294
Қазақ өнерінің антологиясы
Арқамды
бір қоздырып қайтайын деп,
Аралдың жұрты соқққан алақаннан.
Шынберген, аманбысың иық керген,
ішіне қанша сөзді түйіп келген.
Әр ауылда айтады өлеңіңді,
Беделің көрініп тұр биіктерден.
Ақшатауға үй тігіп бүгін ғана,
Қауышып қайтыпсың ғой сүйікті елмен.
Атасының
асынан қалмайын деп,
Аса қымбат тойларын қиып келген.
сөйлесе жарасады шайыр нақты,
Қызықтан Құдай бізді айырмапты.
Аса құнды асаба болғандықтан,
Жұрт сен жайлы көп нәрсе пайымдапты.
мен
келмей қала ма деп қам жемепті,
сен келмей қала ма деп уайымдапты.
Ал, енді Шынбергенге сөз берейін,
Ақыры Аралға кеп қайырлапты.
Атасының тойына көрейікші,
Қанша қап аталы сөз дайындапты?!
Достарыңызбен бөлісу: