Х. Досмұхамедов атындағы Атырау му хабаршысы №4 (35), 2014



Pdf көрінісі
бет15/22
Дата03.03.2017
өлшемі3,43 Mb.
#5998
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22

 
Список литературы 
1  Колмогоров  Д.В.  Алгоритмы  расчета  пространственных  конечно-элементных 
моделей  электромагнитных  устройств  с  разомкнутым  магнитопроводом  // 
автореферат диссертации на соискание учѐной степени кандидата технических наук 
– Омск,2007 
2  Бессонов  Л.А.  Теоретические  основы  электротехники:  Электромагнитное  поле.  - 
М.: Высш шк., 1987. - 231 с. 
3 Руководство Ansys. - М.: Представительство CAD-FEM, 1999. - 500 с.  
4  Кудрявцев,  Е.  М.  GPSS  World.  Основы  имитационного  моделирования  различных 
систем: научное издание - М.: ДМК Пресс, 2004. - 317 с. 
5 Советов Б.Я., Яковлев.  Моделирование систем. – Москва: Высшая школа, 2001.  - 
343 с. 
6  Андреева  Е.  Г.,  Шамец  С.  П.  Расчет  стационарных  магнитных  полей  и 
характеристик  электротехнических  устройств  с  помощью  программного  пакета 
ANSYS. Учеб. Пособие. Омск: Изд-во ОМГТУ, 1992. - 92с. 
7 Справочная система ANSYS 6.1, ANSYSInc., 2002 
8  Николаев  Ю.А.,  Жаутиков  Б.А.,  Айкеева  А.А.,  Таранов  А.В.    Имитационное 
моделирование  динамических  процессов  при  движении  скипов  шахтных  и 
карьерных  пневмоподъемных  установок.  //  Труды    международной  научной 
конференции «Наука и образование - ведущий фактор стратегии "Казахстан-2030». 
– Караганда: Изд-во КарГТУ, 2006. - С. 311-314. 
9 Айкеева А.А.  Имитационное моделирование динамики уплотняющих устройств в 
шахтных  пневмоподъемных  установках.  //  Materiały  iv  międzynarodowej  naukowi-
praktycznej  konferencji  «strategiczne  pytania  światowej  nauki  –  2008».  -  Przemśl: 
WydawcaNaukaIstudia, 2008. - Т.9. – С. 30-34. 
10 Чигарев А.В., Кравчук А.С., Смалюк А.Ф. ANSYS для инженеров: Справ, пособие. - 
М.: Машиностроение-1, 2004. - 512 с. 
11
 
Наседкин А.В. Конечно-элементное моделирование на основе ANSYS. Программы 
решения статических задач сопротивления материалов с вариантами 
индивидуальных заданий. // Ростов -на -Дону: УПЛ РГУ, 1998. 44 с. 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
123 
 
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҦҚЫҚ
 
ЭКОНОМИКА И ПРАВO 
 
ӘОЖ 343,281  
Б.К.Тажгарина 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қ, Студенттік даңғылы 212 
E-mail:Tazhgarina@mail.ru 
 
ШАРТТЫ ТҤРДЕ СОТТАУ 
 
Аңдатпа 
Қылмыстық  жаза  жүйесіндегі  шартты  түрде  соттаудың  мәні  мен  орны, 
оны  пайдаланудың  жолдары,  осындай  гуманистік  жазаның  тиімділігі  және  оны 
жетілдіру жолындағы қатынастар, заңды негіздері. Сот тәжірибесінде шартты түрде 
соттаудың  түсінігі,  қылмыстық  заңда  қолданылу  аясы  кеңінен  қарастырылады. 
Сонымен 
қатар, 
шартты 
түрде 
сотталған 
тұлғалардың 
арнайы 
жауапкершілігі  қандай    шаралар  қолданылатындығын  жан-жақты  талдау 
жасалған. 
Негізгі сӛздер: 
Шартты жаза, ігілік, әділеттілік, шартты түрде соттау, сынау мерзімі, 
жаза, қылмыстық құқық. 
 
Жаза  құрылымында  шартты  түрде  жазалаудың  орны  ерекше.  Ӛйткені  ол 
қылмыстық  заңнамада  әділеттілік  пен  адамгершілік  сипаттамасын  кӛрсетеді.  1998 
жылға  дейін  пайдаланған  Қазақстанның  1960  жылы  күшіне  енген  Қылмыстық 
кодексінде  Шартты  жазаға  соттау  40-бапта  атап  кӛрсетілген  еді.  Онда  шартты 
жазаға  соттау  тек  қана  бас  бостандығынан  айыру  немесе  түзеу  жұмыстарына 
жазаланған қылмыскерге қолданылатын. Сынау мерзімін сот бір жылдан бес жылға 
дейінгі шекте белгілейтін еді. Тіпті, бұрынғы заңда бұл жаза «Шартты жазаға соттау» 
деп аталған. 
Қазақстан  Республикасы  Қылмыстық  құқығы  қылмыс  жасаған  адамға  сот 
үкімімен  берілетін  жаза  іс  жүзінде  орындалмайтын  жағдайлайларды  қарастыратын 
бір  топ  институтты  қапмтиды  институттарға  шартты  түрде  соттау  және  жазаны 
ӛтеуді кейінге қалдыру институттарын жатқызуға болады. 
Ізгілік,  әділеттілік  қағидаларына  сай  сот  қылмыс  жасаған  адамның  жеке 
басын,  қылмыстың  сипаты  мен  қоғамдық  қауіптілік  дәрежесін  ескере  отырып, 
сотталған адамның жазаны ӛтемей түзелуі мүмкін деген қортындаға келетін болса, 
осы институттарды жүзеге асыруға болады. 
Ғылыми жұмыстарда бұл институттың заңды сипаты жӛніндегі  мәселелер әр 
қырынан  шешілуде.  Сондықтан  да,  шартты  түре  соттау  -  жазаның  бір  түрі,  үкімді 
орындаудың ерекше тәртібі, жаза қолданудың ерекше тәртібі, жаза ӛтеудің ерекше 
түрі  немесе  кінәліні  жазаны  ӛтеуден  босату  немесе  сотпен  тағайындалған  жазаны 
шартты түрде қолданбауы болып саналады. 
Заң шығарушылық институты қолданыстағы қылмыстық заңда шартты түрде 
соттауды жазаның түріне жатқызбайды, тек сот үкімімен тағайындалады, іс жүзінде 
қаулы шығарғанымен үкім орындалуға жатпайды. 
Шартты  түрде  соттау  жазасын  жазаны  ӛтеудің  ерекше  тәртібі  деуге 
болмайды, ӛйткені қылмыстық кодекстің 63 - бабы «сот сотталған адамның жазаны 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
124 
 
ӛтемей  түзелуі  мүмкін  деген  қортындыға  келсе,  ол  тағайындалған  жазаны  шартты 
деп санауға қаулы шығарады» делінген [1].  
Шартты түрде соттау негіздері: 
Объективтік  мән  -  жайлар  бойынша:  қылмыс  объектісінің  және  қылмыс 
затының онша мәні болмауы, ауыр зардаптың болмауы не қылмыс санатының ауыр 
және  аса  ауыр  қылмыс  қатарына  жатпауы,  яғни  жасалған  қылмыстың  қоғамдық 
қауіптілік дәрежесінің айталықтай ауыр мәнінің болмауы;  
Субъективтік мән - жайлар бойынша: қылмыс жасаудағы қылмыстық ниеттің 
болмауы,  қылмысты  жасағаннан  кейін  жәбіленушіге  кӛмек  кӛрсету,  келтірген 
зиянның  орнын ерікті түре  толтыру, шын ӛкіну, кінәсін мойындап келу, қылмысты 
белсенді  түрде  ашуға,  қылмыскерлерді  анықтауға  жәрдемдесу  тағы  басқалары 
жатады, яғни кінәлі тұлғаның жасаған ісіне есеп беріп, белгілі бір дәрежеде мінез - 
құлықын қоғамнан оқшауламай - ақ түзеу мүмкіндігі бар екенін осыдан кӛрсетеді.  
Заң  соттаудың  бұл  түрін  бірнеше  қылмыс  жасаған,  бірақ  бұрын 
сотталмағандар үшін қолдануды да теріске шығармайды.  Бірақ барлық жағдайларда 
да шартты түрде соттауды қолданудың мәні мен себептерін және негіздерін сот ӛз 
үкімінде анық кӛрсетуі керек. 
Шартты  түрде  соттау  қолдануға  жол  беретін  жағдайлар:  жаңа  заң  шартты 
түрде  соттауды  кінәліге  мына  жағдайларда  -  түзеу  жұмыстары,  әскери  қызмет 
бойынша  шектеу,  бас  бостандығын  шектеу,  әскери  тәртіптік  бӛлімде  ұстау  немесе 
бас  бостандығынан  айыру  жазалардың  ішіндегі  біреуін  тағайындағаннан  кейін 
қолдана алады [2]. 
Шартты  түрде  соттауды  қолданудың  негізі  болып  мыналар  табылады: 
қылмыс  объектісі  және  қылмыс  затының  онша  ауыр  болмауы,  ауыр  зардаптың 
болмауы немесе қылмыс санатының ауыр және аса ауыр қылмыс қатарына жатпауы. 
Осыларға сай шартты түрде соттау жазасы - жазаны іске асырудың ерекше 
түрі болып, тағайындалған жазаны іске асырудың ӛзінше бір әдісі болып табылады 
деген қорытындыға келемін. Сот әркезде ӛз тәжірибесінде шартты түрде соттауды -
пайдалануға мынадай 5 түрлі мән - жайды сараптап, бағалауы тиіс: 
Қылмыстың сипаты мен бағыты; 
Қылмыстың қоғамдық дәрежесі; 
Қылмыскердің жеке басының ерекшелігі; 
Жауаптылық пен жазаны жеңілдететін жағдайлар; 
Жауаптылық пен жазаны ауырлататын жағдайлар. 
Жалпы шартты түрде соттау түсінігі қылмыстық құқықта, яғни материалдық 
құқықта  жан 

жақты  баяндалып,  оны  анықтап  алып,  оны    ӛндірісте    не    ӛмірде  
қолданған   кезде   қылмыстық  атқару аңдарындағы алғы шарттарды пайдаланамыз. 
Барлық  шартты  түрде  сотталған  тұлғалар  қолданыстағы  заң  актілерімен 
және үкіммен белгіленген құқықтық шектеулерден туындайтын талаптарды сақтауға 
және  ӛздерін  бақылайтын  атқарушы  мекемелер  мен  органдар  әкімшіліктерінің 
ӛздерінің  мінез  -  құлықтарына  арнап      белгіленген      заңды      талаптарын   
орындауға міндетті. Бұл міндеттерді шартты түрде сотталған тұлғалар сотпен 
тағайындалған  сынау  мерзімі  біткенге  дейін  орындайды  не  сақтайды.  Егер 
осы  міндеттерді  орындамаған  жағдайда  заңмен  белгіленген  -жауапкершілікке 
тартуға  әкеліп  соқтырады.  Ол  жауапкершіліктен  үнемі  бас  тартқан  жағдайда 
шартты  түрде  соттау  жазасын  орындауды  басқамен  ауыстыруға  әкеліп 
соғады[3]. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
125 
 
Егер  шартты  түрде  сотталған  тұлға  жауаптылығын  дер  кезінде 
орындамаған  жағдайларды  жоғарыда  кӛрсетілген  негіздер  қолданылады да, 
сотталушыны  сот  үкімімен  тағайындалған  жазаны  орындауға  түзеу  мекемелеріне 
жіберуді жүзеге асырады. Онда сынақ мерзімінің уақыты тоқтайды. Мұндай жағдайда 
соттың  ӛзіне  кӛрсеткен    сенімін  орындаудан  бас  тартқан  деп  түсініліп,  қайтадан 
үлгілі мінез құлықты кӛрсетіп сенімділік алу қиын шаруа. Сондықтанда шартты түрде 
соттау  қолданған  тұлға  сенім  кӛрсетіліп  берілген  ең  жауапты  іс  деп  түсініп,  мінез-
құлықын  әрі  қарай  улгілі  етіп,  екінші  қайтара  қоғамға  қауіпті  іс
  - 
әрекетті  немесе 
әрекетсіздікті  жасамауға  мойын  ұсынып,  заң  құрметтейтін  толық  қанды  Қазақстан 
Республикасының азаматы болуы керек.  
Ал  осы жазаны қолданған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ түлға да 
кӛрсетілген  сенімді  әрі  қарай  дамытып,  осы  елдің  азаматы  боламын  деген  үміті 
болса, сот тағайындаган міндеттерді атқарумен қатар, инспекцияның оларға қойған 
міндеттерінде ӛз деңгейінде атқаруы қажет [4]. 
Шартты  түрде  сотталған  тұлғалардың  арнайы  жауапкершілігі 
келесідей шаралардан тұрады: 
1. Шартты   түрде   соттауды   ауыстыру  жӛніндегі   жазбаша  ескертуден; 
2.  Сотпен  тағайындалған  шартты  түрде  соттауды  ауыстыру  және жазаны 
ӛтеуге жіберуден; 
3.  Сынау  мерзімінің  уақытын    бұрын  белгіленген    міндеттер  кӛлемімен 
ұзартудан; 
4.  Сынау  мерзімін  ұзарту  және  қосымша  міндеттер  жүктеуден;  [5] 
Қосымша  немесе  ӛзге  де  міндеттерді  шартты  түрде  сотталушы  тұлғаға  сот  қана 
тағайындайды, егерде шартты түрде сотталушыны шартты түрде сотталған тұлғалар 
қылмысты-атқару  инспекциясына  және  әскери  бӛлімдер  командованиелерінің 
алдында  ӛздерінің  жүріс  -тұрысы  туралы  есеп  беруге,  ӛздеріне  сот  жүктеген 
міндеттерді орындауға, шақырту бойынша қылмыстық - атқару инспекциясына келіп 
тұруға  міндеттерді  орындамаған  жағдайда,  сондай  -  ақ  шартты  түрде  сотталушыға 
қандай да бір басқа міндеттер жүктеудің орындылығын куәландыратын ӛзге де мән - 
жайлар болған кезде қылмыстық  - атқару инспекциясы сотқа тиісті ұсыныс жіберуі 
мүмкін болған кезде жүзеге асырады. 
Қазіргі кезде шартты түрде соттаудың ӛзектілігі ол мәселенің қолданыстағы 
заң  актілерінде  анық  кӛрініс  таппауында  және  Қазақстандық  заң  ғылымының 
ғалымдарымен  зерттелмеуінде  жатыр.  Орталықтан  заң  шығару  саласының 
бірізділігімен жүрген Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан соң заң шығару кезінде біраз 
қателіктер мен кемшіліктер кӛптеп болды. Бірақ соңғы кезде алға ілгерілеу бар. Оның 
ішінде  шартты  түрде  сотталған  тұлғаларды  бақылау  жасауды  жӛніндеп  заң 
актілеріндегі жетіспеушіліктер қазіргі кезде де кездесіп жатыр. 
Шартты  түрде  сотталған  тұлғаларға  бақылау  жасау  жӛніндегі  тақырыпқа 
зерттеу жасай отырып, зерттеу нәтижелеріне сүйене  отырып, қорғауда мынадай 
нақтылы ӛзекті мәселелер ұсынылады: 
Қылмыстық 
құқық 
құқықтың 
басқа 
да 
әр 
түрлі 
саласы 
сияқты  азамат  қауымның  мүддесіне  сай  қызмет  етуге  арналған.  Қылмыстық 
құқықтың түбіргі ізгілік принципі міне осында. Осыған сай барлық қылмыстық жаза 
түпкі  мақсат  ретінде  қылмыстан  сақтандыруды,  оның  алдын-алуды  арнайы 
түзеу мекемелеріне қамамай - ақ түзету шараларын қолдануды кӛздейді. 
Шартты түрде соттау қылмыстық жазаның ізгілік мақсатының айқын дәләлі, 
ӛйткені ол белгілі жағдайларда қылмыстық жазаны мүлдем қолданбай, қоғамнан әрі 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
126 
 
жанұя, не қоршаған ортасынан ажырамай - ақ қылмыскердің түзеліп кетуіне жағдай 
туғызады. Шартты түрде соттаудың негізгі әлеуметтік маңызыда осында. 
Шартты  турде  соттау  жазаның  түрі  емес.  Ол  –  қылмыстық  жазаны 
тағайындау  тәртібі.  Сондықтан  да,  заң  шығарушы  ӛкімет  оны  қылмыстық 
жазалардың  (ҚР  Қылмыстық  кодекстің  39  -  бабы)  ішінде  кӛрсетпеген.  Жаза 
әлеуметтік  әділеттілікті  қалпына  келтіру,  сондай  -ақ  сотталған  адамды  түзеу  және 
сол  адамның  да,  басқа    адамдардың  да        жаңақылмыстар        жасауынан    
сақтандыру        мақсатында  қолданылады.  Жаза  тән  азабын  шеюгіруді  немесе 
адамның қадір -қасиетін қорлауды мақсат етпейді. Міне сондықтан да шын мәнінде 
шартты түрде соттаудың негізгі мақсаты жазалау емес, оны жазадан  босату болып 
танылуы керек. 
Шартты  түре  соттау  жазасын  кӛп  жағдайларда  арнайы  заңи  білімі  жоқ 
тұлғалар жазасын ӛтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатумен және жазаны 
ӛтеуді  кейінге  қалдырумен  шатастырады.  Сондықтанда  ӛз  мақаламда  осы  бір 
мәселелерді айыра кӛрсетуді жӛн санадым. 
Жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босату қылмыстық заң талаптарын 
дәл әрі мүлтіксіз орындау сотталушылардың түзелуі, қылмыстардың қайталануының 
алдын - алу үшін ӛте маңызды екеніне соттардың назары аударылуы тиіс. Қазақстан 
республикасының  Қылмыстық  Іс  Жүргізу  кодексінің  455  -  бабына  сай  жазаны 
ӛтеуден  мерзімінен  бұрын  шартты  түрде  босату  туралы  мәселелер  жазаны 
орындайтын  органның  ұсынуы  бойынша  немесе  кәмелетке  толмаған  адамның 
түзелуін  қамтамасыз  етуші  мамандандырылған  мемлекеттік  органның  ұсынысы 
бойынша,  ал  тәртіптік  әскери  бӛлімінде  жазаны  ӛтеп  жатқан  әскери  адамдарға 
қатысты  -  тәртіптік  әскери  бӛлімі  басшылығының  ұсынысы  бойынша  қаралады.  Ал 
Қазақстан  Республикасының  қылмыстық  атқару  кодексінің  169-бабының  9-
тармағына сай сотталушы жазаның заңмен белгіленген мерзімінің бӛлігін ӛтегеннен 
кейін,  жазаны  орындаушы  мекеме  немесе  ұйымның  әкімшілігі  бір  ай  мерзімінің 
ішінде жазаны ӛтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы ұсыныс жасау 
не одан бас тарту туралы мәселені қарап, қаулы шығаруға міндетті. Егер әкімшілік 
осы  мәселені  бір  айдың  ішінде  шешпесе,  сотталушы  не  оның  қорғаушысы  жаза 
ӛтеліп жатқан сотқа әкімшілік әрекетсіздігіне шағымдануға құқылы. Егер мерзімінен 
бұрын  шартты  түрде  босату,  жазаның  ӛтелмеген  бӛлігін  неғұрлым  жеңіл  түріне 
ауыстырудан бас тартылған жағдайда, бас тарту туралы қаулы шығарылған күннен 
бастап  кем  дегенде  алты  ай  ӛткеннен  кейін,  ал  ӛмір  бойы  бас  бостандығынан 
айырылған  адамдарға  кем  дегенде  үш  жыл  ӛткеннен  кейін  осы  негіздердің  кез  -
келгені  бойынша  ұсынысты  қайта  беруге  болады.  Жалпы  бұл  мәселелерді 
сотталушының  жазаны  ӛтеп  жатқан  жердегі  аудандық  және  оған  теңестірілген 
соттың  судьялары  шешеді.  Сот  шешімі  қаулы  ретінде  шығарылады,  оның  дәлелді 
болуы  және  соттың  ұсынысты  қарауы  нәтижесінде  жасалған  түжырымдары  жан  - 
жақты  негізделуі  керек.  Мерзімінен  шартты  түрде  босатудың  негіздерін  сот 
сотталушының  жеке  басын  және  жазаның  ӛтелмеген  бӛлігі  ішіндегі  тәртібін, 
міндеттерді  орындаудан  жалтарудың  ұзақтығын  және  олардың  орындалмауы 
себептерін ескере отырып қолданылады [6].  
Мерзімінен  шартты  түрде  босату  кезінде  соттардың  қандай  да  болмасын 
сынақ  мерзімін  белгілеуіне  жол  берілмейді,  себебі  ҚК  -  тің  70-бабының  мәнісі 
бойынша  жазаның  ӛтелмеген  бӛлігі  сондай  мерзім  болып  табылады.  Осыған 
байланысты  мерзімінен  бұрын  шартты  түрде  ӛтеуден  босатылатын  жазаның  нақты 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
127 
 
күнтізбелік  мерзімін  және  міндетті  турде  сотталушының  мерзімінен  бұрын  шартты 
түрде босатылғаны туралы кӛрсетуі керек. 
Шартты  түрде  соттаудың  үкімнің  орындалуын  кейінге  қалдырудан 
айырмашылығын анықтасақ: үкімнің орындалуын кейінге қалдыру мен шартты түрде 
соттауға тартудың сырттай ұқсастығы бар. Ол қылмыскерге тағайындалған жазаның 
белгілі  жағдайларға  байланысты  орындалмауында.  Бірақ,  үкімнің  орындалуын 
кейінге  қалдыру шартты  түрде  соттау жазасымен  толықтай ауыстырылмайды және 
онымен барлық жағдайларда бірдей болып үйлеспейді. Шартты түрде соттау кезінде 
сотталған адамға қоғамнан оқшауламай түзелу үшін қосымша мүмкіндікбереді. 
Сонымен        қатар        жазасын        ӛтеуді        кейінге        қалдырудағы 
айырмашылық  оны  қолдану  негіздерінде  және  ол  кейінге  қалдыру  мерзімі   
біткеннен   кейін   сот   тағайындаған   түзеу   мекемесіне жӛнелтіледі. Қылмыстық 
құқықтық  тілімен  айтсақ  оның  объективтік  жағы  да,  субъектісі  де  бӛлек.      Бірақ 
заңда  кӛзделген  негіздерде  кейінге  қалдыру  мерзімі  біткеннеи  кейін  жазадан 
босатып жіберуде кездеседі,   міне   осы   жерін   шартты   түрде   соттау   жазасына 
ұқсастырады.   Бірақ,   бұл   екі  түрлі   мәселе,   оны   шатастыруға болмайды. 
Тек барлық жазаның негізгі бір ұқсас жері олардың алдына қойған мақсаты 
қылмыстың алдын - алу, және қоғамға келтірген қауіпті әрекеті мен әрекетсіздігіне 
әділ жаза тағайындау арқылы олардың тигізер пайдасы және оған жету жолында да 
ұқсастық бар. 
Қазіргі  кезде  еліміз  егемен  болып,  ӛзіміз  ӛзімізге  қожа  болған  тұста 
елдігіміздің  қоғамдық  тәртібін  күшейтуде  жаза  мәселесін  ӛз  деңгейінде  қолдану 
керек. Ӛйткені жазаны қолдану арқылы сотталған тұлғаларды қайта тәрбиелеу мен 
қылмыстың алдын алуын жүзеге асыра аламыз. 
Қорыта келгенде әуелі жазаның мәнін айта кетейін:  
Қылмыстық  жаза  -  мемлекеттік  күштеу  шараларының  жеке  бір  түрі  және 
оның  басқа    шаралардан    ӛзіне  тән    біраз    айрықша  кӛрсеткіштері  бар.  Олар 
мыналар: 
Бірінші,  қылмыстық  жаза  -  мемлекеттік  күштеу  шарасы  ретінде  қылмыстық 
заңмен ғана белгіленеді. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшін міндетті тізбегі мен 
оларды  қолдану  тәртібі  түжырымдалған.  Сот  қылмысқа  кінәлі  адамға  қылмыстық 
заңда  кӛрсетілген  шараның  шеңберінде  және  оның  шегінен  шықпай  жаза 
тағайындайды. Ерекше жағдайларда ғана сот заңның нақты бабында кӛрсетілгеннӛн 
гӛрі жеңілірек жаза тағайындауға құқылы. 
Екіншіден,  мемлекеттік  күштеу  шаралары  ретіндегі  қылмыстық  жазаны 
мемлекет атынан және тек қана сот үкімімен тағайындалады.  
Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да мемлекеттік күштеу шаралары 
мемлекеттік  органдар  мен  лауазымды  тұлғалар  арқылы  жүзеге  асырылады.  
Мысалы,    қоғамдық  тәртіпті    бұзған  адамды  полиция  бастығы  әкімшілік  жауапқа, 
қаржы  инспекциясының  лауазымды  адамы  салықтан  бұлтарушыларды  заңдарда 
кӛрсетілген  тәртіппен  жазалайды.  Немесе  әкімшілік  комиссиясы  ӛзіне  берілген 
құзырӛт  шегінде  әкімшілік  құқық  бұзушыларды   тиісті  жауапқа тартады.  Бірақ 
осы    аталған    органдардың    немесе    лауазымды  адамдардың  бірде  -  біреуінің 
қылмыстық жаза қолдануға құқығы жоқ. 
Үшіншіден, заңда кӛрсетілген тәртіппен сотталған адамды жазадан  босату,  
сондай -ақ тағайындалған  қылмыстық жазаны кеңілдету тағы да сот арқылы жүзеге 
асырылады. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
128 
 
Тӛртіншіден,  қылмыстық  жаза  жария  түрде  ашықтан  ашық  тағайындалады. 
Яғни, қылмыс жасаған адамның кінәсін анықтап, оған жаза тағайындауды қажет деп 
табу,  қылмыстық  жазаның  нақты  түрі  мен  кӛлемін  анықтау  жеке  немесе  заңды 
тұлғалар арқылы емес мемлекет арқылы жария түрде ашықтан  - ашық белгіленеді. 
Сондықтан да, қылмыстық жаза кінәлі адамға мемлекет атынан белгіленеді. 
Бесіншіден,  мемлекеттік  күштеу  шаралары  ретінде  қылмыстық  жаза  тек 
қылмыстық заңда керсетілген нақты қылмысты жасаған кінәлі адамға қолданылады.  
Шартты  түрде  соттау  мәселесі  Қазақстанда  кӛп  зерттелмеген,  оның  ішінде 
шартты  түрде  сотталған  тұлғаларды  бақылау  жасау  мәселесіне  қылмыстық  атқару 
кодексінің  тӛрт  бабы  ғана  арналған,  ал  мұндай  құқықтық  қатынасты  реттеуде  бұл 
баптар  азшылық етеді. Әрине бұл мәселені реттейтін ішкі нұсқаулықтар  бар, бірақ 
басты  заңнамалық  актіден  басшылыққа  алатын  негізгі  нормаларды  кӛрсек. 
Сондықтанда   қылмыстық  атқару  кодексіндегі   заң   нормаларын жетілдіруді тез 
арада жүзеге асыру керек, әрі бұл осы күннің кезек күттірмейтін  талабы.  Сонымен  
қатар  шартты  түрде  соттауды материалдық құқық нормалары негізінде түсінгіміз 
келген жағдайда Қылмыстық кодекстің 63- 64 баптарына ғана қараймыз.  
 
Әдебиеттер тізімі 
1  Қазақстан    Республикасының  қылмыстық  кодексі  16.07.1997  ж  (2014.10.06. 
берілген ӛзгерістер мен толықтырулармен) 
2 Комментарий к Уголовно-исполнительному кодексу Республики Казахстан / Валиев 
Х.Х., Вардаев Г.Н., Михлин А.С., Мусаева К.О., и др.; Под ред.: Власова Н.А.; Науч. 
ред. пер.: Михлин А.С. - Алматы: Баспа, 1999. – С.32-33 
3  Джекебаев  У.С.,  Рахимов  Т.Г.  ,  Судакова  Р.Н.  Мотивация  преступления  и 
уголовная ответственность, -Алматы: 1987. – С. 200 
4 Нарикбаев М.С. Юрченко Р.Н. Алиев М.М. актуальные вопросы применения нового 
уголовного и уголовно-процессуального законоательства. –Астана: 1999.- С.55-56 
5  Марцев  А.И.  теоретические  вопросы  общего  и  специального  предупреждения 
преступлений: Автореферат докторских диссертации. -Свердловск, 1975. – 18 с 
6  Тарбагаев  А.Н.  понятие  и  цели  уголовной  ответственности.  –Красноярск:  1986.-
С77. 
 
Резюме 
В этой статье рассматривается широкое применение условного осуждения в 
уголовных  законах  в  практике  суда.  Также  в  статье  обсуждены  ряд  вопросов  об 
особой ответственности условно осужденных и какие применяются к ним меры. 
 
Summary 
This article discusses the widespread use of probation in the criminal laws in the 
practice  of  the  court.  The  article  also  discussed  a  number  of  questions  about  the 
particular responsibility of probation and parole and what are these measures. 
 
Қабылданған күні 08.09.2014 ж. 
 
 
 
 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
129 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет