Х. Досмұхамедов атындағы Атырау му хабаршысы №4 (35), 2014



Pdf көрінісі
бет20/22
Дата03.03.2017
өлшемі3,43 Mb.
#5998
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

 
Резюме 
Эта  статья  дает  понять,  что  речевая  деятельность  обучения  иностранного 
языка многогранна в области психологии. По заключению многих авторов в сфере 
психолингвистики речевая деятельность - это  способ взаимоотношений, она важна 
в изучении иностранного языка.  
 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
171 
 
Summary 
This article runs aspect of speaking from psychological point of view. According 
to  psycholinguistic  approach  a  lot  of  authors  stick  to  idea  that  speaking  is  one  of  the 
means, and the importance of communication in learning English is mentioned. 
 
Қабылданған күні 05.11.2014 ж. 
 
 
ӘОЖ   378:372.881.1 
Г.Б.Нажикенова 
Х.Досмұхамедов атындағы  Атырау мемлекеттік университеті 
Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қ., Студенттік даңғылы, 212 
e-mail:  
kuncha_68@mail.ru
 
 
ҚҦЗЫРЕТТІЛІК ЖӘНЕ ҚАТЫСЫМДЫҚ ТҦРҒЫДАН ОҚЫТУДЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Аңдатпа 
Бұл  мақала  ӛзге  ұлт  ӛкілдеріне      қазақ  тілі  пәнін      құзыреттілік  және 
қатысымдық  тұрғыдан  оқытудың  ерекшеліктері  қарастырылады.  Тілді    үйретудің 
қатысымдық және құзыреттілік қырын басты нысанға алып оқыту осы бағытта орын 
алып отырған негізгі мәселелердің бірі болып табылатындығы туралы айтылады. 
Негізгі сӛздер
құзыреттілік, қатысымдық оқыту, жеделдете оқыту, рухани-мәдени 
жетістіктер,    қатысымдық  әдістеме,  экзистинциалды  құзырет,  декларативті 
білімдердің жиынтығы.
 
 
КІРІСПЕ 
Бүгінгі  таңда  қазақ  тілін  ӛзге  ұлт  ӛкілдеріне  оқытудың  ғылыми-теориялық 
және әдістемелік түйіндері біршама айқындалды. Тілді  үйретудің қатысымдық және 
құзыреттілік  қырын  басты  нысанға  алып  оқыту  осы  бағытта  орын  алып  отырған 
негізгі мәселелердің бірі болып табылады.    
 
    Қазіргі  кезде  құзыреттілік  ұғымын  басшылыққа  алу  білім  мазмұнын 
жаңғыртудың  басты  шартына  айналды.  Білім  беру  дегеніміз  тек  белгілі  бір  пәндік 
ақпараттарды  меңгертуден  тұрмайды,  білім  жеке  тұлғаның  танымдық  және 
шығармашылық  дамуының  басты  құралы  болып  саналады.  Осы  орайда  жеке 
тұлғаның  нақты  бір  құзыреттерін  қалыптастыру  білімнің  нәтижелілігі  мен 
сапалылығын  қамтамасыз  ете  алады.  Нәтижеге  негізделген  білім  тек  қана 
оқушының, студенттің ғана емес, мұғалімнің, мектептің, жалпы білім беру жүйесінің 
ӛз бетімен білім алып, қазіргі қоғам дамуына сәйкес жетіліп отыруын талап етеді. 
Қазақ тіліне деген соңғы уақытта қалыптасқан қоғамдық кӛзқарас, оны оқу, 
оқыту  ісінің  түпкілікті  ӛзгеруі  түрлі  әдістемелік  ізденістерге  жетелеуде.  И.Л.Бим, 
Е.И.Пассовтың тілді қатысымдық тұрғыдан оқыту, Г.А.Китайгородскаяның жеделдете 
оқыту,  Ильясованың  іс-әрекеттік  оқыту  т.б.  тұжырымдамалары  осы  бағыттағы 
ізденістердің  теориялық  негізіне  алынды.  [Пассов  Е.И.  Основы  коммуникативной 
методики  обучения  иноязычному  общению.  –М:  Рус.яз.,  1989.;  Беспалько  В.П. 
Слагаемые  педагогической  технологии.  –М.:  Педагогика,  1989].  Мемлекеттік  тілді 
оқыту әдістемесінің бүгінге дейін жинақтаған тәжірибелерін тілді оқытудың әлемдік 
жетістіктерімен  интеграцияландыра  отырып  технологияландыру    тілді  оқыту 
процесін жеделдетуге, тиімділігін арттыруға негіз болатыны анық. Осы тұста жоғары 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
172 
 
оқу орнында  ӛзге ұлт аудиторияларында қазақ тілін  қатысымдық әдістеме арқылы 
оқыту алға қойған мақсат пен нәтижеге қол жеткізудің тиімді жолы болмақ.  
Қатысымдық-бағдарлы әдістемелер тіл үйренушілердің шығармашылық және 
қатысым  әрекетіне  негізделген.  Бұл  бағытта  бүгінде  белгілі  болған  оқыту  әдістерін 
салыстырып отыру  маңызды, себебі жаңадан пайда болатын әдістемеге нақты әдіс 
тірек  болады.  Сонымен  қатар,  әдістерді  салыстырып,  олардың  артықшылық, 
кемшілік  сипатына  талдау  жасау  оқытушы  жұмысын  дұрыс  жоспарлауға, 
ұйымдастыруға  бастама  болады.  Әр  әдістің  ӛзіндік  ерекшеліктерін  білмей  тұрып, 
олардың ішінен тиімдісін таңдап алу мүмкін емес.  Тілді оқытуда әдісті дұрыс таңдау 
үшін  ұжымның  ерекшелігін,  тіл  үйренушінің  тұлғалық  қасиет-сапаларын,  жасы  мен 
қызығушылығын,  дайындық  деңгейін,  оқу  мерзімін,  процестің  техникалық 
жабдықталуын басшылыққа алу ӛте маңызды.  
 
Тілді 
оқытудың 
әлемдік 
тәжірибесінде 
қатысымдық-бағдарлық 
тұжырымдарды  негізге  ала  оқыту  әбден  қалыптасты.  Мұндай  әдістемелердің 
қатарында  қатысымдық,  жобалау,  жеделдету  (интенсивті)  және  іс-әрекеттік 
әдістемелер кеңінен қолданылып жүр.  
 
НЕГІЗГІ БӚЛІМ 
Қазірде белсенді қолданылып жүрген осы және басқа да әдістемелерді ӛзара 
шартты түрде салыстыратын болсақ, олардың ӛзіндік ерекшеліктерімен бірге ортақ 
тұстарын  да  кӛруге  болады.  Тілдік  қарым-қатынасқа,  сӛйлеуге  үйрету  –  барлық 
әдістеменің қарастыратын ортақ мәселесі болып саналады. Оған қол жеткізу үшін әр 
әдістеме  түрлі  әдіске,  ұстанымдарға  сүйеніп,  түрлі  құралдарды  қолданады. 
Қатысымдық  әдістеменің  басты  ерекшелігі  –  оқу  үдерісінің  оқу-танымдық, 
дамытушылық,  тәрбиелік  қырларын  қамтамасыз  ете  отырып,  үйренуші  тілдің 
мәдениетін  меңгертуге  бағытталуында.  Ол  тілдің  лексикасы  мен  грамматикасын 
үйретумен шектелмейді, сол тілдің, елдің қарым-қатынас жасау мәдениетіне, әдебіне 
сай ӛзі қызмет ететін ортада, салада жеке, кәсіби қызығушылығын қанағаттандыру 
мақсатында  қолдана  білуге  үйретуді  кӛздейді.    Осы  тұрғыдан  келгенде,  тіл 
үйренушінің тіл білуге деген уәжі жетелеуші күшке айналатыны сӛзсіз.  
Екінші  ерекшелігі  –  үйренуші  тілдің  мәдениетін  қарым-қатынас  арқылы 
меңгертуді  қамтамасыз  ете  алуында.  Сӛйлеуге  тек  сӛйлетіп  қана  үйрету  мүмкін 
болады.  Сӛйлете  отырып  оқу  үдерісінің  оқытушылық,  танымдық,  дамытушылық, 
тәрбиелік қызметін жүзеге асыру оның ӛзідік ерекшелігін құрайды.  
Үшінші  ерекшелігі  –  түрлі  қарым-қатынастардың  жүйесін  құрайтын 
қатысымдық  жағдаяттарға  негізделуінде.  Тіл  үйренушілердің  ӛзара  қатынасына 
негізделген  жағдаяттар  шынайы  қарым-қатынас  мәдениетіне  неғұрлым  жақын, 
оңтайлы ортаны қамтамасыз етеді. 
Тӛртінші  ерекшелігі  –  қатысымдық  әдістеме  қарым-қатынас  мәдениетінің 
бейвербалды  амалдарын  да  үйретуге  бейімделген.  Бет  қимылы,  жүріс-тұрыс, 
қозғалыс,  қарым-қатынаста  ӛзін-ӛзі  ұстау  мәдениеті  т.б.  қосымша  тілдік  қатынас 
құралдарын орынды қолдануға үйретуді міндеттейді.  
Бесінші  ерекшелігі  –  тіл  үйренушіні  сӛйлеуге  дағдыландыратын 
жаттығуларға, тапсырмалар жүйесіне құрылады.  
Осылайша  қатысымдық  әдістемеде  оқу  үдерісі  қарым-қатынас  үдерісінің 
моделі секілді сипат алады да, оны жүзеге асыруда мынадай талаптар қойылады: 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
173 
 
-оқу  үдерісінің  жеке,  тұлғалық  қатынасқа  негізделуі,  осының  арқасында  тіл 
сабақтарында қарым-қатынас жасауға жайлы, оңтайлы психологиялық жағдай орын 
алады;  
-қарым-қатынас  жасауға  оңтайлы,  тиімді  жолдардың  барлығын  пайдалану, 
соның  ішінде  интерактивті  жолмен  қатынас  жасауды  қамтамасыз  ету,  осының 
арқасында оқытушы мен студенттің арасында түрлі оқу-танымдық, ақпарат алмасу, 
эмоционалды әрекеті іске асады; 
-тіл  үйренушілердің  қарым-қатынасқа  деген  қызығушылығы  мен  ынтасын 
тудыру, тіл үйренуді ішкі мүдделерімен үйлестіру.  
Жоғары  мектептегі  тіл  курстарының  орта  мектептен  айырмашылығы  – 
қатысымдық  құзыретті  қалыптастыруға  тірек  болатын  білім  мазмұнының  кәсіптік 
бағдарлылығында, тақырыптық ерекшелігінде болса керек.  
Тілді  үйретудің  әлемдік  тәжірибесінде  құзыреттіліктің  екі  түрі  кӛрсетіледі: 
жалпы және тілдік қатысымдық қҧзыреттілік. Жалпы құзыреттілікке мыналар 
жатады:  

 
оқи алу;  

 
экзистинциалды құзырет;  

 
декларативті білімдердің жиынтығы;  

 
білімдер мен біліктіліктер. 
Аталмыш  құзыреттерді  қалыптастыру  деңгейлік  және  қатысымдық 
ұстанымдарын  басшылыққа  алады.  Тілдік-дидактикалық  бірліктерді  ұсынудың 
деңгейлік  қырлары  мен  білім  мазмұнын  қатысымдық-бағдарлы  және  құзыреттілік 
тұрғысынан  ұйымдастыру  тілді  үйретудің    басты  ерекшелігі  болып  отыр.  Әлемдік 
әдістемеде  тілді  оқытудың  Еуропалық  лингвистер  ассоциациясы  ұсынған  бес 
деңгейлік  жүйесі;    еуропалық  стандарт  бойынша  белгіленген  4  деңгейлік  жүйесі 
(бастауыш (қарапайым), аралық (тӛменгі, орта), жоғары); Еуропалық кеңес ұсынған 
алты деңгейлік жүйесі; Польша ғалымдары ұсынған 11 деңгейлік тілді үйрету жүйесі; 
Ресейдің  мемлекеттік  білім  беру  стандартының  Еуропа  елдеріне  сәйкестендірілген 
орыс  тілінің  кӛпдеңгейлік  жүйесі  т.б.  бары  белгілі.  Қазақстанда  мемлекеттік  тілді 
мемлекеттік қызметшілерге (ересектерге, тіл үйренуші жеке тұлғаларға) жеделдете 
оқытудың 3 деңгейлік, 6 деңгейлік жүйесі қалыптасуда. 
Әлемдік  тәжірибеде  деңгейлете  ұйымдастырылған  тіл  үйрену  үдерісіне 
қатысымдық-бағдарлы  оқытуды  тірек  ету  орын  алған,  ол  қазақ  тілін  әлемдік 
әдістеме  талаптарына  сай  оқытудың  тиімді  жақтарын  кӛрсетеді.  Қатысымдық 
құзыреттілік  тіл  арқылы  қарым-қатынас  жасауға  деген  қабілеттілікті  білдіреді. 
«...Сӛйлеу  тілі  арқылы  ...  қарым-қатынас  жасауға»,  «қоғамдық,  ұлттық  тіл  арқылы 
ұғынысуға,  түсінісуге»,  «тіл  арқылы  қатынасқа  түсуге»  қажетті  біліктіліктердің 
жиынтығы деуге болады [1;7]. 
Тілді үйретуде  қатысымдық құзыреттілікті  басшылыққа алу білім мазмұнын 
басқаша  ұйымдастыруға  негіз  болады.  Мәтіннің  ең  кішкене  бірлігі  ретінде  сӛйлем 
маңызды  лингводидактикалық  бірлікке  айналады,  осылайша  лексика  мен 
грамматика жеке дара емес, қатысымдық  мақсатқа қол жеткізудің маңызды құралы 
ретінде оқытылады.   
Қатысымдық  құзыреттілікті  қалыптастыруға  бағытталған  әдістемеге  тән 
мынадай ерекшеліктерді кӛрсетуге болады:  
-жеке  тұлғаның  тілдік  қарым-қатынас  жасау  білік  дағдыларын  тілдің 
функционалды-стилистикалық нормасын ескере отырып қалыптастыру;  

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
174 
 
-сабақты  арнайы  бір  нақты  коммуникативтік  тақырыпқа  құру  арқылы  түрлі 
сӛйлеу жағдаяттарын жасау, ситуациялық жаттығулар орындату;  
-мәтінді ең негізгі дидактикалық бірлік ретінде тиімді пайдалану;  
-сабақты жеке тұлғаның даралық-әрекеттік тұрғысынан мақсатын айқын етіп 
ұйымдастыру; 
-нақты сӛйлеу жанрларымен жұмыс жүргізу т.б.  
 
Коммуникативтік  құзыреттілікті  қалыптастыру  коммуникативтік  әдістеменің 
жетістіктеріне  сүйенетіні  анық.  Коммуникативтік  әдістеме  тіл  үйренушінің  тілді 
практикалық  тұрғыдан  меңгеруін  жеделдетеді.  Бұл  әдістеме  арқылы  саналы  түрде 
меңгерілген  тіл  енді  түрлі  қатынас  жағдайына  сай  бекітіледі,  дамытылады.  Тілді 
практикалық  тұрғыдан  меңгеру  дегенде  тіл  үйренушінің  тыңдалым,  айтылым, 
жазылым, оқылым әрекеттерін түрлі қарым-қатынас жағдайында жүзеге асыра алуы 
айтылады.  
 
Коммуникативтік әдістеме мен құзыреттіліктің мәні мынада – сӛйлету арқылы 
сӛйлеуге үйрету немесе сӛйлеу арқылы сӛйлесуге үйрену.  Коммуникативтік бағытта 
ұйымдастыру  оқу  материалдарының  бір  мақсатқа  біріктіріліп,  іріктеліп  берілуіне 
тікелей  байланысты  болатыны  белгілі.  Ондай  оқу  материалдарының  ішінде  ең 
маңыздылары ретінде мыналарды кӛрсетуге болады:  

 
 сӛйлеуін дамытуға арналған тақырыптар;  

 
 коммуникативтік жаттығулар жүйесі; 

 
 мәтіндер.  
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
Оқу материалын тақырыптық топтастыру объективтік ӛмірден алынған  және 
ӛзекті  болуы  шарт.  Коммуникативтік  оқытуда,  әсіресе  ағылшын  тілін  оқытуда  бұл 
тәсіл  бұрыннан  пайдаланылып  келеді.  Жалпы  ағылшын  тілін  оқытуда  деңгейлік 
оқытумен  қатар  коммуникативтік  бағытта  оқыту  ең  негізгі  басты  ұстаным  болып 
табылатынын  айтқан  болатынбыз,  ал  қалған  мақсат-міндеттер  осы  ұстанымның 
айналысына  кіріктірілген.  Оқу  материалын  тақырыптық  тұрғыдан  топтастырып 
ұтымды  және  кӛркем  бере  алу  тіл  үйренушінің  сӛйлеу  тілін  дамытуға  және  оқу-
таным үдерісін дұрыс ұйымдастырып басқаруға тиімді болмақ.  
 
Тіл  үйренушінің  коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыруда  маңызды 
рӛл  атқаратын  компоненттердің  бірі  –  ситуациялық  немесе  коммуникативтік 
жаттығулар болып табылады. Коммуникативтік жаттығуларға тән басты ерекшелік – 
оның  коммуникативтік  міндеттерді  жүзеге  асыруға  тірек  болуында.  Сонымен  бірге 
коммуникативтік жаттығуларда нақты сӛйлеу жағдаяттарының модельдері беріледі, 
оны орындау арқылы тіл үйренуші қарым-қатынас үдерісіне араласа алады.   
Коммуникативтік  әдістеменің  келесі  бір  маңызды  компоненті  –  мәтін.  Мәтін 
арқылы  тіл  үйренуші  тілге  тән  түрлі  тілдік  және  сӛйлеу  заңдылықтарын  тексереді, 
меңгереді,  сол  арқылы  мәтін  құру  және  түсіну  біліктіліктері  қалыптасады.  Мәтінді 
коммуникативтік  оқытуға  тірек  ету  тілдік,  лингвистикалық,  коммуникативтік 
құзыреттіліктерді біртұтастықта қалыптастыруға мүмкіндік береді.  
Сонымен,  тіл  үйренушінің  коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыру 
және  дамыту  тіл  үйретуде  басшылыққа  алынуы  ӛте  маңызды.  Ал  коммуникативтік 
әдістеме  оны  жүзеге  асырудың  тиімді  жолы  болып  табылады.  Тіл  үйренушінің 
коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастырудың  дидактикалық  және  әдістемелік 
тетіктерін жетілдіру, жүйелеу коммуникативтік әдістемені құраушы компоненттердің 
арнайы кешенді жиынтығын қажет етеді.  

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
175 
 
Әдебиеттер тізімі 
1 Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі. –Алматы, 2000 ж.-7 б. 
2  Адамбаева  Ж.  Орыс  мектептерінде  қазақ  тілін  оқытудың  кейбір  мәселелері.  –
Алматы:Рауан, 1993.-88 б  
3  Хуторской  А. Ключевые компетенции  как компонент  личностно-ориентированной 
парадигмы образования // Журнал «Народное образование», 2003, №2.- 60 б.  
4 Жанпеисова М.М. Модульная технология обучения. – Алматы, 2004. –15 б. 
 
Резюме 
 
В  статье  рассматриваются  особенности  обучения  казахскому  языку  с 
компетентной и относительной сторон для представителей других национальностей.  
Изучение компетентной  и относительной  граней как главных объектов в обучении 
языку является одной из главных проблем в этом направлении. 
 
Summary 
This article deals with the peculiarities about teaching Kazakh language  to Russian 
audience in  a competence ways. Nowadays teaching languages in a competence way is 
the main problem of this direction. 
 
Қабылданған күні 05.11.2014 ж. 
 
ӘОЖ 373.1 
Л.Е. Қойшығҧлова, Б. Шайхиева 
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
Қазақстан Республикасы, 060011,Атырау қаласы, Студенттік даңғылы,212 
biser8888@mail.ru
 
 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ 
ҦЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ФОРМАЛАРЫ 
 
Аңдатпа 
Мақалада  оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  қалыптастырудағы 
ұйымдастырушылық формалары кӛрсетілген. 
Негізгі  сӛздер:
шығармашылық,  іс-әрекет,  индивид,  қызығушылық,  құрал, 
белсенділік, қабілеттілік, ізденімпаздық. 
 
КІРІСПЕ 
 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңының  негізгі  міндеттерінің 
бірі  баланың  интеллектулдық  және  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуды 
міндеттесе,  Қазақстан  Республикасының  дарынды  балаларды  анықтап,  оларға 
қолдау  кӛрсетіп  дамыту  концепциясы  шығармашылық  қабілетті  дамытуға 
бағытталған  білім  беру  кеңістігін  туғызуды  талап  етеді.  Соған  сәйкес  Қазақстан 
Республикасының  білім  саласындағы  нормативті-құқықтық  құжаттары  адамның 
шығармашылығын  дамытуды  басым    мүмкіндігін,  шығармашылық  қабілетін, 
шығармашылық  ойлауын  әрбір  адамның  жаңа  білімді  игеруіне,  интеллектісі  мен 
ойлау қызметінің артуына қажетті ықпал ретінде дамыту ӛзекті мәселелердің біріне 
айналып отыр  [2]. Қазақстан  Республикасының білім беру жүйесінің стратегиялық 
мақсаты-еліміздің  әлеуметтік  даму  жағдайына  сәйкес,  жеке  тұлғаның  білімге  деген 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
176 
 
сұранысын  қанағаттандырып,  оның  шығармашылық  іс-әрекетін  қалыптастыруға 
жағдай  жасау  болып  табылады.  Қоғамда  болып  жатқан  ӛзгерістер  тұлбағыттардың 
бірі  ретінде  қарастырады.  Сондықтан  жеке  тұлғаның  шығармашылығаның 
қажеттілігін,  ынта-ықыласын  және  шығармашылық  әрекетін  ескеріп,  білім  беруге 
жаңаша  тұрғыдан  қарауды  талап  етіп  отыр.  Мұның  ӛзі    оқушылардың 
шығармашылық 
іс-әрекетін 
қалыптастыру 
үшін 
педагогикалық 
процесті 
ізденімпаздықпен  ұйымдастыру  міндетін  жүктейді.  Оқушылардың    шығармашылық 
іс-әрекетін  қалыптастыру  жүйесінде  әлеуметтендіру  процесін  қамтамасыз  ететін  
тұлғаның  шығармашылық  сапасы  болып  табылады  [1].  Сондықтан  да  «тұлға», 
«шығармашылық», 
«іс-әрекетті» 
философиялық 
категориялар 
тұрғысынан 
қарастыратын болсақ, онда  шығармашылық тұлғаның барлық танымдық  іс-әрекетін 
қамтиды.  Сӛздікте:  «таным-іс-әрекетінің  адам  мақсаттары  мен  ұмтылыстарының 
негізі болатын білімін қалыптастырушы, шығармашылық қызметінің қоғамдық тарихи 
процесі»-  деген  анықтама  берілген.  Ой  еңбегі  мен  дене  еңбегі  арасында  қарама-
қарсылық  бар  жерде,  шығармашылық,  жаңалық  ашушы  және  тудырушы  іс-әрекет 
орындаушылық  пен  жаттандылыққа  әлеуметтік  тұрғыдан  қарама-қарсы  қойылған 
жерде  таным кӛбінесе, рухани ӛндірістің түрлі салаларындағы кәсіби мамандардың 
ерекше функциясы ретінде кӛрінеді. 
 
Адамның  білімі  оның  әлеуметтік  дағдылары,  іскерлікті  меңгеруі, 
әлеуметтендіру 
процесінде 
ӛтеді. 
Тұлғаның 
әлеуметтенгенінің 
белгісі 
шығармашылық    іс-әрекеттегі  берік  сенімділік,  ол  ӛз  кезегінде  рухани  дербестікке 
жол  ашады.  Ә.Нысанбаевтың  пайымдауынша,  «тұлғаны  әлеуметтендіру  процесі 
дегеніміз-бұл  тек  индивидтің  бойындағы  табиғи    қасиеттерді  біртіндеп  анықтап, 
қалыптастыру  ғана  емес,  сонымен  бірге  қоғамдық  орта,  әлеуметтік  институттар, 
қоғамдық  ұйымдар  мен  құқықтық  құрылымдар  ықпалының  нәтижесі»,  -  болып 
табылады. Адамның адам болып қалыптасуына:  
- физиологиялық және психикалық дамуы;  
- әлеуметтік экономикалық жағдайлар; 
- мәдени құндылықтарды меңгеру;  
- мектеп пен отбасында тәрбиелеу; 
- субъективтік және т.б. ықпалдар әсер етеді.  
 
Ғалымдардың  еңбектеріндегі    «тұлға»,  «іс-әрекет»,  «шығармашылық» 
ұғымдарына 
тоқталып, 
оған 
берілген 
анықтамаларды 
зерделей 
келе, 
шығармашылық іс-әрекет ұғымдарының мәнін ашып, соның негізінде танымдық  іс-
әрекеттің    шығармашылық    іс-әрекетке  ұласу  процесін,  шығармашылық  процестің 
ішкі  механизмін  тереңірек  меңгеру  арқылы  тұлғаның  шығармашылық  әрекетін 
қалыптастыруда  оқушылардың  жас  және  дара  ерекшеліктерін  ескерген  жағдайда 
мүмкін болатынына кӛз жеткізілді.  
 
Ғалымдардың 
еңбектерінде 
тұлғаның 
шығармашылық 
іс-әрекетін 
шығармашылық    ойлау,    шығармашылық  қиял,  шығармашылық  қабілеттеріне 
мақсатты-жүйелі  түрде  ықпал  ету  арқылы  дамытуға  бағытталған    әдіснамалық 
тұғырлары негізге алынды.  
 
Шығармашылық  –  психикалық  актыны  білдіретін  шартты  термин.    Біздің 
санамыздағы  мәліметтерді  қайта  жаңғырту  немесе  жинақтау  барысында  кӛрініс 
беретін  теориялық,  кӛркемдік  және  практикалық  іс-әрекеттің  жаңа  формасын 
кӛрсетеді.  Шығармашылық  ұғымы  жеке  адамның  іс-әрекетіне  байланысты 
қолданылады.    Педагогика  және  психология  еңбектерінде:  «іс-әрекет  –  адамның 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
177 
 
ақиқат  дүниемен  ӛзара  белсенді  әрекеттестігінің  іс-жүзіндегі  кӛрінісі»,  -  деген 
анықтама берілген .   
Адамның дене және ақыл-ой  қуатының дамуына шешуші қызмет  атқаратын 
іс-әрекет түріне еңбек жатады [3]. 
 
Іс-әрекет  түрткісі  адамның  түрлі  қажеттіліктеріне,  қызығушылығына, 
жауапкершілігіне,  сезіміне,  санасына  қызмет  етеді.  Іс-әрекетке  түрткі  белгілі  бағыт 
береді.  Түрткінің  мазмұны  мен  сапасына  лайық  адамның  тұрақтылығы  байқалады, 
кӛздеген мақсатына жетеді.   Іс-әрекеттің  мақсаты  мен  түрткісі  қиындықтарды 
жеңіп,  нәтижеге  қол  жеткізу.  Кез-келген  іс-әрекет  субъект  арқылы  мақсат,  құрал, 
процесс,  нәтижеде  кӛрінеді.  Адамның  іс-әрекеті  дене  және  ой  еңбегі  арқылы 
кӛрінеді. Ӛнімді еңбек материалдық құндылықтар, ал ой еңбегі рухани құндылықтар 
жасайды.  «Тұлға  іс-әрекет  арқылы  тәжірибе  жинақтайды,  шындықты  игереді, 
іскерлігі артады, дамиды», -  делінген.  Психологиялық тұрғыдан талдайтын болсақ, 
шығармашылық    процестің  алғашқы  механизмі  шығармашылық    іс-әрекетке  деген 
ынта-ықыласы, яғни зейіні болып табылады.  
 
Ж.Аймауытов: «Баланың, - деп  жазды ол, - тума серпілуін қозғайтын ешбір 
шара істемесе, баланы мектепке бергенмен, кӛңілдегі нәрсемізді үйретуге болмайды. 
Мектепке    келгенде  алғашқы  қадамды  бала  ӛзі  бастауы    керек»,  -  дейді.  Автор 
баланың,  жеке  басының  белсенділігі,  жеке  басының  қамтылуы,  қызығуы,  талап-
тілегі мен мақсат-мүддесінің белсенділігінен туатынын айтып отыр. Сондай-ақ, автор 
бастауыш сынып оқушыларында жиі кездесетін білімге деген құмарлығы мен ынтасы 
туралы: «Баланың  бір іске құлшынатын дер шағы талай білімді, яғни баланың дене 
күшін  машықтандыратын  істерді  кӛбірек істеңдер, мейлі оның  кӛңілі  шапқан  ісі-
есептеу,  санау  болсын,  ӛлең  жаттау,  сурет  салу,  ӛсімдік  жинау  болсын,  қысқасы, 
бала    неге    талпынса,  соны    істеу    керек»,  -  деген    тұжырым  жасаған.  Бұдан 
оқытуды  баланың  жеке  дара  ерекшелігін  ескере  отырып    ұйымдастырып,  онда 
әрекетті баланың ӛзіне істету, яғни жұмысының нәтижесін кӛрсетіп, ынталандырып 
отыруы  қажеттігін  ескерткенін  байқауға  болады.  Шығармашылық  –  жаңа  нәрсені 
құру дегенді білдіреді [4]. 
 
«Шығармашылық  қабілет»
  ұғымы  жалпы 
«қабілеттілік»
  ұғымынан  оның 
дербес  біртектес  бір  түрін  -  шығармашылық  қабілетті  іріктеу  үдерісінде 
«шығармашылық»
  пен 
«қабілет»
  ұғымдарын  синтездеу  нәтижесінде  құрылады. 
Психологиялық-педагогикалық 
әдебиеттерде 
шығармашылық 
проблемасы 
шығармашылық  қабілет  пен  ақыл-ойдың  ӛзара  әрекеттестігі  тұрғысынан 
қарастырылып, дербес фактор немесе дивергенттік ойлаумен тікелей байланысты іс-
әрекет 
түрінде 
кӛрсетіледі. 
Әдетте, 
шығармашылық 
қабілеттің 
дамуы 
психофизиологиялық  функциялардың  жан-жақты  даму  кезеңі.  Бұл  кезеңде, 
оқушылардың  қоршаған  орта  құбылыстарына  баға  беруге  кӛзқарасы  қалыптасып 
дағдыланады,  ӛзгелерге  сын  айта  білу  деңгейіне  кӛтеріледі,  танымдық 
қызығушылығы,  зерттеушілік-ізденімпаздық  белсенділігі  артады,    шығармашылық  
іс-әрекетке  қабілеттілігі  туындайды.  Шығармашылық  қабілеттің  дамуы  біртіндеп 
жүреді,  бірақ  бірқалыпты  емес. 
Оның  дамуындағы  алғашқы  кезең
  іс-әрекет 
талаптарына  табиғи  қасиеттерді  бейімдеу  болып  табылады  [5].  Шығармашылық 
қабілетті  дамытудың 
екінші  кезеңі
  оқу  әрекетіне  шығармашылық  элементтерді 
енгізумен,  мәселені  қоюмен  және  шешімді  ӛздігінен  іздестірумен  сипатталады.  
Қазіргі кезде әдіскер ғалымдар түрлі эксперименттің негізінде шығармашылық ойлау 
үдерісінің   
кезеңдік  дамуын
  айқындауда.  Шығармашылық  үдерістің  әр  кезеңінде 
оқушының  бойында  түрлі  сапалық  қасиеттер  қалыптасады.  Демек,оқыту  үдерісінде 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
178 
 
оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  дамытуда, 
біріншіден
,    тұлғаның  жеке 
қасиеттерін  ескере  отырып,    оқушы  тұлғасын  сипаттай  білуі  қажет, 
екіншіден
,    ӛзі 
ұйымдастырған шығармашылық әрекеттің  шығармашылық қабілетін дамыту үдерісі 
мен оның нәтижесіне әсер ететін мынадай маңызды 
факторларын
  білуі және ескеруі 
қажет:  шығармашылық  белсенділік  және  шығармашылық  іс-әрекетке  сұраныс; 
оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  дамыту  шарттары;  оқушылардың 
шығармашылық  қабілетін  ынталандыру  кӛздері;  оқушылардың  шығармашылық 
қабілетін  дамыту  әдістері;  оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  дамыту 
құралдары; оқушылардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтары [6]. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет