Мухитдинов на печать indd


Кеуделеріне [көкірегіне] Құран ұрды [қойды]



Pdf көрінісі
бет115/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Кеуделеріне [көкірегіне] Құран ұрды [қойды]. Ақтық сөзін айтып, ант 
берді, ант ішті.
«Меңсіз қара қойдың қанына қолдарын батырып, кеуделеріне құран ұрып пә-
туаласқанды» (3.Жәкенов, Таңдамалы.). 
«Сөздің шыны керек, көкірегімізге құран қойып та ант бергенбіз»
(Ш.Байбатшаев, Бел-белес).
Қатым Құран шығарды. Құран кәрімді толығымен оқып шықты.
«Жаны ардақты жақсының 
Күнде бірі өлсін» дер; 
«Жаназасын оқы, деп 
Шақыртушы келсін» дер; 
«Қатым құран шығарып, 
Мал мен мүлкін бөлсін», дер; 
«Сол бөлінген олжадан
Өзгелерден көбірек, 
Сыбағама берсін» дер 
– Бұл молдалар тілегі, 
Сондай тілек бола ма 
Жақсылардың тілегі» (Базар жырау).
Құдай бір, пайғамбар хақ, Құраны шын. Мұсылман адамның иманын
ақидасын құрайтын Алла тағалаЖалғыз, барлық адамзатқа ортақ, пайғамбар оның 
ақиқи елшісі, ал оған түскен Құран – Алланың адамға жолдаған рассөзі дегенді біл-
діретін Ислам дінінің негізгі ұстанымдары.. .
«Боламын мен, мұсылмаған ауған елден, 
Құдай бір, пайғамбар хақ, Құраны шын. 
Сұлуды жұлдызайдай алмақ үшін 
Бәйгеге ат қосуға келіп жүрмін» (Көрұғлы).
Құран аударту. Қайтыс болған адамға сауабы тисін деген ниетпен Құранды 
толық оқу.
«Жүз тайлақ болыстың өлген жеріне бата оқи кетті, өзі осы арадан жақын 
екен ғой! Сол жерде Құранаудартып, хатым қылдырмақ»
(М.Әуезов, Шығармалары).
Құран аяты. Құран сүрелерінің белгілі бір шумағы. Қара: аят. 
«Әлбетте, өзі де түсініктер беріп, басты шығармасын Құран аяттарымен
ақындардың жырларымен өрнектеп отырады» («Егемен Қазастан»). 
«Ғашық адамға құран аяты қасиетті емес, жарының сөзі қасиетті, жарынан 
басқа адамның сөзін не қылсын Шолпан!» (М.Жұмабаев, Шығармалары).
Құран бағыштау. Қайтыс болған адамның артынан Құран оқып, дұға жасау. 


155
«Ғұсылды, Құран бағыштауды да, жаназа шығаруды да «тәямімді» қалай 
соғуды да үйретеді» (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Құран сөзі. Қасиетті Құран кәрім аяттары мен сүрелері.
«Ес білгелі қадір тұтып иманды
Бір Алладан әулиелік сыйды алды. 
Құс жолындай ашаң жүзі жұқарып, 
Көкірегіне Құран сөзі жиналды» (К.Салықов, Жезкиік). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет