БАҒдарламасы бойынша шыгарылды


бар.  Аударманьщ  сол  тілдегі  әдебиетке  ықпалы  да  срекліе



Pdf көрінісі
бет42/45
Дата03.03.2017
өлшемі26,87 Mb.
#6207
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45

бар.  Аударманьщ  сол  тілдегі  әдебиетке  ықпалы  да  срекліе. 

Аударма  өнерінің  ғажайып  қасиеті  ұлттық  өлең  жүйесінің 

жаңғыруына,  өзгеріске  түсуіне  ықпал  жасай  алуынан  да

көрінеді.

Жиырмасыншы  ғасырдағы  қазақ  аудармасы,  соның 

ішінде поэзия тэржімесі ұлттык өлең өнерімізді д е барынша

байы татүсті.| 

|  ’  , 

11 ..г 11

Өнердің  қай  түріне  де  сынның  эсер-ықпалы  үлкен.

Аударма  да  солай.  Соңғы  сексен-тоқсан  жылдың  ішінде 

бой  көрсеткен  қазақ  аударма  сыны  осы  уақыт  аралыгында 

тэржіме енерінің қалыптасуынахал-қадерінше көмек көрссте

білді.  Еңбекте  ретті  жерінде  аударма  сынына  байланысты 

ойлар  да  ортаға  салынып  отырылды.  Бүл  тұрғыда  қазірше 

жетістіктен  гөрі  кемістік  көбірек.  Сөз  бен  сөзді,  жол  мсн 

жолды,  тіпті  шумақ  пен  шумақты  емес,  өлең  мен  өлеңді 

салыстыру ксрек.  Сонда ғана аудармашы жырдың мақамдық 

құрылымын сақтай  алды ма, идеясын аша алды ма, пішіндік 

ерекшеліктерін  қалпына  келтіре  алды  ма  дегсн  сауалдарға 

жауап  табуға  болады.  Өкінішке  орай,  осы  арада  казақ 

әдебиеттануы  талай  тұста  қазақтың  поэзия  аудармасына 

кедергі жасағанын ашық айтуға тура келеді. Аударма туралы 

сөз  қозғайтын  адамдардың  талайы  түпнұскадағы  сөзді 

санамалап,  тіркссті  түгендеп  кететіні,  ал  жиырмасыншы, 

отызыншы жылдарда кейде таза шығармашылық тұрғыдағы 

сәтсіздіктерге  саяси  сипат беріп, сөзбе-сөз,  сірескен аударма 

жасауға итермелеуге себепкер  болғаны да рас.

Қазақ  поэзия  аудармасына  тэн  елеулі  кемшіліктің 

бірі 

-  

барлық 

аудармашылардың 

дерлік 

осы 

іспен 

шығармашылығының  негізгі  арнасы,  өмірлік  кәсібі  ретшде 

айналыспағандығы, 

аударманы 

жаңбыр-жаңбырдың 

арасында жасау белең алган дыгы. Көркем аударма саласында 

корнекті  із  қалдырған  суреткерлердін  қай-қайсысын  алсақ 

та,  осы  іске  жылдар  бойы  бар  күш-жігерін  жұмсағанын, 

жүйелі  айналысқанын,  көлемді  дүниелерге  кұлаш  ұрганын 

көреміз.  Аудармашылық 1  жалғыз шабытпен шалып түсетін, 

тек  алымдылықпен  алып  түсетін  шаруа  емес.  Тэржіменің 

машығын  алмайынша,  аударма  техникасын  емін-еркін 

меңгермейінше, 

көркем 

сөзді 

алақанында 

ойнататын 

зергерлікке  қол жеткізбейінше аударма асуы  алдырмайды.

Талантты  шығарманы  өзге  тілде  өз  деңгейінде  кайта 

туындатудың басты  шарты -  оқи  білу...  Талантты тәржімеші 

тек  талантты  оқырманнан  шықпақ.  Бұл  ойды  талантты

440


қаламгср тек талантты оқырманнан шығады деп кссіл айтсақ, 

мұьымызбен  таласатындар  да  табылар,  арғы-бергідегі 

элем  эдебиетінсн,  езіміздің  төл  сөз  өнерімізден  оқуға 

онша  зауқы  соқпаган,  сонда  да  табигат  бергсн  дарынымен 

талай  шаруа  тындырған  дара  дарындарды  атай  да  алармыз, 

шыгармашылық  дегсннің  өзі  кей-кейде  сырын  адам  біліп 

болмайтын  тылсым  дүние  екені  мэлім,  бірақ,  көп  окымай, 

көп  тоқымай  аударма да  асқар  асулар  алган  адамды  бөле- 

жара  көрсету  қиын.  Әсіресе,  өлең  аудармасында  ақындық 

қанатты  қиял  мен  салкын  ақылға  салған  парасатгы  пайым 

астасып  жатуы  шарт.  Мұның  өзі  бір  жағынан,  аударманың 

шынайылығын  шытынатып  жіберетін  шектен  шыққан 

шабытшылдықтан,  екінші  жагынан,  көркемдікпен  қоңсы 

қонбайтын  қарадүрсін  дэлме-дэлдіктен  сақтап  тұрады. 

Аударматану  қанша  жерден  жетістікке  жетсе  де,  поэзия 

тэржімесі субъективизмнен ада-күде арылмайтындығы, тіпті 

арылмауга тиістігі талассыз. Сол субъективизм, түпнұсқадан 

кез  келген  алшақтаушылық  объективті  тұрғыдан  өзін-өзі 

ақгап  тұруы  керек,  олардың  бэрі  де  аудармашы-ақынның 

қалауынан  емес,  екі  тілдің  арасындағы,  екі  мэдениеттің 

арасындағы,  кейде  тіпті  екі  өркениеттің  арасындагы 

айырмашылықтардан табиғи туындауы қажет.

Қазақ  көркем  аудармасының  тарихын  жазу  үшін  біз 

міндетгі  түрде  әлемдік  аударма  тарихындағы  үрдістер  мен 

үдерістерді  ой  елегінен  өткізуге  тиіспіз.  Аударма  тарихы, 

оның  бел-белестері,  даму  эволюциясы  жөнінде  сөз  еткенде 

біз  бүл  бағытта  терең  зерттеулері  бар  орыс  әдебиеттануын 

айналып өте алмаймыз. Сондықтан да кітапта жалпы аударма 

тарихыиа  қатысты  мәліметтер  көбірек  ортаға  салынып, 

орыс  тілінде  жарияланған  тәржіметанушылық  зерттеулерге 

жиі-жиі  сілтеме  жасалды.  Бүлай  еткенде  оларды  қазақ 

әдебиеттануының  ғылыми  айналымына түсірудің  артықтық 

етпейтіні д е есте ұсталды.

Аудармаға  байланысты  теориялық  түрғьщан  тиянақта- 

луға  тиісті  бір  маңызды  мәселе  бар.  Төл  эдебиетіміздің 

өзіндік  ерекшелігін  ескере  келіп,  ауызша  тарап  жеткен 

көркем 

сөз 

мұраларымызды 

эдебиетіміздің  тарихына 

жатқызамыз.  Сондықтан  ауызша  жеткен  аудармаларды 

аударма  тарихына  жатқызудың  жайын  ойластыру  керек. 

«Әртүрлі  тілдерде  сөйлейтін  халықтардың  арасындағы 

алғашқы  байланыс  ауызша  болғанына  күмэн  жоқ.  Тегінде, 

аударма  ұзақ  уақыт  бойы  қағазға  түспей  келсе  керек.  Бізде

441


ауызша  аударма  кезеңінен  қалган  ешқандай  белгі  жоқ. 

Алайда, тарихи мэліметтер, сондай-ақ халықгар арасындағы 

эрқилы  байланыстардың  есте  жоқ  ерте  замандардан  келе

жатқанын  паиымдау  ауызша  аударма  жазу  шыққанға  деиін 

болған деп болжауға мүмкіндік береді» [286,52 б.]. Жарайды, 

ол заманның ауызша аудармалары жөнінде тәржіметану жеке 

ғылым ретіңде қалыптасып қалған елдердің өзі ештеңе айта 

алмай  отыр дейік,  ал біздің,  ауызша  әдебиетпен  ауызданып 

өскен  халықтың,  бүкіл  тарихы  ауызша  жеткен  халықтың 

күні  кешегі  ауызша  аудармаларын  неге  назардан  шығаруға 

тиіспіз?  Соның  бірі  — Абайдың  ауызша  аудармашылығы. 

Темірғали Нұртазиннің «Жер жүзі мэдениетін елге шашудың 

бір  саласы  ретінде  Абай  бұрынғы  ертегі,  қиссаньщ  орнына 

сюжетгі романдарды эңгіме етіп айтып береді, төңірегіндегі 

ақын-эншілер арқылы халыққа жаяды. «Шахнама», «Рүстем- 

Дастан»,  «Үш  мушкетер»,  «Жиырма  жыл  өткен  соң»,  т.б. 

Абай  аузынан  таралып,  қырық  елдің  қиырына  жайылып 

кеткен»  [287]  деген  пікірі  —  ғылыми  айналымға  қайта 

қосатындай  құнды  пікір.  Абай  айналасындағы  ақындардың 

бэрі  дерлік  (Шәкәрім  сияқгы  бірнеше  тіл  білгендер  сирек 

болған ғой) өздерінің нәзиралық аудармаларын Абайдың сол

ауызша аудармаларына арқа сүйеп жазған деп білеміз.

Әр  халықгың  жазба  әдебиетінің  қалыптасуы  оның 

аударма  әдебиетін  де  қатар  қалыптастыра  бастайды.  Бұл 

эдебиет  әуелде  төлтума  шығармашылықпен  қойындасып, 

араласып  кетеді,  жазба  мәдениеті  бұрынырақ  орныққан 

алыптардың тақырыптық сарындарына, оқиғалық желілеріне 

арқа  сүйеп,  дамиды.  Әуелгі  бетте төлтума мен телтуманың 

ара-жігі  ажыратылмай  жүрсе,  төл  әдебиет  кемеліне  келген 

сайын аударьшған шығармалар отау үйдей бөліне береді де, 

енді оның өзінің дәстүрлері қалыптаса бастайды.

Қазақ тілінің қабылдампаздығы -  арнайы зерттейтіндей 

қүбылыс. 

Қазақтың 

тілінің 

қабылдампаз 

болатыны

—  қазақтың  ділі  қабылдампаз.  Бұлай  дегенде  біз  ол 

қүбылыстың 

бірыңғай 

артықшылықтан 

тұрмайтынын

да  ашық  айтуға  тиіспіз.  Халқымыздың  жаман  әдетке  де, 

жаман  әдепке де  қабылдампаздығы  жасырын  сыр  емес.  Ал 

қабылдампаздық  қасиеттің  дұрысы  мен  бұрысының  ара 

салмағын  безбендегенде  қазақ  негізінен  озықты,  ілгеріні, 

асылды алдымен алуға бейім дейміз. Асылды алудың адамзат 

ойлап тапқан ең тамаша тәсілі — аударма.



442

Аударма  туралы 

еңбектерде 

шығарманың 

қалай 


аударылганына көп  көңіл бөлінетіні заңды.  Сонымен  қатар,

н е н і аудару деген қ а л а и аударудан мэні еш кем түспеитін 

мэселе.  Осы  тұрғыдан  қарағанда  қазақ  өлең  аудармасында 

мұны бүкіл әлем біледі, қадір тұтады, мұны аудармағанымыз 

ұят  болады  деген  сыңайдағы  таңдаудың  бэрі  бірдей  сэтті 

шыға бермегенін айтуға тура келеді.

Алдағы кезде аударылған өлең аударған ақынның да өлеңі 

екендігін,  аударылған  туынды  сол  шығарма  тәржімеленген 

тілдегі  эдебиеттің  туындысы  болатынын  ұдайы  есте  ұстау 

қажет.  Тәржімеге  кіріскен  қаламгер  қазақ  тіліне,  қазақ 

әдебиетіне  қызмет  ететінін  естен  екі  елі  шығармауға  тиіс. 

Абай  үлгісінің  қадыр-қасиеті  де  осында.  Мұнан  жүз  жыл 

бұрын Пушкин кейіпкерлерін дала төсіне алып келіп, өзінен 

кейінгі  ұрпақты  ұлы  орыс  ақынының  атақты  шығармасын 

жатсынбай, жанына жақын тартып кететіндей етіп тәрбиелеп 

берген  Абай  «Евгений Онегин»  аудармашыларына қойылар 

талапты  да  барынша жоғарылата түсті.  Абай  өнегесін  аліа 

ұстаудың  арқасында  қазақ  тэржіме  өнері  бүкіл  әлемде 

аударылмайтын ақын деп саналатьш А.С. Пушкин жырларын, 

әсіресе,  «Евгений  Онегин»  романын  бар  сұлулығын 

жарқырата жеткізе алды.

Европа жұртшылыгына элі күнге Пушкин шығармалары 

Толстойдың,  Достоевскийдің,  Тургеневтің  туындыларынан 

элдеқайда  кем  танылганының  сыры  да  осында  -  аударуга 

оңайлықпен  көнбейтін  құдіретінде.  Абай  атамыз  салып 

кеткен  жолды  жалгастыру  бақыты  біздің  әдебиетте  ақиық 

ақын  Ілияс  Жансүгіровке,  жиырмасыншы  гасырдагы 

поэзиямыздың  асқан  зергері  Қуандық  Шаңгытбаевқа 

бұйырганы  ортақ  олжамыз.  Аударма  туралы  еңбектердің 

бәрінде  аударма  өнерінің  эволюциясы  айтылады  да, 

аудармашының  өзінің  шыгармашылық  эволюциясы  ауызга 

көп  алынбайды.  Негізінде  аудармашының  өз  бойында  да 

күрделі эволюциялық үдеріс жүріп жатады деудің артықтыгы 

жоқ.  «Евгений  Онегиндей»  шыгарманы  екі  рет  аударып 

шыққан, қайта аударганда алгашқы нұсқадан түгелдей басқа 

туынды  жасаган  Қуандық  Шаңгытбаевтың  ақындьщ  өсу, 

толыгу  жолы  осьшың  дэлелі.  Кэкімбек  Салықовтың  жаңа 

аудармасы да көркемдік қазынамызга қосылатын еңбек.

Келешекте қазақ эдебиетіндегі нәзира дэстүрі қазіргіден 

тереңірек зерттеледі деп сеніммен айтуға болады. Тэуелсіздік 

жыдцарындағы  бостан  сана,  дінге  деген  көзқарастың

443


өзгеруі,  сол  арқылы  бұрын  жабық  күйінде  келген,  әрі 

барғанда  Академияның  қолжазба  қорында  сақталган 

діни  дастандардың,  қиссалардың  жариялануы  (Тұңгыш 

Президенттің бастамасымен  қолға алынған  «Мәдени  мұра» 

мемлекеттік бағдарламасы аясындагы  100 томдық «Бабалар 

сөзі»  сериясының  бірнеше  томы  діни  дастандар  мен 

қиссалардан түрады) ендігі жерде оларды ғылыми тұрғыдан 

қарастыруға мол мүмкіндік жасайды. Эпос нәзирасы, әрине, 

сөздің  тура  мағынасындағы  аударма  емес  — мазмұндаудың, 

өзінше  қайталап айтуцың (пересказ) көрінісі,  ал бұл  көркем 

аударманың 

әдіс-тэсілдері 

қатарында 

аталады. 

Эпос 

нэзирасы  эдісімен  туындаган  діни  дастандарда,  ғашықтық 



қиссаларында  аударманың  өзіндік  элементтері  бар  екені 

талас  тудырмайды.  Жалпы,  нәзираның  озі  жанр  ретінде 

ауыз  әдебиеті  мен  жазба  әдебиетін  жалгастырып  жаткан, 

оз  уақытының  талап-тілегін  өтеген  жанрға  жатады.  Оның

өзшдік  таоиғатын  элі  де  тереңдете  зерттеи  түсу  -   алдағы 

күндердің міндеті. Егер аударма тарихын шындап жасаймыз 

десек,  аударма  ұғымының  озі  эр  дэуірде  әрқилы  болганын 

ұмытпауға  тиіспіз.  Демек,  біздің  әдебиетімізде  озіндік 

орны бар  нәзира эдісі — өз  кезіндегі  ауцарманың уэзипасын 

(функциясын)  белгілі  бір  дәрежеде  атқарған,  алайда  көбіне 

көп бір шығарманың негізінде соған сарындас жаңа туынды 

жарату тәсілі.

Халқымызда «Евгений Онегин» сарынымен шыгарылган 

бірнеше  туынды  бар.  «Евгений  Онегиннің»  халықтық 

нұсқалары  қай жагынан  алып қараганда да ғажап құбылыс. 

Халқымыздың жақсы десе жайылып түсетін жомарт жанын 

да,  жаңалық  атаулыны  жатсынбайтын  жүрегін  де,  өнер 

иесіне өзгеше құрметі мен олең-жырға ыстык ілтипатын да, 

ең бастысы - қажет деп тапқан түсында ұлттық менталитетін 

ішінара өзгертуге қабілеттілігін де осы «Евгений Онегиннің» 

халықтық  нүсқалары  анық  айгақтай  алады.  Қазақтың  жан 

дүниесі нагыз евразиялық санага бейімдігін кемел корсететін 

нақты мысалдың бірі де міне осы.

Кітапта көп  назар  ауцарылган  тақырыптың  бірі — қазақ 

поэзия аудармасындагы әдіс-тәсілдердің эволюциясы.  Қазақ 

аудармасы да негізінен еркін аудармадан басталған.  ¥лттық 

соз онеріндегі тырнақалды тәржімелер болгандықтан, оларда 

түпнүсқаның өлең олшемі де, соз саптауы да, тіпті көлемі де 

озгеріп кетіп отырады, бірақ, аудармашы шыгарманың айтар 

ойын дэл ұстайды, сөз түйінін де дэл табады.  Жалпы, еркін

444


аударманың  ерекшелігі  де  апдымен  авторды  өз  қалпынша 

қайта сөйлетуге  емес,  оның айтар  ойын ғана жеткізуге күш 

салаігындығында.

Еркін  аудармадан  эріпшіл,  яғни  сөзбе-сөз  аудармаға 

көшкен кезеңді толықтай кері кету деп санау жөнсіз. Әріпшіл 

аударма белесінсіз еркін аудармадан барабар аудармаға бірден 

секіріп  өту  мүмкін  де  емес  еді.  Осы  арқылы  өзге  тілдегі 

туындыларға абайлап, ықтияттап қарауға көшу рецепцияның 

жаңа  белесінің  көрінісіне  айналды,  түпмэтінге  құрмет 

көбейді.  Саймасай  аударманың  жиырмасыншы  ғасырда 

біржола орнығуына адамзат санасына нақтылықтың біржола 

кірігуі  де  үлкен  себепкер  болды.  Қай  салада  да  ғылыми 

дэлдік, қай тақырыпта да ауа жайылмай сөйлеу талап етілетін 

жаңа  заман  аударма  өнеріне  де  өзіндік  ықпалын  тигізбей 

қоймады.  Барабар  аудармада  түпнұсқаның  ерекшеліктері 

мен мазмұнын, оның тілдік пішінін аударма жасалатын тілдің 

құрылымын,  стилін,  лексикасы  мен  грамматикасын  тілдің 

мінсіз  дүрыстығымен  үйлестіре  отырып  ескеру  арқылы 

дүрыс, дэл жэне толық беру талап етіледі.

Аудармадағы 

ағаттықтардың, 

қателіктердің, 

кемшіліктердің  эр кезеңдегі  сипаты  эр түрлі.  Тәржімешінің 

когнитивті 

тәжірибесінің 

жетіспеуінен 

жіберілетін 

кемшіліктің  бірі  — тастап  кету.  Семантикалық  деңгейдегі 

қателіктер өзгеру, ауысулардың, яғни трансформацияның дэл 

ұгынылмауынан орын алады.  Олақтық, салақтықтан кететін 

қателіктерге де тиісінше көңіл бөлінді.

Аударма  өнерінің  тілді  байытуын  тек  тэржімеленген 

туындылардың  мәтінен  ғана  іздей  беруге  болмайды. 

Аударманың  әсер-ықпалы  бэрінен  бүрын  семантикадан 

таралады.  Мысалы, қазақта күңгірт деген сөз баяғыдан бар, 

көңіл деген сөз де баяғыдан бар, бірақ күңгірт көңіл тіркесін 

алдымен  Абай  қолданган,  алдымен  аудармада  қолданған. 

Осындай  жолмен  келген  фразеологизмдер,  перифраздар, 

метафоралар, т.б. көркемдік құралдар аз емес.

Тэржіме  арқылы  өлең  құрылысының  өзгеріске  түсуі 

де  қызғылықты  тақырыптардың  бірі.  Шығарманың  уэзінін 

сақтау—поэзия аудармашысыньщ шын шеберлігін көрсететін 

басты белгілердің қатарында қарастырылуға тиіс. Тәржіменің 

қазақ  өлеңінің  ұйқас  жүйесіне  ықпалы  да  сөз  етілді.  Абай 

ауцармалары  арқылы  алгаш  рет  көрінген  шалыс  үйқастың 

қазақтың төл үйқасына айналып кеткені жақсы мэлім.



Зерттеуде  аударма  проблемалары  тек  эдебиеттің, 

тек  тіл  ғылымының  меншігі  ретінде  қарастырылмайды. 

Бір  қоғамның  басқа  елде  немесе  басқа  дэуірде  пайда 

болған  әлеуметгік  жэне  мэдени  формаларды  қабыл  алуы 

әдеби  ауыс-түйістен  алдымен  көрінеді.  Көркем  мәтінді 

қабыл  алушы,  пайымдаушы  ретінде  аудармашының  өзі 

субьективті  тұлға  екені  талассыз.  Әрі  тэржімеші  мен 

автордың дүниетанымында да өзгешелік бары сөзсіз.  Оның 

устіне қабыл алушы (реципиент) — коммуникативтік актінің 

қатысушысы  ретінде  оқырманның  өзі де  субъективті  тұлға. 

Адресат,  коммуникант,  реципиент  сөздері  аударматануда 

синоним  орнына  жүре  береді.  Қалай  деп  атағанда  да 

аударманың  эстетикалық құндылығы  жеке  тұрған  мэтіннен 

де толық танылмайды, тіпті оны түпнұсқамен салыстырудан 

да  толық  таныла  қоймайды,  аударманың  бағасы  айналып 

келгенде  оқырманның  қалай  қабыл  алуына  байланысты. 

Аударма  —  социопсихологиямен,  компаративистикамен, 

герменевтикамен, 

тілдік 

коммуникациямен 



тікелей 

байланысты  құбылыс.  Кей-кейде  тамаша  аудармалардың 

тасада  қалып,  ортақол  аударылған  шығармалардың  бағы 

жанып жататындығының бір сыры осында.

Қайта 

аударылған 



жырларға, 

көлемді 


поэзия 

туындыларына  тиісінше  көңіл  бөлінді.  Көркем  аудармаға, 

әсіресе  поэзия  аудармасына  қайталамалық  феномені  тэн. 

Мұндай аударма эр ақынның өз ерекшелігін эр аудармашының 

өз ерекшелігі  арқылы ашуымен  бағалы.  Түпнұсқаның эрбір 

жаңа байыптамасы тәржімелік тәжірибені  байыта түседі де, 

дэстүрді  қалыптастырады,  келесі  буынның  аудармашылары 

енді сол дәстүрге арқа сүйейтін болады. Бұл арада мәселенің 

филологиялық  жағымен  қатар,  философиялық  қырын  да 

қарастыру  орынды.  Осы  арқылы  ақиқат  ашыла  түседі. 

Бэлкім, осы арқылы ақиқаттан алшақгай түсуіміз де мүмкін. 

Бірақ,  қалай  болғанда да,  ақиқат  ауылын  іздеуге  қайталама 

аударманың септігі тиетіндігі сөзсіз. Бұл жалпы аударманың 

қиындығын  көрсетумен  бірге  эр  шығарманың  эр  аударма 

барысында сан түрлі  интерпретацияға түсу  арқылы тыңнан 

түлеуіне мүмкіндік те ашады.

Бірқатар  ақындардың  өзі  жақсы  білетін  тілдерден, 

әсіресе  туыстас  тілдерден  тікелей  тэржімелеуі  бұл  жолдың 

даусыз  артықшылығын  тағы  да  таныта  түседі.  Сонымен 

қатар батыс, шығыс поэзиясы маржандарының арадағы орыс 

тілі арқылы аударылған сәттері де біздің аударма өнерімізде

446


өте жиі кездеседі.  і эржімеден тәржімелеу тек қазақ аударма

өнеріне тэн  емес,  эрине.  Сан  түрлі  себептерге  байланысты

бүл эдіс талайдан қолданылып келеді. Қолданыла беретіндігі 

де анық.


Бүгінгі 

оқырман 


деген 

ұғымның 


өзі 

шартты. 


Оқырмандар  эрқилы.  Нарық кезеңінде  оқырманның сипаты 

да  өзгерді.  Оқырмандар  арасында  бұрынғыдай  кітапты 

сэн  үшін,  өзгелерден  қалыспау  үшін  жинап,  сөресіне 

сірестіріп тізіп  қоятындар азайды.  Әлемдегі  кітапты  ең көп 

оқитын ел атагынан  айырылмауды да ойлап,  кітап өндірісін 

дотациялап отыратын (кітаптар арзандығының басты себебі 

осы  еді)  бұрынғы  мемлекет те жоқ.  Қазіргі  кітаптар  екі-үш 

мыңдық  таралымның  төңірегінде  жарық  көріп  жүр.  Оның 

өзінің  негізгі  бөлігі  кітапханаларға  таратылады.  Бүкіл 

әлем  кітаптан  бетін  эрі  бүрып  бара  жатқан  мына  заманда 

бізде  бөлекше  құбылыс  бой  корсете  қалады  екен  деп  иек 

қышытудың қажеті жоқ. Ендігі жерде Мүхтар Әуезов айтатын 

әдебиет эдебиет үшін деген талапты да еске алған артық емес. 

Бүл  ең  алдымен  тіл  өнерінің  аударма  саласында  байқалса 

тіпті  жақсы.  Қазіргі  аудармалар  ең  алдымен  қазақ  тілінің 

қамы,  болашағы  үшін  жасалуы  керек.  Аударма  кітаптар 

арқылы  қазақ  оқырманы  мемлекетгік  тілдің  мүмкіндігін 

нақты  көруге  тиіс.  Сондықтан,  орысшаға  шетінен  сауатты 

жүртымыз қажет болса өзі де оқып алатын, ең бастысы -  тілді 

байыту  түрғысынан  әдебиетімізге  ештеңе  қоса  қоймайтын 

шығармаларға шығын шығарудың жөні жоқ.

Тэржіме  қызметінің  қоғамдық  сұранысқа  тәуелділігі

-   басы ашық жай.  Басқа жағын былай қойғанда, кез келген 

аудармашы  (бүгінгі  заман  аудармашыларын  айтамыз) 

өз  жұмысының  жарияланатындай  болуын  ойлайды.  Ал 

ненің  жариялануы,  ненің  жарияланбауы,  көбіне-көп, 

ненің қажет етілетіндігіне байланысты.  Қоғам қажет еткен 

дүние  әдетте,  прагматикалық  тұрғыдан  десек  те,  дүрыс 

қабыл алынады. Эр заманда, эр қоғамда аудармаға эр түрлі 

ақындардың  таңдалатыны  сондықган.  Демек,  аудармашы 

таланты  оның  қоғамдық  сұранысты  сергек  сезінуінен, 

оқырманның  нені  қажет  ететінін  дэл  болжай  білуінен  де 

көрінеді.  Өнер  туындысы  қалай  жасалғанына  ғана  қарап 

бағаланбайды,  қашан  жасалғанына  қарап  та  бағаланады. 

Аударма  да  солай.  Тәржімеленетін  шыгарманы  тарих 

доңғалағы  мәдени  жәдігерлікке  айналдырып  үлгерсе,  оны



447

аудармашының  қайтадан  жандандырып,  тың  тыныс  беріп

жіберуі неғайбыл. 



.

Орыс 


әдебиеттанушыларының 

еңбектерінде 

жиі

айтылатын  мәселенің  бірі  —  жолма-жол  аударма.  Бұл



ұлттық  поэзиямыздың  үздік  үлгілерін  орыс  тіліне,  сол 

тіл  арқылы  басқа  тілдерге  аударатын  тұстарда  алдан  жиі 

шығатын жай.  Біздің  зерттеуімізде  қазақ тілінен  жасалатын 

аудармалар  туралы  негізінен  сөз  қозғалмайтындықтан, 

бүл  мәселеге  арнайы  тоқталып  жатпадық.  Оны  бұл  арада 

ауызға  алуымыздың  себебі  мынада.  Қазақ  ақындарының 

алдынан  мүндай  қиындық  шығып  көрген  емес.  Аудармаға 

араласқан  қазақ  қаламгерлерінің  қай-қайсысы  да  орыс 

тіліндегі  туындыларды  емін-еркін  түсіне  бастағанына  кем 

қойғанда  бір ғасырдай  болып  қалды.  Ал  енді  ше?  Енді  бұл 

мәселе  қайта  көтеріледі.  Неге?  Негесі  сол,  агылшын  тілін 

емін-еркін түсінетін  адамдар  қанша көбейгенімен,  олардың 

арасынан  ақындық  дарын  иелері  таяу  арада  соншама  көп 

шыға  қоймайтынын  (қазақ  тілінде  жазатындарды  айтамыз 

ғой) ұғынуға тиіспіз.

Тіл білгенге нежетсін. Ауцармашылардың ағылшыншаға 

да, французшаға да, немісшеге де ағып түрғанына не жетсін. 

Бірақ  ондай  күн  элі  алыста.  Тіл  білгеннің  бәріне  бірдей 

ақындық  қона  қоймайтыны  тагы  бар.  Сондықтан  жолма- 

жол аударманың қажеттігін, ол элі талайга дейін қажет бола 

беретінін  біз  айқын  үғынуға  тиіспіз.  Жолма-жол  аударма 

(подстрочник) дегенді біз бүрын негізінен қазақшадан басқа 

тілге  аударылғанда  ғана  ауызға  алатынбыз.  Орысшаны 

бэріміз  де  бір  адамдай  білетінбіз,  өзге  тілдер  поэзиясының 

орысшасын  алга жайып жіберіп,  аудармадан  аударма жасай 

беретінбіз. Енді мына ғасырда ағылшыншадан, испаншадан, 

немісшеден  жолма-жол  аудармалар  жасауды  қолға  алатын 

кез  келді.  Әрі  сол  тілдерді  білетін,  эрі  керемет  ақындығы 

соған  сайма-сай  келетін  ақындардың  тууын  күтіп  отырсақ 

біраз уақыт жоғалтып алуымыз мүмкін.

Барлық мекемелерде іс қағаздарының екі тілде жүргізілу 

талабына орай  аударма жүмысы  біздің елімізде кейінгі  кезде 

бұрын-соңды болып көрмеген карқын алды.  Оның үстіне көз 

алдымызда  жүріп  жатқан  ұлы  өзгеріс  -   жаһандану  үдерісі 

ауцарманың ауқымын алдағы кезде адам айтқысыз дейтіндей 

асырғалы  отыр.  Тэржіме  тақырыбындағы  кейінгі  кезде 

шыққан  мақалалардың  бірі  «Глобализация  как  бесконечный 

процесс перевода с английского» [288,276-284 б.] деп аталады.

448


ҚаЛасақ  та,  қаламасақ  та,  англо-американ  мәдениетінің

басқа ұлттық тілдерге аударылуда басымдыққа ие болатыны,

ал  өзке  тілдер  мен  мэдени  дэстүрлердің  адамзат  жасаған

қазынаға  үлес  қосуы  негізінен  ағылшын  тіліндегі  аударма

арқылы  жүзеге  асатыны  шығар  күндей  шындыққа айналып 

барады.


Қазақстан  Республикасьшда  үш  тілділік  тұғырнамасы 

мемлекетгік  саясат  деңгейіне  көтерілген,  ел  халқының 

үш  тілді  —  қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдерін  қатар  игеруі 

адамзат  жасаған  білім  мен  мәдениет  қазынасына  еркін  қол 

жеткізудің, ұлт ретінде шынығып-шираудың, Отанымыздың 

әлемдегі  бәсекеге  барынша  қабілетті  елу  елдің  қатарына 

қосылуының бір шарты деп қарастырылып отырган аударма

-  шын мэнінде жас мемлекетіміздің жаңа ғасыр сынақтарына 

лайықты төтеп беруінің бір тетігі.

Елдің  бәсекеге  қабілеттілігінің  бір  шарты  —  тілдің 

бәсекеге  қабілетгілігі.  Өркениетті  дүниенің  додасына  өз 

тілімен  өмір  сүре  алатын  үлт  қана  қаймықпай  түсе  алады. 

Тілдің  бәсекеге  қабілеттілігінің  нақты  көрінісі  -   мына 

дүниедегі  барша  қүбылысты  айқын  айта  алатындығы. 

Әсіресе,  жаһан  жырының  жауһарларын  жарқырата  жеткізе 

білетіндігі.  Демек,  қазақ  поэзия  аудармасының  уақыттың 

ұлы сынына түсер шағы  элі  аида.  Сан ғасырлық тарихында 

гажайып  қазына  қалыптастырған  қазақ  тілінің  бұл  сыннан 

да абыроймен өтері кэміл.

Соңғы бір ғасырдан астам уақытта қазақ аудармасы жемісті 

жолдан  өтіп,  мыңжылдықтар  межесінде  әлем  эдебиетінің  ең 

бір  інжу-маржандарьш,  аса  күрделі  туындыларын  еркін  де 

көркем кестелейтін деңгейге жетті. Осы жолда қазақ тілінің өзі 

де үштагіа, шыңдала түсті.  Жиырма бірінші ғасырдың басына 

қарай  ана тіліміз лексикалық байлығы жағынан болсын, сөйлеу 

бірліктерін жасау қүралдарының, сөзтүлғапар  құрылымының, 

терминологиясының  жетілуі жағьшан болсын эбден кемеліне 

келді. Бұл істе аударманың өзіндік орны бар екені анық.

Жақсы аударма -  тіл қадірін танытуцың да сенімді  жолы. 

Ауцармада төлтума мен телтума тайталасады, яғни  автор мен 

аудармашы  өзінше  бір  өнер  жарысына  түседі  дейміз.  Олай 

деп айту аздық етеді.  Аудармада солар арқылы тіл мен тіл  де 

жарысқа түседі. Тіл мен тілдің жарысы түптеп келгенде бейне 

бір ел мен слдің өнер  жарысы десе де болады. Демек, аударма -  

үлтыңның үлылығын, еліңнің  елдігін  дәлелдеудің  бір  жолы.

29-2915


449


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет