Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия


ҚҦРҒАҚШЫЛЫҚ - ыстық күнде, ауаның ылғалдылығы тӛмен  болған кезде жауын-шашынның ұзақ уақыт және елеулі түрде  жетіспеушілігі.  ҚҦРЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет110/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   206
ҚҦРҒАҚШЫЛЫҚ - ыстық күнде, ауаның ылғалдылығы тӛмен 
болған кезде жауын-шашынның ұзақ уақыт және елеулі түрде 
жетіспеушілігі. 
ҚҦРЛЫҚ, материк, континент — жер қабығының дүниежүзүзілік 
мұхит  деңгейінен кӛтеріңкі ірі бӛлігі. Оның шеткі аймақтары 
мұхит деңгейінен тӛменде жатыр (қ.Құрлықтық беткей). 
Құрлықтың жалпы аумағы 149,1 млн. км2 немесе жалпы жер 
шарының 29,2%-ын алады. Солтүстік жарты шардың 39%-ын, 
оңтүстік жарты шардың 19%-ын құрайды. Қазіргі геологиялық 
дәуірде ол 6 континенттен —Австралия, Антарктида, Африка,


Еуразия, Оңтүстік Америка және Солтүстік Америкадан тұрады. 
Құрлықтың 36%-ы таулы, 64%-ы жазық. Құрлық астындағы жер 
қабығының қалыңдығы 25-тен 75 км-ге дейін жетеді. Ішкі 
континенттік және шеткі континенттік құрылымдардан тұрады. 
Біріншісіне кӛне және жас платформаларда дамыған жазық ӛңірлер 
және геосинклиналдық қатпарлы облыстарда пайда болған таулы 
құрылымдар жатады. Екінші типтік құрылымдарға континенттердің 
су астындағы тегістелген жалғасы (қайраң,беткей), пассивті жиегі 
(атланттық) және кезектесе орналасқан қайраңдық, беткей, 
терең қазаншұңқырлар, шұңғымалар, 
мұхиттың 
қарқынды 
дамыған аралдоғаларының (Тынық мұхиттың) шеткі аймақтары 
жатады. Құрлықтар ұзақ уақытты қамтитын эволюциялық дамудың 
нәтижесінде пайда болған гетерогенді дене саналады, ол фиксизм 
теориясы бойынша геосинклиналдардың дамуы барысында ертедегі 
ядролардың бірігіп ұлғаюы нәтижесінде пайда болған.Мобилизм 
теориясы бойынша, қазіргі құрлықтар бір уақыттарда бүтін болған 
Пангея континенті  бӛлшектеніп, алдымен Лавразияға  және
Гондванаға  бӛлінген. Құрлықтардың нобайы мұхиттардың 
ашылуынан және литосфералық плиталардың  соқтығысуынан 
ӛзгеріп отырған. 
ҚАЗАНШҦҢҚЫР құрлық бетіндегі, мұхит-теңіз түбіндегі пішіні 
дӛңгелек не аздап созылыңқы келген ойыс. Қазаншұңқыр тұйық 
немесе бір жағынан, ӛзен арнасында орналасса екі жағынан ашық 
болып келеді. Жер бетіндегі Қазаншұңқырдың мӛлшері бірнеше 
км-ден жүздеген км-ге жетеді (мысалы, тауаралық Қазаншұңқыр). 
Қазаншұңқырлар пайда болу және геологиялық құрылысы жағынан 
тектоникалық, жанартаулық мысалы, кальдералар(испанша caldera 
– үлкен қазан), эрозиялық, мұздық, карстық; құрылымы жағынан 
тегіс табанды, ыдыс тәрізді, т.б. бӛлінеді; сумен толығуына қарай 
ағып ӛтетін, ағынды, ағынсыз (құрғақшылық аймақтарда) болып 
ажыратылады. Су асты Қазаншұңқырлары жүздеген, мыңдаған км-
ге созылады. Олар теңіз, мұхит табаны бедерінің ірі бұрыс пішінін 
құрайды (мысалы, Тынық мұхиттағы Оңтүстік Қазаншұңқыр, т.б.). 
Қазаншұңқырлар кейде ойыстар мен депрессияларға сәйкес келеді. 
20 
ғасырдыңдың 
ортасынан 
бастап техносфераныңдамуына 
байланысты жер бетінде Қазаншұңқырлардың антропогендік (қ. 
Антропогендік 
жер 
бедері) 
түрлері 
кӛбейіп 
келеді. 
Қазақстанда Зайсан қазан шұңқыры, Алакӛл Қазаншұңқыр, т.б. 
бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет