Философия в современном мире: стратегии развития


  ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ



Pdf көрінісі
бет44/80
Дата03.03.2017
өлшемі3,05 Mb.
#6003
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80

453 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

болмыс,  сана,  менталитет,  дін,  көзқарас,  біртұтастық,  бірлік, 

бірегейлік, ерік, намыс, дүние, заман, символ (белгі) т. б. ұғым-

дарының  когнитивтік-аксиологиялық  қырын  ашуда  қазақ 

философиясының  әдістемелік-көзқарастық  ұстанымдарының 

маңызы зор. Бұл жағдай қазақ дүниетанымынан қайтсе де кате-

гориялар,  ұғымдар  іздеу  емес.  Мәселе  ойшылдықта,  сөз  аста-

рында, философиялық ойлау, философиялық пікірді, түстінікті, 

көзқарасты  білдіру,  философиялық  ой-қорыту,  тұжырымды 

жасай  білу  философтар  үшін  жауапты  іс-әрекет  болуы  қажет. 

Бұл  процестің  негізінде  өзіміздің  түпкі  тамырымызға  жаңа 

тұрғыда «қайта оралу» жатыр, өйткені Қазақстан жерінде діни-

философиялық  жүйелерде  көптеген  шындықтар  мен  құнды-

лықтар молынан бар. Олар бүгінгі күнге көптеген мыңжылдық-

тар өтіп жеткізілді және олардың жалпы халықтық сипаты бар. 

Уақыт  –  халық  болмысының  әртүрлі  деңгейлерінің  синтезі. 

Материалдық  және  рухани  құндылықтарымызды  байыту,  зерт-

теу арқылы, мәдениетімізді дамыту арқылы, өзіндік және қабыл-

данған  құндылықтардың  синтезін  жаңа  өмір  сүруде  қолдану 

арқылы  өркениетті  даму  жолына  түсіп,  біздің  қоғамымыздың 

әлеуметтік және рухани сипатының ерекшелігін меңгеру қажет. 

Әлеуметтік шындықтың жаңа методтарын талдау, тұрақты қоғам 

даму процесін жүзеге асыру, бірегейлікті қалыптастыру жағдайы 

жаһандану  процесіне  тікелей  қатысумен  байланысты.  Қазақ 

мәдениетіндегі  философия  –  феномен,  қазақ  философиясының 

өзіндік ерекшелігі бар. Қоғамның өзіндік сипаты және сапалық 

нақтылығы  оның  мүшелерінің  өмірлік  доменантының  аспекті-

лері, өмір сүру элементі мен дамудың қайнар көздері үйлесімдік-

те  болуы  керек.  Осыдан  шығып  «өзіндік  сипат»  тарихтың 

қозғаушы принципі, мәдениеттің өмірлік өзегі, қоғам дамуының 

динамикалық басты принципі болып табылады [3].

Қазақ философиясының ерекшелігі адамдық қатынастардың 

рухани-құндылық  аспектілерінің  экономикалық  шындықпен 

байланысымен  де  анықталуы  керек,  ал  соңғы  мәселе  әдет-

ғұрып,  салт  сана,  мінез-құлық  және  құндылықтар  формасы-

мен  анықталады.  Біздің  ойымызша  тарихи  фактілерді  көрсету 

ғана  емес,  отандық,  патриоттық  идеялар  негізінде  халықтың 

әр  кезеңдеріндегі  мәдениетін,  даналығын,  руханилығын  тари-



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

454 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

хи  және  мағыналы  түрде  анықтап,  олардың  аксиологиялық, 

методологиялық, герменевтикалық сипатын көрсету қажет. 

Халқымыздың  рухани  қазынасы  мол.  Әрқайсысы  адамзаттың 

табиғи-тарихи  тіршілігіне  ұлылық  берер  биік  арман  асуларын 

аттаған сайын жаңа мақсатта, жаңа жолға бастайтын тарихи баспал-

дақтары іспеттес. Тарих – отан, бүгінгі болашақ ертеңгі өмір. Өмір 

өзегінің  азығы  болар  ең  маңызды  бастау:  тарих  пен  мәдениеттің 

дамуына  қажетті  объективті  алғышарттарды  дайындап  беретін 

танымдық болмыс, сол тарихта мәдениетті, парасатты философия-

ны жасайтын – адам. Олай болса, қазақ философиясының пробле-

малар жүйесі де «Адам-Әлем» екендігін тура айтуға болады.

Философияның ең жоғарғы көрінісі – Абай. Өзін «философ» 

деп есептемесе де, (оның айтуынша философтар Платон, Сократ, 

Аристотель) «табиғат-адам-қоғам» жүйесінде философияның эк-

зистенциалды мотивін ашып, «45 қара сөзін» болашақ ұрпағына 

өсиет етіп кеткен ұлы тұлға.

XX  ғасырда  қазақ  философиясы  репрессияға  ұшыраған,  не 

қудалаған зиялы қауымның іс-әрекеттерімен байланыcты. Жаңа 

қоғамдық қатынастар негізінде (қоғамдық қатынастарды жасай-

тын – адам) ұлттық философияны дамытқан, «Үш анық» еңбегі 

арқылы  синтетикалық  ой-тұжырым  жасаған  –  Шәкәрім.  Ұлт 

азаттық қозғалыстың өкілі – А. Бөкейханов, ұлттық тілтану мен 

лингвистика саласын дамытқан – А. Байтұрсынов, әйгілі ақын-

лирик – М. Жұмабаев, қазақ романистикасының негізін қалаушы 

– М. Дулатов, «Шығыстың ұлы азатшысы» – М. Шоқай.

Қазақ  философиясының  түп-тамырын  ашу,  оның  тарихи 

кезеңдерің анықтау бүгінгі философтар үшін терең ойды, білім-

ділікті  қажет  етеді.  Біздің  ойымызша,  ең  бір  тиімді  методоло-

гия – ол философияның принциптері мен заңдылықтарын, гер-

меневтика,  тарихилық  пен  логикалық  бірлігін,  сабақтастықты 

рационалдық тұрғыда тиімді қолдану.

Бүгінгі қазақ философиясын дамытуда ежелгі қазақи дүние-

танымының  негізіне,  халқымыздың  рухани  мол  құндылығын 

болашақ жастарға ұстаным ретінде пайдалану үшін тарихилық 

пен  логикалықтың  бірлігін  талдау,  жүйелеу,  герменевтикалық 

компаративистік  объективтілік  пен  нақтылық  принциптерін 

қолдану қажет.



I Казахстанский философский Конгресс 

455 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

Әдебиетшілердің,  әлеуметтанушылардың,  мәдениеттанушы-

лардың т. б. қазақ философиясы туралы өз ойлары болар. Солай 

болуы  да  керек.  Осы  орайда  бүгінгі  Қазақстандық  философия 

тұрғысында  сөз  ету  өте  орынды.  Бүкіл  әлемдік  философияның 

бір бөлігі ретінде Қазақстандық философияның өзінің қайталан-

байтын тағдыры бар, алдына қойған императивтері мен міндетте-

рін жауапкершілікпен жүзеге асыратын қоғамдық сананың ерекше 

формасы, рухани іс-әрекет, шығармашылық жолында енбек етуде.

Кеңес өкіметі кезіңде философияның марксизм идеологиясы 

тұрғысында берілуі, басқа елдердегі сияқты қазақи философия-

лық  ойлаудың  «еркіндігі»  болмаған.  Соған  қарамастан,  Қазақ-

станда  талантты  ғалымдардың  бастауымен  сол  жылдардың 

өзінде  академиктер  Ж.М.  Әбділдиннің,  А.Н.  Нысанбаевтың 

бастауымен  диалектикалық  логика  мектебі  қалыптасты.  Бүкіл 

әлемдік  философия  мен  ғылымның  жетістіктеріне  сүйене  оты-

рып  қазақ  ойшылары  шығармашылық  ойлаудың  логикасы 

және  іс-әрекет  ретінде  диалектикалық  логика  теориясын  жаса-

ды. Солардың қатарында әйгілі философтарымыз Ә.Қ. Әбішев, 

Т.Ы.  Әбжанов,  М.С.  Орынбеков,  С.  Ақатаев,  І.  Ерғалиев, 

Қ.  Нұрланова,  С.  Нұрмұратов,  М.З.  Изотов,  М.С.  Сәбит  т.  б. 

философтар  көптеген  ғылыми  еңбектер  жазып,  болашақтағы 

дәуірлік  өзгерістерді  ескеретін  проблемаларды  анықтады  [4].

Қазақ,  түрік,  ислам  философиясының  ерекшеліктері  мен 

айырмашылықтарын  ашып  көрсету  арқылы  қазақ  философия-

сының бүгінгі келбеті, философиялық ойлаудың қазіргі моделі, 

руханилықты меңзейтін біртұтас көзқарас қалыптастыруда мына 

төмендегі мәселелерді ескеру керек:

- Қазақ философиясын жаңа деңгейде дамыту еңбектері мен іс-

әрекеті әлі дұрыс баға ала алмаған тұлғалардың шығармашылы-

ғына бағытталуы керек (Т. Кирашев, М. Дулатов, М. Көпеев т. б.);

-  Қазақ  философиясының  тарихын  зерттеуде  методология-

лық  бағыттылықты  анықтай  білу  (материалистік  тұрғыдан 

қарастырудан  гөрі  тарихи-логикалық,  аксиологиялық,  герменев-

тикалық,  синергетикалық  принциптерді  этноәлеуметтілік  кеңіс-

тікте қолдану);

-  Қазақ  даналығының  негізгі  көзқарастық  ерекшеліктерін 

талдауда адамзаттың рухани біртұтастығы негізінде, жеке тұлға 

ретінде олардың қөзқарастық жүйесін ерекше айқындау;


I Қазақстандық философиялық Конгресс 

456 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

- Қазақтың дүниетанымын анықтауда әлемдік философиялық 

ғылымның  бүкіл  технологиясы  мен  методологиясын,  қос-

қостан  болатын  категорияларды  қолдану  қажет.  Бірақ,  шығыс 

менталитетін, көшпенділер, қазақи дүниетаным сипатын қабыл-

дауы мен түсінуін ерекше сақтағанымыз дұрыс;

-  Қазақи  дүниетаным,  діни  ерекшеліктер  мен  түсініктер, 

әлемдік-кеңістік таным, қазақи ойлауды терең түсіну; 

-  Бүгінгі  қоғам  дамуының  жаңа  сипатын  ескере  отырып, 

адамның жаңғыруы ұстанымын анықтау (адамдық өлшем);

- Қазақ философиясының категориялдық деңгейде анықтау.

Сонымен қатар, бүгінгі күнде қазақ философиясы бойынша 

зерттеу  пәні  болатын  ғылыми  бағыттарды  көрсетуге  болады: 

түріктілдес әлемдегі мифология; қазақ даласындағы ислам фи-

лософиясы (өткені мен бүгінгісі); қазақ ойшылдарының дүние-

танымындағы ерік идеясы; орта азиялық аймақтық ойшылдар-

дың көзқарастық категориялардағы «Адам – әлем» проблемасы.

Философия  бүкіл  адамзатты  танудың  басты  жолы,  ал  қазақ 

философиясы  қазақ  халқын  танудың  бірден-бір  жолы  деп  біле-

міз. Қазақ бітім болмысын, адамгершілік негізін анықтаған көш-

пелі мәдениеттің тарихи типі. Қазақ ұлтының қанына сіңген на-

мыс ар-ұятын, адамгершілігін, ұлттық қанын бұзбау, оның өзін-

өзі  сақтауы  болып  табылады.  Мұны  қарапайым  «өлімнен  ұят 

күшті деген» даналық дүниетанымынан аңғаруға болады. Қазақ 

халқын тану үшін оның ұлтының бойына сіңген ұлы данышпан 

даналар  қалыптастырған,  ғасырдан-ғасырға  ұласқан,  ғасырлар 

бойы  қазақ  халқының  қойнауын  бойлаған  даналық  рухын  тану 

міндет. Қазақтың даналық рухы даналық дүниетанымы басқа ел-

дерде қайталанбайтын төл тума өнерінде мақал-мәтелінде, аңыз 

әңгімелерінде, шешендік өнерінде, рухани құндылығында жатыр. 

Біздің  қайшылықты,  қиыншылығы  да  көп,  қызығы  да  жоқ 

емес  ақпараттық  технология  заманында  жастар  бойындағы 

руханилық,  адамгершілік,  мәдениеттілік  сияқты  өлшемдердің 

деңгейін  жетілдіру,  дамыту  үшін  философиялық  дүниетаным-

ның маңызы зор.

Қазақстандық  философтардың  алдында  тұрған  басты  мәсе-

ленің  бірі  –  ұлттық  дүниетанымның  болмысын  анықтайтын, 

қазақи ойлау мен сөйлеудің мәні мен мағынасын ашатын фило-

софиялық сөздіктің кажеттілігі. Орыс тілінен аударылған батыс 


I Казахстанский философский Конгресс 

457 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

еуропалық  ұғымдар  мен  терминдерге  толы  сөздіктер  баршы-

лық.  Ал  қазақша  терең  мағыналы  ұғымдар  мен  категориялар-

дың  түп  негізін  айқындайтын  қазақ  философиясының  дүние 

танымдық  сипатына  сай  сөздіктер  жоқтың  қасы.  Осыған  орай 

І.  Ергалиевтың  ұсыныстарының  тарихи  маңызы  зор.  «Ұлттық 

ділдің,  менталитетінің,  қазақ  халқы  дүниетанымының  ең 

жоғарғы сатысы – философиялық дүниетаным дейтін болсақ, ол 

негізгі ұғымдар арқылы іске асырылады. Сол себептен барлық 

оқу  орындарында  философияның  бағдарламасына  өзгертулер 

енгізіліп  және  осы  ұғымдарға  негізделген  арнайы  курстар 

қайта  құрылуы  қажет  деп  ойлаймыз.  Бұл  үлкен  істе  бірінші 

керек  нәрсе  –  философиялық  сөздік  құрастыру.  Оны  басқа  ел-

дер дүниетанымының жетістіктеріне сүйене, бірақ оларға елік-

темей, өзіндік ұлттық сипатын сақтай отырып жасау абзал. Яғ-

ни  сөздіктің  тізімінен  бастап  барлық  құрылымына  дейін  қазақ 

тілінің алфавитіне бағындырып және ұлттық ұғым-түсініктеріне 

сүйене  отырып  құрастырған  жөн  болар.  Сөздікте  ең  алдымен 

қазақ  халқының  рухани  қазынасы  –  ауыз  әдебиетін  қолдану 

қажет» [5, 183 б].

Философия  пәні  бойынша  оқу  бағдарламасында  «Қазақ 

мәдениетіндегі  философия  феномені»  деген  тарау  бар.  Бүгінгі 

философтар  әдебиетшілер  мәдениеттанушылармен,  тарих-

шылармен  біріге  отырып  өмір  талабына  сай  құнды  оқулық 

құрастарған жөн болар еді деп ойлаймын. 

Әдебиеттер

1 Ақиқат. – 1994. – №3.

2 Ақиқат. – 1994. – №6; Орынбеков М.С. Предфилософия протоказа-

хов. – Алматы: Өлке, 1994.

3  Саттарова  Ф.Ф.  «Адам-Әлем»  жүйесіндегі  рухани  болмыс.  – 

Қарағанды,  Санат-Полиграфия,  2007;  Қазақ  философиясы  –  мәдени 

феномен. – Қарағанды, Санат-Полиграфия, 2008.

4  Идеялар.  Концептілер.  Тағдырлар.  Философия  және  саясаттану 

институтына – 50. – Алматы: КИЦ ИФП МОН РК, 2008.

5 Ергали И.Е. Философия как духовная деятельность. – Астана, 2003.



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

458 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

ӘЛ-ФАРАБИ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ 

«МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЙРАТКЕР» КОНЦЕПЦИЯСЫ

Жалғас САНДЫБАЕВ

(Астана)

Қоғамда  әлеуметтік  жағдайы  мен  мансабы  әртүрлі  адамдар 

бір  ортада  жасайды.  Олар  үздіксіз  бір-бірімен  әлеуметтік  бай-

ланыс  құруға  мәжбүр.  Түрлі  мәртебеге  ие  қоғам  мүшелерінің 

арасындағы  қарым-қатынастың  дұрыс  әрі  тиіс  дәрежеде  орын-

далуы  үшін  ғалымдардың  үлесі  зор  болды.  Олар  қоғамдағы 

басқару  жүйесінің  жоғарғы  сатысында  тұрған  халиф,  сұлтан, 

әкімдер, соттар мен имамдарға және басқа да билік иелері үшін 

«саяси бейнелерін» салып, қарым-қатынаста көңіл бөлінуі тиіс 

«этикалық ережелер» жиынтығын жазып отырды. 

Өзінен  бұрынғы  ғалымдар  сияқты  әл-Фараби  де  сұлтанның 

сүйеніші  болды.  Ғалымның  еңбектерi  артып,  танымал  болған 

шағында әмiршi Сәйф әд-Дәулә Әбу әл-Хасан Әли ибн Абдулла 

ибн Хамдан әт-Тағлаби оны Дамаск шаһарына шақыртып, құр-

мет көрсетедi. Оған өзiнiң сарайынан қызмет бередi. Сейф әд-

Дауләнің Фарабиге құрметі ерекше болған. Ол ғалым үшін сарай-

да барлық жағдай жасауға әзір тұрған, бірақ Фараби қанағатшыл 

және барына шүкір ететін жан еді [1, 111–112 бб.].

Заманынан озық туған ғалымды сарайда ұстап, уәзір ету ха-

лифалар мен сұлтандарға тән еді. Мысалы, Ұстазы әл-Джувайни 

сияқты  Ғазали  де  сельчук  сұлтандарының  сүйеніші  болды. 

Себебі  ол  дәуірде  патшалардың  ғылымға  қызығушылығы  мен 

құрметі айырықша болатын. 

Әл-Фарабидің  тұлға,  қоғам  ішіндегі  азаматтар  қатынасы, 

мемлекет  құрылымы, мемлекеттік қайраткер  туралы  пікірлерін 

негізінен  «Китаб  тахсиль  әс-саьада»  (Бақытқа  жету  жайында), 

«Әс-Сияса әл-Мадания» (Азаматтық саясат), «Аһллу әл-мадинати 

әл-фазилә» (Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы тура-

лы кiтап) және т. б. еңбектерінде айшықтаған.

Ғалым  мемлекеттік  қайраткерге  қатысты  пікірін  айтқан 

уақытта  әр  шығармасында  «имам»,  «патша»,  «әкім»  немесе 


I Казахстанский философский Конгресс 

459 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

«философ»  деп  түрлі  есіммен  атап  отырады.  Негізінде  мұндай 

жағдайды  ортағасыр  мұсылман  философтарының  шығарма-

ларынан  жиі  байқауға  болады.  «Имам  сөзі  араб  тілінде  «алда 

тұрған»,  жауапты  әрі  арқасындағы  кісілерді  бастап  жүретін 

адамды білдіреді. Ол уақытта қазіргі сияқты «имам» тек рухани 

қызметші, дін өкілі ретінде емес, танымал саясаткер, мемлкеттік 

қайраткер ретінде де белгілі тұлға болған [2]. Сол себепті біздер 

әл-Фараби, Ибн Сина, Ғазали сияқты т.б. ортағасыр мұсылман 

ойшылдарының түпнұсқа еңбектерінде «имам» (бастаушы адам, 

көшбасшы) сөзін жие кездестіреміз. 

Ойшылдың пікірінше мемлекеттік қайраткер қалың жұрттың 

арасында жоғары бедел иесі. Ол халықты тәрбиелеу барысында 

сезімге әсер еткіш нақыл сөздермен иландыру қабілетіне ие бо-

луы тиіс.

Ғалым  мемлекеттік  қайраткердің  бойында  жаман  мінездің 

болмау қажеттігін айтып, ашықтайды. Жаман мінез – өнерпаздың 

өші,  игі  істі  жалғастыруға  машықтандырмайды.  Жаман  мінез 

ұғындырмайды, жаман мен жақсының мағынасын ұқтырмайды. 

Жаман мінезде жасампаздық, қайырымдылық жетіспейді, бақыт 

пен бақ-дәулетке жеткізетін жол талдаусыз қалады. Ондайда жа-

ман,  бұзық  әрекет  мүмкіндігі  жақсы  әрекетті  жасаудан  басым 

түседі.

Жаман мінездің түбірі – кемдік пен кемшілікте, жабайылық  



пен  надандықта.  Теріс  қасиет  пен  қылықтар  бір-бірімен  ұлас-

қанда, елдің ыдырауы мен құлдырауы жақын тұрады. Көз жұм-

байлықтың қауіптісі сол, ол қимыл-әрекетті өнер ретінде жетіл-

діруге, жүйелеуге мән бермейді, теріс қылықтарды әдейі әдетке 

енгізіп, тірліктегі тағлымды тұншықтырады [3].

Әл-Фарабидің мемлекеттік қайраткерге қатысты жазған эти-

калық талаптарын өзінен кейін келген ғалымдардың да шығар-

маларынан  көреміз.  Олар  ғалымның  қаламымен  жазылған 

«этикалық ережелерді» одан әрі жалғастырып, жетілдіре түскен 

сияқты.  Бұл  «этикалық-іскерлік  талаптарда»  сарай  қызметкер-

леріне қарағанда сарайға келетін әлеуметтік жағдайы орта және 

қарапайым жұртқа көңіл көп бөлінген.

Мысалы,  Әбу  Хамид  әл-Ғазали  өзінің  «Ихия’у  ‘улум  әд-

дин» (Дін туралы ілімдердің қайта жандануы) еңбегінде былай 



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

460 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

дейді:  «Адам  сұлтанмен  бір  ортаға  келіп  қалса,  өзінің  сөздері 

мен  қылықтарына  көңіл  бөлгені  жөн.  Қатты  жағымпаздықтан, 

өтірік  сөйлеуден  және  сұлтанның  отбасы  мен  сұлтандық 

мәселелерге араласуынан аулақ болуы тиіс. Сұлтанның қасында 

басқалардың сыртынан, жала жабудан, өзгенің сырын сақтауға, 

өз  мұқтаждығын  айтпауға  тырысқаны  мақұл.  Сол  сияқты 

әзілдемеу,  салмақты  және  дұрыс  сөйлеу.  Егер  бірге  түстенсе 

олардың  көзінше  тіс,  тырнақ  тазалау  сияқты  істерден  аулақ 

болғаны дұрыс» [4, 302 б.]. Кейін «Кимия әс-сағада» еңбегінде 

бұл пікірін былай жалғастырады: 

«Сұлтан  да  бұлай  жасағандардың  қасында  сұлтандық  пен 

жеке отбасына қатысты айтылған нәрсеге сабыр етіп, олардың 

айтқандарына құлақ салып, ашуына ерік бермеуі қажет», – деп 

ғалым ретінде патшаларға тән байсалдылықты айтып, әдептілік 

дәріс үйретеді [5, 234 б.].

Әл-Фарабише азаматтық қоғамды басқара алатын мемлекеттік 

қайраткердің бойында парасаттың мол болғаны дұрыс. Себебі ол 

мемлекеттегі,  қоғамда  болып  жатқан  көптеген  құбылыстардың 

себеп-салдарын айқындауға күш салады. Парасаттылық халық-

тың азапқа түспеу жолдарын іздеп, қоғамдағы мәселелерді тиімді 

шешу  әдістерін  тауып  отырады.  Ақыл  саралы  жолда  дәулетке 

жету  мүмкіндігін  сын  тұрғысынан  сараптайды,  ортақ  мақсатта 

қызмет  етеді  –  деп  ғалым  ақылға,  мантыққа  көп  көңіл  бөледі. 

Сөйтіп, өзінің логика (мантық) саласындағы «Аналитика», «Кіші 

силлогизм»  шығармаларындағы  ұстанымдарын  баяндайды. 

Араб ғалымы әбу Қасым Сайд әл-Құртуби (1029–1070) де: «Әл-

Фараби бұл пән бойынша күллі мұсылман философтарын қуып 

жетті, логиканы кемеліне келтіріп, барынша түсінікті ұғынықты 

етті. Оның жұртқа құпия, беймағлұм жақтарының сырын ашты», 

– дейді [6, 23 б.].

Әл-Фараби  өз  трактаттарында  басқаларға  үлгі  болатын 

мемлекеттік қайраткерге лайық эстетикалық сұлулық категория-

сына жиі оралып отырды. Сұлулық, бұл адам сұлулығының, ру-

хани және адамгершілік пен физикалық көрінісі. Ойшылды діни 

мистиктермен салыстырғанда адам баласының бақытқа кенелуін 

тек арғы дүниеде емес, керісінше оның бұл дүниеде де бақытқа 

қол жеткізуіне себеп-салдарды іздеді. Бұл жайында әл-Фараби: 



I Казахстанский философский Конгресс 

461 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

«Адамның  басына  дарыған  төрт  түрлі  нәрсеге  халықтар  мен 

қала тұрғындары қол жеткізсе, олар бұл өмірде дүние бақытына, 

басқа өмірде алыс бақытқа жетеді», – деп ойын тұжырымдайды 

[3, 25 б.]. 

Ғалымның пікірінше мемлекеттік қайраткер қоғамды бақытқа 

бастауы үшін, әуелі қоғамның өзі қол жеткізуі тиіс төрт ізгілік 

бар. Мұндағы бұл дүниеде һәм арғы дүниеде бақытқа кеңеледі 

деп  отырған  төрт  нәрсе:  теориялық  ізгіліктер,  ойшылдық 

ізгіліктер,  этикалық  ізгіліктер  және  практикалық  өнерлер.  Әл-

Фарабидің ойын жақсырақ түсіну үшін осы аталған төрт ізгілік 

теориясының мағынасын қысқаша тартқатқанымыз жөн болар. 

Сонымен, ізгілік деп не нәрсені түсінуіміз қажет?

Ойшылдың  тілімен  айтқанда:  «Теориялық  ізгіліктер  дегені-

міздің түпкі мақсаты өмірде бар нәрселерді рационалды қамтып 

және  сонымен  ғана  көз  жеткізетін  білімдер»  [3,  26  б.].  Бұл 

білімдердің ішінде адам ана құрсағынан дүниеге келген кездегі 

әуел  бастан  көңілге  тоқылған  білімдер  бар.  Адам  баласы  бұл 

білімдердің  қалайша  және  қайдан  келгенін  білмей  де  қалады. 

Сондықтан бұларды әл-Фараби «алғашқы білімдер», – деп айта-

ды. Алғашқы білімдер үшін арнайы уақыт бөліп оқу шарт емес. 

Бұл – өмірмен, тәжірибемен келетін білімдер. Адам басшы боп 

билікке келмей тұрып, осы білімдерге ие болады.

Алғашқы білімдерден кейін бұларды тексеру, зерттеу және оқу 

арқылы келетін ғылымдар қалыптасады – деп Фараби адамның 

ақыл-ойын жоғары қояды. Ойшыл теориялық ізгіліктердің ішіне 

азаматтық білімді де жатқызды себебі, адам алғашқы білімнен 

кейін «қалайша?» (кәйфа?) және «бұл не нәрсе?» (мә һәзә?) деген 

сұрақтарға жауап іздеп өзінің адами тұлғасын қалыптастырады. 

Сөйтіп  келіп,  ғалым  –  осы  ерекшелік  қарапайым  адамдарға 

қарағанда мемлекеттік қайраткердің бойында басым болуы тиіс 

деген тұжырым жасайды. 

Себебі,  мұндай  қасиетті  икемдеген  ақыл  адамды  емдейтін 

тәсілдерді түгендеуге қол жеткізеді. Өз қабілетін шыңдай алған, 

өзгемен  бірлесе  де,  біріге  де  алады.  Сөзі  мен  қимылын  мекем 

ұстаушы адам өзін жөне топты баскаруға дайын келеді. Өнегелі 

әрекетте көңілге тоқитын білімдер мен талаптар тоғысады – деп 

санаған әл-Фараби – осы алғашқы білімдердің болуы неліктен, 



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

462 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

олар қандай жадайда көздеулі мақсатқа айналады? – деген сұрақ 

қояды.  Кейін  ол  «Китаб  тахсиль  әс-саьада»  шығармасында 

қойған осы сұрағына өзі жауап береді.

Ортағасыр араб ойшылдарының рухани ізденістері адам мен 

Құдай арақатынасы тарихының қалыптасу кезеңінде анықталды, 

бүтіндей адамзат өмірінің шынайы тарихы ретінде көрінді. Фило-

софтар мен теологтар және сопылар мен ақындар адамды ақиқат 

жолында  мәңгі  ізденістерге  дұшар  етті.  Осы  талпыныстардың 

барлығын бір бүтін еткен Ислам, ортағасыр адамы үшін болмыс-

тың экзистенциалды мәні құрылған ақиқат болды [7, 191 б.].

Сондықтан  ортағасыр  мұсылман  әлеміндегі  «инсанун 

кәмилун»  (кемел  адам)  –  рухани  дүниесі  бай  адам.  Кемелдік 

ұғымы, адамның рухани қасиеттілігімен байланысты. Адам та-

рихында қасиеттілікті түсінудің түрлі кезеңдері өтті. Антикалық 

грек дәуірі қасиеттілік деп адамның Ғарышпен мәңгі қатынасын 

түсінген,  ежелгі  мысырлық  өзінің  қасиеттілігін  –  мәңгі  ғұмыр 

кешу  деп  сенген  т.  б.  Осылайша,  адам  түрлі  заманда  «рухани 

қасиеттілікті» алуан түрде біліп келген.

Осы  кемел  адамның  сипатын  әл-Фарабидің  мемлекеттік 

қайраткер  концепциясынан  анық  көреміз.  Ғалым  абсолюттік 

мағынада бірінші басшы дегеніміз кім? – деген сұраққа былай 

жауап береді. Бұл басқа біреудің басшылығын мүлдем керек ет-

пей ғылымдары мен білімдерінің жетілгені сонша, бұл жөнінде 

өзіне  басшылық  ететін  басқа  адамға  мүлдем  тәуелді  болмай-

тын дәрежеде шын жетілген адам. Орындалуға тиісті нәрсенің 

барлығын  жеке-жеке  егжей-тегжейлеріне  дейін  білуге  қабілеті 

болу оған міндет емес. 

Бұл адам оның өзі білетіндердің барлығы жөнінде басқалар-

дың бәріне тамаша басшылық етуге қабілетті; бұл адам өзі күні 

бұрын  бейім  жұмыстың  ішінде  бір  қажетін  орындауға  жарай-

тын адамның қандайын болсын пайдалануға қабілетті; бұл адам 

бақытқа  жеткізетін  әрекеттерді  белгілеуге  және  оларға  бағыт 

сілтеуге  тамаша  қабілетті.  Бірақ,  бұл  жаратылыс  қасиеттері 

өте  тамаша,  абзал  адамдарға,  яғни  жандары  әрекетшіл  ақыл-

парасатпен бірге біткен адамдарға ғана тән [3].

Әл-Фарабидің  ізбасары  Ибн  Сина  да  трактаттарында 

өзгелерді  басқаруды  бастау  үшін,  алдымен  өзін-өзі  басқаруды 



I Казахстанский философский Конгресс 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет