Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары


Ми қыртысындағы электрлік құбылыстар



Pdf көрінісі
бет23/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   77
Байланысты:
Лекция Такырыбы П нге кіріспе Жоспары Физиология п ні, бас а с

Ми қыртысындағы электрлік құбылыстар 
Ми қыртысындағы электрлік құбылыстар ойдағы нейрондарда туатын токтар мен түйіспелік 
потенциалдар жиынтығы. Бұл құбылыстарды адамның бас терісінен жазып алуға болады 
(электроэнцефалография). Ми қыртысындағы электрлік потенциалдар электрлік тербетіліс ретінде 
тыныштық жағдайда, яғни сырттан ешбір әсерсіз де тіркеледі. Бұлардың жиілігі мен амплитудасы әртүрлі. 
Қазіргі кезде электроэнцефалограммадағы электрлік тербелістер жиілігі мен амплитудасына 
(шайқалымы) және әрекеттік маңызына байланысты 4 типке бөлінеді. 
1. Альфа - ырғақ - синусоид тәрізді ырғақты тербетіліс, жиілігі секундіне 8-13 рет, амплитудасы 50 мкв. 
Бұл ырғақ көзін жұмып қимылсыз психикалық тыныштық жағдайда отырған адамда, әсіресе мидың шүйде 
немесе төбе бөлімінде тіркеледі. 
2. Бета - ырғақтың жиілігі секундіне 13 реттен асады, амплитудасы 20-25 мкв, сәуле әсер еткенде мидың 
шүйде бөлімінде альфа - ырғақты алмастырады және ой жұмысында, эмоция кезінде, тітіркендіруді 
бергенде пайда болады. 
3. Тета - ырғақтың жиілігі секундіне 4-8 рет, амплитудасы 100-150 мкв, көбінесе ұйықтағанда, гипоксия 
немесе жеңіл наркоз кезінде кездеседі. 
4. Дельта - ырғақ - ең сирек, секундіне жиілігі 0,5-3,5 рет, амп- литудасы жоғары 200-300 мкв. Терең 
ұйқыда, наркозда, гипоксия және мидың патологиясы кезінде тіркеледі. 
Көптеген зерттеушілердің ойынша ЭЭГ - мидағы ырғақты қоздыратын не тежейтін постсинапстық 
потенциалдардың алгебралық жиынтығы. Электроэнцефалографияның ми қыртысының әр бөлімдерінің 
әрекеттік жағдайын, ми патологиясының орнын анықтауда маңызы зор. Соңғы кезде жануарлардың ми 
қыртысы құрылымдарының қызметін анықтауда жеке нейрондардың потенциалдарын тіркеу әдісі 
қолданылады. 
лекция 5 
Такырыбы: Ішкі сөлініс бездер физиологиясы
Жоспары: 
 
1. Ішкі сөлініс бездері. Гормондар, әрекет ету түрлері, классификациясы. 
2.Гипофиз, қалқанша без, қалқансерік бездері,айырша без.
3.Қарынасты безі, гормондары. 
4.Бұйрекүсті бездері. 
5.Эпифиз. 
6.Жыныс бездері. 
Адам денесіндегі көптеген жасушалар (жалпы саны 100 триллионнан астам) арнаулы тіндер, 
мүшелер және жүйелердің дағдылы қызметі, олардың өзара және сыртқы ортамен өте күрделі қарым-
қатынасы жүйке және гуморальды жолмен реттелуі арқылы іске асады. 
Денедегі барлық құрылымдар арасында үздіксіз, уақыт және кеңістік тәртібімен түрлі жолдар мен 
тетіктер арқылы үнемі кең көлемде мәлімет алмасу жүріп отырады. Бұл мәліметтер гуморалдық жолмен 
(қан, лимфа, тінаралық сұйықтық) жүреді. Оларға кодталған электрлік жүйке серпіністері немесе қарапайым 
және күрделі химиялық заттар, көбінесе мәліметтік макромолекулалар арқылы келеді. 
Қызметтердің гуморалды реттелуінде маңызды рольді ішкі сөлініс бездері, яғни эндокриндік бездер 
атқарады. Олар организмнің ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі 
сөлініс бездері жасап шығарған заттар гормон деген атауға ие болды. 
Эндокриндік бездердің сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа капиллярларымен 
өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Экзокринді бездердің өзегі бар, әрі 
ол өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады. 


Ішкі сөлініс бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік без- дері, айырша без, бүйрекүсті, ұйқы 
және жыныс бездері жатады. Соңғы екеуі аралас сөлініс бездер. 
Ішкі сөлініс бездеріне плацентаны (бала жолдасы) да жатқызады. Екіқабат (жүкті) әйел организмінде 
бала жолдасы бірқатар гормондар бөліп шығарады - эстроген, прогестерон және гонадотропин. Ішкі сөлініс 
бездерімен гипоталамус құрылымымен және қызметімен тығыз байланыста болады. Оның ядроларының 
(кейбір жүйке жасушаларының) нейросөлініссы бар, яғни гипофиздің артқы бөлігіне түсетін немесе 
гипофиздің алдыңғы бөлігінің қан тамырларына тікелей келетін және аденогипофиздің жасушалар 
қызметіне әсер ететін биологиялық белсенді заттар бөліп шығаратыны анықталған. Бұлардан басқа ішкі 
сөлініс бездеріне бірқатар ағзалар жатады - бүйрек, ішек-қарынның кілегейлі қабығы (энтеринді жүйе), 
бауыр, себебі олар қанға организм мүшелерінің қызметіне ерекше әсері бар бірқатар заттар бөліп шығарады. 
Атап айтқанда, ренин, гастрин, секретин, панкреозимин, энтерогастрин, энтерогастрон, эрнтропоэтин т. б 
Гормон арқылы зат алмасу, өсу, даму үрдістері реттеледі. Гормон көбеюге де әсерін тигізеді. Гормон 
деген терминді (грекше “һоптюп”- қоздырамын, қозғалтамын) 1904 жылы Бейлисс пен Старлинг енгізген. 
Бұрын гормондар ағзалар қызметін күшейтеді деп қана есептелген. Бірақ кейінгі зерттеулерге қарағанда, 
олай болмай шықты. Ағзалар қызметін бәсеңдетіп, тежейтін де гормондар бар екені мәлім. Мысалы, 
адреналин асқорыту аппаратының секторлық қозғалыс қызметін тежеп бәсеңдетеді. Сөйтсе де “гормон” 
деген атау ішкі сөлініс бездерінің атауы болып қалды. 
Гормондар қан мен лимфа тамырларына еніп барлық тіндер мен ағзаларға және бүкіл денеге әсер ете 
алады: 
1) метаболизмдік - зат алмасу үрдістерінің әртүрлі жағдайларына, жиілігіне әсері; 
2) морфогенетикалық - конформациялық құрылымдық үрдістерде ажырату (диференциялық, тіндердің 
өсуіне, өзгеріске (метаморфозға) әсері; 
3) кинетикалық - қызмет орындаушы ағзалардың белсенділігіне және оларды қызметке қосуға немесе 
тежеуші факторларға әсері; 
4) түзетілуші (коррекциялық) - тіндер мен ағзалар қызметінің қарқынын өзгертуге әсері (жоғарылату, 
төмендету, жылдамдату, тездету, бәсеңдету қозғалыстары). 
Адам және жоғары сатыдағы жануарлардың гормондарын, химиялық құрылым ұқсастығын, физика-
химиялық, биологиялық қасиеттерінің ортақтығын негізге ала отырып, 3 класқа бөледі. 
1. Белоктық — пептидті қосылымдар (инсулин, глюкагон, сома- тотропин т. б,); 
2. Стероидтар (бүйрек-үсті безі қабығының және жыныс бездері гормондары); 
3. Амин қышқылының туындылары (тироксин, катехоламиндер - адреналин, норадреналин). 
Гормондардың биотүзілуі арнайы эндокриндік құрылымдардың генетикалық аппаратында жоспарланған, 
сондықтан ішкі сөлініс бездерінің әрқайсысы тек белгілі бір гормондарды жасап шығарады. Организм ішкі 
сұйықтық ортасына өткен гормондардың белгілі бір мөлшері бос қалпында, ал шамалысы қан плазмасы 
белоктарымен қосылған күйде болады. Мысалы, транскортизон, альбумин және а-глобулинмен бірігеді, 
бұдан белсенділігі төмен байланысқан гормон түрі пайда болады. 
Гормондардың құрылымы салыстырмалы күрделі келеді және жеке бөліктері әртүрлі қызмет атқарады. 
Актондар - гормонның жасушаға арнайы әсерін қамтамасыз ететін бөлігі; гаптомерлар - гормонның әсер ету 
жерін, нысана жасушаларын іздейтін бөлік. Гормон құрылымының үшінші бөлігі белсенділік дәрежесін 
және оның басқа қасиеттерін реттейді. Ағзалар мен тіндер, негізінен бауыр мен бүйрек жасушалары 
гормондарының сіңіру, күнзелту және шығару жылдамдығын реттейді. 
Гормондардың алмасу жылдамдығын олардың жартылай ыдырауына кететін уақытпен болжайды, яғни 
қанға енгізілген радиоактивті гормондар мөлшерінің екі есе азаятын уақыты. Дені сау адамда әртүрлі 
гормондардың жартылай ыдырау уақыты түрліше болады (катехоламиндер - 0,5-2,5 мин., инсулин - 8-12 
мин., альдостерондар - 30-50 мин., кортизондар - 70-90 мин., тироксин 4 тәулікте ыдырайды). 
Гормондар құрамы мен әсері жағынан бірдей емес, бірақ оларға ортақ бірқатар физиологиялық 
қасиеттері бар. 
1. Гормондар қашықтан (алыстан) әсер етеді, яғни олар өзінің жасалған жерінен қашық орналасқан 
ағзаларға әсер ете алады. Басқа биологиялық белсенді заттар (гистамин ацетилхолин т.б.) өзі жасалған 
жергілікті жерде ғана әсер етеді. 
2. Гормондар организм қызметін гуморалдық реттеуде аралық рөл атқарады. Бұл реттелуде басты 
бағыттаушы әсерді орталық жүйке жүйесі атқарады, ал ішкі сөлініс бездері көбінесе оның әсерін күшейте не 
әлсірете отырып, эфференттік (шеткі) вегетативті және денелік жүйкелермен қатар қызмет жасанды. 
3.Гормондардың арнайы әсері бар. Соған байланысты белгілі бір гормонның жетіспеушілігін, екінші 
гормонмен немесе басқа биологиялық белсенді затпен алмастыруға болмайды. Көптеген гормондар жоғары 
молекулалы қосылыстар, кейбіреулерінің табиғаты белоктық болып келеді, бірақ оған қарамастан олардың 
антигендік касиеті жоқ, яғни оларды парэитеральды енгізгенде арнайы антитәндер жасалмайды. Көбінесе 
қарсы гормондар табиғаты белок пептид гормондарынан жасалады. 
4. Барлық гормондардың биологиялық белсенділігі жоғары болады. Мысалы, тироксин 1:100 млн, 
адреналин 1:10 млн сұйытылғанда да әсер етеді, ал бір грамм инсулин 125000 қоянның қанындағы қант 
деңгейін төмен түсіре алады. Тирокальцитониннің 5 нанограмы қандағы Са деңгейін едәуір төмен түсіреді 
(1 нанограмм - 10-9 г жоғары). 
5. Гормондар өте тез, бірақ қысқа мерзімде әсер етеді. Олардың өте тез әсер етуі және мембрана 
арқылы өтуі олардың молекулалық салмағына байланысты. Ал әсердің қысқа мерзімді болуы олардың тіндік 


ферменттердің ықпалымен ыдырауына және денеден бүйрек арқылы жеңіл шығарылуына байланысты. 
Қанда гормондардың қажетті мөлшері сақталуы үшін, бездер оларды үнемі үздіксіз жасап шығарып тұруы 
керек. 
6. Барлық гормондар тек ағзалардың қызметтеріне ғана емес, олар- дың құрылымдарына да әсер етеді, 
яғни оларда құрылымдық өзгерістер туғызуы мүмкін, кейде ағзалар тінінің өсуін күшейтіп, кейде тежейді. 
Гормондар зат алмасу қарқынына әрі РНҚ және басқа нуклеин қышқылдарының жасалуына әсер етеді. 
Эндокринді бездердің патологиясы кезінде адамның бет әлпеті соншалық өзгеруі мүмкін, бұл өзгерістер 
негізінде тез диагноз қоюға болады - акромегалия, гигантизм т. б. 
7. Гормондар ферменттер қатарына жатпайды, яғни олар жасуша жоқ ортада жүретін химиялық 
үрдістерге арнайы әсер етпейді. Бірақ әртүрлі ферменттер арқылы химиялық әсерленістердің 
жылдамдығына әсер ете алады. 
Гормондардың әсері 
Гормондардың әсер ету тетіктері өте күрделі және биохимиялык тұрғыдан жан-жақты қарастырылған. 
Белгілі бір гормонның қажеттілігі артса, гормон - белок кешені ыдырап, гормонның бос түрі пайда болады. 
Байланысқан гормондар қор болып табылады, керек уақытта тез әрі жеңіл пандаланылады. Белок 
тасушымен байланысқан гормон ферменттердің әсерінен ыдырап, бүйрек арқылы несеппен шығарылмай 
денеде сақталады. 
Гормондар қан ағысына ілесіп барлық тіндер мен ағзаларға жетке- німен белгілі бір гормонды 
қабылдауға дағдыланған, әрі мембрана құрылымында орналасқан арнайы гормондар рецепторлары бар, олар 
тек белгілі бір тін мен ғана әсер етеді. Оларды нысана тіндер деп атайды. Жасушалық қабылдағыш арнайы 
белок болып келеді, оның молекуласының белгілі бір бөлігі гормонның арнайы фрагментіне сәйкес келеді. 
Бұл сигналды қабылдауды, яғни гормон мен жасушаның өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Егер 
берілген гормонды қабылдағыш болмаса, жасуша онымен қарым-қатынасқа түспейді, яғни оны танымайды. 
Белоктық және пептидті гормондардың қабылдағыштары жасуша- ның цитоплазмалық мембранасында 
орналасқан. Бұл топтады гормондар өз рецепторларымен қарым-қатынасқа түскенде аденилатциклаза 
ферментінің активтенуі жүреді. Оның әсерінен жасушада циклдік 31,51- аденозинмонофосфат (ЦАМФ) 
пайда болады. Ал олар протеинокиназаларды - белоктың синтезделуіне қажетті ферменттерді - 
белсендендіреді, бұл гормондардың кейбіреулері циклдік 31,51 - гуанозинмонофосфат (ЦГМФ) арқылы әсер 
етеді. 
Стероидті гормондардың қабылдағыштары жасуша іші құрылымына орналасқан және гормон-
қабылдағыш кешені генетикалық аппаратқа әсер етеді, заттардың жасалуына ықпалын тигізеді. Кейбір 
гормондардың әсер етуі мембрана өткізгіштігі өзгеруіне байланысты. Қазіргі кезде гормондардың әсер 
етуінің бірнеше жолдары белгілі. 
1.Гормондардың тіндер мен ағзаларға тікелей әсері болады. Мұндай әсердің себебі, гормондар 
мембрана арқылы жасушаға жеңіл өтеді, оған қоса мембраналарымен байланысқа түседі. Гормондардың 
тікелей әсерінің тетігі, жасушалық және субжасушалық деңгейлерде әлі толық зерттелмеген. Бар 
зерттеулерге қарағанда олардың түрлі әсер ету жолдары бар, олардың ішінде тікелей әсер ету тетіктерінің 
мынадай түрлері белгілі: а) Ферменттік жүйелерді, оның ішінде цитоплазма ферментін белсендендіру 
немесе бәсеңдету жолы. Бұл әсер жөнінде мәліметтер өте аз. Бұны адреналин мен гликогеннің 
фосфорилазды жүйеге аденозинмонофосфат арқылы циклды әсері дәлелдейді. б) Ядродағы генетикалық 
үрдістерді күшейту, мысалы, итбалықтың тез өзгерістеріне әсер ететін тироксин РНҚ алмасуын және 
арнайы белоктарды жасауды күшейтеді. 
2.Гормондар ағзалардың қызметіне тікелей ғана әсер етіп қоймай, олардың қан тамырлары мен 
тіндердің әртүрлі хеморецепторларын тітіркендіре отырып, рефлекстік жолмен де әсер етеді. Гуморалдық 
жағынан жекешеленген, бірақ денемен жүйке арқылы байланысқан, кез келген ағза тамыры арқылы 
адреналинді откізгенде әдетте қан қысымының, дем алудың, лимфа ағысының т. б. өзгерістері байқалады. 
3. Гормондардың әсер етуінің үшінші тетіктері - орталық жүйке жүйесі арқылы орындалуы. Гормондар 
бір жүйке орталығын құрайтын нейрондардың кернеуін жоғарылату ие төмендету арқылы олардың 
қозғыштығын өзгертеді. Гейманстың тәжірибелерінде иттің миын қоректендіретін қан тамырына тікелей 
адреналин енгізген, иттің басы денесімен тек қана кезеген жүйке арқылы байланысқан жағдайда адреналин 
кезеген жүйке орталығының тонусын жоғарылатып, жүрек қызметін бәсеңдетеді. Ал адреналин жүрекке 
тікелей әсер еткенде оның қызметін күшейтеді. 
Кейбір жағдайларда гормондардың, шартты рефлекстік әсерін байқауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет