаттығулары  бұл  –  дене  дайындығы  нҽтижесі  мен  қимыл  ҿнерін  меңгерумен,  психиканың 
кей  жақтарын  дамытумен  жарыс  пҽні  ретінде  кҿрінетін  қимыл  іс-ҽрекеті.  Гимнастикалы 
жаттығулары,  еңбек,  ҽскери,  спорт  іс-ҽрекеттері  мен  солардың  үйлесуінен  құралады. 
Ойындар  ойыншыларды  рҿлдерге,  олардың  орындайтын  қимыл-қозғастарына  бҿлуді 
анықтайтын  фабуламен  сипатталады.  Туристік  шаралар  (серуен,  экскурсия,  жорық  жҽне 
саяхат).  Қозғалыстың белсенді  құралдарымен  елді  мекендері  аз жерде орындалады.     Дене 
жаттығуларын  олардың  кҿмегімен  қандай  тапсырмалар  орындалатынына  қарай  мынандай 
топтарға бҿлуге болады: 1-реттік, 2-дайындық, 3-жүргізілетін, 4-кіріспе, 5-сымбат,  
6- тҽрбиелік. 
Реттік  дене  жаттығулары  деп  –  дайындалушыларды  ұйымдастыруға,  оларды  сапқа 
тұрғызуға  арнаған  жаттығуларды  айтамыз.  Дайындық  дене  жаттығулары  тірек-қимыл 
аппараты мен қимыл салаларын дамыту үшін қолданылады. Дене жаттығуларының бұл түрі 
ҿз ішінде қимыл сапасына, яғни оның ҽсер  ету мүмкіндігіне қарай бірнеше түрге бҿлінеді 
(күшті,  тездікті,  тҿзімділікті,  т.б.  дамытуға  арналған  жаттығулар).  Дайындық 
жаттығуларына  тыныс  алу  жаттығулары  да  жатады.  Жүргізілетін  жаттығулар  үйреніп 
жатқан  қимыл  туралы  бейне  қалыптастыру,  оның  құрылымын  меңгеруді  жеңілдету  қатені 
дұрыстау  тактикалық  дағдыны  игеру  үшін  пайдаланылады.  Кіріспе  жаттығулары  белсенді 
демалыс жҽне сабақта  қызығушылығын  арттыру үшін қолданылады.  Сымбат  жаттығулары 
дене  кемшілігін  дұрыстау  үшін  жүргізіледі.  Тҽрбиелік  жаттығулар  кҿмегімен  белгілі  бір 
мінез-құлық  сипатына,  психикалық  процестерге  ықпал  ету  үшін  қолданылады  (мысалы, 
батылдыққа,  шешімталдыққа,  аптықпауға,  байқампаздыққа  есте  ұстау  мен  зейінге).  Дене 
жаттығуларының  былай  болу  оқыушы  мен  оқушының  дене  тҽрбиесі  мен  спорт 
сабақтарындағы  кез-келген  тапсырманы  орындау  үшін  қолданылуы  мүмкін.  Ҿзіне  тҽн 
қимыл-іс ҽрекеттерін білуі үшін қажет. Алайда дене жаттығуларын аталған топтарға бҿлуді 
оларды жіктеуге талаптану деп қарастыру дұрыс емес, себебі дене тҽрбиесінің ешқандайда 

100 
 
қимыл  құралдарын  тек  бір  ғана  топқа  жатқызып  қоюға  болмайды.  Дене  жаттығуларының 
кҿпшілігі  дене  тҽрбиесі  мен  спорт    сабақтарының  баралу  тапсырмаларын  орындауға 
арналған. 
Жаттығу  (дене  тҽрбиесі  мен  спорт  сабақтарының  ҽдісі  ретінде)  бұл  –  нақты 
тапсырмаларды орындауға арналған  (қойылған  мақсатқа жету) мақсатты бағытталған бҿлігі 
қимыл іс-ҽрекетінің жүйелі қайталануы. 
Олардың  мағынасына  қарай  (үлкен    немесе    кіші  міндеттерді  атқару  мүмкіндігіне 
қарай)  жаттығуларды  (ҽдістерді)  екі  топқа  бҿлеміз:  негізгі  жҽне  кҿмекші.  Негізгі  ҽдістерге 
дене  тҽрбиесі  мен  спорт  сабақтарының  барлық  міндеттерін  орындайтын,  ал  кҿмекші 
жаттығуларда дене жаттығуларын үйретуде ғана қолданылатын жаттығулар жатады. 
Негізгі  ҽдістер  жұмыс  сипатына  қарай  үздіксіз  жҽне  интервалды  болып  бҿлінеді. 
Үздіксіз  жаттығулар  ұзақ  уақыт  ішінде  орташа  қарқынмен  белгілі  бір  қимылды  орындау 
арқылы жасалады (мысалы,  800-ге жүгіруге дайындалған спортшы үшін – 3-5 км-ге біркелкі 
жылдамдықпен  тоқтамай  жүгіру).  Үздіксіз  жаттығулар  негізінен  айналымдық  негізінен 
спорт түрлерінде, сондай-ақ қимыл ұзақтығы белгіленген уақытпен шектелетін айналымдық 
емес  түрлерінде  де  қолданылады  (мысалы:  бокста,  күресте,  спорт  ойындарының 
кҿпшілігінде).  Спорттың  айналымдық  емес  түрлерінде  үздіксіз  жаттығулар  құрылымы 
бойынша  ҿзгеретін  немесе  ҿзгермей  орындалатын  спорт  жаттығуларын  бүтіндей  немесе 
оның  жеке  топтарын  демалыссыз  орындау  арқылы  жүзеге  асырылады  (мысалы,  бокстағы 
қапты ұру топтама жаттығулары, футболшылар мен баскетболшылардың допты алып жүру 
жаттығулары).  Үздіксіз  жаттығуларда  сабақтан  сабаққа  жаттығу  кҿлемі  бірте-бірте  ұлғая 
береді. 
Интервалды  жаттығулар  қимылдарды  үзбей  орындауды  қарқындылықпен  игеріп 
немесе түрлі ұзақтық пен үзіп-үзіп орындау арқылы құралады. 
Жоғарыда  аталған  жағдайлардың  ҿзгеруіне  қарай  бұл  ҽдіс  кезекті  жаттығулар  жҽне 
қайталау жаттығулары деп екіге бҿлінеді. 
Кезекті  жаттығулар  қимылды  орындау  үшін  бірте-бірте  ҿзгерту  арқылы  (кезекпен) 
орындалады. Бұл ҽдіс айналымдық жҽне айналымдық емес спорт түрінде қолданылады, яғни 
үздіксіз  жаттығулармен  қатар  қолданылады  (бокс,  күрес,  спорт  ойындары).  Спорттың 
айналымдық емес түрлерінде кезекті жаттығулар түрлі қарқындағы үздіксіз қимыл  түрінде 
орындалады (ҿзгермелі). 
 

Қашықтықтың кҿп бҿлігі баяу, ҽрі тез бағындырылады 

Қашықтықты тең түрде ҽрі тез, ҽрі баяу бағындыру 

Қашықтықтың кҿп бҿлігі тез, азы баяу бағындырылады 

Тез  бастау  қимылды  баяулатумен  аяқталады,  сосын  жылдамдық  артады,  ол 
қашықтықты тез ҿтумен  аяқталады 

Қашықтықты қысқа бҿліктерде баяу ҿтумен жылдамдықты бірнеше рет ҿзгерту 

Жаттыққан  қашықтықты  тез  ҿтіп,  қанша  спортшы  ырғақты  ұстап  тұра  алады, 
сосын қалған қашықтық бҿлігін баяу аяқтау 
 
Қайталау  жаттығулары    бір  сабақ  барысында  белгілі  бір  қимылды  демалыс 
үзілістерімен орындауға құралады. Бұл ҽдіс барлық спорт түрі сабақтарында қолданылады. 
Интервалды  ҽдістің  қайталау  жҽне  кезекті  нұсқалары  арасындағы  айырмашылық  бірінші 
жағдайда  оқушылар  демалыстық    үзіліс  уақытында  толығымен  демалмайды  (немесе  басқа 
бір  қимылдарды  орындайды),  ал  екінші  жағдайда  -  демалыс  үшін  негізгі  жаттығу 
пайдаланылады,    бірақ  оның  орындалу  қарқыны  бұдан  тез  тҿмендейді  (мысалы:  жүзуде  -
еркін жүзу, желаяқтарда - жай жүгіру). 
Дене  жаттығуларының  айналымдық  емес  түрлерінде  қайталау  ҽдісі  жаттығу  пҽнінің 
ҿзгермеуін  нақтаумен  немесе  жаттығу  пҽнін  ҿзгертумен  орындалады.  Жаттығулар  бір 
сызықпен  немесе  дҽлдеумен  орындалады.  Дҽлдеу  ҽдісінің  түрі  шеңбер  ҽдісі    болып 
табылады.  Қайталау  ҽдісінің  бір  сызықты  түрінде  жаттығу  спорт  жаттығуының  түрлі 
тҽсілдік  жүйеліктерін    немесе    оның  тактикалық  түрлерін  меңгеру  үшін  түрлі  қимыл 
салаларын  біркелкі  ҽсер  етуі  үшін  бір  шеңбермен  жүргізіледі.  Қайталау  ҽдісінің  дҽлдеу 
немесе  шеңбер    нұсқасында  жаттығу  бірнеше    «шеңберде»  орындалады.  Кҿптеген 
зерттеушілердің  (С.П.Белиц-Гейман  мен  Г.Ф.Полевай-теннисте,  Ю.  В  Куншир-
жүзуде,Е.М.Чумаков-күресте)  мҽліметтері  бойынша  сызықты  ҽдіске  қарағанда  дҽлдік  ҽдісі 

101 
 
тиімді  деп  есептеледі.  Шеңбер  ҽдісі  түрлі  дене  жаттығуларын  бағдарланған  ретпен  жҽне 
олардың ҽрқайсысын қарқынды қайталаумен  біркелкі орындауға құрылған. 
Бұнда  қимыл  сипаты,  жаттығудың  қарқындылығы  мен  кҿлемі  сабақ  міндетіне 
байланысты  анықталады.  Бұл  ҽдіс  бойынша  жаттығулар  қатарына  тапсырма  алдын-ала 
үйреніп    жҽне  оқушылардың  ең  жоғарғы      мүмкіндіктерін  анықтағаннан  кейін  ғана  кірісе 
алады.  4-6  аптадан  соң  ҽр  жаттығу  бойынша  оқушылардың  ең  жоғарғы  мүмкіндіктерін 
анықтау үшін бақылау жүргізіледі. Тапсырма реті кезеңімен ауысып тұрады. 
Үздіксіз,  қайталау  жҽне    кезекті    жаттығулар  «таза»  күйінде  бір-бірімен  үйлесіп  те 
қолданыла береді. Ең кҿп тараған үйлесімді қайталау  кезекті жаттығулар болып табылады. 
Таңдаған  спорт  түріне,  сабақ  кезеңі,  орындалатын  тапсырмалар,  оқушылардың 
жағдайына қарай аталған жаттығу ҽдістерінің бірнеше немесе олардың түрлі үйлесімдеріне 
таңдау жасалады. Олар бір немесе бірнеше аралас сабақтар барысында белгілі бірізділікпен 
кезектесіп отырады. 
Жаттығулардың  негізгі  ҽдістері  академиялық  жҽне  ойындық  жарыстар  түрінде 
орындалады.  Академиялық  түр  ең  бастысы  орындалатын  жаттығулар  түрінде,  олардың 
құрылымдарын  қатаң  сақтай  отырып,  оқушы  зейінін  аударумен  сипатталады,  ал  ойындық 
(жарыстық)  түріне  сюжеттік  ендіріледі,  нақты  қимыл  тапсырмалары  мен  оған  қол  жеткізу 
кҿрсеткіштері  анықталады.  Ойын  ҽдісі  дегенде  жарыстың  ұйымдастырылуын  немесе 
ойынды  тура  мағынасында  түсінген  жҿн  емес  ол  берілген  тапсырмаларды  шешуге 
кҿмектесетін қосымша екпінді іздеуге бағытталған. Дене жаттығулары бүтіндей жҽне оның 
жекелеген жүйеліктері оқытылады, ал қимыл сапасын дамытуға арналған жаттығулар жарыс 
түрінде  орындалады.  Жарыстар  оқытушының  немесе  оқушылардың  ҿздері  ұсынған 
ҿндірістік  ережелер  бойынша  орындалады.  Бұл  ҽдіс  үшін  түрлі  снарядтар  мен  ойын 
жаттығуларының  аспаптарын    пайдалану  сипатына  тҽн.  Жарыстық  ҽдіс  оқушыға  үлкен 
қимыл  еркіндігін  береді,  олардың  қызығушылығын  арттырады,  қимыл  түрлерін  іздеуде 
бастама  кҿтеруге  мүмкіндік  береді.  Жаттығуларды  үлкен  кҿлемде  жҽне  үлкен  қарқынмен 
орындауға  жол  ашып,  спорт  тҽсілдерін  тез  ҽрі  жетік  меңгеруге,  ағзаның  қызмет 
мүмкіндіктерін  дамытуға  жҽрдем  береді.  Бірсайыс  сияқты  спорт  түрлері  сабақтарында 
немесе спорт ойындарында жарыстық ҽдіс негізгі болып табылады. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
 
Белдібаев Н.С.  Жастардың даму физиологиясы.  Алматы 2002 
2.
 
Мҽуленов Ж. Қ. Заманауи педагогика ҽдістері. Алматы 2005 
3.
 
Маратов Д. К. Жеке гигиена негіздері. Алматы 2008 
4.
 
Қартабаев С. М. Мектеп жасындағылардың физиологиялық ерекшеліктері.  
Ҿскемен 2002 
5.
 
Бекенов  Д.  А.  Дене  шынықтырудың  дидактикалық  ойындарының  ҽдістемесі. 
Қарағанды 2003.    
 
Аннотация. Данная статья посвящена теме «Роль и значение физической культуры в 
педагогике».  В  данной  статье  рассмотрены  роль  и  значение  физической  культуры  в  сфере 
педагогики.  В  настоящее  время  является  одной  из  основных  частей  современных  методов 
применяемых  в  педагогике.  А  так  же  рассматриваются  проблемы  методики  и  программы 
физической культуры.  
Annotation.  This  article  is  sanctified  to  the  theme  "Role  and  value  of  physical  culture  in 
pedagogics".  In  this  article  a  role  and  value  of  physical  culture  are  considered  in  the  field  of 
pedagogics.  Presently  is  one  of  basic  parts  of  modern  methods  applied  in  pedagogics.  And  the 
problems of methodology and program of physical culture are similarly examined. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

102 
 
ӘОЖ  373 
К 74 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ 
 
Коштаева Н.Б. 
Қалқабай Сартбаев атындағы орта мектеп, Жамбыл ауданы 
 
 Қазіргі  таңда  білім  саласында  жүргізіліп  жатқан  реформаның  басты  мақсаты-ой-ҿрісі 
жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүние танымы жоғары, бҽсекеге 
қабілетті жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тҽрбиелеу.  
Бастауыш мектеп оқушыны жеке тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Ҽр 
сабағымда  дамыта  оқыту  технологиясын,  оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлау 
дамыту  технологиясын  қолданамын.  Бұл  технологиялардың  оқушылардың  оқуға  деген 
қызығушылығын арттыруда алатын орны ерекше. Оқушылардың ойы шыңдалып, белгілі бір 
жетістіктерге  жетеді,  танымдық  белсенділігі,  сабаққа  қызығушылығы,  шығармашылық 
қабілеттері  дамиды.  Дамыта  оқыту  үрдісінде  оқушы  оқу  ҽрекетімен    шұғылданып,  
теориялық  ойлауға  икемделеді,  білімді  ҿзі  меңгеруге  мүмкіндік  алады. Дамыта оқытуда 
баланың ізденушілік-зерттеушілік ҽрекетін ұйымдастыру басты назарда  ұсталады. Ол  үшін  
бала  ҿзінің  осы  кезге  дейінгі білетін тҽсілдерінің жаңа мҽселені шешуге жеткіліксіз екенін 
сезініп, содан барып оның  білім алуға  деген    ынтасы  артып,  білім  алуға  ҽрекеттенеді. 
Сабақ мұндай жағдайда  тҿмендегідей  3  құрамдас  бҿліктерден тұратын болады: 
Оқу мақсаттарының нақты қойылуы; 
Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру; 
Шешімнің дұрыстығын дҽлелдеу. 
Бұл   үшеуі  - дамыта   оқытудың  Д. Б. Эльконин  – В.В. Давыдов жасаған жүйесінің  
негізгі   компоненттері.   Оқушы    алдына   оқу    мақсаттарын   қоюда  ешқандай   дайын    үлгі  
берілмейді.  Мақсатты    шешу    іштей    талқылау,  сосын  жинақтау    арқылы    жүзеге    асады.  
Мұғалім    сабақ    үрдісін    ұйымдастырушы,  бағыттаушы    рҿлінде    ғана    болады.    Шешім  
табылған    кезде    ҽркім    оның  дұрыстығын    дҽлелдей    білуге    үйретіліп,    ҽр    оқушыға    ҿз  
ойын,  ҿз  пікірін  айтуға мүмкіндік беріледі. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ҽ.Назарбаев Республика білім жҽне  ғылым  
қызыметкерлерінің    ІІ  съезінде    сҿйлеген    сҿзінде  білім  беру  ісін  реформалаудағы  
стратегиялық    міндеттердің    бірі    шығармашылық  тұрғыдан  ойлау  білетін  жеке  тұлғаны 
қалыптастыру  мен  тҽрбиелеу  екендігіне баса назар  аударып,  жалпы  білім  беретін  орта  
мектепте    білім    берумен  қатар  адалдық,  адамдық.  Отанын  сүйе  білу  сияқты  гумандық  
сезімдерге    тҽрбиелеу  қажеттігі  ҿзекті  мҽселе  болып  отырғандығын  ерекше  атап  ҿтті. 
Гуманизациялаудың    түпкі    мақсаты  –  оқушыны    жан-жақты    танымдық  ұмтылысы    бар 
субъект  етіп,  шығармашылық  тұлға  етіп  қалыптастыратын, дамуға апару.  
Ҽр  жеке  адамның  шығармашылық  кезеңі  жаңалық  ашуға  деген  ынтамен  серіктес 
екенін  есте сақтау  қажет.  Ҽсіресе,  бала  бойындағы  шығармашылық қабілеттерін  бағыттап, 
тҽрбиелеу-қазіргі таңдағы ата-ана мен мұғалімнің ең басты міндеті.  
 «Ҿз  біліміңмен  балаларды  шектеме,  олардың  туылған  уақыты  бҿлек  емес  пе»?-деп 
айтылған  пікірге  зер  салып  қарасақ.  Қазіргі  таңдағы  баланың  кҿзқарасы,  уақыты  қандай, 
олар неге дайын болу керек? 
 
Оқушыны неге дайындаймыз? 
 
О      *  Қоғамның белсенді азаматы болуға
қ       *  Қалаған іске жауапкершілікпен қарауға; 
у       *  Ҿз ойын, кҿзқарасын құра білуге;                                                       
ш      *  Сұрақтар қойып, оны жан-жақты талқылай білуге
ы     *   Ойын еркін жеткізіп, шығармашыл ізденісті қалыптастыруға;   
                 

103 
 
Осындай  жоспарды  алдыма  қоя  отырып,  ұстаздық  ҿмірдегі  тҽжірибемде  оқыту 
барысында  алдыма  қойған  мақсатым  –баланы  субъект  ретінде  оқу  ісіне  ҿзінше 
қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу, ойлау дағдыларын жетілдіру.   
Осы  мақсатпен  тіл,  таңдаулы  пҽн  сабақтарында  оқушылардың  шығармашылық 
қабілетін дамыту- негізгі ұстаным. 
1. Дүниетанымдарын  кеңейту.  
2. Жеке қабілеттерін кҿре білу, оны     дамытуға  толық мүмкіндік туғызу.                                              
3. Қабілетіне қарай шығармашылық  жұмыспен шұғылдануға машықтандыру  
4. Бойындағы қасиетіне қарай ізденуге жол кҿрсету. 
5. Ҿз жұмысының нҽтижесін кҿру. 
6. Ҿз-ҿзіне сын кҿзбен қарауына. 
7. Жеткен жетістігінен лҽззат алуға   мүмкіндік беру.   
 Бастауыш сынып оқушыларының кез келген шығармашылық тапсырмаларды шешуді 
табыспен меңгере алады. Балаға елеусіз болса да ҿз күшімен, ҿз ойымен, қиындықты жеңе 
отырып «Жаңалық» ашуға жағдай жасауымыз қажет.  
 Ұстаз міндеті- оқушының бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып кҿрсету. 
Кез  келген  оқушы  мұғалімнің  басшылығымен  орындаған  шығармашылық  жұмыстың 
нҽтижесінде  ҿзінің  ішкі  мүмкіндіктерін  дамытады.      Бұл  оқушыдан  салыстыру,  жоспарлау 
сияқты бала үшін қиындау тҽсілдерді қолдануды талап етеді.  
Осы  тұрғыда  ҽрбір  мұғалімнен  оқу  үрдісін  қайта  қарауды  бұрыннан  қалыптасқан 
ҽдістермен  технологияларды  жаңа  ҿмір  талабына  сай  ҿзгертілген  түрлерімен  ұтымды 
ұштастыруды қажет етеді.  Оқытудың дҽстүрлі түрінен басқа форма бар ма екен? Оқушыны  
қызықтыру  үшін не істеуге болады? деген сұрақты алдыма қойдым. Оқытудың жаңаша ҽдіс 
түрлерін  қосымша  оқып,  іздене  бастадым.  Бұл  СТО  бағдарламасының  философиясын 
түсінуді  талап  етеді.  Оқушыларға  стратегияларды  ұсына  отырып,  жаңа  ақпаратты  ҿзінше 
меңгеруге  жұмылдыру  жолына  ҽрекет  болып  табылады.  Ол  үшін  тіл  дамыту  сабағына  ҿз 
алдына  бағдарламалық  талап  қойып,  күнтізбелік  жоспарын  жасап,  сабақтың  үш  кезеңінен 
тұратын модельге кҿшу тиімді екеніне кҿзім жетті.  
1.
 
Қызығушылықты ояту  
2.
 
Мағынаны ашу  
3.
 
Толғаныс бҿлім. 
Сын  тұрғысынан    ойлауды    оқу  мен  жазу  арқылы  дамыту  бағдарламасының   
курстарына  қатыстым.  Сабағыма  ҽр  қырынан  қарауды,  жоғарыдағы  сұраққа  жауап  іздеп 
оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту  үшін,  оқушыны  оқи  отырып,  жазуға 
тҿселдірудің  жолдарын  қарастыртым.  Оқу  мен  жазуды  сыни  тұрғыдан  дамытудың  басты 
жолы  сабақ  ҿткізу  мҽнерін  ҿзгерту  деп  білемін.  Стратегияларды  ҽр  сабақтың  мақсат-
міндетіне сҽйкес тиімді қолдану мұғалімнің шеберлігіне, іскерлігіне, ізденісіне байланысты. 
Сонда  ғана  оқушының  оқуымен  жазуына  тілдік  ҽрекетке  ҿзгеріс  енізуге   болады.  Ҿз  ойын 
айтуға  еркіндік  берілгенін  бала  сезінгенде  ғана  ашылады  жҽне  нҽтижелі  болады. 
Оқушылардың  оқу  деңгейі  жоғарылайды.  Ҽр  тақырыптың  идеясын  оқушылардың  ҿздері 
ашады,  кейіпкерге  айналады,  онымен  бірге  қуанады,  қиналады,  армандайды,  қиялдайды, 
жағымды жағын алады.  
1-ші    сыныптың    2-ші  жарты  жылдығында    оқушыға  түрлі    тақырыпта    мазмұнды  
шығарма  жаздырту  жұмысы  орын  алады.  Бұнда  ескертетін  бір  мҽселе- бұл  оқушыға  ең  
алдымен    шығарманың    үлгісін    кҿрсету    немесе    тірек  схема  беру.  Себебі,    кез  келген  
оқушы  бірден  шығарма  жазуға  қиналатыны  сҿзсіз.  
Екіншіден,  ересектердің  ықпалынан құтқару  мақсатында  оқушыға  алдын-ала  осы  
бағытта  ізденуіне  жағдай  жасай  отырып,  шығарманы  іште,  яғни  сыныпта  жаздырту.   
Үшіншіден,    ерекше    бір  ескертетін    мҽселе-  бұл    оқушы    еңбегін    бағалау.    Бұнда  
мұғалім  ең  алдымен,  оқушының  ізденісін,  айтайын  деген  ойын  бағалай  білуге  тиіс.      
Себебі, бұл жастағы балалар кҿптеген грамматикалық қателер  жіберетіні  белгілі. Сол 
себепті де  уақытты  үнемдей  отырып,  оқушылармен  жеке  дара  жұмыс  ұйымдастыру  ҿте  
тиімді  жҽне  бұл  арада  мұғалімнің  оқушымен  қарым-қатынасы,  тіл  табысуы  да  ерекше  
рҿл  атқарады.  Ҿйткені, оқушының  ар-намысы  сын  келтірмей,  оған  керсінше,  кеңесші  
бола  отырып,  жіберген  қателіктерін  сыпайы  да  саналы  түрде  жеткізе  білу  кез келген  
мұғалімнен  үлкен  шеберлікті  талап  етеді.  

104 
 
2-ші,    3-ші,    4-ші  сыныптарда   оқушылардың      ой    шапшаңдығын,   сҿз   байлықтарын  
дамытып,    шығармашылыққа    баулитын    жұмыстардың    түрі-  бұл  ҿлең  құрастыру.    Бұнда  
ҿлеңдегі    ұйқастарды    табу,    ұйқас    варианттарды    ойлау,    ҿз    бетімен    ҿлең    құрастыру  
сияқты  түрлері  орын  алады.  Ҿтірік  ҿлеңдер,  ертегі,  ҽңгіме  құрастыру  сияқты  жұмыс  
түрі  де  оқушылардың  ҿз ойын, қиялын қағаз  бетіне  түсіруге  жаттықтырады.   Ҽңгіменің  
мазмұны  күнделікті  ҿмірдегі  қоршаған  құбылыстардан  бастала  отырып,  оқушы  қиялын  
дамытуға мүмкіндік жасайды.  Ал  ертегі  құрастыруда  ең  алдымен,  оқушылардың білетін, 
оқыған    ертегілерінің    мазмұнын    жаңа    түрде    жаңарта    отырып,    ертегінің    соңын   
ҿздерінше  аяқтауларын  сонымен  бірге  ертегі  мазмұны  бойынша суреттер беріп,  қандай  
ертегі    екенін    тауып    оны    ҽңгімелету.  Кейін    оқушылар    түрлі    мазмұнда  ертегілер 
құрастыруды еркін меңгеріп, ҿз бетінше  шығармашылық  бағытта  жұмыс  жасай  алады.   
Баланың    ойын  дамытып,    оны    шапшаңдыққа,    тапқырлыққа    баулитын    жұмыстың 
тағы бір түрі- бұл жұмбақтар, ребустар,  кроссвордтар  құрастыру.   
Дҽстүрлі    оқыту      баланы    жаттауға    есте    сақтауға    үйретсе,    ал    дамыта    оқыту  
баланың  дербес  жұмыс  жасауына,  алған  білімдерін  ҿмірде    пайдалануға    үйретеді.    Жазу  
нақтылыққа    баулиды.    Жазу    ойды    жүйелейді.    Адамның    қабілет    ерекшелігіне,  
психологиялық  жағдайына    жазу    тікелей    байланысты.    Жазуға    қызықтыру    маңызды.  
Дҽстүрлі  жазба  жұмыстарында  оқушы  ойын  нормадағы  сҿз  санына  сыйғызады.  Еркін  
ойын    жазу    шектеледі.    Мҽтінге    ҿз    ойын    қосқанмен,    дҽлелдеуге    дҽрменсіз    болады.  
Сҿздік  қорындағы  сҿздерді  пайдалану  жолдарын  біле  бермейді.  Ҿз-ҿзіне  сене  алмайды.  
Кейбір  қиындық  заман  талабынан  туындайды.  Орта  балаға  ҽсер  етеді.  Жаңашылдыққа  
ұмтылуды  мақсат  етті.  Сауаттылыққа  талап  күшейтілді.  Ой  ҽсемдігін  мҽнерлі  сҿзбен  
жеткізу  кҿзделді.  Оқушы  ҿзі  қызыққан  дүние  туралы  жазады.  Тақырып  таңдайды,  ҿз  
ойларын    еркін    жазуға  тҿселеді.    Жазатын    оқушыларды      мадақтау,    газет-журналдарға  
беру.  Оқушылардың  осылайша белсенділігін  арттырып, ізденіске салу  қажет  деп  білемін.  
Кедергіні жеңіп нақты жазуға үйрету.  
Тіл дамыту схемасы 
1.Тақырып немесе үйрететін нҽрсе 
2.Ойына шек келтірмей, тақырыпқа сай жауап жазуға үйрету. 
3.Тірек сҿздерді пайдалану жҽне сҿздік жұмыс істеуге үйрету 
4.Грамматикалық тапсырмалармен жұмыс  
5.Білімін жүйелеуге үйрету, ҿз кҿз қарасын дҽлелдеу  
6.Топтастыру, салыстыру, орта қасиетін салыстыру 
7.Ойын ашық жазу 
Сыни тұрғыдан оқу мен жазудың кҿмегі зор. Оқушы жеке жұмыстануға жаттығады, ҿз 
ойын кҿпшілікке жеткізуге ықпал етеді.  
Осындай    тіл    дамыту    сабағына    ҿткізген    сабақтарымның    қорытындысында    айтар  
сҿзім:  бастауыш  сыныпта  сҽтті  сабақ - белгіленген  мақсатқа  жетуге  ұстазбен  оқушының  
ҿзара    мақсаттығы    негізінде  жүзеге  асатын    үрдіс.    Оқушылардың    шығармашылық  
қабілеттерін  дамытуда  СТО құрылымы  бойынша  ұйымдастырылған  сабақтар  баланың  
ізденімпаздық,  зерттеушілік,  дҽлелдеушілік,  шығармашылық  қабілеттерін  дамытатынына  
кҿз  жеткіздім.    
Жоғарыда  айтылғандай  баланың  қабілеті  мен  талантын  ашуды  неғұрлым  ертерек  
бастаса,   соғұрлым   оның    қабілеті    толық    ашылатынына   практика   жүзінде    дҽлелденді. 
Осындай  жұмыс  түрлерін  тиімді  пайдаланған  ұстаз да  мынадай  оқушы ҽрекеті  шығады: 
  
                                                                                                ҿз  ойын  еркін  жазады. 
                                                                                                ҿзгені  тыңдай  біледі  жҽне        
                                                                                                кҿмектеседі. 
            
                                                   ҿз  ҽрекетін  талдайды.       
                                          ҿз  мақсатын  анықтайды.  
                                                                              
Мұғалім    болашақта    ҿзіндік    кҿзқарасы    толық    қалыптасқан,    дүниетанымы    кең,  
білім,  білік  дағдысы  жоғары,  шығармашылық  бағытта  ҿз  бетімен  жұмыс  жасай  алатын  
жас  жеткіншекті  тҽрбиелей  алады.  
                 Күтетін  нҽтижем 
 
  Оқушы   ҽрекеті 
 

105 
 
О                  ойшыл  
қ                   мҽселе  шешуге  үйренеді    
у                   жазушы           
ш                  ұйымдастырушы 
ы                  автор  иесі  атанады 
1. Ойшыл  ретінде  ҿздерінің  іс-ҽрекетіне  жауап  іздейді. 
2.  Мҽселені    шешуші    ретінде    шешім    қабылдап,    жаңалық    ашу  жолында  
жұмыстанады. 
3.  Жазушы  ретінде    сурет    бойынша,    ҿз    ойларынан    ҿлең,    ҿтірік    ҿлеңдерді  
құрастырып  ортаға  салуы.  
4. Ұйымдастырушы  ретінде  бала  ҿз жоспарын  құрып,  ҿз  ісіне  жауапкершілікпен  
қарайды. 
5. Автор иесі  атанып,  ҿз  еңбектерін  жинап  оқушы портфилиосы  жасалады.  
Ұстаз  еңбегінің  мҽні  мен  сҽні  ол  түлеткен  шҽкірттеріңе  байланысты.  «Білімнің 
негізі-  бастауышта»    демекші,  білімнің  мызғымас  ірге  тасын  қалау-  бастауыш  сынып 
мұғалімінің  басты  мақсаты.  Озық  білім  беру  жүйесінде  ұстаздардың  білім  –  біліктілігі, 
танымы, мҽдениеті, тҿзімділігі ҿте жоғары болу тиіс.  
Президентіміз  Нұрсұлтан  Ҽбішұлы  Назарбаевтың  Қазақстан  Халқына  Жолдауында 
«Ұлттың  бҽсекеге  қабілеттілігі  бірінші  кезекте  білім  деңгейі  мен    айқындалады»  деген 
байламы  жеке  адамның  құндылығын  арттыру,  оны  дайындайтын  ұстаз  жауапкершілігінің 
ҿсуі тынымсыз еңбек, сапалы нҽтиже деген ұғыммен егіз. 
Болашақтың    бүгінгіден  де    нұрлы    болуына    ықпал  етіп,    адамзат    қоғамын    алға  
апаратын    күш    тек    білімде    ғана.    Қай    елдің    болмасын    ҿсіп    ҿркендеуі    ҿркениетті  
дүниеде  ҿзіндік  орын  алуы  оның ұлттық  білім  жүйесінің  деңгейіне,  даму  бағытына  
байланысты.    Жас    ұрпақты    біз    жеке    тұлға    деп    алып    қарағандықтан,    демократиялы  
қоғамда  осы  жеке  тұлғаның  жан-жақты  дамытуға  аянбай  еңбек  етуге  тырысамын. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет