153
кен сөзі» деп анықтама береді. Енді осы анықтаманы талдасақ. 1) Аллаһ таға-
ланың сөзі. Яғни Құран кәрім періштелердің, жындардың,
адамдардың, тіпті
Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) да сөзі емес. Ол – тек Аллаһтың сөзі. 2) Мұхаммед
пайғамбарға (с.ғ.с.) түсірген. Аллаһ тағала Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с.) дейін
өмір сүрген Дәуіт пайғамбарға Забурды, Мұса пайғамбарға Тауратты, Иса пайғам-
барға Інжілді және басқа да пайғамбарларға кітаптар түсірген және олар да Аллаһ-
тың сөзі болып табылады. Ал Құран – Аллаһ тағаланың Мұхаммед пайғамбарға
(с.ғ.с.) түсірген кітабы. Сондықтан Аллаһ тағаланың басқа пайғамбарларына түсір-
ген кітаптарын «Құран» деп атауға болмайды. 3) Оқылуымен құлшылық етілетін.
Біз намазда және басқа да құлшылық барысында Құран аяттарын құлшылық мақ-
сатында оқимыз. Себебі Құранның сөздері мен олардың мағыналары тек Аллаһтікі
болып табылады. Сондықтан Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) хадистерін намазда
Құранның орнына оқи алмаймыз. 4) Муғжиза. Аллаһ тағала адам баласына жіберген
әрбір пайғамбарға адамдар алдында өзінің пайғамбар екендігін дәлелдейтін, басқа
адамдардың қолынан келмейтін және адамдардың
санасында табиғат заңдарына
бағынбайтын бір керемет істерді береді. Осы керемет істер «муғжиза» деп аталады.
Мысалы, Аллаһ тағала Сүлеймен пайғамбарға барша жаратылыстың тілін түсіну,
жел мен жындарды басқару муғжизасын берген. Мұса пайғамбарға асатаяғын жы-
ланға айналдыру, қолын қойнына салғанда аппақ болып кететін керемет муғжиза
берсе, Иса пайғамбарға адамдарды кез келген аурудан емдей алатын емшілік қа-
сиет пен адамдарды қайта тірілту муғжизасын берген. Ал Мұхаммед пайғамбарға
(с.ғ.с.) айды екіге бөлу, саусақтарының арасынан судың шығуы,
жеген тағамы-
на берекенің даруы секілді көптеген муғжизалар берген. Бірақ Аллаһ тағаланың
Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с.) берген ең үлкен муғжизасы – Құран кәрім кітабы.
Аллаһ тағала Құран кәрім кітабының тілін керемет етіп, арабтар ғана емес, өзге
тілді халықтардың да жүректерін жаулап алатын қасиет берген және бұл кітапқа
ақырет күніне дейін басқа кітаптар секілді өзгертулер кіргізуді мүмкін емес еткен.
5) Бізге мутауатир жолмен жеткен. Мутауатир – жүздеген әділ әрі өтірік айтпай-
тын сенімді адамдардың бір хабарды бірдей етіп өзгертпестен басқаларға жеткізуі.
Мұндай жолмен жеткен хабардың өтірік болуы мүмкін емес. Құран кәрім кітабын
Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) Жәбірейіл періштеден алғаннан кейін өзінің мыңдаған
сахабаларына жеткізген, ал сахабалары болса өздерінен сан есе көп шәкірттеріне
үйреткен. Міне, Құран кәрім кітабы жазылуымен қатар ауызша, жатқа ұрпақтан-ұр-
паққа, ғасырдан-ғасырға мыңдаған қарилардың жүректерінде жаттаулы күйінде,
ешбір әрпі өзгерместен бізге жетті және осылайша бізден кейінгі ұрпаққа да жете
бермек.
«Арам
болса қашады су кісіден,
Естімеген сөз шығар сұм кісіден,
Кітап –
Құран айтқаны рас болса,
Ұжмақ көрер бір жан жоқ бұл кісіден» (Шал ақын, Өлеңдері).
«Шырағым адастырмас жолымдағы,
Құраным оқи берер қолымдағы.
Абайым дүниеге
аты жеткен,
154
Болдың сен менің бағым, оның бағы» (Т.Молдағалиев, Шақырады көктем).
Достарыңызбен бөлісу: