Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет134/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Муләмәсә саудасы ةسملام عيب – бір адамның киімін аударып, зер салып қара-
май, қолымен ұстап қана сатып алу. Шариғатта сауданың мұндай түріне тыйым са-
лынған. Қара: лимәс.
Мунасаха ةخسانم – жою, кетіру, орын ауыстыру. Мирас ілімінде қайтыс болған 
адамның дүние-мүлкін бөліске салғанға дейін мұрагерлердің бірінің қайтыс болу 
себебінен оның дүние-мүлкінің өзінің мұрагерлерінің арасында үлеске түсуі «му-
насаха» деп аталады.
Мунаууар. Нұрланған. Бұл сөз діни мәтіндерде Мәдина қаласының сипаты 
ретінде қолданылады. 
«Қажылар, барған жерің Маккаи мукаррама, 
Екінші Мәдинаи мунаууара. 
Ішінде бұл жиһанның абзал орын, 
Жаратқан абзал қылып хақ тағала» (Ақан Сері Қорамсаұлы). 
Мунәбәзә саудасы ةذبانملا عيب – екі адамның бір-біріне тауарларын тастау 
арқылы бір-бірінің тауарларын сатып алулары. Ислам діні келгенге дейін арабтарда 
мунәбәзә, муләмәсә және илқа әл-хажар (тас тастау, лақтыру) сияқты сауда түрлері 
болған. Бұл сауда түрлерінде сатылатын тауардың көлемі мен салмағы белгілі бол-
мағандықтан, Ислам шариғатында оларға тыйым салынған. Қара: нибәз.
Мункәр ركنم – шариғат пен ақыл-парасат теріске шығарған нәрселердің бәрі. 
Қара: мағруф.


178
Мункәр мен Нәкир ريكنو ركنم – қабірде қайтыс болған адамнан Құдайы, діні, 
пайғамбары туралы жауап алатын екі періште. 
Мурсәл (мурсал) لسرم – сәнадта сахабаның аты аталмаған хадис. «Мурсәл» 
сөзі араб тілінде «жіберілген» деген мағына береді. Хадис ілімінде егер тәбиғин 
хадисті риуаят еткенде хадисті жеткізген сахабаны айтпай бірден Пайғамбар айт-
ты деп, хадисті Пайғамбарға телсе, ондай хадис «мурсәл» деп аталады. Себебі 
тәбиғин хадисті қай сахабадан алғандығын айтпай кеткен. Сол үшін мурсәл ха-
дис дағиф (әлсіз) хадистер тобына жатады. Тек бірнеше жағдайларда ғана мур-
сәл хадиспен амал жасалады: 1) Мурсәл хадис екінші бір сәнадта муттасил болса. 
2) Мурсәл хадисті екінші бір тәбиғин риуаят етсе. 3) Сахабаның сөзіне сай келсе.
4) Ғалымдардың көпшілігі сол мурсәл хадиспен амал жасау қажеттігін айтса. 
Мурсәл хафи (мурсал хафи) يفخلا لسرملا – жасырын мурсәл. Егер рауи өзімен 
замандас біреуден хадис риуаят етсе, бірақ екеуінің кездескендігі немесе кездеспен-
дігі белгісіз болса және рауидің одан хадистерін риуаят етуге рұқсаты болмаса әрі 
риуаят еткенде өзінің анық сол рауиден хадис алғандығын анықтайтын сөзді пай-
даланбаса, ол хадисті «мурсәл хафи» деп атайды. Мудәлләс пен мурсәлдің айыр-
машылығы: мәдәлләста екі рауидің кездескендігі белгілі болады. Ал мурсәл хафиде 
екі рауидің кездескендігі белгісіз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет