Х. Досмұхамедов атындағы Атырау му хабаршысы №4 (35), 2014



Pdf көрінісі
бет17/22
Дата03.03.2017
өлшемі3,43 Mb.
#5998
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

 
ЗАКЛЮЧЕНИЕ 
Анализ    глобальных  тенденций  в  развитии  мировой  экономики  последних 
десятилетий подтверждает устойчивое усиление  роли автомобильного транспорта 
в  обеспечении  общественных    потребностей  в  перевозочных  услугах.  Такое 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
138 
 
положение  объективно  обусловлено  не  только  целым  рядом  несомненных 
преимуществ автотранспорта во многих сферах его применения, но и интенсивным 
развитием 
дорожной 
инфраструктуры, 
прогрессом 
в 
конструктивном 
совершенствовании 
автотранспортных 
средств. 
Конкурентоспособность 
автотранспорта  с  другими  видами  транспорта  обеспечивается  за  счет  таких  его 
специфических  преимуществ,  как:  высокая  мобильность  и  возможность  доставки 
груза  практически  в  любые  труднодоступные  места  назначения;  доступность  и 
относительная  простота  организации  перевозок;  относительно  высокие  скорости 
транспортировки  груза  с  его  доставкой  точно  в  срок;  возможность  обеспечения 
очень  важного  для  пользователей  принципа  доставки  грузов  непосредственно  со 
склада  отправителя  до  склада  получателя  («от  двери  до  двери»)  без 
дополнительных  перегрузок.  Отмеченные  свойства    автотранспорта  могут 
существенно  перекрывать  по  своей  экономической  значимости  определенные 
дополнительные  затраты  пользователей  в  связи  с  высокими,  по  сравнению  с 
другими видами магистрального транспорта, тарифами на автоперевозки.  
 
 
 
 
Список  литературы 
1.
 
Бекмагамбетов М. «К проблеме развития транспортного потенциала Казахстана» 
//Транзитная экономика. – Алматы: 2012. №4. 
2.
 
Автоматизированная  система  плановых  расчетов  транспорта  //Под  редакцией 
Б.С. Козина, И.Т. Казакова. – М.: Транспорт, 1987. - 262 с. 
3.
 
Гончарук  О.В.  Управление  транспортом.  Вопросы  теории  и  практики.  -  Сп-б: 
Наука, 1994. - 219 с. 
 
Тҥйіндеме 
Осы мақалада ең басты назар транпорттық жүйеге, соның ішінде, әр түрлі транспорт 
кешендерімен  тасымалдау  және  олардың  орындалуындағы  бір-бірімен  ӛзара 
әрекеттілігі мен ӛзара тәелділігіндегі тасымалдау процесінің ӛзіне және шаруашылық 
субъектілері  қызметінің  түпкі  техника-экономикалық  нәтижелеріне  тікелей  әсер 
етеді.  
 
Summary 
In  this  paper,  the  main  attention  is  paid  to  the  transport  system,  complex  of  different 
modes  of  transport  are  in  interdependence  and  cooperation  in  the  implementation  of 
transport  and  affecting,  both  on  a  transportation  process,  and  the  final  technical  and 
economic performance of businesses. 
 
Дата приема 29.09.2014 г 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
139 
 
ӘОЖ 338.47(574) 
Э.Т.Исагалиева, А.Ж.Мукашева  
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қ, Студенттік даңғылы 212 
 
КӚЛІК ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НАРЫҒЫ ЖӘНЕ  
ОНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ 
 
Аңдатпа 
Экономикада тұрақты қызмет кӛрсететін  кӛлік жүйесін қалыптастыру - елдің 
ӛсіп-ӛркендеуінің  негізгі  жағдайларының  бірі.  Кӛліктің  тиімді  дамуы  ел 
экономикасына,  сауданың  ӛсуіне,  құрылымдағы  кӛлік  шығынының  үлесін 
тӛмендетуге  біршама  ықпал  етеді.  Қазақстанның  халықаралық  тауарлық  және 
қаржылық нарықтарға шығу жағдайларында республика үшін елдің кӛлік торабының 
дамуы  маңызды  рӛлге  ие  болып  отыр.  Бұл  мақалада  Қазақстан  Республикасының 
кӛліктік  қызмет  кӛрсету  ерекшеліктері,  халықаралық  тасымалдау  белгілері, 
экспедитор қызметтері  қаралады.  
Негізгі  сӛздер: 
логистика,  тасымал,экономикалық  әлеует,  кӛлік  жүйесі, 
халықаралық сауда, халықаралық тасымал, кӛлік операциялары, транзиттік дәліз
 
 
КІРІСПЕ 
Кӛлік-экономиканың  қалыпты  жұмыс  істеуінің  негізі.  Ол  ӛндіріс  процесін 
қамтамасыз  етіп,  кәсіпорындарды,  салалар  мен  аймақтарды  байланыстырады, 
сыртқы  сауда  жүктерін  тасымалдап,  халыққа  қызмет  кӛрсетеді.  Кӛлікті  онсыз  ӛмір 
сүре  алмайтын  «шаруашылық  ағзасының  қан  тамыр  жүйесі»  деп  те  атайды. 
Сондықтан жоғары дамыған, тұрақты жұмыс істейтін кӛлік жүйесін қалыптастыру  - 
елдің  ӛсіп-ӛркендеуінің  негізгі  жағдайларының  бірі.  Қазақстандық  кӛлік  кешенін 
халықаралық кӛлік жүйесіне бірігу үдерістерін жеделдету және еліміздің транзиттік 
әлеуетін  дамыту  мақсатында  кӛліктік  қызметтерді  кӛрсетудің  бәсекелі  ортасы 
қалыптасты.  Кӛліктің  тиімді  дамуы  ел  экономикасына,  сауданың  ӛсуіне, 
құрылымдағы кӛлік шығынының үлесін тӛмендетуге біршама ықпал етеді. 
Нарық  дами  отырып,  екі  немесе  одан  да  кӛп  тасымалдау  құралдары 
кездесетін  интермодальды  тасмылдау  қызметтерінің  пайда  болуына  әкелген  жаңа 
тасымалдау 
құралдарын 
қалыптастырды. 
Мұндай 
тасмылдаулар 
үлкен 
күрделілікпен,  жоғары  сапалы  стандарттармен  ерекшеленеді.  Тиеу-түсіру 
жұмыстарының технологиясы да ӛзгерді.  
Қазақстанның  халықаралық  тауарлық  және  қаржылық  нарықтарға  шығу 
жағдайларында  республика  үшін  елдің  кӛлік  торабының  дамуы  маңызды  рӛлге  ие 
болып  отыр.  Қазақстан  ӛзінің  геосаяси  орналасуы  жағдайында,  экономикалық 
әлеуеті  мен  тарихи  дәстүрлерінің  арқасында    кӛлік  шеңберіндегі    әлемдік 
шаруашылық  байланыстар  жүйесіне  халықаралық  интеграциясының  белсенді 
жақтаушысы және кӛлік тасымалдарының дамуы саласындағы  ғаламдық үрдістердің  
қатысушысы болып есептеледі.  
Қазақстан  Республикасындағы  кӛлік  қызметінің  ұлттық  деңгейде  дамымауы 
ӛнім ӛндіру мен қызмет кӛрсету салаларындағы шығындардың ӛзін-ӛзі ақтамауына, 
шаруашылық  қызметтердің  қажетті  деңгейде  дамымауына,  аймақтардың  ӛзара 
байланыстарының  және  еңбек  ресурстары  жылжуының  әлсіздігіне  әкеледі. 
Транзиттік  тасымалдау  қызметінің  тиімді  пайдаланылуы  нарықтың  маңызды 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
140 
 
салалары  мен  орталарының  дамуына  мүмкіндік  береді.  Экономика  мен  тасымалдау 
қызметі  бір-біріне  тәуелді  болғандықтан  Қазақстанның  әлемдік  нарыққа  шығу 
жолында  мемлекеттің  тасымалдау  стратегиясын  таңдауы  маңыздылығ  жоғары 
міндеттердің қатарында болып отыр. 
 
ПРАКТИКАЛЫҚ БӚЛІМ 
Экономикада  кӛліктік  қызмет  кӛрсету  экономикалық  инфрақұрылым 
қатарына  жатқызылып,  нарықтық  жағдайды  сипаттайды.  Кӛлік  қоғамның  ӛндіргіш 
күштерінің  бір  бӛлігі  және  жалпы  экономикалық  жүйеде  қалыпты  жағдайды 
қамтамасыз  ететін  материалдық  ӛндіріс  саласын  сипаттайды.  Кӛліктік  қызмет 
кӛрсету  ӛнімі  материалдық  сипатта  болады  және  заттай  ӛнімнің  басқа  салаға 
жылжуын кӛрсетеді. [1] 
Кӛліктік қызмет кӛрсету ӛнімінің ерекшеліктері: 
-  кӛліктік  қызмет  кӛрсету  ӛнімінің  материалдық  сипаты  тасымалданатын 
тауар кеңістігінің ӛзгерісімен сипатталады.  
-  кӛлікте  ӛндіріс  үдерісі  мен  тұтыну  үдерісі  зат  емес  пайдалы  тиімділік 
ретінде болады; 
- кӛліктік қызмет кӛрсету ӛнімі ӛндірілмейді.  
Кӛліктік  қызмет  кӛрсетуге  сұраныстың  жоғарлауы  қосымша  тасымалдау 
мүмкіндіктерін қолдануды талап етеді; 
- кӛліктік қызмет кӛрсетуде жаңа ӛнім қалыптаспайды, жүктердің физикалық 
кӛлемі азаяды; 
- кӛліктік қызмет кӛрсету қосымша шығындарды талап етеді. 
Кӛлік қызметі болмаса ӛндіріс және тұтыну салаларының байланысуы мүмкін 
емес. 
Кӛліктік қызмет халықаралық деңгейде де кӛрсетіледі. Ал халықаралық жүк 
тасымалдаулары жалпы жүк айналымының 90 пайызын құрайды.  
 
Халықаралық экономикалық деңгейде кӛліктік қызмет кӛрсету  екі және одан 
да  кӛп  елдердің  арасындағы  кӛлік  операцияларының  негізгі  элементі  болып 
табылатын  жүктердің,  жолаушылар  мен  багаждың  жылжуын  қамтамасыз  етеді. 
Халықаралық  саудада  кӛліктік  қызмет  кӛрсету  құрылымы:  а)  тауарды  экспортер-
мемлекеттің  ішінен  берілген  мемлекеттің  шекаралық  пунктіне  және  портына  дейін 
тасымалдау;  б)  тауарды  импортер-мемлекеттің  шекаралық  пунктісінен  (портынан) 
оны мемлекеттің ішінде тұтыну пунктісіне дейін тасымалдау. 
Халықаралық тасымалдауларға екі негізгі белгілер тән болып келеді [2]: 
1.
 
-  олар  екі  және  одан  да  кӛп  мемлекеттерді  байланыстырып,  келісім-шарт 
негізінде жүзеге асырылады; 
2.
 
- халықаралық тасымалдаудың орындалуы халықаралық келісімдермен бекітілген 
шарттармен реттелінеді. 
Бірінші  белгі,  мемлекеттер  арасында  келісім-шарт  жасақталып,  шарттары 
жеке-жеке қарастырылады. 
Екінші белгі, халықаралық тасымалдаулар кезіндегі құқықтық қатынастардың 
ерекшелігімен  байланысты.  Жүктер  мен  жолаушылардың  шетел  мемлекеттерінің 
аумағына  келіп  түсуі  екі  әртүрлі  заңды  жағдайларда  жүзеге  асырылады: 
халықаралық қатынас туралы екі жақты және халықаралық келісімнің болуы кезінде 
немесе  оның  болмауында.  Кӛліктің  қандай  да  болса  түрлерін  қолданудағы 
айырмашылықтар,  әртүрлі  мемлекеттерде,  кӛбінесе,  ішкі  құқық  нормаларының 
негізінде,  шетел  жолдарында  тасымалдауды  жүзеге  асыруға  рұқсат  етпейді  (бұл, 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
141 
 
әсіресе,  темір  жол  кӛлігіне  қатысты).  Туындап  келе  жатқан  қиыншылықтарды  жою 
үшін тәжірибеде халықаралық келісімдерге келу жолдары бойынша жүреді [3]. 
Ғылыми-техникалық  прогресстің  негізінде,  авиациялық,  автомобильдік,  су 
және  темір  жол  кӛлігінің  жаңа  ұрпақтарының  дамуы,  сондай-ақ,  халықаралық 
құбырлар  желісінің  қарқынды  ӛсуінің  арқасында,  соңғы  он  жылдықтарда, 
халықаралық  кӛліктік  инфрақұрылым  маңызды  дәрежеде  жақсарды.  Жүктер  мен 
жолаушыларды тасымалдау маңызды дәрежеде жылдамдатылды және арзандады. 
Халықаралық  кӛлік  үрдісіне,  ӛзара  тасымалдау  келісіміне  келетін,  фирма-
жүктің иесі мен тасымалдаушы-фирмалары қатысады. Жүк иегерлерінен басқа кӛлік 
операцияларына  қызмет  кӛрсету  келісімі  жасалынатын  стивидор  фирмалары  (жүк 
терминалдарының  операторлары)  және  экспедитор-фирмалары  (кейбір  елдерде 
экспедиторлар  фрахт  агенттері,  коммиссионерлер,  брокерлер  және  т.б.  деп 
аталынады)  қатысады.  Экспедиция  келісімі  бойынша,  жүк  иегері  экспедитор-
делдалына  оның  жүгімен  нақты  келісілген  операцияларының  орындалуын 
тапсырады  –  жүктерді  тиеуді  және  түсіруді,  сақтауды,  жүктік  және  кедендік 
құжаттарды рәсімдеуді, тасымалдаушылармен және стивидорлармен есептесулерді, 
ӛздерінің коммерциялық мүдделерін соттар мен арбитраждарда қорғауды және т.б. 
Жүк  иегері  тікелей  экспедиторлық  фирмалармен  келісімге  келе  алады 
немесе  жалпы  тасымалдауды  ұйымдастыру  тапсырылатын  бас  экспедитормен 
келісім  жасай  алады.  Бас  экспедитор  жүк  иегерінің  атынан  жүктердің  ӛту 
пунктерінде  кӛліктің әртүрлі тасымалдауларымен  және экспедиторлық ұйымдармен 
келісімге қол қояды. 
Қазіргі уақытта, әлемде экспедиторлық фирмалардың саны 100 мыңнан асып 
түсті, оларда шамамен  20 млн. жұмыскерлер жұмыс істейді. 
Қазіргі  заманғы  кӛлік  желісі  мен  кӛлік  тасымалдауларының  құрылымы 
әлемдік  экономиканың  даму  мен  халықаралық  еңбек  бӛлінісі  үрдісінде  қалыптасты 
және ӛз кезегінде, аталған үрдістерге белсенді әсер етеді. Жалпы қарқын келесіде 
қорытындылады:  жүктердің  халықаралық  тасымалдаулары  халықаралық  саудаға 
қарағанда  баяуырақ  ӛсуде,  ӛйткені,  тасымалданатын  шикізаттың  мӛлшерлері, 
әсіресе,  мұнайдың,  маңызды  дәрежеде  ӛседі  немесе  тіпті  ӛспейді,  материал 
сыйымдылықты ӛндіріс шикізат кӛздеріне ауысады. 
Халықаралық  кӛліктік  қызмет  кӛрсету  нарығында  барлық  кӛлік  құралдары 
бірдей деңгейде қолданылмайды. Дамыған елдердің ЖІӚ-гі кӛлік үлесі азайып отыр. 
Халықаралық кӛлік инфрақұрылымының дамуына мемлекет қолдау жасайды 
және  ӛзі  бақылауға  алады.  Ал  кӛлік  құралдары  ереже  бойынша  жекеменшікте 
болады,  ал  халықаралық  кӛлік  қызметі  нарығында  тек  жеке  компаниялармен 
келесім жаслады. Олар халықаралық тасымалдаумен айналыса алады. 
Халықаралық тасымалдаулар аймақтық және жалпы әлемдік деңгейдегі кӛп 
жақты  келісімдермен  реттелінеді.  Мұнда  мемлекетаралық  ұйымдар  ӛзінің  қызметін 
кӛрсетеді.  Мемлекетаралық  ұйымдардың  қатарына  Халықаралық  теңіз  ұйымы 
(International Maritime Organisation  – IMO, ИМО)
 және Азаматтық авиация бойынша 
Халықаралық  ұйымы
  (International  Civil  Aviation  Organisation  –  ICAO,  ИКАО) 
жатқызылады [4]. 
Әлемдік  кӛлік  жүйесіндегі  теңіз  кӛлігі,  кӛліктің  ӛзге  де  түрлерімен 
салыстырғанда,  бірқатар  артықшылықтарға  ие.  Ең  басты  артықшылығы  алыс 
аймақтарға жүктерді тасмымалдау шығыны басқа тасымалдау құралдарына қараған 
аз болып келеді. Жүктерді су бойынша тасымалдау ең аз шығынды қажет етеді, яғни 
кемені қозғауға энергия  күші аз жұмсалады. Әмбебамтылық  –  теңіз кӛлігінің басты 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
142 
 
артықшылығы.  Теңіз кӛлігі бойынша кез-келген жүк түрін (мұнай, газ, автокӛліктер, 
шикізат,  металл,  ӛнеркәсіптік  ӛнімдерді)    тасымалдауға  болады.  Ал  ірі  кӛлемдегі 
жүктерді  тасымалдау  тек  теңіз  кӛлігі  арқылы  жүзеге  асырылады.  Мысалы,  мұнай 
платформалары. 
Контейнерлік  жүйе  теңіз  порттарының  жүк  айналымдылығын  арттырады. 
Портта  жүктерді  түсіру  және  тиеу  санаулы  уақыттарды  ғана  алады.  Контейнер 
ішінде  әйнек,  тұрмыстық  техника,  тіпті  сұйықтық  болуы  да  мүмкін.  Сонымен  теңіз 
кӛлігінің негізгі артықшылықтары: 
- шығынның аздығы;
 
- жүк түрін талғамайтындығы;
 
- ірі кӛлемдегі және салмақты жүктерді жеткізу мүмкіндігі;
 
- халықаралық кӛліктік қызмет кӛрсету жүйесінде тиеу-түсіру жұмыстарының 
қарапайымдылығы.
 
Қазақстан  Республикасының  теңiз  кӛлiгiндегi  экспедиторлық  қызмет  осы 
процеске  қатысушының  әрқайсысына  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына 
сәйкес сенiмдi кепiлдiктi қамтамасыз ететiн ӛзара тиiмдi тең құқықтық негiзде жүзеге 
асырылуы  тиiс.Экспедитор  мен  клиенттiң  ӛзара  қатынасы  жазбаша  нысанда 
жасалатын  кӛлiк  экспедициясы  шартының  талаптарында  құрылады.  Экспедитор 
тасымалдаушымен  тасымалдау  шартын  клиент  атынан  жасасқан  жағдайда, 
тасымалдаушының  экспедитормен  ӛзара  қатынасы  жүк  жӛнелтушiмен  сияқты 
құрылады.Кӛлiк  экспедициясы  шартында  жүктердi  жүйелi  түрде  тасымалдауға 
байланысты  экспедициялық  қызметтер  кӛрсетудi  орындау  немесе  орындауды 
ұйымдастыру  кӛзделуi  мүмкiн.  Бұл  ретте  жүктiң  нақты  партиясын  тасымалдауға 
байланысты  экспедициялық  қызметтер  кӛрсетудi  ұсыну  экспедиторға  клиенттiң 
жекелеген тапсырыстар беруi негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн. Бұл жағдайда кӛлiк 
экспедициясы  шартында  келiсiлген  экспедициялық  қызметтер  кӛрсетуді  ұсыну 
шарттары,  егер  шартта  ӛзгеше  кӛзделмесе,  жекелеген  тапсырыс  бойынша 
экспедициялық  қызметтер  кӛрсетуді  ұсыну  шартына  қолданылады.Экспедитор 
экспедициялық  қызметтер  кӛрсетудi  кӛлiк  экспедициясының  шартына  және 
экспедитормен  келiсiлген  клиент  нұсқауларына  сәйкес  жүзеге  асырады.Кӛлiк 
экспедициясының шартында экспедитордың жүктi ӛз күшiмен тасымалдауды жүзеге 
асыру  мiндетi  кӛзделуi  мүмкiн.Егер  кӛлiк  экспедициясы  шартынан  экспедитор  ӛз 
мiндеттерiн  жеке  орындауға  тиiстiгi  туындамаса,  экспедитор  ӛз  мiндеттерiн 
орындауға басқа тұлғаларды тарта алады.
 
Экспедитор:
 
1)  тасымалдауды  ұйымдастыру  шартына  сәйкес  тасымалдаушыға  тиесiлi 
барлық тӛлемдердi уақтылы және толық тӛлеудi қамтамасыз етедi
2) тасымалдау құжаттарына тӛлеушi туралы деректердi енгiзудi қамтамасыз 
етедi; 
3)  тасымалдаушы  белгiлеген  тәртiппен  тасымалдаушыға  тасымалдау 
тӛлемiнiң растауын ұсынады; 
4)  тасымалдау  құжаттарын  ресiмдеу  ережесiн  орындауды  және  кеден 
органдарының,  фитосанитарлық,  карантиндiк,  шекаралық  және  ӛзге  де  бақылау 
тарапынан жүкке қойылатын талаптарды орындауды қамтамасыз етедi; 
5)  егер  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  немесе  шартта  ӛзгеше 
кӛзделмесе, тасымалдарды ұйымдастыру туралы шартты орындамау немесе тиесiлi 
орындамау салдарынан тасымалдаушыға келтiрiлген шығындарды ӛтейдi. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
143 
 
Тұтынушының нұсқауларынан шегiну қажет болған кезде экспедитор алдын 
ала  клиенттен  осындай  шегiнуге  оның  келiсiмi  туралы  сұрайды.  Егер  бұл  клиент 
мүддесiмен қажет болғанда және iс жағдайы бойынша экспедитор клиенттен мұндай 
шегiнуге  оның  келiсiмi  туралы  алдын  ала  сұрай  алмағанда  не  ӛз  сұрауына 
белгiленген  мерзiмде  жауап  алмағанда  экспедитор  клиенттiң  нұсқауларын 
орындамайды.  Егер  клиенттiң  нұсқаулары  дәл  емес,  толық  емес  немесе  сенiмсiз 
болса  не  шартқа  сәйкес  келмесе  және  экспедитордың  ic  жағдайы  бойынша 
клиенттiң  нұсқауларын  нақтылауға  мүмкiндiгi  болмаса,  экспедитор  клиенттiң 
тәуекелi үшін оның мүддесіне сүйеніп әрекет етеді. Егер шартта ӛзгеше кӛзделмесе, 
экспедитор  тасымалдау  кӛлiгi  мен  бағытын  таңдайды  немесе  ауыстырады,  жүк 
тасымалдау  тәртiбiн,  сондай-ақ  экспедициялық  қызметтердi  орындау  тәртiбiн 
ӛзгертедi.  Кӛлiк  экспедициясы  шартының  талаптарымен  экспедитордың  клиент 
атынан  үшiншi  тұлғалармен  шарт  жасасуы,  сондай-ақ  клиент  атынан  кӛлiк 
экспедициясы  шартын  орындауға  байланысты  басқа  да  мiндеттердi  орындауы 
кӛзделген  жағдайда  клиент  экспедиторға  сенiмхат  бередi.  Кӛлiк  экспедициясы 
шартын  орындау  бойынша  немесе  оны  орындағанға  дейiн  кӛлiк  экспедициясы 
шартын  тоқтату  кезiнде  экспедитор  қолдану  мерзiмi  ӛтпеген  сенiмхатты  клиентке 
қайтарады. Экспедиторға тасымал шартын клиент атынан жасауға берiлген сенiмхат 
экспедиторға жүктi жаңа мекен-жайға жiберуден, талап-арыздар мен талап-қуыным 
ӛтiнiшiн  беруден,  iстi  аралық  сотқа  беруден,  татулық  келiсiмiн  жасасқаннан, 
ӛкiлеттiктердi басқа тұлғаға беруден (қайта сенiп тапсыру), клиентке тиесiлi ақшаны 
алудан  басқа,  бүкiл  iс-әрекеттi  жасауға  мүмкiндiк  бередi.  Экспедитор  жүк 
қабылдаған  кезде  экспедитор  клиент  атынан  оның  берген  сенiмхаты  негiзiнде 
жасаған шарттардың түпнұсқаларын тұтынушыға ұсынады. 
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
Елбасының  14  желтоқсандағы  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы  қалыптасқан 
мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Жолдауында  қазақстандық  жолдың  жаңа 
кезеңі  –  ол  экономиканы  нығайтудағы,  халықтың  әл-ауқатын  арттырудағы  жаңа 
міндеттер  екенін  атап  ӛтті.  Қазіргі  әлемде  бұл  әлеуметтік-экономикалық 
жаңғыртудың  негізгі  мәселесі.  Бұл  Қазақстанның  таяу  онжылдықтағы  дамуының 
басты  бағыты.  Қазақстан  халқы  біртұтас,  бірлігі  мызғымас  кемел  елге  айналды. 
Дегенмен,  біз  күрмеуі  қиын,  қайшылығы  мол  алмағайып  заманда  ӛмір  сүрудеміз. 
Біздің міндетіміз – экономиканы осы сынаққа дайындау, оны диверсификациялауды 
жалғастыру, - деп атап кӛрсетті Нұрсұлтан Назарбаев. Қуатты Қазақстан дегеніміз – 
бұл  ең  әуелі  ӛңірлердің  қуаттылығы.  Елдің  болашағы  экономикадағы  келешегі  зор 
салалардың  дамуымен  байланысты.  Алға  үлкен  міндеттер  жүктеді.  Президент  атап 
айткан  кешенді  10  міндеттің  алтыншысы,  инфрақұрылымды  дамытуға  деген 
қағидатты түрде жаңа кӛзқарастарды қалыптастыру. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1  Брухис  Г.Е.;  Транспортно-экспедиционная  деятельность.  –  Москва:  Транспорт, 
1989. -С.45-57 
2  Афанасьев  В.Г.  Международный  воздушный  транспорт:  экономика,  политика, 
внешнеэкономические связи. - Москва, 2002. –С. 54-57 
3  Васильев  А.П.  Состояние  дорожной  сети  и  концепция  ее  дальнейшего  развития. 
Автодороги, 1992, №3.-С.105. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
144 
 
4  Грачев  Ю.И.  Транспортировка  товаров  при  экспортно-импортных  операциях.  –
Москва, 1995. –С. 21-28 
 
Резюме 
Совершенствование и бесперебойная  работа транспортных систем  –  базовое 
условие  устойчивого  развития  экономики  страны  и  социального  благополучия  еѐ 
граждан.   Своевременность  перевозок  промышленной  и  сельскохозяйственной 
продукции,  сроки  оборота  ее  на  транспорте  и  сохранность  в  пути  следования, 
стоимость  доставки  грузов  —  все  эти  показатели,  влияющие  на  реализацию 
продукции,  оказывают  непосредственное  воздействие  на  эффективность 
производства, 
стоимость 
товаров 
и 
в 
конечном 
итоге 
определяют 
конкурентоспособность  продукции  предприятий  на  казахстанских  и  мировых 
товарных  рынках.  В  данной  статье  рассматривается  особенности  предоставления 
казахстанских транспортных, экспедиторских услуг. 
 
Summary 
Improvement  and  uninterrupted  operation  of  transport  systems  -  the  basic 
condition  for  sustainable  development  of  the  economy  and  social  well-being  of  its 
citizens. Timeliness of shipments of industrial and agricultural products, the timing of its 
turnover in the transport and safety in transit, the cost of delivery - all of these indicators 
affecting the sale of products, have a direct impact on the efficiency of production, the 
cost of goods and ultimately determine the competitiveness of the production enterprises 
of Kazakhstan and  world commodity markets. This article discusses the features of the 
Kazakh transport, freight forwarding services. 
 
Қабылданған күні: 11.11.2014 ж 
 
 
 
ӘОЖ 631.16.22 
 
Қ.Т. Нысанова, Э.М. Адиетова  
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қ, Студенттік даңғылы 212 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АГРАРЛЫҚ ИННОВАЦИЯНЫҢ  
ДАМУ БОЛАШАҒЫ 
 
Аңдатпа 
Ауыл шаруашылықтағы  дағдарыс жағдайларында  Қазақстанда реформалар 
жүзеге  асты.  Экономикалық  реформалар  үдерісінде  және  нарықтық  қалыптасу 
үдерісінде  ауыл  шаруашылығы  ӛндірісті  мемлекеттік  реттеу  жүйелік  қалыптастыру 
бойынша жаңа жасақтамалардың  ролі жоғары. 
Қазақстан  Республикасында    агроӛнеркәсіптік  кешенді  жандандыруға 
арналған  шаралар  әлі    ӛз  нәтижелерін  толықтай  кӛрсеткен  жоқ.  Оған  объективті 
және субъективті себептер ӛте кӛп. Бұл мақалада аграрлық сектордың қазіргі даму 
жағдайы,  инновациялық  дамыту  мақсаттары,  ауыл  шаруашылығын  қаржыландыру 
мен инвестициялық механизмді жүзеге асыру мәселелері туралы айтылады. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
145 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет