Философия в современном мире: стратегии развития


  ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет40/80
Дата03.03.2017
өлшемі3,05 Mb.
#6003
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   80

412 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

патшалық  Ресей,  одан  қалды  Кеңестік  елде  халқымызға  отан 

болды. Біз мұны жоққа шығара алмаймыз. Отанды сүю – қанмен 

бармайды, ана сүтімен, тәрбиемен келеді, әр адамның әлеуметтік 

тұлғасымен,  азаматтық  санасымен  негізделеді.  Осындай  кезде 

қазақ даласында өмір сүрген өзі шешен, би болған Қаз дауысты 

Қазыбек бидің халық алдына шығып:

Өркенің өссін десең, кекшіл болма, 

Кесапаты тиер еліңе,

Елім өссін десең, өршіл болма

Өскеніңді өшірерсің.

Басына іс түскен пақырға 

Қастық қылма,

Қайғысы көшер басыңа.

Жанашыры жоқ жарлыға,

Жәрдемші бол асыға,

Қиын-қыстау күндерде,

Өзі келер қасыңа.

Бүгін сағы сынды деп

Жақыныңды басынба, –

деген  толғауы  қазақ  болмысының  өзіндік  ерекшелігін  білдірсе 

керек [4,78 б.].

Ұлтжандылықтың әлеуметтік тұғыры – халық. Халық өз от-

аны үшін қандай да болмасын қиындыққа көнеді. Сондықтан да 

отаншылдық,  ұлтжандылық  өз  ұлтының  болашағы  үшін  еңбек 

ету екендігін естен шығармағанымыз жөн. Егеменді елдің негіз-

гі  мақсаты  мен  міндеті  ұрпақ  тәрбиелеумен  астасады,  өйткені 

біздің  келешегіміз  жемісті  тәрбие  алған  ұрпақпен  тығыз  бай-

ланысты.  Ұрпақ  тәрбиесі  –  мәңгілік  нәрсе.  Халықтың  ұрпақ 

тәрбиелеудегі тәжірибелері сол халықтың ой-тілегімен ұштасып 

келгендіктен озық үлгілерінің мәңгі сақталып, үнемі жетілдіріп, 

ұрпақтарға жалғасып отыруына біздің бабаларымыз ерекше мән 

берген.  Қазақтың  дүние  болмысындағы  атақты  үш  биінің  бірі 

Төле бидің: 

Бір үйдің баласы болма

Көп үйдің санасы бол.

Бір елдің атасы болма,


I Казахстанский философский Конгресс 

413 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

Бар елдің данасы бол.

Ақты ақ деп бағала,

Қараны қара деп бағала,

Қараны қара деп қарала.

Өзегің талса, өзен бойын жағала.

Басыңа іс түссе,

Көпшілікті сағала.

Өзіңе өзің кәміл,

Досыңа адал бол, –

дейтін батагөй сөзінен үлкенге де, кішіге де пайдасы зор ақыл-

нақылды  ұға  аламыз.  [5,  81  б.]  Қазақ  халқы  өз  даму  болмы-

сында  мәңгілік  із  қалдырған  Әл-Фараби,  Қ.А.  Иасауи,  Абылай 

хан, Ш. Уалиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, М. Шоқай, 

А.  Бөкейханов,  М.  Дулатов,  М.  Жұмабаев,  А.  Байтұрсынов, 

С.  Торайғыров,  Қ.  Сәтпаев  т.  б.  біртуар  тұлғаларды  әрқашан  да 

мақтаныш қылады және қастерлейді, құрметтейді және олардың 

қадір-қасиеттерін кейінгі ұрпаққа өнеге тұтады.

Нағыз  қазақы  өмір  сүру  үшін  сол  ұлтқа  етене  жақын,  қаны 

мен  жанына  сіңіскен  ұлттың  өмір  салтын,  қадір-қасиеттерін, 

қазақша  өмір  дәстүрін,  ұлттық  тәрбиені  қалыптастыру  қажет. 

Шын  мәнінде,  қазақ  үшін  өмірдің  әлеуметтік-философиялық 

мазмұн-мәні дәл осы ұғымға келіп тіреледі. 

Бірақ  қазақы  өмір  сүрудің  өзіндік  шарттары  бар,  оның  ең 

бастысы  –  ұлттық  болмысымызды  қадірлеу,  қастерлеу  және 

игеру  болып  табылады.  Аты  қазақ,  заты  басқалар  қазақ  болып 

жарытпайды,  қазақы  өмір  сүру-еріксіз,  дағдылы,  санадан  тыс, 

өздігінен туындайтын жайт болуы тиіс. Қазақтың өзіне ғана тән 

мінез-құлық, жүріс-тұрыс, салт-сана, дәстүр ұлттың тәрбие ны-

сандары болып табылады. Қазақтың қадір-қасиеттері, ділі оның 

рухани тұтастығының, ұлттың болмысының негізгі қайнарлары 

болып  саналады.  Жалпы,  ұлттық  ділдің  қалыптасуында  тарих 

пен  әлеуметтік  тәжірибенің  ықпалы  зор  екендігін  атап  өтуіміз 

қажет. Ұлттық болмысымыздың рухани және әлеуметтік қайнар 

көздері ретінде ұлттық мәдениет пен ұлттық философия болып 

саналады. Әрбір халық тарихи даму кезеңінде өз болмысын ой-

лау  жүйесі  мен  дүниетанымы  арқылы  зерделейді.  Ұлттық  діл 

сіресіп  қатып  қалған  ұғым  емес,  ол  халықтың  өмір  салтының 


I Қазақстандық философиялық Конгресс 

414 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

бағдаршамы  іспеттес:  әлгі  қалай  өзгерсе,  бұл  да  сол  дәрежеде 

өзгеріске  ұшырайды.  Адамдардың  нақты  қоғамдық  қатынаста 

қалыптасатын ойлау жүйесі, ойлау салтының рухани жемісі, әдет 

ғұрыптары мен діни көзқарастары, әсіресе, олардың санасында 

берік орын алған ақпараттық өрістері ұлттық болмысымыздың 

қалыптасуы мен дамуына әрі өзгеруіне айрықша зор ықпал етеді. 

Ұлттық  болмысымыздың  қасиеттері  қоғамда  да,  жеке  адам-

дарда  да  мол  орын  алған.  Ізгілік  пен  рақымшылдыққа  ұмтылу 

–  барша  адамның  бойында  бар  қасиет,  бірақ  әлгі  ізгілік  пен 

рақымшылдықтың өзі туа біткеннен болмайды, сондықтан оған 

адамдарды үйретіп, ұлттық үрдіс тұрғысынан тәрбиелеу қажет. 

Ізгілікке,  адамгершілікке  қабілетті  жандардың  ішінде  оған  өз 

құмарлығын шектей алатын адамдар ғана жете алады. Адамдар 

сезімдік түйсіктер арқылы алынған деректер негізінде заттардың 

қасиеті  мен  сипаттарын  таныса,  ақыл-ой  арқылы  осы  алынған 

деректер негізінде жалпылықтың мәнін түсінуге ұмтылады. Сол 

себепті адам өзін-өзі үнемі ұлттық рухани жағынан жетілдіріп 

отыруы тиіс. Ұлттық рух мәселесіне ерекше көңіл бөлуіміз қажет. 

Өйткені мұның өзі әрбір адамның әлеуетін ашатын, көптің қуа-

тын ортақ арнаға қосатын, халық даналығы жинақталған еркін-

діктің түрі. Рухы биік, күшті елдердің қашан да бағы жойылмаған, 

ұлттың  рухын  сақтап  қалған  ел  ғана  өз  ерлерін  қорлатпайды, 

қорламайды,  қорғайды,  және  олардың  ұлттық  болмысының 

қадір-қасиеттері шыңдалған үстіне шыңдала береді. 

Әдебиеттер

1 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Қазақстан, 1985.

Гегель. Феноменология духа. – М.: Наука, 1997.

3 Мамардашвили М. Философия и личноть. – М: Мысль, 1979.

4 Бес ғасыр жырлайды. – Алматы: Жазушы, 1991.

5 Бес ғасыр жырлайды. – Алматы: Жазушы, 1991.



I Казахстанский философский Конгресс 

415 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

ҰЛТ РУХЫНЫҢ ТАРИХИ-ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰБЫЛЫСЫ

Нәби ЕЛІКБАЕВ

(Қарағанды)

Тарихи-әлеуметтік құбылыс ұлттық психология адамдардың 

біріккен өмірі мен күресінде, әлеуметтік, табиғи – географиялық, 

материалдық, мәдени жағдайларына лайық қалыптасады. Соның 

әсерінен ұлттың мүшелерінде мінез-құлықтың, сезімнің, ұлттық 

мақтаныштың,  талғам  ерекшеліктерінің  және  тілдің  біркелкі 

элементтері, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптар пайда болады.

Біздің пікірімізше ұлттық психологияның қалыптасуына мына 

жағдайлар  ықпал  етеді:  белгілі  бір  әлеуметтік  жағдайлар  мен 

өзара қарым-қатынастар, еңбектің сипаты (егіншілік, мал өсіру, 

барлық аулау т. б.), халықтың ұзақ мекендеген географиялық орта-

сы; халықтың тарихи жолы, былайша айтқанда халық «тағдыры» 

(маңызды  тарихи  оқиғалар,  мәселен,  азаттық  күреспен  бай-

ланысты  ортақ  қуаныш,  ортақ  қайғы,  күйзеліс,  жеңістер  т.  б.); 

адамдардың  арасындағы  әлеуметтік-психологиялық  қарым-

қатынастары, өзара әрекеті. Осы көрсетілген факторлар халық-

тар  өміріне  түрліше  бояуда  психологиялық  өзгешеліктердің 

пайда болуына ықпал жасайды. Одан өзге саяси идеологиялық 

және  саясат  ауқымы  да  тиісті  қасиеттерді  орнықтырады.  Бұл 

айтылғандар тілге де байланысты.

Ұлттық  психология-адамдардың  зор  топтарын  біріктіретін 

әлеуметтік  психологиялық  күш.  Сондықтан  да  оған  оның 

басынан  өткен  тарихи  кезеңдері  үлкен  әсерін  қалдырады. 

Халықтардың  бірігіп  өзінің  азаттығын  қорғауы,  қосылу  мен 

бірігу  үшін  күрестері  немесе  т.  б.  ішкі  мәселелерді  шешудегі 

қимыл әрекеттер ұлттық психологияға зор түрлену ендіреді.

Тарих  пен  дәстүрдің  рухани  игілік  ретінде  тарихи  сана-

мыз  үшін  пайдаға  асып  тәрбие  көзіне  айналуында  ұлттық 

тілдің құдіретін ерекше атау керек. Халық рухының жаны тіл. 

Дәстүрлер,  әдет-ғұрыптар  салт-жоралғылар  т.  б.  барлығы  да 

өз  қалпында  тек  ұлттық  тілдің  көмегімен  ғана  нағыз  ұлттық 

талғамды бере алды. Социализм құрылысының ұлт мәселесін-



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

416 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

дегі  бұрмалау  мен  белден  басу  әдістері  тек  қазақ  ұлты  емес 

ондаған азшылық санатындағы халықтардың тіліне зорлық жа-

сап өшіруге айналған болатын.

Революцияға дейінгі Россияда орыс емес ұлттар жалпы тұр-

ғындардың  57  пайызы  болыпты.  250  астам  ұлттар  жалпы  мен 

шағын  халықтар,  ұлттық  және  этникалық  топтар  өмір  сүрген. 

Ал, 1989 жылғы халық санағына үңілсек 128 ұлттар мен ұлыстар, 

және этникалық топтар, ұлттық-мемлекеттік құрылымы жоқ 60 

астам  ұлттар  қалыпты.  1932  жылы  жазу  жұмыстары  132  тілде 

жүргізілсе енді 36 тілге дейін азайыпты.

Ұлт  тілдерін  құртуға  тікелей  бағытталған  жұмыс  БКП(б) 

Орталық Комитетінің 1938 жылғы 24 қаңтарда қабылданған «Ұлт 

мектептерін  қайта  құру  туралы»  қаулысына  байланысты  үдей 

түсті. Тіптен соңғы жылдары жергілікті халықтардың өсуі (Лат-

вия мен Эстониядан басқа) орыстардан басым түсіп отырғанына 

қарамастан жалпы білім беретін ұлттық мектептер одан әрі азая 

түсті [1].

Әрине ұлттық төл тілдің әлеуметке қажетсіздігі, тарих пен ата 

дәстүрін ұмыта бастау – рухани опаттың басы. Аталған фактілер 

мен жағдайлар қазақ ұлты үшін өз тарихи байлығынан айыры-

лып  дәстүрлі  тәрбиесі  ықпалын  жойса,  орыстар  үшін  көкірек 

көтеру,  ұлтты  төмен  санау  сезімдеріне  жол  берді.  Мұның  өзі 

тәрбие  процесіндегі  принципсіздікті  орнықтырды,  тек  белден 

басу  озбырлығын  әдетке айналдырды. Қалыптасқан ұлтаралық 

достыққа  дақ  түсірді.  Өркениетті  елдердің  тәжірибесіне  ден 

қойып  оған  ықыласпен  қарап  практикаға  пайдалану  дамыма-

ды. Ұлттық тілдер мәселесі идеологиялық және әлеуметтік про-

блемалармен  қатар  шешілмеді.  Саяси  және  адамгершілік  тұр-

ғысында жоғары тұрған елдерде бұл мәселе өз үйлесімін тапқан. 

Мысалға, Швейцария тұрғындарының 65 пайызы неміс тілінде, 

18 – француз, 12 – итальян, 1 пайызы ежелгі ретороман тілінде 

сөйлейді. Соған қарамастан осы төрт тіл де мемлекет тарапынан 

теңдік жағдайда. Бұл саяси мәдениеттің жоғары белгісі.

Бұрынғы  одақтағы  ұлт  мәселесіндегі  өмір  тәжірибесін  ақта-

маған тендециялар, ұлттық тілдегі бұрмалану фактілері кезінде 

шетелдік зерттеушілер тарапынан сынға алынып отырды. Бірақ 

оны сол кездегі саясатымыз бен идеологиямыз тек диверсия, жау-



I Казахстанский философский Конгресс 

417 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

ларымыздың  өсек-аяңы  деген  бағалаумен  есепке  алмады.  Олар 

керек  болса  КСРО-ның  ыдырауы  да  мүмкін  деп  көрсеткен  бо-

латын. Міне, осыдан барып қыспаққа түскен ұлттық тіліміз жас 

ұрпақтың  мәңгүрттікке  ұрынуына  ықпал  жасап  ұлттық  тәрбие 

мектебін  оның  ғасырлық  тәжірибесін  әлсіретіп  дәстүрлі  дағды-

ларымызды  босаңсытып  жіберді.  Жастар  рухы  ұлттық  негізден 

ажырап берекесіз еліктеу мен әдепсіздік элементтерге жол берілді.

Саяси  өрістегі  өрескел  қателіктер  қоғам  ісіне  орасан  зор 

зиян  келтірді,  елімізді  құлдырау  мен  тоқырауға  әкеп  соқты. 

Бұл  қоғамның  басқа  салаларымен  бірге  өмірдің  рухани  сала-

сында  айқын  сезілді.  Осылайша  әкімшілдік  –  әміршілдік  жүйе 

мәдени революцияны қанша бұра тартса да, оның еңбек адамы-

на  қызмет  етуін,  адамгершілік  сипатын  серпіп  тастай  алмады. 

Бірақ  халықтың  рухани  –  психологиялық  дүниесіне,  қала  мен 

деревняның,  ой  еңбегі  мен  дене  еңбегінің  жақындасуына,  осы-

лардың негізін қалайтын материалдық өндіріске аяусыз ойранын 

салды. Мәдениет идеология мен саясаттың жетегінен босай ал-

мады. Жоғарыдан келген нұсқаулар мен кеңестер бұлжымайтын 

нәрсеге айналып, басқаша ойлау зиянды қасиет болып саналды. 

Түрік тілдес халықтар тарихи үйренген араб графикасының 

орнына  орыс  алфавитін  алмастырып  қабылдады.  Соның  нәти-

жесінде жаңа ұрпақ үшін бұрынғы тарихқа жол жабылды. Дәс-

түрлі  құндылықтар  жоғала  бастады.  Көптеген  халықтар  ата-

бабалық тарихи зердеден қол үзді.

Сондықтан да тарих пен дәстүрдің рухани игілік ретінде та-

рихи санамыз үшін пайдаға асып тәрбие көзіне айналуында ұлт-

тық тілдің құдіретін ерекше атау керек. Халық рухының жаны 

тіл.  Дәстүрлер,  әдет-ғұрыптар,  салт-жоралғылар  т.  б.  барлығы 

да өз қалпында тек ұлттық тілдің көмегімен ғана нағыз ұлттық 

талғамды, сана мен дүниегекөзқарасты бере алады.

Бұрынғы  одақтағы  ұлт  мәселесіндегі  өмір  тәжірибесін 

ақтамаған  тенденциялар,  ұлттық  тілдегі  бұрмалану  фактілері 

кезінде шетелдік зерттеушілер тарапынан сынға алынып отыр-

ды.  Бірақ  оны  сол  кездегі  саясатымыз  бен  идеологиямыз  тек 

диверсия,  жауларымыздың  өсек-аяңы  деген  бағалаумен  есепке 

алмады.  Олар  керек  болса  КСРО-ның  ыдырауы  да  мүмкін  деп 

көрсеткен  болатын  [2].  Міне,  осыдан  барып  қыспаққа  түскен 



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

418 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

ұлттық тіліміз жас ұрпақтың мәңгүрттікке ұрынуына ықпал жа-

сап, ұлттық тәрбие мектебін оның ғасырлық тәжірибесін өшіріп, 

дәстүрлі  дағдыларымызды  босаңсытып  жіберді.  Жастар  рухы 

ұлттық  негізден  ажырап  берекесіз  еліктеу  мен  әдепсіздік  эле-

менттерге жол берілді [3].

Біздіңше  ескеретін  мәселе,  заң  мемлекет  тілінде  жазылуы 

үшін заң дайындаушылар мен қабылдаушылардың ұлттық сана-

сезімі, дүниетанымы қазақы болуы керек. Бұл негізіне құқықтық 

білім беру мен тәрбиені ұлттық негізде жүргізуді нақты қолға алу 

керек деген сөз. Құқықтық мәдениет көзі де ұлттық мәдениет.

Құқықтық  мәдениетте  ұлттық  рух  және  мінез  бар.  Қандай 

да болмасын ұлт құқықтық мәдениетті қалыптастыруға өзіндік 

дүниені  тану  стилін,  белгілі  бір  стереотиптерді,  түсінулер  мен 

сезімдерді  қалыптастырады.  Басқаша  оны  менталитет  деп 

деп  атаймыз.  Құқықтық  мәдениетті  қабылдауда  да  ұлттық 

ерекшеліктер  бар.  Мысалға  орыс  үшін  «заң»  деген  ұғымға 

қарағанда, «шындық» және «әділет» – деген ұғымдар әлде қайда 

жақын және жағымды естіледі екен [4]. 

Ал  қазақ  үшін  заң-әдет,  дәстүрлі  тыйымдардың  жиынтық 

көрінісі.  Салт-дәстүрлердің  өзі  моральдық  құқық  ретінде  өмір 

сүрген.  Сондықтан  да,  халқыңның  ғасырлар  бойы  жинаған 

құқықтық мәдениетін бойына сіңіру, оны кәсіби қызметіңде пай-

далану ұлттық сананы дамытудың көзі болып табылады. 

Қазіргі  жалпы  қазақстандық  патриотизмнің  қалыптасуында 

оның жаңа табиғатына, негізіне сүйенеміз. Мұнда демократиялық 

реформалар  кешенінде  барлық  істерге  жөн-жосықсыз  араласу 

әдеті, ақпаратты қоғамнан жасыруға жетелейтін құпияшылықтың 

қажетсіз және зиянды сілемі, ведомствошылдық пен жершілдік, 

жекжатшылдық пен топшылдық, ұжымдық жауапсыздық, сүрең-

сіздік пен бойкүйездік, сәйкессіз және көп сатылы құрылым, сы-

байлас жемқорлық сияқты «қадір-қасиеттер» кедергі болатынын 

ескеруге тиіспіз. Бұл аталғандар ортақ отаншылдық сезімімізді 

қалыптастыруда  жаңа  табиғаты  мен  әлеуметі  бар  рухани-

психологиялық салтымызға зиянды құбылыстар. Сондықтан да 

өзін  қазақстандық  патриотизмге  арнаған  азамат  күнделікті  жә-

не  тәрбие  процесінде  жоғарыдағы  әрекеттерді  ескеріп  отыруы 

қажет.


I Казахстанский философский Конгресс 

419 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

Патриотизмнің  қалыптасуы  мен  дамуы  процесінде  ұлттық 

дәстүрлер мен тілдің рөлі өте ерекше. Ол тарихи қалыптасқан 

орнықты қасиеттер болғандықтан ұрпақтан ұрпаққа тарап оты-

рады.  Өзімен  бірге  әлеуметтік,  еңбек,  рухани-психологиялық, 

тұрмыстық әлеуметтің белгілі құндылықтарын жинақтағандық-

тан отаншылдық сезімге тікелей қатысты. 

Республикамыздағы  ұлт  өкілдерінің  өзара  сыйластық  мәде-

ниетін  қалыптастыру  үшін  қазақ  халқының  тарихын,  тілін, 

дәстүрлерін, мерекелерін, халық батырларын, т. б. кеңінен наси-

хаттаған жөн. Осы тұрғыдан алғанда қазақ ұлты алдымен өзінің 

асыл мұратын қадір тұтуы тиіс, оны бекітіп күнделікті рухани 

тынысқа тиек жасаған дұрыс. 

Кейінгі  кезде  ел  бірлігі  мен  тыныштығын  қорғау  жолын-

да  еңбек  сіңірген  кемеңгерлер,  батырлар  және  т.  б.  жайлы 

естеліктер қолға алынуда. Өте орынды бастама. Мысалы, Абы-

лай хан, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай немесе халық елшілері 

Төле,  Әйтеке,  Қазыбек  билер  туралы  материалдар  ұлттық  са-

наны  дамытуға  сөзсіз  үлес  қосады.  Әрине  бұл  ұлттық  тарихи 

шежіренің бір тармағы ғана. Бұл мәселелердің санаға орнығуына 

да тілдің маңызы зор.

Ұлттың  парасат  егетін,  адамгершілікке  жетелейтін  дәстүр 

мен салтын табандылықпен сақтап оның тәлімдік мәнін ерекше 

құрмет тұтынуға тиіспіз. Ондай қасиетті істің игі бастамалары 

жот басы, ошақ қасынан, жастық шақтан басталып мемлекеттік 

және  қоғамдық  мекемелердің  тәрбиелік  шараларын  қамтыған 

дұрыс. Бұл бастама республиканы мекеніне айналдырған барлық 

ұлт өкілдерін тарту арқылы олардың да ортақ тарихи мәдениеті 

етіп қойылуы керек. Тарихымыз бен мәдениетімізді, тілді білетін 

өзге ұлт азаматтары ғана халқымызға шынайы рух пен сезім ар-

найды. 

Жоғарыда  аталған  жағдайлар  халықтың  рухани-психо-



логиялық  қасиеттерiне  із  қалдырады,  соған  бейiмдi  дағды-

ларды  қалыптастырады.  Ұлттың  психологиялық  ерекшелiктерi 

дегенiмiз – халықтардың тарихи даму өзгешiлiгi мен әлеуметтiк-

экономикалық,  саяси  өмiрдiң  алғышарттарының  ықпалымен 

қалыптасатын,  мәдениет  пен  тұрмыста,  дәстүрлер  мен  әдет-

ғұрыптардан байқалатын ұлттық сезiм-әрекеттiң өзiндiк көрiнiсi, 



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

420 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

ой-пiкiрлер мен ықпал-қимылдың орнықты қасиетi, әрi тiршi лiк 

харакетiнiң машықтанған дағдысы. Осы кешенді мәселеде тілді 

ескермеу мүмкін емес.

Кеңестік  саясат  кезеңiнде  елiмiзде  жүргiзiлген  әлеуметтiк-

экономикалық, саяси-мәдени өзгерiстердiң нәтижесi қазақ ұлты-

ның  психологиясына  тиiстi  өзгерiстер  әкелдi.  Оған  қосымша 

таптық,  партиялық  бағалау  мен  негiзге  бiржақты  арқа  сүйеу 

ұлттық-тарихи жүйеге қарама-қайшы қасиеттердi қосты. 

Өзiнiң  жеке  мүддесiнен  қоғамдық  мақсатты  жоғары  қойып 

бағалап келешек үшiн ғана өмiр сүру сезiмiмен қатар сенiмсiздiк, 

бейқамдық,  пiкiр  таласын  тудырмау,  жоғарыдан  қойылған  та-

лаптарды  мүлтiксiз  орындау  т.  б.  дағдылар  орнықты.  Рухани-

психологиялық қасиеттер «күштi орталықтан» берiлiп алдын-ала 

анықталған нұсқаулар бойынша қалыптасты. 

Ұлттық психологияның байқалатын өрiсi — мәдениет, халық-

тың  дәстүрлерi  мен  әдет-ғұрыптары,  тұрмыс  пен  ұлттық  ауыз 

әдебиетi және т. б. Бұл қасиеттер тіл арқылы анық беріледі. Осы 

аталған  сфераларда  ұлттың  көңiл-күйi,  эмоциясы,  күнделiктi 

дағдысы  мен  әдетi,  талғамы,  сана-cезiмi  мен  еркi,  ұлттық 

сезiмнiң серпiнi бейнеленедi. 

Қазiргi  кезеңдегi  мәселенiң  түйiнi  –  жалпықазақстандық 

патриотизм  қасиетiн  орнықтыру  мен  ұлттық  тәрбиенi  дамы-

ту.  Елiмiз  көп  ұлтты  мемлекет.  Оның  азаматтарының  ұлтына 

қарамастан  ортақ  Отанына  сүйiспеншiлiгiн,  отанжандылығын 

қалыптастыру керек. 

Мұнда қазақ азаматтарына болашақ үшiн жүктелер мiндеттер 

ерекше. Сондықтан да тарихтың қилы ауыртпалықтарын бастан 

өткерiп,  қазiргi  дамудың  ақиқатымен  бетпе-бет  келiп  тұрғанда 

халқымыздың тәуелсiздiк туралы, дербес мемлекет құру туралы 

ғасырлар бойы армандап келген мақсатын жүзеге асырып, оны 

нақты мазмұнмен толықтыра түсетiн кезеңге жеткенiмiз анық.

Қазiргi экономикалық және әлеуметтiк процестердi дамытуға 

ұлтаралық  қарым-қатынас  мәдениетi,  ұлттар  достығы  ерекше 

ықпал  етедi.  Олай  болса  ұлттық  психологияның  ерекшелiктерi 

мен  тілдін  байланыстық  зерттелуi  осы  процестердiң  мәнi  мен 

маңызын  айқындап  тәрбиеге  көмектесетiн  болуы  тиiс.  Басты 

мақсат – ел ынтымағы мен бiрлiгiн нығайтуға үлес қосу.



I Казахстанский философский Конгресс 

421 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

Әдебиеттер

Хасанов Б. Национальные языки, двуязычие и многоязычие: по-

иски и перспективы. Алма-Ата: Казахстан, 1989. – 133 с.

Баграмов Э.А. Ленинская национальная политика: достижения и 

перспективы. – Москва: Мысль, 1977. – 166 с.

Нысанбаев Ә., Елікбаев Н. Ұлттық рух және дәуір тынысы // Еге-

мен Қазақстан. – 1993, 4-желтоқсан.

Зеньковский В.В. История русской философии. – Ленинград: ЭКО, 

1991. – Т. 1. – 222 с.


I Қазақстандық философиялық Конгресс 

422 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ КОСМОЛОГИЯЛЫҚ 

ҰҒЫМДАР: СЕМИОТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

Аманжол МЕЙІРМАНОВ

(Алматы)

Қазақ  философиясы  тарихының  зерттеу  нысаны  ретінде 

анықтағанда  жүгінеріміз  рухани  мәнге  ие  мифологиялық, 

діни,  рәміздік  мазмұндағы  әдеби  және  мәдени  жәдігерлер. 

Бұл  мұраларды  көркем-эстетикалық  және  танымдық  қырлары 

тұрғысынан  қарастыра  келіп,  сырлы  мазмұнның  астарынан 

философиялық  мағыналар  мен  түсініктерді  тұжырымдаймыз. 

Осы  мақсатта  қолданатын  негізгі  әдістеріміздің  бірі  герме-

невтикалық  әдіс  және  дәстүрлі  ұғымдар  мен  түсініктерді 

семиотикалық тұрғыда талдау.

Қазақ  дүниетанымының  сопылық  іліммен  ұштас  негізгі 

ұстанымы бойынша Құдай – Халық деген сипатына сай мәңгі 

жаратушы.  Оның  ұлықтығы  мен  қалауынан  (ирадасынан) 

көзге  көрінер  дүние  сан  алуан  көптігімен,  құлпырған  бояуы-

мен,  түрленген  көркемдігімен  жаралып,  жасанып,  жаңғырып 

жатыр.  Жаратушылық  актісі  өзінің  мақсатты  себебіне  ие. 

Жаратылыстың мақсатты телеологиялық себебі болғандықтан 

адам  осы  жаратылыс  дүниесінің  сырларына  бойлау  арқылы 

Хақты – Құдайды танып және сүйе алады. Рухани мұраларда 

осы  адам  және  Құдай  қарым-қатынасын  пайымдауда  көзге 

көрінбейтін  рухани  дүние  және  періштелер  әлемі  кеңінен  ба-

яндалады, сонымен қатар, көзге көрінер материалдық әлем мен 

ғарыш та ескерусіз қалмайды.

Өзінің  онтологиялық  барлығы  тұрғысына  «жалған  дүние» 

ретінде шәк-күмәнға мүмкіндік беретіндігімен қатар, бұл дүние-

ні эмприкалық оймен қабылдау үшін барлығы шүбәсіз шындық. 

Ғалам  мен  дүниеге  байланысты  адамның  абсолютті  хақиқатты 

тануына бөгет болуы немесе жәрдем беруі жайлы қарама-қайшы 

екі түрлі ұғым белгілі.

Біріншіден,  бас  көзімен  көретін  бұл  дүние  көптіктің  негізі 

ретінде  жалғандығымен  белгілі.  Бұл  дүние  –  таухид  талап-


I Казахстанский философский Конгресс 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет