Жамағат ةعامجلا – көпшілік, бір топ адам. «Жамағат» сөзі діни мәтіндерде бір
топ мұсылман тобына, бір ғалымның пікірін ұстанушы шәкірттеріне жиі қолданы-
лады.
«Молда, қайда оқыдың, дәрісің не, қай қаланікісің, затыңыз ноғай ма, башқұрт
па, неше жасқа келдің, атың бар ма, бұрын қазақ ішіне шығып па едіңіз, жамаға бар
ма?» – деп үсті-үстіне керекті-керексіз сөздерді сұрап, мұғалімнің басын қатыра
бастады» (М.Дулатов, Шығ.),
Сонымен қатар «жамағат» сөзі «әхлу сунна уа әл-жамағат» терминінің құра-
мында да келеді. «Жамағат» (ةعامج – көпшілік) деп адамзат ардақтысының (оған
Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жолын ұстанушы сахабалар, тәбиғиндер, та-
ба-табиғиндер және олардың ізін басқан момын-мұсылмандарды айтады. Сонымен
бірге даңқты екі имам Әбу әл-Хасан әл-Ашғари мен Әбу Мансур әл-Матуридидің
ілімін басшылыққа алушы, бүгінгі күні мұсылмандардың тоқсан пайызға жақыны
ұстанатын Ашғари мен Матуриди ақида мектептері кіреді. Әһлү-сүннет уәл жа-
мағат турасында Хақ Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Менің
сүннетімді және менен кейінгі әділетті халифалардың сүннетін ұстаныңдар», – деп
ескерткен (Р.Батталұлы, Құран эгзегетикасы).
Жамағат намазы ةعامجلا ةلاص – мешітте не т.б. орындарда көпшілікпен бірге
оқылатын намаз. Мысалы, күнделікті бес уақыт парыз, жұма, айт, тарауих, истисқа
намаздары жамағатпен оқылады. Жамағат намазының абзалдғына хадис қосу
Жамарат تارمجلا – қажылар құрбандық шалу күні және одан кейінгі үш күн-
де Мина үстіртіндегі тас ататын бағаналар. Бұлар үш бағанадан тұрады: жамра-
тус-суғра ىرغصلا ةرمج немесе жамратуд-дуния (кіші бағана) ىيندلا ةرمج, жамратул-ус-
та (орта бағана) ىطسولا ةرمج және жамратул-ақаба (үлкен бағана) ةبقعلا ةرمج.
Жамғ عمجلا – Қажылық тарауында кездесетін сөз. Ол – Муздалифаның екін-
ші атауы. «Жамғ» араб тілінде жинау деген мағына береді. Өйткені қажылар
Муздалифада шам мен құптан намаздарын қосып оқиды. Сондықтан бұл жер
«жамғ» деп аталып кеткен.