47
duel personality, mental abilities, maintenance and operation instructions, customs
duty, cash delivery, deflation, devaluation, loan capital, zero option.
§ 20. Фразеологиялық бірліктердің аудармасы
Фразеологиялық бірліктер немесе тұрақты сөз тіркестері ең басты
ерекшелігі – олардың компоненттерінің мағынасын біріктіре отырып бір
мағынаға
ие
болу.
Сондықтан
аудармашы
оларды
аударғанда
компоненттерінің
бөлек мағыналарына емес, жалпы сөз тіркестің біртекті
мағынасына үлкен назар аудауы қажет. Тұрақты сөз тіркестері образды және
образды емес болып екіге бөлінеді. Образды емес тұрақты сөз тіркестеріне
мысал келтірелік: to make a sacrifice –
құрбандық ету, to have a good sleep –
ұйқыны жақсылап қандыру, to pay attention – назар аудару.
Ағылшын фразеологиясының өзіне тән
стилистикалық
және
мағыналық қасиетін айта кеткен жөн. Мысалы: the hell of a time – қатты
көңілді немесе зая кеткен уақыт деп аударылады.
Образды тұрақты сөз тіркестерін аудару тәсілдері:
1. Фразеологиялық баламалылық. Егер белгілі
бір фразеологиялық бірлік
түпнұсқа және аударма тілдерінде толығымен мағыналық және
стилистикалық жағынан сәйкес келсе, оны
фразеологиялық баламалылық
тәсілімен аударамыз. Баламалар толық және толық емес болып екіге бөлінеді.
Толық балама мысалы: to cast a glance – көз тастау, the bitter truth – ащы
шындық, to play with a fire – отпен ойнау. Толық емес балама мысалы: to kill
the goose that lays the golden eggs – алтын жұмыртқа туатын тауықты өлтіру, a
bird may be known by its song – құс ұшқанымен көрінеді, to fish in triobled
waters - лай суда балық аулау.
2. Фразеологиялық нұсқаны қолдану. Мұндай
тұрақты сөз тіркестер
мағынасы жағынан ұқсайтын тұрақты сөз тіркестеріне аударылады. Мысалы:
to work one’s fingers to be bone – қол үзбей жұмыс жасау, to hit the bird in the
eye – дәл табу.
3. Фразеологиялық бірліктерді немесе тұрақты сөз тіркестерін калькалау.
Аударма тілінде баламасы немесе нұсқасы жоқ тұрақты сөз тіркестерін
аударғанда аудармашы түпнұсқа мағынасын сақтап қалу мақсатында сөзбе-
сөз аударады. Мысалы: liars must have good memories – өтірікшілерге жақсы
есте
сақтау қабілеті қажет, to keep a dog and bark oneself – ит ұстағанымен
өзің абалайсың.
4. Бейнелеп аудару. Егер аудармашы тұрақты сөз тіркес мғынасынан
ауытқып кетсе, ол сол тұрақты сөз тіркес
мағынасын суреттепнемесе
бейнелеп аудара алады. Мысалы: And it is from this that we shall arrive at some
Достарыңызбен бөлісу: