БАҒдарламасы бойынша шыгарылды


Бүл  K i m ,  әй, қаққан есікті?



Pdf көрінісі
бет37/45
Дата03.03.2017
өлшемі26,87 Mb.
#6207
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45

Бүл 

K

i m





әй, қаққан есікті?

-  Кім болсын? мен ғой, Финдлей!

Қойсайшы мұндай кэсіпті!

у  Қоймаймын, -  деді Финдлей.

Үрыдай бұл не жүрісің?

-  Бері шық, -  деді Финдлей.

Бэле боп жүрер, кұрысын.



-  Болса ше! — деді Финдлей.

Қыдырған түнде жәрмессің.

-  Қыдырам, -  деді Финдлей.

Түнімен маза бермессің!

-  Бермеймін, — деді Финдлей.

Қайтемін үйге шақырып?

-  Шақыртам, -  деді Финдлей.

Кетерсің таңды атыртып.

-  Атыртам, -  деді Финдлей.

Жататын болсаң жаныма...

-  Жатамын, — деді Финдлей.

Келерсің, ойбай, тағы да!..

-  Келемін, -  деді Финдлей.

Егерде батсақ қүмарға...

-  Батамыз, -  деді Финдлей.

Тісіңнен, ойбай, шығарма!

-  Нан үрсын! — деді Финдлей.

Қуандық  Шаңғытбаев  осылай  аударады.  «Ар»,  «Аққу 

әні»,  «Гүл  толқын»,  «Махаббат  пен  ғадауат»  авторының 

өзіндік  қолтаңбасынан  не  бар  осы  өлеңдерде?  «Искусство

перевода—искусство перевоплощения» делінетіні сондықтан.

Бұл -  айшықты аударманың анық белгісі.

Қадыр  Мырза  Әли  Қ. Шаңғытбаевтың  аудармаларынан 

мысалдарды  алып-алып  келіп:  «Қой,  болар!  Осылай 

жалғастыра  беруге  болады.  Сойтіп  Омар  һэйәмнің  бүкіл 

рубайын кошіріп шыққаныңды өзің де білмей қаласың!» деп 

тоқтайтыны  бар  еді.  Сол  айтқандай,  ақынның  Р.Бернстен 

жасаған аудармаларынан да мысалды ойып-ойып ала бергің

келеді, ала бергің келеді.

Отанымда менің қайран 

Мұндай суық болсын қайдан:

Оны қарға, қьфауға, үскірікке күн қия ма?

Жатады онда сулар тулап,

388


Жыл он екі ай нулар шулап —

Жан баласы көрмеген Виргиния-гинияда.

(Құл негрдің эні).

Апатай, айтшы бір ақыл!

Дал болып жүрмін мен кілең.

Тумалар дейді: намақұл,

Ғашығым бірақ |  Тэм Глен.

Шапағат шалқар мейірі

Көргем жоқ ондай ерді мен.

Кедей де болса, мейілі, —

Жүрсе екен бірге Тэм Глен.

(Тэм Глен);  • 



^  ^; 

v

Осындай өлеңцерден кейін Бернс аударылмайды деп кім 

айта алады?

2.6.13. 


Шевченко.  Ақынның  аударылған  қай  кітабына 

жазылған 

пікірде 

де 


Кобзарь 

жырларының 

ажары 

қашқанына  қынжылыс  білдіріп  жатады.  «Шевченконы 



украинша  оқып  үйренген  адамға  оның  аудармалары  нағыз 

азаптың  өзі»,  дейді  Н .Чуковский  [34,  15  б.].  «Шевченко

лирикасында  формализммен,  енжарлықпен,  эклектикамен. 

балтамен  қашагандай  етіп  жасалған  сұрқай  аудармалар 

көп,  өте  көп»,  дейді  Е.Егорова  [260,  162  б.].  «Орыс 

оқырманьша  Шевченконың  саймасай  мәтінін  беру  үшін 

осынша  жұмыс  атқарылғанына  қарамастан,  оқырман  әлі 

де^оның  жырларындағы  музыканы  ести  алмай-ақ  келеді», 

дейді  В.Ковалевский  [261,  136  б.].  Осылай  жалғастыра 

беруге  болады.  Айтса  айтатындай  бар.  Шевченко  кітабын 

қолға алған,  орысша түсінетін  эр  адам  оған туыстас тілдегі

сөз  саздылыгына,  тіл  қарапайымдылыгына  қайран  қалмай 

қоймайды.

Ой, маю, маю я оченята —

Нікого, матінко, та оглядати,

Нікого, серденько, та оглядати!

Ой, маю, маю і рученята —

Нікого, матінко, та обнімати,

Нікого, серденько, та обнімати!

Ой, маю, маю і ноженята —

Та ні з ким, матінко, потанцювати,

Та ні з ким, серденько, потанцювати!

389


Қызы  ш еш есіне  зар  төгіп  отыр.  К өзі  д е  талған  -   көз 

тоқтатар ешкімі  жоқ.  Қолы да талган -  құшақгайтьш ешкімі 

жоқ.  Аяғы  да  талган  -   бнлейтін  ешкімі  жоқ.  Бар  айтатыны: 

«Ой,  маю,  маю»,  «нікого,  матінко»,  «нікого  серденько»... 

Тоғыз жолда бір-ақ үйқас — эрі оңай ұйқастар. Тоғыз жолдағы 

сөздерді  санасаңыз қос саусағыңыз жетіп  қалапгындай -  көбі

қайталанады. 

#  ? ' ^

Енді аударманы оқиық.

Беу, ой, ана, білеең шектім азап!

Көздер бар бұл дүниеде өткір гажаи,

Кімдермен көз тастасып сырласүды 

Білмейшн, білмей келем мен жалғыз-ақ.

Ой, аыа, кекірекге жанады арман!

Дуниеде ақ саусақ бар салаланган,

Мейірімді мархабатпен еркелетіп 

Емеепін бірде-бірін аялаган.

Ой, ана,  анам менің, қадірлі анам,

Жеп-жеңіл аяқтар бар адымдаган,

Солардың би билейін  қайсысымен,

Айтсайшы ақылыңнын бәрін  маған?



Бұл,  эрине,  басқа  дүние  болып  ксткен.  Қыз  көэіне 

түсстін  жігіт  болмай  тұр  -   аудармада  ол  «кімдермен  көз 

тастасып  сырласуды  білмеймін»  дсйді.  Қыз  қолы  құшак 

көрмей қарысардай болып түр -  аудармада ол «смеспін бірде 

бірін аялаган» дейді.  Қыз бір билемей-ак аяғы талып 

барады


-  аудармада  « Солардың би  бнлейін  кайсысымен/ 

Айтсайшы 



акылыннын  бэрін  маган?»  деп  таңдайды,  анасынан  ақыл 

сұрайды  Жүректің  ышқынған  үнін  күйіп  түрган  күйінде 

теге салган шып-шымыр, жұп-жұмыр жырдың ннтонациясы, 

ыстық  демі  жоғалған.  Осы  олеңді  орысшаға  Н .

Ушаков 


та, 

М 

Исаковский  д е, 

В 

.Звягинцева  да  аударған  -   бәрі 

де 


сэтсіздікке  үшыраган  деп  саналады  Бұл  асу  бізде 

Сырбай 


Мэуленовкс де алдыртпапты.

Тарау 

түйіиі


Үлттык 

мәдениеттердің 

бетбүрысты 

белссгерінде 

ауларманын  алар  орны  арта  түседі.  Қазақ  қауымы  үшін 

осындай  белес  -   Абай  дәуірі.  Сейіт  Қаскдбасов  дәуірге, 

коғамга  сәйкес  белплі  бір  жанрлар  актуальды  сипат  алып,

390


басым  түсіп  жататынын  айта  келіп,  «Мысалы,  ХҮ-ХҮІІІ

асырларда қазақ қоғамы мен тарихы үшін елді қорғау, жауға 

тойтарыс  беру  аса  маңызды  саналды»,  «Сол  сияқты  XIX- 

XX ғасырларда ақындар  айтысы, лирикалық жанрлар  шыға 

бастады.  Олардың  басты  функциясы — эстетикалық  болды, 

бірақ басқа сипаттарын  да жоғалтқан  жоқ»  [262,  20  б.]  деп 

көрсетеді.  Яғни,  сол  тұста  сыртқы  жауцан  тыншу  тапқан 

қазақ елі өз ішіне үңілуге,  адамның жанына бойлауға,  сезім 

жайын  ойлауға  мүмкіндік  алған  еді.  Сол  тұстағы  Абайдың 

эдеби  басты  еңбегі  де,  ерен  ерлігі  де  керемет  әрлі,  нәрлі 

шыгармалар жазып қалдыруы да емес. Абайдың басты еңбегі 

де, ерен ерлігі де әдебиеттің талап биігін көтеріп,  эталонын 

жасап  бергенінде.  Оньщ  ішінде  Абай  аудармалары  да 

тәржімеге қойылар талаптарды өте жоғарыға шығарып кетті. 

Абай өз аудармалары арқылы қазақ тілінің ғажап мүмкіндігін 

көрсетіп берді. Абай өз өнегесімен қазақ әдебиетінің іргесін 

жогарырақ түріп, түндігін толығырақ аша алды: мұнан былай 

ұлттық  сөз  өнерімізге  сырттан  самал  да  көбірек  есетін, 

төбеден күн нұры да көбірек түсетін болды.

Тарауда тәржіме тарихына қысқаша шолу жасау арқылы 

әлемдік  аударма  өнеріне  тән  эволюциялық  бел-белестердің 

бэрін  ұлттық  аударма  өнері  де  басып  өткені  дәлелденді. 

Қазақтың  өлең  аудармасында  оңайлатып  әңгімелеу  де, 

қысқартып аудару да, өлеңді қарасөзбен аудару да, қарасөзді 

өлеңмен  аудару  да,  сарын  қосу  да,  сарындастыра  жырлау 

да, қайта баяндау да, ұлттық бейімдеу де, еліктеу де, нәзира 

да^ еркін  аударма  да,  дэл  аударма  да,  сөзбесөз  аударма  да, 

саймасай  аударма да,  барабар  аударма да — бәрі-бәрі де  бой 

көрсеткен.  Ағартушылық  уәзипаны  көздеген  таныстыру

тұрғысындағы аударма да, идеологиялықмүддедентуындаған

«тапсырыстық»  аударма да  бар  бізде.  Сонымен  бірге,  қазақ 

аудармасының  өзіндік  ерекшеліктері  де  жеткілікті.  Енді- 

енді  жарық  көріп  жатқан  діни  дастандардагы  сіңісудің 

аудармага  тән  сипаттары,  прозалық  шығармаларды  өлеңге 

түсіру (әлемдік әдебиеттануда көбіне бұл үдеріс кері жүреді

-  поэзия туындылары қарасөзбен аударылады), өзге елдерде 

бір  кездерде  болған  ауызша  аударманың  күні  кешеге  дейін 

келгені,  т.б.  Мысалы,  Абай  жасаган  асыл  үлгіні  арқау  етіп 

шығарылған халықтық «Евгений Онегин» нұсқалары — элем 

әдебиетіндегі әдемі құбылыстардың бірі.

Тарауда  Пушкин  поэзиясының  аудармаларына,  соның 

ішінде  «Евгений  Онегиннің»  толық  тәржімеленген  төрт

391


нұсқасына  тиісінше  орын  берілді.  Бұл  аудармалардьщ 

жетістігі 

мен 

кемістігінде 



сол 

жылдардагы 

аударматанушылық  ойдың  қандай  орны  бар  екендігі 

көрсетілді.  Алғашқы  аудармаларға  қойылған  әсіре  дәлдік, 

әсіре сақгық, әсіре нақтылық талаптарының көркем тэржіме 

табиғатына кереғарлығы дэлелденді.

Соғыстан  кейінгі  жылдардагы  поэзия  аудармасына 

идеологиялық 

ұстанымдардың 

салқыны 


аз 

тимеген. 

Қазақшаға аударылуы тіпті де міндет емес  шығармалардың 

аударылып,  аударылуға  тиісті,  қажетті  дүниелердің  қолға 

алынбай қала берген кездері де баршылық.

Әдеби  жанрлар  мен  стильдердің  таралуы  да  көбіне 

тэржімелер  әсерімен  жүзеге  асады.  Оларды  орнықтыруда 

қайталап  аударудың  мэні  үлкен.  Бұрынғы  зерттеулерде 

қайталап  аудару  негізінен  ақындық  шеберлікті  ұштау 

тұрғысынан  қаралса,  бұл  жолы  негізгі  назар  қайталап 

байыптауға,  интерпретацияға  бөлініп  отыр.  Тәржімедегі 

қайталамалық төлтуманың түпкілікті мэтінін жасау өте қиын 

(бэлкім, мүмкін де емес шығар) екенін көрсетеді. Сондықтан 

да сәтті аударылған шығармалардың да қолға қайта алынуы 

мәдениетті қалыптастыру, тілді байыту тұрғысынан пайдалы 

болмақ.


3. АУДАРМАДАҒЫ ПОЭТИКА

МӘСЕЛЕЛЕРІ

3.1. Пішін мен мазмұнның сақталуы

3.1.1. 

Ж ыр  жүйесіндегі  ж аңалықтар.  Ауцарманың 



өзіндік  қымбат  қасиеті  ұлттық  сөз  өнерінің  өрнегіне  эсер 

ете  алатынынан  да  танылады.  Қазақтың  өлең  күрылысы 

дегенде  төл  жырымыздың  силлабикалық  өлең  жүйесіне, 

қарапайымдагып  айтсақ,  буынға  негізделетініне  баса  назар 

сала береміз. Рас, қазақ өлеңі -  буынга бағынған өлең.  Бізде 

буын асып кетсе-ақ, кем қалса-ақ өлең ырғағынан айрылып, 

жыр  жоргасынан  жаңылып  шыга  келеді.  «Қазақ  поэзиясы 

«символика» делінсе, орыс поэзиясы «тоника» деп аталады. 

Оларда өлең акцентке, интонацияға құрылады. Ал біз бунақ, 

ырғақтың  заңдылығына  бағынамыз»,  дейді  Қадыр  Мырза 

Әли  [263].  Бұл  арада  білімді  ақынның  газет  тілшісіне 

«символика»  демей,  «силлабика»  деп  айтқаны  анық.  Сол 

силлабика мен сол тониканың ортасынан ойып тұрып  орын 

алатындай  силлабо-тоникалық  өлең  жүйесі  біздің  аударма 

өнерімізде бой көрсеткен.

Кел, ішелік, мәз болалық,

Кел ойналық асыр can.

Жатса жатсын тобыр налып,

Турмайық оған біз ұқсап.

Желігі басым біздің жастық 

Сіңсін шарап ішіне.

Айнымалы күлсін бақыт 

Тым болмаса түсіңде.

Кетсе жастық, шіркін өмір,

Алыс зулап алаңсыз.

Кәрілікте не бар тәуір,

Соны тартып алармыз.


Бұл  -   Ғафу  Қайырбеков  аударған  Пушкиннің  «Тэуір 

ақыл» өлеңі.  Қазақтың жеті буыны  мен сегіз буынын  кезек- 

кезек  секіртіп  салганның  арқасында  өлең  мазмұнына  сай 

ойнақыланып  тұр.  Тым  қазақ  өлеңі  болып  та  кетпеген. 

Кезінде  Тэкен  Әлімқұлов  өлең  құрылысына  аударма 

арқылы  жасалатын  ықпал  жайында  айтып,  «Тегі,  біздің 

силлабо-тоникалық  өлең  жүйесінде  ырғақгы  сан  қилы 

сапырылыстыруға, талай-талай құлпыртуга болатын тэрізді», 

деген еді.

«Семантикасы жағынан бір-біріне жуыспайтын сөздерді 

тіркестіріп  жаңа  образ  жасауда  сыртқы  материал  қазақгың 

тілі болғанмен,  бұлайша тіркестіру принципі орыс эдебиеті 

ықпалымен дамыған. Абай өлеңдерінің тіліндегі негізгі ойға 

қатысы  жоқ  артық  сөздердің  болмауы,  аз  сөзбен  бар  ойды 

білдіру сияқты негізгі ақындық шеберлігі де орыс әдеби тілі 

принципімен ұштасып жатқан тэрізді» [109, 50 б.]. Абайдың 

аудармаларында  русизмдердің  өзі  кірігіп,  мәтінмен  бірігіп 

кетіп жатады. «Кейде паң, кейде көнгіш орныменен, / Кейде 

елеусіз,  кейде  ынтық  формыменен»  деген  «Онегиннің 

сипатындағы» сөз сол күйінде енбегенімен, кейін келе порым 

түрінде  тілге  кіріп  кетгі.  Қазір  біреу  біреуге  қалжыңдап 

немесе кейіп, «порымың құрысын», «порымың не боп кеткен» 

дегенде  біз  орыс  сөзін  кіріктіріп  жатыр  деп  қарамаймыз. 

Абайдың Лермонтовтан аудармасында тас дулыға, тас сауыт, 

шарайна сөздері орнымен қолданылған архаизмдер еді, уақыт 

өте  келе  солардың  арасынан  шарайна  сөзі  тэуелсіздіктің 

алғашқы жылдарында қайтадан айналымға түсіп, теледидар 

бағдарламасының аты болып шыға келді.

Қай  тілді  де  байытатын  бір  жол — неологизмдер.  Оның 

негізгі  көздері  қатарында  алдымен  аударма  аталғаны  жөн. 

Абай  аудармаларындағы  абстрактілі  ұғымдарды  жеткізуде 

неологизмдердің жасырын тұрғандары да аз емес. Мысалы, 

ұмыту.  Абайдагы  ұмыту  құлақшынды  қонақ  болтан  үйде 

ұмытып  кету  емес.  Абайдағы  ұмыту  (Үйқы,  тыныпггық, 

ұмыту — бер  дегенім)  орысша  забвенье  мағынасын  беретін 

ұмыту.  Ойшыл  сөзін  де  біз  алдымен  Абайдан  (Ойшылдың 

мен де санды бірімін деп, / Талап, ойсыз,  мақтанды қалдмм 

күтіп)  оқыдық.  Ал  оны  Лермонтов  өлеңіндегі  «Өзіңе 

сенбе,  жас  ойшыл» деген түрінде де  көреміз.  Жалпы,  Абай 

аудармаларында  абстрактілі  ұғымдар  дэл  де  дәйекті  болып 

келеді.

394


И царствует в душе какой-то холод тайный 

Жанында суықтық бар бір жасырын.

Я ищу свободы и покоя 

Азаттық пен тыныштық көксегенім

Пока сердце в груди моей бьется,

Не увидит блаженства оно

Кеудемде осы жүрек тұрған шақта,

Жақсылық жоқ өзіме мен дәметер.

Бұлардың  бәрі  де  дәстүрлі  тілдегі  түбір  сөздерге  лық, 

тық жұрнакгарын қосу арқылы жасалган туынды сөздер.

Абайдың  аударма  өлеңдеріндегі  тасымал  да  толықтай 

жаңалыққа жатады.

Сені  жақсы  көрейін бірге туған 

Агаңдай.  Онан басқа жоқ менде сөз.

Оқшау сөздердің қолданылуы да сол заманның тілі үшін 

жаңалық еді.

Рахат, мені тастап қоймадың тыныш.

Қарашы ол, бүлік, құдайдан 

Сұрайды дауыл күні түн.

Тәржіме  туындылары  өзге  тілді  тың  тұрақгы  сөз 

тіркестерімен толықтыратыны талассыз. Ісмет Кеңесбаевтың 

«Қазақ  тілінің  фразеологиялық  сөздігінде»  бұған  мысал 

жеткілікті.

3.1.2. 


Пішін  мен  мазмұн.  Белинский  аудармашы 

талантын пішінді дэл табу таланты деп атаған. «¥лттық пішін 

дегеніміз  халықтық  ойлау  машығының  көркем  бейнелерде 

көрініс тапқан тұтас жүйесі. Ол эрбір халықтың тарихьгаың, 

тұрмысының, 

сенім-нанымының, 

эдет-ғұрыптарының, 

үйренген үрдістерінің, талғамыньщ ерекшелігінен құрал ады. 

Аудармашының еңсеруіне тура келетін қиындықтарының ең 

үлкенінің  бірі  ұлттық  пішіннің  ерекшеліктерін  дэл  ұстай 

білу, соны өзге тілде жеткізе білу» [264, Б.285-286].

Пішін  мен  тілді  бөлек-бөлек  қарастыру  қисынға 

келмейді.  Пішін -  кең ұғым.  Тіл көбіне-көп пішінге қызмет

395


етіп  қана  қоймайды,  пішінді  құрайды  да.  Кешегі  кеңес 

эдебиетінде  шығарманың  көркемдік  пішініне  көңілдегідей 

мэн  берілген  жоқ.  Қит етсе  қоғамның  қынынан  формализм 

деген  айыптың алдаспаны суырылып  шыға салатын.  Олжас 

Сүлейменовтің жазушылар  жиынында  осы  жылдарда  қазақ 

әдебиетінен  тым  құрыса  бір  формалист  шықпаганына 

өкінемін деп жүретіні де тегін емес еді. Ал осы форма, яғни 

туындының  пішініндегі  мінсіздік  аударма  туындылардың 

үдайы  ұмтылар  көркемдік  биігі  болып  келді  деп  кесіп 

айта  аламыз.  Социалистік  реализм  эдісін  үстанатын 

ақын-жазушылар  өздерінің  төл  туындыларында  қолдана 

бермейтін,  қолдана  қалса  идеологиялық  билік,  әдеби  сын 

тарапынан  қолдала  бермейтін  тәсілдерді  аударма  жасау 

арқылы  пайдаланып  жататын.  Кейін  әуелде  аудармалар 

арқылы көз үйренген көркемдік шешімдер, аударма арқылы 

қүлаққа  сіңісті  бола  бастаған  дыбыстық  үйлесімдер  бірте- 

бірте төлтума шығармаларга да ауысатын.

«Пішін  мен  мазмүнның  барлық  сипаттарын  толық 

күйінде  жэне  қанық  күйінде  қайта  жаңғыртып  шығу 

ешқандай  аудармада  мүмкін  нэрсе  емес.  Аударма  жасарда 

біз  қандай  пішінді  — түпнұсқа  пішінінің  толық  көшірмесін 

алсақ  та,  басқадай  етіп  өзгертсек  те  —  біз  ол  піпгінге 

түпнүсқадағы  мазмұнның  нақ өзін  қүя  қоюымыз  неғайбыл. 

Өлең аудармасында мыналарсыз болмайды:  1) материалдың 

бір  бөлігі  атымен  қайта  бейнеленбейді,  лақтырылып 

тасталып, 

құрбандыққа 

шалынады; 

2) 

материалдың 



бір  бөлігі  өзгертілген  күйде,  эртүрлі  ауыстырулармен, 

баламалармен  алмастырылып  беріледі;  3)  түпнұсқада  жоқ 

материал  салынады.  Бұл  шегіністердің  себебі  эрқилы. 

Тілдік  озгешеліктерге  байланысты  шегіністер  бар,  олар 

проза  аудармасында  да  бой  көрсетеді.  Сонымен  бірге,  дэл 

өлең  аудармасына  тэн  шегіністер  де  бар.  Бүл  шегіністерді 

пішін талап етеді. Пішіннің табиғаты қатал, ол қатал болуға 

қүқылы  да,  өйткені  пішінсіз  өлеңдердің  бүкіл  үйлесімді 

ғимараты қүлап түсер еді. Сондықтан да пішін қүрбандықты

талап етеді» [32,  103-104 б.].

Аудармашы  пішінді  іздегенде  алдымен  өзінің  туған 

тіліндегі  өлең-жыр  үлгілерінен  қарастырады.  Тэржімеге 

кажетті  пішін  төл  поэзиямыздың  табиғатынан  туындаса 

жолының  болтаны.  Пішіндік  ізденістер  қазақ  поэзиясында 

негізінен екі кезеңде бөлекше бой көрсетті, сол екі кезеңнің 

екеуі  де  бір  есіммен  — Маяковский  есімімен  байланысты. 

Алғашында  — Маяковскийге  еліктеп  жазылған  өлеңдерде,

396


кейіигрек  -   Маяковскийден  жасалған  аудармаларда.  Оның 

біріншісіне  тоқталып  жату  біздің  міндетімізге  кірмейді, 

ал  екіншісі  жөнінде  айтарымыз  бар.  Маяковскийдің  өзі 

өлеңдерінің аудармасы тәржімешілерге қиындық келтіретінін 

жақсы білген. Білгендіктен де: «Менің өлеңдерімді аударудың 

айрықша  қиындьіғы  мынада  —  мен  өлеңге  қарапайым, 

ауызекі  сөйлеу  мәнерінің  сөз  саптауын  енгіземін,  мысалы, 

«светить  — и  никаких  гвоздей»  дегенді  аударыгі  көріңізші, 

ара-тұра  бүкіл  өлең  кәдімгі  әңгімелесу  сияқты  болып 

кетеді.  Мұндай  өлеңцер  тілдің  жүйесін  тұтастай  түйсіне 

алганда  ғана  түсінікті  эрі  тапқыр  болып  көрінеді»  [265, 

274  б.],  деп  айтып  кеткен.  Алайда,  аудармашыларымыз 

Маяковский  өлең  жолдарын  сатылап,  баспалдақтап  құрады

екен  деп,  қазақтың  қара  өлең  жолын  беталды  бөлшектеп 

мағынасын шашыратумен Маяковский поэзиясының сыртқы 

формасын сақтауға болмайтындығы, өлең жолын сатылауды 

сөз  мағынасы  көрінеу  керек  етіп  тұруы  керектігі,  ішкі, 

сырткы  форма  сонда  ғана табысатындығы  жөніндегі  тілек- 

ескертпелерді терең пайымдай алған жоқ.

«Аударма тәжірибесінің  санғасырлық тарихы  сөз  өнері 

туған  тілдің  төл  табиғатымен  ажырағысыз  байланысты 

екенін,  әдеби  шығарманы  оның  өзі  өскен  тілдік  ортадан 

суырып алып, басқа топыраққа «отырғызу» мүмкін еместігін, 

шыгарма  басқа  тілде  жаңадан,  тәржімеші  талантының 

күшімен  қайта^ тууға  тиістілігін  даусыз  дәлелдейді»  [266, 

195  б.].  Сол қайта туу кезінде шығарманың уәзінін сақтау — 

поэзия  аудармашысының  шын  шеберлігін  көрсететін  басты 

белгілердің бірі. Әсіресе «онегин шумағының» өзіндік ұйқас 

жүйесін қана емес, өлең уэзінін сол күйінде келтіру алдымен 

аудармашының,  сол  арқылы  туынды  тәржімеленетін  тілдің 

ішкі  мүмкіндігіне  сын.  Бұл  арада  Қажымұқан  туралы 

өлеңінде  Қадыр  Мырзалиевтің  айтқанындай  («Осындай 

да  ұл  таба  аламын  дегендей  тапқан  сені  қазекең»),  тілдің 

мұндайды  да  аударуға  шамасы  келетінін  танытқанының  да 

түк артықгығы жоқ. Ж.Шарипов Айбектің Пушкин романын 

аударудағы  көркемдік  табыстарын  жоғары  бағалай  келіп, 

өлеңдік  уэзінді  сақтамағанын  кемшілік  ретінде  көрсеткен 

болатын.  Бұл  жағынан  расында  да  олқьшық  көп.  Пушкин

Татьянасының:

Ах, няня, няня, я тоскую,

Мне тошно, милая моя, -

деген жолдарды өзбекше аудармада:

397


Ox, менинг қайғум зур, билмайсан эна...

Шу топда кунглим қаш булмоғда, жоним!

-  


деп  оқимыз.  Ал  енді  тікелей  өлең  уэзініне  байланып 

жазылған  мәтіндердің  қиындығы  тіпті  бөлек.  Бұл  арада 

бұлтаратын  жер  қалмайды.  Пушкиннің  «Коломнадағы 

үйшік» поэмасы былай басталады:



Четырехстопный ямб мне надоел:

Им пишет всякий.  Мальчикам в забаву 

Пора б его оставить. 

Я

 хотел 

Давным-давно приняться за октаву.

Мұнымен  де  қоймайды,  көркем  сөзді  алақанында 

ойнататын ұлы зергер:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет