егістік болды. 20 ғасырдың соңына қарай 54 мың
гидротехникалық
құрылыс салынды. Ол мақта, күріш, бидай, жүгері, жүзім, сондай-
ақ ӛзге де дақылдарды,
бау-бақша, мал азықтық ӛнімдерді ӛсіруге
кӛп мүмкіншіліктер туғызды. Ӛндірістік қатынастың сипатына,
елдің ӛндіргіш күштерінің дамуына, аймақтың жағдайына, жұмыс
түрлеріне
байланысты
мелиорацияның
гидротехникалық,
химиялық, орман, мәдени-техникалық жұмыстар, тағы басқа
түрлері жүргізіледі. Құрғату мелиорациясы артық суды құрғататын
жерден
сыртқа шығарады; суландыру мелиорациясы суды қажет
мӛлшерде керек кезінде жеткізеді; химиялық мелиорация
топырақтың қышқылдылығын азайтады, сор, сортаң топырақтарды
бейтараптандырады; агротехникалық мелиорация топырақтың
физикалық, химиялық қасиеттерін жақсартады; гидротехникалық
мелиорация су және жел эрозиясын тоқтатады. Қазақстанның
солтүстік облыстарында қар мелиорациясы (қар тоқтату)
жүргізіледі. Мелиорацияның ішіндегі ең кӛп тараған түрі су
мелиорациясы. Мысалы, Шу ӛзенінің оң жағасындағы Георгиевка,
Тасӛткел суландыру жүйелері тиісінше 12 және 26 мың гектар
жерді суландырады. Алматы облысында су сыйымдылығы 28
миллиард куб метр Қапшағай су қоймасы салынып, онымен 250
мың гектарға дейін жер суарылады. Орталық Қазақстандағы Ертіс
— Қарағанды каналы облысы ӛндірісін, ауыл шаруашылығын
сумен қамтамасыз етеді. Батыс Қазақстанда Орал — Кӛшім
суландыру және ауыл шаруашылығын
сумен қамтамасыз ету
жүйесі салынған, осындай жұмыстар Қазақстанның солтүстігінде
де жүргізілуде. Қазақстан Республикасында 100 миллион гектарға
жуық жер суландырылған және 730 мың гектар кӛлтабан суару
жүйесі пайдалануға берілген. Кейінгі кездері ауыл шаруашылығын
қайта құруға және жерді жеке меншікке беруге байланысты
мелиорацияның шағын түрлері де дами бастады. Мелиорация кең
аймақтардағы табиғи ресурстарды (топырақ, су
қорлары, орман,
тағы басқа) адам қажетіне жаратуға кӛп мүмкіндік береді;
атмосфераның жерге жақын қабатында ылғалдылық, температура
және ауаның қозғалуына оң әсерін тигізіп, пайдалы ӛсімдіктер мен
жануарларға қолайлы жағдайлар жасайды; табиғи ортаны жақсарту
арқылы адам ӛмір сүретін ортаны қалыпқа келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: