Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары


Сілекей сөлі бөлінуінің шартсыз және шарттырефлек стері



Pdf көрінісі
бет60/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   77
Байланысты:
Лекция Такырыбы П нге кіріспе Жоспары Физиология п ні, бас а с

Сілекей сөлі бөлінуінің шартсыз және шарттырефлек стері 


Ауыз қуысына түскен тамақ не зиянды заттар ондағы рецепторларды тітіркендіреді, сондай-ақ мұрын 
қуысындағы рецепторларды да тітіркендіреді, соның нәтижесінде шартсыз түрде сілекей сөлі бөлінеді. 
Ауыз қуысындағы рецепторларда пайда болған импульстер орталыққа тебетін тіл және тіл-жұтқыншақ 
нерві арқылы жеткізілсе, ал мұрын қуысындағы рецепторлардың импульсі үш тармақты нерв арқылы 
орталық нерв системасына жеткізіледі. Сілекей сөлі рефлекторлық жолмен ауыз қуысынан басқа 
рецепторлардың да (мысалы: құлақ, көз, иіс) тітіркенуінен бөлінеді. 
Әрбір сілекей бездеріне орталықтан келетін импульстер парасимпатикалық және симпатикалық 
нервтер арқылы беріледі. Бұлар сілекей бездерінің секреторлық нерві болып есептеледі. Секреторлық 
нервті тітіркендірсе, бездердің қантамырлары кеңейіп, сілекей сөлі көп белінеді. 
Парасимпатикалық нервті тітіркендірсе, оның ұшынан ацетилхолин бөлініп қанға өтеді де, бездердің 
сілекей бөлуіне нервтік және гуморальдық жолмен әсер етеді. Шықшытасты және тіласты бездерінің 
парасимпатикалық нерві 7 пар бас сүйек нервтерінің құрамына кіреді. Он|да бездердің және тілдің 
орталықтан тебетін секреторлық, тамырды кеңітетін нерв талшықтарынан басқа, дәм рецепторының 
импульсін жеткізетін, орталықтан тебетін нерв талшықтары бар. Құлаққасы безінің парасимпатикалық нерв 
талшықтары тіл жұтқыншақ (9 пар бас сүйек) нерв құрамына кіреді. Оның құрамында осы бездің 
орталықтан тебетін секреторлық және тамырды кеңітетін нерв талшықтары болады. Құлаққасы безінің 
екінші секреторлық нерві (орталықтан тебетін) мойын симпатикалық нерві. Оның нерв талшықтары II—IV 
көкірек жұлын сегментінен шығып, жоғарғы мойын симпатикалық түйінінде аяқталады. 
С і л е к е й б ө л і н у о р т а л ы қ т а р ы . Сілекей бөліну нерв орталығы үлкен ми сыңарлары 
қыртысының астыңғы қабаты мен сопақша мида орналасады. Сопақша мидағы сілекей бөліну нерв 
орталығы екі жолмен қозады: біріншіден, нерв арқылы орталыққа тебетін импульстердіқ үздіксіз келуінен 
қозады, екіншіден, сол орталықты шайып өтетін қан құрамының өзгеруінен қозады. Мысалы: адам 
тұншыққанда қанда көмір қышқыл газы кебейеді де сіле-кей бөліну орталығын қатты қоздырады, соның 
нәтижесінде сілекей бөліну мөлшері кебейеді. Ал егер сілекей белетін парасимпатикалық-секреторлық 
нервті кессе, сілекей бөліну мөлшері кемиді. 
Сілекей нерв орталығының қозуы организм ашыққанда және организм тоқ кезіндегі қан құрамының 
өзгеруіне байланысты әр түрлі болады. Организм ашыққанда сілекей орталығы күшті қозады, тоқ кезінде 
қозу шамалы ғана болады. 
Сілекей сөлі бөлінуінің ең негізгі жоғарғы нерв орталығы үлкен ми сыңарлары қыртысының алдыңғы 
бөлімінде жатады. Егер осы орталық зақымдалса, шартты түрде сілекей сөлінің бөліну рефлексі 
нашарлайды. 
Ауыз қуысындағы рецепторлардың тамақ тітіркендіргенінен қозып, сілекей сөлі бездерінен сөлдің 
бөлінуі шартсыз сілекей бөлу рефлексі делінеді. Ал, сілекей сөлі бөліну рефлексі көру, есту және иіс 
анализаторларының рецепторларындағы импульстерден пайда болса, мұндай рефлекс шартты сілекей 
бөліну рефлексі делінеді. Шартты сілекей бөліну рефлексі, шартсыз сілекей бөліну рефлексінің негізінде, 
түзіледі. Осы шартсыз және шартты рефлекстер сілекей белінудің жылдамдығын, құрамын, қасиетін және 
оның 
мөлшерін анықтайды. 
Қ а р ы н д а ғ ы ас қ о р ы т у п р о ц е с і . Тамақ заттары ауыз қуысынан өңеш арқылы қарынға 
барады, одан әрі қарай химиялық және механикалық жолмен ыдырай береді. 
Адамның қарыны бір-бірінен құрылысы мен қызметі жағынан айырмашылығы бар екі ас қорыту 
қуысынан тұрады: түпкі және пилорикалық бөлім. Қарынның бұл екі белімі бір-бірімен үнемі байланыста 
болады, олардың арасын қарын құрышын құрайтын ет талшықтары бөліп жатады. 
Қарынның қабырғасында қарын бездері болады. Қарын бездері үш түрлі клеткадан тұрады: 1) ең
негізгісі — куб тәрізді клетка, бұл фермент жасайды. 2) квадрат тәрізді қосымша без клеткасы, ас қорыту 
сөлін бөледі; 3) сопақша қоршау клеткалары, тұз қышқылын бөледі. 
Қарынның түпкі бөлімінде түз қышқылын бөлетін клеткалар көп болғандықтан, ол жерде бөлінетін 
қарын сөлінің рН реакциясы қышқылдау болады, ал пилорикалық бөлімінде қарын сөлінің рН реакциясы 
сілтілі болады. 
Пилорикалық бөлімде де негізгі фермент, жасайтын және қосымша ас қорыту сөлін бөлетін клетклар 
болады, ал түпкі бөлімімен салыстырғанда пилорикалық бөлімінде ондай клеткалар аздау болады. 
Қ а р ы н с ө л і н і ң қ ұ р а м ы , қ а с и е т і және м а ң ы з ы. Түпкі бөлімі қарын сөлінің рН 
реакциясының қышқылдылығы 1,0—2,5 яғни ортаның қышқылдығындай болады. НСІ ондағы ферменттерді 
активтейді, әрі белоктарды ісіндіріп, олардың жұмысын жеңілдетеді. 
Қарын сөлінің құрамында мына төмендегі аталған ферменттер болады: 1) пепсин-протеаза ферменті, 
белокты альбумоз және пептондарға дейін ыдыратады. Әсіресе еттің белогын тез ыдыратып, жұмыртқа 
белогын баяу ыдыратады. Пепсин ферменті рН қышқыл ортада әсер етеді. 
Қарын бездерінен фермент, пепсин активсіз пепсиногек күйінде бөлінеді де, қарын сөліндегі тұз 
қышқылы әсершен активтеліп пепсинге айналады. Пепсиноген активтелгенде ондағы пепсинді активсіз 
күйде ұстайтын аргинин полипептид құрамымен бірге ажыратылып алынады. Желатиназа 
байланыстырылғыш тканнің құрамындағы желатина белогын ыдыратады. Мысалы: қосымша бездерден 
кілегейлі мукополисахаридтер жасалып, қарын қабырғасын қарын сөлі ферменттерінің қорытуынан 
сақтайды. 


2) Химозин немесе ұлтабар ферменті — мәйек. Бұл сүтті ірітіп, ерімейтін сүт белогы - казеинге 
айналдырады. Химозин ферментінің рН реакциясы нейтральды, әлсіз қышқыл және сілтілі ортада әсер етеді. 
И. П. П а в л о в пепсин мен химозиннің тегі бір, бірақ екі түрлі әсері бар бір фермент екенін дәлелдеді. 
3) Липаза — майды ыдырататын фермент, рН сілтілі ортада әсер етеді. Қарынның пилорикалық 
бөлімінде де түпкі бөліміндегі ферменттер бар, бірақ олар өте аз. Қарынның пилорикалық бөлімінен 
шығатын сөлдің ас қорыту күші фундальдық белімінен шығатын сөлмен салыстырғанда, 4 есе баяу 
қорытады. Қарынның кілегейлі қабырғасындағы клеткалар өзінен шырыштанған кілегей бөліп, оның 
қабырғасын механикалық және химиялық жарақаттан сақтайды. Әрі тамақ бөліктерін ықшамдап, олардың 
фермент сіңетін көлемін үлкейтеді. 
Қарын сөлінде амилаза (карбогидраза) ферменттерІ болмағандықтан, қарынға углеводтар 
дисахаридтерге дейін, тамаққа қарын сөлі сіңгенше, ондағы сіңген сілекей сөлі құрамындағы углевод 
(мальтаза) ферменттері арқылы ыдырайды. 
Қарын сөлі, құрамындағы кілегей қарынның ішкі қабатын орап, қатты тамақ заттарынан
жарақаттануынан әрі қарын сөлінің химиялық әсерінен сақтаумен қатар қарын сөліндегі ферменттерді 
адсорбциялап, тамақтың тез қорытылуына активті түрде әсер етеді. 
Кілегей суда еритін В және С витаминдерін байланыстырып, оларды қарын сөлінің ыдырауынан 
сақтайды да қарын бездерінің секреторлық қызметін күшейтеді.
Күрделі рефлекторлық фазада сөл бөліну өте тез бөгеледі. Адамның әр түрлі психико-эмоциялық 
жағдайлары қарын бездерінің қызметін төмендетеді. Әр түрлі гормондар (адреналин, энтерогастрин) және 
нервтік құрылымдар қарын бездерінің бөгелуіне алып келеді. 
Қарын сөліндегі ферменттер қарынның ет қабырғасын ыдыратпайды, өйткені онда ол ферменттерді 
нейтральдайтын қарсы ферменттер болады. Организмге тамақ тітіркендіргіштермен әсер етпегенде қарын 
сөлі бөлінбейді. 
Қарын сөлінің құрамы, мөлшері — сөл бөліну уақытының басталуы, ұзақтығы, сөлдің ас қорыту күші, 
тамақтың түріне, мөлшеріне байланысты. Мысалы: ет жегеннен кейін 8 минут өткен соң, қарын сөлі 
бөлінеді. Ал, нанға — 6 минут өткен соң сөл бөліне бастайды. Етке бөлінетін сөлдің мөлшері нанға 
бөлінетін сәлдің мөлшерінен көбірек, әрі ас қорыту күші де жоғары болады. Сөлдің ас қорыту күші 
құрамындағы қатты заттың мөлшеріне байланысты болады. Қатты зат көп болса, фермент те көп болады, 
ондай сөлдің ас қорыту күші де жоғары болады. Май жегенде қарын сөлі бөлінуінің екі түрлі фазасы 
байқалады. Алдымен сөл белінбей қалады да, кейіннен ас қорыту күші төмен болып, сөл баяу белінеді. 
Қ а р ы н с е л і н і ң б ө л і н у ф а з а л а р ы . Қарын сөлінің бөлінуі екі фазадан түрады: Біріншісі 
— күрделі рефлекторлық фаза. 
Бұл фазада қарын сөлі тамақты жеген кезде бөлінеді. Екіншісі 2 нервтік-гуморальдық немесе нервтік-
химиялық фаза деп аталады. Бұл фазада қарын сөлі қанға сіңген химиялық заттардың әсерінен (гормондар, 
тамақ ыдырағанда бөлінген өнімдер) қарын бездерінің рецепторларын, бас миындағы тамақ орталықтарын 
тітіркендіруден бөлінеді. 
И. П. Павловтың пікірі бойынша, екінші фазаның өзі екіге: а) қарын фазасы (қарынның ұлтабармен 
жалғасқан жағы), ә) ішек фазасы болып бөлінеді. 
Бірінші фазада қарын сөелі есту, көру, иіс, дәм, қарын, жұтқыншақ рецепторларын тамақ заттарының 
тітіркендіруінен бөлінеді. Сонда бұл фаза бірінен кейін бірі ретімен келетін шартсыз және шартты 
рефлекстерден тұрады, сондықтан И. П. П а в л о в бірінші фазаны күрделі рефлекторлық-фаза деп атады. 
Осы фазада белінетін сөлдің құрамында ферменттер көп болғандықтан, ас қорыту күші жоғары болады. Бұл 
сөлді И. П. Павлов «тәбет» деп атады. Егер осы фазада бөлінетін қарын селі бөгеліп, бөлінбей қалса, тәбет 
қашып, адам аш болса да тамақ ішкісі келмейді. Бұл жағдай қарын бездерінің кезеген нервтерін кескенде де 
байқалады. 
Екінші фазада, яғни нервтік-гуморальдық фазада тамақ қарынға түсіп ыдырай бастағанда, бөлінген 
өнімдер қан арқылы қайта оралып, қарын бездерін тітіркендіреді. Сөлдің бөлінуі гуморальдық және 
рефлекторлық жолмен рет-теледі. Осы фазада қарын сөлінің бөлінуі тамақ ішкеннен кейін 15—30 минут 
еткен соң басталады. Бөлінген қарын сөлінің құрамында ферменттер аз болғандықтан, ас қорыту күші де 
төмен болады. 
Дені сау адамда қарын сөлі бөліну үзақтығы 6—8 сағатқа жуық. Тамақ қарынға түскеннен кейін қарын 
сөлінің белінуінің екінші фазасы басталады. Қарынның пилорикалық (он екі елі ішекпен жалғасқан жағы) 
бөлімінің кілегейлі қабатында активсіз прогастрин жасалып, тамақ ыдырау өнімдері арқылы активтеліп, 
активті гастринге айналады. Гастрин қарын қабырғасындағы бүрлерден қанға өтіп, үлкен қан айналысы 
жолы арқылы қанмен қайта келіп, қарын бездеріне әсер етеді. Гастрин жасалуы қарынның пилорикалық 
беліміне кезеген нерв арқылы келген импульске байланысты. Сонда күрделі рефлекторлық фаза, келесі 
нейрохимиялық фазалардың (қарын, ішек) пайда болуын қамтамасыз етеді. 
Қарын бездерінің өте күшті химиялық тітіркендіргіштерінің бірі — гистамин. Гистаминге құрамында 
ферменті аз, тұз қышқылы көп қарын сөлі бөлінеді. Қарын бездеріне тамақ сөлдері де қатты әсер етеді. Бұл 
химиялық заттар ішектің қабырғасынан қанға өтіп қарын бездерінің жұмысын күшейтеді. Бұл — қарын сөлі 
бөлінуінің үшінші фазасы. Бұл фазада он екі елі ішек гормоны — энтерогастрин де әсер етіп қоздырады. 
Қарында тамақ қорытылу.ұзақтығы, тамақтың мөлшеріне, құрамына, сөлдің ас қорыту күшіне 
(фермент санына) байланысты. Қарында тамақ 6—8 сағатқа жуық қорытылады: Майлы тамақ ұзақ (8—10—
11 сағ.) қорытылады. Сұйықтық қарыннан ішекке тез өтіп кетеді. 


Қорытылған тамақ ботқасы қарыннан ішекке белгілі бір кезеңдерде бөлініп-бөлініп өтеді. Бұл қарын 
және сфинктор еттерінің периодтық жиырылуына байланысты. 
Он екі елі ішекке өткен тамақ ботқасының бөлігіндегі тұз қышқылы, ішектің кілегей қабатындағы 
рецепторларды тітіркендіреді де, оған жауап ретінде пилорикалық сфинктер еттері жиырылып, қарын мен 
он екі елі ішек арасындағы тесік жабылады. Ішекке ауысқан тамақ ботқасы, тұз қышқылы ішек сөлі 
сілтісімен нейтральданып, еттер босаңсып, сфинктер қайта ашылып тамақтың келесі бөлігі он екі елі 
ішекке өтеді. Қарыннан тамақ ботқасының он екі елі ішекке бірте-бірте өтіп отыруы рефлекторлық және 
гуморальдық жолмен реттеледі. Тамақ құрамындағы май да пилорикалық сфинктер еттерін жиырылтады. 
Т а м а қ о р т а л ы ғ ы. Тамақ орталығы үлкен ми сыкарлары қыртысының алдыңғы бөлімі мен 
сопақша мида орналасады. 
Тыныс алу орталығы сияқты, тамақ орталығы да екі түрлі жолмен — организм аш кезіндегі қанның 
химиялық құрамының өзгеруінен және үздіксіз орталыққа тебетін церв импульстерінің әсерінен қозады. 
Ас қорыту системасының қозғалыс және секреторлық қызметін тамақ орталығы бір мезгілде реттеп 
отырады. 
Тамақ орталығынан басқа организмге қажетті судың мөлшерін шартсыз және шартты рефлекстер 
арқылы реттеп тұратын су ішу орталығы бар екендігі анықталды. 
Қ а р ы н н ы ң қ о з ғ а л ы с ф у н к ц и я с ы . Қарынның қабырғасы үш қабаттан тұрады. 
1.Сыртқы — сероздық. 2. Ортаңғы ет (бірыңғай салалы ет талшықтарынан құрылады). 3. Ішкі, кілегейлі 
(бездер, 
бүрлер 
орналасады). 
Сероздық қабаттан нерв және қан тамырлары кіреді. Сероздың және ет қабаттарының арасына кірген 
нерв талшықтары ауэрбах нерв шумағын құрайды да, қарын ет талшықтарын нервтендіреді. Ал ет пен 
кілегейлі қабаттар арасында ауэрбах шумағынан шыққан нерв талшықтары Мейснер нерв шумағын 
құрайды да, кілегейлі қабаттағы ет элементтерін нервтендіреді. 
Қарын еттерінің жиырылуы — қарынның қозғалыс қызметін пайда етеді де, тамақтың қарында 
қорытылуын және он екі елі ішекке өтуін қамтамасыз етуге қатысады. Қарын еттерінің жиырылу толқыны 
кардиалдық бөлімнен пилорикалық бөліміне дейін тарамдалады да ұзақтығы 10—30 секундқа дейін 
созылады. Қозу толқыны жайылғанда сақина тәрізді деңгелек еттер жиырылып, қарынның іші (жоғары 
жағы) тарылып, төменгі бөлімі кеңейеді. 
Қалыпты жағдайда қарын еттерінің жиырылуы тамақтың механикалық тітіркенуінен пайда болады. 
Қарын қозғалысы қарын еттеріне симпатикалық және парасимпатикалық нервтер арқылы келген импульске 
байланысты. Қезеген нерв қарын еттерін қоздырып, жиырылуын күшейтіп жиілетеді, ал симпатикалық нерв 
керісінше еттердің қозғалысын баяулатып төмендетеді. Бұл екі нерв қарын еттерінің қызметін өзара 
байланыстыра отырып реттейді. 
Қарын қозғалыс қызметі гуморальдық жолмен де реттеледі. Қарын еттерін қоздыратын химиялық 
активті заттарға гастрин, гистамин, холин және Қ+ ионы жатады. Ал енді энтегастрон, адреналин, 
норадреналин және Са+ ионы керісінше бөгейді. 
Ұ л т а б а р д а ғ ы ас қ о р ы т у п р о ц е с і . Ас қорыту жолының негізгі бөлімі — ұлтабар болып 
есептеледі. Бұл жерде тамақ заттарына ас қорыту сөлінің үш түрі әсер стеді: 1) ұйқы безінің сөлі, 2) өт, 3) 
ішек безінің сөлі. 
Ұлтабарға қарыннан тамақ түскенше, ондағы селдің рН реакциясы әлсіз сілтілі болады. Қарыннан 
қышқыл тамақ массасы түсіп, ол ұйқы безінің сөлі мен өтке араласқанша рН реакцияны қышқыл күйге 
ауыстырады. 
Үйқы безі с ө л і н і ң қ ұ р а м ы , қ а с и е т і және м а ң ы з ы. Үйқы безінің сөлі — түссіз, рН 
реакциясы сілтілі (рН—7,5—8,5) сұйықтық; оның құрамында белокты ыдырататын активсіз фермент 
трипсиногең бар. Трипсиногенді актив фермент трипсинге, ішек сөлінің құрамындағы фермент энтерокиназа 
айналдырады. Трипсин - әлсіз қықыл, әлсіз сілті және нейтральды ортада әсер етеді. Ол қарыннан альбумоз 
және пептонға дейін ыдыраған белоктың және кейбір ыдырамаған белоктарды амин қышқылдарына дейін 
ыдыратады. 
Екінші фермент — эрепсин, бұл актив түрде белінеді. Альбумоз және пептондарды амин қышқылына 
дейін ыдыратады. Бірақ бүтін белокты ыдырата алмайды. 
Үшінші фермент—активсіз химотрипсиноген. Трипсин әсерінен активтеліп — химотрипсинге 
айналады да, белокты және оның ыдырау өнімдері, жоғары молекулалы полипептидтерді амин қышқылына 
дейін ыдыратады. 
Химотрипсин сілтілі ортада қызмет жасайды. 
Углевод ферменттерінен крахмалды дисахаридтерге дейін ыдырататын амилаза, дисахаридтерді
моносахаридтерге дейін ыдырататын мальтаза, сүт қантын моносахаридтерге дейін ыдырататын лактаза 
ферменттері бар. Бұл ферменттердің барлығы да нейтральды ортада әсер етеді. Липаза ферменті майды 
глицерин және май қышқылдарына дейін ыдыратады. Май қышқылдары сөлдегі сілтімен әрекеттесіп, сабын 
құрайды. Барлық ас қорыту сөлдерінің құрамындағы липаза ферменті бөлінген кезде актив болмайды, 
ұлтабарда өт қышқылдары әсер еткенінен кейін ғана активтеледі. Липаза ферменті сілтілі ортада ғана әсер 
етеді. Ұйқы безі сөл мен өттің құрамындағы сілті майды ерітіп, оның тез ыдырауына көмектеседі. Ұйқы безі 
сөлінің бөліну мерзімі, құрамы және мөлшері ішкен тамақтың түріне, мөлшеріне байланысты болады. 


Егерде оны қисық сызықпен бейнелейтін болсақ, ұйқы безі сөлі бөлінуінің қисық сызығы, қарын сөлі 
бөлінуінің қисық сызығына ұқсас. Бұл үқсастық екі ас қорыту безі қызметінің бір-біріне байланысты 
реттелетіндігін көрсетеді. 
Ұйқы безі сөлді тамақ ішкеннен кейін 2—3 минут өткен еоң бөле бастайды да, 4—10 сагатқа дейін 
созылады; Адамда тәулігіне 500—800 мл жуық ұйқы безінің сөлі бөлінеді. 
Ұйқы безінің бөлінуі күрделі рефлекторлық және нервгуморальдық жолмен реттеледі. И. В. Павлов 
кезеген нерв ұйқы безінің секреторлық нерві екенін дәлелдеді. Қезеген нерв нервті тітіркендіргенде активті 
ферменттерге бай, аз мөлшерлі ұйқы безінің сөлі бөлінген, ұйқы безінің қызметі тамақ ауызға түсіп, ондағы 
рецепторлардың тітіркенуінен басталады. Сол сияқты шартты тітіркендіргіштер де ұйқы безінің қызметіне 
әсер етеді. Ұйқы безі сөлінің ұзақ уақыт белінуі нейрохимиялық фаза арқылы жүреді. Мұнда қан арқылы 
әсер ететін маңызды активті заттардың қатарына гормон-секретин және серотонин жатады. 
Ішектің кілегей қабатынан тұз қышқылы әсерінен активсіз просекретин бөлініп, органикалық және 
неорганикалық қышқылдар әсерінен активті секретинге айналып, қанға өтіп, қайта қан арқылы келіп ұйқы 
без қызметіне әсер етеді. Ішектің кілегей қабат клеткаларын фермент жасалу процесіне әсер ететін активті 
панкреозимин бөледі. 
Ө т т і ң б ө л і н у і ж ә н е ш ы ғ а р ы л у ы . Өт бауыр клеткаларында түзіледі де, ұлтабарға өт жолы 
арқылы келіп құйылады. 
Өт ұйқы безі сөліндегі барлық ферменттердің қызметін күшейтеді, оның құрамында тамақты 
ыдырататын ферменттер болады. 
Лецитин, холестирин, майлар, муцин белогы, сабын т. б. заттар бар. Өттің реакциясы әлсіз сілтілі. 
Адамда тәулігіне 500—1000 мл өт бөлінеді. Өт белінуін зерттеу үшін өт қабына фистула қойылады. Бауыр 
— зат алмасу процесінің нәтижесінде бөлінген, керек емес зиянды заттарды щығару органы. 
Өт бөліну тамақтың ас қорыту қаналына түсуіне байланысты. Өт бөліну қисық сызығы барлық тамаққа 
бірдей болады. Өт тамақ ауызға түскеннен кейін 5—10 минут өткен соң он екі елі ішекке бөліне бастайды. 
Алғашқы бөлінетін өттің құрғақ заты, сыбағалы салмағы көп, өйткені алдымен өт қабында жинақталған өт 
бөлінеді. 
Бауырдағы өт — ашық сары, ал өт қабындағы өт қооңыр қошқыл түсті сұйық зат. Оның құрамында өт 
қышқылдары (гликохоль мен таурохоль) және өт пигменттері (билирубин мен биливердин) болады. 
Бұлардан басқа өттің құрамында май, май тәрізді заттар, фосфор қышқылдарының, күкірт қышқылдарының 
тұздары бар. 
Өт қышқылдары бауырда түзіледі. Ал өт пигменттері — билирубин — гемоглобиннен, ал биливердин 
тотыққан гемоглобиннен түзіледі. 
Ас қорыту процесі үшін өттің маңызы аса зор. Майды қорытуды жеңілдетумен қатар, трипсинді
пепсиннің әсерінен сақтайды. Микробтардың әсерін төмендетіп, олардың көбеюіне жол бермейді. Ішектің 
қозғалыс қызметін жылдамдатады. 
Өт үздіксіз бөлініп тұрады, оның бөлінуі рефлекторлық нервтік-гуморальдық жолмен реттеледі. 
Рефлекторлық жолменен реттелгенде кезеген және симпатик а л ы қ нервтер арқылы реттеледі. 
Қезеген нервті тітіркендірсе өт қабы жиырылып, сфинктор еттері босаңсып, өт он екі елі ішекке құйылады. 
Ал симпатикалық нерв керсінше, өт қабы еттері босаңсып, сфинктер еттерін жиырып өттің он екі елі ішекке 
өтуін тоқтатады. Өт шартты рефлекс арқылы да бөлінеді. 
Өт бөлінуі гуморальдық жолмен де реттеледі. Он екі елі ішектегі тұз қышқылы, белок ыдырағандағы 
өнімдер, қышқылдар, әсіресе ет қабының қозғалыс қызметіне гормон-холецистокинин заттар әсер етеді. 
Ішек с ө л і н і ң қ ұ р а м ы және қ а с и е т і . Ішек сөлі — кілегейлі сұйық зат. Оның құрамында 
энтрокиназа, белокты ыдырататын эрепсин, майды ыдырататын липаза, углеводты ыдырататын амилаза 
ферменттері болады. Ал тоқ ішек сөлінің құрамындағы ферменттердің мөлшері аз және әсері төмен болады, 
құрамында кілегейлі заты көбірек.
Ішек сөлінің бөлінуі де рефлекторлық және нервтік-гуморальдық жолмен реттеледі. Тоқ ішек сөлі аз 
мөлшерде үздіксіз бөлінеді.
Аш ішекте екі түрлі өзара байланысты ішек ішіндегі және мембраналық (ішек қабырғасындағы) ас 
қорыту түрлері бар.
Ас қорыту каналы ішінде ферменттер әсерінен тамақ заттары алғашқы ыдырау, қорытылу сатысынан 
өтеді. Ірі тамақ молекулалары ыдырап, клеткаға қажетті құрылыс материалы дайындалады. Мембраналық 
ас қорыту процесі ащы шектің микроворсикаларының үстіңгі жағында жүреді. Бұл процесс — тамақ 
қорытылуының аралық және соңғы сатысы. Клетка мембранасындағы ферменттер арқылы жүреді. 
Мұндағы ферменттердің бір тобы қорытылған тамақ ботқасындағы адсорбцияланған ферменттер, ал 
екіншілері ішектің клеткаларында синтезделіп, мембрана сыртына шығарылған ферменттер тобы. Аралық 
ыдырау өнімдері ішектің қабырғасындағы сілтілі жиекті зонаға түсіп, ыдырау (гидролиз) процесінің соңғы 
сатысымен бірге сіңуде жүреді. Мембраналық ас қорыту процесі 80—90% пептид және гликолиз 
байланыстарын, 55—60%-триглицеридтерді ыдыратады. Мембраналық ас қорыту сілті жиегінің ультра 
құрылымының өзгеруімен және ондағы ферменттердің мелшеріне байланысты реттеледі. Бүйрек үсті 
безінің гормондары ішек ферменттеріңің көп жасалуына әсерін тигізеді.
Аш ішектің қозғалыс қызметі. Аш ішектің қозғалыс қызметі оның ортаңғы, ет қабатын құрайтын 
қиғаш, ұзыннан және сақина тәрізді дөңгелек еттердің өзара байланысы, кезек сақтап жиырылуынан
пайда болады. Бұл еттердің негізгі үш түрлі жиырылу түрлері бар. 1. Перистальтикалық (толқын тәрізді),


2. Сегмент тәрізді; 3. Маятник тәрізді. Ішектердің перистальтикалық қозғалысын да ұзыннан және 
сақина тәрізді орналасқан ет талшықтары жиырылып, ішекті кеңітеді. Өйткені ішектегі тамақ ботқасының 
жоғарғы жағындағы ішектің толқын тәрізді жоғарыдан төмен қарай перистальтика лық қозғалысы 
пайда болады. Тамақ ботқасы ішектің тарылған бөлімінен кеңіген жағына ауысып ілгері қарай жылжиды. 
Ішектің сақина тәрізді деңгелек еттерінің бірнеше жерден бір уақытта жиырылуының нәтижесінде ішектің 
сегмент тәрізді қозғалысы пайда болады да, тамақ ботқасының араласып, қорытылып сіңуін қамтамасыз 
етеді. Ішектің маятник тәрізді қозғалысы ішектің өте қысқа бөліміндегі еттердің біресе қысқарып, біресе 
ұзарып тамақ ботқасының жоғары-төмен шығып араласуын әрі қарай жылжуын қамтамасыз етеді. 
Ішек қабырғасын құрайтын еттердің барлығының бір уақытта жиырылуынан ішекте толқын тәрізді 
қозғалыста болады. Ішек еттерінің автоматизм қасиетіне байланысты, оларға сырттан тітіркендіргіш 
келмей-ақ, зат алмасу процесі нәтижесінде ішек өзінен-өзі жиырылып қызмет жасайды.
Ішек еттерінің жиырылуы да, рефлекторлық және нерво-гуморальдық жолмен реттеледі. Орталық нерв 
системасы импульстері ішек еттеріне кезеген және симпатикалық иерв арқылы жеткізіледі. Кезеген нерв 
ішектің қозғалысын қоздырып, ондағы еттердің жиырылуын күшейтіп, тонусын жоғарылатады. Ал 
симпатикалық нерв, еттердің тонусын төмендетіп, жиырылу күшін азайтып, ішектің қозғалыс қызм с т і н
бөгейді. ' 
Адамда және жануарларда іщектің қозғалыс қызметі әр түрлі, оған эмоциялық (ашулану, қорқу, ауру т. 
б. ) процестер әсер етеді. Мысалы, қорыққанда ішектің өте күшті перистальтикалық жиырылуы басталып, 
іш өтеді (нервтік іш өту) т. б.
Кезеген нерв ұшынан бөлінген медиатор ацетилхолин, холин экстераза ферменті әсерінен ыдырап, 
оның өнімдері ішектің қозғалысын күшейтеді, симпатикалық нерв керісінше әсер ететін медиатор симпатин 
бөлінеді.
Ішектің қозғалыс қызметі гуморальдық жолмен реттелгенде - холин, энтокринин, серотонин, өт 
қышқылдары, сілтілері, ацетилхолин, симпатин, гистамин, адреналин сияқты химиялық активті заттар 
арқылы реттеледі. Мысалы ацетилхолин, гистамин ішектің жиырылуын күшейтеді, ал адреналин, симпатин 
т. б. бөгейді. 
Тоқ і ш е к т е г і ас қ о р ы т у . Тоқ ішекке өткен тамақ ботқасы құрамында құрылыс материалы 
болатын қоректік заттар мелшері азаяды. Тоқ ішектің сөлі аз мөлшерде үздіксіз бөлініп отырады. Тоқ ішек 
сөлінде ыдырамаған белоктарды шірітетін, углеводтарды ашытатын микроб —бактериялар өте көп. 
Углеводтардың ашуынан қорытылмай қалған өсімдік клетчаткасы ыдырап, ішек сөліндегі ферменттер 
арқылы қорытылып, аз мөлшерде болса да, ішек қабырғасынан қанға сіңеді. Бактериялардың шіріту 
әрекетінен, сіңбей қалған амин қышқылдарынан, әр түрлі зиянды улы заттар түзіліп қанға сіңіп, бауыр 
қақпа венасы арқылы бауырға барып зиянсызданады. 
Тоқ ішекте су толық сіңіп тамақ қоюланады да, ыдырамай, сіңбей қалған тамақ қалдықтарынан кілегей, 
өт пигмеңттерінен, бактериялардан, ыдырау өнімдерінен зәр жасалады. Зәр жасалу процесі 1—2 тәулікке 
созылады. Уақыттың көбі тоқ ішек пен зәрдің қозғалып етуіне кетеді. 
Тоқ ішектің жоғарғы белімі импульсті кезеген нерв, ал қалған бөлімдері сегіз көз жұлын сегментінен 
шығатын парасимпатикалық қозғалыс нерв талшықтарынан алады. Тоқ ішек еттері жоғарғы және төменгі 
шажырқай ганглия нерв түйіндерінен шығатын симпатикалық нерв арқылы да нервіленеді. 
Қ о р е к т і к з а т т а р д ы ң сіңу п р о ц е с і . Ас қорыту бөлімдерінде ыдыраған қоректік 
заттар ішек бүрлері арқылы қанға және лимфаға өтеді. 
Қарында аз мөлшерде болса да қорытылған ас сіңеді. Онда су, тұздар, алкоголь заттары және жай 
углеводтар сіңеді. Қорытылған астың сіңуі нерв системасы арқылы реттеледі. Оны шартты рефлекс арқылы 
өзгертуге болады. Кезеген нерв сіңу процесін жылдамдатса, симпатикалық нерв сіңу процесін баяулатады. 
Қейбір гормондар (гипофиздің, қалқан безінің, ұйқы безінің) углеводтардың сіңуін жылдамдатады. 
Өт ішекте, қарында майдың сіңуін жылдамдатады.Су және тұздар қанда сіңеді. Егер олар мөлшерден 
көп болса, лимфаға да өтеді. 1 л су адамда 22—25 минут ішінінде сіңеді. Судың сіңуі организмдегі осмос 
заңына бағынады. Ас тұзы концентрациясы 1% шамасында болғанда жақсы сіңеді, ал 1,5% болса,
сіңбейді. Тұз ерітінділерінің концентрациясы керекті мелшерден асса, су қанның құрамынан ішекке қайта 
өтеді. Қальций тұзы аз мөлшерде ғана сіңеді. Белок заттары көбіне қанға амин қышқылы күйінде сіңеді. Ал 
аз мөлшерде қарында пептон, альбумоз күйінде кейде тіпті өзгермей де сіңеді. Аз мелшерде өзгермеген 
белок лимфаға да сіңеді. 
Адам жануарлар белогымен тамақтанса, оның 95—99 процентін, ал өсімдік белогымен тамақтанса 
75—80% ыдыратып, өзіне сіңіреді.
Тамақтың ыдыраған белок құрамының көбі ащы ішектің алдыңғы бөлігінде сіңеді. Белоктың
жартысынан көбі амин қышқылы күйінде, ал екінші жартысы полипептидтер күйінде сіңеді. Амин 
қышқылдары әр түрлі жылдамдықпен сіңеді. 
Белок заттары сіңгеннен кейін бауырда және еттерде сол организмге тән белок синтезделеді. 
Углеводта р негізінен қанға, тек қана аз мөлшері лимфаға өтеді. Бұл ащы ішекте ыдырап, 
өте тез моносахаридтерге айналып, қанға сіңеді. Ал дисахаридтер қанға баяу сіңеді. Углеводтардың
ішінде глюкоза жәңе галактоза ащы ішекте фосфор қышқылымен әрекеттесіп, өте тез сіңеді.
Углеводтар тоқ ішекте де сіңеді, бірақ бұл процесс баяу жүреді. Углеводтар негізінен органикалық 
қышқылдарға ішекте ыдырайды.


Бүйрек үсті безінің сыртқы қабатының гормондары және витамин В тобы глюкозаның сіңуін 
тездетеді. Моносахаридтерден гликоген синтезделуі бауырда және еттерде жүреді. Май тәрізді заттар май 
қышқылы мен глицерин күйінде тек ащы ішекте қанға сіңеді. Нейтральды майлар ащы ішектің 
қабырғасынан лимфа тамырларына өтеді, одан көкіректің үлкен лимфа тамыры арқылы негізгі қан айналу 
системасына қосылады. 
Әр организмге тән май тәрізді заттар ішек қабырғасы: эпителийінің кілегейлі қабығында глицерин мен 
май қышқылдарынан түзіледі. Майдың артығы тері астындағы клетчаткада және ішкі органдардың 
сыртында жиналады. Онша толық емес, орташа адамның май тканьдерінде 10— 20%, ал толық адамдардың 
май тканінде 35—50% дейін май жиналады. 
Сіңу процесі механизмінде клетка мембранасы активті роль атқарады. Ол цитоплазманы сыртқы 
ортадан және клетка аралық сұйықтықтан бөліп түрады. Белок липоид құрамды клетка мембранасының өте 
кішкентай тесіктері (4 А жуық) бар, одан диффузия жолыменен су, көмірқышқыл газы, оттегі, аммиак өте 
алады. Тамақ заттары сіңгенде алдымен клетка мембранасынан цитоплазма торы микроканалдары арқылы 
клетканың базальдық мембранасынан, дәнекер тканьнен, қан капиллярының эндотелия қабанан өтеді. 
Кейбір заттар мембрана тесіктерінен де өтеді. 
Тамақ заттарының клетка мембранасынан өтуі өте күрделі процесс. Алдымен өтетін зат, мембрана 
бетіне сіңеді де, мембранадағы тасушы белокпен қосылады, ал май заттары липид мембранасымен 
қосылады. Пайда болған қосылыстар АТФ-мен активтеліп, мембрананың ішкі қабатына қарай ауысады, 
ондағы фермент арқылы қайта ыдырайды, қоректік зат клетка цитоплазмасының микроканалдарына түсіп, 
базальдық мембранаға, қарай ауысады да дәнекер тканьға етіп, одан әрі қан не лимфа капиллярларына 
кіреді. Босаған тасушы кері қарай апикалдық мембрана бетіне қайтады. Қоректік зат клеткаға пиноцитоз 
жолымен де сіңеді. Пиноцитоз көпіршігі клетка мембранасының шүңқырында (ойыс) пайда болып, кейін 
цитоплазмаға өтіп, бөлініп қалады. Сіңу процесі диффузия, осмос және фильтрация жолдарымен де жүреді. 
Мысалы, ішекте қоректік заттар концентрациясы өссе, сіңу жылдамдайды. Тамақ ботқасы мен қанның осмос 
қысымының айырымының өзгеруінде сіңуді жылдамдатады. 
Сіңу процесі негізінде аш ішек функциясы. Аш ішектің кілегей қабығы микроворсинкалардан (бүрлер) 
тұрады. Әр ворсинкаға бір-екі артерия кіріп капиллярлар торын құрайды. Ортасында лимфа тамыры жатады. 
Ворсинка іші-мен бірыңғай салалы ет талшықтары өтеді. Олар кілегейлі қабат астындағы меиснер нерв 
шумағымен нервіленеді де, сіңу уақытында ворсинкалардың қозғалысын пайда етіп, сіңуге көмектеседі. 
Сіңу процесі уақытында ворсинка минутына 3—5 рет қозғалады. Ворсинка қозғалысын глюкоза ертінділері, 
вилликинин гормоны жылдамдатады. Ал кальцийкалий иондары төмендетіп, бөгейді. 
Ас қорыту каналдарынан аққан веноздық қан, бауыр қақпа венасы арқылы бауырға барады. Сонымен 
барлық қанға сіңген қоректік заттар бауырға жеткізіледі.
Бауырда қоректік заттардың артығы ұсталып, энергия коры гликоген синтезделеді. Органдарға кажетті 
қоректік заттар мөлшері бауырда есептелініп, үлкен қан айналыс жолына шығарылады да барлық орган
және тканьдерге жеткізіледі. 
Бауыр тамақ заттарымен қоса сіңген улы заттарды ұстап,
зиянсыз қосындыларға айналдырып барьерлік 
қорғаныш қызметін атқарады. Мысалы, дезаминденд, мочевина синтезі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет