Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары



Pdf көрінісі
бет57/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   77
Байланысты:
Лекция Такырыбы П нге кіріспе Жоспары Физиология п ні, бас а с

Зат алмасудың реттелуі. 
Органикалық заттардың және минералдық түздар мен судың алмасуы туралы орта мектептің 
оқулығында аздаған мағлүмат берілген. Ал осы алмасулардың механизмі жөнінде, оларды басқарып 
отыратын процестер жөнінде ештеңе айтылмаған. Оқулықтағы материалды баяндаудың бұл схемасы 
түсінікті болғанмен, биология мұғалімі үшін қосымша материал ретінде зат алмасудың реттелу механизмін. 
саналы түсінуі өте қажет нәрсе. Бұдан бұрынғы танысып өткен физиологиялық қызеттер сияқты зат 
алмасудың реттелуі де, күрделі рефлекторлық механизммен түсіндіріледі. Мұнда шартсыз рефлекс те, 
шартты рефлекс те және гуморальдық факторлар да қатысады.
Өткен ғасырдың орта шенінде-ақ Клод Б е р н а р сопақша мидағы төртінші қарыншаны инемен
түрткенде, бауырдағы гликоген ыдырап, қандағы қант мөлшерінің көбейетінін байқаған. Қанттың 
артық мөлшері бүйрек арқылы
сыртқа шығарылған (глюкозурия). Ал кейінгі зерттеулер углевод алмасуына 
тікелей әсер ететін бұдан гөрі жоғары бөлімдердің аралық мида — гипоталамуста (төмпешік астындағы
ауданда) орналасқандығын дәлелдеді. Ата л ғ а н орталықтардың углевод алмасуына тигізетін әсері 
негізінен симпатикалық нерв системасы арқылы іске асады. Сипмпатикалық нервтің күшейткіш 
талшығының зат алмасуға әсер ететінін (трофикалық әсерін) 1887 жылы И.П.Павлов ашқан. Енді нерв 
системасының трофикалық әсері туралы ұғым кеңейіп, көптеген зерттеулер жүргізілді. Араық мидың 
төмпешік астындағы ауданында белоктың алмасуын реттейтін айрықша орталықтары бар екені анықталды. 
Егер осының кейбір ядроларына әсер етсек яғни бұзсақ несеппен бірге шағырылатын азоттың мөлшері 
көбейеді, мұның себебі денедегі белоктың ыдырауы күшейді.
Кейбір патологиялық семіруге үшыраған адамдардың гипоталамусындағы сұр төмпешіктің 
бұзылғаны байқалған. Ендеше, аралық ми май алмасуын реттеуге де қатысады. Нерв системасының май 
алмасуына ететін әсерін мынадай тәжрибе арқылы анықтауға болады. Қоянның екі жауырынының 
арасындағы май жиынтығына келетін иервтің бір тарм а ғ ы кесіледі де, екінші тармағы кесілмей сақталады. 
Сонда нерві кесілген (денервацияланған) жақта майды тайдалану бұзылған, яғни қоянды ашықтырғанда 
кесілген жақтағы май жұмсалмай түгелімен сақталып қалған да, сау жақтағы май қоры түгел таусылып, 
деполардағы май ыдырап, жануар арықтаған.
Су мен тұздардың да алмасуын реттейтін орталық гипоталамуста орналасқан. Онда денедегі
электролиттер концентрациясының өзгерісін сезетін ерекше осморецепторлық деп аталатын нерв 
клеткалары болады. Бұл клеткалардың
қозуы рефлекторлық жолмен, өзгерген осмос қысымын қалпына 
келтіреді. 
Жалпы алғанда су—электролиттер алмасуын реттеудің күрделі рефлекторлық тізбегі организмдегі су 
мелшерінің өзгрісін хабарлайтын негізгі төрт рецептордан басталады. Біріншіден, ауыздың кілегей
қабығындағы рецепторлар кебірсуінен шөлдеу сезімі туады. Бірақ егер оларды ылғалдаса бұл түйсік 
организмге су туспесе де жойылады. Сол себептен де шөлдеудің бұл түрін жалған деп атайды. Екіншіден, 
организмнің суды қажет етуі немесе қажет етпеуі асқазанның кілегей қабығындағы барорецепторлардан 
шығатын импульстерге де байланысты болады. Асқазанды , керсе шөлдеу түйсігі тоқтайды, ал оның 
қабырғасы орнына түссе, керісінше, шөлдеу пайда болады. Мұны да жалған шелдеуге жатқызады, өйткені 
бұл түйсіктің тууы организмдегі су мөлшерінің өзгеруіне емес, қарын қабырғасының тонусының өзгеруіне 
байланысты болып отыр. Үшіншіден, тканьдердегі осмос қысымының өзгерісін арнайы осморецепторлар 
хабарлайды. Бұл кезде нағыз шелдеу пайда болады, өйткені осморецепторлардың тітіркенуі су мен 
электролиттер концентрациясының өзгерісінен болады. Ең соңында, рецепторлардың төртінші тобына 
сосудтар (тамырлар) арнасындағы волюм-рецепторлар жатады. Бұлар сосудтар системасындағы қан 
мелшерінің өзгерістерін сезеді.
Аталған нерв ұштарынан басқа су-тұздар алмасуын реттеу процесіне шартты рефлекторлық компонент 
ретінде дистанттық (көру, есту) рецепторлар да қатысады. Рецепторлардан шығатын импульстер 
гипоталамустың вентро-медиальдық бөліміндегі су реттеу орталығына барады. Одан «бұйрық» импульстері 
суды сыртқа шығаруға қатысатын эффекторларға (буйрекке, тер бездеріне т. б.) беріледі.
Гипоталамустың паравентрикулярлық және супраоптикалық ядроларында антидиурездік гормон 
(АДГ) синтезделеді де, одан әрі типофиздің артқы бөліміне келіп жиналады. АДГ бүйрек каналшаларының 


қабырғаларындағы гиалуронидаза ферментін активтендіреді. Бұдан бүйрек каналшаларының эпителий 
клеткаларын бекітуші (цементтеуші) гиалурон қышқылының деполимеризациясы күшейеді де, бүйрек 
каналшаларының су өткізгіштігі жоғарылайды, ендеше судың реабсорбциясы күшейеді — оның сыртқа 
шығарылуы күрт азаяды. Су-тұз алмасуын реттеуде маңызды роль атқаратын келесі бір фактор, бүйрек үсті 
безінің қыртыс қабатында жасалатын гормон — альдостерон. Ол бүйрек каналшаларының эпителиіндегі 
янтар қышқылының дегидрогеназасын активтендіреді, бұдан бүйректе натрийдің реабсорбциясы күшейеді. 
Тканьдерде натрий концентрациясының көбеюінен ондағы осморецепторлар тітіркенеді, ал бұл АДГ-нің 
жасалуын күшейтеді, ендеше судың денеде сақталуы жақсарады. Альдостеронның секрециясын 
реттейтін бірнеше механизм бар. Біріншіден, оның секрециясын гипофиздің адренокортикотропты гормоны 
(АКТГ) кушейтеді: екіншіден, оған тікелей гипоталамуста жасалатын зат — адреногломерулотропин әсер 
етеді; үшіншіден, бүйректе жасалатын ерекше зат — ренин-альдестерон жасалуды активтендіреді.
Жоғарыда айтылған нерв орталықтары зат алмасуға тікелей әсер етсе және түрлі секреция бездері 
арқылы да әсер етеді. Мәселен, нерв системасының әсерінен қалқанша безінің гормондары тироксин мен 
трийодтирониннің жасалуы және қанға өтуі өзгереді, ал бұл жағдай тканьдегі белок алмасуын өзгертеді. 
Белок алмасуына қалқанша безінен басқа гипофиздің алдыңғы бөлімі де, едәуір әсер етеді. Клиникадағы 
бақылауларға қарағанда гипофиздің, қалқанша бездің және жыныс бездерінің қызметі төмендегенде 
семіру процесі жылдамдайды. Бұдан шығатын қорытынды— бездер май алмасуына әсер етеді екен.
Бүйрек үсті безінің гормоны — адреналин — углевод алмасуын реттейді. Мұның әсерінен бауыр 
мен еттегі гликоген күшті ыдырайды, ал аралшық бездің гормоңы — инсулин — керісінше, гликогеннің
синтезделуін жақсартады.Сондықтан да қантты диабет ауруында инсулиннің препаратын қолданады.
Минералдық заттар мен судың алмасуын гуморальдық жолмен реттеуде гипофиздің артқы бөлімінің 
гормоны — возапрессин мен бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабатынан жасалатын минерал-кортикоидтар 
зор роль атқарады. Вазопрессиннің әсері бүйрек каналшаларында несеп түзілуі процесін азайтады, ал 
минерал-кортикоидтар организмдегі клетка аралық сұйықтықты көбейтеді, одан сыртқа натрий бөлінуді 
азайтады, ал керісінше, калий көп белінетін болады. 
Осы айтылған зат алмасудың әр түрлі жақтарына әсер ететін гормондардың жасалуы әр уақытта нерв 
системасының реттеушілік қызметіне бағынышты болады. Ендеше, гормондар әсерінен зат алмасудың 
реттелуін таза гормондық демей, нейро-гормондық деп атаған жөн болады.
Өзгерген орта жағдайына организмнің оңай және тез бейімделе алатындығы белгілі, яғни организмде
өзгерген жаңа ортаға лайық зат алмасу дәрежесі қалыптасты деген сөз. Міне, осының қалыптасуына тек 
жоғарыда айтып кеткен механизмдер ғана емес, сонымен қатар көптеген шартты рефлекстер де қатысады.
Олай болса, зат алмасуды реттеуге үлкен ми сыңарларының қыртысы міндетті түрде қатысқаны. Зат 
алмасу процестерінің шартты рефлекс жасалу арқылы өзгеретіндігін алғаш рет эксперимент жолымен И. П. 
П а в л о в, одан кейін К- М. Б ы к о в бастаған оның оқушылары дәлелдеп берді. Адам көп глюкоза 
қабылдаса, қандағы қант мөлшері көбейеді (шартсыз рефлекс). Ал егер қоңыраудың немесе метрономның 
дыбысын денеге глюкоза жіберумен қабаттастырып бірнеше рет қайталаса, кейін глюкоза бермесе де, 
жалғыз дыбыстың өзінен-ақ қандағы қант мөлшерінің кебейгендігін көруге болады (шартты рефлекс). Дәл 
осы метрономның немесе қоңыраудың (не тіпті кез-келген басқа тітіркендіргіштің) әсерін организмнің 
жұмыс істеп жатқан кезімен, не болмаса, денеге қалқанша бездің гормонын жіберумен байланыстырсақ, 
жалпы зат алмасу процесінің жоғарылағанын анықтаймыз.
Шартты тітіркендіргіштердің әсерінен адамдағы зат алмасу процесі жұмысқа кірісер алдында, тамақты 
көргенде, ал спортсмендерде жарысқа шығар алдында күшейе түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет