Мухитдинов на печать indd


Жаназа намазының оқылу реті



Pdf көрінісі
бет77/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Жаназа намазының оқылу реті: Имам Әбу Ханифа мазһабында кең тараға-
ны – имам ер мен әйел мәйіттің көкірек тұсында тұруы. Әбу Юсуфтың пікірінше, 
имам әйел адамның орта тұсында тұрады.Сүннет бойынша имам саптың алдында 
тұрады. Бірақ кімде-кім саптан орын таппаса, имамның оң жағы мен сол жағына қа-
тарласып тұруларына болады. Жаназаға жиналған адамдар үш қатар болып сап тү-
зегені абзал.Жаназа намазы төрт тәкбiрден тұрады, оның әрқайсысы бір ракағатқа 
тең, яғни «Аллаһу әкбарды» төрт рет қайталайды. Алғашқы тәкбiрді айтқанда қол-
дарын көтеріп, құлақтарын қағады. Қалған тәкбірлерде қолды қайта көтермейді. 
Әбу Ханифадан жеткен бір риуаятта және қалған үш мазһабта әрбір тәкбір сайын 
қолдарын көтереді. Егер имам әр тәкбір сайын қолдарын көтерсе, имамға ілесіп, қол 
көтерген жақсы.Бірінші тәкбірден кейін: Әғузу, бисмилләһ және сәнә дұғасы оқы-
лады. Сәнә дұғасының орнына «Фатиха» сүресін дұға ниетімен оқуға болады. Екін-
ші тәкбірден кейін: Пайғамбарымызға (с.а.с.) салауат оқылады, яғни «Аллаһуммә 
салли» және «бәрик» дұғалары оқылады.Үшінші тәкбірден кейін: мәйітке арналып 
жаназа дұғасы оқылады. Төртiншi тәкбiрден кейiн сәлем берiледi. Жаназада салауат 
оқылмаса, намаз бұзылмайды, өйткенi салауат жаназаның парызы емес, сүннеті-
не жатады. Ал ниет Әбу Ханифа мазһабында рүкiн емес, яғни ішкі парыздарына 
жатпайды, ол намаздың шарты, яғни сыртқы парызы болып саналады. Төртінші 
тәкбірден кейін: аздаған уақыт үнсіз тұрып, әуелі оң жаққа, содан кейін сол жаққа 
басын бұрып, «әс-сәләму аләйкум уә рахмәтуллаһ» деп сәлем береді. Сондай-ақ оң 
жағына ғана сәлем берумен шектелсе де болады. Оң жаққа дауыстап, ал сол жаққа 
іштей сәлем беріледі (Р.С. Мухитдинов, Фиқһ әл-ғибадат).
Жаназа дұғасы. Жаназа намазында үшінші тәкбірден кейін оқылатын дұға. 
Хадистерде жаназаның екі түрлі дұғасы бар. Бірінші дұға:«Аллаһуммәғ-фир лихай-
ина уа мәйитина уа шәһидина уа ғайибина уа сағирина уа кәбирина уа зәкәрина уа 
унсәна. Аллаһуммә мән ахйяйтаһу миннә фа-ахийһи ъаләл-ислами уа мән тауаф-
фәйтаһу миннә фатауаффаһу ъаләл-иман. Аллаһуммә ин кәнә һәзал-мәйиту мухси-
нан фәзидһу фи ихсаниһи уа ин кәнә мусиан фатажауаз ъанһ(у)» (Сунан Әбу Дауд, 


109
Сунан әт-Тирмизи). Мағынасы: «Уа, Аллаһ! Біздің тірілерімізді және өлілерімізді, 
барларымызды және жоқтарымызды, еркектерімізді және әйелдерімізді, 
кішілерімізді және үлкендерімізді жарылқай гөр! Аллаһым! Бізден кейін дүние-
ге келетін жаңа ұрпақтарға Ислам дінінде өмір сүруді және біздің арамыздан дү-
ниеден озатындарға иманмен қайтуды нәсіп ет! Уа Аллаһ! Егер бұл мәйіт жақсы 
адам болса, оның жақсылығын арттыр, ал егер жаман адам болса, оған кешірім ет!» 
Екінші дұға:Ауф ибн Мәлик Пайғамбарымыздан (с.а.с.) риуаят еткен хадисте мына 
дұғаны оқуды өсиет еткенi айтылады:«Аллаһуммәғ-фир ләһу уәр-хамһу уә ъафиһи 
уәъфу ъанһу уа әкрим нузуләһу уа уәссиғ мудхалаһу уа ғассилһу билмә-и уәс-сәлжи 
уәл-бәради уа наққиһи минәл-хатая кәмә юнаққас-сәубул-әбяду минәд-дәнәси уа 
әбдилһу дәран хайран мин дәриһи уа әһлән хайран мин әһлиһи уа зәужан хайран 
мин зәужиһи уа адхилһул-жәннәтә уә аъизһу мин ъазабиль-қабри уа ъазабин-нар!» 
(Сахих Муслим). Мағынасы: «Уа, Аллаһ! Оны кешіріп, рақым ете гөр. Оның күнәла-
рын кешіріп, жарылқай гөр! Ақ көйлекті кірден тазартқандай, оны да күнәларынан 
тазарта гөр және оған өз мекенінен де қайырлы мекен, туған-туыстарынан да қай-
ырлы туыстар, отбасынан да қайырлы отбасын, әйелінен жақсы әйел нәсіп ете гөр! 
Оны тозақ отынан және қабір азабынан сақтап, жаннатқа кіргізе гөр!»Егер мәйiт ер 
кiсi болса, осы дұға оқылады, ал әйел болса, «Аллаһуммәғ-фир ләһу» деудiң орны-
на «Аллаһуммәғ-фир ләһә» деп айту керек және әйел адамға «зәужан хайран мин 
зәужиһи» деп айтпайды.
«Жиылған жаназаға қанша жанды 
Бәрін де сый-сипатпен жөнелтті енді» (Батырлар жыры).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет