қышқылының (АТФ) құрамында кездесуінің үлкен мәні бар.
Жоғарыда айтып кеткендей, кальцийдің өзі
сүйекте негізінен фосфор қышқылдарының тұздары түрінде болады. Олай болса,
организмде жалғыз
кальций ғана болып, бірақ фосфор жетіспесе де, сүйек дұрыс өспейді. Бір тәулікте адам тамақ арқылы 1—2 г
фосфор қабылдауы тиіс.
Т е м і р. Организмдегі темірдің барлығы органикалық қосылыстардың құрамында кездеседі. Бүл
қосылыстар белоктармен комплекс түзеді. Темір гемоглобиннің, миоглобиннің,
тотығу-тотықсыздану
реакцияларына қатысатын ферменттер — каталаза, пероксидаза және цитохром сиякты ферменттердің
қүрамына - кіреді.
Сондықтан оттегін тасуға, тотығу процестеріне қатысады. Бір тәуліктегі оған
қажеттілік— 10—30 мг, егер организмге одан артық түссе бауырда қорға жинала алады. Емшектегі бала
іште даму кезіндегі жиналған темірді пайдаланады. Бұл жоғарыда айтқан элементтерден басқа, организмнің
барлық тіршілік әрекеттері дүрыс іске асу үшін аз мөлшерде болса да, басқа да элементтерді сөзсіз аспен
бірге қабылдау керек. Мысалы, организмде йод жетіспесе, зат алмасуда
маңызы зор қалқанша бездің
қызметі бұзылады. Ал егер мыс, марганец жетіспесе тотығу-тотықсыздану реакциялары бұзылады; кобальт-
витамин Ві
2
-нің құрамына кіреді, ендеше оның аздығы қан аздылық ауруына ұшыратады. Цинк-инсулин мен
жыныс гормондарын синтездеуге қатысады т. с. с.
Достарыңызбен бөлісу: