ташгазған
мэселелердің бірі. Орыс поэзиясына Уитмен,
Аполлинер, Хикмет, Брехт, Элюарт, Неруда, Гильен, Незвал,
Лорка сияқты ақьшдарды ауцару барысында «верлибр
— тек өлеңнің пішіні ғана емес, бұл — элемді өзгеше көре
білудің эдісі» деген ойларга дейін айтылған. «Батыстың
жаңа поэзиясында белең алып бара жатқан верлибрді, басқа
да ұйқассыз өлең түрлерін аудару өздерінің өнері орыс
поэзиясы дамуының негізгі желісінен алыстау осы пішінге
аздап болса да келіңкірейтін ақындарды қажет етеді. Біздің
поэзиямыздың аға буынында мұндай сөз шеберлері өте аз»,
дейді Борис Слуцкий [273].
Қыза-қыза келгенде ақ өлең тұрмақ, жалпы поэзияны
ұйқассыз аудару керек деген ойлар да ортаға сальшған.
Оны орыс өлеңінің табиғаты қабыл алған жоқ. Аударманың
практикалық мақсаты тұрғысынан қарасақ, верлибрді жеткізу
мен «кэдімгі» өлеңді жеткізудің арасында анау айтқандай
алшақгық болмауға тиіс. Біз өлеңнің өзін аударамыз ғой,
оның сыртқы пішінін емес деуге де келеді. Үйқасты немесе
ұйқассыз сөздерді емес, ұйқасты немесе ұйқассыз сөздермен
түсірілген өлеңді аудармаймыз ба? «Нағыз дарын түр-мүріңді
ұрып па! / Қай түрін де көндіреді ол ырыққа. / Өлең шіркін,
еркін болса болмай ма, / Ырғақ, ұйқас қүрсауында тұрып
та!» (Олжас Сүлейменов). Егер осылай етсек, онда біз өлең
аудармасын тек жеткілікті әдеби дайындығы бар оқырманға
ғана лайықтап жасаудың жолына түсіп кетуіміз де мүмкін.
Е, бәленше басқаша жазған ғой, білеміз, ауцармаға келмеген
соң, қазақ өлеңінің өз қалыбына салганы ғой, деп отырып
оқудан шығар пайда шамалы.
Бізде ақ өлең аудармасы орнықпағаны анық. Қадыр
Мырза Әли дүрыс айтады: «Қазақ поэзиясы, бәрімізге белгілі,
дәстүршіл поэзия. Ол жаңалықгы мысқалдап, болмаса
408
батпандап қабылдағанды әуел бастан жек көреді. Ақ өлең
бізде бұрыннан бар. Бірақ ойға, образға, екпін-ырғаққа ғана
арқа сүйеген ұйқассыз өлең күні бүгінге шейін сіңбей-ақ
келеді. Оны айтасыз, қазақ поэзиясы он бір буынды шалыс
ұйқастың өзін бауырына баспай-ақ қойды. Содан да болса
керек, Абай орыстың он, он бір буынды шалыс ұйқастарын
өзіміздің көне қара өлең формасымен ауцарған. Иә, қазақ
поэзиясы түшіркенгіш поэзия. ¥йқассыз өлең жаза бастасақ
болды, сәби жьфымыздың өн бойын қызыл бөрткен басып кете
жаздаиды. Төл туындыларды былай қойғанда, аудармалардың
өзінде осылай. Сондықган да біздің көпті көрген тэжірибелі
тәржімапп>іларымыз Уитменді де, Таку Бокуды да, Пабло
Неруданы да амалсыз ұйқасқа түсіріп жүр...».
Сол ақындардың бірі — Пабло Неруда. Оның «Қарғыс»
атты өлеңін қазақтың бірнеше ақыны жарыса аударған.
Орысшасын оқиық.
Проклятие
Родина, клянусь, ты прорастешь из пепла,
цветок неистощимых вод.
Из твоего рта, измученного жаждой,
вылетят лепестки хлеба.
Проклятье пришедшим на твою землю
с топором и жалом,
выжидавшим часа, чтоб открыть двери
наемникам и марокканцам.
Дайте лампу, глядите:
земля пропитана кровью,
кости обглоданы огнем,
это - одежда Испании.
Проклятье невидящим,
слепым,
принесшим родине
вместо хлеба слезы.
Неруданың
осы
өлеңін
«Жұлдыз»
журналының
тэржіме мүшәйрасына қатысқан 13 ақынның 9-ы аударған
(редакцияның соңғы сөзінде «он ақынның сегізі аударыпты»
деп қате көрсеткен) екен. Бес ақын (Қасым Тогұзақов, Тоқаш
Бердияров, Ғаббас Жұмабаев, Жұмекен Нәжімеденов,
Өтежан Нұрғалиев) ұйқастырып, қалғандары (Қуандық
409
Шаңғытбаев, Әділбек Абайділданов, Жүсіп Қыдыров,
Әубәкір Нілібаев) ұйқассыз аударган.
Қарғыс
Сенем саған, Отаным,
Айналады түғыр тасқа күлдерің,
Жайқалады гүлдерін.
Жақсы күннен үзілмесін күдерің,
Қарандаршы, қолдарьща шам алып,
Мынау ненің бейнесі?!..
Қан сасыган мына жер,
Бұл - Испания жейдесі.
¥мытылады запыран құсқан күндерің, Жаны соқыр, кәззаптарды
Улы тілін жалақтатып, шоқпармен
Туған жеріне кім барды?!.
Босағаңды аттаған,
қаргыс атсын
Жалдаптарды,
Мароккандық сұмдарды!
Қара бассын, оңбасын, -
Отаныма —
Нан орнына,
- Алып келген көз жасын.
(Т.Бердияров).
Нәлет
Ант етем, Елім, күлден өсіп келесің
Тұңгиық су гүліндей.
Ерініңнен аптап соғып кезерген
Нан қауызы ашылар.
Нәлет атсын балта асынып, жалаңдап
Келгендерді жеріңе!
Мароккандар, жалдамалар алдынан
Есік ашып тосқан сұмга мьщ нэлет!
Қараңдаршы шам жагып:
Қанга бөгіп жер жатыр,
Отқа күйген тән жатыр.
Бұл - бишара Испания лыпасы.
Нан орнына қайгы әкелген Еліме.
Түк көрмейтін көрсоқьфға мың
нәлет!
(Қ. Шаңгытбаев).
¥йқассыз аударғандардың арасында Ә.Абайдшданов-
тың, Ж.Қыдыровтың нұсқаларында Неруданың шиыршық
атқан ыза-кегі жап-жақсы көрінген. Тоқаш Бердияров
аудармасы,
эрине,
қазақгың
құлағына
қонымды.
Қ.Шаңғытбаев аудармасында қазақ ұғымындағы ақ өлеңге
тэн ішкі үндестік, шешендік жетісіңкіремей жатыр. Редакция
анкетасына қайтарған жауабында: «Әлі күнге заказбен
ауцарып көрген емеспін. Сезіміме эсер еткен ақындармен
ғана аударма жөнінде туыстық табатын сияқтымын», деген
екен, тегі, Неруда жырының рухы Қуандық ақынның оң
жамбасына келе қоймаған сияқты.
410
Туған елге
Өзек жалгар нан орнына
алып келген қанды жас
Суқараңғы кещелерге лағнат!
Тэржімені өстіп аяқтаған Жүсіп Қыдыров: «Осы өлеңді
аудару үстінде келген бір ой - қазақ поэзиясына бүл форманы
кіріктіру үшін халқымыздың шешендік өлеңінің (Шалкиіз,
Жиембет, Махамбет) реализмге жақын әдіс-бояуын қолданып
көрсе эрлене түсер ме еді! Әйтпесе, көп жағдайда жолма-
жол аудармаға үқсап кетуі хақ», депті. Сәкен Иманасов:
«Аударма турасындағы кейбір мақалаларда: «Қазақтың
қарабайыр өлеңіне үқсап кетіпті» - деген сияқты пікірлер
айтылып қалады. Қазақтікінің бэрі қарабайыр бола қоймас.
Нерудаларды аударғанда оның өзіне тэн стилімен кетсек,
сәтті тэржіме шыға қоюы неғайбыл. Поэзиясының үлттық
бояу-өрнегін сақтай отырып, өз үғымымызға жақындастыра
аудару дұрыс болып қалар», депті де, өзі аударуцан бас
тартыпты. «Пабло Неруцаны аударуда өзі сияқты ұйқассыз
кеттім. Өйткені, бұл ақын үтікке басқандай тегістеуді керек
етпейді. Өлең сөздерінің бірден түйсікке үратын оқыстық
қасиетін сақгау керек», деген Әділбек Абайділданов өз
ауцармасьш: «Отаныма, / тірнектеп терін төккен байқұс атам,
/ Әкелген нан орнына көздің жасын / Қарақшыға қарғыс
атам», деп аяқтайды. Оқыстық қасиетгің сәл артықгығынан
«Отаныма», «қарақшыға» деген сөздер бір лекке келіп
қалғандай. Ғаббас Жүмабаев: «Пабло Неруцаның өлеңдерін
өз қалпында ауцару үшін «ақ өлең» әдісін қолдану керек болар
еді. Бірақ онда оқырман қауымның көңілінен шықпау қаупі
бар», дейді де, өзі ұйқаспен ауцарады. Осында мэн бар.
Неруда поэзиясын жан жүрегімен сезіну үшін
талант туыстьнына қоса, мінез туыстығы мен тағдыр
туыстығы қажет шығар тегі. Ақын өз поэзиясын Пикассо
«Герникасына» үқсатса, сол сұмдықтың бәрін Испанияда өз
көзімен көрген Илья Эренбургтің:
Вы спрашиваете, почему я не говорю
О мечтах,
О листах...
Смотрите, на улице кровь.
Смотрите:
Кровь
На улице!
411
—
деп шамырқандырып шығаратын жөні бар. Мінез
бітімі жағынан біз айтып отырған Нерудага келетін Фариза
Оңғарсынова жоғарыдағы өлеңді былай аударғанын еске
сала кетейік:
Қарғыс
Отаным, саған ант етем:
от жанарыңа қан тұнған,
күл-талқан мынау қалпыңнан
арылар бір күн туады;
туады нұр Күн шуағы.
Аштықтан өзек үзілген,
бүгінгі жадау жүзіңнен
кетеді қайғы түманы,
далаңда бидай тұнады.
Әйтеуір сол күн келеді,
жүрегім соған сенеді.
Ал бүгін қолға балта алып,
ізінен басқан қан тамып
тынышын бұзған жан-жайдың
жексұрындарды қарғаймын!
ІІІұбырып келіп жат елден
нан мен бақыт орнына
көз жас пен қайғы әкелген
көр соқырларға мың қарғыс!
...Келер-ау бір күн құртар күш...
Біздіңше, ақ өлеңнің қазақша аудармасында негізгі
күш осылайша ішкі үйлесімге, дыбыстар гармониясына
аударылғаны жөн.
Пай, пай, шіркін пырағым!
Сымбатына болайын.
Қаз мойыны қайқайып,
Бұрқылдайды-ау бурадай.
Қарашы алған деміне,
Таудың ақ сел тасқыны
Тең келе ме шеніне?!
Жаудың өті қолымда,
Қуып келіп жылқысын.
Қараны берсе, қайтарам,
412
Қап-қара жүрек секілді
Домалай біткен сауыры-ай.
Өбіш Кекілбаев аудармасында Олжас Сүлейменов
жырының асқақ арыны осылай ағыл-тегіл ақтарылған.
3.2. Өлең өлшемдерінің өрілуі
м 3*2.1. Шумақ. Планетада тіл қандай көп болса, өлең
жүйесі де сондай көп. Олардың бәрі де өзінің ұлттық
топырағында өсіп-өнген, сол бақта суарылған, сол жердің
ауасымен тыныстаған гүлдер. Енді келіп аударма барысында
сол гүлдерді өзге топыраққа әкеліп қондыру керек болғанда
қайткен жөн? Бұл жауабы оңай табылар сұрақ емес.
Өлең жүйелері мен просодиялардың сан түрлі екені
қашаннан белгілі. Олардың негізінде жатқан фонетикалық
принциптер де алуан-алуан. Мысалы, латын жэне грек өлең
жүйесі
ұзын
жэне қысқа бунақтардың /слог/ шарпысып
тұруына құрылса, француз өлең жүйесі бунақ саны мен
дыбыстық үйлесімнің принципін ұстанады, қытай өлеңі
ьфғақ шарпысуына, бунақтар саны мен үйлесімділікке, ал
ағылшын өлеңі екпінді және екпінсіз
бунақтардың
кезектесіп
отыруына негізделеді. Қанша жерден өлең өнері дамиды,
өлең жүйесі өзгереді дегенде де, оның тілдің төл табиғатынан
туындаған ішкі заңцылықтары бар. Ол заңдылықтарды
бұзу арқылы ұлттық өлеңге жаңалық енгізу мүмкін емес.
Жаңалық енгізе алғандардың бәрі де тілдің өз бойында бұғып
жатқан, бұған дейінгі ақындар байқамаған, аңдай алмаған
қасиеттерін байқағандар, аңдағандар. Мысалы, орыс өлеңіне
силлабикалық жүиені қалайда енгізуге үмтылған ақындар аз
болған жоқ. Сонда да айналып келгенде силлабо-тоникалық
және тоникалық жүйе орнығып қала берді.
Шумақ қалай ұйқасса солай ырғақтасады. Шумақ
қалай ырғақтасса солай дыбысталады. Шумақ қалай
дыбысталса солай эсер етеді. Сөздің дыбысталуы дегеніңіз
эншейін музыкалық дыбысталу емес. Бүл дегеніңіз ойдың
дыбысталуы В осылай айтуға да болатын шығар...
Н.А.Некрасов Мицкевичтен жасалған Берг аудармалары
жөнінде айта келіп, шетелдік ақынның өлеңін орысшага
аударғаннан тікелей орысша өлең жазған оңайырақ деген
ойын ортаға салады. Ақын орыс сөздерінің, эсіресе, есімше,
көсемше, сын есім, тағы басқалардың өзгелердегіден
413
ұзақгау болып келетінін, осы себептен өлеңнің өлшемін
дәл шығару тііггі мүмкін емес деп санайтынын айтады.
Михаил Лозинский де: «Орташа алғанда ағылшын сөздері
орыс сөздерінен қысқарақ, сондықтан ағылшын өлеңі
орыс өлеңінен жұмырлау шығады, ұғым-сөздерді молырақ
қамтиды», дейді. Орыстың сөзін солай дегенде кең-мол
пішілген қазақ тіліне келгенде қиындық онан сайын көбейе
беретін сияқты. Баяғы:
Александр Македон
ский! оның тағы бар...'
'
— дегендей мысалдар осындайда еске түседі.
Сөзді көбейтіп, өлең өлшемін өзгертіп алу, сөйпп
жүргенде жырдың өзіне тэн мақамынан айырылып қалу
— қазақ аудармасының элі күнге арылып болмаған ауруы.
Оның есесіне, түпнұсқадағыдан да ықшам, жинақы
шығара алатын аудармашылар да бар. Ғапи Орманов -
солардың бірі.
, „
Я обманывать себя не стану,
Залегла забота в сердце мглистом.
Отчего прослыл я шарлатаном?
Отчего прослыл я скандалистом?
Не злодей я и не грабил лесом,
Не расстреливал несчастных по темницам.
Я
всего лишь уличный повеса,
Улыбающийся встречным лицам.
Есениннің есіңді алатындай осы екі шумағы қандай
қарапайым тілмен, қандай жатық тілмен жеткізілгеніне
қараңызшы:
Өзімді өзім алдаман,
Жүгім көп түнек кеудемде.
Неліктен болдым мен ылаң?
Неліктен болдым шерменде?
Тонаған жоқпын орманда,
Атқам жоқ аңдып сорлыны.
Жымиған жолыққандарға,
Көшенің мен тек содыры.
414
Өзімді өзім аядарқатып елікпен.
Жұрек жүгін тарта алмайсың келікпен.
Неліктен мен алдамшы ақын саналып,
Шатаққұмар атандым мсн неліктен?
Залым емен, тонагам жоқ орманды.
Үрлаіам жоқ кермедегі тарланды.
Жолыкқанмен жымыңдасар көшенің
Тентегімін бұзып ағар арнамды,
- деген жолдар артық шеберліктен ақсап тұр. Сәл-пәл
қалыңдау жағылған бояудың езі мұндайда бетке шыгып
кетеді.
3.2.2.
Ы рғақ. Ырғақты Ахмет Байтұрсынов қолмен
қойгандай етіп әдемі түсіндіреді: «өлеңді айтқанда сезілетін
дауыс толқынының соқпа-соқпасының арасы» [274, 192
6 ]. Ырғақ ерекшелігі - эдебиетгің ұлттық ерекшелігі. Зэки
Ахметовтің ырғақ магынага тэуелді, ал мағынаға сай ырғақ
болу үшін бунақтардың құрылысы белгілі бір заңдылыққа
негізделеді деген пікірі белгілі. Түпнұсқаның ырғағын дэл
ұстадым дегеннен-ақ аудармашы қуана берсе болады. Өлең
музыкасы дәл сол ырғақты ұстауцан басталады.
Поэзияның жаны — ырғақ. Жай сөздің өзін прозаға
айналдыратын қүдіретгің аты - ырғақ. Ішкі ырғақсыз
қарасөздің де күні қараң. «Өлеңді оқу, тыңдау, түсіну,
өлеңге тұшыну, толқу, тебірену - бәрі ырғаққа байланысты,
Сөз өнерінің өзге түрінен өлеңнің басты өзгешілігі де
ырғақга жатыр», деген еді Зейнолла Қабдолов [275, 264 б.].
Ырғагының
өзгешелігіне, атап айтқанда — екпінінің
қозғаусыз қалатыны мен инверсиясының қиындығына
байланысты өзге тілдегі ырғақтарды қайталап жеткізуге
шамасы келе бермейтін өлең құрылыстары да бар екен.
«Сондықган да француз поэзиясында өлең аудармасы деген
сирек кездеседі. Олар өлеңді қара сөзбен аударады», дейді
М.Лозинский [32, 99 б.]. Соны айтады да өз ойын: «Біз бұл
жағынан француздардан гөрі бақытгырақпыз. Орыс тілі
ыргаққа өте бай. Сөздер екпінінің сантүрлілігі, инверсияны
қолдану еркіндігі орыс тіліне алуан-алуан өлең өлшемін
жасауға жол ашады. Бұл өзге тілді поэзиялардың ырғақтарын
қайта туындатуға мүмкіндік береді», деп жалғастырады.
Қадыр М ы рзалиев аудармасы ндагы :
415
Өлең құрылысының өзі тілдің табиғатымен - сөздердщ
ұзын-қысқалығымен, екпін түсіру ретімен, оган қоса -
халықтың психологиясымен бірге қалыптасатын ыргақпен
тікелей байланысты. Мысалы, он бір буындық қара өлеңнің
ырғағында қазекемнің бүкіл бітім-болмысы тұнып тұрған
жоқ па?.. Аудармада ырғақ сипаты, ұйқас реті көңщцегідей
сақталып жатса, онда шығарманың өзіндік беп де сақталады
дей беріңіз. Бір қарағанда мұның өзі аударылған өлеңдер
сол тілде жазылғандай жатық шығуы керек деген талаппен
үйлеспейтін де сияқгы көрінеді. Алайда, аударма өнері
әдебиетке жаңалық ала келуге, бейтаныс мазмұнмен, тың
бейнелермен байытуға тиісті де екендігін ескерсек, осылай
еткен орынды шығатынын бағамдаймыз. Соның өзінде де
«ырғагы тіл тістеп аларлықгай кедір-бұдыр» (Әбдірашев Ж.)
болып тұрмағаны жөн.
Жарық қып Дунай жағалауларын,
Армансыз ғой сонда өлген адам:
¥жмақтың қызы құшағы жалын
Күлімдей басып барады оған.
Тәкен Әлімқүлов аударған «Бақшасарай фонтанындағы»
осы шумақтың үшінші жолы өлеңнің эрін қашырып-ақ тұр.
Себебі - ырғақ бұзылған.
Ырғақ табиғаты күрделі-ақ. Сәл артық кетсе өлең басқа
интонацияға түседі. Басқа интонация - басқа эсер. Басқа
эсер - басқа өлең.
Черный вечер.
Белый снег.
\
- -
г
-
а
Ш
Ветер, ветер!
На ногах не стоит человек.
Ветер, ветер —
На всем божьем свете.
Блоктьщ «Он екі» поэмасы осылай бастапады.
Қап-қара түн.
Қар аппақ.
Жел ұйтқиды жалақтап!
Жүре алмайды жан атгап.
Жел ұйтқиды жалақтап -
Жерді жалғыз адақтап!
416
Сырбай Мэуленов, былайша айтқанда, тым шебер
аударып жіберген. Блок шумағын тоқтап-тоқтап оқисыз, ал
аударма қаншама жерден нүкте қойылса да, сізді дедектетіп
ала жөнеледі. Жай оқығанның өзінде қолқа суыратындай
«Ветер, ветер!», «Ветер, ветер» деген қайталаудың күші де
кеміп кеткен. Мұндай жолмен біз төл поэзиямызға жаңа
бояулар, жаңа интонация алып келе алмаймыз.
3.2.3.
¥йқас. Тәржімешінің өлеңнің лексикалық-
семантикалық жүйесін құрауда ерекше назар аударатыны
- үйқас. Бұл арада ұйқастың өлең сөздің эуезділігін
арттыруға әсерін, қазақ поэзиясының үйқасқа аса бай
екенін, тіпті күні бүгінге дейін үйқаспайтын өлеңді өлең деп
ұға қоймайтынымызды айтып жату артық шығар. Жалпы,
ашық буындары көбірек тілдерде ұйкас жатықтау келеді.
Ара ағайынға айтқызайықшы: «Жаратқан Иеміз қазақ тіліне
ұйқасты үйіп-төгіп бере салған. Бүл тіл — нағыз поэзия
тілі. Орыс тілі үйқасқа әлдеқайда жүтаң, мүны кезінде
Пушкиннің өзі «любовь - кровь», «младость - радость»
деген сияқты жауыр болтан ұйқастарды күлкі ете отырып
айтқан еді, мен өз тарапымнан немістегі «Herz - Schmerz»,
«nur — Natur», «Sonne - Wonne» сияқты ұйқастарды қосып
қояйын. Қазақ поэзиясының үйқасқа келгенде бағы бар»,
дейді Герольд Бельгер [159, 60 б.]. Ол өзінің бүл ойын газет
бетінде («Айқын», 2005, 20 қыркүйек) былай тарата түсіпті:
«Гетенің «Фаустында» бір тектес ұйқастар бір беттің өзінде
әлденеше рет қайталана береді. Оны оқыса (түпнұсқасынан),
біздің қазақ: «Әй, бүл Гетенің дабысы жер жарган ақындыгы
қайда сонда?» деп, қомсынары кэдік. Бұл - жалпы, Еуропа
тілдеріне, соның ішінде, неміс тіліне де тэн кемістік.
Қазақтарга, енді, бұл жагынан тең келер халық, эй, кемде
кем-ау!».
Ал осы артықшылыгымыз аудармада қалай көрінеді?
«X. Абдуллин жеті мың жолгатаяу аударманың көпшілігін
төрт буынды ұйқастармен берген. Төрт жолдың төртеуін төрт
буынды ұйқастармен беру қаншама қиын болса, соншама
сұлу. Мұндай үйқасымның тагы бір аса айырықша қасиеті
- оның (дастан қаншама ұзақ болса да) қайталанбауы. Оның
үстіне осы жеті мыңга жуық жолдың ішінде ұйқасынан
тыс түрған бір-де бір жол жоқ. Демек, эр шумақтагы төрт
жолдың төртеуі де үйқасып отырады» - Ғабит Мүсірепов
27-2915
417
Хамза Абдуллин аударған «Жолбарыс тонды жиһангез»
дастанындағы ұйқастарға осылай баға беретін [70, 226 6.1.
Шат ер алғыс айтты аллаға, жасамай-ақ білместікті,
Нэпсісі өршіп Фатима ару қылын шертгі күндестіктің.
Бұрын да ол тэнге дәру іздеп өзі күнде өстіпті,
Құшып енді жас қонағын, болды онымен ұндес тіпті.
Руставели үлгісін Н.Заболоцкий де осылай алған еді
Мастерство, язык и сердце мне нужны, чтоб петь о ней,
Дай мне силы, вдохновенье! Разум сам послужит ей.
Мы прославим Тариэля, утешителя людей,
Трех героев лучезарных, трех испытанных друзей.
Аудармашы Шота қаламына тэн ішкі ұйқастарды да
еркін қолданады: «Мен білемін, сен нұр едің мөлдір сезім
арнасындай», «Мөлдір бұлақ, балғын құрақ, басымдағы бақ
жүлдызым», «Күн сөнсе егер, гүл де семер—дауыл жығар дара
ағашты»... «Гомер, Фирдоуси, Руставели, Данте, Гете сияқты
поэзия алыптарын біз эрбір жеке ұлттың өз дәстүрімен,
өз жыры әдісімен аударуға тиісті емеспіз. Дүние жүзі
әдебиетінің алтын қорына жататын асыл дүниелердің бэрі де
оз бояуында, оз реңінде, стилі мен рухы да түгел саКталып
аударылуға тиіс. Сонда ғана эдебиетімізді данышпан
суреткерлердің қолданған эдіс-амалдарымен байыта аламыз.
Мұндай эдіс біздің ұлтгық дэстүрімізді ақындық өнердің эрі
ескі, эрі жаңа түрлерімен толықтыра түседі» [70,227 б.].
Қуандық Шаңғытбаев «Евгений Онегинде» француз
сөздерінің озіне қиьшнан қиысгырып («мосье - осы ие»)
ұйқастыратын. Сондықган оның колынан «Әкенің коніп
ырқына, / Шарасыз күңіреніп, / Қош айтып туған жүргына, / Қыз
кетер күң больш» деген әлсіз ұйқас шықса да көңіл қоңылгақсып
қалады. Бәлкім, соңгы екі сөзді «күң реңіп» деп алуға болар ма
еді? Тұрмысқа шыққан қыздың бас еркінен айрылып, күң реңіне
түсуін айтып тұрған жоқ па Бернсгің өзі де?
Достарыңызбен бөлісу: |