Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет22/26
Дата03.03.2017
өлшемі2,6 Mb.
#5533
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Назарбаев  Н.  Ҽ.  «Қазақстан  –  2050»  .  Халыққа  жолдау.  //Егемен  Қазақстан. 
04.01.2013. 2-3 б. 
2.
 
Сарыбеков Н. С. Воспитание любви к природе. - Алматы. Рауан. 1994. 323 с. 
3.
 
 Гладков Н. А., Михеев А. Б. Охрана природы. -М., Просвещение. 1995.254 с. 
4.
 
 Организация  экологического  образования  в  школе.  //Под  ред.  И.  Д.  Зверева,  И.  Т. 
Суравегиной. -Пермь. 1990. 210 с. 
5.
 
Сарыбеков Қ.-Д.Н. Қарлығашым, келдің бе? //Парасат журналы. № 2, 1996. 12-13 б. 
6.
 
Буров  А.  И.  О  природе  объективности  красоты.  –  Вопросы  литературы,  №  3,  2009. 
52-54 с. 
 
Аннотация.  В  статье  раскрываются  теоретические  основы  и  методические  пути 
формирования  экологического  воспитание  учащихся  начальных  классов  при  обучении 
математике.Описываются  методические  основы  использования  экологического  потенциала 
в  содержании  школьного  математического  образования  в  природоохранительном 
воспитании учащихся. 
Annotation.  In  the  article  theoretical  bases  and  methodical  ways  of  forming  open  up 
ecological education of initial classes of students at educating to mathematics. Methodical bases of 
the  use  of  ecological  potential  are  described in  maintenance  of  school  mathematical  education  in 
nature protective education of students. 
 
 
ӘОЖ 373.2(574.4) 
 
ЭКОЛОГИЯ МАТЕРИАЛДАРЫ МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА 
 
Сарыбекова Қ.Н. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
  Елбасы  Нұрсұлтан  Ҽбішұлы  Назарбаев  ҿзінің  2014  жылғы  17  қаңтардағы  Қазақстан 
халқына  арналған  «Қазақстан-2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты  халыққа 
жолдауында «Ҽрқашан жҽне барлық жағдайда да адам болып қалу керек, ал адам болу үшін 
табиғат  заңдарын  бұзбау  жҽне  ҿзіңнің  табиғаттың  бір  бҿлігі  екеніңді  сезіну  керек.  Мен 
Қазақстандық  бүлдіршін  азаматтарының  бойында  адамға,  табиғатқа    деген  сүйіспеншілік, 
қайырымдылық    болуын  қалаймын»  -  деп  адам  мен  табиғаттың  бірлігі,  үйлесімділігінің 
маңызын ерекше атап кҿрсеткен [1,3 б.]. 
«Қазақстан  Республикасының    экологиялық  білім  беру»  тұжырымдамасына  сҽйкес, 
мектеп  жасындағы  балалардың    экологиялық  білімалуының    мемлекеттік  жүйесін  жасау 
«Жер  планетасының  үстіндегі  ҿмірдің    кең  түрлі  себеп-салдары  байланыстары  мен 
құрылуының  тұтастығы,  табиғат  пен  қоғам  жҿніндегі  ғылыми  кҿзқарастар  туралы, 
биосферадағы 
тіршілік 
негіздерін 
қиратудың 
қayiптендіру 
туралы 
білімдерді 
қалыптастыруды»  кҿздейді.  Сондай-ақ  «Қазақстан  Республикасының  экологиялық 

171 
 
кодексінде»  атап  ҿткендей,  «Табиғат  қорғау  мен  табиғат  байлықтарына  ұқыптылықпен 
қарауды, белсенді азаматтық – ұстанымды тҽрбиелеу білім беру ұйымдарындағы тҽрбиенің 
басты міндеттерінің бipi» болып саналады [2,3 б.]. 
«Қазақстан  Республикасының қоршаған  ортаны  қорғау туралы  заңының  73-бабында  
қоғамның    экологиялық    мҽдениетін    жҽне    мамандар-дың    кҽсіби    даярлығын    арттыру  
мақсатында    мектепке    дейінгі,  жалпы    орта,    кҽсіптік-техникалық,    арнаулы    орта    жҽне  
жоғары білім  берудің  бүкіл  жүйесіне  экологиялық  тҽрбие мен  білім  берудің  жалпыға  
бірдей  жҽне  үздіксіз  жүргізілуі тиіс», – деп   белгіленген [3,2 б.]. 
Оқушыларға экологиялық білім беру мен табиғатты қорғаудан тҽрбие беру ісін мектеп 
тҽжірибесінде  ҽдетте  жаратылыстану  ғылымдары  арқылы  іске  асыру  дҽстүрге  айналған. 
Экологиялык  білім  берудің  ең  тиімді  жолы  жалпы  білім  беретін  пҽндердің  мазмұнын 
экологияландыру,  дҽлірек  айтсақ  олардың  дҽстүрлі  мазмұнын  қайта  қарап,  экологиялық 
білім  жҽне  табиғат  қорғау  тҽрбиесін  беретін  мағлұматтармен  байыту.  Осы  орайда 
математика пҽнінің жекеше орны бар. 
Математиканың  экологияландырылған  курсының  мазмұны,  оқушыларға  оқытуды 
ұйымдастыру  түрлерін,  құралдарын  жҽне  ҽдістерін  тиімді  ұйымдастыру  арқылы  жүргізуге 
болады. Ол үшін ҽрбір негізгі жҿне факультатив сабақтардың, сыныптан тыс жұмыстардың, 
топ  серуендерінің  жҽне  оқушылар  қатысатын  қоғамдық  пайдалы  жұмыстардың  мазмұнын 
экологиялық  материалдармен  байытып,  пҽнаралық  байланысты  ұтымды  пайдалану  қажет. 
Сонда ғана ұстаздар, педагогика ғылымы ҿз асыл міндеттерін адал атқарып, туған табиғатты 
адамның мҽңгілікке сақтап қалуына кҿмектеседі. 
Математика  сабағында  табиғатқа  қамқор  болу,  экологиялық  мҽселелерге  тоқталып, 
оларды  үгіттеу  негізгі  оқу  материалын  жеткізуге  зиянын  тигізеді,  онсыз  да,  аз  уақытты 
азайтады  деп  ойлау  қателік.  Керісінше,  біздің  кҿп  жылғы  жүргізген  тҽжірибеміз 
кҿрсеткендей,  бұл  бағыттағы  жақсы  жоспарланып,  жүйелі  жүргізілетін  жұмыс 
оқушылардың  бойында  осы  пҽнге  деген,  оқу  –  материалына  деген  қызығушылығын, 
ынтасын арттырады. 
Италия  халқының  ұлы  математик  ғалымы  Галилео  Галилей  (1534  –  1642):  «Табиғат 
математика  тілімен  сҿйлейді.  Ол  тілдің  ҽріптері  –  дҿңгелектер,  үшбұрыштар  жҽне  басқа 
математикалық  фигуралар»,-  демекші,  ҽрбір  табиғаттың  құбылысынан  математикалық 
заңдарды шығарып алуға болады. Кейбір табиғат иелері математика сабақтарына ҿздері – ақ 
сұранып алады [4,58б.]. 
Қазіргі  математика  дүниенің,  табиғаттың  мҿлшерлік  қатынастары  мен  кеңістік 
формаларын ҿркендеудің жаңа формасы ретіндегі математикалық структураларды зерттейді. 
Сҿйтіп, математика үздіксіз дамуда болатын ҿмір талабын орындап, барлық басқа ғылымдар 
саласына  кеңінен  енеді.  Ол  тарауланып,  гүлденіп,  ҿркендеп,  жапырағын  жайып, 
тамырынтереңдетіп,  бейне  бір  үлкен  ағаш  сияқты  бұтақтанып  барады,  соған  байланысты 
математика пҽні мен зерттейтін ҽдісі де кеңейе түсуде. 
Табиғатты,  оның  ҿлі жҽне  тірі  қорларын сақтаудың,  қорғап  қалудың  қажеттігін ҽрбір 
қорға байланысты жеке – жеке математикадан оқу – тҽрбие жұмысын жүргізу арқылы үлкен 
нҽтиже алатындығымызға біздің тҽжірибе дҽлел. 
Дегенмен  біз  адам  –  табиғаттың  тҿл  баласы  екенін  естен  шығаруымызға  болмайды. 
Адам  баласының  жан  –  жақты  қалыптасуына  саналы  тҽрбие  мен  ҽлеуметтік  ортаның 
тигізген  ҽсерін  ешбір  кемітпестен,  біздің  қалыптасуымызға  табиғаттың  тигізген  пайдалы 
ҽсерін ешбір кез жоққа шығармауымызға болмайды. Адам да, адам құрған қоғам да қажеттің 
барлығын  бізді  қоршаған  табиғаттан  –  күн  энергиясынан,  ауадан,  судан,  пайдалы 
қазбалардан,  топырақтан,  микроағзалардан,  шыбын  –  шіркейлерден,  жҽндіктерден, 
ҿсімдіктерден,  құстардан,  жануарлардан  алады.  Бұдан  бҿлек  табиғаттан  тыс  адам  баласы 
ҿзіне керекті қорларды ҽзірге жасай алған жоқ. 
Табиғат  қорғау  деп  біз  табиғатты  біртұтас  қорғауды  айтамыз.  Тек  қана  оқушы 
табиғаттың  жеке  –  жеке  элементтерін  ғана  емес,  оның  ҿзін  біртұтас  қорғау  керектігін 
ұғынғанда  ғана  іс  нҽтижелі  болмақ.  Мектеп  оқушылары  табиғаттың  жеке  элементтерін 
қорғау арқылы оның ҽрбір элменттерінің қорғалуының іске асарылатындығын жан – жақты 
түсінуі негізгі шарт (сызба 1). 
 
 
 

172 
 
Сызба 1 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Осы себептен де біз математика пҽнінің алғашқы сабақтарынан бастап «табиғат», «аң», 
«құс», «ҿсімдік» деген жаңа ұғымдарды енгізумен жҽне оларды қорғауды ұйымдастырумен 
қатар  «ауа»,  «су»,  «жер»,  «торырақ»,  «пайдалы  қазбалар»  деген  ұғымдарды  да  енгізіп, 
оларды қорғауда тиянақты жұмыстар жүргіздік. 
Қоршаған  орта,  тірі  табиғатқа  зер  сала  қарасақ,  ҿте  ҽдемі,  берік  те  тиімді  ҿсімдіктер 
ҽлемі  мен  тірі  ағзаларды  жиі  кездестіреміз.  Олардың  құрылысынан  геометриялық 
денелердің  кез  –  келген  формасын  кҿруге  болады.  Табиғатқа  шеңбер,  ромб,  тҿртбұрыш, 
үшбұрыш,  сондай  –  ақ  кҿпбұрыш  формалы  конструкцияны  бір  ізге  түсіріп,  үйлестіре 
қиылыстыруына  еріксіз  тҽнті  болсын.  «Ондай  пішіндерді  қайдан  кҿруге  болады?»  десеңіз, 
алыстан  іздестірудің  қажеті  жоқ,  тұрмыста  жиі  байқайтын  ақ  гүлдің  жапырақшаларының 
құрылысын,  бидай,  арпа  масағындағы  дҽндердің  орналасуын,  таңқурайдың  құрылысын, 
кесіртке  қабыршақтарының  орналасу  суретін,  бал  арасы  кҽрезінің  құрылу  тҽртібін,  тағы 
басқа тірі ағзалардың дене мүшелеріндегі ерекшеліктерді анығырақ қарастырсақ жеткілікті. 
Солардың  барлығы  қарапайым  бір  ғана  бҿлшектің  қайталануынан  құралса  да  ҽрбір 
ҿсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі жҽне ұрпақ таратуына қажетті уақыттыда, материал 
мен  энергияны  да  үнемді  жұмсауда  заңды  құбылыс  болып  табылады.  Міне,  табиғат  пен 
математика ғылымдарының байланысы қайда жатыр?! 
Ҿзімізге белгілі таразының екі басы тең болмай, бір басы ауыр болатын болса, екінші 
басын басып кететіні сияқты табиғат элементтері бірімен  – бірі тығыз байланысып, тепе – 
теңдікте  тұрмаса,  табиғатта  жүйелілік  жойылып,  ыдырау  басталады.  Табиғатта  бір 
элементтің шектен тыс кҿбеюі де жҽне ҿте құлдырап азаюы да қауіпті. 
Мысалы, біз құсты қорғап, олардың жейтін шыбын – шіркейлерін жойып жіберсек, құс 
қорексіз аштан ҿледі. Судағы балықты қорғауды ұйымдастырып, бірақ та судың тазалығын 
ескермесек, тағы балық қырылады. Бұдан шығатын қорытынды  – біздің іс – ҽрекетіміз ҿте 
ойланылып жүргізілуі тиіс. 
Жер  бетінде  жануарлар  дүниесінің  1  миллион  500  мыңнан  астам  түрлері  бар  деп 
есептеледі. Біздің еліміздегі негізгі табиғат байлықтарының бірі осы жануарлар дүниесі. Жер 
кҿлемі  2754  мың  шаршы  километр  дерді  алып  жатқан  Қазақстанда  балықтың  104  түрі, 
құстың 488 түрі жҽне сүтқоректілердің 175 түрі ҿмір сүреді [6,85 б.]. 
Мҽселен,  2000  жыл  ішінде  жер  бетінен  жануарлардың  110  түрі  жойылып  кетті.  110 
түрдің үштен бірі (38) 18 ғасыр уақыт ішінде, ал келесі үштен бірі (30) тек ҿткен бір ғасырда 
ғана  жойылып  кеткен.  Ал  қалған  үштен  бірі  (36)  соңғы  50  жыл  ішінде  құрып  отыр.  1600 
жылдан  бері  жер  бетіндегі  хайуанаттардың  түрлерінің  жойылып  кетуін  Халықаралық 
табиғатты  қорғау  одағының  деректері  бойынша  жер  бетінен  құстың  94  түрі  (0,09%)  жҽне 
сүтқоректілердің  63  түрі  (1,48%)  құрып  кеткен.  Осылардың  ішінде  құстардың  86%  -  ы, 
сүтқоректілердің 75 % - ы адамдардың іс – ҽрекетінің нҽтижесінде жойылған [5,146 б]. 
Табиғаттандырылған математика 
Математика 
сабағындаҿлітабиғаттықорғау 
Математика 
сабақтарындатірітабиғаттықорғау 
Мате-
мати- 
ка 
сабақ- 
тарын
даауан
ықорға
у 
Мате-
матика
сабақ- 
тарынд
а 
судықо
рғау
 
 
Мате-
матикас
абақта-
рында 
топы- 
рақтықо
рғау 
 
Математ
ика 
сабақтар
ындапай
далықаз
баларды
қорғау 
 
Математика 
сабақтарында
жануарлардү
ниесінқорғау 
 
Математ
и-
касабақта
рындаҿсі
мдік-тер 
дүниесін
қорғау 
 

173 
 
Осы 
сияқты 
деректерді 
оқушыларды 
математикалық 
жолмен 
ойлануға 
дағдыландырып,  түрлі  табиғат  құбылыстарының  арасындағы  байланыстарды  жҽне  сандық 
қатынастарды  тағайындауға  керекті  дағдыларға  үйрету  жҽне  оларды  ҿрнектейтін  заңдарды 
табу,  ҿмірде  кездесетін  ҽр  түрлі  жағдайлардың  себеп  салдарларын  анықтау  мақсатында 
оқушыларға есеп құрастырып, шығарту үшін ұсындық. 
Математиканы  оқыту  үстінде  бізді  қоршаған  табиғи  жҽне  қоғамдық  болмыс,  адам, 
оның  ҿмірде  алатын  орны  туралы  түсінікті  мысалдар келтіру  арқылы  кҿрсетіп  отыруымыз 
шарт. 
Табиғат  құбылыстарын  бақылауға  ҿлкетану  материалдарын  жинау  жҽне  оларды 
математикалық  талдауға  оқушылады  жиі  қатыстырып,  табиғат  құбылыстарының  даму 
заңдылықтарын оқып үйрету оқушылардың математикадан, физмкадан жҽне т.б. пҽндерден 
алған білімдеріне сүйенеді. 
Математикалық формулалар табиғат құбылыстарының ҿзара байланысын сипаттайтын 
ерекше  формасы  екеніне  баса  назар  аударған  жҿн.  Оқушылар  математика  пҽнін  оқу 
барысында  бұл  ғылымның  жалпы  маңызын,  оның  дамуының  басты  кезеңдерін,  басқа 
ғылымдармен,  қоғамдық  қарым  –  қатынастармен  байланысын,  ҿмірмен,  практикамен 
байланысын  т.б.  ұға  білу  қажет.  Математика  пҽні  оқушылардың  ой  –  ҿрісін,  логикалық 
ойлануын дамытуға, табиғат заңдарын ғылыми тұрғыдан түсінуіне кҿмектеседі. 
Кҿп  жылғы  жүргізілетін  зерттеуіміздің  нҽтижесі  математика  сабақтарында 
экологиялық  білім  беру  мектеп  оқушысын  қоршаған  табиғи  ортаға  жауапкершілікпен 
қарауға үйрететіндігін кҿрсететті, яғни: 
а) Туған жер табиғатын қорғауға ҿзінің белсене қатысуы керектігін түсінуі; 
ҽ) Оқушы ҿзінің табиғат аясында қалай ұстау керектігін білу; 
б)  Табиғат  ауылға,  қоршаған  ортаға  жҽне  Отанға  деген  патриоттық,  адамгершілік 
кҿзқарасын қалыптастырады. 
Экологиялық  білім  беру  мен  табтиғат  қорғауға  тҽрбиелеу  неғұрлым  ерте  кезден 
басталса, соғұрлым оның беретін нҽтижесі кҿбірек болады. Баланың жас ерекшелігін есепке 
алу  принципі  тҽрбие  үдерісінде  ҽр  кез  кеш  қалмауды  қажет  етеді.  Адамның  бойындағы 
рухани  күштің  потенциалын  неғұрлым  ертерек  қолға  алуды  ұсынады.  Оқушының  ойынан 
ниеті  ауып,  жеңіл  –  желпі,  елеусіз  нҽрселермен  шұғылданбай,  ел  кҿзіне  түсіп,  ҿзінің 
бақытты болашағына жол ашуын қатаң қадағалау қажет. Ол үшін оқу, сыныптан тыс жҽне 
мектептен  тыс  жүргізілетін  жұмыстардың  барлығы  бір  –  бірімен  тығыз  байланыста  жүріп 
отыруы тиіс. 
Оқушылардың  математиканы  оқып  үйренуге  қызығушылығын  дамыту  үшін  жҽне 
олардың  матемаикалық  мҽдениетін  арттыру  үшін  жүйелі  түрде  сыныптан  тыс  сабақтар 
(үйіремелер, кештер викториналар, олимпиадалар жҽне т.с.с.) ҿткізіп отыру ұсынылады. Бұл 
мақсатты  экологиялық  білім  беру  жҽне  табиғатты  қорғау  тҽрбиесімен  ұштастыра  отырып 
жүргізу  балалардың  бойында  айнала  қоршаған  табиғи  ортаға  деген  сүйіспеншілігін 
арттырып, балаларды табиғат қорғау ісіне баулуда айтарлықтай нҽтиже береді. 
Тҽрбиенің қайнар кҿзі – халықтық педагогика. Ҿз халқының мол   мұрасын,   ұлттық  
ерекшеліктерін      білудің    азамат      болып  қалыптасуына  берер  пайдасы  зор[6,58  б.].  Осы 
орайда  математиканы  оқыту  барысында  оқушыларды  табиғат  қорғауға  тҽрбиелеуді  жалпы 
білім  беретін  мектептердегі  оқутҽрбие  үрдісінің,  сыныптан  тыс  жұмыстарының  ҿзіндік 
ұлттық  ерекшеліктерін  айқындайтын,  қазақ  халық  педагогикасының  тҽлім  –  тҽрбие 
принңиптеріне  негізделген  ғылыми  –  педагогикалық  жҽне  методикалық  «Атамекен» 
(М.Құрсабаев) бағдарламасына сүйене отырып атқардық. 
«Атамекен»  бағдарламасының  негізгі  бағыттары  26  бҿлімнен  тұрады.  Аталған 
бҿлімдерді жүзеге асырудағы мақсат – халқымыздың тарихын, мҽдениетін, этнотілін, салт – 
дҽстүрлері  мен  ҽдет  –  ғұрыптарын  орта  мектептердегі  1  –  11  сыныптар  арасындағы  оқу  – 
тҽрбие  жұмыстарында  қазақ  халық  педагогикасының  тҽлім  –  тҽрбие  принциптерін  негізге 
ала  отырып  жүргізу.  «Құсбегі»  бағытында  балалар  мен  үлкендерді,  халқымыздың 
кҿшпенділік  ҿміріндегі  тұрмыс  –  салтының  ерекше  бір  түрі  –  аңшылық  ҿнердің  түрлері 
(бүркіт  баулу,  салу,  жүйрік  тұлпар  мен  тазыны  жарату,  балық  аулау,  қақпан  –  тұзақ  құру 
т.б.) пайдалана білу мен халық тұрмысындағы атқаратын рҿлін, оның тҽрбиелік мҽндерін, ер 
– тұрман ҽбзелдерін терең түсініп оқып білуге атсалысады. 
«Заман – ай» бағытында балалар мен үлкендер кейінгі жылдары табиғат ресурстарын 
тиімсіз  пайдаланудың  нҽтижесінде  жҽне  Қазақстан  территориясының  жер  астында  жер 

174 
 
бетіндегі  ядролық  жарылыстар  ҽсерінен  пайда  болган  экологиялық  апат  аймақтарының 
адамдар  ҿміріне  қауіп  тҿндіруі  туралы  насихат  жұмыстарын  жүргізіп,  тұрғылықты 
жерлердегі табиғи ортаны қорғау істеріне атсалысады. 
Осындай  үйірме  жұмыстарында  қазақ  халқының  ежелгі  есептерін  шығарттық.  Қысқа 
да  тұжырымды  ҽңгімелер,  ең  алдымен,  жастардың  дүниетанымын  байытуға,  есепке  деген 
құштарлығын арттыруға, сол арқылы ойын ұшқырлауына себін тигізеді: 
Есеп1. «Құсбегілер аманаты». 
Орман – тоғайлы, ҿзен – кҿлді даланы еркін жайлаған ауылдың тҿрт құсбегі аңшысы 
болған екен. Аң, құс аулауға келгенде бірінен – бірі ҿтетін кісілер ҽр түрлі қыран құстарды 
мҽпелеп  баптап,  бҽрін  алғыр  етіп  ҿсіреді.  Басы  артығын  базарға  апарып  сатып,  ақша  да 
тауып жүреді. 
Бір  күні  құсбегілер  шаһардағы  жҽрмеңкеге  жүргелі  жатқан  жігітке  келіп,  біздің 
қырандарымызды тиісті бағасына сатып кел, деп ҿтінеді. Базаршы жігіт олардың аманатын 
орындауға  келісе  қояды.  Құсбегілер  оған  тҿрт  –  тҿрттен  он  алты  қыран  құсты  томағалап 
алып келеді. Жолаушы жетегіне алған түйенің тҿрт қырлы ашамайына бҽрін қатар  – қатар 
қондырып қояды. 
Ұзақ  жолға шыққан жігіт  бірер  аптадан  кейін ауылға олжалы  болып  оралады.  Қыран 
құстарды  түгелдей  сатып  келгенін  айтқан  кезде  құсбегілер  мҽз  –  мҽйрам  болып,  қуанып 
қалады. 
- Балам қырандардың қайсысы қанша теңгеге ҿтті?-деп сұрайды ең үлкен құсбегі. 
- Тұрымтай – бір теңгеге, жағалтай – екі теңгеге, лашын – үш,             бидайық –  тҿрт, 
күйкентай  –  бес,пҽрім  –  алты,  ителгі  –  жеті,  сұңқар  –  сегіз,  қырғи  –  тоғыз,  шҽулі  –  он, 
қаршыға  –  он  бір,  тұйғын  –  он  екі,  шҿгел  –  он  үш,  қараша  –  он  тҿрт,  ақиық  –  он  бес,  ал 
байқасқа – он алты теңгеге сатылды. 
- 34 теңге болыпты ғой менің қырандарым, - депті тұрымтай мен байқасқаның иесі. 
- Біздікі де отыз тҿрт теңгеден болыпты ғой, -депті сонда лашын мен бидайықтың иесі 
жҽне күйкентай мен пҽрімді сатқызған кісі қатарынан жарыса. Ителгі мен сұңқардың иесі де 
ҿзіне тиесілі отыз тҿрт теңгесін санап алыпты. 
Тҿрт құсбегінің қайсысы қандай құстарды сатқызған? 
Жауабы:  Бірінші  құсбегінің  сатқызғаны:  тұрымтай,  байқасқа,  жағалтай,  ақиық; 
екіншінікі: лашын, қараша, бидайық, шҿгел; үшіншінікі: күйкентай, тұйғын, пҽрім, каршыға; 
тҿртіншінікі: ителгі, шҽулі, сұңқар, қырғи.  
Есеп 2. «Кҿжектер». 
Қалың  алаботалы  даламен  келе  жатқан  аңшы  бала  екі  інге  тап  болады.  Топыраққа 
түскен ізге карап жас аңшы екеуі де қоян іні екенін бірден біледі. Еңкейіп ін аузына кезек – 
кезек құлақ тосады. Тым – тырыс. 
Ҽр  нҽрсені  білуге  құмар  бала  ҽуелі  бірішпі  інге,  одан  соң  екіншісіне  құлаштап  қол 
сұғып, кҿжектерді санап шығады. Екі іннің оң жақтағысынікі азырақ екен. «Енелері білер ме 
екен, ҽлде білмес пе екен?»-деп, ол кҿжек сандарын ҿзгерткісі келеді. 
«Кҿбін  кҿбейтіңкіреп  қояйын»-деп,  бала  сол  жақ  індегі  бір  кҿжекті  оң  жақтағы  інге 
салады.  Енді  оң  жақтағы  кҿжектер  саны  сол  жақтағысынан  үш  есе  кҿбейіп  кетеді.  «Қой, 
мұнымды біліп қояр, одан да екі іннің кҿжектерін теңестіріп кетейін»-деп, бала оң жақтағы 
інге салған кҿжекке тағы бір кҿжекті қосып, сол жақтағы інге салады. 
Бала үйіне келген соң, мұны шешесіне айтады. 
-Бҽрі қашпа кежек?-деп сұрайды шешесі. 
-Ҽуелі ҽр інде қанша кҿжектен жатты екен? 
   Жауабы: Оң жақта бес кҿжек, сол жақта үш кҿжек. Есеп  
Есеп 3.Ҽпенді «бағбан. 
Қалаға  жаңадан  қоныс  теуіп  жатқан  бір  шаруа  ерте  кҿктемде  үй  іргесіне  жеміс 
ағаштарын  еккісі  келеді.  Жексенбі  күні  базарға  барып  бір  құшақ  балғын  шыбық  сатып 
алады. Оларды түгелімен есік алдындағы арық суына батырып қояды. Ҽке тіршілігіне бала – 
шағасы мен жұбайы мҽз болып, қуанып қалады. 
Ертеңіне шаруа ҽкелген шыбықтарын егуге кіріседі. Ҽуелгі күні шыбықтардың біразын 
егеді де, күн батқанда оларды қайтып суырып алады да сол қалпымен қораның бұрышына 
екеліп бҿлек жинап қояды. «Еккен шыбықтарды неге суырып алдың?»  -дейді жұбайы аң – 
таң болып. «Түнде біреу ұрлаи кетеді ме деп қорықтым», -дейді оған отағасы. 

175 
 
Келесі  күні  таңертең  шаруа  кешегі  суырып  алған  шыбықтарга  тиіспей,  арық  ішінен 
жаңадан  тағы  бір  бума  шыбық  ҽкеліп  егеді.  Бұл  күнгі  еккені  кеше  егіп  қайта  суырып 
алганынан  екі  есе  кҿп  болады.  Қараңғы  түскенде  шаруа  осы  еккен  шыбықтарының  қақ 
жартысын  суырып  алып,  қорадағы  шыбықтардың  үстіне  қосады.  Жұбайы  мұнысына  ашу 
шақырады. 
Ертеңінде  «бағбан»  арықта  қалған  шыбықтарды  санап  кҿріп,  сатып  ҽкелген 
шыбықтарының ҽлі  де  тең  жартысы  жатқанын  байқайды.  Ол енді  арық ішінде жатқан осы 
шыбықтарды  түгел  егіп  шығады  да,  кешке  жақын  осы  еккенінің  ішінен  ҽр  үш  шыбықтың 
бірін суырып алып, қорадағы шыбықтардың үстіне тастайды. 
Ҽкенің  бұл  қылығына  үй  ішіндегілері  түгел  күледі.  Мазаққа  ұшыраған  бағбан  күндіз 
еккен  шыбықтарды  ешкім  ұрламайтынын  біле  бастайды.  Бірер  күн  ойланып  жүреді  де,  ҽр 
кеште суырып алып қора сыртына жинап қойған шыбықтардың бҽрін қайта егеді. Бірақ осы 
күні егілген шыбықтардың тең жартысы кҿктемей қалады. «Қайта – қайта егіп жүріп, тоғыз 
шыбықты  қуратып  тастадың»,-деп,  жұбайы  ерін  жазғырады.  Ҽпенді  «бағбан»  барлығы 
қанша шыбық сатып ҽкелген еді? 
Жауабы: Барлығы 36 шыбық. 
Адам  баласының  қанатты  достары  –  құстарды  қорғау  мҽселесімен  қатар  олардың 
тигізер  пайдасына  да  тоқталып  кеткен  жҿн.  Тҿмендегі  есептер  арқылы  құстардың  тигізер 
пайдасын кҿрсетуімізге мүмкіндігіміз бар. 
Есеп  4.1  қараторғай  күніне  бір  рет  ұшып  келгенінде  балапандарына  9  г  шегіртке  (3 
шегіртке, ҽрқайсысы 3 г – нан) ҽкеп отырады. 2 қараторғай бір күнде 360 г шегірткемен, ал 
бір  айда  осы  2  қараторғай  10800  г  шегірткемен  балапандарын  асырайды.  1  айда  1000 
қараторғай қанша килограмм шегірткелерді жояды?  
Есеп  5.Жаз  бойына  бір  тышқан  1  кг  астық  жесе,  ал  1  үкі  жаз  бойына  осындай  1000 
тышқанды жейді екен. Онда 1 үкі қанша астықты сақтап қалады? 
Табиғат байлығының құрамды белігінің бірі – орман екені белгілі. Орман мол ҿнімнің 
негізі, мол сулы ҿзендердің жҽрдемшісі. Алайда,          жылдан – жылға ормандар жойылып 
бара жатыр. 
Оқушыларға  орманды  қорғау,  оның  байлықтарын  тиімді  пайдалану  мҽселесін  айтып 
ҿтіп, орманның пайдасын кҿрсететін мына есептерді шығартып кҿрдік. 
Есеп  6.Орманның  10000  гектары  тҽулігіне  50  –  100  тоннаға  дейін  оттегін  бҿліп 
шығарса, онда орманның 1 гектары тҽулігіне қанша оттегін бҿліп шығарады? Ал орманның 
1  гектары  200  адамды  бір  сағат  оттегімен  қамтамасыз  етсе,  онда  орманның  10000  гектары 
қанша адамды бір сағат оттегімен қамтамасыз етеді? 
Табиғат аруы – шырша, жыл сайын ҽр отбасында жаңа жылдың келуін паш етеді. Егер 
орта  есеппен  10  –  15  адамға  бір  шыршадан  орнатылады  деп  алсақ,  онда  жаңа  жыл 
қарсаңында Тараз қаласының 332 мың халқына орта есеппен 22130 шырша кесіледі екен. Ал 
Қазақстанның  17  миллион  халқына  1133000  шыршаның  кесілетінін  балалардың  ҿздері 
есептеп тапты. 
Табиғатта  кҿптеген  ҿсімдіктердің  гүлдерінің  барын  білеміз.  Осы  гүлдер  арқылы 
балаларға уақытты анықтатуға үйретуге болады. Мысалы, итмұрын гүлі таңғы сағат 4 – 5 – 
те  ашылып,  кешке  сағат  7  –  8  –  де  жабылады,  ал  ҿгейшеп  гүлі  ертеңгі  сағат  9  –  10  –  да 
ашылып, кешкі сағат 6 – 7 – де гүлін жабады екен. 
Ҿсімдіктер  ҽлемі  үшін  кҿптеген  шыбын  –  шіркейлердің  тарапынан  да  едҽуір  пайда 
тиеді.  Еңбекқор  тіршілік  иесі  –  құмырсқаның  пайдасын  анықтау  үшін  мынадай  қызықты 
есеп шығартылады.  
Есеп 7.Құмырсқа илеуі бар үлескі ағашында 13037 зиянды жҽне 2061 пайдалы шыбын 
– шіркейлер болады. Бір илеудің құмырсқалары бір аптада 51120 шыбын – шіркейді жойған. 
Оның ішінде зиянды шыбын – шіркейлердің 99,7% - ін, пайдалы шыбын – шіркейдің 0,07%-
ін,  айтарлықтай  пайдасы  жоқ  шыбын  –  шіркейлердің  0,23%  -ін  жойған.  Сонда  қанша 
зиянды, пайдалы, айтарлықтай пайдасы жоқ шыбын – шіркейлерді жойған? 
Осы  сияқты  есепті  шығару  арқылы  ҿзіміз  күнделікті  кҿріп  жүрген  құмырсқаның 
ерекше пайдасын кҿрсетуге болады. 
Бұл  келтірілген  есептер  арқылы  табиғаттың  алуан  сыры  бар  екенін,  оларды  толық 
ашуға математика пҽнінің кҿмектесе алатынын оқушыларға жеткізе алуымызға болады, 

176 
 
Жалпы  орта  білім  беретін  мектептерде  осындай  шараларды  жүргізіп  отыру 
оқушылардың  қоршаған  табиғи  ортаға  деген  жанашырлық  жауапкершілік  кҿзқарастарын 
қалыптастырып, оларды табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға тҽрбиелейді. 
 
 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ҽ.Назарбаев2014 жылғы 17 қаңтардағы 
«Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы.  
2.  Қазақстан  Республикасының  2004-2015  жылдарына    арналған    экологиялық  
қауіпсіздікті сақтау  тұжырымдамасы. Астана 2003 - 55б. 
3. Қазақстан  Республикасының қоршаған  ортаны  қорғау туралы  заңы. 1997. 
4.Сарыбеков Н. С. Воспитание любви к природе. -Алматы: Рауан,1994. 320 б. 
5.  Сарыбеков  Н.,  Сарыбеков  М.,  Сарыбеков  Қ  -Д.  Қазақ  халқының  табиғат  қорғау 
дҽстүрлері. Алматы: «Рауан», 1996. 51 б. 
6.Сарыбеков  Н.  С.  Педагогические  основы  природоохранительного  воспитания 
учащихся.–Алматы:Мектеп, 1994. 98 б. 
 
Аннотация. В статье рассматривается экологическое воспитание учащихся при 
обучении математике.Описываются методические основы использования экологического 
потенциала в содержании школьного математического образования в 
природоохранительном воспитании учащихся. 
       Annotation. Ecological education of students at educating to mathematics is examined in the 
article.Methodical bases of the use of ecological potential are described in maintenance of school 
mathematical education in  nature protective education of students 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет