Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет104/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Қ
Қабул لوبق – қабыл алу. Неке тарауында, сауда-саттық келісімдерінде қолда-
нылатын термин. Көпшілік ғалымдардың пікірінше, неке келісімшартында үйле-
нетін ер кісінің не оның өкілінің «бұл некені қабыл алдым» деген мағынаны беретін 
сөзі «қабул», әйел адамның уәлиінің «бұл қызды саған жұбайлыққа бердім» деген 
мағынаны беретін сөзі «ижаб» деп аталады. Ал ханафи мазһабында «қабул» екінші 
сөз алған адамның сөзі. Ол ер адамның да, әйел адамның уәлиінің де сөзі болуы 
мүмкін. Яғни бірінші сөйлеген адам сөзі «ижаб», екінші сөйлеген адамның сөзі 
«қабул» деп аталады. Қара: ижаб.
Қабыл болсын. Белгілі бір құлшылық түрін өтеп болғаннан кейін, сол құл-
шылығын Аллаһ тағала қабыл етсін, сол құлшылықтың саған сауабын жазсын де-
ген мағынада айтылатын тілек сөз. 
Мысалы, намазың қабыл болсын, шалған құрбандығың қабыл болсын, берген 
садақаң қабыл болсын және т.б. 
«Мал сойғандар бір-біріне «қабыл болсын» айтысады» (Ғ.Мустафин, Көз 
көрген). 
«Шеттен келген адамдар «құрбандық қабыл болсын» десті» 
(Б.Майлин, Шығ.).
Қабір ربق– қайтыс болған адамды жерлейтін жер.
Қабір азабы ربقلا باذع – қабірдегілердің тартатын азабы. Ислам ақидасы бой-
ынша, қайтыс болған адам ақыретке дейін барзах әлемінде болады. Ол адамға жан-
нат бұйырып тұрған болса, қабірі жаннатың бір бақшасына айналып, оған жаннат-
тағы орны көрсетіліп, азаптан аман болады. Ал кімде-кімге тозақ бұйырған болса, 
оның қабірі тозақтың бір шұңқыры секілді қара түнек болады. Және қабырғасы 
бір-біріне кіріп кететіндей болып қысылып, ауыр азап шегеді. 
Қағба ةبعك – Мекке қаласында орналасқан атақты мешіт.
Қағдатул-ахира ةريخلأا ةدعقلا – соңғы отырыс. Яғни намаздың соңында 
«тәшәһһуд» (әт-тахият) дұғасы оқылатындай уақыт отыру. 
Қада ءاضق – қаза, парыз амалды уақыты шыққаннан кейін орындау. Төрт 
мазһабта парыздың қазасын өтеу – парыз, уәжіптің қазасын өтеу – уәжіп. Уақыты 
шығып кеткеннен кейін оқылған намаз «қаза намазы» деп аталады.
Қадым. Қадим. Ақида ілімінде қолданылатын термин. Кеңес үкіметі тұсында 
актив сөздердің қатарынан түсіп қалған. Тәуелсіздіктен кейін исламтану ғылымда-
ры туралы еңбектер жарық көре бастағанда, бұл сөз қайта қолданысқа енді. 


142
Егер барлыққа келтірмегі бір өз алдына сипат болса, Алла тағаланың сипаты 
өзіндей қадым, һәм әзәли һәм әбәди болады да, һәмишә барлыққа келтіруден босан-
баса, бір сипаты бір сипатынан үлкен я кіші болуға жарамайды (Абай, Шығ.). 
Матуриди мәзһабының көрнекті ғалымы имам әл-Бәздауи: «Ақиқатында, 
тәкуин және ижәд (бар қылу) Алла тағаланың сипаты, хадис (кейін болған) емес. 
Бәлки, ол ғылым, құдірет сипаты сияқты әзәли. Мүкәууан, мәужуд (жаратылыс) 
нәрсе тәкуин емес. Жарату да Алла тағаланың сипаты, ол хадис емес. Рахма (мейі- 
рімділік), ихсан (жақсылық жасау), ризқ (ризықтандыру) және мағфира (кешіру) 
сынды ісіне қатысты сипаттардың барлығы Оның әзәли сипаты болып есептеледі. 
Ал Әшғари мәзһабында Алла тағаланың ісіне қатысты бұл сипаттар ғылым, хаят 
сияқты зәти қадим сипатына жатпайды» деп, екі мәзһаб арасындағы айырмашылық 
бір мәзһабтың «тәкуин» сипатын Алланың әзәли сипатына жатқызса, екінші мәзһаб- 
тың Алланың зәти қадим сипатына жатпайды деумен ерекшеленетінін сөз етеді 
(С.Оқанұлы, http://mazhab.kz).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет