Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет80/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Жаратушы يرابلا ،قلاخلا – бүкіл әлемді жаратқан және оның иесі, Аллаһ.
«Он сегіз мың ғаламды Жаратушы ие... оны біз Алла тағала деп атаймыз» 
(О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас). 
Жария. Садақа жария. Жария садақа. Қияметке дейін сауабы үзілмей жетіп 
тұратын садақаның түрі. Оған қоғамға пайдасы бар мешіт-медресе, көпір, аурухана 
секілді салдырған адам дүниеден өтіп кеткеннен кейін де басқалар оның жасап кет-
кен сауапты ісінің пайдасын көретін жақсылықтары жатады.
«Мұхаммед пайғамбар: «Адам баласы дүниеден өткен соң оның амалы тоқтай-
ды. Тек мына үш амалдың сауабы иесіне үздіксіз жетіп тұрады. Олар: садақа жария, 
пайдалы ілім, артынан дұға қылатын салихалы ұрпақ», – деген» (Сахих Муслим).
Қазақта жария садақа деген ұғым бар. Мұны біреулер теріс түсініп, ауру сә-
биге ота жасатуға бөлген қаржысы көлемін, чегін әлеуметтік желілерде жариялап, 
ауыз толтырып айтып жүруі мүмкін. Жария садақаға барлық адамға көмегі тиетін іс 
жатады. Мысалы, сіз салғызған мектеп не аурухананы барша халық қолданып, ра-
хатын көреді. Міне, осыны жария садақа деп айтуға болады. Өз-өзіңізді мақтаудан 
аулақ болыңыз (Ihsan.kz). 
Жарх. Хадис ілімінде қолданылатын термин. Жарх حرج – сәнадта келген 
рауилердің сипаттарын зерттеп, олардың кемшіліктерін анықтап, хадистерін жа-
рамсыз ету.
Осы тұста хадис жеткізушілердің сенімділік дәрежесін анықтайтын, яғни 


112
рауидің сенімді яки сенімсіз екендігін анықтайтын жаңа бір негіз, хадис ілімінің 
бір саласы жарық көрді. Ол Жарх және тағдил ілімі деп аталды. Яғни аса мұқият 
зерттеу нәтижесінде сенімділік сипаттарға ие хадис жеткізушінің тағдил (сенімді) 
ету, жалғаншы, есте сақтау қабілеті төмен, пасық секілді сипаттары бар хадис жет-
кізушіні жахр (сенімсіз) қылу орын алды (Қ.Құрманбаев, Хадис ілімі).
Жасаған. Құдай, Аллаһ. Ислам дінінде бүкіл жаратылысты жасаған бір ғана 
Құдай бар. Араб тілінде Аллаһ тағаланың осы жаратушы сипаты «Халиқ» деп ата-
лады. Қазақ әдеби шығармаларында, жыр-дастандарында және жалпы қолданысты 
«Жасаған Ие» тіркесі жиі қолданылады. «Жасаған Ием», «Я, Жасаған!» сияқты тір-
кестер дұға, тілек кезінде жиі қолданылады. «Жасаған бере салған» тіркесі бас ба-
ланы еркелеткенде сондай баланы берген Құдайға шүкіршілік етіп айтылатын дұға.
«- Я, Құдая, зар тілегім болсын. Осы қарашығыма, әкесінің ит мінезін бере 
көрме! Тасбауырлығын бере көрме! Я, Жасаған! – деп бата берді» (М.Әуезов, Абай).
«Ахирет жолын білсін деп, 
Беріп едім молдаға. 
Ат қызығын көрсін деп, 
Мінгізіп едім жорғаға. 
Артында қолған сол залым 
Қылмады дұға молама. 
Не жазығым бар еді, 
Жасаған Жаббар құдаға!» (Кердері Әбубәкір, Қазағым).
Жасиғ. Жасиық. Жасих. Құптан. Қазақ әдеби тілінің он бес томдық сөзді-
гінде бұл сөзді араб тілінен кірген деп көрсетілген. Алайда араб тілінде «құптан» 
намазына «жасиық» сөзі қолданылмайды.
«Бақтыбай киіз үйдің төріне тағы ұзақ отырып, жасиғы оқыды» (С.Жүнісов, 
Ақан Сері).
«Тұздыекең әйелі мен баласының бұл сөзіне жасиқ намазында тұрып құлақ 
қойды» (І.Жансүгіров, Шығ.).
«Жасих намазын оқып отырып, сәждеге басын қойған күйі жүріп кетіпті» 
(Қ.Жұмаділов, Тағдыр).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет