Айтыс VI том осы үшеуін тезірек қолға алыңыз,
Әйтпесе қапы қалып өкінерсіз.
онсыз да балағыңнан тістеуші көп,
Күні ертең уақыт өтсе кешігерсіз.
Алаштың аспанына бақ қондырған,
елдің қамын ойлаған есіл ерсіз.
Қазақты тығырықтан алып шығар,
ұлтымның айбары мен сесі де сіз.
Ақиқат сізден гөрі жақын маған,
Қаттырақ айтып жатсам, кешірерсіз?
өз үйі де абақты ойлы адамға,
Абақтыдан абақтыға көшірерсіз.
Бес күндік қызығы жоқ бұл жалғаннан,
ертерек есімімді өшірерсіз!
мэлс ең ешкімдерден жеңілмеген,
еңіреп елім деген, жерім деген.
телефонмен дауыс беру басталғалы,
өлеңнен де құн кетті өрімделген.
Айтыстарда тіл емес, пұл сөйлеген,
Қазақтың әркім айтты төрінде өлең.
Айтар болсаң, мэлс аға, осылай айт,
ұлтқа жақын шынайы көңілменен.
Әйтпесе ерінбеген өлеңшіге,
Шөпте өлең, шөңге менен шөгір де өлең.
Мэлс: Айбек-ау, ақын болдың анық айтқан,
саз қосып домбыраға салып айтқан.
мен бірақ саясатты түсінбеймін,
осылай ел алдында қалғып айтқан.
Фамилиясын айт деп ем датқа кеттің,
осы ма шындығыңыз жарып айтқан.
Әрине өз өнерің өзіңде ғой,
Аталы сөзді жұртқа тауып айтсаң.
сен құсап сырттан жүріп сыбырламай,
датты ханның қасына барып айтқам.
мен деген ойланғанда ормандаймын,
Қалайша ел алдында толғанбаймын.
138
Қазақ өнерінің антологиясы орақтай қызыл тілім қылпылдаса,
Жорғадай ел алдында тайпалаймын.
Әр ақынның өзіндік мәнері бар,
демессің бізге айтылған сол қандай күн.
Жалған намыс не керек сахнада,
мысалы жанарыңнан солғандай күн.
Айтар сөзді мен өзім білемін ғой,
мен сенің басыңменен ойланбаймын.
Шөптің басын қозғайды,
Желкілдетіп жел ессе.
Жел тұрғандай жырласын,
өлеңнен дауыл тұрғасын,
Ақынның сөзі керек пе?
Айналайын, ағайын,
Алдымдағы соны екше.
Алқалаған әлеумет,
Алдыңа сенің келеді,
Азаматтың ішінде,
Ат басындай шөп өссе.
Ханның бағы артады,
Халықтың қамын жеп өссе.
Хан бұрылып қараған
Би бұрылып сұраған
Азаматтар тең өссе.
мәжілістен мән кетер,
сенатыңнан сән кетер,
депутат болам, деп өссе.
Алла Пугачеваны
Алматыға шақырар,
Белін буған бектердің,
Қорадағы қойы өссе.
Жетіге бөліп тапсырған,
Жарнамасын жапсырған,
«тарлан» деген сыйлық бар,
екпіні қатты ерекше.
сегізінші сыйлық деп,
Құдайдан келген бұйрық деп,
он балалы анаға,
он мың доллар беретін.
Жігіттердің ойы өссе.
139
Айтыс VI том иса, мұса, дәуітпен,
мұхамметтей пайғамбар,
отыз үш мың сахаба,
сөзімде қандай жалған бар?
ойланып қарап, он екше.
Арландар мен тарландар,
сол сыйлықты алғандар.
доллардан туған жоқ шығар,
Анадан туды емес пе!
Қазағым батыр халықсың,
Қабырғадан қан кешіп,
толарсақтан саз кешіп,
ерлік еткен ерекше.
Қазағым ақын халықсың,
Қылыштай тілін қайраған.
Ат беріп, атан сайлаған,
сүлейлердің сөзі өтсе.
тарпаңдығың және бар,
Алашқа ақыл салмаса.
Шылбырынан ұстама,
Шыңғысханның өзі өтсе.
Жалқаулығың және бар,
соның бірі өзіммін,
Алтын беріп жатса да,
тұра алмайтын кезекке.
Аңқаулығың және бар,
Кәрістерге барасың,
орыстардың көзі өтсе.
Бала қылып басқалар,
Бауырына басады,
Бөлтіріктен бөрі өссе.
мысырдың басын игізген,
Құсыңның көбін шүйгізген.
мәмлүкке дәурен сүргізген,
Бейбарыстай ер өссе.
оңтүстік Қазақстанда,
Қазығұрттай мекен бар.
Кемесін тауға тіреген,
нұх пайғамбар өтем бар.
Қазығұртта қаз басқан,
Қаз басса да аз басқан.