соққысы болуы мүмкін. Су тасқыны
кенеттен пайда болып және
бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін.
СУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ - электр генераторын айналдыратын
гидравликалық
турбинамен
су
ағынының
механикалық
энергиясын электр энергиясына түрлендіретін электр станциясы.
Қазақстандағы
ең
алғашқы
СЭС 1902
жылы Зырян
кенішін энергиямен
қамтамасыз
ету
мақсатында Тұрғысын
ӛзенінде салынды. Оның қуаты 1 мың кВт болды. 1927 жылы
Жоғары Хариузовск СЭС-і (куаты 3,2 мың кВт), 1934
жылы Үлбі СЭС-і (қуаты 27,6 мың кВт) салынды.Үлкен Алматы
ӛзенінде 10 каскадтан тұратын СЭС (жалпы қуаты 47 мың кВт)
1959 жылы салынып бітті. Соңғы
жылдары кешенді мақсатта
пайдаланылатын бірнеше ірі су-энергетикалық тораптар іске
қосылды: Ертіс ӛзенінде Ӛскемен СЭС-і (куаты 331,2 мың кВт)
және Бұқтырма СЭС-і
(қуаты
675
мың
кВт),
Іле
ӛзенінде Қапшағай СЭС-і (қуаты 434 мың кВт) және т.б.
Елімізде
су-энергетика құрылыс объектілерінен басқа 200-ден астам шағын
және орташа СЭС салынған. Қазақстандағы
ірі СЭС-тердің
барлығы энергия жүйесі ӛқрамындағы жылу станцияларымен
үйлестіріле пайдаланылады.
Бұл жағдайда олардың жоғары
дәрежедегі кешенді үнемділігі, пайдаланудағы сенімділігі артады.
Сондықтан СЭС салу ӛзеннің ағын суын су кӛлігі, ирригация және
сумен қамтамасыз ету және т.б. мақсаттарда кешенді пайдалануға
мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: