Балғынбек:
Жарылыс боп зәрені ұшырғанда,
Бар бәлені жабады мұсылманға.
Қатысым жоқ Бекежанға үйсін едім,
өш алам деп сен менен құшырланба?
мүміндерге дос Аллам,
Қылма мені осалдан,
елге келген қонақтан,
масқара ғой өш алған.
заман туып кетті ме,
Шаш ал десе, бас алған?
Бекежан деп Балғынды
Бұл мұхтардың есі ауған.
мен Бекежан емеспін,
Басты ауыртпай, пошел вон!
өш алам деп шақырсаң егер мені,
осы жерге Балғынбек келер ме еді?
Ашып қара көзіңді, Бекежанға
Жүрсін қатты ұқсайды менен көрі.
290
Қазақ өнерінің антологиясы
теріңе сыймай тырсылдап,
өш алам деп ырсылдап,
Бекежанға ұқсайтын
Жүкең отыр қылшылдап.
Балғынбекте шаруаң не,
Атқыш болсаң Жүрсінді ат!
Шектілердің қыздарын
Құдашам деп сыздадың.
Атып тастап Жүкеңді,
тойдың шырқын бұзбағын.
Жүкең кетсе көрерміз,
Шекеміздің қызғанын.
Жүкең кетсе дәуренің тәмам бала,
Көрсетпейді «Хабар» да, «еларна» да.
нәжімәддин келгелі әкім болып,
Жылда айтыс жасайтын Арал ғана.
Қосылғанда сөзге әуен,
Айтыс дейтін өзге әлем.
мақтамаймын әкімді,
Көрмеген соң көзбенен.
Жақсы әкім дегенді
естіп жүрмін өзгеден.
ренжітпеймін сыр елін,
Бермейсіздер білемін,
Астанаға әйтпесе
Керек ед бір нәжімәддин!
Айналайын атыңнан, Ақұдайым,
Жерді теуіп шабытты шақырайын.
тезек теріп кетпесін менен кейін,
Кезек беріп мұхтарды бақылайын.
Айналайын Жақайым,
дәм тұзыңды татайын.
«Хайлайлімге» салғанда,
Қалай тыныш жатайын.
сартылдасын саусағым,
291
Айтыс VI том
Былқылдасын бақайым.
Жыраулардың үйінің
Полын тарсылдатайын.
Жалағаштың мұхтары,
сыр елінің сырттаны.
ұстаймын деп тұтқаны,
еш ақыннан ықпады.
дұрыс болды Аралда
Балғынбекпен шыққаны.
мұхтар сынды дүлеймен,
сырдан шыққан сүлеймен,
сенен басқа ақынның
Шыдамайды «духтары».
Мұхтар:
Балғынбектің көңілі жаз ғой әлі,
өйткені бұл өмірдің аз баяны.
Балғынбек ағамның бір қасиеті,
Бір мақамды тез бастап, тез қояды.
Жетісудың мақамын тастай салып,
«Хайлайліммен» мінеки, көз бояды.
сөзі өтпей жатқанда бұл ағалар,
осындай мақамдарға көз қояды.
Аралда сасқандығың соншалықты,
Көмейіңе келді ме саз баяғы.
момақан молдалығы жолда қалып,
Бақсы боп шыға келді бәз баяғы.
Біз жырмен көмкермейік қайтіп тойды,
Бірақ жыр қып өрейік тәртіпті ойды.
менен гөрі Бекежанға Жүрсін ағаң,
ұқсайды деп бұл Балғын шалқытты ойды.
Қол астында қызмет еткеннен соң,
сенің бұлай дегенің артық болды.
Жүрсін аға, уәзірің аяр екен,
сын сағатқа келгенде тайқып қалды.
отыз жетінші жыл келсе ең бірінші,
Кімді аттыратынын айтып қойды.
Айтыстан көп болған соң теңгең үйген,
Баптап-баптап жіберед жеңгем үйден.
292
Қазақ өнерінің антологиясы
тектілікті танығың келсе егер,
Аралға кеп күй менен термені үйрен.
сен деген Жетісудың жігіті едің,
Жұмаға мінгендей ақ кенже жирен.
Қасыңдағы досыңды сатпауды сен,
сартайларды өсірген төрден үйрен.
Ау, Бәке, адалдық пен мәрттікті сен,
осындағы небір, небір ерден үйрен.
Атқа мініп, алтын тон жамылса да,
Атасын ұмытпайтын елден үйрен.
Бұл Арал ақ сертінен таймаған жер,
Желіге асау құлын байлаған жер.
таңдай суын жұттырып талайлардың,
нұртуғандар сан рет сайраған жер.
Білегіне жүрегі сай келгесін,
Батырлары қылышын қайраған жер.
Қонақтары төріне шығарғанда
мұрны мен мұртын қатар майлаған жер.
Ал, енді Ақшатауға келер болсаң,
Ақша үйілген жер деп талайлар ойлаған жер.
Бірақта негізінде ол Ақшатау,
өзінің құндылығын жоймаған жер.
Ақша менен алтыннан артық шығар,
Жақайымдай атамыз жайлаған жер.
мен қара су боп кеттім, сен қалайсың?
Жақсы айтыс болып жатыр ел қалайтын.
Қалғанын қазыларға қалдырайық,
Ақындардың бәріне тең қарайтын.
Жорғадай су төгіліп жонымыздан,
Біраз шаң бұрқыраттық жонымыздан.
Қалғанын қазылар мен халық білер,
Көрерміз бағымыздан, сорымыздан.
мықшыңдап біраз айтыс жасадық қой,
Білмеймін не шыққанын онымыздан.
сахнадан тату боп тарасайық,
Қол соғып шуласын ел соңымыздан.
Айтыстың соңында бір қысайыншы,
Аюдың табанындай қолыңыздан.
293
Айтыс VI том
Достарыңызбен бөлісу: |