тұтас кұшейтеді. Мұнымен қатар таламустың ми қыртысымен байланысы екі жақты. Ми қыртысы да
таламус қызметіне әсер етеді.
Қозғалтқыш ядроларға мишықтан және қыртысасты базальдық яд- ролардан серпіністер келіп түседі
және ми қыртысының қозғалтқыш зонасына проекциялық серпіністер жеткізеді.
Сондықтан бұл ядролар
қимылды реттейтін жүйе қатарына кіреді.
Ми қыртысы таламустың арнамалы және бейарнамалы ядролар қыз- метін тежеуші және жеңілдетуші
әсер ете алады. Мұндай екі жақты байланыстар ми қыртысының интегративтік қызметін іске асыруда және
физиологиялық әртүрлі жағайларды реттеуде маңызды орын алады.
Гипоталамус көру төмпешігі астында орналасқан көп ядролы (32 жұп) құрылым. Бұл ядролар жатқан
орнына қарай преоптикалық, алдыңғы, ортаңғы, бүйірдегі және артқы деп 5 топқа бөлінеді.
Гипоталамус ми сыңарлары қыртысы, лимбиялық жүйе, торлы құрылыммен, сопақша мидың
парасимпатикалық және симпатикалық ядроларымен, жұлынның бүйір ашасындағы вегетативтік
ядроларымен қатар таламус, гипофизбен эфференттік байланыста. Мұнымен бірге оған түпкі
ядролардан,
мишықтан афферентгік жүйкелер, ішкі ағзалардан кезеген жүйке арқылы хабарлар келіп тұрады.
Гипоталамусқа ішкі ортадан да көптеген ақпараттар келеді. Оның әрбір нейроны 2-3 капиллярмен түйіскен
(капиллярлар өте қалың). Капиллярлардың қабырғасы үлкен молекулалы заттарга өтімді, Сондықтан
гормондар мен басқа да химиялық белсенді заттар қаннан гипоталамусқа қарай өтіп, оған тікелей әсер етеді.
Гипоталамустың кейбір ядролары мидың үшінші қарыншасының қабырғасын құрады. Мұндағы
сұйықтықтан да заттар гипоталамусқа өте алады. Гипоталамус орталық жүйке жүйесінің құрылымдары мен
бірге шеттегі ағзалар, тіндермен екі жақты (афференттік және эфференттік) байланысының арқасында
организмнің көптеген әрекеттерін реттей алады.
Ішкі ағзалардың қызметіне гипоталамус вегетативтік жүйке жүйесі және эндокриндік бездер арқылы
әсер етеді. Ол жүрек-тамыр, ішкі сөлініс бездер, ас
қорыту, бүйректер қызметін, зат алмасуын, несепті
шығаруын реттейді. Мұнымен қатар ішкі орталық және дене қызу тұрақтылығын сақтайды. Гипоталамус
дене қимылдарының вегетативтік өзгерістерін қамтамасыз етеді.
Гипоталамус қыртыс және қыртысасты құрылымдармен бірге орга- низмнің сыртқы орта
құбылыстарына бейімделуін және ұйқы мен сер- гектіктің кезектесуін реттеуге де қатысады. Оның осы
аталған қызметтері жануарларға жасалған тәжірибелерде дәлелденді.
Гипоталамус ядроларын тітіркендіру не оның әр жерін кесіп алып тастау арқылы бұл ағзаның жүрек-
тамыр жүйесіне, ас қорыту ағзаларына,
зат алмасуына, жылуды реттеуге, несеп бөлінуіне, ішкі сөлініс
бездер қызметіне әсер ететіні анықталды. Гипоталамус осы шеткі ағзалар үрдісіне, вегетативтік ядролары -
симпатикалық (артқы) және парасимпатикалық (алдыңғы) бөлімдері, торлы құрылым арқылы және
гипофиздің гормон шығару қабілетін өзгерте отырып әсер етеді.
Гипоталамус ядролары жүйкелік серпіністерге ғана емес, физико- химиялық әсерлерге де сезімтал
келеді. Оның құрамында көптеген осмостық-қабылдағыш жасушалар
және қысым қабылдағыштары, қан
қызуын қабылдамайтын терморецепторлар бар. Бұлар ішкі ортадан қанның химиялық құрамындады
өзгерістерді қабылдайды. Демек, ішкі ағзалардың тіршілігі, мұндағы өзгерістер гипоталамуска әсер ете
алады. Осының арқасында ол ішкі ортаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Гипоталамустың артқы
ядроларында симпатикалық жүйке жүйесінің жоғарғы бөлімі, ал алдыңғы ядроларында парасимпатикалық
жүйке жүйесінің орталығы, ал ортаңғы ядроларда зат алмасуын реттейтін орталығы орналасқан.
Гипоталамуста көптеген мотивация (яғни мақсатты іс әрекет - месел) тудыратын орталықтар бар.
Мәселен, ортаңғы бүйір ядроларда “тойыну” орталығы орналасқан. Оны тітіркендірсе жануар алдындағы
азыққа қарамай,
алдына қойылған асты ішпей, жүдей бастайды. Осы орталықты алып тастаса, жануар
тамақты қанша ішсе де тоймайтын болады. Тамақты көп жеу (гиперорагия) - салдарынан адам (жануар)
денесін май басады. Бүйірдегі ядроларда “аштық” орталығы орналасқан. Оны тітіркендірсе жануар
алдындағы азықты қанша болса да жей береді (тоймайды). Ал бұл орталықты алып тастаса, аш болса да ол
азыққа қарамайды (гипофагия), жүдейді. Паравентрикулярлық ядрода, супраоптикалық ядролардан
жоғарырақ жерде “шөлдеу” орталығы орналасқан. Осы орталықты тітіркендірсе адам (жануар) шөлдейді,
қайта-қайта су іше береді (полидепсия) шөлі қанбайды. Осы аталған орталықтар мақсатты және бағытталган
әрекеттерді (мотивацияны) меңгереді.
Гипоталамустың супраоптикалық және паравентрнкулярлық (қарынша маңы) ядроларында (алдыңғы)
нейросекрециялық жасушалар бар. Бұлардың гормондары нейрондар ұштары құратын тамыр мен жүйке
түйіспесі арқылы қанға өтіп, гипофиздің алдыңғы бөлігінің бағыттаушы (троптық) гормондарының бөлінуін
күшейтеді (либериндер) не төмендетеді (статиндер). Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары
гипоталамустың көбінесе супраоптикалық ядроларында түзіледі де, олардың аксондарының бойымен ағып
гипофиздің артқы бөлігінде жиналып қанға өтеді.
Гипоталамус гипофиз арқылы шеткі сөлініс бездерінің гормон шы- ғаруын бірде күшейтіп,
бірде
азайтып организмнің көптеген әрекеттерін реттейді. Сөйтіп гипоталамус гипофизбен біріккен әрекеттік
гипоталамустың-гипофиздік жүйе құрады. Гипоталамустың кейбір жерлерін тітіркендірсе, денеге жағымды
(ұнамды) сезімдер туады. Егеуқұйрықтың осы ядроларына микроэлектрод бекітіп, оны токпен
байланыстыратын тұтқа қойылған бөлмеге қоя бергенде байқаусызда оны басып қалып жаңағы ядроларды
тітіркендірсе, ол сол жерден кетпестен тұтқаңы баса береді.
Бүйір ядроларды тітіркендіргенде мысықта жалған ашулану белгілері пайда болады. Мұның бәрі
гипоталамустың мотивация мен эмоцияны қалыптастыруға қатысатынын көрсетеді. Оның бұл қызметі бүкіл