361
ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ
исследований, направления философских поисков стали более
разнообразными и многовекторными, появилась возможность
разрабатывать казахскую философию посредством рефлексии
над национальной мыслительной традицией, стала изучаться
тюркская философия. Каждая эпоха предлагает свой ответ на
«вечные вопросы» бытия, но нет «вечных ответов» на них. Мы
должны каждый раз искать их сами, как бы ни были ограниче-
ны наши возможности и силы. Казахская философия хранит этот
интеллектуальный духовный опыт, но не как музейную релик-
вию, а как основу сегодняшней мысли, как такое прошлое, без
которого нельзя глубоко и основательно осмыслить настоящее и
извлечь уроки на будущее.
Литература
1 Абдильдин Ж. Собрание сочинений в пяти томах. Том V. – Алматы:
Өнер, 2001.
2 Послание Президента Республики Казахстан – Лидера нации Н.А.
Назарбаева народу Казахстана «Стратегия «Казахстан-2050»: новый
политический курс состоявшегося государства» (Астана, 14 декабря
2012 г.). Материалы мероприятий, посвященных обсуждению Посла-
ния Главы государства / Отв. ред. Б.К. Султанов/ – Алматы: КИСИ
при Президенте РК, 2013.
I Қазақстандық философиялық Конгресс
362
ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
ҰЛТТЫҚ РУХАНИ МҰРА ЖӘНЕ
ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ
Жақып АЛТАЕВ
(Алматы)
Халқымыздың ұлттық болмысындағы ескерілмей, еленбей
келген қасиеттердің қаншалықты көп екеніне біз қазір жаңаша
ойлау процесінің нәтижесінде көп нәрсеге қайта оралып,
өткенімізге үлкен мән беру керектігін түсініп отырмыз. Өткен та-
рихымызды білмей бүгінгі күннің қадіріне жету, болашақты бол-
жай білу өте қиын. Адамзаттың жинақтаған рухани байлағының
қоры ұшан-теңіз. Адамзат жасаған бұл рухани байлықтар қазіргі
таңда да өз құнын жойған жоқ. Бұлардың бәрі – баршаға ортақ
қазына. Сол мәдени асыл мұраларды зерттеу, танып білу, бағалай
білу – қазіргі ұрпақтың абыройлы да азаматтық, ұлттық парызы
деп білеміз.
Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып
келді. Қазақ топырағының көкірегі ояу, көзі ашық ойшыл та-
лай азаматтары бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп,
өз еңбектерін көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына
қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары да аз
емес. Солардың бірі бәрімізге танымал ұлы жерлесіміз Әбу Наср
әл-Фараби (870–950). Оның көптеген шығармалары қадым за-
маннан күні бүгінге дейін латын, испан, иврит, неміс, ағылшын,
француз, орыс, қазақ және де басқа тілдерге аударылып келеді.
Сондықтан әл-Фараби тәрізді тамаша да ерекше тұлға тура-
лы, оның дүние жүзілік мәдениетке қалдырған мұрасы тура-
лы, бұл мұраның рөлі туралы сөз болғанда, тарихи-перспекти-
ваны сақтаудың маңызы аса зор. Мұны соншалықты бір жаңа
идеялардың бастамасына айналдырудың ешбір қажеті жоқ. Әл-
Фараби өз заманының перзенті екендігін біз түсінуге тиіспіз.
Біз көп жағдайда әл-Фараби мен Жүсіп Баласағұннан кейін
болған рухани сабақтастықты үзіп алып, ХІХ ғасырдағы қазақ
ағартушыларына ғана сүйеніп келдік. Мұның басты себебі – бір
жағынан, ауыз әдебиетінен басқа жазып қалдырылған архив
I Казахстанский философский Конгресс
363
ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ
материалдарының тапшылығынан десек, екінші жағынан, Қазан
төңкерісіне дейінгі халқымыздың басым көпшілігінің оқи, жаза
білмегендігі. Ал Кеңес өкіметінің Ұлы Отан соғысына дейінгі
кезеңінде оларды зерттейтін маман кадрларымыздың саны аз бол-
ды. Оларды тереңірек зерттеу ісіне тек соғыстан кейінгі кездер-
де мүмкіндік туды. Белгілі шығыстанушы ғалым Ә. Дербісалиев
өзінің «Жылғадан басталған дария», «Отырарлық екі жұлдыз»
атты ғылыми еңбектерінде X–XVI ғасырларда қазақ даласынан
шыққан ғалымдар мен ойшылдар, ақындар мен әдебиетшілер
жайлы баяндайтын соны дерек, тың мағлұматтар берді. Онда Әбу
Наср әл-Фарабиден (870-950) бастап ХІ ғасыр ғалымдары: Исхақ
әл-Фарабидің, Исмаил әл-Жауһаридің, Ахмад әл-Исфиджабидің,
Әбу әл-Хасан, Әли әл-Исфиджабидің, Бурһан ад-Дин Ахмад әл-
Фарабидің, Абу Алла Мухаммед бин Муса әл-Баласағұнның, Мах-
муд бин Әли ат-Таразидің, Әбу Таһир Мухаммад ат-Таразидің,
Абд әл-Ғафур әл-Кердеридің, сондай-ақ ХІІ ғасыр ғалымдары:
Мухаммад әл-Кердеридің, Имад ад-Дин Әбу Қасым әл-Фарабидің
(1130-1210), Махмуд әл-Фараби, Байлақ әл-Қыпшақи, Хусам ад-
Дин әл-Хусейн ас-Сығнақидің, XIV–XV ғасырларда өмір сүрген
Хафиз ад-Дин Мухаммад әл-Кердеридің, Исмаил әл-Хусайни әл-
Фарабидің, Дауд ат-Түрксіанидің, Хасан Әли Жалайыридің (XVI
ғасырда өмір сүрген), Ахмад Әли әл-Қазақидің (шамамен ХІХ
ғасырда өмір сүрсе керек) аттары аталады. Міне көріп отырсыз-
дар Х–ХІХ ғасыр аралығында қаншама қазақ ойшылдарының
еңбектерін зерттеуміз қажет. Себебі кейінгі ұрпаққа қалдырып
кеткен. Мұның бәрі ашылмаған кітаптың беттері сияқты. Біздің
парызымыз осыларды танып білу.
Әбу Наср әл-Фарабидің жеке басының өмір жолы, сірә, дүние
жүзілік тарихтың логикасымен бір жерлерде барып тоғысатын
болар. Осындай тоғысушылық болмайынша оның творчество-
сының ала бөтен ерекшеліктері түсініксіз болып қалуы да ықти-
мал. Амал нешік, оның өмірбаяны жөніндегі мәліметтер өте
аз. Ол өзі түркі тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны
мәлім, бұған дәлел – оның толық аты-жөнінде «тархан» деген
атаудың болуы. Ол 870 жылы Отырар қаласында дүниеге келді.
Фарабидің толық аты-жөні − Әбу Наср Мухаммед Ибн Мухам-
мед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби, яғни өз ныспысы Му-
I Қазақстандық философиялық Конгресс
364
ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
хаммед, әкесі Мухаммед, оның әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан.
Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Бараба-
Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Наср Фараби, яғни
Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Кейде оны жай ғана «Тар-
хани» деп те атайды.
Әл-Фараби Аристотельдің, әл-Киндидің ізін қуып, философия
мен ғылымның барлық салалары бойынша үлкен жетістіктерге
жетеді. Ол 150-160-қа тарта ірілі-ұсақты ғылыми еңбектер
жазған.
Әл-Фараби философия саласы бойынша Аристотельдің «Ка-
тегориялар», «Метафизика», «Герменевтика», «Риторика», «По-
этика», бірінші және екінші «Аналитика», «топикасы» мен «Со-
фистикасына» түсініктемелер жазған. Ол еңбектері күні бүгінге
дейін де мән-маңызын жоғалтқан жоқ.
Сондықтан да ХІ ғасырда өмір сүрген әл-Фарабидің ізін қуушы
атақты Ибн-Сина (980-1037) тек Әбу Насыр түсініктемелері
арқылы ғана Аристотель еңбектерінің ойын ұғып, қуанғаннан
қайыршыларға садақа үлестіріпті-міс деген қауесет бар.
Анығырақ айтсақ, Аристотель шығармалары сол кездің өзінде-
ақ араб тіліне аударылып үлгерген. Араб шығысында Арис-
тотельдің кейбір құнды ойлары бұрмаланып көрсетілді. Бірақ
көп еңбектері тәржімаланбағандықтан ұлы грек философының
ойын түсіну қиын болды. Сондықтан да көп тілдерді жетік білген
әл-Фараби Аристотель шығармаларына араб тілінде түсіндірме
жазуды ұйғарды. Сөйтіп, ол ұлы философтың мұраларын,
жаңсақ пікірлерден тазартып өз қалпында дұрыс түсіндіре білді,
сөйтіп өзінің бірінші ұстазға деген ғылыми саласындағы үлкен
адамгершілік, азаматтық іс-әрекетпен таныта білді. Сондықтан
да шығыс философтары оны «Ал муллим ас-саны» − «Екінші
ұстаз» деп атаған.
Әл-Фарабидің дүниеге көзқарасына жалпы баға бере отырып,
шығысты зертеуші ірі ғалым А. Мецтің: «мутазалиттер араб фи-
лософиясына өзіне тән ерекше бағыт береді, бұл бағыт құдайдың
мәні және атрибуты туралы өздерінің дерексіз зерттеулерімен
Спинозаның іліміне, ол арқылы – бізге тигізді», − дейді [1].
Аристотельдің «Никомахтың этикасында» (І-кітап §1) келті-
рілген схемасын негізге ала отырып, әл-Фараби философияны
I Казахстанский философский Конгресс
365
ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ
теориялық және практикалық деп екіге бөледі. Теориялық фило-
софия өзгермейтін тұрақты заттарды, практикалық философия
өзгертуге болатын заттарды зертейді. Философия әл-Фарабидің
білуінше, адамда ғана болатын «ерекше» игілік-ақыл-парасат
арқылы меңгеріледі. Ақыл-парасаттық қызметі қалай болса со-
лай бет алды жүргізілмеуге тиіс, онда мақсатшылдық сипат бо-
лады, оның негізін логика өнері қарастыратын ойлаудың дұрыс
әдістері құрады. Әл-Фарабидің атап көрсетуінше, адам өзінің
бақытқа жету жолын логикадан бастаған жөн.
Ғылым мен өнердің өрістеу кезеңі Аббасия халифатындағы
саяси күрес жағдайында өтіп жатты. Бұл кезде ел билеген әулет-
тер бірін-бірі ауыстырып тұрады, белгілі бір халифаттың тақ-
қа отыруы кейде кездейсоқ адамдарға байланысты болды. Әл-
Фараби сияқты кең білімді дана адам өз тереңінде болып жатқан
әлеуметтік құбылыстар жайында белгілі бір пікір айтпай оты-
ра алмайды. Себебі Аббасия халифатында саяси ыдырау бас-
талды, мұның салдарынан әдет-ғұрып, салт-жоралар азғындап,
мұның өзі қоғамдық өмірдің негізін шайқалтты. Өз заманындағы
әлеуметтік қайшылықтардан құтқарарлық жол көрсетуге ты-
рысып, қоғамның өзіндік моделін – «жан-жақты жетілген»
адамдардың «қайырымды қаласын» ұсынды. Мұндағы «қала»
деп отырғаны – мемлекет. Әл-Фарабидің әлеуметтік этикалық
трактаттары оның қоғамға, әкімнің жеке адамдардың ролі мен
міндеттеріне деген көзқарасын ұсынуға және олардың қандай
болуын тілегенін көрсетеді.
Әлеуметтік-этикалық көзқарастарды зерттегенде әл-Фараби
грек ойшылдары Аристотель мен Платонның ықпалында бол-
ды. Әлеуметтік көзқарастар саласында Платонның, этикалық
көзқарастар саласында Аристотельдің ықпалы басым болды.
Біз белгілі шығыстанушы ғалым Ә. Дербісәлінің еңбегі бой-
ынша отырарлық ұлы жерлесіміз Әбу Наср әл-Фарабиден кейін-
гі осы өлкеден шыққан тағы бір ұлы тұлға – Имад ад-Дин Әбу-
л-Қасым әл-Фарабиді (1130–1210) тұңғыш рет біліп отырмыз.
Қазақ жерінің осынау зиялы ғалымын белгілі тюрколог Н.Ф. Ка-
танов (1862–1922) отырарлық еді деп жазады [2].
Имад ад-Дин Әбу-л-Қасым кейбір мағлұматтарды 1210, ал
енді бірінде 1220 жылы қайтыс болған деп көрсетілген. Соған
I Қазақстандық философиялық Конгресс
366
ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
қарағанда ол моңғол шапқыншылары Отырарды қиратар алдын-
да ғана қайтыс болған сияқты.
Шығыстанушы ғалым Ә. Дербісәлінің айтуынша Әли бин
Махмуд ар-Раид әл-Бадахшани (XIV) атты ғалым, яки хаттат
(каллиграф) арқысында жеткен. Жерлес ғұламаның аталған
шығармасының көлемі үлкен. Ал бадахшандық оқымысты оны
қысқаша мазмұндап шыққан. Оның ықшамдаған осы нұсқасын
ориенталист И.Ф. Готволод 1851 жылы қазанда бастырған.
Имад ад-Дин Әбу-л-Қасым әл-Фараби «Халисаоту-л-
хуласасы» ақын мен ғылым, иман мен ислам, ниет пен әдет,
ашу мен ұят, үлкенді силау, кешірімшіл болу, жомарттық пен
сараңдық, кедейлік пен байлық, әділдік пен жауыздық, парасат-
тылық, ашкөздік пен күншілдік секілді толып жатқан моральдық
күрделі мәселелерді сөз етеді. Ол үлкенді-кішілі елу тарауға
бөлінген. Автор сондай-ақ ғылым, білімді игеру, ғалымдарды
құрметтеу сауысқандай сақ, ауызды бағып сөйлеу, отбасының
берекесі, баланы жақсы азамат етіп тәрбиелеудің маңызы, со-
нымен қатар пайдакүнемдіктің жексұрындығы, әйел қауымын
құрметтеу секілді тәлім-тәрбиелік мәні бар тағыда басқа мәселе-
лерді сөз етеді. Шығарманың композициясы мен баяндау
тәсілі ортағасырдың классикалық араб әдебиетінің үздік інжу-
маржандарын еске салады. Дегенмен, онда тек тәлім-тәрбие
проблемалары ғана емес, сондай-ақ құран мен хадистен алынған
түрлі тарихи мифологиялық сюжет желілері де жиі ұшырасады.
Отырарлық ғалым еңбегі кезінде шығыстанушылар Х.Л. Флей-
тер (1861–1883), Г.Л. Флигель (1802–1870), К. Брокельман (1869–
1856), Ш. Стори (1888–1967) секілді т. б. ориенталист ғалымдар
назарын аударған. Араб тілінде жазылған бұл трактат күні бүгінге
дейін зерттелген жоқ. Шығарманың түрлі нұсқаулары Берлин,
Вена, Каир, Калькутта іспетті қалалардың кітапханаларында
сақтаулы. Отырарлық ұлы жерлесіміз Имад ад-Дин әл-Фараби-
дің өмірі мен қызметі туралы оның көп еңбектері туралы қолы-
мыздағы мағлұматтардың жоқтығынан ол туралы көлемді жазуға
әзірге мүмкіндік болмай тұр. Дегенмен оның мұраларын талмай
іздеу, зерттеу біздердің парызымыз.
Өткен замандардың әйгілі мәдени ескерткіштері адамзат ру-
хынан түзілген мөлдір қабаттарға жатады. Қазіргі дәуірде адам-
I Казахстанский философский Конгресс
367
ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ
зат қауымы адамгершілік атаулыдан жинақталған тәжірбиені
мүмкіндігінше толық игеруге оны бөлшектеуге, қиратуға
бағытталған күштерге қарсы қоюға ұмтылып отырған кезеңді
басынан кешіруде. Кезінде біздің ата-бабаларымыз да біз секілді
«бақыт деген не?», «Адамгершілік, адалдық, әділдік, даналық де-
ген не?» деген секілді мәңгілік сұрауларды қабырғасынан қойған
болатын. Солардың бірі «Құдадғу білік» поэмасының авторы
Жүсіп Баласағұн еді. Әрине, оның өзіне ғана белгілі өз әлемі бол-
ды. Ол оны басқаларға үрім-бұтағына біздерге сыйлағысы келді.
Жүсіп өз заманындағы ірі тұлға болғаны сөзсіз. Баласағұнның
дүниеден өткеніне 900 жыл болса да, оның туындыларының
өміршеңдігін, біздің ақыл-ой санамызда, көңілімізде қанағат
сезімін тудыратынын айта аламыз.
Сондықтан да кез келген аймақ, әрбір халық өз тарихына
үңіліп, ондағы бірінші дәрежелі жұлдыздар тізіміне енетін, яғни
ешқашан мәнін жоймайтын, жалпыға ортақ, мәдени игіліктер
тізіміне енетін дүниелерді қайта қарап, саралауға тиісті. Олай
болса, «Мың бір түн», «Шах-наме», «Жолбарыс терісін жамылған
батыр» секілді әлемдік әдебиет үлгілерімен қатар «Құтадғу
білікті» де өз мойнына мәдени эстетикалық байлық жинақтаған
қазына деп айта аламыз. Сонымен бірге, Жүсіптің поэмасы
көне түркілердің тілдік сана-сезімі өрлеуінің белгісі болған
маңызы зор ескерткіш. Біртұтас үлкен тілдік отбасының өкілдері
Жүсіп Баласағұнмен өздерінің туыстығын білдіре алады. Бұл
жерде қырғыздарды, ұйғырларды, түркімендерді, қазақтарды,
әзербайжандар мен түріктерді атауға болады. Мәдени-саяси
және этникалық жіктердің тарихы өзгерткіштеріне, мәдениеттер,
тілдер тағдырына үндестік туыстыққа, миграцияларға байланыс-
ты ұсақ-түйек детальдарды қазбаламай, географиялық көзқарас
тұрғысынан қарастырған кезде Жүсіп Баласағұнның қырғыз
және қазақ халықтарына жақынырақ екені білінеді. «Манас»
пен «Құтадғу білік» арасында айқын ұқсастықтар бар. Жүсіптің
дүниетанымында философиялық, шамандық, исламдық – 3 са-
рын бар. Ол бірдей поэтикалық дәстүрден парсы-тәжік (Рудаки,
Фердауси) және түркі (жазба және ауызша) дәстүрінен нәр алады.
«Үлкен уақыт дегеніміз – шексіз, шетсіз аяқталмайтын диа-
лог, бұл диалогтарда бірде-бір мән мағына өлмейді» [3] сонымен
I Қазақстандық философиялық Конгресс
368
ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
бірге мұнда өз уақытына қарағанда интенсивтірек, толығырақ
ғұмыр кешу мүмкіндігі бар.
Үлкен уақыт деңгейінде жекеленген мәдениет құбылыстары-
нан халықтар мен ұлыстардың, жекелеген мәдениеттердің
ғасырлар мен мыңжылдықтардағы өзара түсінісуіне адамзат
мәдениетінің күрделі бірлігіне көшу перспективасы ашылды.
Орта Азия халықтары әдебиетіне іштей және сырттай әсер
еткен байланыстарды ескере отырып, Н. Конрад: «Орта Азия
халықтарының мәдениеті, оның ішінде әдебиеті де орта ғасыр-
лардағы Иран және Түркі халықтары мәдениетімен олардың
өз заманында жалпы әлемдік әдебиет атауының шыңы болып
санаған бай әдебиеті мен тарихи тұрғыдан байланысты бол-
са, өз кезегінде бұл халықтардың мәдениеті және араб, үнді
мәдениетімен тығыз байланыста болған», − деп жазды [4].
«Құтадғу біліктің» еуропа әлеміне әйгілі болуы австриялық
шығыстанушы Фон Хаммер Пругштоль есімімен тікелей бай-
ланысты. Ол 1796 Стамбул қаласында аталмыш қол жазбаны
қолға түсіріп, Вена кітапханасына сыйға тартқан болатын.
Еңбекті алғаш рет неміс тілінде жарыққа шығарған белгілі
шығыстанушы Г. Вамбери 1891–1910 жылдары дастанның
түпнұсқасымен қоса, оның немісше аудармасын жариялаған.
В.В. Радлов еңбегінен кейін ғана поэма шын мәнінде ғылыми
тұрғыдан зерттеле басталды.
А.Н. Кононов «Құтадғу білікті» философиялық шығарма
деп атайды. С.Н. Иванов «Дастанның философиялық негіздері
зерттеуді дәл түсіндіруді қажет етеді», − деп ескертеді. Этика
бойынша жазылған кітаптардағы шағын тақырыпшалар, жеке
мақалалар, әрине Жүсіп Баласағұнның рухани байлығын толық
таныта алмайды.
Оның ойшыл суреткер ретіндегі жалпы творчествосына
объективті баға беру міндеті алдымызда тұр. Баласағұн по-
эзиясын біртұтас, соның ішінде философиялық тұрғыдан оқып
тану өз кезегінде орта ғасырлық ойшыл ақынның күрделі ішкі
әлемнің кілтін табуға, оның тереңде жатқан қатпар-қабаттарын
ашуға көпшіліктің тілегі мен ниетінен шығуға көмегін тигізеді.
«Құтадғу білікті» тарихи-мәдени талдау объектісіне айналды-
ру дамудың орта ғасырлық кезеңіндегі түркі халықтарының
I Казахстанский философский Конгресс
369
ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ
қоғамдық ойының тарихын, көркемдік дәстүрлерінің одан әрі
тиянақты зерттелуіне жол ашады.
«Құтадғу білік» дастанның неғұрлым интенсивті толыққанды
өмір кешуі өз кезіндегіден гөрі біздің заманымызда белсендірек
болмақ, себебі оның идеялық мазмұны мен маңызы үлкен тарихи
уақытқа енеді, ол уақыт өткен кезеңнің белгілі бір шектеулігін
жояды да ғасырларға ұластырады. Дастан тек уақыттық өлшем
бойынша шексіз емес, оның көркемдік мазмұндық тереңдігі
мәдениет әлемі үшін шексіз ашық. Бірден тұжырымдап айта кету
керек: Жүсіп Баласағұн Шығыс мәдениетінің жалпы дамуына
үлкен үлес қосқан, дәлірек айтқанда, оның шығармашылығында
шығыс философиясы перипатетизмінің сарыны айқын
аңғарылады. Әңгіме Аристотельден басталып, әл-Фараби, Ибн
Сина жалғастырғандығы туралы болып отыр. «Құтадғу білік»
авторына сол дәстүрдің әсер еткенін неміс шығыс зерттеушісі О.
Альбертс алғаш атап көрсеткен. Біз де принципті және жүйелі
түрде осы пікірдің дұрыстығын қуаттаймыз.
Әдебиеттер
1 Мец А. Мусульманский ренессанс. − М., 1966. – С. 169.
2 Дербісалиев Ә. Имад Ад-дин Әбу-л-Қасым әл-Фараби орта
ғасырдың ойшылы, педагогы // Фараби в диалоге времен. − Алматы,
1991. – С. 90.
3 Бахтин М.М. Эстетика словесного творчества. – М., 1994. − 392 с.
4 Конрад Н. Октябрь и филологические науки // Новый мир. – 1971.
− №1. – С. 214.
I Қазақстандық философиялық Конгресс
370
ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
ИСТОРИКО-ФИЛОСОФСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ
В КАЗАХСТАНЕ: ПРОШЛОЕ И НАСТОЯЩЕЕ
Галия КУРМАНГАЛИЕВА
(Алматы)
Историко-философские исследования имеют принципиаль-
ное значение для развития профессиональной философии в Ка-
захстане, так как определяют уровень философской культуры и
ее возможности в подготовке высококвалифицированных фило-
софских кадров, которые способны воздействовать на процесс
формирования высокоинтеллектуальной нации.
Исследование историко-философского процесса в Казахста-
не как самостоятельное направление в развитии казахстанской
философии сложилось вместе с развитием профессиональной
философии, но имеет историю, не совпадающую по временным
параметрам с длительностью философских исследований в це-
лом по стране. Можно утверждать, что она не столь длительна,
как история философских исследований в целом в стране.
Развитие профессиональной философской науки в Казахста-
не осуществлялось первоначально в рамках марксистско-ленин-
ской философии и определялось ее потребностями. Поэтому
историко-философские исследования, да и сама история филосо-
фии, преимущественным образом понимались как предыстория,
подготовившая возникновение и развитие марксистско-ленин-
ской философии. В ней наиболее значимыми были идеи, пре-
жде всего, ее самой, затем – классической немецкой философии,
трактуемой по большей части в качестве источника марксистско-
ленинской философии, а уж потом всех других философских си-
стем и учений, в которых в той или иной степени можно было
усмотреть ростки или близость будущей «единственно верной
философии».
Поскольку вся история философии была идеологически пред-
ставлена под углом зрения принципов партийности и классо-
вости, постольку историко-философская наука явным образом
ущемлялась, представляя собой ущербное и значительно упро-
I Казахстанский философский Конгресс
Достарыңызбен бөлісу: |