Жануарлар дүниесінің даму сатысына байланысты, ас қорыту органдары күрделене бастайды. Ас
қорыту түтігі пайда болып, бірте-бірте оның жеке бөлімдері дамиды. Мысалы, шайнау аппараттары, ас
қорыту сөлін белетін бездер, олардың тамырлары т. б. белімдері пайда болады.
Тамақ заттары енді клеткадан тыс, ас қорыту каналының ішінде қорытыла бастайды.
Қлеткадан тыс астың қорытылуы бір-бірімен
өте тығыз байланысты, физиологиялық күрделі үш
процестен тұрады: 1) ас қорыту каналының қозғалысы, 2) ас қорыту каналының секреторлық қызметі, 3)
астың сіңірілуі.
Ас қ о р ы т у с ө л д е р і ж ә н е оның ф е р м е н т тері. Ас қорыту сөлдері ас қорыту жолына
орналасқан бездерден бөлініп шығады. Ас қорыту сөлінің құрамында су, минерал тұздары және аздаған
органикалық заттардың қоспасы болады. Сөлдің ең негізгі құрам бөлігі — ферменттер. Олар тамақ
заттарының құрамындағы белок,
углевод және майларды қанға, лимфаға сіңетіндей дәрежеге дейін
химиялық жолмен ыдыратады. Сөлдердің құрамындағы су және сілекей тамақ заттарын сулап,
шырыштандырып, олардың механикалық жолмен қорытылуына, әрі ас
қорыту жолымен ілгері қарай
жылжуына мүмкіндік туғызады.
Асты қорытатын ферменттер биологиялық катализатор қызметін атқарады. Ол химиялық
реакцияларды жылдамдатады немесе баяулатады. Ферменттер катализдік рольді — заттардың ыдырауы
уақытымен қатар, ыдыраған заттардан қайтадан жаңа қосылыс түзгенде де атқарады. Әрбір ферменттер
белгілі бір химиялық құрамдьі затқа әсер етеді. Ферменттерді қыздырса
ыдырайды және әрбір фермент
белгілі бір ортада ғана (сілтілі, қышқыл немесе нейтральды) әсер етеді.
Барлық ас қорыту ферменттері гидролаза тобына жатады, себебі Н және ОН' иондарын қосып,
заттарды су ерітіндісі күйіне айналдырады. Ас қорыту ферменттері үш топқа бөлінеді:
1. Амилаза ферменттері углеводтарды, крахмалды ыдыратады.
6. Протеаза ферменттері белок — протеинді ыдыратады.
7. Липаза ферменттері майларды, липоидтарды ыдыратады.
Достарыңызбен бөлісу: