111
нышпен жеткізетін өлең жолдары. Жарамазан айтып келгендерге үй иесі ауыз аша-
тын тәттілер немесе ақшалай сыйлықтар беретін болған.
«Судыр Ахмет сыртта, отынның тасасына тығылып қалды да, бал ауыз ашып
жатқан кісілердің үстіне кіріп, жарамазан айтады» (Ә.Нүрпейісов, Сергелдең).
Жарамазанды ел кезіп жүрген адамдар, әдетте ораза кезінде айтады
(Х.
Досмұхамедұлы, Шығ.).
«Қазақтың өткен кезде дін салтына байланысты туған шығармалары-
ның бірі – жарапаздан өлеңдері деп аталады» (М.Ғабдуллин, Қаз. ауыз. әдеб.).
Жарамазаншы. Жарамазан айтатын адам. «ел-жұртқа жар салып харар жет-
кізуші» деген ауыспалы мағынада да қолданылады.
Жаратқан. Жаратушы, Аллаһ. Ислам дінінде бұ дүниедегі барлық нәрсені
бір ғана Құдай жаратқан.
«Жат жақты Жаратқанға күзеттіріп,
Жақынмен ырылдастық иттей үрдік» (А.Байтұрсынов, Шығ.).
«Көкірегімді
шабыт қысқан кезде мен,
Жаратқанның айтқанына тез көнем.
Сапар бірден жолға әкеліп салады,
Қатар жүрген айырмам сол өзгеден» (Т.
Молдағалиев, Шақырады.).
Достарыңызбен бөлісу: