Ас қорыту органдарынан шығарылатын қалдық заттар қүрамында,
қорытылмай қалған тамақ
заттарымен қатар, зат алмасу процесінің ыдырау өнімдері де болады. Сондай-ақ ас қорыту органдары
организмге түскен бояу, әр түрлі дәрі-дәрмек заттарында қоса шығарады.
Өкпенің, сілекей бездерінің, қарынның, терінің, бауырдың және ішектің шығару қызметінің арқасында
организмнің ішкі ортасының тұрақтылығы сақталады.
Зат алмасу процесінің соңында пайда болған ыдырау өнімдерінің көбісі оның судағы ерітіндісі күйінде
сыртқа бөлінеді. Оны несеп (зәр) деп атайды. Тек газ алмасу процесінің нәтижесінде пайда болған өнімдер
газ күйінде өкпе арқылы организмнен бөлініп шығарылады.
Организмдегі тіршілік процестері су мен минерал заттарының мөлшері қажетті шамада болса ғана
физиологиялық қалыпты жағдайда жүреді. Осы көрсетілген физиологиялық нормадан су мен минерал
тұздардың мөлшері азды-көпті ауытқыса, организмнің ішкі сұйық ортасы — қан, лимфа және ткань аралық
сұйықтықтың құрамы, оның физикалық және химиялық қасиеттері өзгереді. Мысалы,
қанның реакциясы,
оның осмос қысымы т. б. өзгерістерге ұшырайды.
Жоғары сатыдағы жануарларда сыртқа шығару органдарының (омыртқалыларда бүйректің) экскреция
процесі, зат алмасу процесінің соңғы ыдырау өнімдерін шығарумен қатар, пайда болған улы заттарды
зиянсыздайды, организмнің рН реакциясын белгілі бір шамада сақтап, осмос қысымының тұрақты болуына
себін тигізеді. Адамның терісі арқылы тердің құрамымен — хлорлы натрий, басқа да минерал заттары, сол
сияқты зат алмасу процесінде пайда болған, құрамында азоты бар және азоты жоқ ыдырау өнімдері, өте аз
мөлшерде ас қорыту жолдарының кілегей қабығында, без органдарында, әсіресе бауырда жасалатын кейбір
органикалық заттар да шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: