Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет169/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   206
ТАУЛЫ ҤСТІРТ — рельеф типі немесе макрорельеф формасы. 
Таулы үстірттердің кепшілігі таулы қыраттардың ішкі беліктері 
болып табылады. Мысалы, Кіші Азия таулы қыратындағы 
Анатолий таулы үстірті, Памир таулы қыратындағы ШығысПамир 
таулы үстірті тағы басқалар. Оларды соңғы уақыттардағы 
қозғалыстардың әсерінен жоғары деңгейге кетерілген таудың 
жазың беліктері деуге болады. Таулы үстірттердің жиі сақталып 
қалуы, оның бетінде бұзылуға тезімді берік қабаттар мен лавалық 
жамылғылардың барлығына байланысты. Бұл жағдайда ол беті 
жазық үстіртке ұқсас келеді. Мысалы, Орта Сибирь таулы үстірті 
осыған жатады. 
ТАСҚЫН – қар мен мұздықтың тез 
еруінен 
және 
мол 
нӛсер жаңбырдан ӛзен деңгейінің қысқа мерзімде күрт кӛтерілуі. 
Тасқынның су тасудан айырмашылығы жылдың кез келген 


уақытында болады. Егер Тасқын ӛзеннің жеке бір бӛлігінде 
байқалса, онда бұл құбылыс ағыспен тӛмен қарай қатты 
шапшаңдықпен (жазық ӛзендерде – 5 км/сағ., тау ӛзендерінде 45 
км/сағ.) 
таралады. 
Күшті 
Тасқындар су басуына 
ұласуы 
мүмкін. Ағыны реттелген ӛзендер алқабына Тасқын қауіпті емес. 
ТӘУЛІК – тетелес бір күн мен бір түннің қосындысы. Күннің де, 
түннің де ұзақтығы ӛзгеріп, әр маусымда әр түрлі болып отырады. 
Тәуліктің ұзақтығын тұрақты шама деп есептеуге болады. Жуық 
түрде алғанда күн қанша ұзарса, түн сонша қысқарады. Шамалап 
алғандағы тәуліктің бұл тұрақтылығы біздің заманымыздан бұрын 
4000 жылдықта анықталған. Бір тәулік ішінде Жер ӛз осін бір 
айналып шығады. Жердің ӛз осін бір айналып шығуына кететін 
уақыт жұлдыздық тәулік деп аталады. Жұлдыздық тәулік жуық 
түрде 23 сағат 56 минут 4 секундқа тең. Мұны тікелей бақылап 
анықтауға 
болады. 
Жұлдыздық 
тәулік 
– 
уақыттың
астрономиядағынегізгі ӛлшемі. Ол 24-ке бӛлінеді де, әрбір үлесі 
жұлдыздық сағат деп аталады. Жұлдыздық сағат кәдімгі сағаттан 
сәл кемірек, жуық түрде 59 минут 50,17 секунд болады. Уақытты 
жұлдыздық сағат бойынша ӛлшейтін аспаптар обсерваторияларда 
қолданылады. 
Жұлдыз 
уақыты 
– 
ӛзгермейтін 
тиянақты 
уақыт. Адам ӛмірі негізінен алғанда жұлдызға емес, Күнге 
байланысты. Сондықтан астрономияда ―нақты күндік тәулік‖ 
ұғымы кӛбірек қолданылады. Бірақ нақты күндік тәуліктер бірдей 
емес, олардың ұзақтығы әр кезде әр түрлі болады. Себебі Күн (шын 
мәнінде Жер) кейде үдей, кейде баяу қозғалады. Нақты күндік 
тәуліктердің ең қысқасы, жұлдыздық уақыт ӛлшемімен – 24 сағат 3 
минут 36 секунд (қыркүйек айының ортасы), ең ұзағы – 24 сағат 4 
минут 27 секунд (қараша айының аяғы) болады. Шамасы үнемі 
ӛзгеріп тұратындықтан, нақты күндік тәуліктер ӛмірде сирек 
қолданылады. Халыққа қолайлы болуы үшін жыл ішіндегі нақты 
күндік тәуліктердің орташа мәні, яғни арифмет. ортасы алынған. 
Бұл уақыт орташа күндік тәулік деп аталады, ол 24 сағат асырқа 
тең. Нақты күндік уақыт орташа күндік уақытпен сәйкес келмейді. 
Ол екеуінің айырмасы астрономияда уақыт теңдеуі деп аталады. 
Уақыт теңдеуінің мәні жыл сайын шығып тұратын арнайы астрон. 
кестелерде келтіріледі. Уақыт теңдеуінің ӛзі де тұрақты емес
сондықтан кестелер жыл сайын қайта жасалады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет