су мен тұздардың депосының есебінен организмде айналып жүретін судың мөлшері тағы да, қалыпты
дәрежесіне келеді.
Ересек адамға тәулігіне 2000—3000 мл су керек. Мұның 1000—1500 мл су ішкенде, 1000 мл су тамақ
құрамымен
бірге ішке барады; 300—350 мл су денедегі органикалық заттар химиялық өзгерістерге
ұшырағанда түзіледі. Толық тотыққанда 100 г майдан 107 мл су, сондай мелшердегі крахмалдан 55 мл,
белоктан 41 мл су пайда болады.
Организмнің суға қажеттілігі қоршаған ортаның температурасына,
тамақтану сипатына, тамақтағы
тұздың аз-көптігіне байланысты өзгеріп отырады. Организмнен суды сыртқа шығаратын негізгі органдар —
бүйрек, тер бездері, өкпе, ішек. Бүйрек арқылы тәулігіне 1000—1500 мл су несеп құрамымен бірге сыртқа
шығады, ал тер бездері арқылы — 500—1000 мл су; өкпе арқылы — 350 мл; нәжіспен бірге 150 мл су
шығарылады. Организмге түсетін су мөлшерінің одан шығарылатын су мөлшеріне
қатынасын су балансы
деп атайды. Қалыптьі жағдайда дені сау организмде денеден шығарылатын судың орнын оған түсетін су
толтырып отырады, яғни су балансы сақталу керек. Сондықтан, шығарылатын судың шамасына қарай
организмге кіретін сушамасы да өзгеріп отырады. Жоғарыда келтірілген түрлі жолдар арқылы шығарылатын
судың
орташа көрсеткіштері тұрақты, өзгермейтін нәрсе емес. Кейбір ауруларда (диабет) бүйрек арқылы
тәулігіне 8—10 л дейін су шығарылуы мүмкін. Қара жүмыс жасағанда немесе тауға көтерілгенде,
тыныс
алудың жиілеуі нәтижесінде, өкпе арқылы бөлінетін су мөлшері көбейеді (800 жл-ге дейін). Ыстық цехтарда
жүмыс істегенде, тер арқылы белінетін су мөлшері 6—10 литрге дейін жетеді. Мұндай кезде адам шөлдейді
де, көп су ішуді керек етеді. Шөлдеудің себебі, денеден көп су бөлінгенде тканьдердегі осмос қысымы
жоғарылайды. Осмос қысымы өз қалпына келу үшін организмге белгілі мөлшерде су қажет. Міне,
сондықтан адам немесе жануар шөлдегенде су іздеуге мәжбүр болады. Шөлдегенде организмде су балансын
сақтауға бағытталған біраз өзгерістер байқалады. Тер және бүйрек арқылы судың сыртқа шығуы азаяды. Ас
қорыту бездерінің, оның ішінде ауыздағы сілеқей бездерінің де секрециясы азаяды. Адамның аузы кебеді.
Ауыз кебуінің шөлдеу түйсігін тудыруда маңызды роль атқаратындьіғын тәжірибеден де көруге болады.
Сілекей бездерінің секрециясын төмендететін атропинді
ауыздың кілегей қабығына, жұтқыншаққа жақса,
денеде су жеткілікті болса да шөлдеу түйсігі туады.
Достарыңызбен бөлісу: