ОҚыту әдістемесі



Pdf көрінісі
бет6/19
Дата03.03.2017
өлшемі1,27 Mb.
#5594
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

 
 
 
 
УДК 
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ҚОЛДАНУ 
 
Монтаева А.К. - ағылшын тілі пҽні мұғалімі  
(Қарағанды қ., М.Жұмабаев атындағы № 39 гимназия) 
 
Бүгінгі  таңда бҽсекеге  қабілетті,кҿп тілді  тұлғаны  дайындау  кезінде  мемлекеттік 
тілмен қоса ағылшын тіліне де кҿп кҿңіл бҿлініп отыр. 
Еліміздің мектептерінде ағылшын тілін оқытуда қолданылып жүрген  
ҽдіс-тҽсілдердің ішіндегі ең оңтайлысы-тест  тапсырмасы. Ол ағылшын тілінің  «test » -  
«бақылау» деген сҿзден шыққан. 

 
Тест – бірнеше жауап үлгісімен тапсырылады.  

 
Тест  –  белгілі  бір  уақыт  аралығында    орындалуға  тиісті  тапсырмалар 
жиынтығы. 

 
Тест  –  сынаушының  ой-ҿрісін  анықтау  мақсатымен    құрылған  ықшам 
тапсырмалар. 

 
Тест  –  техникалық  жағынан  қарапайым,  жедел  ҿткізілетін  ҽрі  орындалған 
жұмысты оңай ҿлшеу арқылы белгілі бір тұлғалық кҿрсеткіштердің ҿсуі дҽрежесін дҽл 
анықтайтын сынақ.  
 
Тест  кҿптеген  ҿркениетті  елдерде  сонымен  қатар  Қазақстанда  бірінші 
сатысынан,  екінші  сатысына  кҿшу  үшін,  білім  деңгейін  анықтау  мақсатында 
қолданылады.  Тест  арқылы  оқушылардың  жауабы  жалпылама  емес,нақты  берілетін 
болады.     
    Тіл  үйрету  мен  оқушының  алған  білімін  тексеруде  тестінің  келесі  түрлерін 
қолдануға болады :  
1.толықтыру  
2.сҽйкестік  
3.кеңінен таралған  дұрыс жауап таңдау  тесті. 
   Тест    түрлерін  қолдану  оқушының  алған  білімін  анықтауға  пайдалы.Тест 
оқушының  білімін  тереңдетуге  жҽне  тиянақты  білім  жүйесін    қалыптастыру  үшін  ҿте 
қолайлы. 
Тест түрлерін қолданудың мақсаты: 
1.Оқушы білімін байқау. 
2.Жалпы сынып білімін бағалау. 
3.Білім сапасы мен ой-ҿрісін арттыру. 

43 
 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 5(41), 2012 
 
4.Ҿтілген тақырыптар   бойынша білімдерін бір жүйеге келтіру. 
Тест  тапсырмасы  оқушылардың  қисынды  ойлау,есте  сақтау  қабілеттерін 
арттыруға,алған 
білімдерін 
тиянақтауға,ҿткен 
тақырыпты 
бекітуге,ойларын 
айқын,нақты  жеткізе  білуге  жағдай  туғызады.  Ресей  Федерациясының  тестолог–
ғалымы,  профессор  В.Аванесов  «Педагогикалық  ҿлшеудің  теориялары  мен  ҽдістері» 
авторлық еңбегінде 
1.Тұжырымның логикалық түрде  берілуі; 
2.Қалыптың дұрыстығы; 
3.Қысқалық; 
4.Жауаптарға арнайы орын берілуі; 
5.Тапсырма элементтерінің дұрыс орналасуы; 
6.Жауаптарды  бағалау ережесінің бірдейлігіне кҿңіл бҿлу керектігін атап ҿтті.  
Педагогикалық тапсырманың түрлері: 
1.Тест түріндегі тапсырма  
2.Тестік емес тапсырма.  
       Теория,  ҽдістеме,  технологияның  қолданылуын  қамтиды.  Сұрақтар,  тапсырмалар, 
жаттығулар (тесте қолданылмайтын) 
      Тестік  тапсырманың  формасы  -  оның  мазмұны,  ұйымдастырылуы,  бірізділігі 
болып табылады. 
Тапсырманың негізгі элементтері: 
1.Нұсқау (тестіленушіге нұсқау беру) 
2.Тапсырманың мазмұны.  
        Тапсырма  мазмұнының    нақты,  түсінікті,  қысқа,  дистракторлары  дұрыс  құрылып, 
сҿздердің  қайталануына  жҽне  түсініксіз  сҿздердің  қолданылуына  жол  берілмеуі. 
Тапсырманың берілуі  бір ғана сҿйлемнен тұрса дұрыс болады. 
Мысалы: Етістіктің дұрыс нұсқасын таңдаңыз: 
There ___ a sofa in the room. 
a)
 
am 
b)
 
be 
c)
 
been   
d)
 
is 
e)
 
has been                   
3.Фасет –бір тапсырмада бірнеше нұсқаның берілуі. 
Мысалы: Толық сапалықты, болымсыздықты білдіретін жұрнақты сҿз 
1.Happiness                   5.Freshness 
2.Endless                      6.Helpless 
3.Windy                        7.Cloudy 
4.Fruitful                       8.Coldly 
4.Ашық түрдегі тапсырма 
Дайын жауаптары жоқ, жауапты тест тапсырушы ҿзі жазып толықтырады. 
Мысалы: Complete: 
A well- known American writer ____ . 
The national flag of the USA  ____ .   
          Тестің  түрлерін  ҿзгерте  отырып  үлгерімі  тҿмен  оқушылардың  оқуға  деген 
қызығушылығын,  құштарлығын  арттыру  мақсатында  ҽр  тақырып  бойынша  мынандай 
тест түрлерін пайдалануға болады:  
1.Тақырып бойынша толықтыру тесті 
Мысалы:кҿп  нүктенің  орнына  сҿздер  қойып  жазу.  Толықтыру  тесті  де  дұрыс 
жауапты таңдау тесті сияқты жасалады, тек қана сұрақта  бос орын қалдырылады.  
2.Сәйкестік тесті 
         Бір  бағанға  сұрақтар,екінші  бағанға  жауаптарды  жазу.  Оқушылар  жауаптың 
дұрыстығына қарай сҽйкесін тауып жазады. 

Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №5(6) 2011. 
 
44 
 
1. What is your name ?                                          a. England 
2. Where are you from?                                         b. Fine , thanks 
3. How  are you?                                                    c. Bob 
 
3.Дұрыс жауапты таңдау тесті:  
Тестің  бұл  түрінде  бір  сұрақ  беріліп  бес  немесе  алты  (тест  құраушының  қалауы 
бойынша)  жауап  болады.  Тҽртіп  бойынша  қойылған  жауаптардың  дұрысын  таңдау 
арқылы жауап беріледі. 
Осындай тест түрін жауап парағы арқылы тексереміз: 
 
Сұрақтар 
Дұрыс жауабы 
Баланың 
жауабы 
қатесі 
баға 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   
Тестке қойылатын талаптар: 
1.Анықтылығы,мазмұндылығы; 
2.Толықтылығы  (ҽр  түрлі  дағдыларын  тексеруге  арналған)    нақтылығы,  жүйелілігі 
педагогикалық мазмұны; 
3.Саралау (күрделену деңгейіне байланысты айырмашылығы – А,В,С деңгейлері); 
4.Құрылымы: кез келген тест тапсырмаларының бір-бірінен жеке бҿлімнен құрылуы. 
Осындай  бірізді  жҽне  жүйелі  жұмыстар  нҽтижесінде  оқушылардың  ҿз  бетінше 
жұмыс істеу дағдылары қалыптасады. Қазіргі таңда тест түрлерін пайдалану оқушының 
пҽнге  деген  танымдық  белсенділігін  арттырып  қана  қоймай  қисынды  ойлау  жүйесін 
қалыптастыруға,  шығармашылықпен  еңбек  етуге  тиянақты  білім  алуына  жағдай 
туғызады. 
Тест  оқушының  танымдық  белсенділігін  арттырып,  білім  сапасын  жақсартады. 
Cонымен  қатар  педагогтың  жұмысының  нҽтижесін  кҿрсетеді.  Менің  сыныптағы 
оқушылармен  осындай  жұмыс  түрлерін  қолдануымның    нҽтижесінде  ҽр  жылы 
жүргізіліп  келе  жатқан  МАБ  жҽне  ҰБТ  тапсырмалары  қорытындысы  бойынша 
оқушылар жақсы нҽтижелер кҿрсетіп келеді. 
 
                                                ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 
 
1.В.Аванесов «Педагогикалық ҿлшеудің теориялары мен ҽдістері» 
2.Аванесов В.С.Композиция тестовых заданий.М.Центр тестирования.3 изд.2002.-237 с. 
3.Аванесов В.С. Формы тестовых заданий. М. Центр тестирования, 2005. 
4.Иностранные языки в школе. 2006, №2 
                                                        
                                                       РЕЗЮМЕ: 
 
В  статье  рассматривается  использование  различных  видов  тестовых  заданий  на 
уроках английского языка. 
SUMMARY: 
 
The  article  deals  with  using  different  kinds  of  testing  assignments  at  the  lessons  of 
English. 
 
 

45 
 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 5(41), 2012 
 
УДК 
МӘТІНДЕР АРҚЫЛЫ ТІЛ ҮЙРЕТУ КЕЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСАТЫН 
ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР 
 
Мұқамбетқалиева М.А.- п. ғ. к., доцент 
(Алматы қ., Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті) 
 
Қазіргі кезде біздің қоғамда білім беруді модернизациялау кезінде жас маманның 
жан-жақтылығына,  оның  кҽсіби  мамандығын  тыңғылықты  игеруіне  кҿп  мҽн  беріліп, 
университет қабырғасында мемлекеттік тілді болашак маман ретінде еркін меңгеруіне 
мүмкіндіктер  жасалуда.  Білім  беру  үрдісінде  бҽсекеге  қабілетті,  заманауи  талаптарға 
сай келетін кҽсіби мамандарды дайындау қажеттігі туындап отыр. Жаһандану үрдісінің  
басты  талабы  –  жан-жақты,  ҽмбабап,  құзырлы  мамандарды  дайындау.  Осы  орайда 
дуниежүзілік  ҽдістемеге  ілесу  қажеттілігі  туындап  отыр.  Тіл  үйрету  үрдісінде 
жаңалықтарға  толы  ұтымды  ҽдістемелер  пайда  болып,  ҿз  нҽтижелерін  беріп  жатыр. 
Қазақ  тілін  орыс  аудиториясында  оқыту  кезінде  мҽтіндердін  атқаратын  қызметі  сан 
алуан.  Осыған  орай  оқытушылардың  мҽтіндерді  ғылыми  тұрғыда  зерттеп  білуінің 
маңызы зор.  
Мҽтін  тіл  үйретудің  басты  құралы  болғандықтан,  мҽтіндердің  лингвистикалық 
теориясына  кҿп  мҽн  беріледі.  Сондықтан  қазақ  тілін  басқа  ұлт  ҿкілдеріне  оқыту 
ҽдістемесінде лингвистика теориясы ҿте маңызды орын алады.  
Академик  Л.В.Щерба:  ―Қандай  тіл  болмасын,  оны  оқытудағы  басты  мақсат  – 
коммуникативтік  қатынас  жасау‖,  –  деді  [1].  Тілдің  жүйесіндегі  тұлғаларды,  олардың 
қолданылу заңдылықтарын  білмейінше, тіл  үйрету мүмкін емес. Осындай тіл білімдік 
мҽселелердің бірі – мҽтін теориясы.  
Қазақ  тілін  оқытуда  оқу  мҽтіндерімен  жұмыс  істеудің  маңызы  зор.  Мҽтінмен 
дұрыс жұмыс істеу үшін алдымен мҽтіннің тіл білімдік негізін анықтап алу керек. Бұл 
ретте қазақ тіл білімінде мҽтін мҽселесі туралы зерттеулерге тоқталып, оны жан-жақты 
талдап  қорытыңдылауға  мҽн  беріледі.  Ғалым  И.Р.Гальперин  жасаған  мҽтін 
категорияларың барлық тілге ортақтығын айта келіп, мҽтіндерді зерттеудегі болашағы 
зор  аспектілерге  прагматикалық  пен  социолингвистикалықты  жатқызады.  Ҿзге  тілді 
үйретуде  оқу  мҽтіндерінің  алатын  орны  зор,  ҿйткені  ол–  оқытудың,  тіл  үйретудің 
негізгі  бірлігі.  Психология  мен  психолингвистика  жағынан  алып  қарағанда,  мҽтін  – 
негізгі нысан немесе танымдық ҽрекеттің нҽтижесі болып табылады.   
Студенттерге тілдің ҽр саласын таныстыру тілдік тұлғаларды меңгертумен тығыз 
байланысты.  Тілдің  қандай  аспектісі  қаралмасын,  сҿз  бен  сҿйлемдерді  игерту 
нҽтижесінде  мҽтіндер  ұғымын  меңгертуге,  тіл  үйренуде  олармен  жұмыс  істеуге 
мүмкіндіктер  туады.  Осы  ретте  оқу  мҽтінімен  жұмыс  істеу  кезінде  тіл  дамыту 
жұмыстарының  барлық  түрлері  қамтылады.    Тілді  нҽтижелі  меңгерту  үшін  оқу 
мҽтіндерімен  жұмыс  істеу  тиімді  екендігі  белгілі  болып  отыр.  Сонымен  қатар  мҽтін 
арқылы байланыстырып сҿйлеуге үйретудің негізі қалыптастырылады. 
ХХ  ғасырдың  40-50  жылдары  мҽтіннің  ҽр  түрлі  мҽселелеріне  арналған  тұңғыш 
еңбектер жарық кҿре бастады. Мҽтін теориясын дамытуға алғаш үлес қосқан ғалымдар 
Г.А.Винокур,  Н.С.Поспелов,  А.А.Булаховский,  И.А.Фигуровский  т.б.  Ал  60  жылдары 
мҽтін  теориясын  Л.М.Лосева,  И.Р.Гальперин,  Л.П.Доблаев,  Г.Я.Солганик  ҿз 
еңбектерінде ҽрі қарай дамыта бастады. Осы кезең мҽтін лингвистикасының жеке пҽн 
ретінде танылып, одан ҽрі даму,  шарықтау кезеңі болып есептеледі.   
Мҽтін  ҽртүрлі  тұрғыда  қарастырылады.  Мазмұны  жағынан  –  ақпараттылық, 
танымдық,  орамдылық,  баяндау  тҽсілдерінің  түрлері,  мағыналық  аяқталғандық;  ал 
тілдік қиындықтары жағынан – интерференция мҽселелері, таныс емес сҿздер мен сҿз 
оралымдарының  кҿп  болуы,  лексиканың  кҿп қолданушылығы  мен  қайталанушылығы; 
құрылымдық  жағынан  –  кіріспе,  негізгі  бҿлім,  қорытынды,  иллюстрациялылық, 

Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №5(6) 2011. 
 
46 
комментарийлік  болып  қарастырылады.  Мҽтіндерді  зерттеу  филология  мен 
ҽдебиеттану,  тіл  білімі  ғылымдарының  аралық  бҿлімі  ретінде  қарастырылады. 
Студенттерді 
мҽтін 
арқылы 
басқа 
тілде 
сҿйлеуге 
үйрету 
Е.И.Мотина, 
О.Д.Митрофанова,  Т.Б.Одинцова,  Г.Г.Городилова  т.б.  ғалымдардың  еңбектерінде 
кеңінен зерттелген. Қазіргі заманғы тіл білімінде мҽтін лингвистикасы бірнеше бағытта 
дамып  келеді.  Осыларды  қорытындылай  отырып,  ғалымдар  мҽтіндермен  мынадай 
зерттеулерді жүргізуді ұсынады:  
1.Мҽтінді жоғары рангтың жүйесі ретінде зерттеу.  
2.Қатысымдық тапсырмалары мен оларға тиісті лингвистикалық белгілеріне 
байланысты ҽр типтегі мҽтіндер құрастыру.  
3.Мҽтіннің бірліктерін (единицаларын) ажырату жҽне оларды сипаттау.  
4.Мҽтіндік ерекше категорияларды анықтау.  
5.Фраза аралық байланыстар мен қатынастардың сипаттамасын жасау.  
―Мҽтін‖термині - кҿп мағыналы. Лингвистикада ол екі мағынада қолданылады. 
Біріншісі –  ―мҽтін‖термині ретінде кез келген бірнеше сҿйлемдерден тұратын сҿйлеу, 
пікір  айту,  бір  нҽрсені  ҽңгімелеуді  айтамыз.  Екіншісі  –  мҽтін  дегеніміз  –  аяқталған, 
тілдік  тұтас  шығарма  (повесть,  роман,  ҽңгіме,  монография  т.б.).  Мҽтін  анықтамасын 
толық ашу үшін зерттеуші-ғалымдар ұсынған анықтамаларға тоқталайық.  
 «Қазақ  тілі‖  энциклопедиясында  мҽтінге  былайша  анықтама  берілген:  ―Мҽтін 
(лат. байланысу, бірігу) – тілдік таңбалардың мағыналық жҽне тұлғалық байланыстығы 
негізінде  түзілген  ізбе-ізділігі‖  [2].  Осылайша  мҽтін  –  белгілі  бір  тілдік 
заңдылықтармен  құрылған  бірнеше  сҿйлемдерден  тұратын,  жеке  тұтас  мазмұны  бар 
тілдік  шығарма.  Ол  түпкі  ойға  біріктірілген,  лексикалық  жағынан  жүйелілікті 
білдіретін,  ал  грамматикалық  жағынан  дұрыс  құрылған,  ҿзара  байланыстырылған, 
аяқталған  тұтас  ойды  білдіретін  сҿйлемдер  тобы  деген  қорытындыға  келдік.Мҽтінге 
берілген түрлі анықтамаларды қорыта келе ғалымдар мыналарды анықтады: 
1.Мҽтін  –  жазбаша  түрде  біреуге  немесе  кҿпшілікке  бҽрнҽрсені  хабарлау,  ҽңгімелеп 
жеткізу. 
2.Мҽтіндер  мағыналық,  құрылымдық  жақтарынан  аяқталғандығымен,  толықтығымен, 
тұтастығымен ерекшеленеді. 
3.Мҽтінде  тыңдаушы  адамға,  құбылысқа,  ҽрекетке  автордың  кҿзқарасы,  негізгі  ойы 
кҿрсетіледі.  
4.Мҽтін прагматикалық нұсқауларымен ерекшеленеді.  
Байланыстырып  сҿйлеуге  үйрету  кезінде  мҽтінмен  жұмыс  істеу  басты  орында 
тұратыны    мҽлім.  Мҽтін  деңгейінде  тілдік  жүйенің  бар¬лық  аспектілері 
қарастырылады.  Мҽтін  –  тіл  дамытудың  маңызды  лингвистикалық  ұғымы. 
Мҽтіндермен  жұмыс  істеу  –  қатысымдық  ҽрекеттерді  іске  асыруда  басты  қызмет 
атқарады. Енді мҽтіннің қатысымдық ҽрекеттерді атқарудағы қызметтеріне тоқталайық. 
Тіл  үйретудегі  мҽтіннің  атқаратын  қызметтеріне  Е.И.Мотина  былайша  анықтама 
береді:  ―Связной  текст  –  это  не  только  иллюстративный  материал,  но  и  важнейшее 
средство  углубленного  изучения  об  закономерностей  употребления  соответствующих 
языковых  явлений  в  разных  уровней  речи‖  [3].  О.И.Москальская  мҽтін  адамдардың 
қоғамдық  қатысымдық  ҽрекетінің,  олардың  арасындағы  түсінісудің  ерекше  құралы 
екендігін  жҽне  сҿйлемдердің  мағыналық  жағынан  жүйелілігін,  ҿзара  бір-бірімен 
байланыстылығын  дҽлелдей  отырып:  ―Основной  единицей  речи,  выражающее 
законченное    высказывание,  является  не  предложение,  а  текст‖,  –  деді  [4].  Ғалым  С. 
Құрманғалиева:  ―Мҽтін  –  адамдардың  коммуникативтік  ҽрекетінің,  олардың 
арасындағы  түсінісудің  ерекше  құралы.  Мҽтін  –  дербес  тұтастық,  онда  сҿйлеушінің 
ойлаған  ойы  тілдік  кҿрініс  табады.  Мҽтінді  белгілі  бір  тұтастықта  меңгеру  –  тілдің 
ақиқат сырларын ұғынудың кілті‖ – деген болатын [5]. 
Осындай  мҽтіндердің  қатысымдық  қызметтеріне  байланысты    ғалымдар  берген 
түрлі анықтамаларды талдай отырып, мынадай қорытынды шығаруға болады:  

47 
 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 5(41), 2012 
 
1)оқу мҽтіндері байланыстырып сҿйлеуге үйретудің негізгі құралы; 
2)оқу мҽтіндері мемлекеттік тілді қатысымдық бағытта үйретуде басты рҿл атқарады; 
3)оқу мҽтіндерін тұтастықта жҽне байланыстылықта игерту тиімді; 
4)оқу мҽтіндері тілдік құбылыстарды ҽртүрлі жағдайларда қолдана білуге үйретеді;  
5)оқу  мҽтіндері  сҿйлесім  ҽрекетінің  барлық  түрін  үйретуде  басты  құрал  қызметін 
атқарады.  
Осылайша  қатысымдық  ҽрекеттің  іске  асырылуында  мҽтіндердің  атқаратын 
қызметтерінің маңызды екендігі дҽлелденді.  
Қазақ тілін орыс аудиториясында үйрету кезінде мҽтіндер арқылы жұмыс істеуде 
түрлі  құзіреттіліктерді  қалыптастыруға  мҽн  беріледі.  Қазіргі  қоғамда  заманауи  ҽдіс-
тҽсілдерді қолданып құзырлы маман даяндау міндеті алға койылып отыр. Мҽтіндер тіл 
үйретудін  басты  құралы  болғандықтан  құзыреттілерді  қалыптастырудын  да 
тұғырнамасы  болып  есептеледі.  Сондықтан  мҽтіндермен  жұмыс  істеуде  оқытушы 
қалыптастырылатын  құзыреттіліктерді  де  алдын  ала  жоспарлап  отыруы  қажет. 
Мҽтіндермен  жұмыс  істеу  тек  танымдық  тұрғыдан  қарастырылмай,  біліктіліктер  мен 
дағдырларды  қалыптастыруға  негізделуі  қажет.  Осы  тұрғыда  оқытушының  мҽтіндер 
теориясының жақсы меңгергендігінің маңызы зор. 
Қазіргі  біздің  қоғамға  жоғары  білікті,  кҽсіби  дайындалған,  шығармашылықпен 
ойлайтын  мамандар  қажет.  Сондықтан  жоғары  білім  беруді  модернизациялау 
қажеттілігі туындап отыр. Заманауи білім берудің стратегиясы ҽрбір адамда табиғаттан 
берілген  шығармашылық  тума  талантты  жан-жақты  дамыту  болып  табылады.  Жаңа 
ғасырдың  алдында  жаңаша  ойлайтын  тұлғаларды  дайындау  міндеті  тұр,  ол 
құзыреттіліктерді  қалыптастыру  арқылы  шешілуде.  Қазіргі  заманғы  білім  берудің 
модернизациялау  стратегиясын  «құзыретті  білім  беру»  деп  атап  жүр.  Құзыретті  білім 
беруді  іске  асыру  жалпы  бірқатар  ҽдістемелік  жҽне  теориялық  мҽселелерді  шешудің 
жолдарын  қарастырады.  Бұл  мҽселе  негізінен  білім  беру  ҽдіснамасына  қатысты. 
Құзыретті  білім  беру  тҽсілдері  құзырет,  құзыреттілік  ұғымдарымен  тікелей 
байланысты.  
Құзыреттілік  ұғымына  берілген  анықтамаларды  қарастырсақ,    жалпы  білім  беру 
мазмұнының  стратегиясын  модернизациялау  құжаттарында  былай  делінген: 
«құзыреттілік ұғымы когнитивтік, операциональды-технологиялық құрамдармен қатар 
мотивациялық,  этикалық,  ҽлеуметтік,  мінез-құлықтық  мҽндерге  ие.  Сонымен  қатар 
бұған  білім  алудың  нҽтижелері  (білім  жҽне  біліктіліктер),  құнды  бағдарлық  жүйе, 
ҽдеттер  т.б.  кіреді».  Ғалымдар  құзыреттілікке  мыналарды  жатқызады:  ҽлеуметтік  іс 
ҽрекеттерде  құзыретті  болу,  мҽдениетаралық  қатынастарды,  толерантты  болу, 
ақпараттарды  ҿз  бетімен  іздеп  табу,  жаңа  жағдаяттарға,  ҿзгерістерге  тез  бейімделу, 
проблемаларды  шеше  білу,  барлық  бастамалар  мен  табыстарға  жетуде  ерікті  болу, 
кҽсіби білімді меңгеруде түрлі икемділіктер мен қабілеттіліктерге ие болу.  
Таным  мен  білім  шындығының  негізгі  кҿрінісі  жҽне  басты  шарты  –  тҽжірибелік 
іс-ҽрекетке  негізделеді.  Сондықтан  оқу,  тіл  үйрену  ҽрекеті  –  танымдық  ҽрекетке 
ұштасады. Тҽжірибелік жҽне рухани ҽрекетте  жеке тұлға ҿзін қоршаған ҽлемге ҽсерін 
тигізе отырып, ҿзінің қажеттілігі мен мақсаттарына сҽйкестендіріп оны ҿзгертеді  жҽне 
таниды.  Тұлға  жан-жақты  болу  үшін  оның  дүниетанымы  ҿте  кең  болуы  керек. 
Сондықтан білім берудің басты мақсаты – студенттердің танымын ұлғайтып, қызықты 
ақпараттарды  мҽтіндер  арқылы    сабақ  барыстарында  беріп  отыру.  Танымдық 
құзыреттілікті  қалыптастыру  ақпараттарды  іздеп  тауып  алу  мен  ақпараттар  алмасуға 
тығыз байланысты. Білім беру үрдісінде негізінен қалыптастырылатын құзыреттіліктер 
–  танымдық  пен  ақпараттық.  Бұл  құзыреттіліктерді  қалыптастыруда  жеке  тұлғаның 
танымын кеңейтіп қана қоймай, құзырлы тұлға болуына, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» 
болуына лайықтау мақсаты алға қойылады.  
Құзыретті  маман  дайындау  мҽселесін  құзыретті  білім  беру  арқылы  шешуге 
болады.  Қазіргі  заман  талабына  сай  «құзыретті  маман  қандай  болу  керек?»  -  деген 

Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №5(6) 2011. 
 
48 
сұрақ ҽркімнің кҿкейінде тұрады. Құзыретті маман – кҿп тілді білетін, ҿз бетінше білім 
алып,  шешім  қабылдай  алатын,  топта  жұмыс  істей    алатын,  күтілетін  нҽтижені 
болжалдайтын,  ҿзіне  үлкен  жауапкершіліктер  алатын,  ҿз  бетінше  ақпараттар  ала 
білетін,  құбылмалы  заманға  ыңғайланып,  ілесіп,  кез-келген  жағдаяттардан  (ситуация) 
шығудың жолын іздеп таба білетін, кҿшбасшы (лидер) бола білетін, халықтар достығын 
сақтауға  тырысатын,  олардың  тілін,  мҽдениетін,  ҽдет-ғұрпын  сыйлайтын,  жаңа 
ақпараттық  технологияларды  меңгерген  жеке  тұлға.  Осындай  мамандарды  дайындау 
үшін  оқытудың  мазмұны  мен  ҽдіс-тҽсілдерін  ҽлемдік  стандарттарға  жақындату, 
ҽдістемелік  жақтан  жаңаша  жаңғыртып  оқытуға  лайықтау  бүгінгі  күн  тҽртібіндегі 
басты мҽселенің бірі болып отыр. 
Сондықтан  студенттердің  танымдық  ақпараттық  құзіреттілігін  қалыптастыру 
бүгінгі  таңдағы  педагогика  ғылымының  ең  ҿзекті  мҽселелерінің  бірі.  Бүгінгі  таңда 
ертеңгі маманның университет қабырғасында алған білімі, кҽсіби мамандығы бойынша 
толыққанды  болып  қана  болмай  ҿз  еркімен  шешім  қабылдай  алатын,  танымдық 
ақпараттық  білімділігі  талапқа  сай  болуы  осы  құзіреттіліктерді  қалыптастыруға 
негізделеді.  Осы  ретте  оқу  мҽтіндерінің  атқаратың  ролі  зор.  Мҽтіндер  арқылы  түрлі 
қабілеттіліктерді дамытып, түрлі дағдылар мен біліктерді қалыптастыруға болады. Бұл 
мҽтіндер  арқылы  тіл  үйретудін  нҽтижелі  кҿрінісі  болып  табылады.  Мҽтіндер  арқылы 
тіл  үйрету  кезінде  түрлі  құзыретіліктер  нҽтіжелі  қалыптасады.  Оқу  мҽтіндері  арқылы 
тіл үйрету кезінде қалыптасатын құзыреттіліктер: қатысымдық, тілдік, лингвистикалық, 
фонетикалық,  грамматикалық,  стилистикалық,  семантикалық,  танымдық,  ақпараттық, 
мҽдениетаралық, ҽлеуметтік, этномҽдени, лингвомҽдени, елтану т.б. 
 Қорыта айтқанда, мҽтіндер арқылы тіл үйрету кезінде студенттерді жан- жақтылыққа, 
ҽмбебаптылыққа, құзырлылыққа тҽрбелеуге болады.     
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 
1.  Щерба  Л.В.  Преподавание  иностранных  языков  в  средней  школе.  –  М.:  Высшая 
школа, 1974. - 323 с. 
2.  ―Қазақ  тілі‖  энциклопедиясы.  А.Байтұрсыновтың  125  жылдығына  арналған.  Қазақ 
даму институты. Баспа орталығы. – А., 1998. - 270 б. 
3.Мотина Е.И. Язык и специальность: лингводидактические основы обучения русскому 
языку студентов – нефилологов. –М.: Русс. яз., 1988. - 47 с. 
4.Москальская О.И. Грамматика текста – М.: Высшая школа,  1981. - 89с  
5.Құрманғалиева С.  Қазақ тілін тереңдетіп оқыту. – А.: Рауан, 1995. – 126 б. 
 
РЕЗЮМЕ 
Данная 
статья 
посвящена 
проблеме 
формирования 
компетентности 
обучающихся посредством  работы с текстами. 
 
SUMMARY 
This article deals with the problems of forming  learners‘ competence by working with 
texts. 
 
 

49 
 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 5(41), 2012 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет