423
ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ
тан адасуға себеп болып, өзінің қызыл-жасыл бояуымен,
баянсыздығымен адам көңілінде көптеген мақсат тілек тудыру-
шы. Хақ дидарын қалаған талаптанушы мен екі ортадағы перде.
Ал, екінші жағынан, дүние-ғалам Құдайдың ғажап ке-
мел сұлулығы сәулеленетін айна, құдайлық ақиқат әлемдегі
идеялардың жүзеге асқан формасы. Бұл дүниедегі заттар мен
құбылыстарды тану арқылы адам олардың астарынан ақиқатты
бағамдайды. Бұл дүниелік заттар талапкерге ақиқат әлемдегі
идеялардың формалары ретінде адамның түпкі отанын еске
салады. Сондықтан, қазақ дүниетанымында бұл дүниелік зат-
тар адамды ақыреттен бөтен қылатын бөгет ретінде де, оған
жақындататын саты ретінде де пайымдалады.
Өз бастауын көне космологиялық түсініктерден алатын жара-
тылыстың төрт негізі ретінде белгілі топырақ, су, от, жел стихия-
лары Ясауи шығармаларында да өзіндік символдық (рәміздік)
жүгін арқалап тұр және діни-мұсылмандық этикалық ғибратқа
ие ұғым түсініктерді белгілейді. Ғаламның жаралуы адамнан
бұрын болғанымен, мақсатты себеп тұрғысынан адам бүкіл
жаратылыстың ішінде бірінші орында. Ясауи шығармаларында
ғалам жаралуы жайлы жүйелі баяндауларға бармайды, жараты-
лыс дүниесіне образды астарлы сипат беру арқылы адамның
моральдық-этикалық жетілуіне көбірек көңіл бөледі. «Топырақ
сипат алу», «Зәмзам болып жер астына ену» т. б. сияқты сөз
тіркестерінің қолданылу ретіне қарай, космологиялық ұғым
түсініктердің байырғы мағыналық негізін сақтай отырып,
негізінен моральдық-этикалық ғибрат беруге бағытталғанын
аңғарамыз.
Топырақ, ауа, су, от алғашқы күйінде формаға ие емес, ол жан-
мен қосылғанда ғана формаға ие болады және бастапқы күйге
мүлдем ұқсамайтын нәрсеге тіршілік иесіне айналады. Мәселен:
қазақ халқы төрт түлік малдың жаратылыс тегін төрт стихия-
мен байланыстырады. Түйе – сордан (минералдан) топырақтан,
жылқы – желден, ауадан, сиыр – судан, қой – оттан жаратылған
деп біледі. Бұл жануарлардың көзге көрінер сыртқы форма-
ларын сипаттауға олардың бұл тектік бастаулары оншалықты
маңызды ақпар бермейді. Бірақ, олардың көзге көмес ішкі си-
паттарын, маңызды қасиеттерін ашу үшін олардың тегін осылай
I Қазақстандық философиялық Конгресс
424
ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
анықтаудың маңызы зор. Жылқы түлігі жүйріктігімен мінген
адамды желпінтер, көңіліне желік берер қасиетке ие. Оның
сүтінен дайындалған сусын қымыздың да адамның көңілін
көтеретін, жеңілдететін қасиеті бар. Ал, «қойдың сүті қорғасын»
дегенде, сол сияқты қой етінен дайындалған тағамның
құнарлылығы оның күш-қуаттың рәмізі отпен сипаттас қасиетін
ашады. Түйе түлігінің көнбістігі мен төзімділігі оның топырақ
сипатын білдіреді.
Көне замандардан бері мифологиялық ой-дүниедегі космоло-
гияның негізгі заңдылықтарының бірі диалектикалық даму
заңдылығы болып табылады.
Мәңгі айналымдағы даму біріне-бірі қарама-қарсы белсенді
және бәсең күштердің (актив және пассив) болуымен байланы-
стырылады. Материалдық дүниенің заттануын төрт стихиямен
байланыстырса (осы төрт стихияның өзі қарама-қайшы қаси-
еттердің қосылуынан пайда болады. Мәселен: құрғақ пен жылу-
дың қосылуы – от береді; суық пен ылғал – суды береді; Жылу
мен ылғал – ауаны береді; құрғақ пен суық – топырақты береді.
Ал, осы төрт бөлшектің бірігуінен бір нәрсе пайда болса,
ыдырауынан жойылады. Жоғарыда космологиялық ілімге негіз
болған түсініктерден аңғаратынымыз, әралуан бөлшектердің
өзара әрекеттестігімен ұштас қасиеттері белгілі бір дәрежеде
рәміздік мағынаға ие. Әрбір жануардың немесе нәрселердің жа-
ратылыс бастауы ретінде белгіленген әрбір стихияның өзіне тән
қасиеттері бар. Ал жануарлар мен нәрселердің де кейбір көмес
қасиеттерін осы стихиялардың қасиеттеріне сай тұспалдап, иша-
рамен біледі, нұсқайды.
Қазақ халқының тұрмысында мал шаруашылығы маңызды
орын алған. Сол малдың әралуан қасиеттерін осы меңзеулер
арқылы ашуға болатынын аңғарамыз. Мәселен сиыр түлігі су
текті болғандықтан («сиыр судан» дегендей), ол суыққа төзімсіз.
Отығып жейтін жұғымды шөбі сулы жердің, өзен бойының, көл
жағасының құрағы. Шөлге төзімсіз. Сиыр суды көрсе аузын ма-
лымай өтпейді дейтін тәмсіл де бар.
Ал түйе топырақ текті болғандықтан («түйе сордан деген-
дей»), ол сортаң шөлейт жердің жайылымына бейімделген,
құрғақшылыққа төзімді.
I Казахстанский философский Конгресс
425
ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ
Ал жылқы жел текті болғандықтан, ол желмен жарысқан
жүйрік, оның жайылымы да жел жайлаған қырат. Ол қыстың бо-
раны мен жауын-шашынына төзімді. Қой от текті, ол құнарлы
шүйгін жайылымды қажет етеді.
Сондай-ақ, осы төрт түсініктің шаруашылыққа байланысты
қасиеттерімен қатар халықтың наным-сенімі мен ритуалдық
салт-жоралғылардағы олардың алатын орны мен оларға теліне-
тін қасиеттерден де осы тектіліктің маңызын аңғарамыз.
«Жерді көк өгіз көтеріп тұр» деген ежелгі мифологиядағы
космологиялық наным жердің астында судың барлығына, құр-
лықтың өзі су бетінде тұр деген білімге меңзейтін символдық
ишара.
Ал қойдың адамның ауруын аластау, жын көшіру т. б.
ритуалдың ырым, жоралғыларда жиі қолданылуы шайтанның
оттан жаралғандығы мен қойдың да от текті болуымен байланы-
сты. Суық тиген адамның бойындағы жел-құздан айыру үшін де
қойдың терісіне салатын халық емі белгілі.
Түйе малының аса киелі саналып, пайғамбарлардың, әулие-
лердің көлігі болуы түйенің топырақ текті жануар болуы-
мен байланысты деуге болады. Қазақ тарихындағы халық аса
құрметтеген, әулие тұтқан Абылай хан, Райымбек батыр сияқты
адамдарының киелі түйесі болуы осының бір айғағы. Осы мы-
салдардан аңғарғанымыздай, космологиялық ұғымдардағы нәр-
сенің тегін белгілеу оны тура мағынасында түсінуге емес, оны
символдық (рәміздік) меңзеу деп қана түсініп, оның астарындағы
сырлы мағынасына үңілуді қажет етеді. Тікелей мағынасымен
балаң ойдың немесе білімсіздіктің мысалындай қабылданған
осындай символдық ишара білімдердің астарында ақиқат ілім-
нің жатары күмәнсіз.
Адам универсалды жаратылыс болғандықган ол микро-
косм оның бойынан осы төрт стихиямен байланысты бүкіл
қасиеттерді табуға болады. Жер – Хақ тағаланың рахман рахым
нұрынан жаратылған ырзыққа кенелтуші. Су – Хақ тағаланың
тірі деген сипатынан жаратылған, тіршілік беруші. От – оның
қаһарынан жаратылған. Сондықтан ол жоюшы, жазалаушы. Жел
– оның ұлықтығынан жаратылған. Жер мен Су жұмақта от пен
жел тозақта. Адамның бойында топырақ пен суға тән қасиеттер
I Қазақстандық философиялық Конгресс
426
ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
басым болса, оны жұмаққа бастайды. От пен желге тән қасиеттер
басым түссе оны тозаққа тартады.
Адамның бұл дүниеге келуі мақсатының өзіне моральдық-
этикалық тұрғыда қарайтын Ясауидің адамды рухани тәрбиелеу
мен жанын емдеуді басты мақсат қылып белгілейді. Ясауидің
дәруіштік дүниетанымындағы космологиялық ұғымдардың өзі
адамның сан алуан қасиеттерін ашу және сипаттау мақсатында
қолданылады. Адам орталық тұлға ретінде оның рухани даму
жетілу жолдарындағы әртүрлі сипатты иеленуі «топырақ си-
пат алуы», «тозаң болып жолаушының (тариқат жолшысының)
бетіне қонсам деуі», «зәмзәм болып Жер астына енуі», яғни
әралуан қасиеттері ашылуымен оның универсалдылығы, микро-
косм кіші ғалам екендігі айғақталады.
529. Сұмдығымнан тау менен тас сөкті мені,
Өткір тілмен зекіп айтты «ісің қані?»
Ғашық болсаң әуел барып Хақты таны!»
Дәнекер боп жер астына кірдім мен [1] – деген жолдар-
дан аңғаратынымыз, әрбір зат органикалық заттар немесе мине-
ралдар болсын, Құдай нұрының шұғыласымен сәулеленіп, оның
ғажайыбын паш етеді. Мистик үшін ғаламдағы жанды-жан-
сыз заттардың барлығы Алла ұлықтығына һәмду сана айтады.
Әрқайсысы өз тілінде оны мақтайды. Бес сезім мүшесіне сүйен-
ген жәй адам мұны байқай алмайды. Оны тыңдау үшін рухани
құлақ керек. Сондықтан жер астында сопының тау мен тастың
сынын қабыл алуының өзі оның рухани дәрежесін көрсетеді.
Тау менен тас бұл дүниеде тек формаға ие болса, идеялдық
ақиқат әлемде оның рухани идеялық мағынасы бар. Ол дүниеде
бұл дүниелік әрбір жанды-жансыз зат куәлік береді, адамның
жақсы-жаман бүкіл істеріне куә болады деген ұғым жалпы
исламдағы эсхатологиялык ілімге жат емес.
541. Құлды көрсем қызмет қылып, құлы болсам,
Топырақ сипат жол үстінде жолы болсам
Ғашықтардың күйіп-өшкен күлі болсам
Ламдаш (дос) болып жер астына кірдім мен
557. Басым – топырақ, өзім – топырақ, тәнім – топырақ,
575. Ел-жұрт, туыс ешқайсысы болмас жолдас.
I Казахстанский философский Конгресс
427
ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ
Мәрт болғайсың: ғұмырың желдей өтер, ғаріпбас
Құл Қожа Ахмет тағат қыл
Білмейсің ғұмырың неше жыл
Асыл тегің – су менен күл,
Тағы айналып боларсың күл, [1, 67 б.] – деген жолдар-
дан көргеніміздей, сопы топырақтан кішіктіктің, әдептіліктің,
тақуалықтың, Құдайға құл болудың нышанын тауып, сол си-
патты қалайды. Басы топырақ болуы құлшылықтың жоғарғы
дәрежесін ишаралайды, өзінің топырақ болуы, өзін жоғалтып
Құдайдың рахым нұрына ұласа еріп, жоқ болуын нұсқаса,
тәні топырақ болу. Әрбір адам үшін жер қойнына кіру өлімнің
хақтығын ескертетіндей.
Топырақ жалпы атауы болса, ол өз мағынасына күл, минерал
сияқты жекелеген символдарды да сыйғызады. Бірақ «тау», «тас»,
«күл» «тариқат жолының шаңы», т. б. деп олардың әрқайсысын
жеке атағанда, өзіндік символдық бояуы қоюлануына сай жаңа
меңзеу жаңа экспрессивтік мағынасы ашылады.
Ғашықтық отының адамды бастапқы асыл тегі – Су мен
күлге ажыратардай қасиеті бар. Бұл дүниелік от затты бу – суға
және күл – топыраққа айналдырады. Сол сияқты, ғашықтық оты
адамның су – дәнекерлік, топырақ кішіктік дегдарлық сипат-
тарын ашып, айқындайды. Өрттің бетін қарсы от салу арқылы
қайтарғаны сияқты нәпсінің отын тек Хаққа ғашықтықтың оты
ғана қайтара алады. Ғұмырдың тоқтаусыз қозғалыс ырғағына
ие екендігін желмен ишаралаудан да осы космологиялық ұғым
түсініктерді көреміз. Осы хикмет жолдарының түпкі сырын,
астарлы мағынасын, ишаралы меңзеулерін пайымдасақ, адамға
этикалық, дидактикалық (ғибраттық) білім беріп, адамның
рухани-интеллектуалдық жетілуіне, моральдық тазаруына
нұсқайтынын аңғарамыз. Яғни космологиялық ұғым түсініктің
өзін Ясауи моральдық-этикалық мақсатта қолданады.
1031. Асылым – топырақ, нәсілім – топырақ, баршадан хар
Құл Қожа Ахмет құл болған, жол үстінде күл болған – деген
жолдарда да Ясауи адамды кішіпейілділікке, мейірбандыққа
шақырады. Ясауимен рухани сабақтастығы өз жалғасын тапқан
қазақ әдебиетінің кейінгі кезеңдегі өкілдерінің бірі Шал ақын
I Қазақстандық философиялық Конгресс
428
ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
Құлкеұлы адамзат баласының жаратылысында осы төрт нәрсенің
бар екенін жырға қоса отырып, былай дейді:
Адамзат төрт нәрседен болған екен,
Адамзатты төрт нәрседен қылған екен.
Адамға су нәсілікөпқосылса,
Жомартлық, шешен болмақ содан екен.
Адамзат төрт нәрседен болған екен,
Адамзатты төрт нәрседен қылған екен.
Адамға топырақ нәсілі көп қосылса,
Мінезінің ауырлығы сонан екен.
Адамзат төрт нәрседен болған екен,
Адамды төрт нәрседен қылған екен.
Адамға жел нәсілі көп қосылса,
Дегбірсіздік, сабырсыздық сонан екен.
Адамзат төрт нәрседен болған екен,
Адамды төрт нәрседен қылған екен.
Адамға от нәсілі көп қосылса,
Ашуланшақ болуы сонан екен [2].
Қорыта айтқанда қазақ дүниетанымындағы космологиялық
ұғымдардың мәніне үңілгенде біз олардың ұлттық санада өзіндік
ерекшелікке ие айшықтарымен терең таңбаланғанын, сонымен
қатар, рухани мұраларда кеңінен қолданыс табуымен сырлы
символдық мәнге ие мазмұнмен байытылғанына көз жеткіземіз.
Әдебиеттер
1 Ясауи Қ.А. Хикмет жинақ. – Алматы: Жалын, 1998. – 65 б.
2 Бес ғасыр жырлайды. – Алматы: Жазушы, 1989, 1-т. – 104 б.
I Казахстанский философский Конгресс
429
ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ
КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІНІҢ
ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ МАЗМҰНЫ
Мейіркүл ЖЕТПІСБАЕВА
(Алматы)
Әртүрлі қоғамдық құрылымдардың, соның ішінде мемле-
кеттік құрылымның жалпы сипаты оларды құрған адамдар
қауымының ұстанған түпкі құндылықтарының сипаты мен
мәніне байланысты болатыны сөзсіз. Оны дүниетанымдық
мазмұны деп те атап жүр. Қоғамдық құрылысты, мемлекеттік
құрылымның шығу негізін тек экономикалық жағдайдан көретін
марксистік қисын өзін ғылыми тұрғыдан ақтай алған жоқ. Оның
себебі экономикалық, саяси мұқтаждықтар тудыратын ұжымдар
ұзақ дәуірлерде сақталатын қоғамдық бірліктерге негіз бола
алмайды. Экономикалық мұқтаждықтар нақты жағдайларда
қуатты болғанымен өмірдің барлық салаларын қамтып, олардың
сипаты мен мазмұнын өзіне сай өзгерте алмайды, оның үстіне
олар қысқа мерзімдерде өзгерістерге ұшырап жатады. Бір
экономикалық байланыстар белгілі бір сәттерде қажетті болса,
келесі бір тарихи кезеңде тиімсіз болып шыға береді.
Адамдарды тұтас, берік әрі ұзақ уақыттарға біріктіре алатын
күш – рухани құндылықтар. Рухани тұтастық, жақындықтар
ғана халықтар мен ұлттардың пайда болуына негіз болып жа-
тады. Тек солар ғана экономикалық қатынастардың түпкі
мәнін анықтай алады. Яғни рухани, мәдени бірліктер тари-
хи тұрақтырақ та, әрі өмірдің барлық саласына өз ықпалын
тигізе алады. Тарихта кейбір әлеуметтік қоғамдастықтардың,
халықтардың жерінен, экономикалық, қоғамдық, мемлекеттік
тұтастығынан айырылып, басқа халықтар мен елдер арасына
шашырап кеткендері, тіпті ортақ тілін де жоғалтып алғандары
бар. Ал солардың кейбір рухани туыстығын жоғалтпағандары
қайта қосылып өз қоғамын қайтадан құратындары да кездесіп
жүр, мысалы, еврейлер.
Халықтар мен ұлттардың, қоғамдасудың түпкі қуатты
негізі осы рухани туыстастық екендігі, ол рухани тұтастықты
I Қазақстандық философиялық Конгресс
430
ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
құрайтын нәрселер – әрбір сондай қоғамдасудың өзіне ғана тән
белгілі бір ерекше құндылықтар жүйесі екендігі туралы идеяны
Институттың бір топ зерттеушілері дамытып келеді [1].
Осы тұрғыдан алғанда көшпенділер қоғамының өзіндік бір
құндылықтары болуы тиіс. Бірақ көшпенділерді, тіпті одан да
кең ауқымда бүкіл шығысты зерттеушілердің кейбіреулерінің
көшпенділер туралы тұжырымдары мен бағаларына қысқаша
тоқталып өткен дұрыс болар. Ағылшын тарихшысы, өркениеттер
мен мәдениеттер туралы белгілі концепцияны ұстанушы
А.Тойнбидің «Постижение истории» деп аталатын еңбектер
жинағында көшпенділер өркениеті дамудың ең дөрекілік
кезеңінде тоқырап қалған, жабайы құрылым түрінде сипаттала-
ды. Номадтардың жүйесін А.Дж. Тойнби тоқыраған өркениеттер
қатарына жатқызған. Табиғаттың өмір сүруге қиын аса қатаң
жағдайларына бейімделу көшпенділердің ілгері өркендеуіне
мүмкіндік бермеді. Олар сондықтан аса тұрпайы іс-әрекеттер
деңгейінде ұзақ ғасырлар өзгеріссіз тоқтап қалды. Мұндай
қалыптардағы халықтардың шын мағынасында тарихы жоқ.
«Насильственно сковывая человеческий разум, низводя функции
человека к искусственно выработанной сумме навыков и умений,
эскимосы, кочевники, османы и спартанцы предали свою чело-
веческую сущность. Они встали на порочный путь, ведущий от
гуманизма к анимализму, – путь, обратный тому, что проделало
Человечество, стимулиремое величайшими творческими актами
живой истории Вселенной [2].
Осы көрнекті тарихшының осы сөздерінен бүкіл Батысқа
тән басты құндылықтың не екендігі көрініп тұр. Мәдениеттің,
өркениеттің биіктігі мен төмендігін анықтау үшін не нәрсе
өлшем болады деген сауалға жауап: – табиғат күштерін адам-
дардың табиғатқа үстемдігімен, соның деңгейімен адамдар
қаншалықты игере алады. Өнеркәсіп қаншалықты дамыған,
ғылым мен техника адамдарды қаншалықты құдіретті ете алды,
өмірді, күнкөрісті қалай жақсартты? Олардың ар жағында билік
пен үстемдік тұр. Осы өлшемдер ғана прогрестің мәнін құрайды.
Жаңа дәуірде осындай құндылықтар алға шыққаны белгілі. Олар
адам дамуының бірден бір белгісі, ең айқын көрсеткіші. Солар-
мен қаруланғандар ғана табиғатқа, басқа адамдарға үстем бола
I Казахстанский философский Конгресс
431
ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ
алады. Батыс адамы байлықпен, біліммен, техникамен, берік
ұйымдасу жолдарымен қаруланған сайын басқа дүниені өзіне
бағындыра берді. Ақырында бүкіл Әлем батыстық осы мағы-
нада дамыған халықтарының қолына өте берді. Халықтардың,
елдердің, мәдениеттердің арасындағы үстемдік үшін тартыс осы
негізде өрбіді, қазірде де солай болып келе жатыр.
Әрине, үстемдікке ұмтылудан басқа құндылық батыс адамда-
рында жоқ дегеннен аулақпыз. Бірақ, осы құндылықтың, әсіресе
Жаңа дәуірде басым екендігі даусыз. Бірақ осы құндылық
адамдық дамудың бірден-бір көрсеткіші бола ала ма? Байлық
үшін, артықшылықтар үшін, үстемдік үшін адамдар, халықтар,
мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы толассыз арпалыстар
адамдық өркендеудің белгісі ме екен?
Қазіргі заманда осындай арпалыс Батыс қана емес, Шығысты
да қамтыды. Бүкіл адамзат тарихында барлық замандарда осылай
болып келді десек те, соңғы ғасырларда бұл өрши түсті деуге бо-
лады. Оның себебі қазір адамзат барынша қаруланды: біліммен
де, техникамен де, ұйымдасу үлгілерімен де. Ал осыны адамның
адамдығының өрлеуі, яғни прогресс дей аламыз ба? Ғылымның,
техниканың, өндірістің өсуі адамдардың қайырымдылығын,
жақсылыққа жақындығын да өсіре алды ма?
Жаңа дәуірдегі ғасырлар тарихына жәй ғана көз жіберудің өзі
екі сипаттағы өзгерістерді байқауға мүмкіндік береді.
1) Өмір сүру біршама жақсарды, адамдарда белгілі бір дәре-
жеде ізеттілік пен гуманистік пиғылдардың қалыптасқандығы
көрінеді.
2) Жеке тұлғалардың дербестігі, еркіндігі өрістеп, үстемдік-
тер астарлы түрде іске аса бастайды. Бірақ, бұл әр қоғамдас-
тықтың өз ішінде, ал басқа қоғамдастықтарға қатынаста ешбір
бүркемеленбеген түрдегі үстемдікке ден қою қала береді.
ХХ ғасырда ең дамыған, ең өркениетті деп келген елдер
мен халықтар (Германия, Италия, Испания, Греция және т. б.)
демократиялық үрдістерді өз елдерінде де жойып жіберіп,
фашистік жүйеге ауысқандығы, дүниежүзілік соғыстарды
бастағандығы да белгілі. Соның зардабынан 50 млн.-ға тарта
адамдар мерт болды. Шығыс елдерінің көпшілігі ХХ ғ. орта-
сына дейін тоталитарлық тәртіптерді сақтап қала берді. Яғни,
I Қазақстандық философиялық Конгресс
432
ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
жеке адам бостандығына деген көңіл-күй дүниетанымдықтың
ішкі түбегейлі өзегіне айналған жоқ. Бұл көңіл күй Шығыс
халықтарында ХХ ғасырда бел алып, отарлық күйдегі халық-
тардың ұлт азаттық қозғалыстары түрінде көріне берді.
Осы тұрғылардан қарағанда білім, техника т. б. қарулар адам-
дарды әрине, күшейтеді, бірақ міндетті түрде жақсарта бермейді.
Кей жағдайларда тіпті керісінше – оларды озбыр етеді. Ал бұл
прогресс бола ала ма? Біздіңше бола алмайды. Қарулану жағынан
құдіреттілікке ие бола алған жеке адамдар болсын немесе
халықтар, өркениеттер болсын, адамгершілік жағынан міндетті
түрде ілгерілей бермейді екен. Олай болса өркениеттіліктің,
мәдениеттіліктің, ілгерілегендіктің бірден-бір шарты адамға
да, әр халыққа да, әр қоғамдастықтарға да өзінің де өзгенің де,
еркіндігін, бостандығын құрметтеу, сол тұрғыда ойлау, сезіну,
сол тұрғыдан қатынас жасау.
Еркіндік адамзаттың түпкі құндылығы, түпкі мәні. Ол – адам
атаулының өзгешелігі. Барлық тірі жануарларда еркіндікке тал-
пыныс жоқ. Тіпті адамға ең жақын деп есептелетін жануарлардың
тіршілік ету жолы оларға туа бітті берілген, генетикалық тұқым
қуалау заңымен олардың биологиялық бітімінде бар. Яғни, әр
жануардың өз таңдауы емес. Адам өз жолын өзі таңдайды. Өз
мақсатын, пиғылын, құндылықтарын өзі құрады, таңдайды, не-
месе таңдамайды. Өмірлік тұрғыларын сақтауы да, сақтамауы
да мүмкін. Ол оның өз еркіне байланысты. Бұл туралы көптен
айтылып келеді [3]. Егер адамның осы түпкі мәні жағынан
алсақ, онда адамзаттың тарихи ілгерілеуі, оның прогресс жолы
оның қаншалықты азат екендігімен, әсіресе қауымдастың әрбір
мүшесінің дербестік деңгейімен анықталуы тиіс. Олай болса,
А. Тойнбидің көшпенділердің тоқырауы туралы айта келе олар
өздерінің адамдық мәнін тәрік етті деген қорытындысы жалған.
Адамдық мән оның қаншалықты өз өмірі мен тағдырын өзі
анықтайтындығында, яғни әр қоғам мүшесінің қаншалықты
субъект екендігінде. Прогресс идеясының өзі өндірістің дамуын,
табиғат күштерін игеру, қаруланудың артып отыруын адамдық-
тың түпкі негізі деп қараудан, соны ең түпкі құндылық деп есеп-
теуден туындайды. Осы мағынада ең жоғары дамыған халықтар
– ең жоғары мәдениет жасайды. Еркіндікті де осы тұрғыдан
I Казахстанский философский Конгресс
Достарыңызбен бөлісу: |