Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары


Зат алмасу процесінің соңғы өнімдері



Pdf көрінісі
бет62/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   77
Байланысты:
Лекция Такырыбы П нге кіріспе Жоспары Физиология п ні, бас а с

Зат алмасу процесінің соңғы өнімдері 
Жануарлар дүниесінің өкілдерінде зат алмасу процесі бірдей жүрмегендіктен, оның соңғы ыдырау 
өнімдерінде айырмашылық болады. 
Углеводтар мен майлардың диссимиляциясында көмір қышқыл газы, сумен қатар толық тотықпау 
нәтижесінде жаңа органикалық қышқылдар пайда болады. Мысалы, қымыздық, сүт, ацетон-сірке т. б. 
қышқылдар, сонымен қатар альдегидтер, кетондар түзіледі. 
Жануарлардың түрлі топтары өкілдерінде осы түзілген заттардың әрқайсысы әр түрлі мөлшерде 
шығарылады. Мысалы, дені сау адамда ыдыраудың зиянды өнімдері өте аз түзіледі, себебі углеводтар мен 
майлар адам организмінде толық тотығады. 
Белок алмасу процесінің ыдырау өнімдері әр түрлі жануарлар тобында әр қилы болады. Оларда әр түрлі 
мөлшерде көмір қышқыл газы және сумен қатар аммиак, мочевина несеп қышқылы, креатинин, тағы басқа 
қүрамында азоты бар заттар пайда болады. Оның ішінде қорғағыш синтез нәтижесінде улы бензой 
қышқылы сүтқоректілерде гиппур қышқылына айналып, несеп арқылы организмнен шығарылады, ал ол 
құстарда — орнитур қышқылына айналады. Белок алмасу процесінің соңғы ыдырау өнімдеріне — 
құрамында күкірті бар органикалық заттар да жатады. Мысалы, құстарда — сульфаттар, ал сүтқоректілерде 
күкірт қышқылы т. б. 
Зат алмасу процесінің соңғы ыдырау өнімдерінің түрлері (әсіресе азот алмасуда) жануарлардың өмір 
сүріп тұрған орталығына байланысты. Амин қышқылдарының дезаминденуінде бөлінген аммиак өте 
қауіпті улы зат, оргапизмнен дереу шығарылып тасталуы қажет. Суда өмір сүретін жануарлар 
организмінде пайда болған азот аммиак күйінде сыртқа шығарылады. Теңіз суында тіршілік ететін 
омыртқасыздар денесінің сыртқы қабығы арқылы сумен бірге азотты заттар сыртқа жақсы өтеді. Оларда 
азотты заттардың көпшілігі аммиак түрінде диффузия жолымен организмнен шығарыла алады. Тұщы суды 
мекендейтін жануарлардың (омыртқасыздар және сүйекті балықтар) ішкі сұйық ортасының осмос қысымы, 
сыртқы тіршілік етіп тұрған ортасынан жоғары болғандықтан, шала өткізгіш — сыртқы қабығы арқылы су 
организмге үздіксіз өтіп отырады. Ал экскреторлық қабықшалар арқылы өткен сумен бірге аммиак және 
басқа экскреция заттары шығарылады. 
Теңіз балықтарында да аммиактың концентрациясы ішкі сұйық ортада көбеймейді, өйткені сүйекті 
балықтарда үшметиламин, ал шеміршекті балықтарда мочевина сияқты усыз қосылыстарға айналады. Қос 
тынысты балықтарда су мөлшері жеткілікті болса, суға аммиакты өте көп бөледі, ал су жеткіліксіз болса 
мочевина синтездейді. 
Құрлық жануарлары суды көп қабылдап және шығара алмағандықтан, олардың организмінің сұйық 
ортасында зат алмасу процесінің құрамында азоты бар ыдырау өнімдерінің концентрациясы артады. 
Олардың организмінен азот көбіне мочевина күйінде бөлініп шығады. Насекомдарда, құстарда және 
бауырымен жорғалаушылардың көпшілігінде азот негізінен несеп қышқылы күйінде сыртқа шңғарылады. 
Мұндай айырмашылық олардың эмбриональдық даму жағдайымен байланысты. Жыланның, кесірткенің 
және құстардың жұмыртқасының қабықтары суды өткізбейді, сондықтан да ондағы зат алмасу процесінің 
ыдырау өнімдері сыртқа шығарылмайды. Осы жағдайда егер аммиак суда жақсы еритін мочевинаға 
айналса, жұмыртқаның ішінде мочевина концентрациясының кобеюіне байланысты осмос қысымы 
жоғарылап, тіршілік процесі қиындар еді. Сол себептен оларда аммиак несеп қышқылына айналады, 
өйткені несеп қышқылы суда ерімейді, аллантоиста кристалл күйінде жинала береді. Зат алмасу процесінің 
ыдырау өнімдерінің мұндай жолмен шығарылуы, жануарлар үлкейгенде де сақталады. 
Тіпті бірқатар омыртқасыздарда тіршілік процесінде бөлінген несеп қышқылды натрийді өзінде 
жинайтын клеткалар да бар. Кейбір ұлуларда мұндай клеткалар оның денесінде шашырай орналасады. 
Капуста көбелегінде несеп қышқылы ақ тозаң күйінде қанаттарында жиналады. 


Сүтқоректілерде эмбриональдық даму процесінде де, үлкейгеннен кейін де көбіне мочевина жасалады. 
Ұрықта жасалған мочевина анасының организміндегі су алмасу процесі арцылы, ал туғаннан соң арнаулы 
шығару органдары (бүйрек, тері т. б.) арқылы шығарылады. 
Қорытып айтқанда, зат алмасу процесінің соңғы ыдырау өнімдері организмнің өмір сүретін 
биологиялық табиғи орталығына байланысты екенін көреміз. 
Ш ы ғ а р у о р г а н д а р ы н ы ң қ ы с қ а ш а зволюциясы. Бір клеткалы организмдерде 
экскреция қызметін жиырылғыш вакуольдер, атқарады. Ал төменгі сатыдағы көп клеткалыларда бір жағы 
тұйық, екінші жағы сыртқа шығатын каналға жалғасатын, тарамдалған түтіктер системасы атқарады. 
Насекомдарда бүйрек ролін ішек каналына құятын мальпигий түтіктері атқарады. . 
Төменгі сатылы омыртқалыларда иректелген түтік системасынан түратын алғашқы бүйрек дене 
қуысына ашылатын воронкаға барып жалғасады. Воронка қасында қан тамырларының шумағы орналасады. 
Балықтарда каналдың бір жағы тұйықталып, ішіне вена тамырлары кіреді. Эволюция процесінде кейбір 
балықтарда «тұщы су бүйрегі» пайда болған, онда плазманың сүзілуінен су және кейбір басқа да керекті 
заттар қанға кері сіңеді. Құстарда бүйректің қан тамырларының шумағында капилляр торының тарамдалуы 
нашар дамыған. Оларда несеп канал арқыды клоакаға шығарылады. Сүтқоректілерде бүйректің қан 
тамырлар шумағы өте жоғары дамыған. Бүйректегі каналдарда су және басқа организмге керекті заттар 
қанға кері сіңеді. 
С ү т қ о р е к т і л е р
б ү й р е г і н і ң
қ ұ р ы л ы с ы .
Жоғары 
сатыдағы 
омыртқалы 
жануарлардың несеп шығару системасы екі бүйрек және олардан шығатын екі несеп ағар, қуықтан тұрады. 
Қуықта несеп белгілі бір мөлшерге келгенше жиналып, несеп шығаратын канал арқылы сыртқа 
шығарылады. 
Сүтқоректілердің бүйрегі өте күрделі құрылысты орган. Ол екі қабаттан түрады . 
1) Сыртқы қыртыс қабаты. 
2) Ішкі ми қабаты. 
Қыртыс қабатын бір типті структуралы нефрондар алып жатады. Олардың құрамына ішінде капилляр 
шумағы (мальпигий шумағы) бар капсула кіреді (Шумлянский-Боумен капсуласы). Капсула тостағанша 
тәрізді болып келеді, сөйтіп бір қатар эпителий клеткаларынан түратын қос қабырғалы болады. Екі 
қабырғаның арасында кеңістік бар. Ішкі қабырғасы капиллярлардың шумағымен тығыз жанасып сүзгіш 
мембрананы жасайды. Капсуланың ішкі және сыртқы қабатының арасындағы кеңістікке шумақтың 
капилляр тамырларының қабырғасы арқылы сүзіліп шыққан сұйықтық жиналады. 
Капсуланың қысқа мойыны бірінші қатардағы ирек каналға жалғасады. Кеңістікте сүзіліп жиналған 
сұйықтық бұл ирек каналдар арқылы өтіп, одан әрі оның ми қабатындағы жалғасы — тура каналға түседі. 
Тура канал жіңішкеріп төмен қарай созылады, каналдың осы бөлегін Генле ілгегінің төмен кететін иіні 
(проксимальдық каналша) деп атайды. Қалың ми қабатының аяқталар жерінде бұл тура канал ілгек тәрізді 
бұрылып қайта кеңейіп, қыртыс қабатына қарай жоғары көтеріледі. Каналдың бұл бөлімін Генле ілгегінің 
жоғары кететін иіні (дистальдық каналша) деп атайды. Жоғары шыққан тура канал қыртыс қабатта екінші 
қатардағы иректелген каналға айналады. Өте қысқа байланыстырғыш бөлімі арқылы бұл канал жинағыш 
түтікке жалғасады. Жинағыш түтіктер емізікше тәрізді түтіктерге жақындағанда өзара байланысып, ішіндегі 
сұйықтықты емізікшеге құяды. Емізікше түтіктері бүйрек астаушасына жалғасады. Нефронды біріңші рет 
1782 жылы А. М. Ш у м л я н с к и й сипаттады. 
Суреттелген «әдеттегі» («кәдімгі») нефрондардан басқа түгелдей дерлік ақшыл ми тәрізді затта 
жататын басқа да нефрондар бар. Олардың шумақтары қыртыс және ми тәрізді заттардың щекарасында 
(кортико-медуллярлық зонада) жатады, ал Генле ілгегі бүйрек астаушасына іргелеседі. Мұндай 
нефрондарды ю к с т а м е д у л л я р л ы қ деп атайды. Бүйректе «әдеттегі» нефронның дистальды ирек 
каналшасы өзінің сосудты шумағының полюсіне іргелес орналасады. Қаналшаның бұл бөлімін қалыңдақ 
(тасиlа dепsа) деп атайды. Міне осы жерде әкелгіш артериолдық да қабырғасы өзгерген болады, сейтіп ол 
полярлық жастықша, немесе периваскулярлық манжета деп аталатын қалыңданған бөлімдер түзеді. 
Көптеген зерттеушілердің пікірінше осы юкстагломерулярлық аппарат (ЮГА) делінетін жерде ренин 
гормоны жасалады. ЮГА клеткаларында жасалатын заттар альдостерон секрециясын күшейтіп, натрий 
иондарының дистальды бөлімдегі реабсорбциясына қатысады. ЮГА клеткаларының антогонисі ретінде 
бүйректің ми тәрізді затындағы интерстиция клеткаларында жасалатын гормондар (простагландиндер) 
қызмет етеді (антигипертензиялық әрекет) және электролиттер мен судың алмасуына әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет