Ішкі сөлініс бездердің өзіндік реттелуінің көбінесе ішкі ортаның - гомеостаздың - тұрақтылығын
сақтауында маңызы зор. Қандай да болмасын организмдегі өзіндік реттелу жүйке жүйесінің қатысуымен
жүреді. Ол өзін-өзі реттеуші жүйелердің қызметін сыртқы ортаның жағдайларына бейімдейді.
Организмнің бейімделу әсерленістерінда жағымсыз жағдайларға, зиянды экстремалді әсерлерге қарсы
тұру әсерленістерінда гипофизадренал жүйесінің маңызы зор.
Организмнің бейімділігі мен ішкі сөлініс бездерінің қарым-қатынасы канадалық ірі физиолог дәрігер,
эндокринолог Ганс Сельенің лабораториясында көп зерттелді. Барлық зиянды, қалыптан тыс төтенше
әсерлерді Г.Селье стрессор деп атаған (ағыл, зітезз - зорлану деген мағынада).
Стрессорларға органнзмнің зорлануын, яғни стресті тудыратын көптеген агенттер жатады.
Химиялық немесе бактериялық интоксикация, шектен тыс тоңу, қызу, аштық, өте ауыр дене еңбегі,
психикалық әсерлер гипоксия, организмнің ішкі жүйелер қызметтерінің бұзылуы т.б. стрессор болуы
мүмкін. Тіпті орта шамадағы ауру, күшті эмоциялық қозу (жағымды, жағымсыз болсын) да стресс тудыруы
мүмкін. Жағымды стресстер эвстресс, жағымсыздары дистресс деп аталады. Стресс тетіктеріне қамшымен
қатты ұру және құшырланып сүю де есептеледі.
Г.Селье мен оның шәкірттерінің зерттеулері бойынша, барлық стрессорлар алғашқы кезде біркелкі
жалпы әсерленіс тудырады: ең алдымен адренокортикоидтардың гиперсекрециясы (әсіресе
глюкокортикоидтардың) пайда болады. Себебі гипофизде АКТГ көп өндіріледі. Оған қоса айырша бездің
гиперқызметсы байқалады. Лимфа түйіндері мен көкбауырдың салмағы мен көлемі азаяды, қанда
лимфоциттер мен эозинофилдер азаяды (эозинопения). Соңғы екі өзгеріс Торн зерттеуі арқылы оңай
анықталады. Мұндай организмнің арнайы емес әсерленісін жалпы адаптациялық синдром деп атанды. Бұл
зиянкес әсерлерге организмнің қарсы тұру қабілетін күшейтеді.
Бүйрекүсті бездерінің қандай да болмасын әсерге гиперсекреция- сымен жауап беруін Г. Селье алғашқы
стресс әсерленісі яғни “қобалжу әсерленісі” деп атаған. Бұл әсерленістен кейін стрестің келесі кезеңі
резистенттігі (төзімділігі) яғни бейімделуі басталады да бүйрекүсті бездері гормондарының сөлінісі қалпына
келеді.
Сонымен бүйрекүсті безінің мұндан әсерленісі арқылы организмнің компенсация (өтеміс) тетіктері іске
қосылады да, ол өзгерген жағдайға бейімделеді. Глюкокортикоидтар мен адреналиннің физиологиялық мол
әсері бейімдеу үрдістерін қалыптастырады.
Адаптациялық синдромның негізі - бүйрекүсті бездерінің бел- сенділігінің іске қосылуы жүйкелік
механизмнен гөрі гипофиздің АКТГ-ның қанға шығатын мөлшеріне байланысты.
Гипофизэктомиядан (гипофизді алып тастағаннан) кейін жануар- ларда адаптациялық синдром
дамымайды. Ал гипофизі сақталған, бірақ бүйрекүсті безінің жүйкелері кесілген, яғни оны кесіп алып миға
қондырған жануарларда “қобалжу әсерленісі” байқалады.
Бүйрекүсті бездерінің кортикоидты гормондары организмнің төзімділігін қалай күшейтетіні әлі де
белгісіз. Мүмкін бүйрекусті безінің адренокортикоидты гормоны жасушада энергияның жиналуы мен
босауына әсер етіп, жасушалар мен адзалардың жұмыс қабілетін және энергия тепе-тендігіне ықпалын
тигізетін шығар.
Егер зиянкес жағдай әсерін жалғастыра берсе және оның күші үдесе, стрестің 3-і кезеңі “әлсіреу кезеңі”
басталады да, бүйрекүсті бездері қажетті мөлшерде глюкокортикоидтарды (кейде бұларды бейімдеуші
гормон дейді) өндіруді тоқтатады. Мұндайда организмнің жағдайы мүлде нашарлап кетеді.
Организмнің бейімделу әсерленістерін белсендіруге басқа да ішкі сөлініс бездері қатысады. Бұл
бездердің қызметінде өзара байланыс айтарлықтай орын алады. Жалпы алғанда ағзаға, оның қайдай да
болмасын қызметіне тек қана бір без әсер етіп қоймайды. Қалыпты жағдайда бұл бездердің қызметіндегі
өзара байланысына қарай бірнеше без қатысады. Кейбір бездер бір-бірімен антогонистік байланыста болады
(мысалы, көмірсуларға адреналин мен инсулиннің әсері немесе паратгормон мен тирокальцитониннің Са++-
ға әсері т. б.).
Синергист бездер де бар. Олардың гормондары бір бағытта әсер етеді. Мысалы, көмірсу алмасуына
адреналин мен глюкогон, глюкокортикоидтар тады басқа гормондар әсері бір бағытта жүреді де қандағы
қантты көбейтіп гипергликемия тудырады.
Гипоталамус-гипофиз жүйесінде соңғы жылдары нейрондарды рет- тейтін пептидтер тобы ашылды.
Олар эндорфин, энкефалин, нейротеизин, Р заты және басқа қосымша гормондық жүйелер.
Қазіргі кезде гастро-интестиналды гормондар (ГИГ) - асқорыту жолының көп гормондар тобы зерттеліп
жатыр.
Дегенмен, олардың маңызы, химиялық табиғаты әлі толық анықталмаған.
Ішкі сөлініс бездері арасында гипофиз ерекше орын алады. Гормон шығару қызметі гипоталамуспен
тығыз байланысты. Гипофизден көптеген шеткі бездердің қызметін өзгертетін бағыттаушы гормондар
бөлініп шығады. Гипоталамус жүйке жүйесінің әсерін басқа бездерге гипофиз арқылы таратады.
Достарыңызбен бөлісу: