З.Д. Тажиева
1
, А.Ш. Абдимомынова
2
, А.Б. Темирова
3
1
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қ.
2
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қ.
2
«Қаржы Академиясы» АҚ, Астана қ.
КƏСІПОРЫН ƏЛЕУЕТІ ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ МƏНІ МЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ
Аннотация. Жоғары бəсекелестік пен конъюнктураның айқынсыздығымен сипатталатын нарықтық
экономика жағдайында кəсіпорынның тұрақтылыққа қол жеткізуі жəне оның тиімді қызмет жасауы көптеген
күрделі міндеттерді шешуді қажет етеді. Олардың ішінде ең маңыздысы кəсіпорынның əлеуетті мүмкіндікте-
рін барынша пайдалану жəне нарықтағы өзгермелі ахуалдарға бейімделу қабілетін қалыптастыру болып та-
былады.
Кредиттік құралдардың тапшылығы жағдайында көптеген кəсіпорындар үшін ресурстардың барлық
түрлерін пайдалану экономикалық əлеуетті қалыптастыру мен пайдалануда əдістемелік қамсыздандыруды
қажет етеді. Мақалада экономикалық əлеуеттің, оның резервтері мен тиімді пайдалану жолдары арқылы
мазмұнын анықтау мəселелері зерттеледі, отандық зерттеушілердің аталмыш түсінікті талдаудағы ғылыми
көзқарастары қарастырылады. «Экономикалық əлеует» терминіне авторлық түсініктеме берілген. Ұсынылған
кəсіпорын əлеуетінің жүйелік құрылымы үлгісінде əлеуеттің кез-келген деңгейі оның қамсыздандыратын
ресурстардың өзара əрекеттесуі арқылы қалыптасатындығы дəлелденген. Өнеркəсіптік кəсіпорын үшін
экономикалық əлеует ұғымының нақты іс жүзінде қолданылуы мен бағалануы маңызды сипатқа ие, себебі
өнім өндірісі мен кəсіпорынның нарықтағы іс-əрекетіне тікелей ықпал етеді.
Кілт сөздер: əлеует, кəсіпорын, өңір, сала, капитал, кəсіпкерлік, ресурстар, экономикалық қызмет.
Сведения об авторах:
ТажиеваЗейнарДостановна – кандидат
экономических
наук,
доцент,
Кызылординский
государственный университет им.Коркыт Ата, г.Кызылорда, Кафедра «Профессиональное образование и
изобразительное искусство», zeinar@mail.ru, тел.: +8 701 3522911;
Абдимомынова Алмакул Шакирбековна – кандидат экономических наук, доцент, Кызылординский
государственный университет им.Коркыт Ата, г.Кызылорда, Кафедра «Экономическая теория и
государственное управление», abdim.alma@mail.ru, тел.: +7 701 338 24 45;
Темирова Акмарал Болатовна – кандидат экономических наук, АО «Финансовая Академия», г.Астана,
Декан факультета Послевузовсого образования, bolat39@mail.ru, тел.: +7 777 611 71 12
Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан
284
N E W S
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES
ISSN 2224-5294
Volume 6, Number 310 (2016), 284 – 289
G.Chukenayeva
PhD student of Zhetysu State University named after Ilyas Zhansugurov,Taldykorgan, Kazakhstan
e-mail: Chukenaeva@mail.ru
POLYLINGUAL EDUCATION AND ECOLOGY
OF KAZAKH LANGUAGE
Abstract. The article examines the impact of polylingual education on the ecology of Kazakh language.
Analyzed the state of language environment of students through the prism of language ecology, set causes of its
pollution. Defined the problems of preservation of the native language in the conditions of polylinguism. Studied the
factors shaping the language person pupil. Installed modern challenges facing the ecology of the Kazakh language.
Keywords. Polylingual education, Ecology of Language, Language personality, Safe linguistic environment,
second Language, polylingual personality.
ƏОЖ 81'271; 82.085; 808.5
Г.Чукенаева
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің докторанты, Талдықорған қ., Қазақстан
КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ЖƏНЕ
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЭКОЛОГИЯСЫ
Аннотация. Мақалада көптілді білім берудің қазақ тілінің экологиясына ықпалы қарастырылған. Оқу-
шылардың тілдік ортасының жағдайы лингвоэкологиялық аспект тұрғысынан талданған, ластану себептері
анықталған. Көптілділік жағдайында ана тілін сақтау мəселесі сараланған. Оқушының тілдік тұлғасын қа-
лыптастырушы факторлар зерделенген. Қазіргі таңда қазақ тілі экологиясының алдында тұрған міндеттер
айқындалған.
Тірек сөздер. Көптілді білім беру, тіл экологиясы, тілдік тұлға, қауіпсіз лингвистикалық орта, екінші
тіл, көптілді тұлға.
Соңғы уақытта əлемде орын алған өзгерістерге, болашақ маманға қойылар талаптар мен құзы-
реттіліктерге байланысты білім берудегі тіл саясатының маңызды бағыты көптілді білім беру
болып отыр. Көптілді білім беру дегеніміз – оқу үдерісі барысында үш не одан да көп тілде білім
беру жүйесі. Бүгінгі білікті маман дүниежүзілік мəдениетті танитын, өзінің төл мəдениетін
сыйлайтын, басқаға өзін таныта алатын, рухани дүниесі бай, бірнеше тілді меңгерген болуы шарт.
«Үш тұғырлы тіл» мəдени бағдарламасынан бастау алған көптілді білім беру ісі бүгінде елі-
міздегі балабақша – мектеп – ЖОО жүйесіне енгізілуде. Көптілділік – заман талабы, өркениет
шарты екені даусыз. Алайда Қазақстанда қалыптасқан тілдік жағдаятты ескерсек, көптілділікті
лингвоэкологиялық тұрғыда қарастыру аса маңызды. Себебі қазіргідей алмағайып заманда тілді
сақтау идеясы бұрынғыдан да күрделірек, бұрынғыдан да күрмеуі қиын мəселеге айналып отыр.
«Бiз қазiр тек қазақ тiлiн қорғау жағдайында отырған жоқпыз, “Қазақ ұлтын қорғау керек” деген
мəселенi алдымызға қоятын заман болып тұр» [1].
Елімізде көптілді білім берудің халықаралық тəжірибеде қолданыс тапқан моделін енгізуде
лингвоэкологиялық қағидалар басты назарда болуға тиіс. Біріншіден, қазіргі таңда əлемдегі барлық
тіл лингвоэкологиялық ықпалға ұшырап отыр, оған дəлел лингвоэкология саласындағы зерттеулер.
ISSN 2224-5294 Серия общественных и гуманитарных наук. № 6. 2016
285
Əр елдердегі лингвоэкологиялық жағдайлардың сипаты əр алуан болғанына қарамастан оларға
ортақ мəселелер де бар, атап айтқанда ақпараттық технологиялардың қарыштап дамуы нəтижесінде
ағылшын тіліне жəне əлем халықтарының тілдік кеңістігіне ағылшын тілінің экспансияна
негізделген тілдік үдерістердің жаһандануы. Аталған жағдай əртүрлі жағымсыз үдерістерге
деформация, деградация жəне тілдің жойылуына əкеп соқты. Бұл үдеріс əлі де жалғасуда.
Екіншіден, еліміздегі тілдік жағдаят. Ғалымдар тілдердің жойылу себебін негізгі үш топқа
бөледі: физикалық, экономикалық жəне əлеуметтік-саяси себептер. Ал тілдің өмір сүруінің кепілі –
сол тілде сөйлейтін ұрпақ болып табылады. Мемлекетте бірнеше тіл қатар қолданыс тапқанда
азаматтардың прагматикалық көзқараспен əлемде кең қолданыс табатын тілді таңдап, ана тілінен
бас тартатын жағдайлары да кездеседі, бұл тіл үшін аса қауіпті құбылыс. Қазақ тіліне қатысты
мұндай қауіптің бар екенін тіл экологиясын, тілдің өміршеңдігін зерттеумен айналысып жүрген
ғалымдар Н.Уəли, А.Фазылжанова, Э.Сулейменова, З.Ахметжанова жоққа шығармайды [2.449].
Қазір елімізде жастар арасында аралас (қазақ жəне орыс тілдерінің элементтері араласып, бір
жүйге біріктірілген) жəне субординативтік (орыс тілі басымдыққа ие) қостілділік белең алған. Оған
қоса оқушылар мен студенттер ағылшын тілін игеруде ерекше белсенділік танытып, басым көп-
шілігі оқу бағдарламасына қосымша арнайы курстар, онлайн курстар арқылы үйренуде. Аталған
үдерістер қазақ тілінің экологиясына қалай ықпал етеді? Бұл турасында Б.Хасанұлының «Негізі,
ағылшындардан аса қауіп келе қоймас, себебі олар қасымызда емес. Қауіп – орыста, өйткені орыс
тілді қазақтарды ана тілімізге қайтару əдісін əлі ешкім ойлап таба алмай отыр, қазақ тіліне қарсы
жұмыс істейтіндерге де бөлек күрес керек ғой...» [3] деген пікірімен келісуге болады. Дегенмен,
қауіптің алдын алу үшін қазақ тілін ұлттық құндылық ретінде, ал өзге екі тілді əлемдік
қауымдастыққа ықпалдастыру құралы ретінде меңгертетін тиімді модель ұсынуға, білім беруде
экологиялық тіл саясатын жүргізуге тиіспіз. Оқушының санасында ана тілінің психологиялық
мəртебесі жоғары, ана тілінің қолданылу аясын кеңейту ұстанымы тұрақты болу үшін жүйелі
жұмыс жүргізу қажет.
Жалпы оқушылардың бірнеше тілді меңгеруі, оның бала интеллектісіне, психологиялық,
əлеуметтік, этномəдени дамуына ықпалы жайлы сан қырлы зерттеулер жүргізіліп, көптілділікті
жақтаушылар мен қарсы топтың пікірлері сараланған.
Білім берудің классикалық жүйесінде өзге тілдерді білу маңызды орынға шығарылып, құнды-
лық ретінде қабылданды. Адамның бірнеше тілді меңгеруі, сол тілдерде əдебиеттермен танысуы
оны оқыған, білімді адам қатарына жатқызуға негіз болды. Ал ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ға-
сырдың басында ғалымдар тілді игеруші санасында əр тілдің жүйесі өзара тəуелсіз (автономды
түрде) қызмет етеді, сəйкесінше олар бір-біріне жəне ойлау жүйесіне кері əсер етеді деп пайым-
дады. Бұл көзқарасты лингвистер А.А.Потебня, Г.Шухарт, психологтар И.Эпштейн, А.Герлах,
Ф.Смит, Д.Саер, В.Стюарт жəне т.б. ұстанды. Ал үшінші кезеңде ғалымдар (Е.Ленц, К.Питнер,
А.В.Ярмоленко) бейтарап көзқарас ұстанды. Олардың пайымдауынша, тілдер біріне-бірі кері əсер
тудырмайды, адамның ойлау жүйесіне ықпал етпейді. Төртінші кезеңде бірнеше тілді меңгерудің
адамның ойлау жүйесіне жағымды ықпал ететіні дəлелденді. Бұл көзқарасты А.Д.Миллер,
М.В.Сергиевский, Л.В.Щерба қолдады [4.30-34].
Көптілді білім беруге қатысты жүргізілген зерттеулердің өзегі екінші тілді енгізудің оңтайлы
жасына қатысты. Бала дамуының психологиялық, физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып,
ғалымдар тілді үйрету неғұрлым ерте жаста басталса, соғұрлым нəтижелі болмақ деп тұжырым-
дайды.
М.Михайлов «Тілдік жүйелердің автономдылығына, екі тілді де таза жəне акцентсіз меңгеруге
т.б. екінші тілді ерте жастан оқытқанда ғана қол жеткіземіз» десе [5], М.Сигуан, У.Макки «Екінші
тілді енгізудің оңтайлы жасына қатысты тартыстар абстрактілі мəселе болып табылады. Біз ең
алдымен оны қандай жағдайда, қандай мүмкіндіктерді пайдаланып енгізетіндігімізді түсіндіруге
тиіспіз. Екінші тіл неғұрлым ерте енгізілсе, соғұрлым тиімді деген тұжырымдар оны мектепте
білім беруден, тіпті мектепке дейінгі кезеңде енгізу керек дегенді білдіреді» деп жазған [6.113].
Бала дамуының мұндай ерекшелігін М.Жұмабаев та «Естің аса күшті болатын кезі – 7 мен 15 жас
арасы. Сыртқы дүниемен, адамзат тұрмысымен жаңа таныс болып келе жатқанда адам бір нəрсені
білуге, бар білгенін есте сақтауға ұмтылады. Естің қатынасуын қатты керек қылатын ғылымдарды
үйренуге нағыз қолайлы шақ – осы 7 мен 15 арасы» деп атап өткен [7.91]. Осылайша, ғылыми
Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан
286
тұжырымдар, əлемдік тəжірибе екінші тілді енгізуді ерте жастан бастаудың тиімділігін дəлелдеп
отыр. Сонымен қатар, елімізде көптілді білім беруде игерілетін тілдердің өзара қатынасы да тиімді,
яғни тілдердің генеологиялық тұрғыда алшақ топтарға жатуы оны меңгеруде, өзара түсінуде
қиындық тудырғанымен, олардың тəуелсіз дамуына қолайлы жағдай жасайды. Бірақ Қазақстанда
қалыптасқан «ерекше» тілдік жағдаят көптілділікті енгізуде тілдік балансты сақтап, біздің қоғам-
ның сұранысына сəйкес, қазақ тілінің өміршеңдігін қамтамасыз ететін, экологиялық қауіптің алдын
алатын əдістемесін ұсынуды талап етеді. Өйткені балалық кезеңнен кейінгі уақытта екінші тілді
игеру əрқашан бірінші тілдің (ана тілінің) құрылым жүйесіне негізделеді. Бұл құрылым жүйесі
неғұрлым берік болса, білімгер оны соғұрлым жақсы түсініп, екінші тілді оған сүйеніп, жеңіл
меңгермек. «Ана тілінің негізінде туындаған жəне оның басқа тілдермен үйлесімінде дамитын
үштілділік əрқашан үдемелі құбылыс. Ана тілі болып табылмайтын, алайда басымдыққа ие кең
таралған тіл негізінде туындаған үштілділік уақытша жəне кертартпа құбылыс, ол ақыр соңында
«глоттофагияға» – бір тілдің екінші тілді жоюына, ана тілінен баз кешуге əкеп соқтырады» [8.356-
357].
Білім беруде қолданылатын тілдер əртүрлі əлеуметтік қызмет атқарады, дəрежелері де əртүрлі,
бірінің дəрежесі екіншісіне қарағанда жоғары болады. Білім беру жүйесі де барлық тілдерді
ескергеніне қарамастан, «қуатты» тіл бойынша құзыреттілікті барынша дамытуға тырысады.
Мұндай жағдайда білімгер «əлсіз» тілде сөйлей отырып, ол тілдің жəне оны тасымалдаушы
халықтың əлеуметтік дəрежесінің төмендігін, екінші жағынан мектеп талаптарын орындау үшін,
болашағы үшін «қуатты» тілді де меңгеру қажеттігін сезінеді.
Мұндай қиындықтарды санасында саралау нəтижесінде екі тілге де қайшылықты қатынас (ол
тіл мəртебесінің ана тілінің мəртебесінен жоғары тұруын жақтырмау, екінші жағынан қоғам
талабына сəйкес меңгеруге мүдделілік) қалыптасады. Бұл сенімсіздік жəне қайшылыққа толы
сезімдер субъектінің тілді меңгеру қарқынын тежейді, нəтижесіне де ықпал етеді.
Бельгиялық ғалымдар Ж.Хаммерс жəне М.Бланк əлеуметтік-психологиялық жəне психо-
лингвистикалық бағыттарды тоғыстыра отырып, қостілділік моделін ұсынған. Олар екінші тілді
жетік меңгерудің алғышарттарын түсіндіріп, оның нəтижелі немесе нəтижесіз болуы ана тілін
меңгеру дəрежесіне байланысты екенін дəлелдеген.
Бала мектепке ана тілін танымдық тұрғыда нашар қолданатын жағдайда келсе немесе өз ана
тілін құрметтемейтін, оны танымдық мақсатта пайдаланбайтын, баласын ана тілін үйренуге ынта-
ландырмайтын отбасынан, əлеуметтік топтан шыққан бала болса, мектепте екінші тілді оқыту
барысында баланың тілдік дамуында екі тілге де теріс көзқарас қалыптастырады. Отбасындағы
ынталандырусыз баланың ана тіліндегі лингвистикалық-когнитивтік құрылым жүйесі дұрыс
дамымайды, мұндай тірексіз екінші тілді тиісті деңгейде меңгеру мүмкін емес. Ал мектепке кел-
генде бала тілі тек коммуникативтік тұрғыда ғана емес, когнитивтік тұрғыдан да дұрыс дамыған
болса, ана тілін отбасында, мектепте бағалап, өзара қарым-қатынаста сол тілді қолданса, өзінің
когнитивті қызметінде ана тілін қолданғаны үшін оны ынталандырылса жағдай керісінше болады,
яғни екінші тілді меңгеруде жетістікке жетеді [6.124].
Көптілді білім алған тұлға «қазақ – орыс – ағылшын тілдері» кодын пайдаланғанда, ол өзінің
ана тілін жақсы білетін, сондай-ақ орыс, ағылшын тілдерін білетінінен хабардар етер еді. Бұл – бір
жағдай, екінші жағдай сол – ол қазақ, өзін-өзі бірден мына төрт нəрсеге сəйкестендірер еді
(самоидентификация): 1) «ана тілін білетін адам»; 2) «қазақ, орыс тілін білетін адам»; 3) «қазақ,
орыс, ағылшын тілдерін меңгерген адам»; 4) «үштілді» жəне «білімді» адам» [9.27]. Ал «үштілді»
жəне «білімді адам» деңгейіне ету үшін оқушы отбасында да, мектепте де «интеллектуалды
міндеттерді шешуде өз ана тілін қолданып, оған құрмет көрсетіп, бағалауға тиіс» [6.124].
Көптілді білім беру жағдайында білім беру ошақтарында қазақ тілінің экологиясын сақтау
шараларының басым бағыттарын айқындау үшін қалыптасқан жағдайды таразылау қажет. Мектеп
оқушыларының санасында ана тілінің мəртебесі, беделі қандай? Бүгінгі мектеп оқушыларының
тілдік ортасының «тазалығы» қандай? Мектеп оқушысының тілдік тұлғасының қалыптасуына
қандай факторлар ықпал етуде? Көптілді білім беруде өзге екі тілді меңгерту ана тілінің тəжірибе-
сіне сүйене ала ма? Осы сауалдарға жауап алу үшін мəселені талдауда, əуелі тіл экологиясының
кейбір негізгі ұғымдарына түсінік берген жөн.
ISSN 2224-5294 Серия общественных и гуманитарных наук. № 6. 2016
287
Педагогикалық лингвоэкология – педагогикалық үдеріс барысында өскелең ұрпаққа
көпғасырлық тілдік тəжірибені жеткізуді, сонымен қатар жеке тұлғаның тілдік санасының, тілдік
əрекетінің, тіл мəдениетінің тазалығын сақтауға жауапкершілігін, тіл мен тілдесімді бүлінуден
жəне тілдік «сырқаттардан» қорғау сезімін тəрбиелеуді көздейтін лингвоэкология мен педагогика-
дағы жаңа ғылыми-тəжірибелік бағыт [10.15]. Басқаша айтқанда, педагогикалық лингвоэкология –
педагогикалық үдеріс субъектілерінің өзара əрекеті барысында тілді, қоршаған ортадағы лингвис-
тикалық құбылыстарды, олардың заңдылықтарын жəне ауытқыған құбылыстарды тану мақсатына
бағытталған үдеріс.
Қауіпсіз лингвистикалық орта – бұл қарабайыр лексика, агрессивті биоэнергетика жəне
тілдік əрекеттермен, тілдік «сырқаттармен» жəне басқа да минус-факторлармен ластанбаған, таза,
тілдің табиғи дамуы мен қызмет етуі жəне тілдік тұлғаның қалыптасуы, үнемі жетілдіп отыруы
үшін қолайлы лингвосфера [10.16].
Саламатты тіл ол тілде сөйлеушінің адамгершілік, ізгілік тұрғыда саламаттылығын көрсетеді.
Қоғамдағы тұлғаның рухани дамуы да тілдік ортаның саламаттылығына тікелей байланысты.
Мектеп оқушылары арасында жүргізілген сауалнама нəтижелері, олардың жазба жұмыстары,
əлеуметтік желілердегі жазбалары, сабақ үстінде, сыныптан тыс іс-шараларға қатысу барысында,
қоғамдық орындарда тілдесімдерін бақылау қазіргі оқушылардың тілдік ортасын қауіпсіз деп
атауға келмейтінін растады. Қауіпсіз лингвистикалық ортаның сақталуына оқушылар тілінің
ластануы жол бермей отыр. Қазіргі таңда оқушылардың тілдік ортасында қазақ тілі экологиясының
дағдарысын тудырып, тіл тынысын тарылтып отырған жайттар:
ауызша сөйлеуде: орфоэпиялық норманың бұзылуы; оқушы тіліндегі қарабайыр сөздер;
жаргондармен ластануы; паразит-сөздердің көбеюі; сөздік қорының жұтаңдануы; тілдің көріктеу
құралдарының қолданылмауы; сөз мағынасының бұрмалануы; тіл мəдениеті деңгейінің төмендігі;
өзгелердің пікірін тыңдамау; коммуникацияның экологиялық емес бағытқа бет түзеуі (сөзбен қор-
лау, тіл тигізу, агрессивті тілдік əрекет); технизация (филологиялық, гуманитарлық білімді жоққа
шығару) жəне тілдік нигилизм; қазақ тілінде баламасы бола тұра шеттілдік сөзді пайдалану; эпис-
толярлық мəдениеттің төмендеуі; сұхбаттасушыға құрмет көрсетпеу; құнтсыздықтан жіберілген
қателер; өзінің үстемдігін асыру мақсатында адресаттың сезімімен, мүддесімен санаспай, мақсатты
түрде сұхбаттасушыға сөзбен қысым көрсету; шыдамсыздық, сөзді соңына дейін тыңдамау,
диалогқа уəжсіз араласу, сөзін бөлу; диффамация, бейəдеп сөздер; сұхбаттасушының ар-намысына
тию.
жазбаша сөйлеуде: қазақ тіл мəдениетін меңгеруге қызығушылық танытпау; əдеби тіл
нормаларын ескермеу; орфографиялық, стилистикалық қателіктер жіберу. Интернет желісінде
орын алып отырған олқылықтар өз алдына. Өкінішке орай, «сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын
келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек»
(А.Байтұрсынұлы) екендігін естен шығарып отырмыз.
Бұл жағдайлар оқушылардың ұлттық бірегейліктің басты белгісі, ұлы құндылық тіліміздің
өміршеңдігі өз қолында екенін сезінбеуінен туындаса керек. «Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың
құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нəрсе болмасқа тиісті» [7.114]. Мұндай жағ-
дайлар адамның рухани-адамгершілік жəне физиологиялық саулығы үшін де зиян. Ол тіл экология-
сының эмотивті лингвоэкология деп аталатын бағытының зерттеу нысаны.
Мектеп оқушысының тіл тазалығы, ана тіліне қатысты ұстанымының қалыптасуы тілдік орта,
мектепішілік ақпараттық-лингвистикалық орта жəне сыртқы ақпараттық-лингвистикалық ортаға
тікелей байланысты.
Тілдік орта тұлғаны, оның тіл мəдениетін қалыптастырады. Күнделікті ортада бұрмаланған
мəтінді көру (оқу), жазу тұлғаның тіл мəдениетін, құзыреттілігінің деңгейін төмендетіп, агрессивті,
деструктивті бастаулардың дамуына, тұлғаның өзгеруіне əкеп соғады.
Білім беру үдерісінің қатысушысы ретінде тілдік тұлғаның қалыптасуына мектепішілік
ақпараттық-лингвистикалық орта (оқу кабинеттері мен дəліздердегі пəндік жəне ақпараттық
стендтер, қабырға газеті, хабарландырулар т.б.) тікелей əсер етеді. Сондықтан олар лингвоэколо-
гиялық критерийлерге сай жəне балаларға беретін тəрбиелік мəні бар болуы тиіс.
Оқушы тілінің саламаттылығы сыртқы ақпараттық лингвистикалық ортаға да байланысты.
Тұрғылықты жерінің əлеуметтік жəне ақпараттық-лингвистикалық ортасы (көшедегі адамдардың
Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан
288
тілдесімі, графикалық мəтіндер: жарнама, хабарландыру, дүкен атаулары, маңдайша жазулары),
БАҚ, отандық жəне шетелдік телебағдарлама, кино, радио, интернет т.б. ана тілінің құндылықтық
мəнін түсіндіруге, оның болашағы үшін өзінің де жауапты екенін сезінетін тұлға тəрбиелеуде
маңызды орынға ие. Сонымен қатар, оқушының лингвоэкологиялық тəрбиесінің қалыптасуына
тұрғылықты аймағының этномəдени ортасы, ұлттық-мəдени дəстүрге негізделген отбасы тəрбиесі,
отбасында күнделікті тұрмыста алынып, кейін мектепте оқыту мен тəрбие беруде бекітілетін
этномəдени ақпараттың да маңызы зор.
Жоғарыда аталғандарды ескерсек, көптілді білім беру жағдайында қазақ тілінің экологиясына
артылар жүк ауыр, ол төмендегідей өзекті мəселелерді шешуге тиіс:
білім беруде педагогикалық лингвоэкология бағытын дамыту;
оқушылар бойында қазақ тілі бойынша лингвоэкологиялық құзыреттілік қалыптастыру;
қазақ тіліне қатысты лингвоэкологиялық тəрбие беру. Себебі «ана тілін мақтаныш тұтатын
табиғи сезімнің болмауы – тілдік тұлғаның ұлттық санасындағы кемшілік. Қазақ тілінің
лингвоэкологиясы тілдік тұлғаның санасында ана тіліне деген табиғи сүйіспеншілік сезімін ояту
үшін де күреседі» [11.5].
еліміздің əр аймағындағы қазақ тілінің қолданылу аясын ескере отырып, сол аймақтарда
көптілді білім беру əдістемесіне ұсыныстар енгізу;
көптілді тұлға деп тану үшін əр тілден игеруге тиіс құзыреттілікті, яғни ана тілі бойынша
құзыреттілігін бағалаудың əдістемесін, критерийлерін жасау. Сонымен қатар, Д.Əлкебаеваның
осыдан 9 жыл бұрын жасаған ұсынысының маңызы бүгінде арта түсті, оны да ескерген жөн:
«Лингвистикалық экология – мемлекеттік тапсырыспен жеке пəн ретіне оқытылуы керек. ...тіл
жанды құбылыс болғандықтан, оның өмір сүруіне кедергі келтіретін əрекеттер барлық ұлт тіліне де
төнетін қауіп екені шындық. Ал қазақ тілінің бүгінгі жағдайына келетін болсақ, лингвистикалық
экологияның рухани мəдениеттің жойылып кетпеуіне тікелей ықпал ететін фактор екені аңғары-
лады. Сондықтан бізге бұл пəнді енгізу аса қажет [12.14].
Достарыңызбен бөлісу: |