Тау жыныстың осы үш түрі бір-бірінен
дәндерінің арасындағы
қарым-қатынасымен (текстурасымен) ерекшеленеді.
Шӛгінді тау жыныстары келесі сипаттармен ерекшеленеді:
1.
Дәнаралық шӛкпе немесе ұсақ дәнаралық лай ұстап
тұрған жұмыр немесе қырлы дәндер;
2.
Ұзын біліктерінің негізгі бағытын кӛрсететін саз
минералдардың ұсақ жиынтықтары;
3.
Дәндердің арасында түзу шеттері мен үштік жалғастарды
кӛрсететін минералдардың кристалды жиынтығы (мысалы, кәлсит);
4.
Кәлситтің кесекаралық шӛкпесі немесе ұсақ кесекаралық
лай ұстап тұрған қазбалы кесектердің жиынтығы;
5.
Органикалық
заттың
жиынтығы
(мысалы, лигнит немесе кӛмір).
Барлық атпалы тау жыныстар байланыспалы текстурасын
кӛрсететін минералдардың жиынтығымен ерекшеленеді.
Метаморфозды тау жыныстары келесі сипаттармен ерекшеленеді:
1.
Ұзын біліктерінің негізгі бағытын кӛрсететін кристалды
минералдардың жиынтықтары;
2.
Теңмӛлшерлі және еркін бағытты теңмӛлшерлі емес
минералдардың кристалды жиынтығы;
3.
Жапсарлы, ангедралды, кейде
сорайған минералдардың
ӛте ұсақ дәнді жиынтығы.
ТАУЛАР – жер бетінің жазықтардан оқшау кӛтеріліп жатқан
қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы құрылымды бӛлігі. Ұзындығы
жүздеген, мыңдаған км-ге дейін созылады. Негізінен түзу сызықты
(Үлкен Кавказ, Пиреней) немесе доға тәрізді (Альпі, Карпат)
кӛтерілімдер болып келеді. Таулар алып жатқан кӛлеміне,
құрылымына,
жасына
қарай: тау
жотасы, тау
жүйесі, тау
массиві,таулы қырат, таулы үстірт, тау сілемі болып бӛлінеді.
Аралықтарындағы аласа кӛтерілімдер, оларды бӛліп тұратын
ойпауыттардың (тауаралық ойпаңдар, тау аңғарлары, т.б.) бір-
бірімен үйлесуінен тілімделеді. Таулар жерсілкінулер мен жанартау
атқылауынан жиі кӛтеріліп, әдетте тектоник.
аймақтарда
қалыптасады. Пайда болуына қарай тектоник.Таулар – қатпарлы
немесе
қатпарлы-жақпарлы
құрылымды,
бірнеше
км-ге
кӛтерілуімен және жер бедерінің қарқынды қалыптасуы мен терең
тілімделуімен ерекшелінеді; эрозиялық Таулар – неотектоникалық
кӛтерілімдерге ұшыраған, ӛзен аңғарларымен
және уақытша ағын
сулармен тілімделген, жер бетінің үстірт тәріздес кӛтеріңкі бӛлігі;
жанартаулық Таулар – жас таулы аймақ немесе кӛне платформалық
құрылым үстіндегі жанартаулық конус, жоғары кӛтерілген лавалық
жабынды таулар болып бӛлінеді. Таулар бедерінің негізгі
элементтері – шыңы, басы, жоны, беткейі, етегі, ӛзен аңғарлары.
Жазық жер бедерінен айырмашылығы тілімделуінің айтарлықтай
тереңдігі мен уатылуы, барлық табиғат жағдайларының ала-
құлалығы мен қарама-қарсылығының күшеюі.
Таулы аумақтың
негізгі геогр. заңдылығы – ландшафтың биіктік белдеулілігі
(биіктік белдемділік) анық кӛрінеді. Тауларды биіктігіне қарай
аласа (1000 м-ге дейін), орташа (1000 – 3000 м), биік таулар (3000
м)
деп
бӛледі.
Дүние
жүзіндегі
ең
биік
тау
–
Гималайдағы Джомолунгма (Эверест) (8848 м), Қазақстандағы ең
биік тау –Хантәңірі (6995 м). Оқшау (арал) таулар – кең жазықта
жеке-дара немесе топтала орналасқан оқшауланған таулар мен
қыраттар. Салыстырмалы биіктіктері 100 м-ден 1000—2000 м-ге
дейін болады. Пайда болуы жағынан қуаңшылық климатты,
тектоникалық тұрақты аймақтарда
қирағаннан кейін сақталған
немесе жергілікті тау түзілу нәтижесінде (мысалы, жаңа
тектоникалық процестер нәтижесінде пайда болған жақпар таулар,
лакколитті таулар) түзілген тау жұрнақтарына жатады.
Джомолунгма
- Эверест (ағыл. Mount Everest), немесе Сагарматха
— жер бетінің ең биік шыңы, биіктігі 8844,43 немесе 8848 немесе
8850 м, Гималай тауларында орналасқан. Непал және
Қытайдың(Тибет автономиялы ауданы), бірақ шыңның ӛзі Қытай
территориясында орналасқан
Достарыңызбен бөлісу: